О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет36/37
Дата03.12.2023
өлшемі4.58 Mb.
#485237
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Кешірдім????

Автордан
Д
осым, маған сенім білдіріп, осы кітапты 
таңдағаныңа алғыс айтамын. Кітапты оқуға уақыт 
бөліп, кемелдіктің, кешірімді болудың, бейбітшіліктің 
биік дәрежесіне жетуге тырысқан талпынысыңа үлкен 
рақмет. 
Біз осылайша бір-бірімізбен байланыс түздік. Сенің 
күн санап абзал тұлғаға айналуға тырысқаның үшін 
үлкен алғыс білдіргім келеді. Өйткені сен біз өмір сүріп 
жатқан әлемімізді өзің үшін және барша адамдар үшін 
ең абзал ортаға айналдыруға үлес қосудасың.
Кешірімді болудың мәнін, берер пайдасын, 
нәтижесін түсініп, сол ұғыммен өмір сүрген күннен 
бастап, өз өміріңе қарашы. Өмірің құдды ең шебер 
суретшінің суретін салуға әзірлеген үлкен, ақ тақта 
секілді. Осыдан соң сен өмірің туралы көз жауын алатын 
ең керемет суреттерді сала аласың. Өмір тақтасын 
махаббат, кешірім, кеңшілік, бейбітшілік бояуларымен 
боя. Өзегелерге де өздерінің өмір тақталарын әрлеп, 
көркемдей түсулеріне қолдан келгенше көмектес. 
Өміріңді жек көрініш, ашу-ыза, қайғы-мұң, жанды 
жаралау сияқты жағымсыз әсерлермен зая кетіруден 


iqup
157
сақтан. Өмір бір-ақ рет берілетінін түсіне отырып, 
өміріңді махаббатпен, сүйіспеншілікпен өткізуге тырыс. 
Ал егер кешірім танытуға шамаң келмей жатса, онда 
қолайсыздық туғызған жайларды барынша елемеуге 
тырыс. Түрлі нәрселердің, факторлардың өміріңнің көп 
бөлігін алуына жол берме.
Жүрегіңде махаббаттың, жан сұлулығының, ақыл-
ойдың, рухтың аясын кеңейте бер. Ал жағымсыз 
әсерлердің аясын жоғалғанға дейін барынша тарылта 
бер. 
Егер жақсы өмір сүремін деп шешсең, асылында, 
өмір көрікті болады. Құдды ыдыстың аузына бітеліп 
қалған заттай өзіңді қапасқа қамама. Тар жерден кең 
жерге, талас-тартыстан бейбітшілікке шық.
Бұл кітапты оқу барысында, бәлкім, нәпсің айтылған 
нұсқауларды орындамауға бұра тартуы мүмкін. 
Нәтижесінде сен кітапты құр оқумен шектеліп, 
өмірлік сұрақтардың маңызды шешімдерімен бетпе 
- бет келерсің. Алайда кешірімділік мұндай жолмен 
бұйырылмайды. Оң өзгерістер, әсіресе, өмірдің жақсы 
жаққа қарай өзгеруі құр сөзбен ғана жүзеге аспайды. 
Шын мәнінде, кітапта айтылған нұсқаулар орындалып, 
онда айтылған ізгі қасиеттер бойда шыңдалған кезде 
бұйырады. 
Мақсатыңа жеткен кезде, маған сол жетістігіңді 
хабарлауды ұмытпа. Өйткені мен оған қуанамын. 


Кешірдім
158
Монолог
Д
үниеде осы уақытқа дейін келіп - кеткен ең күшті 
сардар кім, білесіз бе? 
Өзімен өзі күресіп, ол соғыста жеңіске жеткен 
адамдар. 
Рас-өтірігіне көз жеткізгің келе ме? Бәлкім, әлемдегі 
ең мықты сардар болғың келетін де шығар. Ол үшін бір 
ғана нәрсені жасауың керек: 
Бүгінге дейін сенің жаныңды ауыртқан барлық 
адамды шын жүрегіңмен кешір! 
Қолыңнан жетектеп, мойнына көтерген, қолыңа 
қаламнан бастап балғаны ұстауға дейін үйреткен әкең 
бар ма? Онда әкеңді құрметте! 
Білесің бе, кей әкелер тәрбиені көзімен береді 
дейді... кей әкелер ұлын «батырым» деп жақсы көреді 
екен... кей әкелер «қызым мейірімді даладан іздеп 
кетпесінші» деп қызын аялайды екен... Әкесі барлардан 
естігенім ғой, шынымен солай шығар.
Бала күнімде тентектер күш көрсеткенде қарулы 
әкенің демеуіне мұқтаж болған едім. Мені осындай 
шарасыз халде тастап кеткеніне налып, оған деген 
ашумен, ызамен, ренжіп өстім. 


iqup
159
Қазір, міне, оңым мен солымды таныған азаматпын! 
Мені жасқандырудың өзі оңай емес болғалы қашан. 
Табанды, өжет әрі білімді азаматпын! 
Әке, менің өмірге «төселіп» өсуіме қосқан үлесің 
орасан зор. Егер мені тастап кетпегеніңде бәлкім, ынжық 
болар ма едім. Қазіргі шыққан шыңыма шыға алмайтын 
едім ғой. Қолыма қаламды саған деген өкпемді төгу 
үшін емес, алғыс айту үшін алдым. Кеудемде бір 
жеңілдік бар. Жүрегімді тыңдасам, алғыстар легі екен.
Әке, менің өмірімнен орын алмағаныңа рахмет! 
Сенің жоқтығың мені қайратты етті. 
Әкетай, сен маған жоқтығың арқылы адамдарды 
тануды үйреткеніңді білесің бе? 
Әкешім, сенің жоқтығың менің әкелік парызымды 
ер адамға сай өтеуге үйретуде. Сен менің өмірімде 
жолықпаған ұстазымсың! Жоқтығыңмен жігерлендірдің. 
Бұрын сені мүлде кешірмеймін деп ойлайтынмын. 
Хе... Қазір ойлап отырсам, бірінші болып алғысымды 
айтатын адам сен екенсің. Мейірімді, қамқорлықты, 
жауапкершілікті жоқтығыңмен үйреттің. 
Сені ертерек кешірмегенім үшін сөге көрме. Өйткені 
мен сенен сабағымды алып бітпеген едім. Ұлың азамат 
болды, әке! Саған алғыстан басқа жазар сөз таппай 
отыр. 
Кешірдім, әкетай, жолықпаған тәлімгер! 
Кешірдім. 


Кешірдім
160
«IQUP» ЖОБАСЫ ЖАЙЛЫ
Бұл мәтіннің жолы болды. Өйткені ол сізге түрлі 
алпауыт ақпараттардың арасынан жетіп отыр. Осы 
мәтінге назар салған екенсіз, демек санаңыз ұйқыға 
кетпеген деген сөз.
Кітап саласын қолға алған себебіміз, айналамызда 
ешкімге білінбейтін бір сұмдық жағдай орын 
алуда. Жыл өткен сайын өзіміз меңгергіміз 
келетін әдеттер мен шынайы келбетіміздің арасы 
алшақтағаны соншалықты, тіпті құрдымға кетіп бара 
жатыр. Өмір ритмінің жылдамдағаны соншалықты 
кімдерді ренжітіп, кімдерге ренжіп қалғанымызды 
аңғармаудамыз. Тіпті ғайбат айту, алдау, орынсыз 
күмән, сатқындық, адамның ақысын жеу секілді 
дініміз тұрмақ адамгершілікке жат әдеттерге біле тұра 
бой алдырудамыз.
Уақыт азайған сайын адамдығымыз ақсап жатыр. 
Адамдық батпаққа батып бара жатыр. 
Бұл қалыпты жағдай емес. Қалыпты жағдай дегеніміз 
- адамдармен көркем мәміледе болу және жақсы 
көретін іспен айналысу арқылы адамзаттың дамуына 
үлес қосу.
Қараңыз. Біздің замандастарымыздың үлкен бір 
проблемасы бар. Ол – немен айналысарын білмей


iqup
161
“өзімді жоғалтып алдым” деп әр нәрсенің басын шалып, 
соңына жеткізбей орта жолда қалдыру. Бізге коммунизм 
құрудың, соғысудың, тыңды игерудің, ғарышты ашудың 
керегі жоқ.
Иә, бізге өмірде не нәрсеге қол жеткізуіміз керектігі 
айтылмаған әрі біз оны қалай өткізсек те өзіміз білеміз. 
Атап айтқанда, кредитке телефон аламыз, расрочкаға 
киім аламыз, телефоннан сағаттап ойын ойнамыз, 
бургер жейміз. Ойлап қараңызшы, адамзат тарихындағы 
ең озық технологиямыз бар. Қазір Ұлы адам болудың 
нағыз заманы келді әрі керемет нәтижелерге қол 
жеткізетін заман. Бұрын-соңды болмаған мүмкіндік 
бұл! Алайда армандарымыздың қолжетімді болғаны 
соншалықты біз мас секілдіміз, жалқаулыққа ата-
бабадан қалған мұрадай жабысып қалғанбыз. 
Ештеңе етпейді, оны да түзетуге болады. Қолыңызға 
біздің кітаптарымызды алған болсаңыз, сізге бәрібір 
болмағаны. Кітаптарымызды оқи келе өміріңізге 
өзіңіз қожайын болудың қарапайым қағидасын түсініп 
аласыз. Бұл оңай емес, бірақ мүмкін нәрсе. 
Тағы бір нәрсе. Мына бір қызық жағдайға назар 
аударыңызшы. Тып-тыныш өмір сүріп жүрген едік, 
аяқ астынан бәрімізге мотивация керек бола қалды. 
Көпшіліктен еститініміз: “қолыма кітап беріп, 
дамуыма мотивация беріңіздерші”. “Денсаулығымды 
күтіп жүруіме мотивация беретін бір приложениені 
көрсетіңізші”. “Жалақымды көтеріп, бас алмай жұмыс 
істеуіме жағдай жасап қойса ғой”. Осы сөздерден егер 


Кешірдім
162
бізді таяқтамаса, өз бетімізше өспейтін, дамымайтын 
болған екенбіз деген ой түйеміз. Денсаулықты да 
күтпейміз. Жұмысты да қалай болса, солай істей 
саламыз. Ең қызығы бұл емес. Бәріміз мұқтаж бола 
қалған мотивацияны бір сөзбен-ақ айта салуға болады: 
“Өмірге бір-ақ рет келесің”. Бір секундқа кідіріңіз, 
барлық сырт көз бен сөзден үзіліс жасаңыз, сонда 
өмірдің ағып бара жатқанын естисіз.
Аққанда да, сарқырай жылдамдықпен ағып бара 
жатқанын көресіз. Жылдамдық деген қорқатын нәрсе 
емес. Мәселе өткен күннің қайта айналып келмеуінде. 
Қазіргі кезде адамның өзіне уақыт табуына кедергі 
келтіретін арбаушы фактор өте көп. 21-ғасырда 
көркем әдебиеттер мен фильмдермен қатар өмірдің 
“қылмыскері” интернет есімді жаңа атаумен толықты. Бұл 
үнсіз қылмыскер арбап отырып алдап, өлтіре салады. 
Ал біз, барлығымыз саррацениге жабысқан жәндіктер 
секілді жаймен жаһандық тордың шырмауына дөп 
түсіп шырмала береміз. 
Түгелдей апатияға түсіп кеткен адам болып жатқан 
жағдайға контроль жасай алмай қалады. Тіпті өз 
өмірін қалай сүруді ұмытады. Өз өміріне ықпал ете 
алмай тұрса да, бірдеңе қалап тұрады. Уақыт өте келе 
өмірдің “тұрмыстық жағдай” дейтін құмсағаты басып 
қалғанда үміт те өшеді. Сонда әлгі байғұстың “бәрі 
кері кетті ғой” деп шағымданғаннан басқа қолынан түк 
келмейтін болады. Ал бостан-босқа өткізген күндерінің 
орнын ғапылдықпен өткізуі ғажап емес. Болды - бүкіл 


iqup
163
энергиясы осылай түгесілді, енді қолдағы бармен, 
шама жеткен жерге дейін өмір сүру ғана қалады. Мұны 
өмір деуге келе ме?
Адамда тұрмыс-тіршіліктің (быт) құлы болу мен 
өзіне билік етудің шекарасы қай жерден басталады? 
Неге басқалар дәл сондай кезеңнен өтіп дегеніне 
жеткен? Құрылысшы болды, дәрігер болды, жазушы 
немесе ғалым болды. Осы сұрақтың жауабын біздің 
кітаптардан табасыздар. Біз беретін ақпараттар 
ойлануға итермелейтін ақпараттар жинағы ғана емес. 
Кітаптарымыздан өміріңізге билік етуге құрылған 
системаны да аласыз. Алайда сіздің тарапыңыздан 
белгілі бір күшті де талап ететінін бірден айта кетейік. 
Бірақ қорықпаңыз, шамаңыз жетпейтін нәрсені ислам 
да жүктемеді, біз де міндеттемейміз. Талап етілетін 
нәрсе сізге де ұнауы тиіс. Мыңдаған киллометрлік 
тереңдіктегі жер астында жүрген шахтер да өз 
жұмысынан ләззат алады ғой. Ғалым адам да еңбегі 
еш кетпей ғылымның бір парағын ашқанына қуанады. 
Қарапайым жігітті де зілтемір көтеріп шыныққанда 
қуаныш кернеп тұрады. Қазір аздап қиналса, уақыт өте 
келе өзін жақсы сезінетінін түсініп тұрады. 
Мен кіммін? Мұның барлығын не үшін жасап 
жатырмын? Бұл сұрақтарға дәл қазір жауап беремін. 
Аслан Орақбаев деген атыма мән бермей-ақ 
қойыңыздар. Жай ғана asik-пін. Шынайы өмірде жоқ 
болуым да мүмкін. Бәлкім, asik-тің артында бір топ 
қоғам белсенділері тұрған болуы мүмкін. Бәлкім 


Кешірдім
164
бірнеше адамның еңбегі жатқан болуы да ықтимал. 
Негізінде, бұл аса маңызды емес.
Біздің жобаның кітаптары көркем әдебиет емес. 
Біз атаққа, әлдекімнің бізді мойындауына, қошеметке 
немесе жылтырақ қаңылтырға ұмтылмаймыз. Біздің 
мақсатымыз мүлде басқа. Ол – адамдардың өмірін 
басқан сұр түс ішінен мың бояуды көрсету. Жалыны 
өшкен жандар өздерінің қаншалықты талантты екенін 
естеріне алып, қайта қанаттанып өнері мен қабілетін 
паш етсе деген тілек. Үміті өшкен ұландарымыз бен 
қызғалдақ қыздарымыз түнек түбінен сәуле көріп, 
қолдау мен демеуге ие болса деген ой. Шіркін, шіркін, 
шіркін... «Шіркіннің» көптігі соншалықты сіздерді 
шаршатып жіберуден қорқамын. 
Оқырманды сақтандыратын бір ғана мәселе бар. 
Тегін кітаптар. «Қойшы, а?» деместен бұрын түсіндіруге 
мұрша беріңіз. Бұл жерде IQUP жайлы ғана емес, 
тұлғалық дамуға бағытталған барлық кітаптар жайлы 
айтқалы отырмын. Әлемде өзгермейтін заңдылық – 
тегін дүние жоқ. Бұл деген сөз, шығарманы жүктеп алған 
кезде эквивалент бермейсіз. Олай болса, тегін алған 
білімнің сізге түк пайдасы болмайды. Бәрін интернеттен 
тегін жүктеп алатын адамдарға қараңызшы. Олар 
соны үнемі оқып, бөлісіп, жазылған дүниеге тамсанып 
жатады... бірақ... баяғы жартас, сол жартас күйі тұрмақ. 
Алған білімнің барлығы қолдануға келмейді. Ондай 
кітаптар арасында адам өзін балбалтастар музейінде 
жүргендей сезінсе керек. Бір қарағанда бәрі әдемі


iqup
165
шындыққа жанасқан, ал іске келгенде... жалған сөз/
сырт келбет/елес...
Бұл кітап та дәл сондай күй кешетініне кепілдік жоқ. 
Сенсеңіздер де, сенбесеңіздер де, өз еркіңіз. 
Біздің жобаның кітаптарын да интернеттен 
жүктеп алып оқи аласыздар. Мархабат! Бірақ, біліп 
қойыңыз, біз бұл кітапты сіздер үшін жазған жоқпыз. 
Біз кітаптарымызды үздіксіз жұмыс істейтіндер үшін 
жаздық. Жұмыс істеп, алған біліміне ақша төлеуге 
дағдыланған адамдар үшін жазамыз. Кітапқа ақшасын 
қиып, сатып алатындар – жілігін шағып майын 
ішетіндер, міне, сондай адамдардың өміріне иелік ету 
мүмкіндіктері жоғары. 
Қандай жағдай болмасын, оқып көріңіздер. Сіздерге 
сәттілік тілеймін, тіпті бұл кітапты кездейсоқ тауып 
алсаңыз да. Жазылғандарды түсінген кезде кітапқа 
«жан бітеді», бәлкім сол кезде жобаға алғыз айтарсыз – 
төлерсіз. Егер солай болып жатса, instagram желісіндегі 
asik немесе iqupro парақшасына өтіп, жеке хат жаза 
аласыздар. 
Ал көптен бері біздің жобамыздың жанашыры мен 
қолдаушысы болып жүрген оқырмандарымыздан 
жобаның мақсатын ұзын-сонар сөзбен түсіндіргенім 
үшін кешірім сұраймын. Бұл оқырмандарға айрықша 
алғыс айтқым келеді, өзі мен айналасын әсемдеуге бел 
буған жандар, нағыз сіздер. 


Кешірдім
166
Ендеше, досым! Міндетті арқалайтын жасқа жеттің, 
олай болса аз-аздан үздіксіз, сапалы амал жасауды 
баста! Сөз соңында біз қазақ зиялылары жазған 
“Айқап” журналының соңғы санындағы мына аманатты 
жеткізгіміз келеді:
«Ал енді алаш азаматтары!.. Біз қолымыздан келген 
жұмысымызды алаш пайдасына жұмсаудан тартынбай 
қазақ жұртымызға аз да болса бip соқпақ жол болсын 
деп бастап журнал шығардық, мақсұтымыз дүние 
жиып байымақ, пайдаланбақ емес, тек қана жұрттың 
көзі, құлағы болмақ еді. Білгенімізді жаздық, айттық... 
не жазсақ та таза жүрек, таза ниетпен жазып едік, 
мақсұтымыз халыққа жол көрсетпек еді. Газеташылық, 
журналшылық қазақ жігіттерінің қолынан келетін 
жұмыс екендігін сыпат етпек едік. Біз сол мақсұтымызға 
жеттік. Ендігі жұмыс оқыған жастардың мойнында...» 


iqup
167
ШАТЛЫҚ
Хайырлы сағат. Алашқа бірдей шатлыққа,
Сабыр етіп, сарғайып жеттік ақтыққа.
Сілік үстіңнен шаады, қазақ баласы,
Жетер енді, оянбай біраз жаттық та.
Аш ұйқыңды, ал қазақты матбуғат,
Шетке қақпа, біздің жұрт та болсын шат.
Талапкерлер майданында жарысып,
Бәйгісіне алып шықсын мағлұмят.
Бұлар келіп, халықты қара ағартсын,
Білмегендер білгіш болып тағы артсын.
Әр алуан ғылымнан алып үлесті,
Шын көңілден халқына сүйген тартсын.
Бұл хабар қуандырар елді байтақ,
Керегін матбуғаттың келген байқап,
Жасасын ғұмырлы боп енді «IQUP».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет