Нурсеитова Зейнеп Туреханкызы, т.ғ. к



бет3/9
Дата20.05.2022
өлшемі2.9 Mb.
#458403
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Рахматулла Гульбиби готовая

АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ




    1. Аналитикалық шолу



1.1.1 Алкогольсыз сусындардың жалпы сипаттамасы

Алкогольсіз сусындар – бұл ауызды судан, минералды ауыз судан, шырындардан, оладың концентраттарынан, ара өсіру өнімдерінен, тұнбалар мен өсімдік экастракттарынан, хош иістендіргіш қоспалары қосылған тәттілегіштерден, бояғыштардан және басқа компоненттерден дайындалған сусын. Біздің елімізде кең түрде тарағандары: Буратино, Легенда, Фанта, Кола, Дюшес, Тархун және т.б.


Алкогольсіз сусындар сырт түрі, пайдаланылған шикізат және қолданылатын технология, көміртегі диоксидімен қанықтыру дәрежесіне, өңдеу әдісіне байланысты жіктеледі.
Сырт түрі бойынша сусындар келесі түрлерге бөлінеді: сұйық сусындар – мөлдір және тұнық емес, тұтынушылық ыдыстағы сусын концентраттары [3].
Көміртегі диоксидімен қанықтыру дәрежесі бойынша мыналарға бөлінеді: күшті газдалған, әлсіз газдалған және газдалмаған; өңдеу әдісі бойынша – пастерленбеген, пастерленген, консерванттар қолданылған және қолданылмаған; салқын, ыстық және асептикалық құйылған.
Концентраттарға біртекті, тегіс боялған ұнтақтар, таблеткалар, ылғанданған немесе паста тәрізді масса, қою сұйықтық, түрлі өлшемдегі гранулалар түріндегі заттар жатады. Концентраттардан дайындалған сусындарды жай ұнтақты, таблеткалы немесе шәрбәт тәрізді массаны суда еріту арқылы алады
Алкогольсіз сусындар сыртқы түріне байланысты екіге бөлінеді:мөлдір және лайланған. Қолданылатын шикізатқа,технологияға байланысты сусындарды келесі топтарға ажыратады:щырын құрамдас сусындар;бидай шикізатты сусын;хош иісті май шикізатынан жасалған сусындар;арамотизатордағы(эссенцмя және ароматты спирт)сусындар;ашытқы сусындары;арнайы тағайындалған сусындар [4].
Көміртегі қос тотығымен қаныққан % сусындарды келесі типтерге бөледі:қатты газдалған -0,4 жоғары;орташа газдалған -0,3-0,4; әлсіз газдалған-0,2-ден 0,3-ке дейін және газдалмаған, ол өңдеу әдісіне байланысты-пастерленбеген,пастерленген болып бөлінеді.Сонымен қатар консервант қосылған қосылмаған,салқындай және ыссылай құйылған сусындар да болуы мүмкін.
Газдалған алкогольсіз сусындар өндіру үшін келесі компоненттер кіреді: жеміс-жидекті және спирттелген шырындар, морстар, тұнбалар және өсімдік шикізаттарының экстракттары, жеміс және жидектен жасалған концентрленген шырындар,композициялар,ароматты заттар, сусындарға арналған концентраттар, бояғыштартар,қант және оны алмастырғыштар, тағамдық қышқылдар, ас суы, көміртегі диоксиді. Сондай–ақ консерванттар, дәрумендер және т.б.қосады [5].
Дамыған елдерде алкогольсіз сусындарды тұтыну келесідей: ФРГ-195л, АҚШ-164л, Бельгия-130л (бір жылға есептегенде).
Сусындардың үлкен әр түрлі дәмдік сапасын, олардың өндірісі үшін қолданылатын, жартылай фабрикаттардың әртүрлілігімен анықталады. Жартылай фабрикаттар алу үшін өсімдік шикізаттарының жеуге жарамды, табиғата кездесетін жемістер, жидектердің барлық түрлерін пайдалану мүмкін.
Құрылымы, құрамы және жеміс-жидекті шикізатты өңдеудің технологиялық ерекшелігіне байланысты оларды топтарға бөледі:
-тұқымды;
-сүйекті;
-жидекті;
-жаңғақты;
-субтропикалық жемістер;
-тропикалық жемістер.
Тұқымды жемістерге алмұрт, алма, айва, ирга, шетен жатады. Бұл жемістердің сипаттамалық ерекшелігі-ортасында тұқымы бар бес жұлдызды камер(қуыс)және қатты қабығының бар болуы болып табылады.
Сүйекті жемістердің сыртында әртүрлі қалңдықты қабаттар, ішінде ядросы бар сүйегі болады. Оларға: шие, алһоры, өрік, шабдалы және т.б.жатады.
Жидектер-суы көп тұқымды жеміс,тұқымдары жұмсағының ішінде болады.Бұл жүзім,бүлдірген,құлпынай,ит бүлдірген,және т.б.кіреді.
Субтропикалық жемістерге цитрусты, анар, құрма, инжир жатады. Тропикалыққа - ананастар, банандар, манго жатады [6].
Жемістердің және жидектердің химиялық құрамы олардың түріне,сортына,өсіп-жетілу жағдайына байланысты әртүрлі болады.Жаңа жемістер мен жидектерде 70-тен 90%дейін су болады.Құрғақ заттардың негізгі компоненті-қанттар.Олардың мөлшері 2-ден 15%дейін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет