«СЫРТҚЫ ТЫНЫС ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сабақтың мақсаты:
Тыныстық көлем өзгерістері мен қанның газдық құрамының бұзылыстарын сараптау, құқықтық құзыреттіліктер, өзінөзі жетілдіру машықтық дағдыны қалыптастыру
Оқыту міндеттері:
Ситуациялық есептер мен эксперименттік мәліметтерді сараптау машықтық дағдыны жетілдіру
Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру
Жүргізу тәсілдері:пневмограммалармен жұмыс жасау, кейс-стади
№ 1 тапсырма.
|
Бастапқы пневмограммасы төмендегідей болған тәжірибелік жануардың кеңірдегін қысқанда тыныс алу сипаты қалай өзгеретіндігін график түрінде келтіріңіз:
|
Келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:
тыныс алу жиілігі тереңдігі, дем алу мен дем шығару арақатынасы қалай өзгерді?
өзгерген тыныстың патогенезі қандай?
Қандай дерттік үрдістерде осындай бұзылыс дамиды?
№2 тапсырма
|
Тәжірибелік жануардың плевра қуысына физиологиялық ерітінді енгізу арқылы жасанды гидроторакс дамытқанда тыныс алу сипаты қалай өзгеретіндігін график түрінде келтіріңіз
|
Бастапқы пневмограмма №1 тапсырмада берілген. Жасанды гидроторакс кезіндегі тыныс сипатының өзгерістерін көрсетіңіз және бұл бұзылыстың патогенезін сипаттаңыз. Тыныстың осындай бұзылысы қандай ауруға тән?
№ 3 тапсырма.
|
Т әжірибелік жануардың көктамырына 3% сірке суын енгізген соң тыныс алу қалай өзгеруі тиіс, дем алу сызығын келтіріңіз.
|
Бастапқы пневмограмма.
Тыныстың өзгеру сипатын суреттеңіз. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:
Тыныс алу өзгерісінің патогенезі қандай?
Осы тыныс алу бұзылысының қандай патофизиологиялық маңызы бар?
№ 4 тапсырма Егеуқұйрықтың жоғарғы тыныс жолдары рецепторларын (қабылдағыштарын) мүсәтірмен тітіркендіргендегі тыныс ырғағы бұзылыстарын сипаттау
Әдісі: Наркоз жағдайындағы егеуқұйрықтың мұрнына мүсәтірге малынған мақтаны иіскетеді. Тыныс алу өзгерістері байқалады. Осыдан кейін әрбір танауына 1 тамшыдан новокаин ерітіндісі тамызылады және тәжірибе қайталанады. Бұл кезде пневмограмма былай өзгереді:
Келесі сұрақтарға жауап бере отырып қорытынды жасаңыз:
Жоғары тыныс жолдарын қатты тітіркендіргенде байқалатын рефлекстік өзгерістердің қандай патофизиологиялық маңызы бар?
Тыныстың аталмыш өзгерісінің даму тетігі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |