Облыс әкімінің тұрғындармен 2013 жылғы 27 ақпандағы, 2014 жылғы 21 ақпандағы есепті кездесулеріне дайындық және өткізу кезінде түскен сұрақтар мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы мәлімет



Дата23.02.2016
өлшемі50.71 Kb.
#9571
Облыс әкімінің тұрғындармен 2013 жылғы 27 ақпандағы, 2014 жылғы 21 ақпандағы есепті кездесулеріне дайындық және өткізу кезінде түскен сұрақтар мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы мәлімет
2014 жылғы 29 тамызға

Облыс әкімінің тұрғындармен 2013 жылғы 27 ақпандағы, 2014 жылғы 21 ақпандағы есепті кездесулеріне дайындау және өткізу кезінде азаматтардан әлеуметтік сипатта 78 және 84 ұсыныстар мен өтініштер түсті.

Олардың ішіндегі ең маңызды мәселелелер бойынша тиісті іс-шаралар жоспарлары әзірленді және іске асырылуда.

Өткен жылы 2013 жылғы 27 ақпандағы есепті кездесуінің іс - шаралар жоспары бойынша жоспарлайтын мерзімге сәйкес 6 мәселе орындалды, ағымдағы жылы 7 мәселенің орындалуы қарастырылуда, 2015 ж. – 5, 2016 ж. – 5 және 2017 ж. – 1.

Өткен жылы Ақтөбе қ. 50-метрлік жүзу олимпиядалық бассейнінің, «Батыс - 2» шағым ауданындағы 5 үйдің ауласында балалар алаңының құрылыстары аяқталды. «Ырғыз ауылына кіре беріс» автомобиль жолы орташа жөндеу құрылысы аяқталып, автомобиль көліктерінің жүруі жөнге салынды. Қобда ауданы Пятигорка орта мектебіне, Темір ауданы Темір қаласынын С.Бәйішев атындағы орта мектебіне күрделі жөндеулер жүргізілді. Әйтеке би ауданы Комсомол ауылындағы екі көше жер пайдаланушының қойнауын «ҚазКупер» ЖШС әлеуметтік төлемі (33,1 млн. теңге) есебінен жөнделді.

Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен Алға қ. орталық бу қазандығын жаңғыртуға 434,1 млн. теңге, Алға ауданының Маржанбұлақ ауылының ауыл ішіндегі су желісінің құрылысын аяқтауға 351,7 млн. теңге, Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылын газдандыруға 450,0 млн. теңге және облыстық бюджеттен 50,0 млн. теңге, Бұлақтыкөл ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету нысандарының құрылысына облыстық бюджеттен 74,7 млн. теңге, Қарауылкелді ауылында 320 орындық орта мектеп және 60 орындық интернат салу құрылысына республикалық бюджеттен 295,0 млн. теңге және облыстық бюджеттен 29,5 млн. теңге, Қарғалы ауданы Степное және Қайрақты ауылдарын газдандыруды аяқтауына облыстық бюджеттен 129,6 млн. теңге, Мәртөк ауданы Хлебодаровка және Қаратоғай ауылдарында дәрігерлік амбулаториялардың құрылысына республикалық бюджеттен 34,3 млн. теңге, облыстық бюджеттен 41,2 млн. теңге, Мұғалжар ауданы Қандыағаш, Ембі қалаларының ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңғыртуға республикалық бюджеттен сәйкес 356,5 млн. теңге және 262,0 млн. теңге қаражат бөлінді. Барлық нысандарда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қобда ауданының Қобда ауылына келетін жоғары қысымды газ құбыры құрылысының жұмыстарын аяқталуы қарастырылған. Мәртөк ауданы Жайсаң ауылына газ жеткізу және ауыларалық желісінің жобалық-сметалық құжаттары әзірленді. Жоба 2014-2015 жылдары республикалық бюджеттен қаржылындыруына қосылған.

2.

Өткен жылы Ақтөбе қаласында 1350 отыру орындықты Мұз сарайының жобалық – сметалық құжаты әзірленді. Қазіргі таңда 2800 отыру орындықты Мұз сарайының құрылысының жобалық – сметалық құжаты түзетуден өтті. Техникалық - экономикалық негіздемесі мемлекеттік сараптамадан өтіп, жобалық – сметалық құжаты Астана қаласындағы «Мемлекеттік сараптама» РМК қарауға жіберілді.



Ағымдағы жылы обыстық бюджеттен қаржы бөлініп облыстық туберкулёзге қарсы диспансері, балалар стоматологиялық емханасы құрылыстарының жобалық – сметалық құжаттары дайындалу үстінде.

Қарғалы ауданы Қос – Естек, Хромтау ауданы Бөгетсай ауылдарында су құбыры құрылысы мәселе бойынша ағымдағы жылы жер асты су көздерін зерттеу жұмыстары жүргізілуде және зерттеудің оң қорытындысы бойынша 2015 жылы жобалық – сметалық құжаттары дайындалып, республикалық бюджеттік комиссияға жобаларды 2016 жылы қаржыландыру үшін өтінім беріледі.

Қазіргі таңда «2011-2020 жылдары тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламаға Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының Есет батыр көшесі №13 көпқабатты тұрғын үйді, Шалқар ауданы Шалқар қаласының үш бес қабатты тұрғын үйлерді жаңғыртуын кіргізу мәселесі қаралуда.

2014 жылғы 21 ақпандағы есептік кездесудің іс – шараларына 22 мәселе кіргізілген, соның ішінде 16 мәселені биылғы жылы орындалуы жоспарланған, 6 – 2015 жылы.

Қазіргі таңда 3 келесі мәселе орындалды. «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша қаражат бөлініп Мұғалжар ауданы Жем қалалық мәдениет Үйіне (республикалық бюджеттен 51,5 млн. теңге), Жағабұлақ ауылдық клубына (республикалық бюджеттен 32,2 млн. теңге) күрделі жұмыстар жүргізілді. Шұбарқұдық кентіндегі «Қызылжар» шағын ауданында 280 орындық бала бақша құрылысының құны 514,8 млн. теңге құрайтын жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. «Тіректі елді мекендерді дамыту» іс-шаралар кешенді жоспарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Шұбарқұдық к. балабақша құрылысын 2017-2018 жырдың инвестициялық жобалардың тізіміне қосуға ұсыныс берілді.

Қалған 19 мәселе орындалуда.

Кирпичный тұрғын үй алабының су құбырының және кәріз желілерінің құрылысын жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама даярлауға су құбырына 8,4 млн. теңге, кәріз желілеріне 10,9 млн. теңге бөлінді. Ақтөбе қ. Россовхоз а., Темір ауданы Шұбарқұдық к. сумен жабдықтау мақсатында жер асты су көздерін зерттеу жұмыстары жүргізілуде және зерттеудің оң қорытындысы бойынша құрылыс-монтаждық жұмыстарының жобалық – сметалық құжаттарын дайындауын қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім беріледі. Темір ауданы Ақсай а. су құбырының құрылысына жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынған соң, құрылыс - монтаж жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджет комиссиясының қарауына ұсынылатын болады.

3

Алға ауданы Маржанбұлақ а. газбен қамту жұмыстарын аяқтауына республикалық бюджеттен 217,2 млн. теңге бөлінді. Байғанин ауданы



Жарлы а., Қарғалы ауданы Жосалы, Кемпірсай, Қос – Естек ауылдарын газдандыруға жобалық – сметалық құжаттар әзірленді, мемлекеттік сараптамасы бар.

«Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша Ырғыз ауданы Қалыбай, Алманов атындағы ауылдарындағы мектептер күрделі жөндеуден өткізілуде. Темір ауданы Саркөл а. орта мектептің құрылысы

шешілу сатысында.

Қарғалы ауданы Бадамша а., Мәртөк ауданы Хлебодар а. бала бақшалардың құрылысын инвестициялық жобалардың тізіміне енгізу үшін облыстық мәслихаттың сессиясының қарауына ұсыныс берілген, бірақ қолдауын таппаған.

«Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласына кіреберіс автокөлік жолын күрделі жөндеуден өткізуіне қаржы бөлініп (республикалық бюджеттен 108,6 млн. теңге, облыстық бюджеттен 12,1 млн. теңге) іске асырылып жатыр.

Ембі қ. кәріз, Қандыағаш қ. жылу жүйелерін қайта жаңарту мақсатында республикалық бюджеттен сәйкес 300,0 млн. теңге және 357,5 млн. теңге бөлінді. Нысандар 2015 жылға ауыспалы. Шалқар қ. жылу қазандығын, жылу құбырларының жүйелерін қайта жаңғырту мақсатында ағымдағы жылы бюджеттен сәйкес 98,0 млн.теңге, 282,9 млн.теңге бөлініп, құрылыс-монтажды жұмыстары кестеге сай жүргізілуде.

Шалқар ауданында 2016-2017 жылдары тұрғын үй нысандарын жобалауға жергілікті бюджеттен 4,3 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда Қауылжыр, Бозой а. екі жалға берілетін және Шалқар қ. он жалға берілетін тұрғын үйді жобалау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылы Шалқар қ. екі жалға берілетін және Бозой, Біршоғыр ауылдарындағы екі жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы басталды, бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 3,8 млн.теңге (бірлесе қаржыландыру) бөлінді және республикалық бюджеттен 37,6 млн.теңге көлемінде қаражаттар бөлінетін болады. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен «Қол жетімді баспана» бағдарламасы аясында жоба құрылысына 4,3 млн.теңге бөлінді. Құрылыс- монтажды жұмыстарына қаражат бөлу жобалық – сметалық құжаттар дайындалғаннан кейін қарастырылады.

«Шалқар ауданындағы Шалқар көлінің түбін тазарту» жобаның техникалық – экономикалық негіздемесі жобалық-сметалық құжатты дайындауын қаражаттандыру үшін ағымдағы жылы республикалық бюджеттік комиссияның қарауына жіберілді.

Осы бағыт бойынша жұмыс жалғасады.

«Ақтөбе облысы

әкімінің аппараты» ММ басшысы К.Петров

Орындаушы: Д.Нұрғалиев



тел.: 93 – 20 - 79

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет