Құрметті жерлестер!
Қазақстан Республикасының Президенті Нурсултан Әбішұлы
Назарбаевтің 2013 жылғы 15 тамыздағы «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығы негізінде селолық округ әкімдері тоқсанына бір рет беретін болады .
Әкімдердің есебі ел өмірін қоғамдық саяси тұрғыдан демократияландыру бағыттарын бағдарлауға, халықпен билік арасындағы ашық диалогтың орындалуына, биліктің халық тағдыры алдындағы жауапкершілігін арттыруға және әлеуметтік экономикалық тұрғыдан аймақтардың проблемасын шешу бағытталған.
Мариногорка селолық округінің шаруа қожалықтардың негізгі қызметінің бағыты – егін шарушылығы. Округ бойынша барлық 48 шаруа қожалықтар. Ауыл шаруашылық өндірісінде пайдаланатын жерлердің барлық жер 16539 гектар, оның ішінде егістік 10757 гектар,шабындық 2442 га. 2013 жылы дәнді- дақылар – 10151 га, майлы дақылар – 1803 га егілді. Дәнді дақылардың орташа өнімділігі 11-12 центнер гектардан.
Селолық округте 48 ауылшаруашылықтар , 265 аула , оларда 80 трактор, 31 комбайн, 22 жүк және 145 жеңіл автокөлік тіркелген . Орта және шағын бизнестің субъектілерінен-4(ЖШС)
Шаруашылық субъектілерді 16539 гектар жер , оның ішінде 10963 гектар егіндік , 1441 шабындық .2014 жылы округте 7942,8 га дәнді- дақылдар , оның ішінде бидай 7599,8 га , 5748,3 га майлы дақылдар егілді .
Барлық дәнді –дақылдардың жиындық түсімі -70350 тонна
Дәнді-дақылдардың орташа түсімі 1 га 8-9 ц . Күнбағыс түсімі 1 га 10ц.-барлық түсімі 52863 тонна .Дәнді-дақылдар өсіретіндер «Мамбет» ш/қ басшысы Мамбетов Е.Д., «Дюсюпов» ш/қ басшысы Дюсюпов Е.К.,»Нива» ш/қ басшысы Порохов И.А. және т.б.
Округте мал өсірумен айналысатындар –«Нуржан» ш/қ басшысы Смаилов Арыстанбек , «Чукотаев» ш/қ басшысы Чукотаев Ануарбек , «Сауле» ш/қ басшысы Раисов Ринат және ара өсірумен айналысатын «Фацелия» ш/қ басшысы Шаров А.М., бұл шаруашылық барлық республикалық фестивальдерге қатысып , неше жыл бойы жүлделі орындарға ие болуда .
2013 жылы «Сауле» ш/қ 40 бас ірі қара әкелді ( қазақ ала сиыр тұқымы) 2014 жылы Алтай өлкесінен 4 асыл тұқымды бұқа әкелінді
2014 жылғы әлеуметтік жауапкершілік бизнес негізінде 7 шаруа қожалықтын басшыларымен және 3 жеке кәсіпкерлермен меморандумдар бекітілді. Барлық бекітілген соммасы 10 млн. мың тенге. Барлық селолық округінде өткізіліп жатқан мерекелік іс шараларға, қайырымдылық көмектер және селолық округінің ауылдарын көріктендіру жұмыстарына демеушілік көрсетіп отырған шаруа қожалықтар және жеке кәсіпкерлер арқылы көрсетіледі. 2015 жылға да мемарандумдар бекітілді .
Шаруа қожалықтардың арқасында қысқы кезенде ауылдың ішінің жолдары тазаланады . Ол «Мамбет» ш/қ басшысы Мамбетов Есимбек далелеович , және Жумба ауылының жолын биылғы жылы ДСУ -14 тазалайды . Барлық шаруа қожалықтар округтің мерекелік іс-шараларына демеушілік көмек көрсетеді . Аграрлық өнеркәсіп кешенің негізінде бірінші маңыздылығы - азық түліктердің қауіпсіздігі. Осы саясаттін өмірлік маңызы бұл - жеке меңшік шаруашылығын дамуы. 265 ауладан жеке жеке мал ұстайтын 192 аула . Барлық малдын саны –1280 бас Ірі қара мал, ұсақ мал -2020 бас, жылқы 489 бас, шошқа – 610 , тауықтар – 6414.
2014 жылы ет өнімінің жиынтығы 1552758,0 тенге .
2013-2014 жылдарда үкімет ауылшаруашылықтарға жанар майға және дәнді-дақылдар егуге субсидия берілді . 2013 жылы субсидия көлемі 17млн 205848 тенге болса , 2014 жылы 34 млн 527085 тенге болды . Мал өсіругеде субсидия бөлінді . 2014 жылы субсидия көлемі 15400000тенге
2020 жұмыспен қамсыздандыру бағдарлама бойынша Мариногорка селолық округінде төмендегі жобалар жоспарланып отыр . Олар : Жумба ауылындағы кіші наубайхана салу . Жоба иесі Акашев Олжас – жоба 3 млн 500 тенге көлемінде . 2 жұмыс орны ашылуға жоспарланып отыр . Кредит алынды ,жұмыс 2015 жылдың қаңтар айында жалғасады .Қалған 9 жобалар мал өсіруге 9 млн 600 мың тенге көлемінде , барлығы жоспараланып отырғаны 10 жұмыс орны ашылуға .
Округте бруцеллезге қарсы жұмыстар үнемі жүруде . Бізде ветеринарлық пункт қызмет етеді . Онда бір ветврач , екі санитар жұмыс істейді . 2014 жылы округте бруцеллез аурулары болған жоқ .
Округте 4 дүкен жұмыс істейді. Барлық жеке кәсіпкерлермен негізгі азық түліктердің көтерме бағаларын 10 пайыздан артық көтермеу және дүкендерді негізгі азық түліктермен жетістіру бойынша меморандум бекітілген.
Селолық округте 2 мектеп . Мариногорка оррта мектебі және Жумба негізгі мектеп . Мариногорка орта мектебінің директоры Айдаргазина Алмагуль Айтановна -66 оқушы 10 комплект/ класс. Кіші шағын орталығына 20 бала . Мектеп бюджеті 2014 жылы 47878,0 тенге құрды . ҰБТ орташа балы - 79,3. 2014-2015 оқу жылында 5 мектеп түлегі . Қыркүйек айынан бастап ҰБТ-ге жоспар жасалған .3 оқушы-ҰБТ қалады , 2- кәдімгідей сынақ , казіргі кезенде оқушылар ҰБТ тапсырып дайындалуда Орташа балы бүгінгі күні -71, қыркүйек айында 56,2.Бүгінгі күні Мариногорка орта мектебінде жұмыс істейтін 24 ұстаз , оның ішінде жоғары біліммен -17, арнаулы орта біліммен -7. 1 мұғалім – жоғары категориямен , 14 мұғалім -1 категориямен , 6 мұғалім -2 категориямен , категориясыз -2.
Жұмба негізгі мектебінің директоры Акашева Сауле Муратовна-34 оқушы ,8 комплект –класс,Жумба негізгі мектебінде 15 ұстаз жұмыс істейді .Кіші шағын орталығында 22 бала . 2014 жылы мектеп бюджеті 27 млн 456 мың тенге құрды . Екі мектепте оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастырылған.Мариногорка орта мектебіне «Асель» ЖК бал және сүтпен қамсыздандырады . Қаражат жалпы білімнен бөлінеді . Жумба негізіг мектебіне сүтті «Дюсюпов» ш/қ , балды «Нива» ш/қ қамсыздандырады .
Мариногорка селолық округінде 3 фельдшерлік пункт жұмыс істейді . Мариногорка ауылында 2 медбике , санитарка .Жедел көмек автокөлігі күрделі жөндеуді талап етеді .Мойылды және Жумба ауылдарында медпунктер жұмыс істейді . Оларда екі медбике .Медпунктілердің жабдықтары жаңартуды тілейді . Мариногорка медпунктінде аптекалық киоск жұмыс істейді .
Округте 3 клуб жұмыс істейді . Барлық бос уақыт орталығына музыкалық аппаратура жаңарту керек Үш клубта Кокпекті бос уақыт орталығына берілген .
Селолық округте 2 кітапхана жұмыс істейді . Мариногорка кітапхананың кітап фонды112000 кітап, 2014 жылы 1150 кіріс ,Жумба кітапханасында 3315 кітап -550 кіріс .
Мектеп спортзалында секциялар жұмыс істейді – волейболдан , теннистен , баскетболдан .
Мариногорка орта мектебінің оқушылары жеңіл атлетикадан жүлделі орындарға ие болды . Олар : Губченко Николай , Байбулова Сауле , Сегизбаев Роман , Дронов Артем . Ұзындыққа секіруден – Герлих Юлия -1 орын . Көкпекті ауданының 17 спартакиадасында жұлделі орынға ие болғандар Тегисхан Бакытжан , Байбулова Сауле –армреслингтен .
Мариногорка орта мектебінің маңайында хоккей корабы жасалған . Бұқаралық спорт мәселесі бір орында қала береді – оларды шешу үшін мамандар керек және спорттық инвентарь .
2014 жылы инвестиция көлемі -44 млн тенге болды , жоспарланғаны 34 млн.тенге . Ол Раисов «Сауле» ш/қ асыл тұқымды мал және ауыл-шаруашылық техникасын алды.
2014 жылы Мариногорка селолық округінде 12 күнкөрісі төмен жанұя тіркелегн .Әлеуметтік көмек алатын 1 жанұя , алушы 5 адам . Балалар жәрдем ақысын алатын 4 жанұя , алушылар 15 адам .
Әлеүметтік көмек алушылардың комиссиясының төрайымы Калбагаева Бакытгуль Акимхановна
2014 жылы біздің ауданда «Өрлеу» бағдарламасы күшіне еңді . Округте осы бағдарламаға кірген 4 жанұя , алушылар -7 адам .
2014 жылы жұмыспен қамсыздандыру орталығына жүгінгендер 14 адам , олардың жұмысқа орналастырылғаны 12 адам ,ақылы қоғамдық жұмыста қатысқандар 13 адам жұмыс істеп шықты .ЖШС мен ш/қ жазғы кезен уақытына 30. Кәсіптік оқуға жіберілгендер -2 адам . Шаруа қожалықтары екі жанұяға 30 мың тенге көлемінде демеушілік көмек көрсетілді .
2014 жылы ОТАУ телевидение башнясы орнатылды . Башня осы жылдың қаңтар айында іске қосылады .
Өткен жылы Жұмба ауылында «Таза су» аймақтық даму бағдарламасы бойынша су ұнғымасы жөнделіп , су тазартқыш қойылды .
Көше жарықтандыру мәселесі округта кезендеп шешілуде . Мариногорка ауылының орталық көшесіне барлығы17 көше шамдары орналастырылды Келесі жылға қосымша 9 көше шамдары орналастыралыды 2015 жылдың бюджетіне 1млн76 мың жоспарда тұр .
Мойылды және Жумба ауылдарының көшелерін жарықтандыру 2016-2017 жылдарға жоспарланған .
Ауылды көркейту жағы үлкен мәселе . Тұрғындар көшіп кетіп жатыр , сатылғаны сатылып , сатылмаған үйлер бұзылып жатыр . Бұл жағынан түрғындарға неше рет ескерту жасалды : бұзылған үйдің маңайын тазартып кетіңіздер , бұл біздің ауылымыз , біздің үйіміз , ешкім бізге келіп тазартып бермейді , бұл ауылдың иесі біз .
Бос иттер бойынша -қаңтар айында елу мың ақша бөлініп ,20 ит атылды . Құрметті ауыл түрғындары ! Иттті байлаңыздар , бала -шағаны қауіп алуы мүмкін . Үй жануарлар ұстау Ережесін бұзбаңыздар
Округтің тәртәп сақтауына полиция капитаны , участкелік инспектор Кисажанов Данияр Акылбекұлы бекітілген . 2014 жылдың 12 айында 4 қылмыстық іс тіркелген . 8 өтініш және арыз қаралды . Оның ішінде 5 -үй ұрсысы , 3- ұсақ бұзушылық . Қоғамдық жерде мас күйінде жүрген ұшін 24 адамға айып салынды . Жеке құжатсыз және уақыты өтіп кеткен жеке құжатпен тұрғандар-17 адам , мас күйінде құжатсыз автокөлігін жүргізген үшін -1 адамға айып салынды . Ауданда мал ұрлығы бар , сол себептен сіздерге айтарым – малдарыңызды қорада ұстаңыздар , далада жүрмесін , Жазғы кезенде табынға айдаңыздар .
Әкімшілік мектеп қызметкерлерімен бұзушылықтың алдын-алу жұмыстарын жүргізеді . Кешкі уақытта ДНД ұйымдастырылған .
Қоғамдық жұмысқа ақсақалдар алқасының төрағасы Кашкимбаев Сайран және әйелдер кеңесінің төрайымы Калбагаева Бакытгуль Акимхановна көмектеседі .
2014 жылы қосымша салық бойынша бюджетке 103 мың 312 тенге түсті (автокөлік салығынан).
2013жыл жергілікті салық ; 2014 жыл жергілікті салық
Мүлік салығы – 19 985 тенге Мүлік салығы - 13659 тенге
Жер салығы – 82 550 тенге Жер салығы - 81968 тенге
Көлік салығы – 468 393 тенге. Көлік салығы - 756679 тенге
Қосымша салық (көліктен) -99193 тенге
2013 жылы өз кіріс көлемі 11922,2 тенге құрады , олар жергілікті салық , ш/қ , жеке кәсіпкерлерден және заңды тұлғалардан түскен салықтар .
2014 жылы шаруа қожалықтармен жеке кәсіпкерлерден түскені - 2млн. 877 тенге.
2014 жылдың 12 айында жеке тұлғалардан 4 өтініш түсті , заңды тұлғалардан - 2 өтініш .Барлық өтініштер қаралды , барлығына жауап берілді . 2013 жылы жеке тұлғалардан 2 өтініш түскен .
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанның 2030 жылға дейін даму бағдарлмасын жариялады.
Біздің округ Президентіміздің бастамасын қолдайды . Біз Үкіметтің алдымызға қойған міндеттерін орындаймыз .Ең бастысы халық ауқатын жақсарту .Осы алдағы қойған міндеттерді орындай отырып , біздің округ өз үлесін еліміздің дамуына қосады .
2014 жылы селолық округтің әкім аппаратының бюджеті -11306800 тенге .
2014 жылы округте барлық субсидия көлемі -20745,8 тенге .Бүгінгі күні адам саны округте -932 , 1 адамға 263,1 тенге .
2015 жылы бүкіл әлем ҰОС аяқталуына -70 жыл ды тойлайды .Бұл ұлкен мереке , бұл естелік . Ауданда көп іс-шаралар жоспарланып отыр . Біздің округте ұлкен бір іс жоспарлануда - ҰОС қайтыс болғандарға арналған ескеркішке күрделі жөндеу жасау , қайтадан көтеру . Бұл жобаның қаражат көлемі -950 мың тенге .
Әлеүметтік -экономикалық даму бағдарламасы бойынша округте
2015-2017 жылдарға төмендегі іс-шаралар жоспарлануда : -
1.ҰОС қаза тапқандарға арналған ескерткішті күрделі жөндеуден өткізу -2015 год( ш/қ демеушілігі)
2.Мойылды ауылының көпірін жөндеу -2015год( аудан бюджетінен)
3. Мариногорка –Жумба, Мариногорка –Мойылды жолдарын жөндеу 2015-2016жж ( аудан бюджетінен)
4. Мариногорка ауылының клубын күрделі жөндеуден өткізу -2016ж(облвс бюджетінен)
5.Мойылды , с.Жумба . Ауылдарының көшелерін жарықтандыру -2017 ж(республикабюджетінен)
Қымбатты жерлестер! Президентің Жаңа Жолдауында жаңа міндеттер қойып отыр . «Нұрлы Жол» ол болашақ жолы . «Елдің өркенің білгің келсе , жолына қара» деген қағида қалыптасқан . Жолдаудағы аталған жоспар орасан қаражат пен еңбекті , аса ауқымды жұмысты қажеттетеді . Жол шын мәнінде өмірдің өзегі , бақуаттытірліктің қайнар көзі . Үлкен назарын Президентіміз аймақтардың теміржолдарына , әүе жолдарына аударып отыр .
Үкіметке Ұлттық қордан бөлінген қаржының тиісті бағыттар бойынша тиімді және орынды жұмсалуын қамтамасыз етуін өте қадағалауын Президентіміз ерекше атап отыр .
Үкімет тұрғын үйді жалға алуды қайта қарастырып отыр .
2015 жыл –ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі бел естер жылы . Қазақ хандығының 550 жылдығын , Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын , Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз .2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияланды .Себебі Елдің тұтастығы мен бірлігі , татулығы мен тыныштығы ең басты назарда .
Тәүелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі , оны ұстап тұру әлдеқайда қиын .Элем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген .Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама . Біз өзгенің қателігінен сабақ ала білуге тиіспіз . Ол сабақтың түйіні біреу қана –Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда .
Достарыңызбен бөлісу: |