О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет69/159
Дата09.05.2023
өлшемі3 Mb.
#473411
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   159
О.ӘБУТӘЛІП (4)

14-cабақ 
КЕПІЛХАТ

Анықтамасы:
Кепілхат – белгілі бір құндылықтардың (мүлік, зат, ақша т.б.) 
алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып 
беретіндігін міндеттеп көрсетіп, келісімшарттың негізінде жасала-
тын ісқағазының бір түрі.
Кепілхаттың құқықтық дәрежесі жоғары, заңдық күші бар. Себебі, 
кепілхат міндетті түрде нотариалдық кеңседе нотариус жазбасымен рас-
талады, мөр басылады. 
Кепілхат алушы, беруші және нотариалдық кеңсе үшін 3 дана етіп 
толтырылады.
õ
Кепілхаттың ерекшелігі:

Келісімшарт негізінде жасалынады.

Даналары туралы мәлімет көрсетіледі.

Кепілдіктері көрсетіледі.
6
Құрылымы:
1. Құжаттың атауы.
2. Күні, айы, жылы, жасалған орны.
3. Кепілхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, жеке 
куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені).
4. Кепілхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, жеке 
куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені).
5. Алынған заттың атауы (егер ақша болса, сомасы санмен де, жазба-
ша да көрсетіледі).
6. Қайтарылатын нақты уақыты.
7. Затқа берілетін кепілдіктері.
8. Даналар туралы мәлімет.
9. Тараптардың қолы.
10. Нотариалдық кеңсенің жазбасы, қолы, мөрі.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Кепілхат қандай құжат?
2. Кепілхат қандай құжаттың негізінде жасалынады? 
3. Сенімхаттан кепілхаттың айырмашылықтары неде?
4. Кепілхат қайда куәландырылады?
5. Кепілхаттың құрылымы қандай?
6. Кепілхат қанша дана болып дайындалады?


108
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Үлгі:
Кепілхат
Алматы қаласы, 2009 жыл 10 қазан
Мен, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 23 үй, 89 пәтердің тұрғыны
11.03.2005 жылы ҚР ӘМ-гі берген №46578978011 жеке куәліктің иегері 
азамат Оразова Әйгерім Құдайбергенқызы, 
Алматы қаласы, Абылай хан көшесі, 2 үй, 12 пәтердің тұрғыны, 
10.05.2003 жылы ҚР Әділет министрлігі берген №08974657 жеке куәліктің 
иегері азамат Тайлақова Мөлдір Даниярқызынан үш жүз мың (300 000) теңге 
алдым. Алған ақшаны 2010 жылы 20 қыркүйекте қайтаруға міндеттенемін.
Өз міндеттерімді орындауға:
– келісімшартқа сәйкес пайызын төлеп тұруға;
– алынған ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға;
– келісімшарт талабы орындалмаған жағдайда айып төлеуге;
– мекенжайым өзгерген жағдайда бұл туралы 3 күн ішінде хабарлауға 
кепілдік беремін.
Кепілхат үш дана етіп жасалған, бірінші данасы – Алматы қаласы 
№122 нотариалдық кеңседе тіркелген, екінші данасы – азамат Тайлақова 
Мөлдір Даниярқызында, үшінші данасы – азамат Оразова Әйгерім 
Құдайбергенқызында сақталады.
Тараптардың қолы:
Ә. Оразова
М.Тайлақова
Мен, 11.03.2003 жылы ҚР ӘМ-гі берген №46578978011 лицензия 
негізінде әрекет ететін, Алматы қаласы, №122 нотариалдық кеңсенің 
нотариусы Рамазанов Досан Талғатұлы, 2009 жылы 10 қазанда жоғарыда 
жазылған кепілхат мазмұнын куәландырдым.
Кепілхатқа менің қатысуыммен азамат Оразова Әйгерім 
Құдайбергенқызы мен Тайлақова Мөлдір Даниярқызы қол қойды.
Кепілхат иесінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке 
қабілеттілігі тексерілді.
№245 тізбесіне тіркелген.
1800 (бір мың сегіз жүз) теңге мемлекеттік салық алынды.
______________ Нотариус Д.Рамазанов


109
Орынғазы Әбутәліп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет