Облыстың АӨК әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 жылғы 9 айдағы қорытындылары туралы ақпарат



Дата22.02.2016
өлшемі26.66 Kb.
#644
Облыстың АӨК әлеуметтік-экономикалық дамуының

2011 жылғы 9 айдағы қорытындылары туралы ақпарат

2011 жылғы 9 айда ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі облыс бойынша 137,8 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңнен 42 % артық. Жалпы өнімнің физикалық көлем индексінің көрсеткіші 103,2 % құрады.

Тамақ өнімдерінің физикалық көлем индексі 93,8%. Негізгі себебі сүт, ет, көкөніс және ұн өнеркәсібінде қайта өңдеу көлемінің төмендігі.

Жалпы облыс бойынша 9 айдағы ет өндіру көлемі барлық санаттағы шаруашылықтарда 1,2%, сүт 1,8 %, жүн 1,2 % құрап, тиісінше 131,9 мың тонна 582,2 мың тонна және 4,2 мың тонна болды.

Құс етін өндіру қарқыны төмендеуде. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемі 29,6% төмендеді. Жұмыртқа өндіру көлемі әсіресе Глубокое ауданындағы Черемшанка құс фабрикасында және құс етін өндіруге жаңа бағыт алған «Семей құс» ЖШС-да орын алды.

Мал басының тұқымын жақсарту және өнімділігін көтеру мақсатында облыста 179 асыл тұқымды шаруашылық, оның ішінде биылғы жылы 39 шаруашылық құрылды.

Жалпы табында асыл тұқымды ірі қара малының үлес салмағы 6,6 %, қой мен ешкі – 7,2 %, жылқы – 3,8 %, шошқа 1,7 %, құс 3,4 %. Асыл тұқымды мал саны бойынша жоспарланған көрсеткіштерге жыл аяғында қол жеткізілетін болады.

Мал шаруашылығы өнімділігін және өнімі сапасын арттыру үшін облыста 245 мал бордақылау алаңы және 52 тауарлы сүт фермасы құрылды. Оның ішінде 29 мал бордақылау алаңы биылғы жылы ашылды.

Облыста «Бобровка» ШҚ және «Опытное поле» ЖШС-да МТС жөнделуде, ол 2012 жылы аяқталады. Шемонаиха ауданындағы «Камышинское» ШҚ-да сүт тауарлы ферма жөнделді.

Жедел мәліметтер бойынша 2011 жылы жаздық дақылдар 1005,7 мың га алқапқа егілді, бұл белгіленген көлемнің 105% құрайды. Алайда Однако егіс алқаптарының аумағы күнбағыс егістігі есебінен артып отырғанын айта кету керек. Ол жоспардан 15 % артық шығып, аумағы 400 мың га болды. Дәнді дақылдар бойынша жоспарлы көрсеткіш орындалмады - барлығы 520,2 мың га, бұл жоспардың 97%.

2011 жылы ылғал ресурстарын сақтау технологиясын енгізу жоспары да орындалған жоқ, жоспарланған 295 мың га алқаптың 289,5 мың гектары ылғал ресурстарын сақтау технологиясымен егілді және 98,1% құрады. Алайда бұл 2010 жылмен салыстырғанда 28,5% (2010 ж – 225,3 мың га).

Суармалы егістік жоспардағы 69,9 мың га орнына 75,6 мың га болды. Оның ішінде тамшылатып суару – 339 га, жоспарда 206,8 га.

Минералдық тыңайтқыштарды қолдану көлемі жоспардағы 8,2 мың тоннаның орнына 6,2 мың тонна болды. Жыл бойынша күтілген көлем 100 % құрайтын болады.

Органикалық тыңайтқыштар толық көлемде қолданылды (375 мың тонна).

2011 жылғы 9 айда облыстағы тұқым шаруашылықтарының саны азайды. 2010 жылы олар 34 болса, 2011 жылғы 1 қыркүйекте 31 болды. Оның негізгі себебі – қызмет мерзімі өтіп кеткендіктен аттестаттаудан өткен жоқ.

Өсімдіктерді қорғау және карантн жұмыстары 184,1мың га жүргізілді, жоспар бойынша 175,5 мың га жүргізілуі тиіс болатын, гербицидтермен 246,2 мың га дәріленді, жоспарда - 219 мың га. Бұл бағыттар бойынша жұмыстар толық орындалды.

9 айда 3009,9 млн. теңгеге ауылшаруашылық техникасы сатып алынды, жылдық жоспарда - 1600 млн. теңге. КАҚ арқылы 1397,5 млн. теңгеге сатып алынды.

Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің тауарлы өнімі көлемі (26 млрд. теңге) орындалды (нақты 47,37 млрд. теңге). Алайда сүт, ет, ұн және нан-тоқаш өнеркәсібінде қайта өңдеу көлемінің төмендеуіне байланысты ФКИ азайды. 13 нысанда техникалық қайта жабдықтау жүргізілді: Эмиль, ДРК ЖШС-да, «Алгуль» ЖШС-да, «Восток Бизнес Трейд», «Производственная компания «Зайсан-сут» ЖШС-да, «Икеп» ШҚ-да, «СКМК», «Востоксельхозпродукт» ЖШС-да, «Хорс» ШҚ-да, «Большенарымский маслозавод», «Меир» ЖШС-да, «Қалиқанұлы» ШҚ-да, «УКПФ» АҚ-да.



«Ертіс» ӘКК арқылы 3 сервистік дайындау орталығы құрылды. Бүгінгі күні «Ертіс» ӘКК ауылшаруашылық саласындағы басым бағыттарды дамытуды ескере отырып, облыс аудандарында қосымша СДО-лар құруды жоспарлап отыр. Ол үшін ауыл шаруашылығы басқармасы осы қызмет түрлерін іске асырудың тиімділігі туралы ұсыныс әзірлеп жатыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет