Оңалту және банкроттық туралы 1-бап



бет16/35
Дата11.05.2023
өлшемі0.55 Mb.
#473513
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
onaltu zhane bankrottyk turaly

99-1-бап. Банкроттың кәсіпорнын сату

1. Осы баптың мақсаттары үшін банкроттың кәсіпорны деп кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, құрал-саймандарды, шикiзатты, өнiмдерді, жер учаскесiне құқықты, талап ету құқықтарын, борыштарды, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлерге құқықтарды (фирмалық атау, тауар белгiлерi) және басқа да айрықша құқықтарды қоса алғанда, мүліктің барлық түрлерін қамтитын мүліктік кешен ұғынылады.

2. Кәсіпорынды сату тікелей сату жолымен жүзеге асырылады.

3. Кәсіпорынды сату банкроттықты басқарушы сатып алушымен жасасатын кәсіпорынды сатып алу-сату шартымен ресімделеді.

4. Кәсіпорынды сату кезінде сатып алушы кәсіпорынды сатып алу-сату шартына сәйкес шартқа қол қойылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде төлемді жүзеге асыруға тиіс.

Төлем жүргізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде банкроттықты басқарушы банкроттық рәсімін жүргізу барысында жұмсалған әкімшілік шығыстар сомасын шегеріп, сатудан түскен ақшаны мүліктің меншік иесіне немесе құрылтайшыға (қатысушыға) табыс етуге міндетті.

Банкроттықты басқарушының кәсiпорынды беруi және оны сатып алушының қабылдауы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тараптар қол қоятын және ресімделетін өткізу актiсi бойынша жүзеге асырылады.

5. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн банкроттықты басқарушы сотқа өз қызметi туралы кредиторлар жиналысымен келісілген қорытынды есептi ұсынады.

6. Банкроттың кәсіпорнын сату кезінде сот қорытынды есепті бекітеді.

Борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қолдана отырып оны тарату туралы шешiмнің күшін шешімді шығарған сот жоюға тиіс.

Ескерту. 6-тарау 99-1-баппен толықтырылды - ҚР 13.11.2015 № 399-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет