Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы



бет1/5
Дата23.02.2024
өлшемі43.8 Kb.
#492994
  1   2   3   4   5
АУЛЫ 234 (1)



Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге
жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысы
"Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары;
2) объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу өлшемшарттары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 876 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1098 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 19-тармағы.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

А. Мамин





Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 12 сәуірдегі
№ 234 қаулысымен
бекітілген

Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) күзетілетін объектілер – күзетілетін адамдардың болуына арналған ғимараттар, құрылыстар мен құрылымдар, сондай-ақ оларға іргелес жатқан аумақ пен акватория;
2) қолжетімділігі шектелген ақпарат – мемлекеттік құпияларға, жеке, отбасылық, дәрігерлік, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, сондай-ақ "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар қызметтік ақпарат;
3) объект – персоналдың ұйымдасқан жиынтығы бар ұйым (мекеме) және (немесе) ғимарат, құрылыс, ғимараттар мен құрылыстар кешені не олардың бөліктері;
4) террористік тұрғыдан осал объектінің деректемелері – террористік тұрғыдан осал объектінің террористік тұрғыдан осал объектілер тізбесінің нысанымен айқындалған міндетті ақпараттық элементтері.
2-тарау. Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу тәртібі 1-параграф. Жалпы ережелер
3. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген орган объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу туралы шешім (бұдан әрі – шешім) қабылдаған жағдайда объектілер террористік тұрғыдан осал объектілерге жатады.
4. Шешімді:
1) ведомстволық деңгейде:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелеріне, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің объектілеріне, Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне қатысты – қарамағында осы объектілер бар мемлекеттік орган;
күзетілетін объектілерге қатысты – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі;
2) аумақтық деңгейде:
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында орналасқан объектілерге қатысты облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі қабылдайды.
2-параграф. Ведомстволық деңгейде объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу тәртібі
5. Осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілерге қатысты ведомстволық деңгейде шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органда объектілерді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу өлшемшарттарына (бұдан әрі – өлшемшарттар) сәйкестігі тұрғысынан қарау және олар туралы ақпаратты талдау ұйымдастырылады.
6. Өлшемшарттарға сәйкес келетін объектілер олардың санаттарына қарай тиісті мемлекеттік органның террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесіне (бұдан әрі – ведомстволық тізбе) енгізілуге жатады.
7. Осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік орган объектілердің ведомстволық тізбесінің нысанын айқындауды және санаттарға бөлуді жүзеге асырады.
Объектілерді санаттарға бөлу дегеніміз – оларда терроризм актісін жасаудың ықтимал қаупінің дәрежесі мен ықтимал салдары еске отырып, объектілердің жай-күйін кешенді бағалау негізінде оларға санат беру.
Ведомстволық тізбелер толтырылғаннан кейін, егер оларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарына сәйкес құпиялылық белгісі берілмесе, таратылуы шектелген қызметтік ақпараты бар құжаттар болып табылады және "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі болады.
8. Ведомстволық тізбені тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді.
Террористік тұрғыдан осал Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің ведомстволық тізбесі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісіледі.
9. Ведомстволық тізбеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу:
1) объектілер теңгерімнен шығарылған не объект тиісті мемлекеттік органның теңгеріміне қабылданған;
2) объектінің функционалдық мақсаты өзгеріп, объектіні жатқызу өлшемшартына сәйкестігінің жоғалуына әкелген не өлшемшарттардың кемінде біреуіне сәйкес келетін жаңа объектілер анықталған;
3) объектінің деректемелері өзгерген жағдайларда жүзеге асырылады.
3-параграф. Аумақтық деңгейде объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу тәртібі
10. Аумақтық деңгейде осы Қағидалардың 4-тармағаның 2) тармақшасында көрсетілген объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу туралы шешім қабылдау үшін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі жанындағы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы комиссиясы (бұдан әрі – терроризмге қарсы комиссия):
1) ақпаратты қарайды және объектілердің өлшемшарттарға сәйкестігі тұрғысынан талдайды;
2) объект өлшемшарттардың біреуіне сәйкес келген кезде объектіні облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі бекітетін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесіне (бұдан әрі – аумақтық тізбе) енгізуді ұсынады;
3) аумақтық тізбе объектісі өлшемшарттардың бірде біреуіне сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда объектіні одан шығаруды ұсынады.
11. Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу туралы шешім дайындау үшін терроризмге қарсы комиссия аппаратына (бөліміне) объектілерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың террористік тұрғыдан осал объектілері тізбесіне (тізбесінен) енгізу және (немесе) одан шығару туралы өтінімдер (бұдан әрі – өтінімдер) енгізіледі.
Өтінімдер ұсыныстар болған жағдайда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылына екі рет 1 маусымнан және 1 желтоқсаннан кешіктірмей енгізіледі.
12. Орталық мемлекеттік орган, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (бұдан әрі – мемлекеттік орган) өтінімдерді өлшемшарттарға сәйкес келетін және:
1) тікелей мемлекеттік органның, оның құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың, сондай-ақ олардың қарамағындағы және мемлекеттік органның қарамағындағы өзге де органдардың, ұйымдардың, мекемелердің (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйымдар) объектілері болып табылатын (егер осы объектілер орналасқан ғимараттар, құрылыстар, ғимараттар мен құрылыстар кешендері (бұдан әрі – орналасқан жер) мемлекеттік органның, оның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуінде тұрмаса, өтінімде орналасқан жерлерді пайдаланатын ұйым көрсетіледі);
2) объектілерде жұмыс істейтін ұйым (ұйымдар) көрсетіліп, мемлекеттік органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуінде тұрған мемлекеттік органның;
3) акциялардың мемлекеттік пакеттеріне және қатысудың мемлекеттік үлестеріне иелік ету құқығы мемлекеттік органға не оның ведомстволық бағынысты ұйымдарына берілген республикалық меншіктегі объектілер болып табылатын объектілерге қатысты енгізеді.
13. Жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері өтінімдерді өлшемшарттарға сәйкес келетін және:
1) өздерінің қарамағындағы және (немесе) қызметін осы бөлімшелер реттейтін салада жүзеге асыратын және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын;
2) акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған объектілерге қатысты енгізеді.
14. Жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері, уәкілетті мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері өтінімдерді өлшемшарттарға сәйкес келетін және қызметін осы мемлекеттік орган реттейтін салада жүзеге асыратын жеке меншік объектілерге қатысты енгізеді.
15. Терроризмге қарсы комиссия өтінімдерді қарауды мүдделі тараптардың: орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұлттық кәсіпкерлер палатасының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың өкілдерін тарта отырып жүзеге асырады.
16. Терроризмге қарсы комиссия террористік тұрғыдан осал объектілер тізбелерін әзірлеу, бекіту, өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар дайындаған кезде, қажет болса, объектілердің меншік иелерінен (иеленушілерінен), басшыларынан не олардың өкілдерінен өтінімдерге сәйкес объектілер, сондай-ақ өтінімдер жоқ объектілерге қатысты террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкес келетін объектілер туралы қосымша ақпаратты сұратады және мұндай объектілерді аумақтық тізбеге енгізу тұрғысынан тексеру жүргізеді.
17. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі аумақтық тізбені немесе оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды терроризмге қарсы комиссияның ұсынысы негізінде және аумақтық ұлттық қауіпсіздік пен ішкі істер органдарымен келісу бойынша 1 ақпаннан және 1 тамыздан кешіктірмей осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекітеді.
18. Аумақтық тізбе бекітілген не оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі отыз жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде аумақтық тізбеге енгізілген (аумақтық тізбеден алып тасталған) объектілердің меншік иелеріне (иеленушілеріне), объектілердің басшыларына не олардың уәкілетті тұлғаларына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті хабарлама жіберуді қамтамасыз етеді.
19. Аумақтық тізбеге енгізілген объектілердің меншік иелері (иелері), басшылары отыз жұмыс күні ішінде терроризмге қарсы комиссия аппаратына (бөліміне) объектінің меншік құқығына, объектінің басшылары мен атауына, оның заңды және нақты мекенжайына қатысты өзгерістер енгізілгені, сондай-ақ объектіні пайдаланудың тоқтатылғаны және (немесе) объектінің функционалдық мақсатының өзгеріп, өлшемшарттарға сәйкестігінің жоғалуына әкелгені туралы хабарлайды.
20. Аумақтық тізбелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу:
1) террористік тұрғыдан осал объектілерді пайдаланудың тоқтатылуына не пайдалануға берілуіне;
2) объектінің функционалдық мақсатының өзгеріп, объектіні жатқызу өлшемшарттарына сәйкестігінің жоғалуына не өлшемшарттардың кемінде біреуіне сәйкес келетін жаңа объектілердің анықталуына;
3) объекті деректемелерінің өзгеруіне байланысты жүзеге асырылады.


Объектілерді террористік


тұрғыдан осал объектілерге


жатқызу қағидаларына


1-қосымша

___________ (облысының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілер тізбесіне (тізбесінен) енгізу және (немесе) шығару туралы өтінімі
1. "Аумақтық тізбеге енгізу ұсынылатын объектілер туралы ақпарат" бөлімі (қажеттілігіне қарай толтырылады)
___________ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкес келетін объектілер:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет