Фармацевтикалық өнеркәсіп шығаратын таблеткаларға мынадай негізгі техникалық талаптар қойылады:
а) таблеткалар берік болуы тиіс;
б) таблеткалар сұйық ортада тез ыдырауы тиіс ( ұзақ әсерлі таблеткаларды қоспағанда);
в) орташа массадан ауытқулар МФ бойынша рұқсат етілген шектерден аспауы тиіс;
г) таблеткадағы дәрілік заттың дозасы дәл болуы және МФХ бойынша рұқсат етілген ауытқулардың шегінен шықпауы тиіс.
Таблетка өндірісінде байланыстырғыш заттардың маңызы? Қандай жағдайда құрғақ байланыстырғыштар қолданылады?
Байланыстырғыш заттар
Дәрілік заттардың көбінің бөлшектері арасындағы өзара ілінісу күші өте аз болады, сондықтан оларды таблеттеу үшін үлкен қысым тудыру керек. Бұл таблеткалық машиналардың тез тозуына және сапасы нашар таблеткалар алынуына себеп болады. Төмен қысымда қажетті ілінісу күшін қамтамасыз ету үшін таблеттелетін затка байла¬ныстыррыш заттар қосады. Олар бөлшектер арасымдары кеңістікті толтырып, бөлшектердің жанасу бетін ұлғайтады. Байланыстырғыш заттардың мәні, әсіресе, күрделі ұнтақтарды престегенде зор, өйткені олар машинаның жұмыс істеу нәтижесінде қатпарланып бөлініп кетуі мүмкін және таблеткалары ингредиенттердің мөлшері әртүрлі болып кетуі мүмкін.
Байланыстырғыш заттар құрғақ және сұйық болып бөлінеді. Құрғақ байланыстырғыш заттардың қолданылғанына онша көп болған жоқ. Технологияда құрғақ байланыстырғыш заттар ретінде полиэтилепоксид, амилаза, „таблетол" (крахмал, декстрин, амилопектин), микрокристалды целлюлоза белгілі. Бірақ олар өте аз. Сондықтан, көбінесе сұйық байланыстырғыш заттарды қолдамады. Сұйық байланыстырғыш заттар ретінде су, этил спирті, қант шырыны, крахмал клейстері (желімі), метил және ацетилцеллюлоза, натрий карбокси-целлюлоза, желатин ерітіндісі және т. б. ұсынылған.
Әдетте, байланыстырғыш заттардың тиімділігі таблеткалардың беріктігінің, ыдырағыштығының және кеуектігінің өзгеруі бойынша бағаланатын. Осы жерде байланыстырғыш заттардың әсерінің меха¬низмі теория жүзінде аз дәлелденгсн. Коллоидты емес байла¬ныстырғыш заттарды қолданғанда бөлшектердің ілінісуі осы престелуші заттардың бөлшектері арасында кристалдық көпір пайда болуы нәтижесінде жүреді деп еселтеледі.
Проф. Е. Е. Борзуновтың зерттеулері (1970-72 жж.) бойынша жоғарғы молекулалы заттардың әсерінің механизмі анықталып, оның теориялық сұрақтары дәлелденді. Оның ойы бойынша байланыстырғыш заттардың тиімділігі олардың тұтқырлығына емес, молекулалық салмағына байланысты болады. Борзунов Е. Е. және басқалар байланыстырғыш заттарды тиімділігі бойынша келесі қатарға орналастырады; метилиеллюлоза - оксипропилметилцеллюлоза - поливинил спирті (ПВО) - поливинилпирролидон (ПВП) - желатин - крахмал клейстері - ультра-амилопектин - Н-карбоксиметилцеллюлоза. Осыдан, нашар престелетін қатты заттар үшін тиімділігі жоғары байланыстырғыш заттар қажет, ал оңай престелетін созымды заттар үшін тиімділігі төмендеу байланыстырғыш заттар қолдануға болады. Ал меншікті беті, гидрофильдігінің және престелушілігінің дәрежесі байланыстырғыш заттардың мөлшерін анықтап, оны ғылыми негізде дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |