Ф.7.22-17
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы
«Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялар технологиясы» кафедрасы
-
«Бекітемін»
ҒЖжХБ жөніндегі проректор
_________________ Бахов Ж.К.
« » ______________ 2011 ж.
|
6D073000 – “Құрылыс материалдары,бұйымдары мен конструкцияларының өндірісі”
Мамандығына PhD доктарантураға қабылдау емтиханының
БАҒДАРЛАМАСЫ
Шымкент, 2011ж.
Қабылдау емтиханның бағдарламасы 6М073000 – “ҚМБжКӨ” мамандығы пәндерінің (Құрылыс материалдары, Байланыстырғыш заттар, Бетон толтырғыштары, Бетон технологиясы) типтік бағдарламалары негізінде құрылыған
Қабылдау емтиханның бағдарламасы кафедраның мәжілісінде талқыланған
«31» мамыр 2011, № 19 хаттама
Кафедраның меңгерушісі __________________т.ғ.к., доцент Б.Т.Көпжасаров (қолы, ғылыми атағы, тегі, аты)
Қабылдау емтиханның бағдарламасы ҚжК факультетінің әдістемелік комиссиясында мақұлданған « « 200____ж., № ___ хаттама
Төрағасы ____________Р.А.Арынбаева
(қолы, тегі, аты)
Қабылдау емтиханның бағдарламасы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығымен келісілген
ЖООКББ бастығы ________________________Ж.Д.Изтаев
Кіріспе
Доктарантура бітірушісі фундаментальды, ғылымыи және кәсіптік дайындыққа ие болуы, ғылыми ақпаратты алу, өңдеу және сақтаудың қазіргізаманғы технологияларын игеруі, қазіргізаманғы ғылыми және практикалық проблемеларды қою және шешу біліктіліктеріне ие болуы, таңдаған бағыты бойынша ғылыми-зерттеу және экспериментальды-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізуі, зерттеу және басқару жұмыстарын білікті жүргізе білуі қажет.
Оқу бітірушілердің жұмыс істейтін орындары:
- құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіретін орындар мен құрылыстық және оны пайдалану мекемелерінде инженер-технолог, жұмыс жүргізуші;
- жобалау мекемелері мен оның бөлімшелерінде инженер;
- ғылыми-зерттеу мекемелері мен олардың жүйелік бөлімдерінде ғылыми қызметкер;
- муниципалды инфрақұрылымдық объектілердің жетекшісі;
- кәсіби мамандар дайындайтын оқу орындарында- оқытушы;
- үкіметтің әкімшілік органдарында – құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндіретін мекемелердің дайын бұйымдарын лицензиялау мен сертификациялау мәселерін шешу.
-
Пәндердін атауы және олардың негізі бөлімдері
І. Құрылыс материалдары
1.Құрылыс материалдарының негізгі қасиеттері. Құрылыс материалдарының құрамы, құрылысы және қасиеттерінің өзара байланысы. Материалдың физикалық жағдайының ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттері. Материалдардың гидрофизик-алық және жылуфизикалық қасиеттері. Механикалық қасиеттер: жүктеулер, деформациялар, кернеулер және беріктік.
2. Табиғи тау материалдар және құрылыс материалдарын өндіруге арналған тау жыныстарынан алынатын шикізаттық материалдар. Табиғи тас материалдар мен бұйымдарды алу үшін пайдаланылатын тау жыныстары (жалпы мағлұматтар). Тау жыныстарының генетикалық топтастырылуы. Олардың пайда болу жағдайы, құрлысының сипаттамасы және қасиеттерінің өзара байланысы. Шөгінді, магмалық және метаморфты жыныстардан жасалған материалдардың негізгі түрлері, құрылысының ерекшеліктері, қасиеттері және пайдаланылуы. Тас материалдарының кен орындары, оларды табу және өңдеу туралы түсінік. Әр түрлі жағдайларда қолдану үшін тас материалдарына қойылатын талаптар.
3.Минералдық шикізатты термиялық өңдеумен алынатын материалдар. Керамикалық бұйымдар. Сазды шикізаттың пайда болуы және құрамы, оны иімділігі, осы шыдамдылығы бойынша топтастыру.Керамикалық бұйымдар өндірісінің шикізат ретіндегі саздың негізгі қасиеттері. Сазды кептіру және күйдіру кезінде жүретін процесстер. Саздарға арналған қоспалар.Керамикалық бұйымдар-ды өндірудің технологиялық принциптері, олардың құрылымы және негізгі қасиеттері. Керамикалық бұйымдардың тағайындалуы бойынша түрлерге бөлу. Тиімді қабырғалық материалдар: қарапайым саз кірпіш, беттік, кеуекті, саңылаулы және қуысты кірпіш; қуысты керамикалық тастар; индустриалдық құрылысқа арналған керамикалық ірі қабырғалық панельдер. Саздан жасалатын кеуекті толтырғыштар, өндіру принциптері, қасиеттері, қолданылуы. Жылуоқшаулайтын және отқа шыдамды керамикалық материалдар мен бұйымдар.
4.Шыны және минералдық балқымалар негізінде алынатын материалдар Шыны өндіруге арналған шикізаттық материалдар, заттың шыны тәрізді күйі туралы түсінік. Шыны өнлірісінің негіздері: шикізаттық материалдарды өңдеу, шихта дайындау, шыныны қайнату, құрылыс шынысын шығару. Шыны бұйымдарын қалыптау әдістері. Шыны қоспасының және шынының құрылымы және қасиеттері. Шыны материалдарының түрлері. Ситалдар, кожситаллдар және ситаллпласттар туралы түсінік, оларды дайындау тәсілдері және пайдалану саласы. Қождардан және тау жыныстарын дайындаудағы қалдықтардан алынатын құйма бұйымдар.
5.Металл материалдар. Қара және түсті металлдар, олардың қортпалары туралы жалпы мағұлыматтар. Шойын және болат технологиясының негіздері. Металлдардың механикалық қасиеттері (серпімділік шегі, ағымдылық шегі, шынайы және уақытша кедергі, қаттылық және т.б.). Көміртегі және басқа қосындылардың болаттың қасиетіне әсер етуі. Болаттың құрылымы мен қасиеттерін модификациялау. Шойын және оның пайда болу жағдайы, шойынды графиттің формасы бойынша топтастыру, қасиеттері, пайдаланылуы. Түсті металлдар және олардың құрылысқа қолданылуы.
6.Бейорганикалық байланыстырғыш заттар.
Ауада қатаятын байланыстыр-ғыш заттар.Ауада қатаятын байланыстырғыш заттарды химиялық құрамы бойынша топтастыру. Гипс байланыстырғышын алуға арналған шикізат және өндірілу принциптері. Гипс байланыс- тырғышын жылумен өңдеуге байланыты түрлерге бөлінуі: төменгі температурада күйдірілетін және жоғары температурада күйдірілетін. Қатаю схемасы, негізгі қасиеттері және қолданылу саласы. Ауа әгі: шикізат және өндіру принциптері, түрлері және қолданылу саласы. Ұнтақталған күйдірілмеген әк. Әк-қож және әк-пуццолан, магнезиалдық байланыстырғыш заттар, сұйық шыны өндіруге арналған шикізаттық материалдар, құрамы, қасиеттері, өндіру принциптері және қолданылу саласы.
Гидравликалық байланыстырғыш заттар. Гидравликалық байланыстырғыш заттарды түрлерге бөлуге бөлу. Гидравликалық модуль туралы түсінік. Гидравликалық әк және романцемент: шикізат, өндіру принциптері, қолданылу саласы. Портландцемент: шикізаттық материалдар және өндіру принциптері. Портландцемент-тің техникалық сипаттамалары: тығыздығы, су қажеттілігі, қатаю мерзімдері және көлемінің бірқалыпты өзгеруі. Портланд-цементтің белсенділігі және маркасы. Цементтің және басқа байланыстырғыш заттардың қатаюы: Жалпы қатаю теориясы, ұнтақтылық дәрежесінің температурасы және орта ылғалдылығының цементтің қатаюына әсер етуі, қатаюды жеделдету тәсілдері. Цемент тасының коррозиясы, оның себептері және одан қорғау әдістері.
7.Бейорганикалық байланыстырғыш заттар негізінде алынатын құрылыс материалдары.
Бетондар. Ауыр бетондар. Бетондарды байланыстырғыш түріне, толтырғыш түріне, тығыздығына байланысты топтастыру. Бетондарды дайындауға арналған материалдар. Ұсақ және ірі толтырғыштар олардың беріктігі, түйіршіктік құрамы, қуыстылығы. Ауыз суды тиімді пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ескеру есебімен шайылатын суға қойылатын талаптар. Бетон араласпасының реологиялық және техникалық қасиеттері туралы түсінік. Шайылатын су мөлшері.
Бетон бұйымдарын дайындау: материалдарды өлшеу және араластыру, бетон араласпасын құю және тығыздау, әр түрлі жэағдайларда бетондардың қатаюы. Химиялық қоспалар және қатаюды жеделдеткіштер. Темірбетон туралы түсінік. Құрамалы, құрылмалы-тұтас және тұтас темірбетон конструкцияларын дайындау технологиялық процесстерінің негізгі әдістері.
Жеңіл бетондар. Жеңіл бетондардың түрлері: құрамының, алу әдістерінің ерекшеліктері, қасиеттері және пайдалану саласы. Кеуекті толтырғыштардың түрлері және оларға қойлатын талаптар. Жеңіл бетондарды тығыздығына байланысты топтастыру және маркалау. Ұялы бетондар: газобетон және газсиликат, көбікбетон және көбіксиликат, оларды дайындауға арналған шикізаттық материалдар, технологиялық тәсілдері және қасиеттері.
Силикат материалдар мен бұйымдар. Әк және кремнеземдік компоненттері бұйымдар. Автоклавта өңдеу барысында кремний диоксидінің кальций гидрооксидімен физика-механикалық әре-кеттесу процесстері және осы процес-стерге кремнеземдік компоненттің ұнтақтық дәрежесінің әсер етуі туралы түсінік. Силикаттық кірпіш: шикізат, дайындау принциптері, маркалары, қолданылу ерекшеліктері. Силикат бетондар (ауыр, кеуекті толтырғыштардан, ұялы). Көбік-силикаттан және басқа ұялы материалдардан жасалатын бұйымдар. Әк-қож және әк-күл кірпіш.
7.Асбестцемент бұйымдар. Асбестцемент бұйымдарды дайындау үшін қолданылатын шикізатты материалдар. Асбестцементтің асбест талшықтарымен беріктелген цементті композиттік материал ретіндеші физика-механикалық қасиеттері. Асбестцемент бұйымдардың негізгі түрлері және өндіру тәсілдері.
8. Құрылыс ерітінділері және құрылыстық құрғақ араласпалар. Құрылыс ерітінділері және құрылыстық құрғақ араласпалары байланыстырғыш түрінде, тығыздына және оларды жасайтын материалдың түріне байланысты топтастыру. әртүрлі ерітінді-лердің олардың тағайындалуына байланысты қасиеттерінің ерекшеліктері. Заманауи автоматтандырылған тауарлық ерітінді зауыттары туралы түсінік. Ерітінділердің беріктігі, маркаларға бөлінуі, аязға төзімділігі. Беттік-активті қоспаларды пайдалану.
9.Органикалық шикізат негізінде алынатын құрылыс материалдары.
Ағаштан жасалатын материалдар мен бұйымдар. Құрылыста қолданылатын ағаштың негізгі тұқымдары. Ағаштың құрамы және қасиеті. Ағаштың негізгі қасиеттерінің құрылымына және ылғалдылығына тәуелділігі. Ақаудың негізгі түрлері және олардың ағаш сапасына әсер етуі. Ағаштың ұзақ мерзімділігін арттыру: Ағашты шіруден, жанудан және жәндіктер шабуылынан қоғау әдістері. Орман материалдарының ассортименттері: дөңгелек орман материалдары, араланған материалдар. Ағаштан жасалатын бұйымдар. Ағаш және ағаш қалдықтарын қолдану.
Полимер материалдар. Полимер материалдарының негізгі компоненттері. Полимерлердің түрлері мен құрылысы. Пластмассалардың термиялық қасиеттері: Жанғыштығы және отқа төзімділігі, термиялық деструкциясы, зиянды заттардың бөлінуі. Полимер материалдарын өндіру негіздері және олардың түрлері. Құрылыс материалдарын полимерлермен модификациялау: бетондар-ды, битумдарды, ағашты модификациялау, мақсаты және әдістері. Полимер материалдары мен бұйымдарын өндіру және қолдануды дамыту болашағы.
10.Арнайы тағайындалуы бар құрылыс материалдары.
Жабындық, гидроизоляциялық және герметикалық материалдар. Битумдық және қарамай (деготь) байланыстырғыштары. Битумдардың түр-лері, құрамы, құрылысы және қасиеттері. Мұндай битумдарының маркалары. Қарамай құрамы және қасиеттері. Битум резенке және битум полимерлік композициялар, аса ұнтақталған қоспалар. Битумдық орама материалдарды өндіру технологиясы. Жабындық қабаттың, толтырғыштардың және беттік себілмелердің маңыздылығы. Мастикалық материалдар. Битумды шынымата, гидроизол, бризол, орама изол, фольгоизол. Жабындық және гидроизоля-циялық материалдардың негізгі қасиеттері. Герметикалық материалдар. Полимерлернегізіндегі жабындық, гидроизоляциялық және герметикалық материалдар. Полиэтилен, полипропилен, поливинил-хлорид қабыршақты олардың қасиеттері және қолданылуы. Талшықты және жалпақ парақтары, эластикалық тығындар.
Жылуизоляциялық және акустикалық материалдар. Жылуизоляциялық материалдар құрылысы-ның жалпы сипаттамасы, оларға қойылатын негізгі талаптар және қолданылу саласы. Жылуизоляциялық материалдар мен бұйымдарының жылу өткізгіштігі, шикізат түрі, формасы, жанғыштығы, сығымдалуы бойынша топтарға бөлінуі. Материалдардың жоғарғы кеуектілігін алу тәсілдері. Органикалық және бейорганикалық шикізаттардан алынатын негізгі жылуизоляциялық материалдар. Дыбыс туралы түсінік. Акустикалық материалдар мен бұйымдардың түрлері. Дыбысжұтқыш және дыбысоқшаулағыш материалдар, олардың құрылымдарының ерекшеліктері, негізгі түрлері және қолданылу саласы.
11.Әрлеулік материалдар. Әрлеулік материалдар мен бұйымдардың түрлері, оларға қойылатын талаптар.
Сырлы бет алу процесі: тегістеу, шпатлевкалау және
сырлы қабат жағу туралы түсінік. Сырлы бояу материалдарын химиялық және эксплуатациялық белгілері бойынша бөлу және олардың қасиеттері. Сырлы бояу құрамдарының негізгі құрауыштары: пигменттер, олардың түрлері, оларға қойылатын талаптар; сырлы бояу материалдарының құрамындағы байланыс-тырғыш заттар мен пигменттердің алар орны. Сырлы бояу құрастыруштарының түрлері: майлы бояулар, олардың артық-шылықтары мен кемшіліктері. Бейорга-никалық байланыстырғыштар негізіндегі бояулар: әк, цемент, силикат бояулар. Казеин және желім бояулар. Табиғи және жасанды тастар негізіндегі, керамикалық, шыны, металл, ағаш және полимерлік әрлеулік материалдар.
12.Композициялық материалдар. Композициялық материалдар туралы түсінік. Композиттің құрамы мен құрылысы. Композициялық материалдардың түрлері: ұнтақталып беріктелген, талшық, монотроптық. Матрицалық және беріктейтін материалдар. Конгломерат қасиеттері. Бейорганикалық және органикалық байланыстырғыштардың жабыстыру қабілеті туралы түсінік: адгезия және когезия.
ІІ. БАЙЛАНЫСТЫРҒЫШ ЗАТТАР
1. АУАДА ҚАТАТЫН БАЙЛАНЫСТЫРҒЫШ ЗАТТАР. 1.1.Гипсті және ангидритті байланыстырғыш заттар. Номенклатурасы және классификациясы. Оларды өндіруге қолданылатын шикізаттық материалдар. Гипстік байланыстырғыштар, модификциялық құрамына байланысты олардың бета және альфа кальий сульфаты негізіндегі түрлері, Өнеркәсіп қалдықтары мен табиғи шикізаттан өндірілген гипстің физико-химиялық негізгі мен өндіру әдістері. Гипсті байланыстырғыштарды өндіру барысындағы технологиялық процестердің автоматтандырылуы жэне механизациялануы туралы негізгі мәліметтер. Өндірісті бақылау. Зауыттағы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау. Бета, альфа модификациясы, гипсті байланыстырғыштардың қатаюы мен байланысуы. Ле Шателье, М.А. Байков жэне т.б. қатаю теориялары. Осы саладағы жаңа зерттеулер.
1.2. Ауалық қүрылыс әгі. Номенклатура және классификациясы. Шикізат олардың химиялық қүрамы мен физикалық қасиеттерін бағалау. Өндірістің технологиялық схемасы. Әктің өнгуі және осы процестің физико-химиялық негіді Сөнген әктің ауада корбанаттанып қатуы. Сөнбеген әктің гидратты қатаюы. Автоклавтағы термоылғалды өңдеу негізіндегі әкті кремнеземисті композициялардың силикатты қатаюының теориясы. Автоклавта қатайған қүрылыс материалдар мен бұйымдар өндірісінде әктің қолданылуы.
1.3. Магнезиалды байланыстырғыш заттар. Номенклатура жэне классификациясы. Каустикалық магнезит пен доламитті өндірудегі шикізатттар, оларға қойылатын талаптар. Магнезиалды байланыстырғыш түзуші ретінде магнезиалды түздың сулы ертінділері. Қатаю теориясы, кұрылыс қасиеттері және қолдану салалары.
2. ГИДРАВЛИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫРҒЫШ ЗАТТАР. 2.1. Гидравикалық әк. Гидравикалық модуль бойЫнша гидравикалық әктің классификациялануы. Шикізат түрлері жэне күйдіру принципттерінің химиялық жэне минералогиялық құрамға тәуелділігі.
2.2. РоманЦемент Химиялық және минералогиялық қүрамы. Шикізаттық жэне өндірІстік негіздері. Қатаю теориясы. Қүрылыстық қасиеттері жэне қолданылу аясы.
2.3. Портландцемент Анықтамасы, құрамы мен классификациясы. Клинкердің химиялық және минералогиялық құрамы. Модуль, коэффициент және минералогиялық қүрамы бойынша клинкердің сипатамасы. Клинкерді ылғалды, қүрғақ Жэне аралас тэсілдермен өндіру. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Өндіріс тэсілін таңдау принциптерінің шикізат қасиеттері мен жанармай түріне тәуелділігі. Күйдіру. Өндірісте қолданылатын күрғақ және ылғал әдістер мен пештсрдің негізгі түптері. Клинкерді айналмалы және шахталық пештерде күйдіру кезіндегі процестер.
3. Портландцементтің байланысуының және қатаюының физико-химиялық негіздері Цемент минералдарының гидролизденуі мен гидратациясы. Қатаю теориясы. Ертіндідегі цементтеуші гидраттардың түзілуі (Ле Шателье, Михааэлис, А.А. Байков және т.б теориялары). Портландцнменттің фізика-техникалық қасиеттері. Шынайы тығыздығы, орташа сусымалы тығыздығы. Су қажеттІлігі жэне илемінің орташа қоюлығы. Байланысу мерзімдері. Көлем өзгеруінің біркелкілігі Байланыстырғыштың берілген массасының жоғарлығына байланысты цемент тасының өзіндік бұзылуы салдары. Цементтің активтілігі, беріктігі және маркалары, олардың стандарт бойынша анықтау. Цемент беріктігінің минералогиялық құрамына, ұсақтау жағыдайына, су мен цементтің араласу мөлшеріне байланысына, гидратация жағыдайына қатаю жағыдайы мен үзақтығына, қоспа жән' басқа факторларға тэуелділігі. Ылғалдылықтың өзгеруіне байланысты цемент тасының шөгуі мен ісінуі. Кептіру мен ылғалдауды алмастырудың цемент тасының қасиеттеріне ықпалы.Цемент тасының жарықшақтануға беріктігі. Цемент тастың физикалық каррозиясы. Каррозияның тұзды формасы. Аязға төзімділігі және он цементтің минералогиялық қүрамы мен тастың құрылымы тэуелділігі.
4. Портландцементтің түрлері Тез қатаятын, пластифицирленген және гидрофобты цементтер. Сульфатқа төзімді, ақ жэне түрлі түсті цементтер. Атомобиль жолдарының бетонын қаптайтын, асбестцемент бұйымдарын жасайтын, микротолтырғышты портландцемент. Оларды өндіру ерекшеліктері. Қүрылыстық қасиеттері мен пайдалану салалары. 5.Активті минералды қоспалар мен пуццоланды цементтер Активті минералды қоспалардың классификациясы мен номенклатурасы. Табиғи жэне жасанды қоспалар. Пуццолан-портландцемент жэне оны өндіру. Қатаюы мен қасиеттері. Пайдалану салалары мен ерекшеліктері. Әк -пуццоланды цемент. Олардың түрлері. Шикізаттар мен өндіру әдістері. Қатаю теориясы мен қасиеттері. Қолданылу аясы және құрылыста пайдалану ерекшеліктері.
6. Шлактар мен шлакты цемент тер Домна шлактары және олардың химиялық қүралдары. Қара металдан қайта алынған шлактар мен гранулданған отын шлактары, олардың қасиеттері, пайдалануы. Электртермофосфоршлагы. Шлак пен күлдің рационалды пайдаланудағы мүмкіндігі технологиялық схема шлактардан т.б. өндіріс қалдықтарын қүрылыс материал өндіргендегі табиғатты қорғау проблемаларын шешу мэселелері. Шлакопортландцемент. Өндіру технологиясы, қатаю теориясы мен қасиеттері. Пайдаланғандағы шарттары мен салалары. Сульфат-шлакты цемент, қатаю теориясы, қасиеттері, сульфатқа төзімділігі. Өндіру тәсілдер|і мен пайдалану салалары. Автоклавта қатаятын шлакты байланыстырғыштар мен нефелинді цементтерден алынатын бетондар. Шлак негізді байланыстырғыштар. Құрамы, қасиеттері, пайдалану.
2.3.5. Глиноземді цемент. Анықтамасы. Глиноземді цементінің химиялық құрамы мен қүрылымы. Шикізаттар. Өндіру. Қатаю теориясы; ангидрит-глиноземді цемент. Құрылыстық қасиеттері, цементті қолдану шарттары, пайдалану салалары. Көлемі ұлғаятын, шөкпейтін, кернеулі цементтер. Олардьщ құрамдары, дайындау әдістері. Цементтердің қатаю ерекшеліктері. Құрылыстық қасиеттері мен пайдалану салалары.
2.3.6. Гипсцементпуццоланды байланыстырғыш заттар және қышқылға төзімді цемент Өндірудің физико-химиялық негізі. Өндіру технологиясы, қасиеттері, пайдалану. Қышқылға төзімді цементтің құрамы, қаситтері, қолданылу аясы.
3. ОРГАНИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫРҒЫШ ЗАТТАР Органикалық байланыстырғыш заттардың классификациясы: полимерлер, битумдар мен дегтер. Полимерден, битумнан, дегтен өндірілген құрылыс конструкцияларыды, бұйымдарды, материалдарды пайдалану салалары. Полимерлену; түрлері, механизмдері. Баспалдақты полимерлену. Негізгі заңдылықтары. Полимерлену реакцияларын жүргізу тәсілдері. Поликонденсация: түрлері мен механизмдері. Поликонденсациялану процесі не ықпал ететін факторлар және баспалдақты полимерленудің негізгі заңдылықтары. \ Молекулалық массалар. Олигомерлер мен полимерлердің қүрылымы. Плоликонденсация реакцияларын жүргізу әдістері. З.І.ІПолимерцементті бетондар Қүрамы. Алу тәсілдері, қасиеттері. Пайдалану салалары. Қүрғақ қүрылыс араласпалары. Қүрамы. Қасиеттері. Пайдалпну салалары.
3.2. Битумдар мен деготтер Битумдар. Түрлері мен маркілері. Алу тәсілдері, қасиеттері мен пайдалану салалары. Деіггтер. Алу тәсілдері, қасиеттері және пайдалану салалары. Битум мен дегт өндіргенде еңбекті, техниканы, қоршаған ортаны қорғау шаралары.
ІІІ.Бетон толтырғыштары.
1.Толтырғыштар құрылымы, қасиеті және сынау әдістері. Толтырғыштардың жалпы қасиеті –механикалық, физикалық, химиялық. Бетондағы толтырғыштарды зерттеу. Толтырғыштардың бетон араласпасына, бетонға әсері.
2.Тығыз табиғи тасты жыныстар негізіндегі толтырғыштар. Шикізат көзі. Құм. Түйіршіктерқұрамы. Құрамындағы араласпа. Ылғалдылығы. Табиғ и құмдарды өндіру. Байыту және фракциялау. Малта тас. Техникалық талаптар. Өндіру және фракциялау. Жуу. Байыту. Қиыршық тас. Техникалық талаптар. Малта, қиыршық тас және құм өндірудің технологиялық схемасы. Негізгі принциптері жайы.
3. Табиғи кеуекті толтырғыштар. Табиғи кеуекті толтырғыштар. Вулканды жыныстылар негізіндегі толтырғыштар. Пемза. Вулканды шлактар. Қасиеті және қолдануы. Әкті жән қиыршықты улу тас. Кремноземді негіздері. Кеуекті толтырғыштарды байыту.
4.Күйдіру арқылы толтырғыштар. Күйдіру арқылы кеуекті толтырғыштар алу. Керазимті құрылымды материалдар құрылымы. Саздың кеуектену процессінің механизсі және теория негіздері. Қыздырудағы пиропластикалық күйі және газды ортаның әсері. Керамзитті саздың спецификалық әсері. Керамзит. Технология. Аса жеңіл керамзитті малта тас. Техникалық қасиеттері. Технологиялық процесстердің ерекшеліктері. Керамзитті құм. Технологиясы. Кеуектелген перлит. Пісіру арқылы (агломерация әдісімен) және шлакты суыту арқылы алатын толтырғыштар. Шунгузит. Азерит Вермикулит.
5. Өндіріс қалдықтар негізіндегі толтырғыштар. Шлактың түрлері және қасиеттері. Шлактың кеуектену теория негіздері. Шлакты пемзалы қиыршық тас және құм технологиясы.
Күйдірілмейтін күлді малта тас. Термолит. Өндірістің өнделмеген қалдықтар негізіндегі толтырғыштар. Ірі күл араласпа шлактар. Сазкүлді керамзит. Шикізат. Технология. Технологиялық қасиеттер. Экономикалық тиімділігі.
IV.Бетон технологиясы.
1.Бетон түрі және классификациясы Бетон құрылымы, орташа тығыздығы, байланыстырғыш және толтырғыш түрімен, қатаю шарты бойынша классификациялау. Бетон үшін материалдар. Бетон технологиясында химиялық қоспалар мәні. Химиялық қоспалар және олардың қолданудағы негізгі жағдайының жалпы мағлұматтары.
2.Бетон араласпасы Бетон араласпасы түсінігі, құрылым ерекшіліктері және қасиеті, сұйық фаза және тарту мәні. Химиялық қоспаларды кең аймақта қолдану. Бетонға қосап қосу технологиясы. Цемент тасының микроқұрылымын қалыптастыруда су және химиялық қоспа мәні. Бетон араласпасының реологиялық қасиеттері және оны бағалау әдістері. Тиксотропия. Сапасын бағалау әдістері және бетон араласпасының техникалық сипаттамасын анықтау. Бетон араласпасының технологиялық қасиеттеріне әсер ететін факторлар. Араласпаның сутұтынғыштығы туралы түсінігі.
3.Бетон құрылымының қалыптасу және қатаю процестері Цемент илемінің және бетон араласпасының тез қоюлануы және қатаюы. Жоғарғы сапалы құрылымды бетон алу үшін шарттар тудыру. Бетон қатаюын тездету әсерлері: механикалық, химиялық және жылулық. Бетон қатаюының тездетілшген кездегі жүрген физикалық және физико-химиялық процестер. Әртүрлі қатаю шарттар кезіндегі бетон беріктігінің өсу кинетикасы. Беріктігінің өсу кинетикасында цемент түрі және бетон құрамының әсері. Беттік модулі.
Цементті және силикатты бетонның қаныққан су буының және жоғарғы қысым (автоклавты өңдеу) ортасында қатаюы. Әртүрлі температурада, ылғал ортасы кезінде қатаю процесінің көлемдік деформациясы.
Қатайған бетон құрылымы. Бетон құрылымы мен оның қасиеттерінің арасындағы байланыстық. Бетон құрылымының негізгі типтер классификациясы. Бетон құрылымының жақсарту жолының негіздері.
4. Бетон қасиеті Бетон қасиеттерінің классификациясы. Физико-техникалық қасиеттері. Жылу физикалық қасиеттері. Бетонның механикалық қасиеттері. Бетонның сығылу және иілу беріктігі. Бетон беріктігінің су цемент қатынасына тәуелділігі. Бетонды сынау әдістемесі. Бетон класстары (маркасы). Бетон құрамының, компоненттері қасиеттерінің, қатаю режимі және басқа факторлардың бетон беріктігіне әсері. Бетонның жарықшақтыққа төзімділігі. Болат арматурамен бетонның жабысуы. Бетон беріктігінің қатаю мерзіміне байланысты өсуі: бетон беріктігінің өсуіне қатаю ортасының әсері. Жүктелеген бетонның серпімді және иілімді деформациясы. Аралық ылғалдандыру мен кептіруге бетонның төзімділігі. Бетонның аязға төзімділігі. Ыстық құрғақ климаттың бетонның негізгі қасиеттеріне ықпалы.
5.Тығыз толтырғыштар (ауыр бетон) негізіндегі цементті бетон Ауыр бетондардың негізгі сипаттамасы. Иілу, сығылу беріктігі, аязға төзімділік және сусіңірмеуі, бойынша бетон маркалары. Әртүрлі жерде қолдану және маркадағы бетонға арналған толтырғыштар. Ауырбетондардағы толтырғыштарының техникалық сипаттамасы және шарттар. Бетонға арналған ұнтақталған және ұнтақдисперсті минералды қоспалар. Минералды қоспалар түрлері, техникалық және экономикалық мәні. Қоспаның бетон қасиетіне әсері. Химиялық қоспалар. Суперпластификаторлар және пластификаторлар. Полифункционалды түрлі қоспалар. Бетон араласпасына су және суға қойылатын талаптар. Берілген қасиеттегі ауырбетон құрамын жобалау. Бетон құрамын жобалау принциптері. Негізгі байланыстар, құрам сипаттамаларын байланыстыру, бетон құрамы. Араласпадағы толтырғыштар құрамын рационалды таңдау. Бетондағы цементті анықтау. Беріктігі жоғары бетон. Тез қатаятын бетон. Гидрофобты қоспалы бетон. Жол және аэродром жабындысына арналған бетон. Әрлі бетондар мен араласпалар. Майда түйіршікті бетон. Майда түйіршікті бетонның құрылымы мен қасиеттерінің ерекшеліктері. Майда сағанақталған бетон. Шақпа таты аз бетон. Өнеркәсіп қалдықтары қосылған бетон. Берілген қасиеттегі тиімді бетон құрамын анықтаудың те хнико-экономикалық тиімділігі.
6.Кеуекті толтырғышты (жеңіл бетондар) цементті бетондар Жеңіл бетондардың кеуек толтырғыштары бойынша құрмы және толтырғыш түрімен классификациялау. Жеңіл бетонға арналған кеуек толтырғыштарға қойылатын техникалық шарттар. Кеуек толтырғыштағы жеңіл бетон құрылымы мен қасиетінің ерекшеліктері, кеуек толтырғыштың бетон құрылымының қалыптасуына әсері. Жеңіл бетонға беріктік және орташа тығыздық факторларының әсері. Жеңіл бетондардың аязға төзімділігі. Жеңіл бетон құрамын жобалаудың негізгі принциптері. Жеңіл бетон қасиетін модификациялау негізінде химиялық және минералды қоспалар қолдану. Жеңіл бетон технологиясының ерекшеліктері. Кеуекті толтырғыштардың сутұтынғыштылығын азайту жолдары. Жоғарғы беріктікті керамзитті бетон. Жоғарғы беріктікті керамзит бетон құрамын жобалау. Кеуекті жеңіл бетондар. Майда түйіршікті жеңіл бетон.
7.Тығыз және толтырғыш негізіндегі цементсіз бетон Бетон дайындауда энергетика, металлуршгия және химия өндіріс қалдығын қосымша шикізат ретінде қолдану. Әк-кремнеземді байланыстырғыш негізіндегі силикат бетон. Әкті-кремнеземді байланыстырғыш негізіндегі бетондардың автоклавты өңдеуден өткендегі негізгі қасиеттері. Силикат бетон қасиетіне әсер ететін факторлар. Автоклавты өңдеуде ұнтақталған кремнеземді компонент мәні. Силикат бетон құрамын тимдеу. Байланыстырғыш дайындау және силикат бетон дайындаудың негізгі технологиялық схемасы. Силикат бетон түрлері. Жеңіл және ауыр силикат бетондар. Шлакты байланыстырғышты бетондар. Шлакты байланыстырғыш түрлері және олардың қасиеттері. Шлакты байланыстырғыш бетон қасиеттері. Шлаксілтілі және тұзды шлакты бетондар. Технологиялық ерекшеліктері және құрылыста қолдануы. Гипсті және гипіс-цемент-пуццоланды бетондар. Негізгі қасиеттері.
8.Ұялы бетондар. Ұялы бетон түрлері және олардың техникалық сипаттамалары. Газды және көбікті бетондардағы кеуек түзіліу процессі. Газ, көбік түзейтін қоспалар және оларды даярлау тәсілдері. Ұялы бетон технологиясының құрғақ құрылыс араласпасы. Газды және көбікті бетондардың құрамын тиімдеу. Газды бетон өндіру технологиясы. Ұялы бетондар өндірісінде материал шығынын азарту және сапаны жақсарту жолжары. Көбікті бетонның озық технологиясы. Көбікті құрғақтай минерализациялау әдісі. Ұялы бетондарды көлемдік және беттік гидрофобизациялау. Ұялы бетон сусіңірмейтін және әшекейлі құраммен өңдеу.
9.Бетонның ерекше түрлері. Бетонның ерекеше түрлерін қолданудың технико-экономикалық тиімділігі. Ыстыққа төзімді бетон. Қышқылға төзімді бетон. Биологиялық әсерден және радиациядан қорғауға арналған ерекше ауыр және гидратты бетон. Цемент тасына агрессивті әсер ететін сұйық және газ тәрізді ортада ғимараттар мен құрылыстар салуға қолданылатын, тұзға, қышқылға және сілтіге төзімді бетондар. Полимербетон, полимерцементті бетон және бетонополимер. Құрамдарын тиімдей ерекшеліктері. Бұл бетондардың құрамы және қасиеті.
10.Монолитті бетон Монолитті бетондарға қойылатын шарттар. Монолитті бетонның құрамын тиімдеу ерекшеліктері. Монолитті конструкцияларды бетондау. Бетооның қатаюына ықпал ету шаралары. Төмен температурада бетондаудың ерекшеліктері. Құрғақ ыстық және ылғалды ыстық климаттарда конструкцияларды бетондау. Құрама темірбетон конструкцияларын моналиттеу. Темірбетон конструкциялардың сапасын жоғарлату және жөндеу. Құрылыс конструкцияланының қуыстарын нығыздау.
2. 6D073000 – “Құрылыс материаодары,бұйымдары мен конструкциялары-ның өндірісі” мамандығының доктарантураға қабылдау емтихан сұрақтарының ұсынылған тізімі
Құрылыс материалдары
-
Құрылыс материалдары, бұйымдарды мен конструкцияларының Қазақстанның халық шаруашылығындағы мағынасы.
-
Судың әсеріне байланысты құрылыс материалдарының қаситеттері.
-
Құрылыс материалдарының негізгі механикалық қасиеттері.
-
Жоғары және төмен температураға байланысты құрылыс материалдарының қасиеттері.
-
Құрылыс материалдарының құрылымы. Құрылымы мен қасиеттерінің байланысы.
-
Тау жыныстарының жіктелуі. Тау жыныстарды түзетін негізгі минералдар, олардың қасиеттері.
-
Магмалық тау жыныстары. Шығу тегі, құрылысы, қасиеттері, пайдалануы.
-
Шөгінді тау жыныстары. Шығу тегі, құрылысы, қасиеттері, пайдалануы.
-
Метаморфтық тау жыныстары. Шығу тегі, құрылысы, қасиеттері, пайдалануы.
-
Тас материалдарының ұзақ тұрақтылығын жоғарлату жолдары.
-
Топырақтың, керамикалық бұйымдардың шикізаттарының негізгі қасиеттері.
-
Топырақты кептіру, күйдіру кезіндегі өтетін физика-химиялық процесстері.
-
Құрылыс керамикасының өндірісінде массаны дайындайтын әдістері.
-
Керамикалық бұйымдарды қалыптау әдістері.
-
Қабырғалы керамикалық бұйымдардың түрлері, қасиеттері, технологиялық ерекшеліктері.
-
Керамикалық кірпіштің негізгі қасеттері. Кірпішті сынау әдістері.
-
Керамикалық бұйымдардың жіктелуі, құрылыстағы мағынасы.
-
Шыны, шыны бұйымдары. Шикізаты, технологиясы, пайдалануы.
-
Құрылыс лайлары. Жіктелуі қасиеттері, пайдалануы.
-
52. Аса берік бетонны? ??рамын есепте?із: Rб=80 МПа; Rц = 55 МПа, ОК=4...6 см Dнаиб=20 мм, ?и=2,65 кг/л, ?ср=1,65 кг/л
-
Мкр=3,1 Вп=4% ?п=2,65 кг/л
-
Суперпластификатор С-3 (0,75%) (4...8)Силикаттық кірпіш, силикаттық бетондар. Шикізаты, технологиясының ерекшеліктері, қасиеттері.
-
Ағаш материалдар мен бұйымдар. Ағаштың жағымды және жағымсыз қасиеттері.
-
Ең маңызды органикалық жылудоғарғыш материалдар. Қасиеттері, технологиясы, пайдалануы.
-
Ең маңызды минералды жылудоғарғыш материалдар. Қасиеттері, технологиясы, пайдалануы.
-
Бояулар мен лактар. Компоненттердің түрлері, атқаратын рөлі.
Ұсынылған әдебиеттердің тізімі -
Домокеев А.Г. Строительные материалы.-М.: ВІІІ., 1988
-
Горчаков Г.И. (қазақшаға аударған ТемірқұловТ.Т.). Құрылыс материалдары. Оқулық. Алматы., 2000 ж.
-
Батырбаев Ғ., Садуқасов М. Құрылыс материалдар мен бұйымдар. Алматы, 1995 ж. І бөлім.
-
Темірқұлов Т.Т. Құрылыс материалдарын сынау жөніндегі лабораториялық жұмыстар. Шымкент, 1993 ж.
-
Попов Л.Н. Лабораторные испытания строительных материалов и изделий.-М., Стройиздат, 1986
Байланыстырғыш заттар
-
Минералдық байланыстырғыш заттардың жіктелуі.
-
Гипстік байланыстырғыштардың қатуы.
-
Гипстік байланыстырғыштар. Түрлері, шикізаты.
-
Үздіксіз және мерзімді жұмыс істейтін гипс пісіру қазандықтары. Конструктивті ерекшеліктері, жұмыс істеу принцптері.
-
Байланыстырғыш заттардың пайдалану аймақтары.
-
Гипстік байланыстырғыш заттарды өндіру әдістері.
-
Эстрих-гипс. Шикізат, өндіру технологиясы.
-
Гипстік байланыстырғыш заттардың қасиеттері, пайдалануы. Техника экономикалық көрсеткіштері.
-
Минералды байланыстырғыш заттар. Шикізат, өндіру, әдістері, қатуы.
-
Құрылыс ауалық әк. Шикізат, күйдіру, қатуы, пайдалануы.
-
Гидравликалық әк. Шикізат, күйдіру, қатуы, пайдалануы.
-
Ауалық әктің қатуы.
-
Цементті ұнтақтау. Ұнтақтаудың жабық және ашық циклдары.
-
Созымды цементтер. Өндірісі, қасиеттері, пайдалануы.
-
Жылдам қататын портландцемент, қасиеттері, пайдалануы.
-
Цемент өндірісінің құрғақ әдісі. Жетістіктері мен кемшіліктері.
-
Цементтің физика-механикалық қасиеттері.
-
15. ?абыр?алы керамикалы? б?йымдарды? т?рлері, ?асиеттері, технологиялы? ерекшеліктері. Цемент өндірісінің ылғал әдісі. Жетістіктері мен кемшіліктері.
-
Белсенді минералды қоспалар және олар цемент қасиетіне қалай әсер етеді?
-
Портландцементтің қатаю прцессіне кальций, магний тотықтардың әсері.
-
Ақ және түрлі-түсті цементтер. Өндіру технологиясының ерекшеліктері. Қасиеттері, пайдалануы.
-
Глиноземді цементтер. Шикізат өндірісі, пайдалануы.
-
Клинкердің негізгі минералдардың сипаттамалары.
-
Тампонажды цементтер, түрлері, қойылатын талаптар. Өндірісі, қасиеттері, пайдалануы.
Ұсынылған әдебиеттердің тізімі Негізгі: Минеральные вяжущие вещества / Волженский А.В. и др. М., Строиздат 1986 г. 410 с -
Белов В.В,. Петропавловская В.Г., Шлапаков Ю.А. Лабораторные определения свойств строительных материалов. - М.: ИАСВ, 2004
3. Наназашвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкции.
Справочник. - М: Высш.шк., 2004
4. Шубенкин П.Ф., Кухаренко Л.В. Строительные материалы и
изделия, бетон на основе минеральных вяжущих. Примеры задач с решениями: Учебное пособие.- М.: Изд-во АСВ, 1998
5. Горшков В.С. и др. Вяжущие, керамика и стеклокристаллические
материалы: структура и свойства: Справочное пособие. - М.: Стройиздат, 1994
Қосымша:
1. Вяжущие вещества. Задание к выполнению практических работ /
АкмолаевК.А.,КазГАСА, 1998
2. Методика расчета сырьевой смеси дЛя портландцемента / Акмолаев
К.А. КазГАСА, КТЦ, 1998
3. Байланыстырғыш материалдар / Шафранская И.Б., Акмолаев К.А.
Методические указания к выполнению курсового проекта, КазГАСА,
1984
5.Байланыстырғышматериалдар/Шафранская И.Б., Акмолаев К.А., Соловьев В.И., КазГАСА, РУМК, 1987
-
Волков М.И. Методы испытания строительных материалов. М, Стройиздат, 1974 г.
-
Технология полимеров / Воробьев В.А. и др. М., Высшая школа, 1980
-
Мирзаходжаев А.А. и др. Вяжущие вещества. Методические указания по вьгаолнению курсового проекта по дисциплине «Вяжущие вещества». Содержание казахско-русское. АлмаТы, КазГАСА, 2003 г.
-
Мирзаходжаев А.А. и др. Вяжущие вещества. Методические указания по выполнению практических занятий. Содержание казахско-русское. Алматы, КазГАСА, 2002 г.
-
Материаловедение в строительстве^ под ред. И.А.Рыбьева - М.: Издательский центр «Академия», 2006
-
Микульский В.Г. и др. Строительные материалы (материаловедение и технология), уч. пос.-М.: ИАСВ, 2004
-
Ферронская А.В., Стамбулко В.И. Лабораторный практикум по курсу «Технология бетонных и железобетонных изделий»: Учебное пособие
Для вузов по специальности «Производство строительных изделий и конструкций». - М.: Высшая школа, 1988. - 223 с.
-
Рыбьев И.Г. Строительное материаловедение - М.: Высш.шк. 2002
-
Горбунов Г.И. Основы строительного материаловедения: - М.: ИАСВ, 2002
15. Вяжущие вещества для производства отделочных, теплоизоляционных
и гидроизоляционных материалов / Андрианов Р.Д., Алматы, «Мектеп»,
1933 г.
Бетон толтырғыштары
1.Толтырғыштың бетонда атқаратын ролі мен маңызы
2.Толтырғыштардың тығыздығы бойынша классификациясы.
3.Толтырғыштардың генезисі бойынша классификациясы.
4.Толтырғыштардың қолдану мақсаты бойынша классификациясы.
5.Толтырғыштардың негізгі қасиеттері және сынақ әдістері.
6.Нағыз тығыздығы және сынақ әдістемесі
7.Үйме орташа тығыздығы және сынақ әдістемесі. (4...8)
8.Түйіршіктердің тығыздығы және сынақ әдістемесі. (4...8)
9.Кеуектілік және сынақ әдістемесі. (4...8)
10.Қуыстылық және сынақ әдістемесі. (4...8)
11.Ылғалдылық және сынақ әдістемесі. (4...8)
12.Су сіңіргіштік және сынақ әдістемесі. (4...8)
13.Түйіршіктердің формасы және өз-ара орналасуы. (4...8)
14. Толтырғыштардың түйіршіктік құрамы. (4...8)
15. Толтырғыштардың өзіндік бет ауданы. (4...8)
16.Толтырғыштардың структурасы мен беріктігі. (4...8)
17.Толтырғыштардың суға төзімділігі. (4...8)
18.Толтырғыштардың аязға төзімділігі. (4...8)
19.Толтырғыштарды бетонда сынау. (4...8)
20. Толтырғыштардың біртектілігі. (4...8)
21. Толтырғыштардың бетон араласпасының қасиеттеріне әсері. (4...8)
22. Толтырғыштардың бетон араласпасының құрамын жобалауға және бетон араласпасын дайындауға әсері. (4...8)
23. Толтырғыштардың бетон араласпасын тасымалдауға әсері. (4...8)
24. Толтырғыштардың бетон араласпасын тығыздауға әсері. (4...8)
25. Толтырғыштардың бетон араласпасын жайғастыруға әсері. (4...8)
26. Толтырғыштардың бетон араласпасының қатуына әсері(4...8)
27.Толтырғыштардың бетонның қасиеттеріне әсері. (4...8)
28. Толтырғыштардың бетонның беріктігіне әсері. (4...8)
29.Толтырғыштардың бетон мен цемент тасының ұстасуына әсері. (4...8)
30.Толтырғыштардың бетонның тығыздығына әсері. (4...8)
31.Толтырғыштардың бетонның серпімділігіне әсері. (4...8)
32. Цементті ?нта?тау. ?нта?тауды? жабы? ж?не ашы? циклдары.. (4...8)
33.Толтырғыштардың бетонның шөгуіне әсері. (4...8)
34.Толтырғыштардың бетонның біртектілігіне әсері. (4...8)
35.Құмның негізгі қасиеттері. (4...8)
36. Құм. Түйіршіктік құрамы. (4...8)
37. Құм. Қосылмалардың мөлшері. (4...8)
38. Құм. Ылғалдылығы. (4...8)
39. Құм. Өндіру технологиясы(4...8).
40. Құм. Байыту. (4...8)
41. Құм. Фракцияларға бөлу. (4...8)
42.Шағал. Техникалық талаптар. (4...8)
43. Шағал. Өндіру технологиясы. (4...8)
44. Шағал. Фракцияларға бөлу. (4...8)
45. Шағал.Жуу және байыту. (4...8)
46.Қияқтас. Техникалық талаптар. (4...8)
47.Қияқтас өндірісі. (4...8)
48.Қияқтас. Байыту. (4...8)
49.Шағалдан қияқтас өндіру. (4...8)
50. Толтырғыштар өндірісінің технологиялық схемасы. (4...8)
51. Толтырғыштар өндірісін жобалау. (4...8)
52. Жобалаудың жалпы принциптері мен ережелері. (4...8)
53. Қияқтас заводы. (4...8)
54. Шағал- қияқтас заводы. (4...8)
55. Құм-шағал заводы. (4...8)
56. Табиғи кеуек толтырғыштар. (4...8)
57. Вулкандық табиғи кеуек толтырғыштар. (4...8)
58. Шөгінді табиғи кеуек толтырғыштар. (4...8)
59. Табиғи кеуек толтырғыштарды байыту проблемалары. (4...8)
60. Өнеркәсіп қалдықтарынан толтырғыштар. (4...8)
61. Металлургия шлактары. (4...8)
62. Отын шлактары. (4...8)
63.Жасанды толтырғыштар. (4...8)
64. Керамзит.Шикізат пен өндіріс технологиясы. (4...8)
65.Аглопорит. Шикізат пен өндіріс технологиясы. (4...8)
66. Шлак пемзасы. Шикізат пен өндіріс технологиясы. (4...8)
67. Гидротехникалық бетондар үшін толтырғыштар. (4...8)
68. Жол және асфальт бетондар үшін толтырғыштар. (4...8)
69.Жеңіл бетондар үшін толтырғыштар. (4...8)
70.Силикат бетондар үшін толтырғыштар. (4...8)
71.Ұялы бетондар үшін толтырғыштар. (4...8)
Ұсынылған әдебиеттердің тізімі
Негізгі:
-
Ицкович С.М., Чумаков Л.Л., Баженов Ю.М. Технология заполнителей бетона: Учебник. –М.: В.Ш., 1991
-
Горбунов Г.И. Основы строительного материаловедения: -М.: ИАСВ, 2002
-
Ицкович С.М., Чумаков Л.Л., Баженов Ю.М. Технология заполнителей бетона: Учебник. –М.: В.Ш., 1981
-
Васильков С.Г. и др. Искусственные пористые заполнители и легкие бетоны на их основе: Справ. пособ/под ред. Ю.П. Горлова –М: Стрийиздат, 1987
Қосымша:
-
Материаловедение в строительстве, под ред. И.А. Рыбьева –М.: Издательский центр «Академия», 2006
-
Микульский В.Г. и др. Строительные материалы (материаловедение и технология), уч. пос. –М.: ИАСВ, 2004
-
Элинзон М.П. Производство искусственные пористых заполнителей и керамики. –М.: Стройиздат, 1974
-
Книгина Г.И. Вершинина Э.Н. Лабораторные работы по технологии строительной кремики и легких пористых заполнителей. –М.: В.Ш., 1977.
-
Наназашвили И.Х. Строительные материалы, издели я и конструкций. Справочник. –М.:Высш.шк., 2004.
-
Баженов Ю.М, Технология бетона. М.,ИАСВ, 2002
-
Горлов Ю.П. Лабораторный практикум по технологии теплоизоляционных материалов. М.: В.шк. 1982
-
Белов В.В. Петропавловская В.Г., Шлапкаов Ю.А. Лабораторные определения свойств строительных материалов. –М.: ИАСВ, 2004
Бетон технологиясы
-
Сапалы БжТББ алу үшін орындалуы қажет қағидалар.
-
Бетонның классификациялық белгілері.
-
Бетонның орташа тығыздығы бойынша классификациясы. (4...8)
-
Бетонның тұтқыр заттың түрі бойынша классификациясы. (4...8)
-
Бетонның тағвйындалу мақсаты бойынша классификациясы. (4...8)
-
Бетон толтырғыштарына қойылатын талаптар. (4...8)
-
Толтырғыштардың түйіршіктік құрамы және оның бетон мен б.а. қасиеттеріне әсері. (4...8)
-
Толтырғыштардың су сұранысы және оның бетон мен б.а. қасиеттеріне әсері. (4...8)
-
Толтырғыштарды беттік ауданы және оның бетон мен б.а. қасиеттеріне әсері. (4...8)
-
Химиялық қоспалардың классификациясы (4...8)
-
Комплекстік қоспалардың классификациясы (4...8)
-
Бетон араласпасы мен бетон структурасының ерекшеліктері мен қасиеттері. (4...8)
-
Сұйық фаза мен ілестірілген ауаның атқарар міндеті (4...8)
-
Бетон араласпасының қасиеттері. Реологиялық, технологиялық қасиеттері. (4...8)
-
Жылжымалық пен қатаңдықтың түрлі факторларға тәуелділігі. (4...8)
-
Бетон структурасының түзілуі. Цемент гидратациясының кезеңдері. Б-ның структуралық беріктігі. (4...8)
-
Құрамдықтардың бетон структурасы түзілуіне әсері. (4...8)
-
Ауыр бетон құрамын жобалау. Ірі және майда толтырғыштар ара-қатынастарын таңдау. (4...8)
-
Бетон құрамын есептеудің тәртібі. (4...8)
-
Бетон құрамын эксперименттік тексеру. (4...8)
-
Бетон араласпасының өндірістік құрамын есептеу (4...8)
-
Ұсақ түйіршікті бетоннның құрамын жобалау. (4...8)
-
Керамзитбетон, кеуектендірілген ұсақ түйіршікті бетон, ірі кеуекті жеңіл бетон мен ұялы бетонның құрамын жобалау. (4...8)
-
Бетонның беріктігі. Бетонды күшпен жүкте-гендегі ерекшеліктері. (4...8)
-
Бетонның сығуға және иілу кезіндегі созылуға беріктігі. (4...8)
-
Беріктіктің су-цемент қатынасына және бетон құрамына тәуелділігі. Бетонның структуралық сипаттамаларының беріктікке әсері (4...8)
-
Бетонның деформациялық қасиеттері. Б.араласпасының бастапқы шөгуі. (4...8)
-
Бетонның шөгуі. Қысқа мерзімді күштердің әсерінен бетонның деформациясы. (4...8)
-
Ұзақ мерзімде шөгу деформациясы. Температуралық деформациялар. (4...8)
-
Бетонның физикалық қасиеттері. Бетонның тығыздығы, су және ауа өткізгіштігі. (4...8)
-
Алма-кезек әсер етуші факторларға төзімділігі. (4...8)
-
Әр-түрлі бетондардың құрамын жоспарлау ерекшеліктері. Майда құмды бетон. (4...8)
-
Әр-түрлі бетондардың құрамын жоспарлау ерекшеліктері. Құрама темірбетондар үшін бетон. (4...8)
-
Жоғары берікті бетон. Жылдам қататын бетон. (4...8)
-
Беттік белсенді заттар қосылған бетон. (4...8)
-
Гидротехникалық бетон. (4...8)
-
Жол және аэродром құрылысы бетон. (4...8)
-
Майда түйіршікті бетон. Силикат бетон. (4...8)
-
Жеңіл және ұсақ түйіршікті бетондар қасиеттерінің ерекшеліктері. (4...8)
-
Кеуек толтырғышты жеңіл бетондар. (4...8)
-
Ұялы бетондар. (4...8)
-
Монолит бетон. Қойылатын талаптар. (4...8)
-
Ауыр бетонның құрамын есептеңіз: Rб=30 МПа; Rц = 40 МПа, ОК=4...6 см
Dнаиб=40 мм, ρи=2,65 кг/л, ρср=1,65 кг/л
Мкр=2,5 Вп=7% ρп=2,65 кг/л (4...8)
-
Ауыр бетонның құрамын есептеңіз: Rб=25 МПа; Rц = 40 МПа, ОК=4...6 см
Dнаиб=20 мм, ρи=2,65 кг/л, ρср=1,65 кг/л
Мкр=2 Вп=4% ρп=2,65 кг/л (4...8)
-
Ауыр бетонның құрамын есептеңіз: Rб=30 МПа; Rц = 40 МПа, ОК=0...3 см
Dнаиб=70 мм, ρи=2,65 кг/л, ρср=1,65 кг/л
Мкр=2,2 Вп=11% ρп=2,65 кг/л (4...8)
-
Ауыр бетонның құрамын есептеңіз: Rб=25 МПа; Rц = 40 МПа, ОК=0...3 см
Dнаиб=40 мм, ρи=2,65 кг/л, ρср=1,65 кг/л
Мкр=2,6 Вп=7% ρп=2,65 кг/л (4...8)
Толтыр?ыштарды? бетон мен цемент тасыны? ?стасуына ?сері. Мкр=2,5 Вп=7% ρп=2,65 кг/л (4...8)
-
Ауыр бетонның құрамын есептеңіз: Rб=30 МПа; Rц = 40 МПа, ОК=4...6 см
Dнаиб=70 мм, ρи=2,65 кг/л, ρср=1,65 кг/л
Мкр=2,5 Вп=7% ρп=2,65 кг/л (4...8)
-
Ауыр бетонның құрамын есептеңіз: Rб=30 МПа; Rц = 50 МПа, ОК=4...6 см
Dнаиб=40 мм, ρи=2,65 кг/л, ρср=1,65 кг/л
Мкр=3,1 Вп=4% ρп=2,65 кг/л (4...8)
-
Аса берік бетонның құрамын есептеңіз: Rб=80 МПа; Rц = 50 МПа, ОК=4...6 см Dнаиб=40 мм, ρи=2,65 кг/л, ρср=1,65 кг/л
Мкр=3,1 Вп=4% ρп=2,65 кг/л
Суперпластификатор С-3 (0,75%) (4...8)
-
Аса берік бетонның құрамын есептеңіз: Rб=80 МПа; Rц = 40 МПа, ОК=0...3 см Dнаиб=20 мм, ρи=2,65 кг/л, ρср=1,65 кг/л
Мкр=3,1 Вп=4% ρп=2,65 кг/л
Суперпластификатор С-3 (0,75%) (4...8)
-
Аса берік бетонның құрамын есептеңіз:Rб=80 МПа; Rц = 50 МПа, ОК=9...13 см Dнаиб=40 мм, ρи=2,65 кг/л, ρср=1,65 кг/л
Мкр=3,1 Вп=4% ρп=2,65 кг/л
Суперпластификатор С-3 (0,75%) (4...8)
-
Аса берік бетонның құрамын есептеңіз: Rб=80 МПа; Rц = 55 МПа, ОК=4...6 см Dнаиб=20 мм, ρи=2,65 кг/л, ρср=1,65 кг/л
Мкр=3,1 Вп=4% ρп=2,65 кг/л
Суперпластификатор С-3 (0,75%) (4...8)
-
Аса берік бетонның құрамын есептеңіз: Rб=80 МПа; Rц = 50 МПа, ОК=4...6 см Dнаиб=70 мм, ρи=2,65 кг/л, ρср=1,65 кг/л
Мкр=3,1 Вп=4% ρп=2,65 кг/л
Суперпластификатор С-3 (0,75%) (4...8)
-
Аса берік бетонның құрамын есептеңіз: Rб=80 МПа; Rц = 50 МПа, ОК=4...6 см Dнаиб=40 мм, ρи=2,65 кг/л, ρср=1,65 кг/л
Мкр=3,1 Вп=4% ρп=2,65 кг/л
Суперпластификатор С-3 (0,75%) (4...8)
-
Ұсақ түйіршікті бетонның құрамын есептеңіз:
РК=205 см RБ=20 МПа Rц=40 Мпа Мкр=2,0 (4...8)
-
Ұсақ түйіршікті бетонның құрамын есептеңіз:
РК=105 см RБ=30 МПа Rц=40 МПа Мкр=1,5 (4...8)
-
Ұсақ түйіршікті бетонның құрамын есептеңіз:
РК=125 см RБ=25 Мпа Rц=40 Мпа Мкр=2,5 (4...8)
-
Ұсақ түйіршікті бетонның құрамын есептеңіз:
РК=145 см RБ=20 Мпа Rц=50 Мпа Мкр=0,75 (4...8)
-
Ұсақ түйіршікті бетонның құрамын есептеңіз:
РК=165 см RБ=20 Мпа Rц=40 Мпа Мкр=1,0 (4...8)
-
Ұсақ түйіршікті бетонның құрамын есептеңіз:
РК=185 см RБ=20 Мпа Rц=40 Мпа Мкр=1,5 (4...8)
-
Ұсақ түйіршікті бетонның құрамын есептеңіз:
РК=205 см RБ=20 Мпа Rц=50 Мпа Мкр=2,5 (4...8)
-
Ұсақ түйіршікті бетонның құрамын есептеңіз:
РК=205 см RБ=20 Мпа Rц=40 Мпа Мкр=1,5 (4...8)
-
Ұсақ түйіршікті бетонның құрамын есептеңіз:
УУ= 20 сек RБ=20 МПа Rц=40 МПа Мкр=1,5 (4...8)
-
Ұсақ түйіршікті бетонның құрамын есептеңіз:
УУ= 40 сек RБ=30 МПа Rц=40 МПа Мкр=2,5 (4...8)
-
Ұсақ түйіршікті бетонның құрамын есептеңіз:
УУ= 60 сек RБ=20 МПа Rц=55 МПа Мкр=1,5 (4...8)
-
Ұсақ түйіршікті бетонның құрамын есептеңіз:
УУ= 80 сек RБ=20 МПа Rц=55 МПа Мкр=0,75 (4...8)
-
Ұсақ түйіршікті бетонның құрамын есептеңіз:
УУ= 100 сек RБ=35 МПа Rц=55 МПа Мкр=1,5 (4...8)
-
Ұсақ түйіршікті бетонның құрамын есептеңіз:
УУ= 60 сек RБ=20 МПа Rц=55 МПа Мкр=2,0 (4...8)
Ұсынылған әдебиеттердің тізімі
Негізгі әдебиеттер
-
Баженов Ю.М. Технология бетона: Учеб. Пособие для технол.спец. строит. вузов. 3-е изд., перераб. –М.: Высш.школа, 2002.-500с.
-
Баженов Ю.М. Технология бетона: Учеб. Пособие для технол.спец. строит. вузов. 3-е изд., перераб. –М.: Высш.школа, 1987.-415 с.
-
Белов В.В., Петропавловская В.Г., Шлапаков Ю.А. Лабораторные оперделения свойств строительных материалов. –М.: ИАСВ,2004
-
Материаловедение в строиетльстве, под ред. И.А.Рыбьева –М.: Издательский центр «Академия», 2006
-
Шубенкин П.Ф., Кухаренко Л.В. Строительные материалы и изделия, бетон на основе минеральных вяжущих. Примеры задач с решениями: Учебное пособие. –М.: Изд-во АСВ, 1998
Қосымша әдебиеттер:
-
Батраков В.Г. Модифицированные бетоны. Теория и практика. –М.: теплопроект, 1998. -768с.
-
Справочник по производству сборных железобетонных изделий под ред. К.В.Михайлова, А.А.Фоломеева. –М.: Стройиздат, 1982. -440с.
-
Мусаев Т.С. Долговечность модифицированных бетонов. –Алматы: издательство «Бастау», 2003. -128с.
-
Соловьев В.И., Ергешев Р.Б. Эффектиыные модифицированные бетоны. –Алматы: КазГосИНТИ. -2000. -285с.
-
Соловьев В.И. Бетоны с гидрофообизирующими добавками. –Алма-Ата Наука, 1990. -112 с.
-
Добавки в бетон. Справочное пособие /Под ред. В.С. Рамачандрана. Перевод с англ. В.Б. Ратинова и Т.И.Розенберг. –М.: Стройиздат, 1988.-580с.
-
Куатбаев К.К. Силикатные бетона из побочных продуктов промышленности. –М.: Стройиздат, 1981.-248 с.
-
Миронов С.А., Малинский Е.Н. Основы технологии бетона в условиях сухого жаркого климата. –М.: Стройиздат, 1989. -538с.
-
Инструкция по изготовлению изделий из ячеистого бетона. (СН277-80). –М.: Стройиздат, 1981. -44с.
-
Микульский В.Г. и др. Строительные материалы (материаловедение и технология), уч. пос.-М.: ИАСВ, 2004
-
Ферронская А.В., Стамбулко В.И. Лабораторный практикум по курсу «Технология бетонных и железобетонных изделий»: Учебное пособие для вузов по специальности «Производство строительных изделий и конструкций». –М.: Высшая школа, 1988. -223с.
-
Соловьев В.И. Бетоны с гидрофобизирующими добавками. –Алма-Ата Наука, 1990. -112 с.
-
Добавки в бетон. Справочное пособие /Под ред. В.С.Рамачандрана. Перевод с англ. В.Б.Ратинова и Т.И.Розенберг. –М.: Стройиздат, 1998.-580с.
-
Миронов С.А., Малинский Е.Н. Основы технологии бетона в условиях сухого жаркого климата. –М.: Стройиздат, 1989. -538 с.
-
Руководство по применению химических добавок в бетоне. –М.: Стройиздат, 1981. -55с.
Достарыңызбен бөлісу: |