Қобда ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс –шаралар жоспары



Дата03.07.2016
өлшемі63.88 Kb.
#175081
Аудан әкімдігінің

2015 жылғы 20 тамыздағы

№ 195 қаулысына

қосымша
Аудан әкімдігінің

2015 жылғы 1 шілдедегі

№ 145 қаулысымен

бекітілген


Қобда ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі

2015-2017 жылдарға арналған іс –шаралар

ЖОСПАРЫ




Іс – шаралар атауы

Аяқтау нысаны

Орындауға жауапты

Орындау мерзімі

1.

Өзіндік өзгешеліктері мен жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған ішкі ведомствоішілік іс-шаралар жоспарын қайта қарау

2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

ауылдық округ әкімдері,

мемлекеттік органдар басшылары



2015 жыл

қыркүйек


2.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру іс-шаралар жоспарын, Ақтобе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын және ауданның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау үшін, жауапты тұлғаларды анықтау

Өкімдер (бұйрықтар)

ауылдық округ әкімдері,

мемлекеттік органдар басшылары



2015 жыл

қыркүйек


3.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы, мемлекеттік қызмет туралы заңдарының және мемлекеттік қызметшілердің этика нормалары талаптарының сақталуына іс-шаралар ұйымдастыру

семинарлар, дөңгелек үстелдер

ауылдық округ әкімдері,

мемлекеттік органдар басшылары




тоқсан сайын

4.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында БАҚ-да және/немесе мемлекеттік органдардың интернет ресурстарында ауқымды ақпараттық-насихат жұмысын ұйымдастыру

Жарияланымдар

аудан әкімнің аппараты,

аудандық ішкі саясат бөлімі



жыл сайын

5.

Жергілікті БАҚ-да және/немесе мемлекеттік органдардың интернет ресурстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыт бойынша тұрақты айдарлар ашу

тиісті ақпараттар

ауылдық округ әкімдері,

мемлекеттік органдар басшылары



тұрақты

6.

БАҚ-да жер пайданушылардың және жеке жер учаскелерінің меншік иелерінің құқықтары мен міндеттеріне қатысты ақпараттар жариялау

тиісті ақпараттар

ауылдық округ әкімдері,

жер қатынастары бөлімі



жарты жылды

бір рет


7.

Мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асыру жөніндегі ақпараттық ашықтығын қаматамасыз ету

БАҚ-да тиісті ақпараттар

ауылдық округ әкімдері,

мемлекеттік органдар басшылары



жарты жылды

бір рет


8.

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу бойынша мәліметтерге, жеке тұрғын құрылыс үшін жер телімін алу, мектепке дейінгі мекемелерге жолдама бойынша кезекте тұрған азаматтардың кезегінің тізімдеріне еркін қолжетілімдікті қамтамасыз ету

Кезектілік туралы тиісті ақпараттар

аудандық тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары,

жер қатынастары, білім бөлімдері



тұрақты

9.

Жер учаскелерін беру кезінде, соның ішінде сауда-саттық (аукциондар, конкурстар) өткізу кезінде ашықтықты қамтамасыз ету

тиісті ақпараттар

ауылдық округ әкімдері,

жер қатынастары бөлімі



тұрақты

10.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және олардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күндерін өткізу

сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күндерін өткізу

ауылдық округ әкімдері,

мемлекеттік органдар басшылары



жарты жылды

бір рет


11.

«Сенім телефонының», жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған жәшіктерінің оңтайлы жұмыс істеу тәжірибесін кеңейту

тиісті ақпараттар

ауылдық округ әкімдері,

мемлекеттік органдар басшылары



тұрақты

12.

Жастар ұйымдарын тарта отырып білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөнінде жан-жақты ақпараттық-насихаттық жұмысын ұйымдастыру

тиісті ақпараттар

аудан әкімнің аппараты,

ауылдық округ әкімдері,

жастар ресурстар орталығы,

аудандық білім, ішкі саясат бөлімдері



жарты жылды

бір рет


13.

Аудан тұрғындарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты түсіндіру мақсатында аудандық, ауылдық кітапханаларда плакаттар көрмесін ұйымдастыру

тиісті ақпараттар

аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, ауылдық округ әкімдері

2015 жыл

3 тоқсан


14.

Білім беру және денсаулық сақтау қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында жұмыс жоспарын әзірлеу

жұмыс жоспары

аудандық білім бөлімі, аудандық аурухана

2015 жыл

3 тоқсан


15.

Мемлекеттік сатып алу саласы бойынша құқық бұзушылықтың алдын-алуға қатысты қосымша шаралар жүргізу, оның ішінде сатып алу тәртібін өткізу барысында ашықтықтын жоғарлату және осы мәселе бойынша ұсыныстар енгізу

семинар ұйымдастыру

ауылдық округ әкімдері,

мемлекеттік органдар басшылары



2015 жыл

3 тоқсан


16.

Мемлекеттік қызметшілердің салық органына жыл сайын табыстары туралы мәлімдеме тапсырылуын бақылауға алу

тиісті ақпараттар

ауылдық округ әкімдері,

мемлекеттік органдар басшылары



тұрақты

17.

«Нұр-Отан» партиясымен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралар ұйымдастыру

дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізу

Аудандық ішкі саясат бөлімі

жарты жылды

бір рет



Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:

БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет