103-бап. Екінші кезектегі кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру сомасы мен тәртібі
1. Кепілді кредитор талабының сомасын айқындау кезінде кепілмен қамтамасыз етілген бөлігіндегі міндеттеме бойынша берешек ескеріледі.
2. Кепілді кредитордың талаптары кепіл нысанасын өткізуден түскен соманың мөлшері шегінде қанағаттандырылады. Талаптардың кепіл нысанасын өткізуден түскен соманың мөлшерінен асатын сомасы төртінші кезек құрамына енгізуге жатады.
2-1. Егер кепілге салынған мүлік синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету нысанасы болып табылса, кепіл нысанасын өткізуден түскен ақша, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес синдикатталған қаржыландыру кезінде кредит беруді жүзеге асыратын кредиторлар арасында олардың кепілмен қамтамасыз етілген талаптарының мөлшеріне пропорционалды түрде бөлінеді.
3. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 103-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 22.04.2015 № 308-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
104-бап. Кепілді кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру
Ескерту. 104-бап алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
104-1-бап. Кепілді кредиторлардың талаптарын кепілге салынған мүлікті заттай қабылдау арқылы қанағаттандыру
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Уақытша басқарушы сот борышкерді банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде кепілге салынған мүлікке бағалау жүргізуді ұйымдастырады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Банкроттық басқарушы өзі тағайындалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кепілді кредиторға және (немесе) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агентке пошта арқылы тапсырыс хатпен осы баптың 4-тармағына сәйкес кепілді кредитор өтеуге жататын соманы көрсете отырып, кепілге салынған мүлікті заттай қабылдау туралы ұсыныспен бірге кепілге салынған мүлікті бағалау нәтижелерін жібереді.
2-1. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент кредиторлар синдикатына қатысушыларды кепілге салынған мүлікті заттай қабылдау туралы банкроттықты басқарушының келіп түскен ұсынысы туралы хабардар етуге міндетті.
3. Кепілді кредитор және (немесе) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент осы баптың 2-тармағында көрсетілген ұсынысты алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей кепілге салынған мүлікті заттай қабылдауға келісімін немесе одан бас тартуын жазбаша түрде білдіруге міндетті.
Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агенттің келісіміне синдикатталған қарыз туралы шартқа сәйкес қаржыландыру үлесі жиынтығында қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде үштен екісін құрайтын кредиторлар синдикатына қатысушылардың шешімі қоса беріледі.
4. Кепілді кредитор кепілге салынған мүлікті заттай қабылдауға келіскен жағдайда банкроттық басқарушыға кепілге салынған мүлікті заттай қабылдау туралы жазбаша хабарлама жіберілген күннен бастап бір айдан кешіктірмей оны қабылдағанға дейін кепілге салынған мүлікті бағалауға және күтіп-ұстауға байланысты әкімшілік шығыстарды, сондай-ақ кредиторлар талаптары тізілімінің бірінші кезектегі құрамына енгізілген, еңбекке ақы төлеу бойынша кредиторлар талаптарын өтеу үшін борышкердің өзге мүлкі болмаған жағдайда, көрсетілген талаптарды өтеуге міндетті.
Еңбекке ақы төлеу бойынша кредиторлар талаптары республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген, үш айдан аспайтын кезең үшін жалақының ең төмен мөлшері шегінде, бірақ кепілге салынған мүліктің бағалау құнының он бес пайызынан аспайтын мөлшерде қанағаттандырылады.
Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент кепілге салынған мүлікті заттай қабылдауға келісім білдірген жағдайда, кепілге салынған мүлікті бағалауға және күтіп-ұстауға байланысты әкімшілік шығыстарды, сондай-ақ кредиторлар талаптары тізілімінің бірінші кезегінің құрамына енгізілген кредиторлардың еңбекке ақы төлеу жөніндегі талаптарын кредиторлар синдикатына қатысушылар осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімде осындай мүлік заттай қабылданғанға дейін өздерінің синдикатталған қарыз шартына сәйкес кепілмен қамтамасыз етілген талаптарының мөлшеріне пропорционалды түрде өтуге тиіс.
5. Банкроттықты басқарушы осы баптың 4-тармағында айқындалған әкімшілік шығыстар, сондай-ақ кредиторлар талаптары өтелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кепілге салынған мүлікті кепілді кредиторға оның талаптарын қанағаттандыру есебіне береді.
Егер кепілге салынған мүлік синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету нысанасы болып табылса, мұндай мүлік кредиторлар синдикатына қатысушыларға олардың синдикатталған қарыз шартына сәйкес кепілмен қамтамасыз етілген талаптарының мөлшеріне пропорционалды түрде үлестік меншікке беріледі.
6. Егер осы баптың 4-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген өтелген кредиторлар талаптарын шегергенде кепілге салынған мүліктің бағалау құны:
кепілді кредитор талаптарының мөлшерінен көп болса – кепілді кредитор және (немесе) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент айырманы кепілге салынған мүлік өзіне берілген күннен бастап бір ай ішінде банкроттың мүліктік массасына береді;
кепілді кредитор талаптарының мөлшерінен аз болса – кепілді кредитордың айырма мөлшеріндегі талаптары кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізіледі және төртінші кезек құрамында қанағаттандырылуға жатады.
7. Кепілді кредитордың талаптарын қанағаттандыру:
1) кепілді кредитор және (немесе) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент кепілге салынған мүлікті заттай қабылдаудан бас тартқан;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2) кепілді кредитор және (немесе) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент уақытша басқарушының ұсынысына осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімде жауап ұсынбаған;
3) осы баптың 4-тармағында айқындалған әкімшілік шығыстар мен кредиторлар талаптары толық көлемде өтелмеген жағдайларда, осы Заңның 103-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
8. Кепілді кредитор және (немесе) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент банкроттықты басқарушыға банкроттың кепілге салынған мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайлар басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беруге міндетті.
9. Осы бапта белгіленген тәртіп талаптары банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушының қарыз алуы нәтижесінде туындаған кредиторларға қолданылмайды.
Ескерту. 6-тарау 104-1-баппен толықтырылды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |