Адвокаттар алқасы мүшелерiнiң тәртiптiк жауапкершiлiгi
1. Осы Заңның, басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң, алқа Жарғысының талаптарын бұзғаны үшiн адвокаттар алқасының мүшелерi тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн.
2. Тәртiптiк iс жүргiзу адвокаттар алқасы төралқасының құзыретiне жатады.
3. Тәртiптiк жаза шаралары, оларды қолдану, алып тастау мен шағымдану тәртiбi адвокаттар алқасының Жарғысымен белгiленедi.
Пысықтау сұрақтары:
1.Адвокаттар алқасы
2.Адвокаттар алқасына мүшелік
3.Адвокаттар алқасы мүшесінің құқықтары мен імндеттері
4.Адвокаттаралқасы мүшелерін жауапқа тарту
Қолданылған әдебиеттер
1) Тыныбаев С.Адвокатура и адвокатская деятельность в РКАлматы,2004.
2)Жалыбин С.М.Правовое положение адвоката в уголовном судопроизводстве Алматы ,1998
3)Мазур Н.В. Адвокатская деятельность вРК.-Караганда , 2006
4)Мазур НВ.Адвокат в уголовном процессе.-Астана, 2005
Тақырып 7. Заң консультациясы, адвокаттық контора: адвокаттық қызметті ұйымдастырудың нысандары
Адвокаттық қызметті ұйымдастырудың нышандары
Заң консультациясы
Адвокаттық контора-мекеме нысанындағы коммерциялық емес ұйым.
Заңдық тұлғаның тіркелуінсіз адвокаттың жеке қызметі
Заң консультациясы
1. Заң көмегiн көрсету жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру үшiн адвокаттар алқасының төралқасы заң консультацияларын құрады.
2. Заң консультациясы орналасатын жердi адвокаттар алқасының төралқасы белгiлейдi.
3. Заң консультациясы адвокаттар алқаларының құрылымдық бөлiмшесi (филиалы) болып табылады. Оның өз атауы мен тиiстi адвокаттар алқасына тиесiлiлiгi белгiленген мөрi мен мөртаңбасы, заң көмегiн көрсетудi ұйымдастыру үшiн қажеттi өзге де атрибутикасы болады. Заң консультациясы адвокаттар алқасының жалпы жиналысы (конференциясы) бекiткен Ереже негiзiнде iс-қимыл жасайды.
4. Заң консультациясын адвокаттар алқасының төралқасы тағайындайтын меңгерушi басқарады.Адвокат кеңсесi
1. Адвокат кеңсесi мекеме нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Адвокат кеңсесi адвокаттардың заң көмегiн көрсетуiнiң материалдық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де шарттарын қамтамасыз ету мақсатында құрылады/ұйымдастырылады/.
3. Адвокат кеңсесiн адвокаттар алқасының мүшесi (мүшелерi) құрады.
Адвокат тек бiр ғана адвокат кеңсесiнiң құрылтайшысы (тең құрылтайшысы) бола алады.
4. Бiр адвокат құрған адвокат кеңсесi өз қызметiн Жарғының негiзiнде жүзеге асырады.
Адвокат кеңсесiн бiрнеше адвокат құрған жағдайда Құрылтай шарты да құрылтай құжаты да болуы мүмкiн.Адвокат кеңсесiнiң құрылтайшысы (құрылтайшылары) мемлекеттiк тiркеуден өткен соң он күн мерзiмде бұл туралы тиiстi адвокаттар алқасына жазбаша хабарлауға және оның қарамағына адвокат кеңсесiнiң құрылтай құжаттарын беруге мiндеттi.
5. Адвокат кеңселерiн құруға мемлекеттiк органдардың арнайы рұқсаты талап етiлмейдi.
Адвокаттық қызметтi жеке-дара жүзеге асыру
1. Кәсiби қызметтi жеке-дара жүзеге асыруға шешiм қабылдаған адвокат бұл туралы адвокаттар алқасын хабардар етедi. Хабарламада адвокаттың тегi, аты, әкесiнiң аты, оның тұрақты тұратын жерi көрсетiледi.
2. Кәсiби қызметтi заңды тұлға құрмай жеке-дара жүзеге асыратын адвокат банктерде есеп айырысу және өзге де шоттар, жеке мөр, мөртабандар, жеке бланкiлер иеленуге құқылы.
Пысықтау сұрақтары:
1.Заң кеңесі түсінігі
2.Кәсіби заң көмегі мен құқықтық көмек ерекшелігі
Қолданылған әдебиеттер
1) Тыныбаев С.Адвокатура и адвокатская деятельность в РКАлматы,2004.
2)Жалыбин С.М.Правовое положение адвоката в уголовном судопроизводстве Алматы ,1998
3)Мазур Н.В. Адвокатская деятельность вРК.-Караганда , 2006
4)Мазур НВ.Адвокат в уголовном процессе.-Астана, 2005
Тақырып 8. Заңды және жеке тұлғаларға адвокаттардың құқықтық көмегі
Құқықтық және заңды көмек: ұқсастық және айырмашылық
Адвокаттарды таңдау бостандығы
Адвокатпен көрсетілген заң көмегінің төлемақысы
Заң көмегі төлемақсынан босату негіздері мен тәртібі
Құқықтық көмектің жеке түрлерін көрсету кезеңдері
Заң көмегiн көрсете отырып, адвокаттар:
1) шешiлуi кәсiби заң бiлiмдерiн қажет ететiн мәселелер бойынша консультациялар, түсiндiрмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар бередi;
2) талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасайды;
3) анықтау, алдын ала тергеу органдарында, соттарда, мемлекеттiк және өзге де органдарда, ұйымдарда және азаматтармен қарым-қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкiлдiгi мен оларды қорғауды жүзеге асырады.
2. Адвокаттар заңдарда тыйым салынбаған өзге де заң көмегiн көрсетедi.
3. Көмек сұрап келген адам адвокатты таңдап алуға ерiктi, бұған адвокат оған тегiн заң көмегiн көрсету үшiн сондай-ақ, егер қорғалушы өзiне адвокат таңдап алмаса немесе таңдай алмаса, оның қатысуы мiндеттi болатын қылмыстық iстер бойынша қорғаушы ретiнде тағайындалатын жағдайлар қосылмайды.
4. Қылмыстық iстер жөнiндегi кәсiби қорғауды тек адвокаттар ғана жүзеге асыра
Адвокаттар көрсеткен көмекке ақы төлеу, қорғаужәне өкiлдiк етумен байланысты шығындарды өтеу
1. Адвокаттар көрсеткен заң көмегiне ақы төлеу мөлшерi, қорғаумен және өкiлдiк етумен байланысты шығындарды өтеу көмек сұрап келген адаммен адвокат жасасатын жазбаша келiсiмде белгiленедi.
Келiсiм жасасу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Заңдарда көзделген жағдайларда, адвокат көрсеткен заң көмегiне ақы төлеу, iссапар, көлiк және оның басқа да шығындарын төлеу, анықтау, алдын ала тергеу органдарының қаулылары және сот ұйғарымдары бойынша бюджет қаражатынан жүргiзiледi.
3. Адвокат көрсететiн заң көмегiне ақы төлеудiң және осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеудiң мөлшерi мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Заң көмегiне ақы төлеуден босату
1.Адвокаттар сенiм бiлдiрушiлердiң өтiнiштерi бойынша:
1) алимент өндiрiп алу туралы, асыраушысының қайтыс болуына, жұмыспен байланысты мертiгуiне немесе денсаулығының өзгедей бұзылуы арқылы келтiрiлген зиянды өтеу туралы iстердi жүргiзу кезiнде бiрiншi сатыдағы соттарда талап қоюшыларға;
2) Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдарға, мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге, I және II топтағы мүгедектерге, жасы жөнiнен зейнеткерлерге, егер бұл кәсiпкерлiк қызмет мәселелерiне байланысты болмаса, консультациялар беру кезiнде;
3) зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау туралы өтiнiштердi дайындау кезiнде азаматтарға;
4) ақтау мәселелерi жөнiнде кеңестер беру кезiнде адамдарға заң көмегiн тегiн көрсетедi.
2. Адвокаттардың тегiн заң көмегiн көрсету тәртiбi адвокаттар алқасының жарғысында белгiленедi.
3. Азаматтарды олардың материалдық жағдайы ескерiле отырып, адвокаттар алқасының төралқасы, заң консультациясының меңгерушiсi, адвокат кеңсесiнiң иесi (иелерi) және өз қызметiн заңды тұлғаны тiркемей жеке дара жүзеге асыратын адвокат заң көмегiне ақы төлеуден босата алады.
4. Осы бапта көзделген жағдайларда адвокаттың көрсеткен заң көмегiне ақы төлеу тиiсiнше адвокаттар алқасының, адвокат кеңсесiнiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасындағы адвокат
1. Адвокат - жоғары заң бiлiмi бар, адвокаттық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алған, мiндеттi түрде адвокаттар алқасының мүшесi болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетiн адвокаттық қызмет шеңберiнде кәсiптiк негiзде заң көмегiн көрсететiн Қазақстан Республикасының азаматы.
2. Қасақана қылмыс жасағаны үшiн сотталған, белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған, адвокаттар алқасынан шығарылған, тәртiптiк жағымсыз әрекет жасағаны үшiн құқық қорғау органдарынан босатылған адам - босатылған күнiнен бастап бiр жыл бойы, сондай-ақ лицензиясының қолданылуы осы Заңда белгiленген тәртiппен тоқтатылған адам адвокат бола алмайды.
Пысықтау сұрақтары:
1.Жеке тұлғаларға заң көмегін көрсету
2.Тұлғаларға заң көмегін көрсетуші адвокаттық құқықтық мәртебесі
Қолданылған әдебиеттер
1) Тыныбаев С.Адвокатура и адвокатская деятельность в РКАлматы,2004.
2)Жалыбин С.М.Правовое положение адвоката в уголовном судопроизводстве Алматы ,1998
3)Мазур Н.В. Адвокатская деятельность вРК.-Караганда , 2006
4)Мазур НВ.Адвокат в уголовном процессе.-Астана, 2005
Тақырып 9. Адвокатық кәсіби этикасы
Адвокаттың этикасы түсінігі, пәні және мазмұны
Адвокаттың мінез –құлқы ережесі
Адвокаттық құпия
Адвокаттың мiндеттерi
1. Адвокат заң талаптарын сақтауға, адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметiнiң принциптерiн басшылыққа алуға, кәсiптiк мiнез-құлық нормаларының талаптары мен адвокаттық құпияны сақтауға мiндеттi.
2. Егер адвокат осы iс бойынша мүдделерi көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның (тараптардың өзара келiсiмi бойынша ара ағайын болған жағдайларды қоспағанда) мүдделерiне қайшы келетiн адамдарға заң көмегiн көрсетiп жүрсе немесе бұдан бұрын көрсеткен болса немесе судья, прокурор, анықтауды жүргiзушi адам, тергеушi, сарапшы, маман, аудармашы, куә, жәбiрленушi немесе куәгер, азаматтық талап қоюшы немесе азаматтық жауапкер ретiнде iске қатысқан жағдайларда, сондай-ақ егер iстi тергеуге немесе қарауға адвокатпен жақын туыстық қатынастағы лауазымды адам қатысса, ол заң көмегiн көрсету туралы тапсырмадан бас тартуға мiндеттi.
3. Адвокат заң көмегiн көрсетуге байланысты өзiне мәлiм болған мәлiметтердi құпия сақтауға мiндеттi және көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның келiсiмiнсiз оларды жария етуге құқығы жоқ.
4. Iс бойынша адвокаттың көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның жағдайын нашарлататын құқықтық позиция ұстануына тыйым салынады.
5. Адвокаттың қылмыстық iс бойынша қабылданған тапсырмадан бас тартуға құқығы жоқ және ол қорғалатын адамның немесе адвокаттың өзiнiң көзқарасы бойынша әдiлетсiз үкiм шығарылған жағдайда оған белгiленген тәртiппен шағым жасауға мiндеттi.
6. Адвокатқа мемлекеттiк қызметте болуға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтен басқа өзге де ақы төленетiн қызметпен айналысуға тыйым салынады.
Адвокаттың кәсiби мiнез-құлық нормалары
Адвокат заң көмегiн көрсету кезiнде мынадай кәсiптiк ережелердi сақтауға тиiс:
1) көп күш-жiгер не уақыт жұмсауды талап ететiн қажеттi әрекеттер жасаудан жасқанбай ыждағаттылық пен құлшыныс бiлдiру;
2) заң мәселелерiн қарап жатқан органдар мен лауазымды адамдарға қатысты өзiн әдептi ұстау;
3) өз кәсiби мiнез-құлқын көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне сәйкес қалыптастыра және тежей отырып, iстi негiзсiз сөзбұйдаға салуға, заң көмегiн көрсетудiң заңсыз әдiстерiне, алдауға жол бермеу;
4) көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның мүдделерiне адал болу және оның мүдделерiне қарсы қандай да болмасын әрекет жасамау.
Пысықтау сұрақтары:
1.Кәсіби заң этикасы
2.Адвокаттың этикасы принциптері мен маңызы
Қолданылған әдебиеттер
1) Тыныбаев С.Адвокатура и адвокатская деятельность в РКАлматы,2004.
2)Жалыбин С.М.Правовое положение адвоката в уголовном судопроизводстве Алматы ,1998
3)Мазур Н.В. Адвокатская деятельность вРК.-Караганда , 2006
4)Мазур НВ.Адвокат в уголовном процессе.-Астана, 2005
Тақырып 10. Адвокаттың ораторлық өнерін негіздері:адвокаттың соттық сөйлеуі
Адвокат қызметіндегі ораторлық өнердің мәні
Адвокаттың сөйлеу мінез-құлқының этикасы
Сотық сөйлеудің міндетті элементтері
Адвокаттың жазбаша сөз мәдениеті
Пысықтау сұрақтары:
Адвокат қызметіндегі ораторлық өнердің мәні
Адвокаттың сөйлеу мінез-құлқының этикасы
Қолданылған әдебиеттер
1) Тыныбаев С.Адвокатура и адвокатская деятельность в РКАлматы,2004.
2)Жалыбин С.М.Правовое положение адвоката в уголовном судопроизводстве Алматы ,1998
3)Мазур Н.В. Адвокатская деятельность вРК.-Караганда , 2006
4)Мазур НВ.Адвокат в уголовном процессе.-Астана, 2005
Тақырып 11. Қылмыстық сот өндірісндегі адвокаттың қатысуы
Адвокаттың қылмыстық процесте қатысуы көмегі
Адвокат –қорғаушы және айыпталушының қорғануға құқылы
Қорғаудың мақсаты мен міндеттері
1. Қорғаушы - заңда белгiленген тәртiппен сезiктiлер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегiн көрсететiн адам.
2. Қорғаушы ретiнде адвокат қатысады. Күдiктiлердiң, айыпталушылардың, сотталушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды адвокатпен қатар күдiктiнiң, айыпталушының, сотталушының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары немесе заңды өкiлдерi, кәсiподақтардың және осы бiрлестiктер мүшелерiнiң iстерi бойынша басқа да қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi жүзеге асыра алады. Шетелдiк адвокаттардың iске қорғаушылар ретiнде қатысуына, егер бұл Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекетпен жасасқан халықаралық шартында өзара негiзде көзделсе, заңнамада белгiленген тәртiппен жол берiледi.
3. Қорғаушы айып тағылған не адам осы Кодекстiң 68-бабының бiрiншi бөлiгiне сәйкес сезiктi деп танылған кезден бастап iске қатысуға жiберiледi.
4. Бiр адам, егер сезiктiнiң, айыпталушының бiреуiнiң мүддесi екiншiсiнiң мүддесiне қайшы келетiн болса, олардың екеуiне бiрдей қорғаушы бола алмайды.
5. Адвокаттың өзiне қабылдаған сезiктiнi немесе айыпталушыны қорғаудан бас тартуға құқы жоқ.. Қорғаушының мiндеттi қатысуы
1. Қорғаушының қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысуы, егер:
1) ол туралы күдiктi, айыпталушы, сотталушы өтiнiш жасаса;
2) күдiктi, айыпталушы, сотталушы кәмелетке толмаса; 3) күдiктi, айыпталушы, сотталушы дене немесе психикалық кемiстiгiнен өзiнiң қорғану құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмаса; 4) күдiктi, айыпталушы, сотталушы сот iсi жүргiзiлетiн тiлдi бiлмесе; 5) адам жазалау шарасы ретiнде он жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айырылу, өмiр бойы бас бостандығынан айырылу не өлiм жазасы тағайындалуы мүмкiн болатын қылмысты жасағаны үшiн айыпталса 6) айыпталушыға, сотталушыға бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылса немесе ол мәжбүр етiлiп стационарлық сот-психиатриялық сараптамаға жiберiлсе; 7) күдiктiлердiң, айыпталушылардың, сотталушылардың мүдделерi арасында қайшылық болып, олардың бiреуiнiң қорғаушысы болса; 8) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге жәбiрленушiнiң (жеке айыпталушының) немесе азаматтық талапкердiң өкiлi қатысса; 9) iс сотта қаралған кезде мемлекеттiк айыптаушы қатысса; 10) айыпталушы, сотталушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болса және алдын ала тергеу органдарына келуден жалтарса міндетті.
2. Қорғаушының қатысуы осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1-6, 10-тармақтарында көзделген жағдайларда адам күдiктi, айыпталушы, сотталушы болып танылған кезден бастап, 7-тармағында көзделген жағдайларда - күдiктiлердiң, айыпталушылардың, сотталушылардың мүдделерiнiң арасындағы қайшылық анықталған кезден бастап, 8-9-тармақтарда көзделген жағдайларда - айыпталушыны сотқа берген сәттен бастап қамтамасыз етiледi.
3. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мән-жайлар болған кезде қорғаушыны күдiктiнiң, айыпталушының, сотталушының өзi, олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ олардың тапсыруы бойынша басқа да адамдар шақырмаса, қылмыстық процестi жүргiзушi орган процестiң тиiстi сатысында қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi, орган ол туралы адвокаттардың кәсiптiк ұйымы үшiн мiндеттi қаулы шығарады. .Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның еңбегiне ақы төлеу
1. Қорғаушыны күдiктi, айыпталушы, сотталушы, олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ күдiктiнің, айыпталушының, сотталушының тапсырмасы бойынша немесе келiсiмiмен басқа да адамдар шақырады. Күдiктi, айыпталушы, сотталушы қорғану үшiн бiрнеше қорғаушыларды шақыруға құқылы.
2. Күдiктiнiң, айыпталушының, сотталушының сұрауы бойынша қорғаушының қатысуын қылмыстық процестi жүргiзушi орган қамтамасыз етедi.
3. Таңдалып алынған немесе тағайындалған қорғаушының ұзақ мерзiм (кемiнде бес тәулiк) iшiнде қатысуы мүмкiн болмайтын жағдайларда қылмыстық процестi жүргiзушi орган күдiктiге, айыпталушыға немесе сотталушыға басқа қорғаушы шақыруды ұсынуға немесе адвокаттардың кәсiптiк ұйымы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушы тағайындауға шаралар қолдануға құқылы. Қылмыстық процестi жүргiзушi органның қорғаушы ретiнде белгiлi бiр адамды шақыруға ұсыныс жасауға құқығы жоқ.
4. Ұстау немесе күзетпен ұстау жағдайында, егер күдiктi, айыпталушы, сотталушы таңдаған қорғаушының келуi жиырма төрт сағаттың iшiнде мүмкiн болмаса, қылмыстық iзге түсудi жүзеге асырушы орган күдiктiге, айыпталушыға немесе сотталушыға басқа қорғаушы шақыруды ұсынады, ал одан бас тартылған жағдайда қорғаушыны адвокаттардың кәсiптiк ұйымы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы тағайындауға шаралар қолданады.
5. Адвокаттың еңбегiне ақы төлеу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзiледi. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган оған негiз болған кезде күдiктiнi, айыпталушыны, сотталушыны заңгерлiк көмекке ақы төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы. Бұл жағдайда еңбекке ақы төлеу мемлекеттiң есебiнен жүргiзiледi.
6. Адвокат анықтау, алдын ала тергеу жүргiзуде немесе сотта осы Кодекстiң 71-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген, клиентпен келiсiм жасаспастан тағайындау бойынша қатысқан жағдайда да адвокаттардың еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi шығындар мемлекеттiң есебiнен жатқызылуы мүмкiн.
7. Егер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге бiрнеше қорғаушы қатысқан жағдайда қорғаушының қатысуы қажеттi iс жүргiзу әрекетi тиiстi күдiктiнiң, айыпталушының, сотталушының қорғаушыларының түгел қатыспауынан заңсыз деп таныла алмайды.
8. Қорғаушы қылмыстық процестi жүргiзушi органға өзiнiң жағдайын растау үшiн жеке басын куәландыратын құжаттарды және тиiстi жағдайларда: адвокатурадан екендiгiн растайтын құжат пен заң консультациясының адвокатқа аталған iске қатысу құқығын бiлдiретiн ордерiн немесе маңызы бойынша онымен тең құжатты; қоғамдық бiрлестiктiң немесе оның басшы органының қорғаушыны тағайындау туралы шешiмiн; күдiктiмен, айыпталушымен, сотталушымен туыстық қатынасын растайтын құжатты ұсынады.Қорғаушыдан бас тарту
1. Сезiктi, айыпталушы iс бойынша iс жүргiзудiң кез келген сәтiнде қорғаушыдан бас тартуға құқылы, бұл оның өзiн қорғауды өз бетiнше жүзеге асыру ниетiн бiлдiредi. Қорғаушыдан бас тартуға, қорғаушы болып тағайындала алатын қорғаушы не адвокат қатысып отырған кезде, сезiктiнiң, айыпталушының бастамасы бойынша ғана жол берiледi. Заңгерлiк көмекке ақы төлеу үшiн қаражаттың жоқтығы себептi қорғаушыдан бас тарту қабылданбайды. Бас тарту жазбаша нысанда ресiмделедi немесе тиiстi тергеу не сот әрекетiнiң хаттамасында көрсетiледi.
2. Осы Кодекстiң 71-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 2) - 4), 5) (жазалау шарасы ретiнде өлiм жазасы тағайындалуы мүмкiн қылмыстарды жасаған адамды айыптау кезiнде), 6) тармақтарында (айыпталушыны тұрақты сот-психиатриялық сараптамаға мәжбүрлеп жiберу кезiнде) көзделген жағдайларда айыпталушының қорғаушыдан бас тартуын қылмыстық процестi жүргiзушi органның қабылдауына болмайды.
3. Қорғаушыдан бас тарту айыпталушыны немесе сезiктiнi кейiн қорғаушының iске қатысуына рұқсат ету туралы өтiнiш жасау құқығынан айырмайды. Қорғаушының iске қатысуы осы уақытқа дейiн тергеу немесе сот талқылауының барысында жасалған әрекеттердi қайталауға әкеп соқтырмайды.
Қолданылған әдебиеттер
1) Тыныбаев С.Адвокатура и адвокатская деятельность в РКАлматы,2004.
2)Жалыбин С.М.Правовое положение адвоката в уголовном судопроизводстве Алматы ,1998
3)Мазур Н.В. Адвокатская деятельность вРК.-Караганда , 2006
4)Мазур НВ.Адвокат в уголовном процессе.-Астана, 2005
Тақырып 12.Адвокаттың азаматтық сот өндірісіне қатысуы
Азаматтық іс бойынша консультация: түсінігі, мәні, негізіг кезеңдері
Іс бойынша тапсырмаларды қабылдау
Азаматтардың сотқа жүгіну және сотта өкіл болу құқығы
Сотқа дейінгі іс материалдарды дайындауға адвокаттың қатысуы
Соттық істерді талқылауға адвокаттың қатысуы
1. Азаматтар соттағы ісін өздері немесе өкілі арқылы жүргізуге құқылы. Сот өкілдері дегеніміз өзіне жүктелген өкілеттігінің негізінде өкілденушіге ұтымды шешім шығаруына күшін сала отырып, өзінің азаматтық және процесуалдық құқықтарын дұрыс пайдалана білуіне көмектесуші. Сотта өкілдің іске қатысуы объективті ақиқатқа жетуіне көмегін тигізеді. Әрекет қабілеттігі жоқ азаматтардың істерін олардың заңды өкілдері, ал заңды тұлғалардың ісін сотта олардың органдары мен өкілдері жүзеге асырады. Яғни ұйымдардың ісін сотта оларға заңмен, нормативті – құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктердің шегінде іс - әрекет жасайтын олардың органдары және тиісті өкілеттіктер берілген олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғалардың басшылары сотқа олардың қызметтік жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын құжаттар береді, соның негізінде олар сотта өкіл болып қатыса алады. Азаматтық – процесуалдық заңдарға сәйкес мыналар:
-
адвокаттар;
-
заңды тұлғалардың қызметкерлері – осы заңды тұлғалардың істері бойынша;
-
кәсіподақтың уәкілетті адамдары – осы кәсіподақтың жұмысшыларының, қызметшілерінің, басқа да адамдардың істері бойынша, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін;
-
заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары;
-
заңмен, жарғымен немесе ережемен басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары;
-
іске қатысушылардың өтініші бойынша сот рұқсат еткен басқа да адамдар сотта өкілдер болып қатыса алады.
Сондай – ақ заңда сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар да көрсетілген:
-
кәмелет жасына толмағандар мен қамқоршысы мен қорғаншы аясындағылар;
-
адвокаттар алқасынан шығып қалған адвокаттар;
-
судьялар, тергеушілер, прокурорлар мен өкілді органның депутаттары;
-
адвокатура туралы заңмен белгіленген ережелерді бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма алған адвокаттар;
-
азамат, егер мүдделері өзі өкіл болып отырған адамның мүдделеріне қайшы келетін адамдарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе бұрын көрсеткен болса, сондай – ақ судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, куә ретінде қатысса, егер ол істі қарауға қатысушы лауазымды тұлғамен туыстық қатынаста болса;
2.Істі өкіл арқылы жүргізу соттың барлық инстанцияларында мүмкін. Өкілдіктің түрі өкілденушінің заңды айғақтарына, заңды еркінің мәніне қарай 2 топқа бөлінеді:
1). Шартты өкілдік немесе ерікті өкілдік, яғни шартты өкілдік өкілденуші мен өкілдің арасындағы шарттың негізінде пайда болады. Өкілдік кей жағдайларда тұрақты заңды тұлғаның қызметкерлерімен еңбек шарты негізінде де пайда болады. Бұндай жағдайда өкілденуші мен өкілдің арасындағы қатынас еңбек шартымен және еңбек заңымен реттеледі. Шартты өкіл болып:
-
адвокаттар;
-
заң кеңесшісі, яғни олар өзі жұмыс атқаратын мекеменің, ұйымның заңды мүддесін сотта қорғау үшін қатысады, сондай – ақ мекеменің өкілі болып кез – келген өкілдің өкілеттігін растайтын құжаты бар азамат сотта өкіл болып қатысады;
-
өкілеттік берілген басқа да тұлғалар соттың келісімі бойынша іске шартты өкіл ретінде қатыса алады;
-
қоғамдық өкілдер өзінің қоғамының қызметкерлері мен жұмысшысының немесе сол қоғам қорғауындағы азаматтардың атынан өкілдік жүргізеді.
2). Міндетті өкілдік, яғни міндетті өкілдікке заңды өкілдік жатады. Заңды өкілдер әрекетқабілеттігі шектелген немесе әрекетқабілеттігі жоқ азаматтарға , он төрт жасқа толмаған жасөспірімдерге заңды өкілдер болып ата – аналары, қамқоршылары мен қорғаншылыры тағайындалады. Баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін өкілдік құқы тіркелген неке болса әкесі мен шешесіне ортақ болады. Ал егер тіркелмеген некеде болса немесе әкелікті тану туралы соттың шешімі болмаса заңды өкіл болып – анасы қатысады.Ал сотта заңды өкіл ретінде қорғаншы мен қамқоршы әкімшілік акт негізінде қатысады, яғни олар кез – келген мемлекеттік органда, сондай – ақ сотта өз қарамағындағылардың құқытары мен бостандықтарын, әрі заңды мүдделерін қорғайды. Жүйке ауруы немесе ақыл – есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекетқабілеттігі жоқ деп танып, оған қорғаншы белгілейді. Ал спирт ішімдігіне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекетқабілеттігін сот шектеп, оған қамқоршы белгілейді. Осы қамқоршы мен қорғаншылар сотта өздерінің қорғаншыларына қатысты істе өкіл болып қатыса алады. Заңды өкілдер сотқа қатысу үшін :
-
баланың тиісті ата – анадан тууы;
-
қамқоршы мен қорғаншылыққа алғаны туралы тиісті құжат, яғни соттың шешімі болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |