Нұсқаулар 3 нұсқа 2009 ж №1 өзгеріс кэук-ми-95-2009 беттің ші беті



бет2/2
Дата11.07.2016
өлшемі307 Kb.
#190797
түріДиплом
1   2

Қосымша

Қосымшалар осы диплом жұмысының (жобаның) жалғасы ретінде келесі парақтарына рәсімделеді.

Жұмыс мәтінінде барлық қосымшаға сілтемелер берілуі тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады.

Әрбір қосымша жаңа беттен басталып, «Қосымша» сөзі мен атауы беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс және ол диплом жұмысы жазылған тілге сәйкес белгіленеді, мысалы, (А қосымшасы).

Қосымшаның аты болуы тиіс, ол бас әріптермен жеке жолдан мәтінге қатысты симметриялы түрде (ортасынан) жазылады.

Қосымшалар диплом жұмысының (жобаның) қалған бөлімдерімен ортақ басынан басталатын беттердің нөмірленуіне жатады.

Егер диплом жұмысында бір қосымша болса, оны белгілемеуге жол беріледі.

Өлшем бірліктері белгіленген стандарттарға сәйкес белгіленуі тиіс, ал көрсеткіштер мен өзге сандық деректер белгілердің артық сандарынсыз келтірілуі тиіс, мысалы, сомалар мың немесе миллион теңгеге дейін ықшамдалады (ондық үлеспен), пайыздар 0,1%-ға дейінгі дәлдікпен ықшамдалады.

Диплом жұмысында терминдердің, шартты белгілердің және жалпыға бірдей қабылданған қысқарған сөздердің бірыңғай атаулары сақталады (мысалы, ХҚЕС аббревиатурасы – халықаралық қаржылық есептілік стандарты).
9. Диплом жұмысының түпкілікті нұсқасын ресімдеу

Диплом жұмысы түпкілікті нұсқасында компьютерде басылған болуы тиіс.

Иллюстрацияларымен диплом жұмысының көлемі, оған тіркелген қосымшаларды есептемегенде, қағаздың стандартты парағының 60-100 бетін құрауы тиіс.

Мәтінде абзацтар анық бөліп көрсетілуі тиіс. Абзацтағы шегініс 1см құрауы тиіс.

Студент диплом жұмысының титул бетін келтірілген үлгі бойынша ресімдейді (Ж2, Ж3 қосымшалары).

Мұқабаның ішкі жағында жапсырылған конвертке:



  • ғылыми жетекшінің пікірі;

  • диплом жұмысына жазылған рецензия (сын пікір) салынады.

Диплом жұмысының соңында әдебиеттер тізімі келтіріледі, оның төменгі жағында тегі мен диплом жұмысын аяқтаған күні (күні, айы және жылы) көрсетіле отырып, диплом жазған студенттің қолы қойылады.

Диплом жұмысының жетекшісі ол туралы пікір дайындайды, онда объективті (оң немесе теріс) баға береді, атап айтқанда:



  • зерттеу тақырыбының өзектілігін растайды;

- диплом жұмысында тұжырымдаған қорытындылар мен ұсыныстардың теориялық және тәжірибелік маңызын сипаттайды;

- теориялық сипаттағы ақпараттар көздерімен және тәжірибе материалдарымен жұмыс істей білу дағдысын ескере, студенттің зерттеу әдістерін қаншалықты меңгергенін мәлімдейді;

- нақты міндеттерді шешу үшін (әдіснамалық сипаттағы және тәжірибелік қызметтегі) университетте алған білімін қолдана білу қабілетін студенттің қаншалықты көрсете алғандығын хабарлайды;

- студенттің көрсеткен бастамашылығын және диплом жұмысын өз бетімен орындау дәрежесін атап көрсетеді;

- студенттің еңбекқорлығымен, ұқыптылығымен, шығармашылық даралығымен қаншалықты өзгешеленетіндігін атап өтеді;

- диплом жұмысын қорғауға жіберу туралы қорытынды жасайды. Пікірге ғылыми жетекші қолын қояды, оны дайындаған күні белгіленеді.

Егер ғылыми жетекші университет оқытушысы болып саналмаса, онда оның қолын, ол жұмыс жасайтын ұйымның кадрлар бөлімінің бастығы растауы және мөр басуы тиіс.

Диплом жұмысы (жоба) қабылданған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қойып және қорғауға жіберілгендігі туралы жазбаша-пікірмен бірге кафедра меңгерушісіне ұсынады.

Диплом жұмысы (жоба) қабылданбаған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қоймайды, бірақ та жазбаша пікір жазып, онда диплом жұмысын (жобасын) қорғауға жібермеу туралы өз шешімін негіздейді. Осы материалдар негізінде кафедра меңгерушісі, бұл туралы диплом жұмысының бірінші бетіне тиісті жазба жасап, аталған диплом жұмысы (жобасы) бойынша түпкілікті шешім қабылдайды.

Егер кафедра меңгерушісі студентті диплом жұмысын (жобасын) қорғауға жіберу мүмкін емес деп есептесе, онда бұл мәселе аталған студент пен міндетті түрде оның ғылыми жетекшісінің қатысуымен кафедра отырысында қаралады. Кафедра отырысының хаттамасы жоғары оқу орнының ректорына бекітуге ұсынылады.



Рецензия

Шығарушы кафедра қорғауға табыс еткен дипломдық жұмыс (жоба) рецензияға жіберіледі.

Шығарушы кафедра меңгерушісінің өндіріс және ғылыми ұйымдардың мамандары арасынан ұсынған пікір жазушылардың тізімі ректордың бұйрығымен бекітіледі. Пікір жазушылар ретінде басқа жоғары оқу орындарының профессорлар, доценттер, оқытушылар қатыстырылады.

Пікір жазушылардың базалық жоғары білімі болуы тиіс және/немесе қорғалатын диплом жұмысының (жобасының) профиліне сәйкес ғылыми атағы, ғылыми немесе академиялық дәрежесі болуы тиіс.

Пікір жазушы диплом жұмысына (жобаға) жазбаша пікірін ұсынуы қажет, онда зерттелген тақырыптың өзектілігі, жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы, тақырыптың маманның кәсіби даярлығына, берілген ғылыми академиялық дәрежесі мен берілген біліктілігіне сәйкестігі, жүргізілген зерттеудің дербестігі, қорытынды мен ұсыныстарының орын алуы, мәселелердің шешілу және зерттеудің аяқталуы дәрежесі көрсетіледі. Пікірде баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағасы және академиялық дәрежесі немесе квалификация берілу мүмкіндігі көрсетілген дәлелді қорытынды беріледі.

Ғылыми жетекші қорғауға рұқсатын берген, бірақ рецензентпен «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланған дипломдық жұмыс жалпы жағдайларда қорғалады. Рецензия машинамен басылған нұсқада ресімделіп, оны даярлау уақытын көрсетуімен рецензенттің қолы қойылуға тиісті. Рецензия берушінің қолы (рецензент жұмыс істейтін) ұйымның кадрлар бөлімінің бастығымен расталып, мөр қойылуға тиісті. Ғылыми жетекшісінің пікірі мен рецензенттің рецензиясы бар дипломдық жұмыс белгіленген қорғау мерзіміне дейін 10 күннен кешіктірілмей шығарушы кафедрасының меңгерушісіне тапсырылады. Кафедра меңгерушісі ғылыми жетекшісі пікірінің және берілген рецензияның мазмұнымен танысады және титул бетіне қолын қоя отырып, диплом жұмысын қорғауға жіберуді бекітеді.

Кафедра меңгерушісінің шешімімен диплом жұмысы университет кафедрасының оқытушыларымен қосымша рецензиялануы мүмкін. Ғылыми жетекшінің пікірі және рецензияның мазмұнымен студент мемлекеттік аттестациялық комиссиясының (МАК) отырысына дейін танысуы тиіс.

Диплом жұмысын қорғау студенттің қалауы бойынша қазақша және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Диплом жұмысын (жобаны) қорғау ақпараттық-коммуникациялық технологиялар төңірегіндегі жетістіктерді және қазіргі техникалық құралдар базасында мультимедиялық презентациялар түрінде электронды қорларды қолдану арқылы жүргізілуі мүмкін.
10. Диплом жұмысын қорғау және бағалау тәртібі
Диплом жұмысын (жобаны) қорғау тәртібі білім беру саласындағы орталық атқарушы органдары бекіткен білім алушылардың үлгеріміне ағымдық, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестация жүргізу Ережесімен анықталады.

Диплом жұмысын қорғау университетте, Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының (МАК) ашық отырысында белгіленген уақытта өткізіледі.

Диплом жұмысын (жобаны) қорғау студенттердің, шығарушы кафедра оқытушыларының қатысуымен бұқаралық түрде ұйымдастырылады. Қорғауға ғылыми жетекшілері, сонымен қатар дипломдық зерттеулер жүргізілген ұйымдардың өкілдері және басқа да ынталы тұлғалар шақырылады.

Диплом жұмысын қорғауға студент тыңғылықты дайындалуға тиіс: баяндамасының тезистерін жазып, көрнекі материалдарды (кестелер, сызбалар, диаграммалар) дайындап, жеке парақта белгілі теориялық және тәжірибелік маңыздылығы бар, диплом жұмысында қозғалған негізгі қағидалардың мазмұнын жазады.

Диплом қорғап тұрған студенттің МАК төрағасына және оның мүшелеріне өзінің көрнекі материалдарын (сызбалар, аналитикалық кестелер, диаграммалар, қорытындылар мен ұсыныстардың қысқаша тізімін) көрсетуі құпталады.

Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының алдында диплом жұмысын қорғау келесі тәртіпте өткізіледі: студент диплом жұмысының мақсаты мен міндеттерін қысқа және айқын сипаттап, оның маңызды қағидаларын баяндап, өз қорытындылары мен ұсыныстарын келтіріп, негіздейді. Баяндама үшін студентке 15 минуттан кем емес уақыт беріледі.

Диплом қорғап тұрған студентке МАК төрағасы және оның мүшелері немесе отырғандардың кез келгені сұрақ қоюы мүмкін. Қойылған сұрақтарға студент қысқа, бірақ нақты жауап қайыруға тиісті. Диплом қорғауға қатысып отырғандардың жұмыс нәтижелерін талқылауға қатысу құқығы бар. Талқылау соңында ғылыми жетекшісінің пікірі және пікір берушінің рецензиясы оқылады. МАК отырысында диплом жазған студент және оның диплом жұмысына сипаттама беру үшін ғылыми жетекшісіне сөз берілуі мүмкін. Студентке пікірде, рецензияда баяндалған не болмаса сөз сөйлеудегі ескертулер бойынша жауап қайтаруға мүмкіндік беріледі.

Диплом жұмысын бағалау МАК-тің жабық отырысында балдық – рейтинттік әріптік жүйе бойынша анықталып, қорғау біткеннен кейін сол күні комиссия төрағысы жариялайды.

Диплом жұмысын белгіленген уақытта жазбаған немесе оны қорғамаған студент университеттің студенттер қатарынан шығарылады, бірақ оған диплом жұмысын келесі жылы немесе теориялық курсты бітіргеннен кейін үш жылдан аспаған уақытта қорғауға құқық беріледі. Мемлекеттік аттестациялық комиссия бұл жағдайда сол дипломдық жұмысын қайта қорғау (өңдеумен немесе өңдеусіз) немесе студентке жаңа тақырыпты бекіту жөнінде шешім қабылдайды.

Диплом жұмысы және Мемлекеттік аттестациялық комиссия алдында оны қорғау, тиісті мамандық бойынша диплом тапсырыла отырып, студентке академиялық дәреже немесе біліктілік берудің міндетті шарттары болып саналады. Дипломдық жоба екі міндетті бөлімнен - түсініктеме жазба мен графикалық материалдардан тұратындығынан оның, яғни дипломдық жобаның диплом жұмысынан айырмашылығын көреміз. Түсініктеме жазба өз құрылымы және ресімдеуі бойынша дипломдық жұмысқа ұқсас, одан кішірек көлемімен ғана ерекшеленеді. Дипломдық жобаның екінші міндетті бөлімі – графикалық материалдар. Олар қағаз нұсқасында және слайдтар, таныстырылым түрлерінде Power Point көздерінде көрсетілген. Бұл материалдар диплом жазған студенттің түсініктеме жазбасындағы негізделген қорытындылары мен ұсыныстарын көрнекі түрде көрсетуге тиіс. Графикалық материалдың көлемі стандартты А-4 форматының 5-10 парағын құрайды. Түсініктеме жазбаның көлемі бір интервал аралықта машиналық жазылым мәтінінің 60-80 бетін құрайды.

А ҚОСЫМШАСЫ

Бухгалтерлік есеп және аудит

кафедрасының меңгерушісі

э.ғ.к., проф. Қ.С.Мадиеваға

ЕҚФ (күндізгі бөлім)

УА-41тобының студенті

Наталья Ивановна

Верховскаядан



Өтініш
Дипломдық жұмыстың №22 «Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және өнеркәсіп кәсіпорындарында өнім (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) өндіруге кететін шығындарды талдау» тақырыбын менің атыма бекітуіңізді және ғылыми жетекші ретінде доц. В.И.Березюкті тағайындауыңызды сұраймын.

Қолы:


Күні:

Б ҚОСЫМШАСЫ

Диплом жұмысын орындауға тапсырыс

«__»­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­_________________200 ж


Ұйым ________________________________________________________

(тапсырыс берген ұйымның атауы)

Студент_______________________________________________________

(аты-жөні, тегі)

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

тақырыбындағы диплом жұмысын орындауға тапсырма береді


Тапсырыспен диплом жұмысын орындау қажеттілігінің

себебі


______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

Тапсырыс беруші ________ Орындаушы _____________

________________________ _________________________

(Ұйым жетекшісінің (Студенттің тегі, аты-жөнінің

лауазымы, тегі және бірінші әріптері )

аты-жөнінің бірінші әріптері)

В ҚОСЫМШАСЫ
Ұйым ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­________________________________________________________

(ұйымның атауы)

№ __ ХАТТАМАДАН ҮЗІНДІ

«__»­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­________200 ж



Тыңдалды:

Студенттің

ақпаратын _____________________________________________________

(жоо атауы, факультеті, оқу тобының №)

______________________________________________________________

(студенттің аты-жөні, тегі)

______________________________________________________________

______________________________________тақырыбында орындалалған

дипломдық жұмыста жасалған зерттеулердің нәтижелері туралы

Қаулы етті:

Студент_______________________________________________________

(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)

______________________________________________________________

­­­­­­­­_________________________________________тақырыбындағы диплом

жұмысы бойынша ақпаратын тыңдап

ұйым басшысы _________________________________________________

(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)

осы дипломдық жұмыста келтірілген қорытындылар мен ұсыныстарды ұйым қызметінде ескеріп пайдалану керек екендігін атап айтады.

Дипломдық жұмыстың ұсыныстары 200___ ж. сыннан өткізіліп, содан кейін дипломдық жұмыс авторының қорытындылары мен ұсыныстарын пайдалану туралы Актімен ресімделіп оң нәтижелері қызметке енгізілсін


Ұйым жетекшісі ________ _____________________

қолы (аты-жөні)


Ұйым мөрі
Г ҚОСЫМШАСЫ

______________________________________________________________

(ЖОО атауы)

Факультет ____________________ кафедра _________________________


Мамандығы:

БЕКІТЕМІН

Кафедра меңгерушісі _________

«___»______________200_ж



ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНА ТАПСЫРМА

Студент _______________________________________________________

(тегі, аты-жөні)

______________________________________________________________

1. Жұмыстың тақырыбы_________________________________________

______________________________________________________________


200 «___»______________________университет бұйырығымен бекітілді

2. Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі ___________________________

3. Жұмысқа пайдаланылған негізгі мәліметтер ______________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

4. Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны

а)____________________________________________________________

б)____________________________________________________________

в)____________________________________________________________

5. Ұсынылатын негізгі әдебиет: __________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________
6. Жоба (жұмыс) бойынша кеңес беруші (оларға қатысты

жоба (жұмыс) бөлімдерін көрсетуімен)




Бөлім

Кеңес беруші

Мерзімі

Қолы






































ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН ӘЗІРЛЕУ КЕСТЕСІ




Бөлімдер атауы, зерттелетін сұрақтар тізімі

Ғылыми жетекшіге көрсету мерзімі

Ескертулер












































































































Тапсырманың берілген уақыты __________________________


Кафедра меңгерушісі ________ __________________

қолы (тегі, аты-жөнінің

бірінші әріптері)

Жұмыс жетекшісі ________ __________________

қолы (тегі, аты-жөнінің

бірінші әріптері)

Тапсырманы орындауға

қабылдаған студент ________ __________________

қолы (тегі, аты-жөнінің

бірінші әріптері)


Д ҚОСЫМШАСЫ


МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ ...........................................................................................................
1 ЭКОНОМИКАНЫҢ ӨЗГЕРУ ЖАҒДАЙЛАРЫНДА КООПЕРАТИВ­ТІК ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ...................................................................................................

1.1 Кооперативтік қатынастар және нарық шаруашылығын­дағы олардың рөлі ....................................................................................................

1.2 Кооперативтік қатынастар дамуының шетелдік тәжірибесі және кәсіпкерліктің дамуындағы олардың рөлі....................................................

1.3 Өзгермелі экономикалар жағдайларындағы кооперация­лардың орны мен рөлі.............................................................................................................


2 ҚАЗІРГІ ЗАМАҢҒЫ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ КООПЕРАТИВТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ТЕТІКТЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ...................................

2.1 Шаруашылық жүргізудің кооперативтік түрлерін қалыптастыру ерекшеліктері ...................................................................................................

2.2 Нарықтық экономика жағдайларындағы кооперативтер қызметінің тетігі...................................................................................................................

2.3 Кооперациядағы бірігу үдерістерінің дамуы ..........................................


3 ҚАЗАҚСТАНДА ТҰТЫНУ КООПЕРАЦИЯСЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТАЛАНДЫРУЛАР..............

3.1 Қазақстан жағдайында тұтыну кооперациясының дамуын ынталандыру және экономикалық әдістер....................................................

3.2 Кооперативтік қатынастарды ұйымдастыру түрлері және кәсіпкерлікті дамыту........................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................
А-қосымшасы - Кооперациядағы бірігу үдерістері ....................................

Б-қосымшасы - Кооперативтік қатынастарды ұйымдастыру түрлері.........





4

6
6
16


22

30
30


41

54

60


60
72
80
83
85

86

Е ҚОСЫМШАСЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Чаянов А.В. Основные идеи и формы организации сельскохозяйственной кооперации. - М.: Наука, 2001.

  2. Макконнэлл К., Брю С. Экономикс. - М.: Республика, 1-том, 2002.

  3. Louis R. Labour cooperatives. Geneva: Intern. Labour office, 1982.

  4. Ven Sikle J., Ladd G. A model of cooperative finance //economics.Lehington 1983. Vol. 65, 2. P.273.

  5. Львов Д.С. Реформы с позиции современной экономики //экономистердің Халықаралық Одағының ғылыми еңбектері. 2.Т. М., 1995.

  6. Норт Д. Институты, институциональные изменения и функционирование экономики. - М.: Начала, 2007.

  7. Ткач А.В. Кооперация в условиях рыночных отношений // «Развитие форм собственности многоукладной экономики и кооперации а АПК в условиях рынка» аймақаралық ғылыми-практикалық конференция баяндамаларының тезистері, Киев, қараша 1991, М.: ВНИИЭСХ, 2001, б.3-6

  8. Калиев Г.А. Аграрная реформа а Казахстане: история, современность, перспективы. – Алматы: «Бастау», 2008. 232 б.

  9. Арынов Е.М. О стратегии экономических реформ в Казахстане: приоритеты и неотложные шаги. – Алматы: КИСИ, 2003

  10. Сатыбалдин А.А. Теоретические аспекты развития форм собственности и организации производства в сельском хозяйстве //Қазақстанның ауыл шаруашылық ғылымының Жаршысы. Алматы, 2002, №8, б.35

  11. Дахов И. Возможности возрождения кооперативного сектора экономики. //Экономист, 2009, № 1, б.92

Ж1 ҚОСЫМШАСЫ


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

Иванов И.И.


Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
050506 - «Экономика»

Қарағанды 2009

Ж2 ҚОСЫМШАСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті


«Қорғауға жіберілді»

___________ кафедра

меңгерушісі ___________ З.А. Сальжанова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу»

050506 мамандығы бойынша - «Экономика»

Орындаған И.И. Иванов
Ғылыми жетекшісі

э.ғ.д., проф. З.А.Сальжанова


Қарағанды 2009

Ж3 ҚОСЫМШАСЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті


«Қорғауға жіберілді»

___________ ҚОО директоры

___________ Р.И.Рахимжанова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу»

050506 мамандығы бойынша - «Экономика»

Орындаған И.И. Иванов
Ғылыми жетекшісі

э.ғ.д., проф. Г.К.Сапарова


Қарағанды 2009
И ҚОСЫМШАСЫ
1 КӘСІПОРЫН ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
1.1 Кәсіпорындар түсінігі мен жіктеуі

Елдің халық шаруашылығында кәсіпорын бастауыш буын болып саналады. Кәсіпорында еңбекке жарамды халықтың жұмыспен қамтылуы және тұтыну сұранысын қамтамасыз ететін жұмыс орындары құрылып, тауарлар өндіріледі, қызметтер көрсетіліп, жұмыстар атқарылады. Кәсіпорын негізгі салық төлеуші болып табылады, мемлекеттік және жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін толтырады. Кәсіпорындардың тиімді жұмысы – ұлттың әл – ауқаты мен мемлекеттің өркендеуінің маңызды шарты.

1.2 Шаруашылық қызметінің ұйымдастыру – құқықтық түрлері

Кәсіпорындағы шаруашылық жүргізу тетігі экономикалық мүдделермен басқару түрлерінің, әдістерінің және құралдарының жиынтығы болып табылады. Олардың көмегімен шаруашылық қызметке, дамудың стратегиялық және ағымдағы мақсаттарына жетуге ықпал жасалады.

Шаруашылық жүргізу тетігінде елдің заңнамалық актілеріне сәйкес жасалған белгіленген құрылымы бар. Оған кәсіпорындардың ұйымдастыру – құқықтық формалары, шаруашылық қызметіне әсер ететін экономикалық әдістер (кірістер, шығындар, пайда, баға белгілеу, еңбекақы) сияқты маңызды элементтер кіреді.

К ҚОСЫМШАСЫ



Сурет 1. Қазақстан Республикасы халқының жұмыспен қамтылуы


Л ҚОСЫМШАСЫ

Кесте 1


Қазақстан халқының жұмыспен қамтуын талдау (өңірлер бойынша)
мың адам





























































Е с к е р т у - «ҚР статистика жөніндегі Агентігі» 2008 ж. №5 жинағынан алынған мәліметтер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет