Облыстардың, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан балаларының білім басқармасы



Дата17.02.2022
өлшемі77.66 Kb.
#455473
бжб мен тжб алу





Облыстардың, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан балаларының білім басқармасы

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті ата-аналар қауымдастығы тарапынан өтініштер жиілігінің артуына байланысты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығысәйкес келесіні еске салады:

- БЖБ тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді;

  • ТЖБ тоқсан аяқталатын соңғы күні өткізілмейді;

  • бір оқу пәні бойынша БЖБ мен ТЖБ бір күнде өткізілмейді;

- үйде оқитын білім алушыларды бағалау кезінде педагог үйде оқитын білім алушылардың оқу жүктемесін және олардың оқып-зерделеген оқу материалын ескере отырып, сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды әзірлейді.;

- БЖБ үшін максималды балл 1-4 сыныптарда кемінде 7 және 15 балдан артық емес, 5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес болуы керек;

- тоқсандық баға формативті бағалау, БЖБ және ТЖБ қорытындысының негізінде 50%-да 50% пайыздық арақатынаста қойылады.

 

 

Төраға                                                                               Г. Кәрімова

 

 

 

Г. Кульсариева, 742048



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет