«Қоғамдық денсаулық мектебі» кафедрасы



Дата02.10.2023
өлшемі81.35 Kb.
#479408
Талғатова А ЭССЕ2



«Қарағанды медицина университеті»
«Қоғамдық денсаулық мектебі» кафедрасы

Эссе
Тақырып:Қоршаған орта обьектілеріне зертханадан тыс жедел анализ жүргізу.Экологиялық мәселелерді шешуде тест әдістерін қолдану
Орындаған:Талғатова Айғаным Талғатқызы
Мамандығы:Биомедицина
Тобы: 2-003
Тексерген: Кабуллаевна Ж.Ш.

Қарағанды 2023


Қоршаған орта факторларын зертханадан тыс зерттеу әдістері немесе далалық әдістер

Биотикалық компоненттердің мәліметтерін толықтыру үшін қоршаған ортаның негізгі факторларын - эдафикалық, топографиялық және климаттық (су, ылғал, температура, жарық жел) білу қажет.Экологияны жалпы (биологиялық жүйелердің құрылымы мен тіршілігінің негізгі принциптерін зерттеу) және жеке (тірі организмдер топтарын зерттеу) деп бөлу экология ғылымының мәселелерін ғана емес зерттеулердің сипаты мен әдістерінің де айырмашылықтарын білдіреді.Әр түрлі деңгейдегі биологиялық жүйелердің иерархиялық бір-біріне бағыныштылығы, өз ара тәуелді болуы экологияның негізгі мәселелерін - экожүйе құрылымының организм, популяция, биоценоз деңгейлерінде зерттеуді қажет етеді. Мұндай жағдайда экологияны аутэкология (жеке түрлер экологиясы) және синэкология (қауымдастықтар мен биоценоздар экологиясы) деп бөлу зерттеу жұмыстарының ерекшеліктерін білдіреді. Осыған байланысты қазіргі кезде экологияның негізгі әдістері – тест,далалық зерттеулер, табиғат жағдайындағы тәжірибелер, математикалық модельдеу болып табылады.


Тест әдісі-сынау, тексеру, талдау.Қоршаған ортада бұл затты анықтаудың жылдам, қарапайым және арзан әдістері.Арзан болғандығы үшін ең ұтымды.Ауыз су сынамаларын зерттеуде, қышқыл-сілті орталарды анықтауда т.с.с жерлерде қолданылады. Бұл әдістер арқылы организмнің дамуына жасанды, қолдан жасалған кейбір жекелей факторлардың әсерін білуге мүмкіндік береді .Менің ойымша тест-әдісі бізге экологиялық мәселерді шешуде үлкен көмегін тигізеді.Себебі анализдан бөлек бұл әдіспен біз эксперименттер жасай аламыз.Мысалы су немесе ауа ластанса,оған шара қолданып,жағдайды жақсарту үшін жаңа шаралар ойлап тауып,эксперимент жасай аламыз,Былайша айтқанда қоршаған ортадағы мәселелерді жаңа шешімдер ойлап тауып, сынап көре аламыз.Көптеген сынақтар,тест нәтижелері арқылы ұтымды шешім шығарып,барлық экологиялық мәселенің алдын алып,шешеміз.
Далалық әдістер - далалық жағдайда жүргізіледі, популяциялар мен олардың қауымдастықтарын табиғи ортада зерттейді. Әдетте мұндай жағдайда физиология, биохимия, анатомия, систематика және т.б әдістері қолданылады. Далалық әдістер арқылы организмге немесе популяцияға әртүрлі факторлардың әсерін, белгілі бір жағдайдағы түрдің тіршілігі мен дамуын анықтауға болады. Сонымен қатар осы әдістер бізде зертханасыз ақ іске аса береді.Менің ойымша кез-келген адам өзі үшін зерханасыз қоршаған ортасын мониторинг жасауына,өзі үшін орта жағдайын жақсартуға ат салыса алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет