Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы



Дата04.12.2023
өлшемі18.27 Kb.
#485336
түріЛекция
11 лекция 2


Лекция 11
ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ – ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМНЫҢ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕ, БАСҚАРУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ – СЫЗЫҚТЫҚ, ФУНКЦИОНАЛДЫ, АРАЛАС.

Кез-келген мекеменің қызметі ұйымдық-құқықтық құжаттар дайындаудан басталады. Ұйымдық-құқықтық құжаттарға: жарғы, ереже, штаттық кесте, жұмыс тәртібі, лауазымдық нұсқаулық және т.б. жатады. Ұйымдық-құқықтық құжаттардың басты мақсаты – ұйымды құру, құрылымын, штаттық кестесі мен құрамын белгілеу, құрылымдық бөлімшелерінің өзара қарым-қатынас жасау тәртібін, кәсіпорын қызметкерлері үшін ішкі еңбек тәртібін анықтау.


Іскерлік қызметтегі ең бір тиімді құрылым – жауапкершілігі шектеулі серіктестік (мұнан былай – ЖШС). Ол жұмыс істей бастағаннан-ақ үлкен көлемдегі ұйымдық-өкімдік, қаржылық және басқа да іскерлік құжаттардың легін қабылдау, қарау, жөнелту, бақылау және сақтау қажеттілігі пайда болады. ЖШС жетекшісі осындай құжаттар легіне әлдебір себептермен жете көңіл бөлмейді. Нәтижесінде оның іскер әріптестері өздері күткен құжатты дер кезінде ала алмай, уақытында орындалмайды. Мұндай жағдайға түспес үшін ЖШС жетекшісі іс қағаздарын жүргізуді тиянақты ұйымдастыруы керек.
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы деген ұғымға келсек, бұл сол компанияны дербес заңды тұлға ретінде ұстап тұрған барлық бөлімшелердің, сондай-ақ филиалдар мен өкілдіктердің жиынтығы және олардың иерархиялық сипаты (тік бағыныстылық және көлденең өзара байланыс) болып табылады. Құрылымдық бөлімшелердің атаулары иерархия (бағыныстылық) бойынша (басшылық, негізгі қызмет орындары, көмекші қызмет орындары, қызмет көрсету салалары т.б.) немесе топтарға бөлініп көрсетіледі.
Кәсіпорынның штат мөлшері немесе кәсіпорын штаты дегеніміз – кәсіпорындағы жалдамалы қызметкерлер лауазымдарының тізбесі және сандық мөлшері. Тізбеде құрылымдық бөлімшелер (ұйымдық құрылымдар) бойынша лауазымдық жалақылар (тарифтік ставкалар), қосымшалар мен сыйақылар (пайыздық мөлшері немесе жалпы сомасы) немесе еңбекке ақы төлеудің өзге де жүйелері, сондай-ақ айлық жалақы қоры көрсетіледі. Ұйымдық құрылым сипаты жазылып, штаттық кесте берілген құжат мәтіні, әдетте, кесте формасында жасалады.
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы мен штат саны негізгі ұйымдық-құқықтық құжаттар қатарына жатады. Ұйымдық құрылыммен тікелей басшының өзі немесе оның тапсырмасы бойынша бухгалтерлердің, кадр қызметкерлерінің, заңгерлер мен экономистердің айналысады. стихиялы түрде белгіленеді.
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы, оның құрылымдық бөлімшелері мен қызмет орындарының (бөлімдердің, бөлімшелер мен топтардың) тізбесі, штаттық қызметкерлер санын құрайтын жұмыскерлердің жалпы жиынтық мөлшері болып табылады.
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымының мынадай түрлері бар:
1. Сызықтық ұйымдық құрылым – басқару аппараты тек өзара бір-біріне бағынышты бөлімшелердің иерархиялық сатылы бағыныстылығы түрінде құрылады.
2. Аралас ұйымдық құрылым – жүйе басшылары жетекшілік ететін арнаулы бөлімшелерге ие. Бұл бөлімшелер басшыларының басқару шешімдерін қабылдауға және қандай да бір төменгі тұрған бөлімшелерге немесе орындаушыларға нұсқау беруге құқы жоқ, олар тек жүйе менеджеріне жекелеген басқару функцияларын орындауда штаттағы белгілі бір мамандар күшімен көмек көрсетеді.
3. Функционалдық ұйымдық құрылым – басқарудың барлық деңгейінде белгілі бір функциялар көлемін атқару үшін арнаулы бөлімшелер құруды талап етеді.
Жаңадан құрылған шағын және орта кәсіпкерлік субьектілердің бірінші басшылары мен ұйымдық құрылымын жасаушылары олардың құрылтайшылары немесе соларға жақын адамдар болып келеді.Мұндай компаниялардың ұйымдық құрылымдары қалай қалыптастырылуы тиіс? Ұйымдық құрылымды жасаушылар бірінші кезекте мынадай сұрақтарға жауап алуы қажет:
1. Компания қызметтің қанша түрін жүзеге асырмақ, яғни бизнестің бір ғана түрімен шұғылдана ма (мәселен, құрылыс материалдарын жеткізу) әлде бірнеше түрін қамти ма? (Айталық, әрқилы тауар түрлерін жеткізу, делдалдық қызмет, консультациялық қызмет көрсету т.б.).
2. Бұл бизнесте жұмыс жүргізіп жатқан бәсекелестер бар ма және олар қаншалықты мықты?
3. Компания шектеулі тауар нарығында (аудандық, қалалық, облыстық) жұмыс істей ме әлде республикалық және сыртқы нарыққа шығуды жоспарлай ма?
4. Компания құрылтайшыларының қаржылық мүмкіндіктері қандай: өзінің жеке қомақты ақшалай қаржысы немесе материалдық базасы бар ма, әлде тек жарғылық капитал ғана ма?
5. Жалданбалы қызметкерлер жұмысын қалыптастыру перспективасы қандай, әсіресе компания құрылтайшысы белгілеген міндеттерді нәтижелі орындауға қабілетті менеджерлер басқарушыларын тағайындауға штаттық мүмкіндік бар ма?
6. Компанияның жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін қандай да бір мемлекеттік лицензиялар, рұқсатнамалар алу немесе мемлекеттік билік органдарының арнаулы актілер қабылдауы қажет пе?
Осы жоғарыда берілген сұрақтарға (бірқатар жағдайларда сұрақтардың тізбесі мұнан әлдеқайда көп болуы да мүмкін) жауап алғаннан кейін штат кестесін әзірлеу жұмыстарына кірісуге болады.
ЖШС-лар үшін ұйымдық құрылым ретінде мынаны ұсынуға болады:
1. ЖШС директоры. Көп салалы қызметпен шұғылданатын серіктестіктерде бірнеше директор болуы мүмкін (экономика және қаржы, өндіріс, шаруашылық т.б. мәселелер бойынша). Бұл жағдайда бас директор лауазымын енгізу ретті болмақ.
2. Директордың (бас директордың) бірінші орынбасары. Штат кестесінде бірнеше салалық орынбасарлар болған кезде бірінші орынбасар лауазымын енгізу міндетті. Өйткені директор (бас директор) ұзақ уақыт өз орнында болмаған жағдайда оның қызметтік статусы бірдей орынбасарлары арасында түсініспеушіліктер туындауы мүмкін.
3. Бас бухгалтер.
4. Заң қызметі (заң кеңесшісі немесе заң бөлімі).
5. Кадрлар қызметі (кадрлар бөлімі немесе персоналдар бойынша менеджер).
6. Өндірістік бөлім.
7. Жоспарлау-экономика бөлімі.
8. Маркетинг және өткізу (логистика және жарнама) бөлімі.
9. Шаруашылық қызметі (жүргізуші, үй сыпырушы, күзетші).
Әрине, бұл ұсынылып отырған ұйымдық құрылымды бірден-бір жақсы құрылым деп айтуға болмайды, ол өзге де қызмет орындарымен толықтырылуы мүмкін. Ұйымдық құрылымдарды жасағанда бақылаушы қызмет орнын енгізу де жиі ұсынылады. Ең бастысы, жасалған құрылым қазіргі нарықтық экономика талаптарына сай келуі керек, жақсы басқарылып, экономикалық табыс әкелетіндей болуы тиіс.
Компанияның ұйымдық құрылымы мен штат мөлшері түптеп келгенде үлкен кәсіби стажы бар қызметкерлердің тәжірибесі мен кәсіби шеберлігі жас мамандардың қуат-жігерімен, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға деген жаңа көзқарастармен ұштасуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет