Нұсқаулар 050506- экономика 050507- менеджмент 050508- есеп және аудит



бет1/4
Дата16.06.2016
өлшемі476.5 Kb.
#139942
  1   2   3   4


Қазтұтынуодағы

Қарағанды Экономикалық Университеті



МИКРОЭКОНОМИКА

пәні бойынша

СӨЖ (СӨЖӨ) бойынша әдістемелік нұсқаулар
050506- Экономика

050507- Менеджмент

050508- Есеп және аудит

050509- Қаржы

050510- Мемлекеттік және жергілікті басқару

050511- Маркетинг


«Экономикалық теория және халықаралық экономика» кафедрасы

Қарағанды 2007

СӨЖ бойынша әдістемелік ұсынысты құраушылар:

оқытушы Аркенова Ж.Р. «Макроэкономика» пәнінің типтік бағдарламасы ҚЭУҚ-МИ-85-05.00-2005 пәннің оқу әдістемелік кешенінің құрылымына қойылған талаптар негізінде құрылған.

Экономикалық теория және ХЭ кафедра мәжілісінде қаралды

«31» тамыз 2007 ж. Хаттама №1
«Экономикалық теория және ХЭ»

кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., профессор Жетпісбаева М.К.

Оқытушылар туралы мәліметтер : Аркенова Ж.Р. «Макроэкономика», «Микроэкономика» пәндерінен семинар сабақтар жүргізеді.
Офисі: Экономикалық теория және ХЭ кафедрасы, оқытушылар аудиториясы №266

тел: 44 16 24 (143)

Қарағанды қ. Академиялық көшесі 9

СӨЖ ( СӨЖО) бойынша әдістемелік ұсыныстар
СӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз және аудиториядан тыс орындалады. СӨЖ-дің негізгі міндеті семинарлық сабақтар мен дәрістерге дайындау. Семинарлық сабақтарда тақырыптың негізгі сұрақтары қарастырылады. Семинарлық сабақтың тақырыптық жоспары, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестер не және қалай істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестерді мұқият талдап, семинарлық сабақтың тақырыптық жоспарының сұрақтарына жауаптардық өздерің дайындаңдар. Әрбір сұрақты дайындау барысында қысқаша әрі сызба жүзінде негізгі ережелер мен жауап тезистерін дайындап, формулалар мен символдарды СӨЖ дәптеріне жазыңдар. Дайындалып болғаннан кейін өзін-өзі тексеріге арналған сұрақтар көмегімен өз білімдеріңді тексеріңдер. Өздерің талдай алмаған сұрақтарды жазып алып, дәрісте немесе СӨЖО процесінде оқытушыға қойыңдар.

СӨЖ тапсырмалары дәріске дейін орындалу керек. Ал дәрісте дербес алынған білімдер тереңдетіліп, кеңейтілуі керек.

Алайда семинарлық сабақта қарастырылатын сұрақтар көлемі тақырыптың толық мазмұнын қамтымайды. Сондықтан студент өз білімін одан әрі тереңдету мен кеңейту бойынша жұмыс жасауы қажет. Бұл СӨЖО процесінде жүзеге асырылады. Сондықтан СӨЖО-да тақырып мазмұнын толық ашатын қосымша сұрақтар мен есептер, жаттығулар қарастырылып, талдау жасалады.

СӨЖ формалары мен мазмұнын өңдеу.

«Микроэкономика» курсының ерекшеліктері СӨЖ формаларының кең жиынымен байланысты. Бұл мынадай формалар:



  • оқытушы берген дәріс конспектілерін талдау;

  • семинарлық сабаққа негізгі оқулық бойынша дәріс конспектісін дайындау;

  • белгілі тақырып бойынша реферат дайындау;

  • реферат, эссе, баяндамаларды өзара рецензиялау;

  • курс терминдері бойынша сөздіктер мен сөзжұмбақтар құру;

  • аса жоғары есептерді шығару;

  • статистика мәліметтерін талдау;

  • кәсіпоын іс - әрекетін модельдеу;

  • топтық жобаға қатысу;

  • таңдалған тақырып бойынша презентация жасау;

  • глоссарий жасау;

  • тақырып бойынша шолу жасау.

Жоғарыдағылардың кейбіреулерінің мазмұны мынаған байланысты:

Тақырып бойынша шолу жасау – бұл дегеніміз басылым мен Интернеттің ақпарат ресурстарын тартумен ұсынылатын тақырып бойынша жазбаша 1-2 бет қысқаша шолу жазу дегенді білдіреді.

Глоссарий – қазақ және орыс тілдерінде, мүмкін болса шет тілдеріне аудару арқылы терминдер мен түсініктердің қысқаша түсіндірмесі; ол берілген тақырып бойынша орындалады. Глоссарийді құру макроэкономиканың түсініктілік аппараты білімінің қалыптасуына және оны пайдалану дағдыларының өңделуіне ықпал етеді.

Реферат, СӨЖ-дің неғұрлым кеңейтілген формасы бола отырып, әдебиетке міндетті түрде шолу жасау арқылы белгілі тақырыпқа баяндама жасауды немесе ғылыми жұмыс, кітап мазмұнын баяндауды білдіреді. Рефератты оппонирлеу неғұрлым қызықты да ғылыми жұмыс болып табылады. Осының нәтижесінде жұмысқа талдау жасау, пікір – талас жүргізу дағдысына ие болады.

Коллоквиум білімді, әңгімелесу формасында нақты оқытылатын пәннің түрлі тақырыптары бойынша дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар, тәртіп бойынша, ерекше құрылымға ие, сондықтан жауаптар жиналған материалды талдау негізінде ғана берілуі керек.

Эссе – бұл сын мен публицистиканың түрлі жанрларында өзекті әлеуметтік – экономикалық мәселелерге деген өз ойларын білдіру, баяндау.

Дәріс конспектілеріне талдау жасау, өткен материалды қайталау бағдарламалық материалды игеруге, теориялық білімдерді нығайтуға мүмкіндік береді.

Есептер мен сандық тапсырмаларды шығару. Оларды орындаудың мақсаты тәжірибелік сұрақтарды шешуде теориялық білімдерді пайдалану дағдысы мен ептілігіне ие болу болып табылады.

Мақсаттар бұтағын құру – ол үшін тыңдаушыларға тақырыпты таңдап, деңгейлер бойынша мақсаттарды белгілеу, барлық деңгейлердегі тапсырмалар мен жоспарларды анықтау, осы мақсаттарға қол жеткізуде кәсіпорындардың ұйымдастырушылық құрылымдарын анықтау, жұмыс сапасының өлшеуіштері мен тапсырманы бақылау формаларын таңдау ұсынылады.

Презентация – тыңдаушы өзінің презентациясы үшін кез – келген тақырыпты таңдап, презентацияда қарастырылатын кез – келген аспектіні түсінуін не түсінбеуін білдіре алады; презентация тақырыптың неғұрлым ашылғаны және сырт көздерден қаншалықтықызығушылық тудырғаны, сондай – ақ тыңдаушының қарастырылып отырған мәселені қаншалықты кәсіби деңгейде қарастыруы тұрғысынан бағаланады.

Оқытушылық нақты жағдайлар (кейстер) – тыңдаушыларға сұрақтарға жауап беру немесе мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіру бойынша көптеген қарапайым да күрделі жағдайлар ұсынылады; неғұрлым дайындалған тыңдаушыларға өз кейсін жазуға болады.

Іскерлік ойындар тыңдаушыда болашақ кәсіби іс - әрекеті үшін қажетті дағдыны өңдеуге көмектеседі; кейбір ойындар бойынша үйде дайындалып немесе кітапхана мен өндірісте аяқтау қажет.

Топтық жоба (мысалы, кейстік жағдайды құру немесе шешу бойынша)– топта 3-5 адамнан артық болмауы керек, әрбір топ өз жобасын өңдеуі керек.

Жеке жоба – неғұрлым дайындалған тыңдаушылар өз қалауы бойынша орындайды; жұмыс тақырыптың әмбебаптылығымен, зерттеушілік сипатымен ерекшеленуі керек; жоба нәтижелері ғылыми конференцияда ұсынылуы мүмкін.

СӨЖ (СӨЖО) тиімді ұйымдастыруға қатысты тыңдаушыға ұсыныстар



Өткен материалды қайталау. Өткен дәріс материалын қайталау өзіндік жұмыстың неғұрлым маңызды түрі болып табылады. Материал неғұрлым терең де толығырақ өңделсе, соғұрлым өзіндік жұмыстың басқа түрлерін орындауда оңайырақ болады. Бірінші сабақтан бастап, өткен дәріс материалымен жүйелі де үнемі жұмыс жасау кейінгі дәріс материалын түсіну мен тәжірибелік және лабораториялық сабақтар материалдарын игеру үшін қажетті жағдай болып табылады.

Материалды өңдеуге кірісе отырып, мыналарды жүзеге асыру керек:



  • жұмыс орнын анықтау;

  • егер үйде жұмыс жасау үшін қажетті жағдайлар болмаса, университет пен қалалық кітапхана қызметтеріне жүгіну;

  • дәріс конспектісіне ие болу;

  • курс бағдарламасына ие болу;

  • ұсынылатын әдебиетке ие болу (оқулық, есеп кітапшалары), қажет болған жағдайда материалдар мен құрал – жабдықтарға ие болу.

Жұмыс әдісі:

  • дәріс материалын дереу қайталау (кейінге қалдыруға болмайды, себебі дәріс мазмұнын ұмытып кетуге болады);

  • конспектімен жұмыс жасай отырып, әдебиетке сілтеме жасап (бұл емтиханға дайындалу барысында қажет), қажетті толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

  • тақырыппен жұмыс жасау материалды толық түсіну мен сете сақтауға дейін жалғасуы керек,

  • тақырыппен жұмыс жасау оқулықтар мен пособияларда келтірілген есептер мен мысалдарды талдаумен аяқталады;

  • егер тақырыппен жұмыс жасаудан кейін түсініксіз сұрақтар қалса, онда оларды оқытушыға кезекті дәріс барысында қою керек.

Есептер мен сандық тапсырмаларды шығару. Тапсырманы орындау әдістемесі:

  • аталмыш тапсырмаларды орындауды аталмыш тақырып бойынша дәріс материалын қайталаудан кейін ғана бастауға болады;

  • есептерді шығаруға кірісе отырып, оның шартын мұқият оқу;

  • шығару жоспарын ойластыру;

  • есепті шығару барысында қолданылатын формулаларды анықтау;

  • формулаға кіретін шамалардың мағынасына тағы бір рет үңілу;

  • шығаруды алдымен жалпы түрде жүзеге асырып, содан кейін әріптік шамалардың сандық мәндерін қою керек;

  • аралық және соңғы шешім нәтижелерінің өлшем бірліктерін көрсету;

  • дұрыс шешімге талдау жасау.

Коллоквиумдарға дайындық. Кейбір пәндер бойынша курс тарауының теориялық бөлімін меңгеру дәрежесін бағалау үшін колоквиум өткізіледі.

Осыдан шығатыны:



  • коллоквиумда қарастырылатын сұрақтар бойынша теориялық материал тағы бір рет қайталануы керек;

Бақылау жұмыстарына дайындық. Бақылау жұмыстарын өткізудің мақсаты:

  • бакалаавриаттың ағымдық үлгерімін тексеру;

  • топ бакалавриаттарының дайындығын анықтау;

  • үлгерімділігі нашар тыңдаушылармен жұмыс әдістемесін ұйымдастыру;

Тыңдаушылар бақылау жұмысына дайындала отырып, мыналарды жүзеге асыруы қажет:

  • бақылау жұмысының тақырыбын білу;

  • теориялық материалды, аталмыш тақырыптағы негізгі формулалар мен есепті шығару әдістерін ойға түсіру;

  • оқулықта талданған есептер мен мысалдарды, және тәжірибелік сабақтарда қарастырылған есептерді қайта қарастыру,

Егер студент бірінші дәрістен бастап, өткен материалмен жүйелі түрде жұмыс жасаса, онда бақылау жұмысына дайындалу еш қиындық тудырмайды және ол көп уақытты алмайды.

Жобаны орындау. Жобалар мен жұмыстарды орындау барысында кафедраларда тапсырмалармен бірге берілетін әдістемелік нұсқамаларды басшылыққа алу керек.

Тапсырманы орындау тәртібі:



  • тапсырманы орындауға өзіндік жұмыс графигімен бекітілген мерзімнен кеш кіріспеу керек;

  • егер тапсырманы орындау барысында қиындықтар туындаса, онда курстың сәйкес тақырыбына оралып, толықтырып, тапсырманы орындауға қайта кірісу керек;

  • осыдан кейін де қиындықтар болса, онда оқытушыға қосымша сабақтарға келу керек;

  • алынған шешімге талдау жасау,

  • тапсырманы қорғауға дайындала отырып, теорияның сәйкес ережелерін тексеріп, кейбір мәліметтердің өзгеруі жағдайындағы шешімді ойластыру;

  • тапсырманы орындау барысында қолданылған әдісті түсінгенге көз жеткізу;

  • тапсырма графикпен бекітілген мерзімнен кеш қорғалмауы керек, өйткені ол академиялық берешек болып саналады.

Өзіндік жұмысқа берілетін уақыт айтарлықтай шектелген болғандықтан, өзіндік жұмысты тиімді жоспарлауға үйреніп, өзіндік жұмыс дағдыларын меңгеруге ұмтылып, тәжірибе алып, тиімді түрде жұмыс істеп және жұмысқабілеттілігін сақтау үшін саналы түрде демалу керек. Сондықтан әрбір оқытушы мен кафедраның тыңдаушылардың өзіндік жұмыс әдістемесіне үйрету жауапкершілігі артуда.

Қысқаша сипаттамасы: Микроэкономика курсы болашақ экономистерді дайындаудағы базалық пәндердің бірі болып табылады және де оны меңгеру барлық мамандықтар бойынша оқып жүрген студенттер үшін міндетті болып табылады. Микроэкономика курсында қазіргі нарықтық экономиканың ғылыми негізділік таныстырулар мен модельдер берілген. Микроэкономика жеке дербес экономикалық субъектердің ұтымды мінез-құлқы туралы мәселелерді зерттейді. Микроэкономика нарық пен баға жүйесінің көмегімен реттелінетін жеке дербес кәсіпкерлердің іс-әрекеттері мен қабылдайтын шешімдерін зерделейді. Микроэкономиканың әдіснамалық және әдістемелік аппараты әлеуметтік үрдістерді, басқару аспектілерді, мемлекеттік сасясатының нұсқауларын талдау және түсіндіру үшін қолданылады. Оқу материалын, графиктерді, ережелер мен формулаларды және графиктер үшін бастапқы деректерді персоналды компьютерлерге кіргізуге болады. Компьютердің көмегімен жұмыс материалдарды белсенді игеруге және бекітуге, сонымен қатар өз бетінше оны тексеруге мүмкіндік береді.

Микроэкономика экономикалық субъектілердің рационалды мінез-құлықтарының мәселелерін қарастыра отырып, сонымен бірге болашақ экономистерге микроэкономикалық білімнің теориялық жағын ғана емес, сондай-ақ өмірдің тәжірибелік ережелерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Микроэкономикалық теориядан алған білім студенттерге тек арнайы пәндерді меңгеруге ғана емес, сонымен қатар олардың болашақта шешім қабылдап, карьера жасауға көмектеседі. Микроэкономикалық теорияны оқу экономикалық ойлаудың және соған сәйкес мінез-құлқының болуына өз септігін тигізеді.

Қазіргі нарық экономикасының функционалдық механизмін, экономикалық субъектілердің шешім қабылдауының себептерін және жеке таңдаудың мәнін, микроэкономикалық өзгерістердің арасындағы байланыстарды оқу - Микроэкономика пәннің негізгі мақсаты болып табылады.

Оқыту үрдісінің барысында келесі міндеттер қойылады:



  • студенттерде микроэкономика теориясының пәні бойынша фундаменталды білімін қалыптастыру;

  • студенттерде микроэкономикалық модельдерінің анализдік әдістемелік принциптерін түсіне алуларын дамыту;

  • студенттерде теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана алу мүмкіндіктерін қалыптастыру;

Микроэкономика пәнін оқу курсын аяқтаған студент кез-келген микроэкономикалық моделінің аузша, математикалық және графикалық түрде талдай білулері қажет.

Студент микроэкономикалық өзгермелердің арасындағы себеп-салды байланыстарын және тәуелділігін нақты дәлелдей алуы шарт. Студент микроэкономиканың әдіснамалық және әдістемелік аппаратқа ие болуы қажет және оларды микроэкономикалық жағдайларда қолдана алуы және өз ісінде дұрыс шешімге келуі қажет.


1.1. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу. Микроэкономика курсын оқыту барысында студенттер сабақтың барлық түрлерінен берілетін тапсырмаларды міндетті түрде, уақытында орындаулары керек. Дәріске келіп қана қоймай, оның барысында белсенді түрде оқытушымен бірге жұмыс істеу, лекцияда қарастырылатын экономикалық проблемаларды көре білу және олардың мәнін түсінуге тырысу әрбір студенттің міндеті.

Студенттер семинар барысында үйге берген тапсырмаларды толық орындап қана қоймай, семинар сұрақтарын талдау барысында өз беттерімен ойлау, өз ойын басқаларға дәлелді түрде жеткізе білу, басқаның ойын түсіну және оған сын көзбен қарау арқылы қарсы дәлел келтіру сияқты қабілеттерін барынша толық көрсетуге тырысуы керек.

Микроэкономика курсын оқып үйрену, студенттердің жоғары математикадан білімдерінің болуын және оны қарапайым түрде болсада қолдануды талап етеді. Микроэкономикалық өзгермелердің арасындағы функциялық байланыстарды дәлелдеу, графикалық және математикалық модельдерді құрастыра білу үшін ОСӨЖ тапсырмаларын толық орындаған жөн. Әдебиеттердің тізімінде көрсетілген оқулықтардағы есептерді, жаттығуларды және тесті тапсырмаларды қосымша орындау арқылы білімдеріңді толықтырып және кеңейте аласыздар.

Студенттер алған білімдерін баянды ету үшін аралық бақылау жұмыстарын тапсыруға міндетті.

Микроэкономика курсын меңгеру соңғы бақылаумен аяқталады. Ол тесті тапсырмаларды орындау арқылы емтихан түрінде жүргізіледі.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

Тақырып атауы
СӨЖО өткізу формалары

Тақырып 1.

Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері



Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу.*

Тақырып 2.

Сұраныс және ұсыныс икемділігі. Салықтың әсері.



Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, мақсаттар бұтағын құру.*

Тақырып 3.

Тұтынушы іс әрекеті



Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

Тақырып 4.

Салыстырмалы статика және сұранысты талдау



Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, рефераттарды рецензиялау. *

Тақырып 5.

Үй шаруашылығы тарапынан еңбек және капитал ұсынысы.



Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

Тақырып 6.

Өндіріс теориясы

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, жеке шолу жасап, статистикаға талдау жасап, оны рецензиялау және оппонирлеу.*

Өндірістік шығындар



Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, мақсаттар бұтағын құру. *

Тақырып 7


Бәсекелес фирманың іс-әрекеті

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат жазу, жек шолу жасап, топтық жобаларды өңдеу.*

Тақырып 8

Жетілген бәсеке нарығы


Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

Тақырып 9


Монополия және монопсония. Нарықтық билік.

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, қосымша глоссарий құру. *

Тақырып 10


Монополиялық бәсеке және олигополия

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

Тақырып 11


Өндіріс факторлардың нарығы

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, қосымша глоссарий құру. *

Тақырып 12


Жалпы тепе-теңдік

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

Тақырып 13


Қоғамдық игілік

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, қосымша глоссарий құру. *

Тақырып 14


Экстерналий

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, қосымша глоссарий құру. *

Тақырып 15


Асимметриялық ақпараттар нарығы

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет