ӘОЖ 37.15.324:37.01533 Қолжазба құқығында
Кожахметова Лаззат Балтабаевна
СТУДЕНТТІК КЕЗЕҢДЕГІ ӨЗІНДІК ТАНЫМҒА ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА ӘСЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мамандығы 6М010300 – Педагогика және психология
Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Р Е Ф Е Р А Т Ы
Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент Ұ.Б.Ағыбаева
Қызылорда, 2012 ж.
Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Психология» кафедрасында орындалған.
Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының
кандидаты, доцент
У.Б.Ағыбаева
Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының
кандидаты, доцент Г.Т.Жақсылықова
Қорғау өткізілді:
Диссертация 2012 жылдың «___» маусымында сағат _____ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би, 36-А, №7 оқу ғимараты, Музыка-педагогикалық факультеті, №____дәрісхана) қорғалады.
Мемлекеттік аттестаттау
комиссиясының хатшысы: Д.А.Арқабаева
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.
Кіріспе
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Білім берудің басты өлшемі - білім мен білік алған кез-келген азамат әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады»,- деп атап көрсетті. Ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған бүгінгі күнгі жан-жақты дамыған бәсекеге қабілетті азаматтарды қалыптастыру, әсіресе студенттердің өзіндік танымы мен шығармашылық ойын қалыптастырып одан әрі дамытумен қатар, олардың өздігінен білім алуын, ізденуін, қорытынды жасауын және талдай білу дағдыларын қалыптастыру қажет.
Зерттеу өзектілігі. Бүгінгі таңдағы мектептің әлеуметтік институт ретіндегі қызметі қазіргі заманғы қоғамның талаптарына жауап беретін оқушы тұлғасының дамуының жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету. Бүгінгі күні құндылықтардың жаңа жүйесіне бағытталған қоғамның құрылуы, әлеуметтік-экономикалық жүйенің күрделенуі жағдайында білім берудің негізгі мақсаттарының бірі өзін-өзі жан-жақты дамытуға қабілетті, шығармашылық потенциалы жоғары жасөспірім тұлғасын қалыптастырудан тұрады. Өзін-өзі дамыту индивидтің өз тіршілік әрекетін тәжірибе жүзінде өзгертуге қабілеттілігін түсіндіреді.
Өкінішке орай, бүгінгі күні білім беру саласында тұлғаға бағытталған жүйені енгізу әрекеттері жасалып жатқанымен, мектептерде бұл міндеттің орындалмай отырғаны алаңдатады. Білім берудің тұлғаға бағытталған жүйесін қалыптастыру білім беру мен тәрбиелеудің теориясы мен практикасына психологиялық білімдерді кеңінен енгізу жағдайында ғана мүмкін болады. Осыған байланысты индивидтің ішкі және әлеуметтік белсенділігінің қайнар көздері мен заңдылықтарын анықтайтын жасөспірім тұлғасы дамуының интегралды компоненті ретінде өзін-өзі тану мәселесінің теориялық және қолданбалы аспектілерін әрі қарай тереңінен өңдеу қажеттілігі туып отыр. Соның ішінде, алдағы уақытта біздің қоғамның өмірі мен дамуын анықтайтын жасөспірім тұлғасының өзін-өзі тануын зерттеу мәселесі ерекше өзекті.
Өзін-өзі тану мәселелері психология ғылымында кеңінен өңделген. Өзін-өзі танудың теориялық және методологиялық аспектілері Л.С.Выготскийдің, С.Л.Рубинштейннің, А.Н.Леонтьевтің, Б.Г.Ананьевтің, И.С.Конның, Д.В.Ольшанскийдің, А.Г.Спиркиннің, Г.Я.Розеннің, И.И.Чеснокованың, В.В.Столиннің еңбектерінде қарастырылады. Шетел психологиясында өзін-өзі тану мәселелері тұлғаның психоаналитикалық, гуманистік, когнитивті, интеракционистік теорияларында көтеріледі.
Теориялық және эксперименталды жұмыстардың маңызды бөлігі жасөспірімдік кезеңде тұлғаның өзін-өзі тану ерекшеліктеріне (А.А.Бодалев, В.Ф.Сафин, Е.А.Серебрякова, А.Г.Гусева, Р.А.Максимова, В.С.Магун, Н.И.Лысенко, Е.Н.Ведерникова) бағытталған.
Біздің көзқарасымыз бойынша, өзін-өзі тану процесіне біраз жұмыстар арналғанымен, өзін-өзі танудың даму процесі теориялық және практикалық тұрғыдан толық зерттелмеген. Өзін-өзі танудың жасөспірімдік кезеңдегі ерекшеліктеріне байланысты мақсатқа бағытталған және жүйеленген жұмыстар анық жеткіліксіз. Өзін-өзі танудың құрылымы, даму факторлары мен механизмдері, деңгейлері аз зерттелген. Осыған байланысты жасөспірімдік кезеңде өзін-өзі танудың құрылымын анықтау ерекше мәнге ие болады. Және осы процесті қажетті деңгейде ұйымдастырылған және басқарылатын етуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде елімізде және әлемде болып жатқан әлеуметтік көптеген өзгерістер студенттердің өзіндік таным белсенділігіне әсерін тигізбей қоймайтындығы белгілі. Сондықтан да студенттердің өзіндік ерекшелігіне сай олармен жүйелі, өзіндік танымға әсері мен олардың белсенділігін дамытуға жүргізілетін жұмыстар зерттеуді қажет етеді.
Зерттеудің мақсаты. Студенттік кезеңдегі өзіндік танымға әлеуметтік орта әсерінің психологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер студенттік кезеңдегі өзіндік танымға әлеуметтік орта әсері теориялық және әдістемелік тұрғыда негізделсе, онда студенттердің психологиялық ерекшеліктері айқындалады.
Зерттеу міндеттері:
- Психологияда тұлғаның өзіндік таным мәселесіне арналған негізгі теориялық зерттеулерді талдау; зерттеу жұмысының әдіснамалық негізін анықтау;
- өзіндік танымның психологиялық ерекшеліктерін қарастыру және оның құрылымдық компоненттерін анықтау;
- студенттік кезеңдегі өзіндік танымның өзгерісі түрлі факторлардың әсеріне байланысты эксперименталды зерттеу;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Студенттік кезеңдегі өзіндік танымға әлеуметттік орта әсерінің ерекшеліктері эксперимент жүзінде зерттелді, оның студенттік кезеңде қалыптасуына әлеуметтік орта, этнопсихологиялық факторлардың әсері анықталды.
Зерттеудің теориялық мәні. Студенттік кезеңде өзіндік танымға әлеуметтік орта, этнопсихологиялық факторларға байланысты ерекшеліктерін анықтау. Қарастырып отырған мәселені зерттеу нәтижелері студенттік кезеңдегі өзіндік таным туралы түсінікті кеңейтуге мүмкіндік береді. Зерттеудің нәтижесінде студенттік кезеңдегі өзіндік танымға түрлі фактордың әсер ететіндігі анықталды. Студенттердің өзін-өзі тануының қалыптасуы мәселесін өңдеу жас ерекшелік психологиясының тұлғаны қалыптастыру, дамыту секіліді және баланың өз мүмкіндіктерін нақты және толық тануы сияқты маңызды мәселелерін шешумен тығыз байланысты.
Практикалық мәні. Студенттік кезеңдегі өзіндік танымға әлеуметтік орта әсерінің психологиялық ерекшеліктерін анықтау педагогика және психология мамандығының студенттері үшін «Даму психологиясы» курсын, «Әлеуметтік психология», практикасында қолданыла алады.
Зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі: диссертациялық зерттеудің теориялық, ғылыми-әдістемелік міндеттеріне сай орындалуы, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігі, тәжірибелік-эксперимент жұмысының жоспарлылығы, алынған нәтижелердің нақтылығы мен тиімділігі дәлелденді.
Магистрлік диссертацияның құрылымы: кіріспе, екі тарау:
Бірінші тарауда, яғни, студенттік кезеңдегі әлеуметтік орта мен өзіндік танымның психологиялық ерекшеліктеріне қысқаша талдауы берілген.
Екінші тарауда студенттік кезеңдегі тұлғаның өзін-өзі тануының ерекшеліктерін эксперимент жүзінде зерттеп, талдау жасалған, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
«Студенттік шақ» деген сөздің өзі балалық шақ жеке өмір сүруге, жауапкершілік жасына өту этапын білдіреді. Студенттік шақтың ұзақтығы жеке адамның алғышарттарына ие болады. Нақтырақ айтқанда, саналы өзін-өзі анықтау сферасының кеңеюі және оның жекелігі жоғарылайды. Студенттік шақ психологиясыда біршама проблемалы.
Адамның өзіне деген және ақиқат шындыққа деген қарым-қатынасына, материалды негізге ие. Сондықтан да, оның санасына және өзіндік сана-сезімін практикалықтан ақиқат шындықтағы оның өмірлік әрекетінен ерекшеліктерді бөліп қарау керек. Яғни, әлеуметтік психологиялық қасиеттері мен сәйкестенімдерді байланыстыра білу керек.
Студенттік шақ немесе балалықтан ересектікке өту кезеңі американ психологы Гезелл бойынша, 11 жастан 21 жасқа дейін жалғасады. Он жыл Гезелл бойынша, бұл алтын жас, балалық өмірді тез қабылдауы, сенімді, ата-анасымен тең болуы, өзінің сыртқы жағдайына аз көңіл бөлуі сипатталады.
Таным - іс-әрекетінің адам мақсаттары мен ұмтылыстарының негізі болатын білімін қалыптастырушы, шығармашылық қызметінің қоғамдық-тарихи процесі. Ой еңбегі мен дене еңбегі арасында қарама-қарсылық бар жерде, шығармашылық, жаңалық ашушы және тудырушы іс-әрекет орындаушылық пен жаттандылыққа әлеуметтік тұрғыдан қарама-қарсы қойылған жерде таным көбінесе, рухани өндірістің түрлі салаларындағы кәсіби мамандардың ерекше функциясы ретінде көрінеді. Таным адамның табиғатқа белсенді түрде әсер етуінен, табиғат заттарын өңдеуден, зат қасиетін өндірісте пайдаланудан бастау алады.
Г.Я.Розен таным психологиясына арналған еңбектерінде аталған зерттеу аймағының құрылымын қарастырады және оның төмендегідей компоненттерін бөледі:
А. Танымның нақты механизмдерін, процестері мен шарттарын зерттейтін танымның жалпы психологиясы.
Б. Жеке салалардағы танымдық процестерді зерттеумен шектелген жеке пәндер:
1. Ғылыми таным психологиясы.
2. Көркемдік таным психологиясы.
3.Күнделікті өмірдің түрлі салаларындағы практикалық таным психологиясы:
а) үйреншікті таным психологиясы
б) адамдардың бірін-бірі тану психологиясы
в) өзін-өзі тану психологиясы.
Г.Я.Розеннің айтуынша, өзін-өзі тану әдіснамалық тұрғыдан, өзіне ең жақын болып келетін кең ауқымды мәселелерді қамтитын салаға, яғни адамдардың бірін-бірі тану психологиясына бағынады. Автордың пікірінше, өзін-өзі тану үшін әлеуметтік перцепция аймағында жүзеге асатын процестер мен механизмдер маңызды болып табылады.
Психологиялық зерттеулер көрсеткендей тұлғаның өзі туралы пікірі, оның өз іс-әрекетін реттеудің маңызды тірегі болады. Адекватты өзіндік бағалау арқылы адамның өз жетістіктерін шынайы бағалауы негізінде өнегелік жайлы сұрақтар теориялық-эмпирикалық деңгейде зерттелген.
Өзіндік бағалау - өзіндік сана сезімдердің бірлігі, тұлғаның қасиеттеріне, сапасына деген қатынасы. Өзіндік бағалауға икемділік, орнықтылық, адекваттылық (жағымды, теріс) сияқты сипаттамалар тән болады. Өзіндік сана сезімдердің қалыптасуы жайлы шет елдік зерттеулерде К. Роджерстің жұмыстары мәнді.
Өмірлік тәжірибелерде қалыптасқан «Мен» бейнесі әлемді, басқа адамдарды қабылдауға, оларды бағалауға әсер етіп, соның негізінде адам өзінің мінез-құлқын өзіндік бағалайды. «Мен» концепциясы оң, амбивалентті және теріс болуы мүмкін. «Мен» концепциясы оң болатын индивид басқаларына қарағанда әлемді, адамдарды бағалауы өзгеше болады. Оған келісімге келмейтіндер адам санасынан ығыстырылады.
Өзіндік сананы зерттеу кезінде психологтар өзіндік танымның дамуына, құрылымы мен генезисіне әсер ететін факторларды қарастырумен байланысты мәселелерге басты назар аударады.
Студенттік кез – бұл ерекше әлеуметтік категория жоғарғы білім беру институтымен ұйымдастырыла біріктірілген адамдардың ерекше қауымдастығы. Бұл әлеуметтік кәсіби категория ХІ-ХІІ ғ.ғ. алғашқы университеттер пайда болғаннан бері тарихм құрылған. Студенттік шақ білімдер мен кәсіби іскерліктерді мақсатты, жүйелі игеруші, ұйғарылғандай, табанды оқу еңбегімен айналысатын адамдарды қамтиды. Әлеуметтік топ ретінде кәсіби бағыттылығымен болашақ мамандыққа тұрақты қатынастың қалыптасқандығымен сипатталады.
Зерттеулер нәтижелерінің көрсетуінше студенттердің мамандық жайлы елестетулер деңгейі оның оқуға деген қатынасының деңгейімен теңестіріледі. Әлеуметтік-психологиялық аспектіде студенттік кезең басқа топтармен салыстырғанда білімділіктің неғұрлым жоғары деңгейімен және танымдық және мотивациясының жоғары деңгейімен ерекшелінеді. Сонымен бірге студенттік шақ – әлеуметтік қауым, яғни ол аса жоғары әлеуметтік белсенділік пен интеллектуалдық және әлеуметтік кемелділіктің жеткілікті үйлесімді арақатынасымен сипатталады. Студенттік кездің осы ерекшелігін есепке алу оқытушының әр студентке педагогикалық қарым-қатынас партнері ретінде, оқытушы үшін қызықты тұлға ретінде қатынастарының неігізінде жатыр.
Адамның өзін-өзі тануының объектісі не деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Кез-келген адамнан өзің туралы не білесің деп сұрасаң, онда әрбір адам өзі туралы бірнеше жалпылама сипаттамалардан тұратын жауап бере бастайды, мыс: «Мен көпшілмін, бірақ кішкене ұялшақтаумын, жалпы ақ көңілмін» деген сияқты. Сол себепті өзін-өзі тану процесінде де де өз тұлғамыздың танығымыз және зерттеп білгіміз келетін аймақтары мен сфераларын анықтау қажеттілігі туады.
Психологияда алғашқылардың бірі болып өзін-өзі танудың сфераларын американ психологы У.Джемс белгіледі. Адам санасындағы таным элементтері ретінде ол физикалық тұлғаны, әлеуметтік тұлғаны, рухани тұлғаны бөледі.
Физикалық тұлға – бұл адамның тәні және адамға қатысты барлық нәрселер: киімі, отбасы, жағдайы, өзінің еңбек өнімдері.
Әлеуметтік тұлға - бұл өзге адамдар тарапынан біздің тұлғамыздың мойындалуы. У.Джемстің айтуынша, адамды қанша индивид тұлға деп мойындаса және ол туралы пікірлері болса, онда сол адамда сонша әлеуметтік тұлға болады. Рухани тұлға бұл сананың жеке күйлерінің, нақты алынған рухани қабілеттер мен қасиеттерінің бірлігі. Тұлғаның аталған үш типі иерархиалы түрде ұйымдасқан. Ең жоғарғы деңгейінен рухани тұлға орын алады , төменгісінде - физикалық. Әлеуметтік тұлғалар аралық орын алады.
Демек, У.Джемс бойынша өзін - өзі тану физикалық, әлеуметтік және рухани деңгейлерде жүзеге аса алады. Кеңестік психологияда ғалымдардың басым бөлігі адамдардың биоәлеуметтік табиғаты туралы қағиданы ұстанады. Осыған сәйкес оның биологиялық және әлеуметтік қасиеттері ажыратылады. Сондықтан ғылымда ұзақ жылдар бойына адамның екі түрлі деңгейде ұйымдасуы туралы түсінік жетекші болды, яғни индивид және тұлға ХХ ғ-ң 80 жылдарынан бастап қана аралық айнымалы – әлеуметтік индивид ұғымы енгізіледі.
Студенттік шақтың өмірлік көзқарастың қалыптасуы үшін өте маңызды, осы уақыттқа дейінгі адами алғы шарттары жетіледі. Болашаққа деген өз әрекетінің бағдарламасын құруда болашақ мамандықты таңдау және т.б. кіреді. өзінің болашағы туралы “мен”—идеалды, “мен” – болашақта образдарының дамуы туралы объективті ұсыныстарының құрылу процесін зерттеу жоспарда әлеуметтік және медициналық нормалардан ауытқуларына ие еместігі әртүрлі адамдарда бұл процесстер болатындығын және оптималды индивидуалды типтік варианттарының ажыратылуының мүмкін екендігі айтылады.
Студенттік шақ - өмірлік, болашақ көзқарасының құрылуының шешуші кезеңі. Сондықтан да, дәл осы уақытта эмоционалды жеке адамдық алғышарттары жетіледі, өмірлік көзқарасты іздестіруі жастардың өзіне бағдарлауды, өзінің жекелігін сезінуді, әлеуметтік жалпылықтың элементті, өзінің болашақ әлеуметтік жағдайының талдануы және оған жету тәсілдерін таңдауы кіреді.
Осы ізденіс барысында студенттер жеке өзінің бар екенін және адамзаттың даму перспективасының мағынасын жаңғыртады. Студенттік шақтағы жастардың сипаттамасы - өмірлік болашақтың жоспары. Болашақтың жоспары бір жағынан жеке адамның өзінің алдына қойған мақсаттарының жалпылық нәтижесінде, жекелікке ұмтылатын құндылық бағдарланудың тұрақты ядросының құрылуын қарастырады. Екінші жағынан, мақсат пен мотивтердің нақтылануы.
Студенттік кезеңді құрайтын 4-5 жылдың ішінде жеке адамда күрделі өзгерістер болады. Жеке адам дамуының бас кезінде адамның физикалық тұрғыда жетілуі ғана емес, сонымен қатар тұлғалық белсенділігі мен интеллектуалдылық және моральдық көрсеткіштерінің де жан-жақты дамуымен сипатталынады.
Студент тұлғасының қалыптасуына, өз ортасы, оқу орны, оқытушылар мен ата-аналар қарым-қатынасынан туындайтын ішкі және сыртқы жағдайларда үлкен әсерін тигізеді. Студенттің танымдық сферасының кеңейіп, жеке адамдық концепциясының, яғни, кемелденуінің басталуы да – осы кезеңдегі түрлі жағдайларға байланысты қалыптасады.
Студенттік жас (18-25 жас) адам өміріндегі ерекше кезең болып табылады, себебі «жалпы мәні бойынша және негізгі заңдылықтары бойынша 1-25 ке дейінгі жас, балалық даму кезеңдері қатарындағы ақырғыдан гөрі, кемелді жас кезеңдерінің қатырында бастапқы буын болып табылады.
Студенттік кез – бұл ерекше әлеуметтік категория жоғарғы білім беру институтымен ұйымдастырыла біріктірілген адамдардың ерекше қауымдастығы. Бұл әлеуметтік кәсіби категория ХІ-ХІІ ғ.ғ. алғашқы университеттер пайда болғаннан бері тарихы құрылған. Студенттік шақ білімдер мен кәсіби іскерліктерді мақсатты, жүйелі игеруші, ұйғарылғандай, табанды оқу еңбегімен айналысатын адамдарды қамтиды. Әлеуметтік топ ретінде кәсіби бағыттылығымен болашақ мамандыққа тұрақты қатынастың қалыптасқандығымен сипатталады.
Зерттеулер нәтижелерінің көрсетуінше студенттердің мамандық жайлы елестетулер деңгейі оның оқуға деген қатынасының деңгейімен теңестіріледі. Әлеуметтік-психологиялық аспектіде студенттік кезең басқа топтармен салыстырғанда білімділіктің неғұрлым жоғары деңгейімен және танымдық және мотивациясының жоғары деңгейімен ерекшелінеді. Сонымен бірге студенттік шақ – әлеуметтік қауым, яғни ол аса жоғары әлеуметтік белсенділік пен интеллектуалдық және әлеуметтік кемелділіктің жеткілікті үйлесімді арақатынасымен сипатталады. Студенттік кездің осы ерекшелігін есепке алу оқытушының әр студентке педагогикалық қарым-қатынас партнері ретінде, оқытушы үшін қызықты тұлға ретінде қатынастарының неігізінде жатыр.
Студент тұлғасының бағыттылығы
қажеттіліктер
материалдық рухани
елігу, талпыныс, эмоционалды күй
(тамақ, киім, тұрғын (таным,музыка,кітап жәнет.б)
үй және т.б)
Оқушы белсенділігі
Сурет 1 - Студент тұлғасының бағыттылығы
Тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерін оңтайландырудың басты жағдайы – белсенділік белгілі бір әс-әрекет түріне бағыттылық.
Оқу әс-әрекетінің мотивтерін төмендегідей анықтауға болады:
М – білім алуға бағыттылық;
М2 – мамандық алуға бағыттылық;
М3 – диплом алуға бағыттылық.
Ерлер арасында мамандық алуға, ал әйелдер арасында – диплом алуға бағыттылық жоғары.
Студенттердің психологиялық мүмкіндіктері (16-20 жас аралығы):
-
ақыл-ойының, адами қарым-қатынасының жетілуі;
-
көзі ашық, дүниетанымы қалыптасқан;
-
жаңаны сезіну – батылдық,шешімділік;
-
дербестілік,тік мінезділік;
-
сыншылдық, өз-өзіне сын көзбен қарау;
-
таным мен интеллектуалды мүмкіндіктердің шыңырау шегі;
-
мақсаттылық, шешімділік, табандылық, бастамашылдық;
-
жауапты шешімдерді қабылдау: мамандықты таңдау және меңгеру;
-
өмір сүру стилі мен орнын таңдау;
-
өмірлік жарын таңдау, өз жанұясын құру, сексуалды белсенділік;
-
сәйкестік кризисі: әлеуметтік және индивидуалды тұлғалық таңдаулар мен өзіндік анықтаудың пайда болуы;
-
профессионалды ойлау мен профессионалды компетенттіліктің қалыптасуының ең тиімді кезеңі;
-
мінез-құлық, интеллект, бағалы бағдарлардың қалыптасуының ортаңғы кезеңі.
Қорыта айта кететін болсақ, студентттердің өмірлік жоспарының жүзеге асуы үшін олар жақсы, білікті маман болып шығуы керек. Жоғарғы оқу орны студенттерінің өмірлік жоспары-бұл әрекеттің жоспары, жоспардың психологиялық проблемаларына арналған зерттеулер адамның онтогенетикалық дамуының осы жас ерекшеліктік этапында қаралған. Ол үшін ең алдымен жоғарғы оқу орнындағы оқытушылар да өз ісінің шебері және студентттердің индивидуалды психологиялық ерешеліктерін білуі керек
Тұлғалық іс-әрекеттік тұрғыдан студент белсенді өз әс-әрекетін өз бетінше ұйымдастыратын педагогикалық өзара әрекеттесу субьектісі ретінде қарастырылады. Оған танымды және коммуникативті белсенділіктің нақты, кәсіби бағдарланған міндеттерін орындау деген ерекше бағыттылық тән. Студенттік кез үшін оқытудың негізгі формасы таңбалық контекстік болып табылады. Студенттік кезді әлеуметтік-психологиялық сипаттау үшін маңыздысы адам дамуының осы кезеңінің қалыпты экономикалық тұрақтылықтың қалыптасуымен ата-аналық үйден кетіп, өзінің отбасын құруымен байланысты болуы.
Студенттер де жасөспірімдер секілді өзінің қандай екенін, қаншалықты құнды, қабілетті екенін барынша білгісі келеді. Өзіндік бағалаудың екі тәсілі бар:
-
Олар өзі туралы алдын –ала көзделген мақсатын қаншалықты жүзеге асырғанымен салыстырып, теңестіреді. Егер өзінің бұл туралы ойлағаны мен өзгелердің соған қойған бағасы дәл келсе, осы жетістікке жеткеннің белгісі деп санайды.
-
Өзгелердің өзі жөніндегі пікірін жинап, соларды өзара салыстыру арқылы жетіспейтін жақтарын білу. Мұндай жағдайда өзі мен үлкендер берген баға сәйкес келмеуі мүмкін.
Әрбір адамда «Мен» деген біреу болғанымен, осылардың тиісті жағдайларға байланысты неше түрлері кездеседі: 1. «Мен шынында кіммін?» (шындықты көздейтін мен); 2. «Мен»-өзімді өзгелер қалай бағаласын деп ойлар едім? (эмпатикалық мен); 3. «Мен»-тілегім бойынша қандай болғым келеді? (тілек, яғни фантастикалық мен); 4. «Мен» келешекте кім болғым келеді? (болашақ мен).
Сонымен, өзіндік бағалауда студенттер өзіне сындарлы көзқараспен қарап, өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі, өз мақсатын нақтылау, ойын түйіндеу қабілеттілігіне ие болады. Өзіндік бағалау адамның өзіне деген сенімін арттырып, рухани үйлесімдігін дамытады.
Осы шақта практикалық және танымдық іс-әрекеттің субъектісі, тұлға ретінде ұғынуы және бағалауы яғни, өзіндік сана- сезімі қалыптасады.
Студенттердің ақыл-ойына келсек, мұның өзі жасөспірімдік кезеңге қарағанда сапа жағынан да, көлем жағынан да біршама қалыптасып қалған. Қалыптасуда мынадай екі тетік бар: біріншіден, бұлар өзі қоршаған әлеумет ортасынан соның ішінде жеке адамдар арасында кездесетін неше түрлі қатынастың мәнісіне түсініп, әр нәрсенің себебіне және одан шығатын нәтиженің мәнісіне түсініп, әр нәрсенің дүниеде себепсіз нәтиже болмайтынын ұғына бастайды.; екіншіден, егер бұл кезеңде ересек уақытының көбін мұң, фантазия сияқты нәтижесіз объектілерге жіберетін болса, енді сол фантазиядан нәтиже шықпайтынын біліп, күші мен жігерін шындық нәрсені меңгеруге жұмсайды. Осының өзі ақыл-ойдың дамуындағы үлкен жетістіктің бірі .
Біз жүргізген эксперименттік жұмыстың мақсаты психологияда студенттердің өзін-өзі тануына байланысты теориялар мен концепцияларды теория жүзінде зерттеп қана қоймай, студенттік кезеңдегі өзін-өзі танудың құрылымын зерттеу және түрлі факторлардың әсеріне байланысты оның спецификалық ерекшеліктерін анықтау.
Эксперименттің бірінші кезеңі. Сыналушы топтарға ең бірінші жүргізілген әдіс Н.Р.Битянованың «Қарама-қарсы профилдер» әдістемесі.
Нәтижелерді өңдеу. 1-3 төмен, 4-7 орташа, 8-10 жоғарғы көрсеткіштерді білдіреді. Қарама-қарсы тұлғалық қасиеттер сол жақтан бастап оң жаққа қарай яғни жағымды қасиеттерге қарай осылайша бағаланады.
Қарама-қарсы профилдер әдістемесі бойынша алынған сандық
көрсеткіштер
Деңгейі
|
Сыналушылар топтары
|
|
Эксперименталды топ
(қыздар)
|
Бақылау тобы
(жігіттер)
|
жоғары
|
22
|
11
|
орташа
|
10
|
12
|
төмен
|
6
|
10
|
төмен
|
6
|
10
|
Эксперименттің екінші кезеңі. Екінші жүргізілген әдістеме С.А.Будассидің әдістемесінің модификацияланған нұсқасы, тұлғаның 20 қасиетін ранжирлеуге негізделген өзін-өзі бағалауды зерттеу әдістемесі.
Өзін-өзі бағалау әдістемесі бойынша алынған сандық
көрсеткіштер
Өзін-өзі бағалау деңгейі
|
Сыналушылар топтары
|
|
Эксперименталды топ
(қыздар)
|
Бақылау тобы
(жігіттер)
|
адекватты емес жоғары
|
10
|
6
|
жоғары
|
8
|
10
|
орташадан жоғары
|
7
|
4
|
орташа
|
6
|
2
|
орташадан төмен
|
1
|
0
|
төмен
|
1
|
8
|
адекватты емес төмен
|
1
|
1
|
Эксперимент жұмысының үшінші кезеңі. Эксперименттің 3-кезеңінде сыналушы топтарға «Талаптану деңгейі» әдістемесі жүргізілді.
Қорыта келгенде, зерттеу жұмысымыздың нәтижесінде анықталғандай, «Қарама-қарсы профилдер» әдістемесі бойынша «Болашақ» университетінің студенттері 16 шкала бойынша Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң студенттеріне қарағанда жоғарғы көрсеткішті көрсетті. «Болашақ» университетінің студенттері өзін-өзі ашық, ар-намысты, интелектуалды дамыған, іскер, албырт ретінде қабылдайды. Ал Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң студенттері «Болашақ» университетінің студенттері қарағанда тек турашылдық шкаласы бойынша жоғарғы көрсеткішті көрсетті.
Қазақтың студенттері мен түріктің студенттерінің осы әдістеме бойынша салыстыру кезінде шкалалардың басым бөлігі бойынша түріктің студенттері жоғарғы көрсеткішті көрсетті. Олар өздерін интелектуалды дамыған, эмоцианалды тұрақты, албырт, намысқой, батыл, іскер, жаңашыл ретінде қабылдауға бейім. Қазақтың жасөспірімдері өз кезегінде өзін-өзі ашық, жұмысақ, турашыл, сабырлы деп бағалайлды.
Сонымен қатар, «Қарама-қарсы профилдер» әдістемесінен алынған нәтижелер бойынша қыздар өзін-өзі турашыл, тік ұлдарға қарағанда ар-намысы жоғары (жүріс-тұрыстың жоғары нормативтілігі) және сезімтал ретінде қабылдайды. Жігіттер өзін-өзі интеллектуалды дамыған, қатты, суық, консервативті, тәуелсіз деп бағалайды.
Өзін-өзі бағалау әдістемесі бойынша сыналушы топтардан алынған нәтижелерден біз «Болашақ» университетінің студенттерімен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң студенттерінін салыстыру барысында олада айтарлықтай айырмашылықтың болатынына көзіміз жетті. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң студенттері «Болашақ» университетінің студенттері қарағанда өзін-өзі бағалаулары жоғары екендігі анықталды. Сонымен қатар түрік жастарының қазақ жастарына қарағанда және қыздардың жігіттерге қарағанда өзін-өзі бағалау деңгейлері жоғары көрсеткіштерді көрсетті.
Студенттердің талаптану деңгейін зерттеу нәтижесінде сыналушы топтардың арасынан атап айтқанда «Болашақ» университетінің студенттерінің деңгейлері жоғары көрсеткіштерді берді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Студенттік кезеңдегі тұлғаның өзіндік танымын зерттеуге арналған еңбектер бойынша бірқатар теориялық және эксперименталдық нәтижелерді қарастырдық.
Біз өзімізге оқу іс-әрекеті барысында жасөспірімдік шақтағы тұлғаның өзіндік танымын құрылымының өзгеруіне түрлі факторлардың, атап айтқанда әлеуметтік орта, этнопсихологиялық факторлардың әсерін зерттеуді мақсат етіп қойдық. Себебі, алдағы уақытта біздің қоғамның өмірі мен дамуын анықтайтын жасөспірімдердің өзіндік танымды зерттеу жұмысы өте қажет.
Өзіндік танымын бойынша кеңестік және шетелдік теорияларды талдау жұмысы көрсеткендей, өзін-өзі тануды зерттеу кезінде авторлар төмендегідей жағдайларды бөліп көрсетеді:
1) өзіндік танымның әлеуметтік табиғаты болады;
2) өзіндік таным бұл адамның өзін-өзі іс-әрекет және қарым-қатынас субъектісі ретінде тануы;
3) өзіндік таным – тұлғаның өзіндік санасын мазмұнға толтыру процесі;
4) өзіндік танымым күрделі, көпдеңгейлі процесс;
5) өзіндік таным тұлғаның өзін-өзі танудың субъектісі де, объектісі де. Өзіндік таным, өзіндік сана, өзін-өзі бағалау және өзін-өзі анықтаумен тығыз байланыста бола тұра, өзінің психологиялық сипаттары бар салыстырмалы түрде дербес процесс болып табылады.
Өзіндік танымының студенттік шақтағы онтогенезі аз зерттелгендіктен, біз студенттік шақта тұлғаның өзіндік танымының психологиялық ерекшеліктерін анықтауға тырыстық. Осы мәселеге қатысты теориялық талдаудың нәтижесінде біз келесідей жағдайларға көз жеткіздік.
Студенттік шақта өзіндік таным тұрақтанады, яғни өз «Менін», өз индивидуалдығы мен өз тұлғасын түсіну мен танудан тұратын өзі туралы талдап, қорытындыланған түсінік қалыптасады. Сонымен қатар, осы кезеңдегі маңызды психологиялық жаңалық «Меннің» анықталуы, яғни жасөспірімнің өзіне ішкі әлемінің ашылуы. Студенттік кезеңде алдыңғы қатарға әлеуметтік өзін-өзі анықтау, өмір жолын таңдау, дүниетанымның қалыптасуы және дүниедегі өз орнын анықтау шығады
Қорыта келгенде, сыналушы топтарға жүргізілген үш әдістеме бойынша оларда мәнді айырмашылықтың болатынына көзіміз жетті.
Демек, оқу іс-әрекеті барысында студенттік кезеңде тұлғаның өзіндік танымының құрылымының әлеуметтік орта, этнопсихологиялық, әлеуметтік факторлардың әсеріне байланысты өзгереді деген негізгі болжамымыз және содан шыққан жеке болжамдар дәлелденді.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар тізімі:
1. Ағыбаева У.Б., Қожахметова Л.Б. «Студенттік кезеңдегі өзін-өзі тануға ортаның әсері және оның психологиялық ерекшеліктері». Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Әли Мүсілімовтің 70 жылдығына арналған «Сапалы білім беру – Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақалалар жинағы. І том. Қызылорда, 2011ж.
2. Ағыбаева У.Б., Қожахметова Л.Б. «Жеке тұлғаның өзін-өзі тануының психологиялық ерекшеліктері». Международная научно-практическая конференция «Аутодеструктивное поведение в подростковом и юношеском возрасте: пути и перспективы превентивной коррекции». 25 мамыр Алматы, 2012ж.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Столин В.В. Познание себя и отношение к себе в структуре самосознания личности : Автореф. дис... докт. психол. наук. М.,1985, 37 с.
2. Столин В.В. Самосознание личности. М.: Изд.-во Московского унив.-та,1983, 284 с.
3. Выготский Л.С. Собрание сочинений в 6-ти томах. М.: Педагогика, т.3, 1983, 368 б., т.4, 1984 - 432 б., т.6 1984 - 400 с.
4. Кон И.С. В поисках себя: личность и ее самосознание. М., 1984, 335 с.
5. Кон И.С. Какими они себя видят. М.: Знание, 1975, 254 с.
6. Ольшанский Д.В. Об экспериментальном изучении структуры самосознания // Новые исследования в психологии. 1984, №2, 17-22 с.
7. Спиркин А.Г. Сознание и самосознание. М., 1972, 303 с.
8. Розен Г.Я. Самосознание как проблема социальной перцепции // Вопросы психологии познания людьми друг-друга и самосознания. Краснодар: Изд.-во Кубанского унив.-та, 1977. Вып. 235, 173-174 с.
9. Лисина М.И.,Сильвестру А.И. Психология самосознания дошкольников. Кишинев, Шпитица, 1983. 111 с.
10. Чеснокова И.И. Проблема самосознания в психологии. М., 1977, 144 с.
11. Столин В.В. Мотивация и самосознание. // Мотивация личности. М.: Изд.-во АПН СССР., 1962, 58-64 с.
12. Столин В.В. Самосознание личности. МГУ, 1983, 228с.
13. Гуткина Н.И. О психологической сущности рефлексивных ожиданий. // Психология личности: теория и эксперимент. М., 1982, 100-108 с.
14. Гусева А.Г. Особенности познания самих себя студентами ВУЗ-а в зависимости от половой принадлежности. Автореф. дис. канд. психол. наук. М, 1981, 24с.
15. Общая психодиагностика / под ред. А.А.Бодалева, В.В.Столина. МГУ., 1987, 303 с.
16. Олейник Л.Д. Индивидуальное самосознание и пути его формирования. Автореф. дис. канд. психол. наук. Л., 1975, 16 с.
Резюме.
Кожахметова Лаззат Балтабаевна
Тема. Психологические особенности влияния социальной среды на самостоятельное познание в период студенчества.
Специальность - 6М010300 – Педагогика и психология
Актуальность исследования. В Послании народу Казахстана Президент РК Н.А.Назарбаев сказал: «Главное измерение образования – каждый гражданин, овладевший знаниями и навыками должен подняться до уровня востребованного специалиста».
В эпоху экономического рынка следует формировать разностороннего конкурентоспособного гражданина, особенно самостоятельное познание и развивать творческое мышление студентов, повышать самообразование, постоянно быть в поиске, формировать навыки анализа и уметь делать выводы.
Многие социальные изменения, которые происходят в стране и в мире, активно влияют на самостоятельное познание студента. Поэтому необходимо развивать активность студентов и влияние на их самостоятельное познание .
Цель исследование. Определить психологические особенности влияние социальной среды на самостоятельное познание личности в период студенчества.
Научная гипотеза исследования. Если будут научно теоритически и методически обоснованы влияние социальной среды на самостоятельное познание в период студенчества, тогда будут определены психологические особенности студентов.
Задача исследования:
-
Проанализировать основные теоретические исследование проблемы самостоятельного познания личности в психологии;
-
Рассматреть психологические особенности самостоятельного познания и определить его структурные компоненты;
-
Определить экспериментальным путем изменение самостоятельного познания в студенческий период в завизимости влияния различных факторов.
Научное новизна исследования. Экспериментально исследованы особенности социальной среды на самостоятельное познание в период студенчества, проводится в виде исследования, определены влияние этих факторов на формирование самостоятельного познания личности в период студенчества.
Теоретическое значение исследование. Определены особенности влияния социальной среды, половых, этнопсихологических факторов на самостоятельное познание в период студенчества. Рассмотренная проблема дала возможность полнее раскрыть понятие самостоятельного познания в период студенчества. Определены эксперименталным путем влияние этих факторов на самостоятельное познание личности.
Практическое значение. Определив влияние социальной среды на психологические особенности самостоятельного познания личности в период студенчества, можно эти результаты использовать на практических курсах «Психология развития» ,«Социальная психолoгия».
Структура диссертации. Введение, две главы.
В первой главе дается кратко анализ психологическим особенностям самостоятельного мышления в период студенчества.
Во второй главе экспериментально исследуются и определяются особенности влияния социальной среды, половых, этнопсихологических факторов на самостоятельное познание личности в период студенчества .
Summary
Kozhahmetova Lazzat Baltabayevna.
The psychology pecularities of social middle in self-knowledge of students period.
6M010300 - Pedagogic and рsychology.
The actuals of research: Nowadays one of the fundamental concepts of our science state is to prepare distinets of their self- knowledge and to think by themselves, also to decide the actual and social problems of humanity.Only well-educated young people will bring up their contributions to the social economic with the system of science or process of pedahohical production as such.
The aims of research: To define all the systems of self- knowledge and process and the social factors in students period.
The science theory research: There are different factors such as social, sexual and ethnopsychology influences for self- knowledge students period.
The duties of research: To analyze about the theory of aspects and to definite about the basis of metodoligal works in the foreign and set of psychology broadest sence.
-
To find such self- knowledge of psychology peculanties and to definite the component stuctures;
-
To research experimental self- knowledge changes of students period of different factors;
The theory and the basis methods of research: To be held the conceptions of self- knowledge period stuctures by V.V.Stolin; the conception of historical cultures by L.S. Vigotsky; the theary human activities by E.V.Shorohova; A.N.Leontiev; to show the theory of individual complexes by B.T.Ananiev, B.Ph.Lomov, S.M.Dzhakypov.
The novelty of research: To be researched all the social middle in infuences of peculatities in experimental type and their actual problems are similarity in stuctures is preserved in respect of students period by ethnopsychology factors.
The theory aspects of research: To reveal the pecularities of ethnopsychology factors for the self- knowledge of students period. All these research work’s results are included by the practical activities of self- knowledge of students period.As a result of research are founded by the influences of different factors in self- knowledge students period.
Достарыңызбен бөлісу: |