Сабақ тақырыбы Географиялық деректерді өңдеу және талдау



бет1/3
Дата26.09.2023
өлшемі63.91 Kb.
#478575
түріСабақ
  1   2   3
8.1.1.4 - сандық және сапалық деректер географиялық деректерді өңдеп, талдайды


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
1. Географиялық зерттеу әдістері
1.1 Зерттеу және зерттеушілер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Географиялық деректерді өңдеу және талдау




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.4 - сандық және сапалық деректер географиялық деректерді өңдеп, талдайды

Сабақ мақсаты

Сандық және сапалық географиялық деректерді дәлелдейді

Бағалау критерийлері

Оқушылар берілген деректер арқылы диаграмма құрастырады.
Құрған диаграммаларды сипаттай алады.

Тілдік мақсат



Сандық және сапалық географиялық деректерді ауызша және жазбаша сипаттайды.
Пәнге тән лексика мен терминология
Географиялық нысандар
Географиялық құбылыстар
Үдерістер
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Қалалардың географиялық орны.....................
Диаграмманы сипаттау барысында .....байқауға болады.

Құндылықтарды дарыту


Оқушы осы сабақта практикалық тапсырманы орындауда өткен сабақтың білімін қолданады. топтық жұмыста ынтымақтастыққа қолдау көрсетеді.

Пәнаралық байланыстар

Сандық деректер, диаграммамен жұмыс істеу барысында математика пәнімен байланыс жасайды.

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор ресурсын деректер алуға қолданады.

Бастапқы білім



7 сыныпта өткен Географиялық әдістерді еске түсіру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
0-2 мин
2-7 мин



Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийі, таныстыру.
Оқушылар сабақ басында көңілді атмосфера орнату үшін мимикамен бір-біріне сыйлық сыйлайды.
Тапсырма №1.Мәліметтерді талдау.Оқушыларға 7 сыныптың атласын, атмосфераның құрылысы көрсетілген сурет, жанартаудың макеті көрсетілген суреттерді беріп осылардан қандай мәліметтер алуға болатынын сұрау.
1.7 сынып атласынан қандай мәлімет алуға болады? (Оқушылар жауабы: .Картада Дүниежүзінің физикалық картасы, Дүниежүзінің саяси картасы
Дүниежүзінің халықтар тығыздығы картасы т.б
Осы карталарда шартты белгілер қолданған:
1.Түрлі-түсті бояулар, сызықтар, пунктирлер, өзендер көк сызықтармен, таулар қоңыр бояулармен,халық тығыздығы картасында түрлі түсті бояулар берілген олардың ерекшеліктері шартты белгілер бөлігінде көрсетілген). 2.Атмосфераның құрылымы бойынша не көріп тұрсыздар?
3.Жанартау сызбасы қандай мәлімет береді?

Слайд

Сабақтың ортасы
7-20 мин

20-35 мин


25-35 мин



Тапсырма №2: берілген мәтінді оқыңыздар, ол мәтінде не туралы айтылғанын анықтаңыздар.
1.Берілген мәліметтерді қолданып халық саны кестесін құрастырыңыздар.
2.Кесте бойынша бағаналық диаграмма құрыңыз және жоспар бойынша сипаттаңыз.
Жоспар:
1) Дүниежүзі халқының өсу қарқыны қандай?
2) Диаграммаға қарай отырып, халық саны болашақта қалай өзгереді деп ойлайсыздар?
3) 1000 жылдан 2000 жылға дейін халық саны қаншаға өсті?
Тапсырма №2 (жалғасы): берілген мәтін бойынша диаграмманы толықтырыңыз. Халық санының өзгеруіне әсер еткен факторларды диаграммада көрсетіңіз.
(мәтін қосымша №1)
Тапсырма №3: берілген климатограмманы жоспар бойынша сипаттаңыз (жұптық жұмыс)
Тапсырма №4.Оқушыларды топтарға бөлу:
1-топ: Халық тығыздығы картасы
2 топ: Атмосфераның құрылысы
3 топ: Жанартаудың сызбасы. (қосымша №2)
1 топ тапсырмасы: Халық тығыздығы картасы.
7 сыныпта халық тығыздығы картасын ашады. Тығыздық дүние жүзінде қалай ерекшеленеді, қандай елдерде басым, қандай елдерде төмен, сандық көрсеткіштер бойынша дүниежүзі елдерін қалай жіктеуге болады, халық тығыз қоныстанған аймақтардың ерекшелігіне тоқталыңыз, мысалы жер бедері, мұхит жағалауы т.б
2 топ тапсырмасы: Атмосфера құрылымы суреті:
Атмосфера жалпы қанша км созылған, қандай қабаттары бар, әр қабатта қандай үрдістер жүреді, озон қабаты, бұлттар, температура, қысым нені білдіретінін толық сипаттап береді.
3 топ тапсырмасы: Жанартау сызбасы немесе макетінен қандай мәліметтер алуға болатынын сипаттайды.
Бағалау:Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

7 сынып атласы.
Слайдтар

Жанартау макеті


Атмосфера құрылымы суреті
Дүниежүзі халықтар тығыздығы картасы

Сабақтың соңы

Рефлексия.
Өткен оқу жылының қандай дағдыларын пайдаландық?
Берілген ресурстар қандай мәліметтерімен қызықты болды?
Үйге тапсырма: Карта бойынша өз елді мекеніңнің халық санын, диаграмма сызып көр.

Слайд



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет