3.2. Айнымалы сиымдылықты диодтар (варикаптар)
Бекітілген кремшілі диодтың p-n ауысуы оқшаулағыш сияқты, сондықтан конденсатордың диэлектригіне ұқсас. Кері кернеу тарту p-n ауысуының қалыңдығына, тиісінше сиымдылығына әсер етеді.
3.2.2. Эксперименталдық бөлім
1 тапсырма
Осциллограф көмегімен варикаптың вольтамперлік сипаттамасын алыңыз.
Экспериментті орындау тәртібі.
-
12 В, 50 Гц синисоидалық кернеуді (үш фазалы көздің желілік кернеулердің бірі) тізбекке тартып, кернеудің токқа тәуелділігін осциллографтаңыз. А1 және V1 –сұлбада – коннекторға кіруі. «XY-развертка» ауыстырып – қосқышымен X-Y режимін қосыңыз.
3.2.1 сурет
-
Осциллограмманы кескіндемеге көшіріңіз (3.2.2 сурет).
3.2.2 сурет
2 тапсырма
Параллельді резонасты контурда резонансты жиіліктің варикаптың кері кернеуіне тәуелділігін және сол кернеудің жұтаңдаған (жабушы) қабаттың сиымдылығына әсерін зерделеңіз.
Экспериментті орындау тәртібі
-
10 Вамплитудалы синусоидалы кернеуді тізбекке (3.2.3 сурет) тартыңыз. Кернеу жиілігі 10 және 20 кГц арасында болуға тиіс. V1 сұлбада – коннектордың кірісі немесе мультиметр, V2 – тек мультиметр. 200 мГн индуктивтілігі әрқайсысы 100 мГн екі индуктивтілікті сабақтаса қосылу жолымен, 15 В – тан жоғары тұрақты кернеудің реттелетін және реттелмейтін көздерін сабақтаса қосу жолымен алынады.
Ескерту:
-
сұлбада коннектордың арнасын пайдалануға болмайды, себебі онда есептеу жиілігі жеткіліксіз болып шығады.
-
C = 0,22 мкФ конденсаторы тұрақты токтың орауыш арқылы ағу жолдарын болдармас үшін және үлкен сиымдылықтың резонансты контурға ықпал етпейтіндіктен пайдаланылады.
2
3.2.3 сурет
-
Варикаптың кері тұрақты кернеуін 3.2.1 кестеге сәйкес баспалдақтармен ауыстырыңыз, кері кернеудің әрбір мәні үшін fРЕЗ резонансты жиіліктің мәнін табыңыз. Бұл жағдайда резонансты жиілік – параллелді тізбектің ұштарының арасындағы кернеу максимумға жететін жиілік. Өлшем нәтижелерін 3.2.1 кестеге тіркеңіз.
3.2.1 кесте
UОБР, В
|
fРЕЗ, кГц
|
L, мГн
|
СОБЩ, пФ
|
СV, пФ
|
2
|
|
200
|
|
|
5
|
|
200
|
|
|
10
|
|
200
|
|
|
15
|
|
200
|
|
|
20
|
|
200
|
|
|
25
|
|
200
|
|
|
30
|
|
200
|
|
|
-
3.2.1 кестесі бойынша резонансты жиіліктің UОБР кері кернеуіне тәуелділігі кескіндемесін салыңыз.
3.2.4 сурет
СОБЩ = 1 ¤ (2p fРЕЗ)2 L ,
мұнда СОБЩ - сиымдылық, Ф
L- индуктивтілік, Гн
fРЕЗ -жиілік, Гц.
-
Одан соң СК орауышының өз сиымдылығын анықтаңыз. Ол үшін тізбектен диод пен конденсаторды алып тастап, резонансты жиілікті қайта өлшеңіз. Табылған резонансты жиілік бойынша орауыштың өз сиымдылығын fРЕЗ = … кГц варикапсыз формуламен есептеп шығаруға болады.
СК = 1 ¤ (2p fРЕЗ)2 L = ……………. пФ.
-
Резонансты тізбек сиымдылығы СОБЩ пен орауыштың өз сиымдылығы СК арасындағы айырма – варикаптың бекітілген қабатының сиымдылығы:
СV = СОБЩ - СК.
-
СV бекітілген қабатының сиымдылығының мәнін 3.2.1 кестеге тіркеңіз. Одан соң кескіндемеге СV бекітілген қабат сиымдылығының UОБР кері кернеуге тәуелділігін салыңыз.(3.2.5 сурет).
3.2.5 сурет
1 сұрақ: Варикаптың табалдырықты кернеуінің шамасы қандай?
Жауап: ....................
2 сұрақ: Кері кернеу ұлғайғанда бекітілген қабаттың сиымдылығы қандай болады?
Жауап: ....................
Достарыңызбен бөлісу: |