НУРМАГАНБЕТОВА АЛЬБИНА КУРМАНГАЛИЕВНА
Трансшекаралық өзен су ресурстарын пайдалануды
басқаруды жетілдіру
(Қызылорда облысының мәліметтері негізінде)
6М050600 – Экономика мамандығы
Экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертацияның
РЕФЕРАТЫ
Қызылорда, 2012
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалған.
Ғылыми жетекші: экономика ғылымдарының
кандидаты К.А.Өтегенова
Ресми опонент: экономика ғылымдарының
докторы, профессор А.А.Шаханов
Магистрлік диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының президенті 2012 жылдың ақпан айында жолдаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты дәстүрлі Жолдауында «Біз Қазақстан жариялаған Жаһандық энергиялық-экологиялық стратегияны жүзеге асыру үшін барлық күш жігерімізді жұмсауға тиіспіз»- деп атап көрсетті.
Қазақстан Республикасы өзен су ресурстарын басқару дағдарысы су ресурстарын қолдану шегінің табиғи мөлшерінің азаюы кезеңінде анық байқалады. Оның себебі табиғи-ресурстық потенциалдың азаюында емес, оны тиімсіз басқару және пайдалануда болып отыр. Су ресурстарының тапшылығынан елдегі бар ауыл шаруашылығы өндірісінің потенциалын жүзеге асыруға, өнеркәсіп салаларының даму мүмкіндіктерін арттыруға, коммуналды-тұрмыстық секторды қажетті мөлшерде сумен қамсыздандыруға мүмкіндік болмай, халық шаруашылығын басқарудың қалыптасқан жүйесінің кемшіліктерін көрсетеді. Бұл кемшілік, әсіресе Қазақстандағы вегетациялық кезеңде қатты байқалады.
Шекаралас мемлекеттер территориясынан келетін су ресурстары көлеміне Қазақстанның тәуелділігі артқан сайын, трансшекаралық үдеріс жағдайында өзен су ресурстарын пайдалануды зерттеудің өзектілігі арта түсуде. Су тапшылығы жағдайын ірі өзендердің Республиканың шет аумағынан ағуы және ішкі өзен бассейіндерінің су аздығы қиындатады, нәтижесінде өз территориямыздың аумағында су қоры жеткіліксіз қалыптасып, тең мөлшерде бөлінбеуіне әкеп соғуда. Қазіргі кезде Қазақстанның кең көлемде су ресурстарын қолдану және қоршаған ортаға жаңа проблемалар туындатпай шаруашылық айналымға қосу мүмкіндігі азайған. Сондықтан, су ресурстарын рационалды пайдалану және қорғау Қазақстан Республикасының және трансшекаралық бассейіндері ортақ мемлекеттерінің басты міндеті болып табылады. Қазақстанның шекаралас мемлекеттермен проблемаларды бейбіт жолмен шешуді ұстанатын ел екенін атап өту керек.
Шекаралас мемлекеттердің экономикалық және экологиялық даму балансын сақтау, шаруашылықты қауіпсіздікті және экологиялық жағдайды ескере отырып жүргізу, яғни қоғам мен табиғаттың гармониялық даму талаптарына сәйкес болу - трансшекаралық өзен су ресурстарын басқару механизміне жаңаша қараудың қажеттілігінен туындады.
Сонымен, Қазақстан Республикасының трансшекаралық өзен су ресурстарын басқаруды жетілдіруді қажет ететін қалыптасқан проблеманы шешімі халықаралық деңгейде, үкіметтік және азаматтық қоғамның бірігуі арқылы, трансшекаралық бассейіндердегі мемлекет аралық байланысты күшейтудің жаңа механизмдерін талап етеді.
Табиғи ресурстық потенциалға кері әсерін азайту және ортақ қолданыстағы су ресурстарын, оның ішінде интеграциялық үдеріс және су жөніндегі серіктестік, өндірісті кооперациялау, тәжірибе алмасу, келіссөздер мен ұзақ мерзімді келісім-шартқа отыруда компромисске келу, т.б шаралар барысында трансшекаралық үдерістердің басымды және перспективалы бағыттарын одан әрі ғылыми зерттеулердің қажеттілігі туындайды және өзектілігінің артады. Соңғы жылдары әлемдегі су проблемаларының өршуіне байланысты мемлекеттерді тұрақты сумен қамтамасыз ету мәселелері ұлттық қауіпсіздік проблемалары шегінде қарастырылады. Қазақстанды сумен қамтамасыз ету проблемасының өзектілігі бар су ресурстарының шектеулілігімен, оларды аумақ бойынша әркелкі бөлумен, уақыт шегіндегі елеулі өзгеріспен, трансшекаралық өзендер сулары ластануының жоғары деңгейімен сипатталады. Келешекте шекаралас мемлекеттер аумақтарынан өзен ағысының қысқаруына, сондай-ақ климаттық тұрғыға орай жергілікті ағыс ресурстарының азаюына байланысты республиканы сумен қамтамасыз ету жағдайының шиеленісуі мүмкін. Өзен ағысының ресурстары өзгеруінің мүмкін салдары Қазақстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына және экологиялық қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіреді. Елімізде экономиканы, оның ішінде су шаруашылығы саласын түбегейлі реформалау тұрақты сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешуге ерекше талаптар қояды.
Қазақстан Республикасының Үкiметiмен мақұлданған «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгі су экономика секторының дамуы және су шарушылық саясатының тұжырымдамасы» бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Су ресурстарын қорғау, сонымен бiрге су қатынастарының заңға сүйеніп реттелуі едәуiр дәрежеде олардың тиiмдi пайдалануына әсер етеді. Тап осы негізде су қорларының қолайлы, ұқыпты және тиiмдi қолдануына қамтамасыз етуге жағдай жасау керек. Мемлекеттер арасында трансшекаралық өзендердің суын пайдаланудың шарттарын қамтамасыз етуде, басты мiндет, су қорларын басқарудағы үйлесiмдi саясатты талап ететiн жолдарды іздестіру. Сондықтан қойылған мақсаттың табысты болуы, су қорларын басқарудың төңiрегiдегi халықаралық заңдарға сүйене отырып, ұлттық заңдардың бір-бірімен жақындасуына тәуелдi болады. Бұл салада мұндай заңды базаның жасалуы, халықаралық тәжiрибеге сүйене отырып, сөз жоқ аймақтық жағдайлар есепке алынуы тиiстi. Шекарааралық өзендердi басқаруда, халықаралық тәжiрибенiң негiзiнде, аймақтық ынтысақтастықты нығайту керек.
Ғылыми зерттелу дәрежесі. Трансшекаралық өзендердің суын пайдалану және оның экономикалық мәселелерін зерттеуде шет елдік ғалымдар Г.Д. Кулагина, Е.Г. Григорьев, В.И. Соколов, А.А. Голуб, Е.Б. Струкова, Л.Л. Любимов, А.Д. Яншин және тағы басқалары өз үлестерін қосты.
Соңғы жылдары трансшекаралық өзен су ресурстарын тиімді пайдалану сұрақтары терең зерттеліп, Отандық ғалымдар С.И.Қошқаров, М.С. Тонкопий, Е.М. Упушев, Т.Т. Сарсембеков, Н. Исингарин, А.Д. Рябцев, Р.К. Ниязбекова, С.Р. Ибатулин, К.Б. Қойбағарова, А.К. Қарлыханов, С.Т. Тауіпбаев, О.К. Қарлыханов, А.К. Кеншимов, В.А. Духовный, Р.И. Вагапов ғылыми еңбектерінде кеңінен көрініс тапқан.
Халықаралық тәжiрибенi есепке ала отырып ұлттық және аймақтық деңгейлерде су қорларын бiрлесіп пайдалану бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу Орталық Азияның су қорларының пайдаланудағы көп қайшылықтардың шешуiнiң негiзi болып табылады. Өлкенiң орнықты экономикалық дамуы өзара мемлекетаралық қатынасқа және ынтымақтастыққа, су қатынастарының саласындағы тиiмдi заңға сүйенген базасының негiзiне қатысты болады.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының трансшекаралық өзен су ресурстарын басқарудың теориялық және тәжірибелік негізін тұжырымдау.
Аталған мақсатқа сай мына төмендегі міндеттерді шешуді қажет етеді:
- трансшекаралық өзен су ресурстарын басқаруды теориялық негіздеу және оның ел экономикасындағы ролі мен маңызын анықтау;
- трансшекаралық өзен су ресурстарын пайдаланудағы шет мемлекеттердің тәжірибесін және оның Қазақстан Республикасының жағдайына бейімделу мүмкіндігін зерттеу;
- трансшекаралық өзен су ресурстарын пайдалану тұрғысынан елдегі су шаруашылығының даму қарқынын және қазіргі жағдайын талдау;
- Орталық Азияның су қорларының пайдалануда Сырдария трансшекаралық өзенінің су ресурсын басқару, оның ерекшелігі және аймақ экономикасына әсерін талдау;
- Арал-Сырдария бассейндік су қорын пайдалану тиімділігін арттырудың трансшекаралық өзен су ресурстарын басқаруды дамытудың экономикалық механизмін жетілдіру.
Зерттеу нысаны. Қазақстан Республикасының трансшекаралық өзен су ресурстары және Сырдария трансшекаралық өзені.
Зерттеу пәні. Қазақстан Республикасының су ресурстарын және Сырдария трансшекаралық өзенінің су ресурсын басқару үдерісі.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері. Жалпы зерттеудің теориялық әдістемелік негізі ретінде заңдылық актілер, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, трансшекаралық өзен су ресурстарын пайдалану проблемаларын зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері қолданылды.
Зерттеу жұмысының нормативтік – ақпараттық базасы. Ақпараттардың негізгі көздері: ҚР статистика бойынша агенттігінің, Қызылорда облысының статистикалық басқармасының мәліметтері және нормативтік-анықтама материалдары, ҚР АШМ су ресурстары жөніндегі Комитет есептері, Сумен қамсыздандыру жөніндегі аймақтық бағдарламалар, Арал – Сырдария бассейіндік су шаруашылығы басқармасының жылдық есептері.
Зерттеу тәсілдері. Абстракты-логикалық, статистикалық-экономикалық, салыстырмалы талдаулар, экономика-математикалық, болжамдау әдістерін қолдану көмегімен жүргізілді.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жүргізілген зерттеулер қорытындысында жұмыстың ғылыми жаңалығын айқындайтын мына төмендегі негізгі нәтижелерге қол жеткізілді:
- трансшекаралық өзен су ресурстарын басқарудың теориялық аспектілері, қағидалары және әдістері айқындалды;
- трансшекаралық объектілердің жіктелуі және мемлекеттер арасында трансшекаралық су интеграциясының ұзақ мерзімді ынтымақтастығының алғышарттары қарастырылды;
- өзара тиімді мемлекетаралық қатынасқа, әлеуметтік – экономикалық дамуға, трансшекаралық өзен су ресурстарының экологиялық және әлеуметтік ролі мен мәніне баға беру негізінде трансшекаралық су үдерісінің қазіргі даму қарқыны кешенді талданды;
- экономикалық есептеулер жүргізу арқылы трансшекаралық өзен су ресурстарын басқару механизмдерін жетілдіру, оларды іске асыру шараларын жасау ұсынылды.
Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар:
- трансшекаралық үдерістердің теориялық негіздері тұжырымдалды және трансшекаралық объектілердің жіктелуі ұсынылды, ел экономикасында трансшекаралық өзен су ресурстарының ролі мен әсері айқындалды;
- трансшекаралық үдерістердің әлемдік тәжірибесін және қазіргі жағдайын зерттеу нәтижесінде Қазақстан Республикасының мемлекетаралық ынтымақтастығын арттырудың бағыттары негізделді;
- экологиялық талаптарды ескере отырып, аймақ экономикасының барлық салаларының дамуында, қалыпты әлеуметтік жағдайды қалыптастыруда өзен су ресурстарын тиімді басқарудың әсері анықталды;
- Сырдария өзенінің су балансын реттеуге бағытталған Көксарай суреттегішінің экологиялық және экономикалық тиімділігі дәлелденді.
- Арал-Сырдария бассейні су қорын тиімді пайдалану жөніндегі мемлекет аралық келісімдердің тиімділігін арттырудың трансшекаралық мәселелерін шешу бағыттары айқындалды;
Зерттеудің ғылыми - тәжірибелік маңызы. Диссертациялық жұмыста тұжырымдалған трансшекаралық өзен су ресурстарын тиімді басқарудың негізгі бағыттарын анықтау негізінде қол жеткізілген қорытындылар мен ұсыныстардың қолдану мүмкіндіктері айқындалды. Зерттеу материалдары облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, су шаруашылығын дамыту мақсатындағы бағдаламаларды жасауда қолдануға болады. Жұмыстың теориялық қағидалары мен тәжірибелік тұжырымдарын жоғарғы оқу орындарында «Ауыл шаруашылығы экономикасы», «Сала экономикасы», «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Табиғатты пайдалану экономикасы» және әр түрлі курстарда экономикалық пәндерді оқытуда қосымша материалдар ретінде қолдануға болады.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми-зерттеу жоспарларымен байланысы. Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасына сәйкес орындалды.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу (апробациясы). Зерттеу жұмысының негізгі концептуалдық жағдайлары аймақтық ғылыми басылымдарда жарияланған: «20 жыл: экономикалық өрлеу және тәуелсіздік туы» Экономика факультетінің 20 жылдығына арналған облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция, Қызылорда, 25.01.2012 жыл, 36-39 б.; «Жаһандану жағдайында тауарлар мен қызметтің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері»Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, Қарағанды. - 2012 ж, 26 сәуір. 20-24 б. Барлығы 2 мақала, жалпы көлемі 0,4 б.т. авторлық мәтінмен жарық көрді.
Зерттеу жұмысындағы қорытындылар мен ұсыныстар нақты іс тәжірибелерде, атап айтқанда Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау департаментінде қолданылды.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс 94 бетте мазмұндалған, кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Су мәселесі бүгінгі таңда тек Орталық Азияда ғана емес, тіпті жаһандық тұрғыда талқыға түсіп жүргені белгілі. Аймақтық-өндірістік кешендерден бастап тұтастай ел экономикасының қарыштап дамуы бірінші кезекте мемлекеттің су ресурстарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуіне байланысты.
Су ресурстары және оның ұтымды пайдаланылуы - халықтың игілігі мен табиғи әлеуетті қолдау және еліміздің өңірлеріндегі ұлттық кірісінің маңызды бір бөлігін айқындайды. Еуразия құрлығының ішкі бөлігінде орналасқан Қазақстан аумағы солтүстік жарты шардың аридтік құрғақ аймағына жатады. Еліміздің жазықтық бөлігін алып жатқан белгілі Қызылқұм, Бетпақдала, Мойынқұм, Каспий маңы ойпаты, Үстірт, Сары-есік Атырау шөлді аудандарында жылдық жауын-шашын мөлшері 100-150 мм. болса, ал еліміздің солтүстік-шығыс және орталығында орналасқан Сарыарқа, Ұлытау, Көкшетау, Баянаула, Қарқаралы сияқты аласа тау жоталарында оның мөлшері 300-500 мм-ге дейін ғана артады. Ал республиканың 2%-дай ғана аумағын алып жатқан Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Іле Алатауы, Талас, Қаратау, Шу-Іле секілді таулы аймақтарында ғана жылдық жауын-шашын қабаты 500-900 мм-ге дейін өседі. Қазақстанның табиғи жағдайының тағы бір ерекшелігі - мұндағы жыл сайын ағып өтетін 100 - 120,5 км3 өзен суларының жартысына жуығы Республикадан тыс жерлерде қалыптасады немесе олар транзиттік жолмен ағып өтеді.
Қазақстан – географиялық орналасу ауқымы ерекше мемлекет. Тарихи орнығуына орай, тіршілік нәрі болып табылатын су көздерінің біршама бөлігі, негізінен, көршілес елдерден бастау алып, өзендер арқылы елге келеді, яғни су мәселесінде белгілі бір деңгейде өзеннің жоғары басында орналасқан көршілеске тәуелдіміз. Алайда ондай жөн-жосықсыз тәуелділіктің ел экономикасына ғана емес, өңір экологиясына да әсері жыл сайын білініп келеді. Сондықтан трансшекаралық суды тиімді пайдалану құқығы – мемлекеттерге ортақ болуы шарт.
Қазақстан Республикасында күтілетін су тапшылығы жағдайында мәселенің шешімі су ресурстарын, оның ішінде трансшекаралық өзен су ресурстарын рационалды пайдалану және қорғау негізінде үнемді пайдалануда жатыр. Су ресурстарын интеграциялық басқару концепциясы және аталған идеология шегінде қалыптасқан басқару принциптері бүкіл әлемде маңыздылығымен танылды. Әлемдегі көптеген мемлекеттер сияқты Қазақстан да СРИБ қағидалары мен тәжірибесін пайдалану арқылы су ресурстарын тиімді басқару туралы міндеттеме қабылдады. Бұл жұмыс барысында бізге Норвегия Үкіметі және БҰҰ-ң Қазақстан өкілеттілігі демеушілік көрсетеді.
Су ресурстарын интеграциялық басқару келесі түсініктермен негізделеді:
-
«интеграциялық» - деген ұғым тек адамдарда ғана емес сонымен қатар қоршаған ортаны қамтитын суды пайдаланушылардың барлық категорияларының арасындағы тепе-теңдікті білдіреді. әлеуметтік және экономикалық дамудың қажеттідіктерін су обьектілері мен су бөлімдерінің қалыпты жағдайын сақтау және қорғау қажеттіліктерімен теңестіруді білдіреді, барлық бассейн аумағындағы судың сапасын басқару және су ресурстарын қорғауды басқаруды қамтығанда жер бетіндегі және жер асты сулары су ресурстарын басқаруға жатады;
-
«тепе-теңдік» халықтың кедей бөлігінде дәулетті тұратын бөлігімен бірдей олардың барлық қажеттіліктерін қанағаттандырылуына қажетті суға қолдары жетімді болуы тиіс;
-
«тұрақтылық» көбіне қоршаған ортамен экожүйелерге жатады, бірақ шын мәнінде су ресурстары және су тораптарының жақсы жағдайын қамтамасыз ету дегенді білдіреді немесе олардың қазіргі жағдайына қарағанда, болашақтағы жағдайын жақсартуды білдіреді, ол экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерге байланысты;
-
«суды үнемдеу» су ресурстарының шығынын барынша төмендетуді білдіреді.
Халық шаруашылығының және халықты сумен қамтамасыз ету жағдайын талдау материалдық өндіріс – су шаруашылығының арнайы саласының өндірістік базасы құрылғанын: су қоймаларын, суды зиянды әсерлерден және су тасқынынан қорғайтын гидротехникалық үйемереттер магистралдық каналдар мен тораптық су құбырлары, су реттеуін су қоймалары бар салалық және кешінді гидротораптар түріндегі су шаруашылығы мақсатында ірі негізгі өндірістік қорлар құрылғанын көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметі
ҚР АШМ су ресурстары
жөніндегі Комитеті
ҚР АШМ су ресурстары
Жөніндегі Коммитеті
МЕМЛЕКЕТТ І К
БАҚЫЛАУ
БАСҚАРУ
Бассейндік су шаруашылығы
басқармасы
ҚР Қоршаған ортаны
қорғау Министрлігі
ҚР Геология Комитеті
Мемлекеттік су шаруашылығы
объектілері және ғимараттары
Өнеркәсіптік қауіпсіздік облысындағы өкілетті
мемлекеттік орган
Облыс, аудан
(қала) әкімдері
Жергілікті (коммуналды) су
шаруашылығы объектілері
және ғимараттары
ҚР ДСМ Мемлекеттік
сан-эпидем. қадағалау
Су тұтынушылардың кооперативтері
және ассциациялары
ҚР АШМ ветеринария
Комитеті
Фитосанитарлық бақылаудың өкілетті мемлекеттік органы
Облыстар, аудандар,
қалалар, ауылдық огругтер
Ескерту – экономикалық әдебиеттер негізінде автормен құрастырылған
Сурет 1 – Ұлттық деңгейдегі су ресурстарын басқару
Қазақстандағы су ресурстарын мемлекеттік басқарудың өкілетті органы – ҚР Ауыл Шаруашылығы Министрлігінің Су ресурстары жөніндегі Комитеті және бассейіндік су шаруашылығы басқармалары, жергілікті мәслихаттар және атқарушы (әкімшіліктер) органдар атқарады.
Экожүйелік тәсілдің стратегиясының қол жеткізу мерзімі қоғамның экономикалық және техникалық мүмкіндіктерімен сәйкестендірілетін су ортасының табиғи биологиялық функцияларын қалпына келтіру негізгі мақсаты болып қарастырылады. Экожүйенің маңызды ерекшелігі болып, суды қорғау мәселелерін кешенді шешу оларға жүйелік сипат беру, ол су ортасының рөлі мен өзара байланысын, экожүйесінің басқа ортамен және биосфераның экожүйемен өзара байланысын ескеруге мүмкіндік береді: экожүйелік тәсілді жүзеге асырудың табиғи аумақтық негізі болып өзендердің бассейні жатады. Су ресурстары бойынша комитеттің қол астындағы 8 бассейіндік су шаруашылық басқармасы өзен бассейіндерінің деңгейінде су ресурстарын бақылауды қамтамасыз етеді.