Нургалиева Г. К, Жунисова Г. Е



Дата01.07.2016
өлшемі50 Kb.
#170434
Нургалиева Г.К, Жунисова Г.Е.,

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТ – «ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАНЫ»

ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Аннотация.В данной статье рассмотрены краткая история появления и основные направления развития и перспективы экологического аудита.

Annotation.This article describes a brief history of the emergence and development of the main directions and prospects of environmental auditing.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында экологиялық менеджмент жүйесін жетілдіру және қоршаған ортаны қорғау өзекті мәселелердің бірі, сондықтан да мемлекет тарапынан кәсіпорындардың қызметіне кезең сайын экологиялық аудит жүргізу қажет шаралардың маңыздысы болып табылады. Алғашқы экологиялық аудит жүйесі АҚШ фирмаларында XX ғ. 70 жылдары сол кезеңдегі американдық қоршаған ортаны қорғау заңнамасындағы талаптарды орындау үшін қолданылды. 80 жылдар аяғында кейбір компаниялар заңнамадағы талаптардан да қатаң көрсеткіштерге де жетті.

Белсенді экологиялық менеджмент сияқты белсенді экологиялық аудит сол кезден бері АҚШ команиялары стратегиясында жоғары орынды алып, еуропалық фирмалардың сенімінен шықты [1]. Экологиялық аудит кәсіпкерлік стратегиясына және өндірістік үрдістің негізгі параметрлеріне сатылап қатаң экологиялық талаптер ендіруге мүмкіндік беретін әдістеме ретінде қаралады.

Экологиялық аудит – ішкі фирмалық экологиялық әлеует пен әлеуетті экономикалық тәуекелді жүйелі тексеру үшін қажет құрал.

Бұл аудиттің басты қызметтері:

- қоршаған ортаны қорғау аумағында фирма қызметінің және онымен декларацияланатын саясаттың экологиялық заңнамаға сәйкестігін анықтау, бұл қызметтің пайда табуға бағыттылған экономикалық мақсаттарға сәйкестігін белгілеу;

- кәсіпорында экологиялық менеджемент жүйесі қандай дәрежеде орындалатынын анықтау;

- кәсіпорын басқармасына қоршаған ортаны қорғау аумағында білікті шешім қабылдауға мүмкіндік беретін ақпаратпен қамтамасыз ету;

- жұмысшыларды мүмкін болатын зиянды әсерлерден қорғау;

- қоршаған ортаға қауіп төндіруі мүмкін қандай да бір жағдайда фирмаға кездесетін тәуекелдің пайда болу мүмкіндігін талдау;

- фирманың қоршаған ортаға нақты әсерін анықтау;

- фирманы оның экологиялық саясатын жетілдіруге итермелеу [2].

Экологиялық аудит жүргізудің екі негізгі мақсатын атап көрсетуге болады: біріншіден, фирманың экологиялық қызметі және оның бекітілген стандарттарға сәйкестігі туралы барлық қызығушылығы бар сыртқы пайдаланушыларға сәйкес ақпарат ұсыну; екіншіден, аудиторлық тексеру барысында ұйымның эко менеджментін және эко бақылауын жетілдіру бойынша пайдалы ұсыныстар жасалуы мүмкін.

Үлкен талдау аумағында аудиттің бірнеше түрі дамуы мүмкін, мысалы:

- жүйелі аудит – ұйымның кәсіпорын құрылымын және кәсіпорынның құрылымдық және қызметтік іске қабілеттілігіне қатысты үрдістерін зерттеу;

- үрдістер аудиті – қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған белгілі бір өндірістік үрдістерді және кәсіпорын пікірі бойынша алынған үрдістерді тексеру;

- бақылау аудиті – мысалы заңнамалық нұсқаулардың орындалуын тексеру;

- өндірістік үрдістің адам денсаулығына әсері аудиті – өндірістің зияндылық деңгейі, ғимараттағы температура бойынша кәсіпорындағы жұмыскерлердің жұмыс жұмыс орындағы жағдайлары;

- өнім аудиті – өнімнің экологиялық өмір циклі тұжырымдамасы тарапынан жеке өндірістік желілерді тексеру (оларға салынған ресурстар саны мен сапасы, қалдықтарды шығару үрдісі);

- өнім сапасы аудиті – кәсіпорында күшіне енген сапаны бақылау жүйесінің қойылған мақсаттарға сәйкестігін талдауға бағытталған; өнім маркировкасы – өнімнің экологиялық сапаға сәйкестігі. Бұнда тұтынушылардан алынған әр түрлі ақпарат қолданылады (арыздар, шағымдар және т.б.);

- қалдықтар аудиті.

Экологиялық аудитті пайдалану оперативтік кеңістікке де (заңнаманы сақтау), стратегиялық кеңістікке де (мысалы, кәсіпорынның әлсіз жақтарын талдау және т.б.) қатысты. Оны тәжірибеде іске асыру сырттай да (сыртқы аудит) – аудитор шақыру арқылы, кәсіпорын ішінде де (ішкі аудит) – ішкі тексеріс арқылы мүмкін. Экологиялық аудит стандартталған жүйелік негізінде әр түрлі ырғақпен жүргізіледі. Тез ауысатын сценарийлер үшін (мысалы, маркетинг саласында) – қысқа уақыттар аралығында, ақырын және созылмалы кезең үзінділерінде ғана ауысатын салалар үшін (негізгі құралдар), ұзақ уақыт аралығында [3].

Дәл солай аудитті жүргізу жиілігі кәсіпорын қызмет ететін саланың маңыздылығына (экономикалық көзқараспен), сондай-ақ алдыңғы аудиторлық тексерістердің нәтижелеріне байланысты.

Дәстүрлі аудиторлық тексеру фирма өз мақсаты мен міндетін өзі анықтайды деген мүмкіншілікке негізделген.

Экологиялық аудиторлық тексеру жүйесіне келесі негізгі қызмет түрлері мен салалары кіруі тиіс:

- кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы;

- әкімшілік және операциондық үрдістер;

- технологиялық үрдістер;

- құжаттама, есептілік;

- кәсіпорынның экономикалық тұжырымдамасы.

Экологиялық аудиттің қазіргі жүйесінде қоршаған ортаны пайдалану нәтижелері үшін жеке жауапкершілік қағидасының болуын, тексеру жүргізгенде хаттама жазуды, сондай-ақ есептілік жасап және аудит нәтижелерін жариялауды талап етуде [4].



Экологиялық аудит нәтижелері және олардың қолданысы

Экологиялық аудит нәтижесі экологиялық анықтамаға негіз болатын кәсіпорынның экологиялық есептілігін жасау болып табылады.

Эко аудит жүргізу есептілігі мына жайттарды көрсетуі тиіс:

- экологиялық менеджмент жүйесінің фирманың экологиялық саясатының мақсатына және қызығушылығы бар топтар талабына сәйкестігін;

- алдыңғы аудиторлық тексеріс ұсыныстарын орындауын және түзету жұмыстарының тиімділігін;

- менеджмент жүйесін жетілдіру бойынша қорытында мен ұсыныстар.

Ақпараттық экологиялық есептіліктер құрамына мыналар кіреді:

- кәсіпорын туралы жалпы ақпарат (5%);

- кәсіпорынның басқарушы экологиялық қағидалары (5%);

- экологиялық менеджмент жүйесінің көрінісі (10%);

- экологиялық бағдарламалар мен мақсаттар (15%);

- материалдық және энергетикалық ағымдар көрінісі (10%);

- экологиялық мәселелі аумақтарды талдау және бағалау (10%);

- өнімдердің экологиялық аспектілерін сипаттау (15%);

- қоршаған ортаны қорғау шараларының табыс деңгейіне әсері (5%);

- адресаттармен байланыс (инвесторлар тобы) (5%);

- кері байланыс мүмкіндігі (5%);

- шынайылық (5%);

- баланс құру қағидалары (5%);

- мақсатты топтар сұранысына сәкестік (5%) [5].

Еуропалық Одақ өзінің экологиялық аудит туралы шешімінде өнеркәсіптің экологиялық салдарды жоюдағы жауапкершілігін атап көрсетті. Бұл шешім экологиялық менеджмент жүйелері мен сертификаттау жүйесі мен сапа кепілдігіне бағытталған кәсіпорын тексерістеріне өз еркімен қатысуға шарттар жасайды [6].Дәстүрлі аудиторлық тексеру нәтижелері ең алдымен компанияның ішкі қолданысы үшін арналғанына қарамастан, көптеген қазіргі фирмалар, әр түрлі қызығушылығы бар топтардың, оның ішінде фирманың ішкі ортасындағы топтардың, сондай-ақ мемлекеттік және Еуропалық Одақтың мемлекеттік емес ұйымдарының талаптарына сәйкес бұл нәтижелерді жариялауға тырысады. Өнім эко маркировкасы жүйесін енгізгеннен бері эко аудит рөлі артуда.Нәтижелерді жариялау, жалпы қауымға ақпараттың ашықтығы, кешенді көзқарас, өмірлік цикл тұжырымдамасын қолдану, эко аудит үрдістерінің EMAS, BS 7750, ISO-14000 шегінде міндеттілігі эко аудит жүйесінің дамуына көмектеседі.

Эко аудиттің даму перспективалары:

- қауіпсіздік түсінігінің кең мағынасы және адам денсаулығына да, басқа да тіршілікке қауіптің жоқтығы;

- ұзақ мерзімді мақсаттардың қысқа мерзімді мақсаттардан артықшылығы. Осыған байланысты арнайы әдебиетте «экологиялық аудит» және «қоршаған ортаны пайдалану аудиті» түсініктерінің айырмашылығы бар.

Қоршаған ортаны пайдалану аудиті – бұл менеджмент жүйесінің тиімділігіне жүйеленген, құжатталған, кезеңдік және объективті бағалауды келесілер арқылы ұсынатын менеджмент құралы:

- экологиялық менеджмент және бақылау тәжірибесін қамтамасыз ету;

- кәсіпорын саясаты мен заңнама талаптарының сәкестігіне жету.



Экологиялық аудит – бұл кәсіпорын қызметін «терең экологияландыру» немесе жаңа парадигма көзқарасынан тексеру және қайта қарау.Бұндай өзгеріс ішкі корпоративтік құрылым құндылықтарын экономикалық өсу идеологиясынан экологиялық тұрақтылық идеологиясына ауыстырумен ынталандырады. Бұл механикалық ойлаудан жүйелік ойлауға, және сәйкесінше, менеджменттің жаңа стилі жүйелік менеджментке апарады. Экологиялық аудит нәтижесі компанияның экологиялық зиянын азайту бойынша жоспар жасау және оның барлық операцияларын экологиялық қауіпсіз жасау үшін жағдай жасау болып табылады.

Әдебиеттер:

  1. Авраменко И.М. Экологическое право. Белгород, 2001.

  2. Вринчук М.М. Экологическое право (Право окружающей среды). М., 2008.

  3. Серов Г.Н. Экологический аудит. Концептуальные и организационно-правовые основы. М., 2006.

  4. Пахомова Н.В.,Рихтер К.К. Экономика природользования и экологический менеджмент. СПб., 2007.

  5. Петров В.В. Экологическое право. М., 2005.

  6. Реймерс Н.Ф. Природопользование:Словарь-справочник. М., 2008.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет