Құрметті ауыл азаматтары! Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050 Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»



Дата23.02.2016
өлшемі81.24 Kb.
#5462
Құрметті ауыл азаматтары!
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050 Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы бәсекеге қабілеттілікте алға үлкен мақсат қойып, мемлекеттің барлық құрылымдарына үлкен жауапкершілік жүктегені белгілі.Осыған сәйкес, тиісті мекемелер стратегиялық іс-шаралар жоспарын бекітіп,шұғыл жұмысқа кірісті. Қазақстанды жедел дамыту мақсатында елдің адами, интелектуалдық мүмкіндігін жандандыру мен жұмылдыруға, әрбір қазақстандықтың лайықты өмір сүру деңгейіне жетуге, республика Конституциясы кепілдік берген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен қорғауға бағытталған.

Қазақстан Респуликасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығын іске асыру мақсатында. 2013 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енетінін ескеріп, ауыл әкімдері ағымдағы жылдың әр тоқсанның басында есеп беруі тиіс деп санады.

Әкімдер тоқсан сайынғы кездесулерде жергілікті қоғамдастықты елді мекендердің мұқтажына бөлінген түсімдер мен шығыстар туралы хабардар етеді.Бұл халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешудегі рөлін артыруға шешімдер қабылдау кезінде олардың қатысуын, мүдделілігі мен жауапкершілігін ынталандыруға мүмкіндік береді.
ХАЛЫҚ
Қарой ауылының тұрғындар саны жөнінде мәлімет төмендегідей:

барлығы - 619 адам.

2013 жылдың ішінде туған сәбилер саны - 9 адам.

қайтыс болған азаматтар саны - 6 адам.

Зейнеткерлер саны – 58 адам.

Барлық топтардағы мүгедектер саны – 38 адам.

жұмысқа жарамдылар - 290 адам.

өз бетінше жұмыс істеуден табыс табатындар – 40 адам.


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Қарой ауылдық округі бойынша үй шаруашылықтардың саны – 140.

Қарой ауылдық округі бойынша 29 шаруа қожалықтары, 2 Ф/Қ, 1 «Қарой» ЖШС бар. Шаруашылық жүргізетіні 18 шаруа қожалығы. Шаруа қожалықтарының пайдалануында 2721 га оның ішінде егістік 1333 га, тың жер 793 га, шабындық 14 га, жайылым 581 га.

Шаруа қожалықтарының 2012 жылы егін сепкен жерлерінің көлемі 1224 гектардан 551 тонна өнім алса дәнді дақыл 3 центнер гектарынан. 2013 жылы 1378 га, 431 га –бидай, 864 га – арпа, сұлы -83 га отырғызылып гектарына орта есеппен 9 центнер өнім алынды,2012 жылмен салыстырғанда 6 центнер өнім жоғары түсті. Қысқы дайындыққа 250 тонна шөп,100 тонна сабан дайындалды.

«Арман» фермерлік қожалығымен 30 бас мал тұқымын асылдандыруға 420 мың тенге көлемінде субсидия алынған. 17 шаруа қожалықтарымен 2 млн 200 мың теңге субсидия алынды.

«Қарой» ЖШС егістігі- 3621 га, 24 га-шабындық, 637 га- жайылым, оның ішінде түбегейлі жақсартылған жер -333 гектар бар. 2012 жылы 3805 гектар егін егіліп, 5 центнерден өнім алса, 2013 жылы 3621 га – бидай, 636 га- арпа 11,5 центнерден өнім алды. Салыстырғанда екі есе артығымен өнім алынды. Онымен қатар 6 гектар жерден 55 тонна көкөніс дақылдары алынды. Қысқы дайындыққа 1663 тонна шөп,648 тонна сабан дайындалды.

«Қарой» ЖШС өсімдік шаруашылығына 5 млн 433 мың тенге субсидия, 60 бас мал тұқымын асылдандыру үшін 840 мың теңге субсидия алды.

Қарой ауылдық округ бойынша 2012 жылы мал мен құстың саны. Ірі қара малы саны-309 бас, ұсақ мүйізді малдың саны- 902 бас, жылқылар -306 бас,шошқалар – 248 бас,құстар – 934 бас.

Қарой ауылдық округ бойынша 2013 жылғы мал мен құстың саны. Ірі қара малы – 421, қойлар мен ешкілердің барлығы -1174 бас, жылқылар -334 бас,шошқалар – 280 бас,құстар – 928

2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы мал басының саны ортақ есеппен 8,5 пайызға өсті.

Округ бойынша ветеринарлық қызметі мал саулығын қатал қадағалап, ветеринарлық маман ең қауыпты ауруларға қарсы егу жасалды, ірі қара және ұсақ малдан бруцеллез ауруына зерттеуге қан алынды. Барлық малдар зерттеуден таза өтті. Ауыл малдары аурулардан таза.

Өмір деңгейін және сапасын арттыру үшін, ауыл аймағының тазалығы,ауру эпидемиясына қарсы, мал өлікселері орналасқан жеріне арнайы 25 кубометрлік цистерна жер астына көміліп, аузын ашып жабылатын қылып орналастырдық. Бұл шаруаға «Карой» ЖШС - ның директоры Приб Виктор Эмильянович көмек берді. Шамамен 250000 тенгенің көлеміндей пайдасын тигізді. Шексіз алғысымызды білдіреміз.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының сұрауы бойынша, және құтырма дерті жұқпауы үшін, иесіз жүрген иттерді өткен жылда екі, үш рет жою шарасы ұйымдастырылды.





БІЛІМ.
Қарой орта мектебінде 123 оқушы бар. Қазақ тілінде-91, орыс тілінде-32бала. Бірінші мен төртінші сынып аралығында 38 бала, бесінші мен тоғызыншы сынып аралығында 73 бала, он мен онбірінші сынып аралығында 12 бала оқиды.

2013 жылы 9 шы сыныпті бітіріп 13 баланың ішінен төртеуі колледж оқуына түсіп, 9 бала осы мектепте оқуды жалғастыруда. 11 сыныпты бітірген тоғыз баланың сегізі ұлтық тестілеуді тапсырып төртеуі жоғары білім оқу орнына түсті. Олардың біреуі Хамзе Аян мемлекет грантына ие болды. Бес мектеп түлектері колледж оқуына түсті. Ұлттық Біріңғай Тестілеу бойынша Қарой орта мектебі үшінші орын алды,орташа баллы – 72,3 пайыз.

Мектеп алдындағы дайындықта 16 бала оқиды, оның ішінде екеуі орыс тілінде,12 бала мини орталығында оқытылып жатыр.

Мектепте мұғалымдер саны 37 адам, 33-і жоғары біліммен, төртеуінің арнаулы орта білімі бар. Жоғарғы категориямен -7, бірінші категориямен-13, екінші категориямен-11, қалған алтауы категориясыз мұғалімдер дәріс беруде. Биылғы жылы мектепте үш жас мамандар жұмыс істейді.


Облыс әкімінің шахмат кубогіне ие болды.Туризм мен спорт секциясынан обылыс бойынша екінші орынға ие болды. Аудан бойынша футболдан бірінші орында..Аудан көлемінде футбол бойынша облысқа жолдама алды. Күрестен – екінші,үшінші орынға,тоғызқұмалақтан- бірінші, екінші орынға, дойбыдан –бірінші орынға,шахматтан - бірінші, екінші орынға ие болды.Спорт жағынан аудан бойынша бірінші орында,тәрбие жағынан үшінші орында. Бірнеше мектеп арасында дебаттан бірінші орын алып, ауданға жолдама алды. Аудандық қазақ тілі, орыс тілі олимпиадасынан бірінші, екінші орынға ие болды.

Қарой орта мектебіне 0,06 га жер теліміне спорттық зал мен жылту қазандығын “Қарағанды облысы құрлыс басқармасы” салуды аяқтады.





ӘЛЕУМЕТ.

- Әлеуметтік көмек ешқандай отбасы алмайды, балаларға арналған жәрдемақы алушы 1 отбасы бар. Жұмыспен қамту бағдарламасының төртінші бағыты бойынша Қарой орта мектебінде қабылданады. Қарой орта мектебі төрт адамды жұмысқа қабылдады

- Жұмыссыз есепке тіркелінген – 3 адам.

Аз қамтылған отбасыларының 6 оқушысы мектепке еңбек шарты бойынша жұмыспен қамтылды. «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша ауылды көгалдандыру жұмыстарына қабылданды.

Округ бойынша жеке кәсіппен 5 адам айналысады.

Азаматтардың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету мақсатпен көп балалары бар отбасыларына мектепке баруға әкімшіліктен және қарой орта мектебінен – 15000 тенгеге оқу құралдарын алып көмек жасады.


Ерекше көңіл бөлетін денсаулық сақтау және медициналық көмек көрсету сапасы.

Ауылда жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты: онкологиялық ауруларға шалдықандар – 5 адам, туберкулез ауруына шалдықан 2 адам. 2013 жылды нәрестелер мен аналар шетінеуі болған жоқ.

Негізінде халық саны – 620 адам Оның ішінде 176 балалар, бір жасқа дейін -5, бір жасқа толған бала-12, беске толған балалар саны-60.

Диспансерліқ тіркеуде 17 бала, және 40 ересек азаматтар бар. План бойынша 100 адам скрининктен өтуге тиісті еді, 104 адам өтті. 300 адам флюрографиядан өтті. 100 адамға вакцинация иньекциясы қарастырылған. 40 баламен 60 ересек азматтарға вакцинациясы берілді. Ай сайын ересек азаматтармен балалардын АДСМ привывкалары толығымен 100 пайыз беріліп орындалды.


Қарой ауылы әкімінің аппараты
Қарой ауылы әкімі аппаратына 51 хат түсті әр қайсысына тиісті жауап берілді- қаралды. 23 өкім шығарылды, 6 анықтама берілді. Мемлекеттік қызмет бойынша – 6 кісіге мемлекеттік қызмет көрсетілді, ветеринарлық құжат – 27.

Әскери стол бойынша 2013 жылы әскери стол есебіне 5 адам кіріп 1 адам есептен шықты, олардың екеуі Қазақстан қарулы күштері қатарынан келді. Қазіргі таңда әскери есепте 81 адам тіркеуде тұр.

Қарой ауылы әкімі аппаратына 8 өтініш, түсті әр қайсысына тиісті жауап берілді қаралды. Жер учаскесі бөлінуі жөнінде 2 өкім шығарылды.

Мүлік салығы - 65056 тенге,жер салығы – 27220 тенге барлығы – 92276 тенге жоспарланған, мүлік салығы мен жер салығы уақытында жиыналып өткізілді.


2013 жылға Қарой ауылының аппаратына бөленген бюджеттік қаржы 8 394 мың теңге, онын ішінде

- ауыл әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер – 7 674 мың теңге

- көше жарықтандыруы – 230 мың теңге

- «Өңерлерді дамыту» бағдарламасына -490 мың теңге (мектепке ағымдағы жұмыс жүргізілді ,пластикалық конструкция мен есік орнатылды)

Бөленген бюджеттік қаржы 100 % игерелді.

Бағдарламаның бір бағыты бойынша ауылдағы жер телімдерін тиымды пайдалану туралы шаралар жобасын құрастыру.Соған байланысты ауыл Әкімі аппараты хаттама дайындап қоқыс төгілетін жерді заңдастыруын Министерстводан 2013 ж. қыркүйектің 3-ші күні №60 шығыс хат жіберіп сұрадым. Хатқа жауап 21 қыркүйек күні келді.Біздің сұрауымызды қанағаттандырмады.Соған қарай басқа жер тағайындауымыз керек,себебі біз айтқан жер екі ауданды қамтамасыз ететін судың үстінде тұр.Басқа жерді тағайындаймын.

2013 жылдың 18 қарашасында № 80 шығыс хатпен Қарағанды Центрказгеология мемлекеттік мекемеден біздің ауыл тұрған жерде ауыз суы бар деген дәлелдеме құжатын сұрап алдық. Соның пайдасында биыл 2014 жылы ауылға су өткізу проектісі тағайындалуда. Бір жылдың ішінде проект дайын болса, 2015 жылы су жүргізу құбырын орналастыруын бастауы мүмкін.
Осы бағытта апта сайын «Таза бейсембілік» күндерінде, ауыл тұрғындары, мектеп және дүкендер жұмысшылары, ауыл ішін және үйлерінің маңайын тазалауға шығып тұрды.

Округ бойынша барлығы 450 тонна күл- қоқыс шығарылды. 800 метр қоршаулар жөнделіп, ақталып, сырланды. 1200 дана бұталар отырғызылды.

Ауыл әкімшілігі өз күшімен 15000 тенге дей қаражат жұмсап әкімшілік ғимаратына жөндеу жасады:

-Шатыр сынықтары ауыстырылды;

-Шіріп кеткен еден тақтайлары жаңартылды;

- От жағатын жердің ішіне жөндеу жүргізілді;

-Бүкіл ғимараттың электрожүйесі қалпына келтірілді;

-Келісім- шарт боынша көмір акелінді.



Жылдың аяғына дейінгі жоспарлар:
1.Келешегі бар ынталанған азаматтарға жаңадан бизнес құруға, сүт өңімдерін шығаруға және басқадай мақсаттарын орындауға кредит алуға ықпал жасау;

2. 2014 жылға аудан бюджетінен 578000 теңге бөлінген қаражатты, аулдың іші, сыртында иесіз жатқан қоқыстарды тазалап шығару.

3.Қоқыс тастайтын жерді заңдастырып, 2014 жылдың аяғына дейін қалпына келтіріп стандартқа сәйкестендіруді қамтамасыз ету.

4. Ауыл аумағына санитарлық тазалау жұмыстарын сапалы өткізу масқатында «Қарой» ЖШС-і, шаруа қожалықтары мен фермерлік қожалықтармен тиісті аумақтарын бекітіп, келісім-шарт (меморандум) жасау жұмыстарын ұйымдастыру.

5. Ауыл аумыған көгалдандыру мақсатында ауыл азаматтарымен жұмыс жасап, үйлерінің маңайына бұталар, ағаштарды отырғызуды ұйымдастыру.

6. 2014 жылдың жазғы кезеңінде ауыл ішіндегі жолдарды жөңдеуге және қыс мезгілінде ішкі жолдарды қардан тазалауға, смета құжаттарын әзірлеп, аудандық бюджеттен қаражат сұрауды жоспарлаймыз.


Алдағы негізгі жоспар:

1. Ауылға таза ауыз су өткізу мәселесін шешу;

2. Ауыл ішіндегі 3 км жолды тұтасымен асфальттау (су жүргізгеннен кейін);

3. Ауыл көшесіндегі шам жарығын заңдастырып, стандарт және заманауй технологиясын қолданып қалпына келтіру;

4. Келешек жоспарымда «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын пайдаланып медициналық пункт ғимаратын салғызу мәселесі;

5. Шаруа қожалықтары, фермерлік қожалықтардың бастарын біріктіріп, техникаларын жаңартуды, жалпы дамытуды жоспарлаймыз.



.

Назарларыңызға рахмет! Қоятын сұрақтарыңыз болса, қоюларыңызға



болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет