МАЗМҰНЫ
|
КІРІСПЕ
|
3
|
|
|
|
1
|
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВТОКӨЛІК ТАСЫМАЛДАУ КЕШЕНІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
|
5
|
1.1
|
Автокөлік ұйымдарының ерекшелігі, сипаттамасы және мәні
|
5
|
1.2
|
Қазақстанның автожол саласының тарихы
|
|
1.3
|
Автокөлік кешенінің негізгі құралдар түсінігі және оның құрылымы
|
9
|
|
|
|
2
|
«ҚазАвтоЖол» АҚ ҰК ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ МЕН ҚҰРЫЛЫСТАР КЕШЕНІН ТАЛДАУ
|
12
|
2.1
|
«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ қызметіне сипаттама
|
12
|
2.2
|
Компанияның негізгі құралдардағы өзгерістер туралы есебі
|
15
|
2.3
|
Негізгі құралдардың тиімділік көрсеткіштері және «ҚазАвтоЖол» АҚ негізгі құралдарын талдау
|
17
|
|
|
|
3
|
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚҰРАЛДАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
|
19
|
3.1
|
«ҚазАвтоЖол» АҚ экономикалық жағдайын жақсарту мәселелері
|
19
|
3.2
|
Қазақстанның автомобиль жолдары саласының нормативті-техникалық құжаттарын жетілдіру
|
20
|
|
|
|
|
ҚОРЫТЫНДЫ
|
23
|
|
|
|
|
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
|
25
|
|
|
|
|
ҚОСЫМШАЛАР
|
26
|
КІРІСПЕ
Курстық жұмысымның тақырыбы «Автокөлік ұйымдарында негізгі құралдардың тиімділік көрсеткіштері». Бұл тақырып айтарлықтай көп мағынаға ие, бірақ «жергілікті құрылғылар» терминімен тығыз байланысты. Қарастыратын нысанаға байланысты әр түрлі талданады. Курстық жұмысымды жасау барысында зерттеу объектісі ретінде «ҚазАвтоЖол» АҚ ҰК таңдап алдым.
Курстық жұмысымның мақсаты- автокөлік ұйымдарындағы негізгі құрылғылар мен құрылыстар кешенінің тиімді көрсеткіштерін жоғарлату.
Осы мақсат келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
автокөлік құрылғыларының дамыту;
қызмет көрсетуін бақылау;
экономикалық талдау жұмыстарын жүргізу;
тиімділік көрсеткіштерін сипаттау;
кәсіпорынды дамытудың негізгі бағыттағы мәселелерін ашып көрсету.
Автомобиль жүк тасымалына сұраныс елдегі өндіріс көлемінің өзгеру динамикасымен және құрылымымен, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың экономиканың барлық салаларындағы төлеу қабілетімен анықталады. Экономика мен тасымал бір-біріне әсер ететіндігін ескеру керек. Экономиканың дамуы тасымалдың өсіміне, жүк тасымалының жоғары деңгейі мен мүмкіндіктері инвестициялардың деңгейіне және аймақ экономикасына оңтайлы әсер етеді. 2017 жылы Қазақстанда автомобиль көлігімен түрлі көлік құралдарымен жалпы жүк көлемінің 82,4% тасымалданды. Сол уақытта барлық көлік түрлерімен тасымалданатын жалпы жүк айналымында автомобиль көлігінің үлесі 29,5% құрайды. Көлік қоғамның өндірістік қуатының бір бөлігі болып табылады және материалдық өндірістің өзіндік саласы болып табылады. Осыдан көліктің өнімі материалдық сипатқа ие екендігі шығады және заттай өнімдерді тасымалдаумен анықталады.
Көлік өнімдерінің келесі ерекшеліктері бар:
көлік өнімінің материалдық сипаты тасымалданатын тауарлардың кеңістік өзгеруіне тәуелді;
көлікте өндіріс үрдістері мен тұтыну өнімдері уақыт бойынша бөлінбеген, көлік өнімдері зат емес, пайдалы әсерге ие;
көлік өнімдерін алдн ала жинап алуға болмайды, тасымалдауға сұраныстың артуы қосымша өткізу мүмкіндіктерін арттыруды талап етеді;
жұмыс барысында көлік жаңа өнімді өндірмейді, бұл үрдіске физикалық жүк көлемдерін жоғалту тән;
көлік өнімдері өндіруші салаларда қосымша шығындарға алып келеді, бұл экономика және көлік саласы мүдделерімен келіспеушілікті туындырады.
Қазақстанда көлік саласында қызмет көрсетумен байланысты қызметті жоспарлау үшін нұсқаулық және негіздеме болатын бірқатар заңдар мен ережелер бар. Үкімет көлікпен байланысты мәселелердегі жалпы стратегиялық әдіс-тәсілді қамтамасыз ете отырып, нақты техникалық және қауіпсіздік стандарттарды анықтай отырып, басқару және заң шығару рәсімдеріне қатысты орталықтан шығатын әдіс-тәсілді қолданады Қазақстан Республикасында автомобиль көлігінің қызметін реттейтін негізгі заңдар мен заң актілеріне келесі құқықтық құжаттар жатады:
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйегіндегі №156-ІІІ «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» заңы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдесіндегі №476-ІІ «Автомобиль көлігі туралы» заңы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуіріндегі №194-V «Жол қозғалысы туралы» заңы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 «Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1288 «Жүргізушілердің еңбегімен мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы9
1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВТОКӨЛІК ТАСЫМАЛДАУ КЕШЕНІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1.Автокөлік ұйымдарының ерекшелігі, сипаттамасы және мәні
Қазақстан Ұлы Жібек жолы кезеңінен бастап Еуропа мен Азия елдерін өзара байланыстырады. Сауданы және халықаралық дәліздерді дамыту автомобиль жолдары желісін және ынғайлы инфрақұрылымды дамытуды талап етеді. Бүгінде Қазақстан арқылы 5 халықаралық транзиттік автомобиль бағыты өтеді.
Автожол көлігінің техникалық-экономикалық ерекшелігі және артықшылығы келесіде:
автожолдың жоғары тасымал үшін қаблеттілігі және жаппай тасымалдауда;
әр түрлі жүктерді тасымалдау үшін пайдаланудың әмбебаптылығы және үлкен жылдамдықпен жолаушыларды, жүктерді жаппай тасымалдау мүмкіншілігінде;
тасымалдаудың жүйелілігінде;
«есіктен есікке дейін» сызбасы бойынша жүктерді жеткізуді қамтамасыз ету және кірме жолдары бойынша ірі кәсіпорындар арасында тікелей байланыс құру мүмкіншілігінде;
су көлігімен салыстырғанда ережедегідей жүктерді тасымалдаудың ең қысқа жолында;
құбыр көлігінен басқа көліктің барлық түрлерімен салыстырғанда тасымалдың салыстырмалы орташа өзіндік құнында қортындыланады.
Автокөліктер әрі қарай да ел көліктері түрінің бастысы болып қала береді, бірақ оның даму қарқыны теміржол, құбыр және әуе көліктеріне қарағанда аз болуы мүмкін.
Сурет 1. Автокөлік жолдарын салу
Тасымалдарды орындаудың сан түрлі шарттарына және жүк автомобиль тасымалының түрлеріне байланысты келесі белгілер бойынша оларды ажыратады:
1. Салалар бойынша (қызмет көрсетілетін кәсіпорындар және сәйкесінше тасымалданатын жүктердің түрлері):
Өнеркәсіптік жүктер. Бұл өнеркәсіптік кәсіпорындардың жүктері, оның ішінде өнеркәсіптік объектілердің, сыртқы көлік түйіндерінің және қоймалық аумақтардың арасында тасымалданатын шикізат, дайын өнім, жанармай.
Құрылыс. Бұл өнеркәсіптік және азаматтық капиталды құрылыс жүктері, оның ішінде құрылыс индустриясының жүктері, шикізаттық құрылыс материалдары, құрылыс жабдықтары мен машиналары, грунт пен құрылыс қоқыстары.
Ауыл шаруашылық. Бұл ауыл шаурашылық өнімдер, тұқымдар, тыңайтқыштар және т.б..
Тұтынушылық. Бұл азық-түлік, өнеркәсіптік тауарлар және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету жүктері. Тұтынушылық топқа қаланы қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартатын жүктер, қар мен қоқыстар, сонымен қатар жанармай жатады.
2. Аумақтық белгісі бойынша:
Технологиялық, кәсіпорынның ішінде немесе технологиялық циклдің ішінде орындалады.
Қалалық, қала аумағында орындалады.
Қала маңындағы, қала шетінен 50 км қашықтықтан аспайтын аралықта орындалады.
Қалааралық, қаладан 50 км ары орындалады.
Халықаралық, түрлі мемлекеттердің арасында орындалады. 3.
Орындау тәсілі бойынша:
Тікелей қатынастағы, кеткен пункттен тағайындалған пунктке дейін бір автомобильмен.
Терминалды, жүк станцияларының (қоймалар, терминалдар) жүйесі арқылы орындалады.
Аралас қатынастағы (интермодальді, мультимодальді), бірнеше көлік түрлерімен іске асырылады. Осы тасымалдардың түрлілігі аралас тасымалдар болып табылады, ол бірнеше көлік түрімен жүктемесіз іске асырылады.
4. Игеру уақыты бойынша:
Тұрақты, өнеркәсіптік және сауда жүктері үшін тән.
Маусымдық, ауыл шаруашылық жүктер үшін тән.
Уақытша, құрылыс жүктері үшін тән.
5. Ұйымдастырылу түрі бойынша: Саланың қысқаша сипаттамасы Қазақстан Республикасындағы автомобиль көлігімен жүк тасымалы
Орталықтандырылған, мұнда тасымалдаушы немесе арнайы фирма тасымалдың ұйымдастырушысы болып табылады.
Орталықсыздандырылған, мұнда әр жүк алушы өзіндік жүктің тасымалын қамтамасыз етеді.
6. Жүк партиясының шамасына тәуелді:
Массалық жүк тасымалы – автомобильдер бағанымен орындалады.
Ұсақ партияларды тасымалдау- бір автомобильмен орындалады.
7. Қозғалыс маршрутына тәуелді: Маятникті маршрут – автомобиль екі пункттің арасында бірнеше рет барып-қайтатын маршрут.
Сақиналық маршрут – бірнеше тұтынушыларды немесе жабдықтаушыларды біріктіретін тұйық контур бойымен автомобильдің қозғалатын маршруты. Сақиналық маршруттың түрлері:
o апарып салу (бір жабдықтаушыдан бірнеше тұтынушыға)
o құрама (бірнеше жабдықтаушылардан бір тұтынушыға) o құрама-апару маршруттары. Аталған шарттарға байланысты жылжымалы құрамға қойылатын талаптар да түрлі болады, тасымалды ұйымдастыру және технологиясы, жоспарлау әдістемесі мен бақылау құралдары және жылжымалы құрамды басқару құралдары ерекшеленеді. [2, 35 б.]
Кесте 1 - Автокөлік қатынас жолдардың ұзындығы 10 000 км-ден асатын мемлекеттер тізімі:
Достарыңызбен бөлісу: |