Эссе жазудың алғышарттары



Pdf көрінісі
Дата29.02.2024
өлшемі1.16 Mb.
#493294
Эссе жазудың алғышарттары







Эссе жазудың алғышарттары:
1. Эссе жазуға кіріспес бұрын ең
алдымен: «Мен неге және не
үшін жазып отырмын?», «Менің
жұмысымды кім оқиды?», «Мен
қандай идеяларды айтқым
келеді?», «Маңызды ақпаратты
мен қай жерден іздеп таба
аламын?», «Мен оқырмандардан
қандай пікірлер мен іс-
әрекеттерді күтемін?»
сұрақтарға жауап беру керек.
2. Эссе жазудағы мақсатты айқындау. Ол:
✓ Белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту
және дәлелдеу; 
✓ Сұрақ бойынша өзінің түсінігін, ойын айту; 
✓ Оқырмандарды ақпараттандыру;
✓ Мәселені талқылау және шындықты табуға
тырысу; 
✓ Өзінің және оқырманның көңілін толтыру,
рақатқа бөлеу; 
✓ Көңіл-күйіңді білдіру және оқырман көңілін
аудару, эмоция туғызу; 
✓ Іс-әрекетке түрткі болу.


Эссенің кез келген оқырманға бағытталған рефераттан ерекшелігі –
Эссенің кез келген оқырманға бағытталған рефераттан ерекшелігі –
«Менің ... туралы айтқым келеді...», «Мен мынандай қорытындыға
«Менің ... туралы айтқым келеді...», «Мен мынандай қорытындыға
келдім...»деген тілдік қолданыстардың болуы.
келдім...»деген тілдік қолданыстардың болуы.


КІРІСПЕ
Кіріспе – бұл кезеңде өз зерттеу барысында жауап іздеген сұрақты
дұрыс құрастыру өте маңызды, ал әрі қарай жауапты растайтын
дәлелдердің реттілігі қажет. Кіріспе бойынша жұмыс жасағанда мына
сұрақтарға жауап көмектесуі мүмкін: «Эссе тақырыбында айтылған
терминдерге түсінік беруге керек пе?», «Мен ашатын тақырып қазіргі
кезде маңызды ма?», «Менің ойымша тақырыпқа қандай түсініктер енуі
мүмкін?», «Тақырыпты бірнеше шағын тақырыпшаларға бөлуге бола ма?»
Оқырманды қызықтыру үшін кіріспе бөлім жанды, нақты, күшті және
мінсіз (өзіндік болуы керек. Онда оқырманға үндеу, афоризм, жалпы ой,
жеке тәжірибеге сілтеме, аналогия, ассоциация, тұжырым, сұрақ, жеңіл
ескертпе, т.б. болуы мүмкін.


Негізгі бөлім – таңдаған мәселе және негізгі сұрақты қарау теориялық және
практикалық негіздерін қамтиды. Осы бөлімде дәлелдер мен талдаудың дамуын
болжайды, сонымен қатар, бұл сұрақ бойынша бар мәліметтерге қарағанда басқа
дәлелдер мен ұстанымдардың негіздеуі. Эссенің негізгі мазмұны осында. Сондықтан,
маңыздысы тақырыпшалар олардың негізінде дәлелдемелердің жүйеленуі (логикалық
мәліметтерді қолдану немесе қатаң ой толғауларды) жүзеге асады, яғни ұсынылған
дәлелдемелерді/талдауды негіздеу қажет. Қажет болған жерде талдаудың құралы
ретінде кесте, сызба, диаграмма, сонымен қатар өзіндіктәжірибені де пайдалануға
болады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ


Қорытынды – тақырып бойынша дәлелді қорытынды мен жинақтау оны қолдану
саласына және т.б. сілтеме. Эссені қорытындылайды немесе негізгі бөлімде
айтылғанды мәні мен мағынасын тағы да анықтайды. Қорытындыны құрастыру үшін
ұсынылатын әдістер: қайталау, суреттеу, цитата, әсерлі дәлелдеу. Қорытынды эссені
толықтыратын өте маңызды элементті ұстауы мүмкін, басқа мәселелермен
байланысын жоққа шығармай, зерттеудің (импликация) қолдануына сілтеме сияқты.
Қорытындыда «Эссенің басында айтылған мәселе бойынша не деуге болады?»
сұраққа жауап болу қажет. 
ҚОРЫТЫНДЫ


Эссе құрылымының көлемі:
✓ Кіріспе (эссенің 30 % көлемі)
✓ Негізгі бөлім (эссенің 60 % көлемі);
✓ Қорытынды (эссенің 10 % көлемі);






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет