Нұрсайын Шәріп, Жадыра Есенгелді, Самат Есмағи «Kyzylzhar Invest-2014» – ауқымды форум



Дата24.02.2016
өлшемі80.16 Kb.
#15414
Нұрсайын Шәріп,

Жадыра Есенгелді,

Самат Есмағи
«Kyzylzhar Invest-2014» – ауқымды форум
Кеше облыс орталығында, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің мәжіліс залында “Kyzylzhar Invest – 2014” халықаралық инвестициялық форумының пленарлық отырысы, одан кейін экономиканың басымдыққа ие салалары бойынша 9 панельдік сессия өтті. Облыс әкімдігі, инвестиция салуды қажет ететін ірі кәсіпорындар мен компаниялар арасында 7 меморандумға қол қойылды. Аталмыш шараға Кеден одағы, ТМД, ШЫҰ, ЕО елдерінің делегациялары және дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, ұлттық және шетелдік компаниялардың, холдингтердің, даму институттарының, инвестициялық қорлардың ықтимал инвесторлары, Қазақстанның барлық өңірлерінің кәсіпкерлері, Солтүстік Қазақстан облысының отандық және шетелдік әріптестермен ынтымақтастық орнатуға мүдделі бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.

buy cialis shop tadalafilgeneric soft tabs cialischeapest india generic cialistadalafil generic indiageneric cialis boguscialis price europecialis dosage side effectsbuy cialis fioricetcialis pricescialis pills australiahow to buy cialis

argaiv1630

Қызылжар өңірінде алғаш рет кең ауқымда өткізіліп отырған шараны ашқан өңір басшысы Ерік Сұлтанов:

– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанды еркін инвестиция ағылатын аймаққа айналдырып, озық технологиялар мен алдыңғы қатарлы дамыған салалардың орталығы ету үшін біздің алдымызға нақты және айқын мақсат қойып отыр. Бай минералдық-шикізаттық қорлары мен кең индустриялық әлеуеті бар және тиімді географиялық жағдайда орналасқан облысымыз инвестиция салу үшін қолайлы, – дей келіп, осы орайдағы мүмкіндіктерге тоқталды. Ерік Хамзаұлының айтуына қарағанда, Индустрияландыру картасының бірінші бесжылдығы аясында облыста 27,5 млрд. теңгенің 29 жобасы жүзеге асырылып, 1000-нан аса жаңа жұмыс орны ашылды, ол негізгі капиталға салынған инвестицияның екі есе өсуіне мүмкіндік берді.

Екінші бесжылдықтың Индустрияландыру картасын толтыру бойынша жұмыс белсенді түрде жүргізілу үстінде. Қазіргі уақытта инвестиция көлемі 100 млрд. теңгеден асатын 70-тен астам жоба қаралуда. Бұдан басқа 35 жоба мақұлданды, оның үштен бірі келесі жылы жүзеге асырылады.

Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі жұмыс та серпінді жүргізілуде. Тек “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша өңірдің кәсіпкерлері 30 млрд. теңгенің 500-ден астам жобасын іске қосты. Инженерлік инфрақұрылым жасалды, кредит бойынша пайыздық ставкалар демеуқаржыландырылды. Өнімдердің жаңа түрлерін шығару жолға қойылды, байытылған кварц құмының, құрғақ көбік-бетон қоспасы, астық және контейнерлер тасымалдайтын жүк вагондарының, үлкен диаметрлі пластикалық құбырлардың өндірісі игерілді. Қаймағы алынбаған сүт өнімі, мұнайға арналған ұңғымалы сорғылар өндірісі жаңғыртылды.

Өңірде өндірілетін өнімдер 32 елге экспортталады. Сонымен бірге 76 мемлекетпен сыртқы экономикалық байланыс орнатылған. Өнім сапасын арттыру және Кеден одағының нарықтық әлеуеті тауар айналымын 2 есе өсіруге мүмкіндік берді.

Біздің өңірдің табиғи-климаттық жағдайы ауыл шаруашылығымен айналысуға қолайлы. Осы салада 4 мыңнан аса құрылым жұмыс істейді. Үстіміздегі жылы осы секторды қолдауға берілетін демеуқаржы 17 млрд. теңгені құрап, екі еседей өсті. Ал негізгі капиталға салынатын инвестицияның көлемі 40 млрд. теңгеге жетті. Соның арқасында ондаған мал бордақылау алаңдары, тауарлы сүт фермалары салынды. Бұл бағыттағы жұмыс үшін резерв әлі жеткілікті.

Облыста мұнай-газ, теміржол секторы мен энергетикалық кешен үшін құрал-жабдықтар жеткізіп беретін 49 машина жасау кәсіпорны бар. Осы өндіріс орындарында қажетті инновациялық инфрақұрылым қалыптасқан.

Солтүстік машина жасау зауыты базасында ауыл шаруашылығы және коммуналдық техника шығаруға арналған бірлескен өндіріс осындай ынтымақтастықтың мысалы бола алады. Бұл жұмысты “Қазтехмаш” ЖШС, “Самұрық-Қазына Инвест” ЖШС мен “SAMPO Rosenlew” фин компаниясы жүргізуде.

Облыста 286 пайдалы қазбалар орны бар. Шетел инвесторларымен тиімді қарым-қатынастың нәтижесінде екі аптадан кейін “Әулие” кен орнында алтын өндіруге арналған кен-металлургия өндірісін іске қосу жоспарланып отыр.

Облыста тұрғын үй құрылысы бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылу үстінде. Жыл сайын 143 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Импорт алмастыруды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті кәсіпкерлер ірі панельді үй құрылысы (“Единство” ЖШС) және керамикалық кірпіш өндірісі (“Алаугаз СК” ЖШС) зауыттарын іске қосуда.

Өңірде 12 табиғат ескерткіші, 6 қорық, 3 мыңнан аса көл, 550 мың гектардай орман бар. Мұның өзі туристік кластерді дамытуға мүмкіндік береді.

Келесі жылы Петропавл қаласының халықаралық әуежайын жаңғырту жұмысы басталады, Астана – Петропавл – Қорған заманауи автомагистралі құрылысы жалғасады. Бұл көлік ағынын көбейтуге және көлік инфрақұрылымының сапасын арттыруға әсер етеді. Бұдан басқа аумағы 82 гектарды құрайтын көліктік-логистикалық кешен құрылысына қаражат қарастырылған.

Осылар жайлы баяндай келіп, Ерік Хамзаұлы:

– Форумдағы пікір алмасу барысында үздік идеялар нақты жобаларға айналып, жүзеге асады деп ойлаймын. Өз кезегінде біз бизнес-бастамаларды іске асыруда инвесторлар мен кәсіпкерлерге толық көлемде қолдау жасауға дайынбыз, – деді.

Пленарлық отырыста Инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау индустриялық-инновациялық дамудың бірінші бесжылдығының қорытындысы және екінші бесжылдығының міндеттері туралы сөз қозғады.

“SAMPO Rosenlew” компаниясының (Финляндия) өңірлік директоры Михаил Кулик, “IIuka Resouces Limited” компаниясының (Австралия) басқарушы директоры Виктор Хьюго, Инвестиция және даму министрлігі жанындағы “KAZNEX INVEST” АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Қайрат Қарманов, “ҚазАгро” Ұлттық басқару холдингі” АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова, “Қазақстан теміржолы” ҰК” АҚ вице-президенті Ермек Қизатов инвестиция тартуға байланысты өз ойларын ортаға салды.

Пленарлық отырыстан кейін университеттің фойесінде облыс әкімі Ерік Сұлтанов, “Самұрық-Қазына Инвест” ЖШС-нің бас директоры Қайрат Найзабеков, “SAMPO Rosenlew” компаниясының өңірлік директоры Михаил Кулик және “Қазтехмаш” машина жасау зауыты” ЖШС директоры Сәбит Шәкенов коммуналдық және ауылшаруашылық техникалары өндірісін ұйымдастыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Басқа да келісімдер жасалды.

* * *


“Kyzylzhar Invest – 2014” халықаралық инвестициялық форумы аясында Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингке облыс әкімі Ерік Сұлтанов, Инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау, “SAMPO Rosenlew” компаниясының сату және маркетинг жөніндегі өңірлік директоры Михаил Кулик және “IIuka Resouces Limited” компаниясының жобаларды дамыту департаментінің директоры Виктор Хьюго қатысты.

Жаңа индустриялық аймақтарды құру қосымша инвестицияларды қажет етеді. Бұл бағытта облыс бойынша атқарылып жатқан жұмыс жайын өңір басшысы Ерік Сұлтанов баяндады.

– Елбасы “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” Жолдауында индустриялық инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлді. Президент тапсырмасын орындау мақсатында облыста қосымша инвестиция тарту бойынша жұмыс қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі форумда шетелдік, отандық ірі компанияларға өңіріміздің инвестициялық әлеуетін көрсетіп, бизнесте жаңа әріптестік орнатудың мүмкіндігі туды, – деген Ерік Сұлтанов ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп салалары дамыған өңірдің географиялық тиімді орналасуы, зор әлеуеті инвестицияларды құюға қолайлы ахуал жасап отырғанын айтты.

Ауқымды шараның солтүстікқазақстандықтар үшін маңызына тоқталған Инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау Инвесторларды қолдау орталығының арқасында министрлік инвесторларды тартып, ал облыс кәсіпорындарды жүктемемен қамтамасыз ету арқылы тығыз қарым-қатынастың орнатылғанын жеткізді.

Жаһандық экономиканың тұрақсыздығы жағдайында Қазақстанның инвестицияларды тарту бойынша әлеуеті жайында шетелдік инвесторлар – “SAMPO Rosenlew” компаниясының сату және маркетинг жөніндегі өңірлік директоры Михаил Кулик және “IIuka Resouces Limited” компаниясының жобаларды дамыту департаментінің директоры Виктор Хьюго өз пікірлерімен бөлісіп, әлемдегі қиындықтарға қарамастан, бірлескен бизнесті дамыту қажеттігін айтты.

Жергілікті телеарнаның тілшісі Есіл ауданындағы алтын өндіру жобасының жүзеге асыру барысына қатысты сұрағын өңір басшысына жолдады. Облыс әкімі: “Аталмыш жоба бойынша 1,5 миллиард инвестициялық салым аяқталуға жақын. 250 жаңа жұмыс орны ашылды. 2016 жылға дейін бірінші алтынды алу жоспарланып отыр”, – деді. Ауыл шаруашылығы көліктерін бірлесіп жасау жұмысының болашағы жайындағы сауалға Михаил Кулик жауап берді. Оның айтуынша, жоба келер жылы басталып, жұмыс алдағы жылдың соңында жемісін бермек.

Селекторлық режімде Астана қаласынан қосылған журналист: “Әлем макроэкономикалық дағдарысты бастан кешуде. Сол себепті, халықаралық инвесторлар ұзақмерзімді жобаларға қаржы салудан қауіптенеді. Қазақстан инвестиция деңгейін көтеруге қауқарлы ма?” – деген сұраққа Ерік Хамзаұлы: “Солтүстік Қазақстанға келсек, алғашқы бесжылдықта көптеген жобалар жүзеге асырылды. Бүгінде жаңа қуатпен жұмыс істеуде. Алдағы бесжылдық жобаларының қарқын алуы да инвестициялық салымдардың аз еместігін көрсетеді. Елбасының шағын және орта бизнесті қолдауы осылайша өз жемісін беруде”, – деді.

Жиында көліктік-логистикалық саланы дамыту бойынша жол құрылысына қажетті материалдарды өзімізде өндіруге, Тайынша ауданындағы “Биохим” кешенін қалпына келтіруге, “жасыл экономиканы” дамытуға, инвестициялық ағынға қатысты сауалдарға да толымды жауаптар берілді.

“Аталмыш форум өз мақсатына қол жеткізді ме?” – деген сұраққа облыс әкімі: “Барлық сессиялар белсенді өтті. Жалпы құны 50 миллиард теңге тұратын 70-тен астам түрлі келісімдер мен шарттарға, меморандумдарға қол қойдық. Делегаттар бұл форумды дәстүрлі түрде жыл сайын өткізу туралы ұсыныстарын білдірді. Сондықтан келесі форум 2015 жылдың қараша айында Қызылжар өңірінде өткізілетін болады”, – деп ауқымды шараға оң баға берді.

* * *


Түс ауа форум делегаттары Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының бірінші-екінші қабаттарында қанат жайған көрмені тамашалады. Онда жалпы саны алпыстан астам кәсіпорын өкілдері жұртшылық назарына өздері шығаратын өнім түрлерін ұсынды. “Kyzylzhar Invest – 2014” халықаралық инвестициялық форумының қорытындысы да осында жасалды.

Жиын барысында панельдік сессия модераторлары сөз алып, нақты нәтижелер жайында баяндады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін ұқсатуға байланысты өткізілген панельдік сессия барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен “Agri Go LTD” компаниясы арасында өңірімізде етті-сүтті ірі қара мен құс шаруашылығын дамыту бойынша өзара әріптестік жөніндегі келісімге қол жеткізілді. Бірлескен жобаның жалпы құны 310 миллион теңгені құрайды. Сол сияқты, облыстық әкімдік пен “Сабан Қағаз” серіктестігі арасында “Сабанды қайта өңдеп, одан целлюлоза алу жөніндегі жобаны жүзеге асыру туралы” құны 200 миллион теңгені құрайтын меморандум жасалды. “Тұқым сұрыптау әмбебап кешені арқылы іріктелінген тұқым алу” тұрғысында облыстық әкімдік пен “Элеваторспецмельмаш” ЖШҚ өзара бірлескен жобаны жүзеге асыру туралы ортақ мәмілеге келді. Оның құны 34 миллион 600 мың теңгені құрайды. Форум барысында ауыл шаруашылығы саласына қатысты жасалған соңғы меморандум өңірімізге минералдық тыңайтқыштар жеткізуге қатысты болды. Бұл ретте “Казфосфат” серіктестігі бізді жылына 25 мың тонна тыңайтқышпен қамтамасыз етпек. Жасалған келісім сомасы – 2,2 миллиард теңге. Ауыл шаруашылығы саласына қатысты қол қойылған шарттардың жалпы құны 49 миллиард теңгені құрайды.

Құрылыс индустриясын одан әрі дамытуға қатысты 12 меморандумға қол қойылды. Ал шағын және орта кәсіпкерлік саласын одан әрі дамытуға бағытталған 2 меморандум мен 6 келісім жасалды.

Геологиялық барлау арқылы өңірімізде кен-байыту және кен-металлургия кешендерін салу мен жерасты байлығын өңдейтін зауыттар салу тұрғысында да шетелдік инвесторлармен 10 меморандумға қол қойылды. Бірлескен жобалардың жалпы құны 13,5 миллиард теңгені құрамақ. Инвестициялық форум барысында бұдан бөлек елімізде көліктік-логистикалық орталық құру, машина жасау, туризмді дамыту, шағын және орта кәсіпкерлік арасында өзара әріптестік орнату, энергия үнемдеу технологияларын енгізу арқылы “жасыл экономикаға” көшу тұрғысында да бірқатар шарттар бекітілді.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов меймандардың бәріне аталмыш шараға қатысқандары үшін алғысын айтып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жүргізетіндіктеріне сенім білдірді.


// Солтүстік Қазақстан. - 2014. - 29 қараша

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет