Сөж тақырыбы: Ғимараттар мен имараттарда кездесетін деформация түрлері. Орындаған



Дата03.01.2022
өлшемі77.62 Kb.
#451054
Қанат Диас СӨЖ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛЬ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



Факультеті:«География және табиғатты пайдалану»

Кафедрасы:«Картография және геоинформатика»

СӨЖ

Тақырыбы: Ғимараттар мен имараттарда кездесетін деформация түрлері.

Орындаған: Бейсеналиев Ерболат

18-3топ



Тексерген: Сарыбаев Е

2021 жыл


Жоспар

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

2.1Ғимараттар мен имараттарда кездесетін деформация түрлері.

3. Қорытынды

4. Пайдалынылған әдебиеттер

Геодезиялык өлшеулер тура және жанама болып келеді. Егер шама аспаптың көмегімен тікелей анықталса, оны тура өлшеу деп атайды. Егер шама есептеулер арқылы анықталса, онда ол өлшемдердің шама тәсілі болып есептеледі. Геодезиялык жұмыстар далалық және өңдеу жұмыстары болып бөлінеді. Далалық жұмыстарда әр түрлі өлшеулер жүргізіледі, ал өндеу жұмыстары: есептеу мен графикалық процестерден тұрады. Далалық өлшеулерге пландар мен карталар жасауда немесе арнайы мақсаттарда барлау траншеялары мен құрылыстарын бөлу, трассалар салуда) жер бетінде жүргізілетін геодезиялық өлшеулер жатады.

Инженерлік жұмыстарды жобалау және оны ары қарай салу арнаулы инженерлік ізденіс деп аталатын үрдісті жұмыстар негізінде жүргізіледі. Инженерлік ізденістің негізгі атқаратын істері - болашақ құрылыс салынатын ауданның табиғи және экономикалық жағдайларын, құрылыс нысандарының оны қоршаган ортамен өзіндік байланысы, оларды қорғаудың инженерлік жолдары және құрылысты мекендеушілердің қауіпсіз өмір сүру жағдайларын зерттеу.

Инженерлік ізденістің әр түрі жобалаудың өзіне тән сатысын материалдық қамтамасыз ету керек. Сондықтан ізденісті бірнеше түрге бөледі:

1) алдын алалық, техника-экономикалық негізін анықтау (ТЭО) немесе техника-экономикалық есептеу

2) жобалу кезіндегі:

3) жұмыс істеу ұжаттарын дайындау кезіндегі.

Ізденіс экономикалық және техникалық болып екіге бөлінеді. Экономикалық ізденістер салынбақшы құрылысты, сол жерде құрылыс материалдарымен, заттармен, көлікпен, сумен, энергиямен, жұмыс күшімен т.с.с. қамтамасыз ете ала ма жэне салынып болған соң осы құрылыс экономикалық тұрғыдан тиімді ме, осы аталған шарттарды есепке ала отырып жасайды. Экономикалық ізденіс техникалық ізденістің алдын алып отырады. Техникалық ізденіс құрылыс салынатын жер аумағының табиғи жағдайын егжей-тегжейлі зерттеу және жобалу, құрылыс салу кездерінде сол жердің табиғи байлықтарын мүмкіндігінше толық пайдалану жәие есепке алу үшін жүргізіледі.

Құрылыс салынатын алаңды бағалау үшін, келесі үрдісті ізденістер жүргізеді: негізгі-инженерлік-геодезиялық, инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық; гидрометеорологиялық, климатологиялық және метероло-гиялық, құнарлы жер қыртысын геоботаникалық тексеру және басқалар. Қандайда құрылыс салынса да, негізгі ізденістерді бірінші кезекте жүргізеді. Инженерлік-геодезиялық ізденіс сол ауданның жер бедері және ондағы құрылымдар туралы деректер бере отырып жобалу жұмыстарының негізі болып қана қоймай, басқа ізденіс түрлерін жүргізугс, тексеруге пайдаланылады. Инженерлік-геодезиялық ізденіс кездерінде геодезиялық негіз түрлерін құру және құрылыс салынатын алаңда әр түрлі масштабтардағы топографиялық түсіріс, сызықтық құрылыстардың трассаларын қадалау, геологиялық, гидрогеологиялық қазбаларды, геофизикалық барлау нүктелерін геодезиялық істермен байланыстыру және де басқа жұмыстар атқарылады Инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық ізденіс жұмыстары жер қыртысының геологиялық құрылысы, физико-геологиялық, топырақ беріктігі, құрамы және жер асты сулары т.б. құрылымдар туралы мәлімет береді. Бұл мәліметтер құрылыс салу шарттарын дұрыс бағалауға мүмкіндік туғызады. Гидрометеорологиялық ізденістер өзендер мен су қоймаларындағы су жиналу мүмкіндіктері, сол ауданның климаттық сииаттамалары туралы мәлімет береді. Сонымен бірге гидрометерологиялық ізденіс кездерінде су деңгейінің өзгеруі, көлбеулігі, бағыты және ағу жылдамдығы, ақпа су көлемі, тереңдігі және су қабаттарының қалыңдығы туралы мәліметтер жинайды.

Құрылыс салу үшін атқарылатын инженерлік ізденіске геотехнологиялық тексеру, табиғи және техногендік қауіптілікті бағалау; территорияны инженерлік қорғаудағы шараларды негіздеу; қоршаған ортаға әсер етуші жергілікті күштерге мониторинг жүргізу, инженерлік ізденісті ғылыми тұрғыдан қарау, ізденіс жүмыстарын атқарушының авторлық құқын қорғау; кадастрлық және де басқа осыған жататын істер және құрылыс салу кезіндегі ғылыми ізденіс, нысандарды пайдалану және оларды істен тыс қалдыру (жабу) жатады.

Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған бастапқы мәліметтер жан-жақты тексеруден өтеді. Оңда бақылауға жататын бірліктердің толық, қамтылғандығы, көрсеткіштердің дұрыс толтырылғандығы мен салыстырмалылығы, есептелгендігі және т.б. қарастырылады. Бірақ есеп беру немесе арнайы ұйымдастырылған бақылаудың кайсыбірін алсаң да, онда әр түрлі себептердің салдарынан қате кетуі мүмкін.

Стастикалық қате деп нақты факті мен зерттеу нәтижесінің көрсеткіштері арасындағы сәйкессіздікті, айырмашылықты дұрыс санамауды және түрлі себептерге қатысты болатын бұрмалаушылықты айтады. Статистикалық бақылау мәліметтеріндегі жіберілген қателер репрезентативті және тіркеу кезіндегі қате болып eкi түрге бөлінеды.

Репрезентативті қате тек ішін ара бақылау жүргізгенде ғана кездеседі.Бұл — жалпы жинтық қорытытындысын ішінара бақылау жиынтықтары толық, қалпында көрсете алмаушылығы деген ұғым. Бұл туралы алдағы 9-тарауда қарастырамыз.

Tipкey кезіндегі жіберілетін қате. Бұл — әлеуметтік-эконо- микалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне әсерін тигізетін фактілердің дұрыс анықталмауы салдарынан туатын қате. Бұл қателік дұрыс жазбағандықтан, тіркеуді дұрыс жүргізбегендіктен, бұрмалау мен қате есептеудің салдарынан пайда 6олады. Оның өзi фактінің біртектілігіне орай кездейсоқ және жүйелі түрде жіберілген қате больш екіге бөлінеді.

Кездейсоқ жіберілген қате. Ол әр түрлі себептердің әсecepiнен артықты-кемдіт қателікке ұрынуы ықтимал. Бұл — не азайтылып, не көбейтіліп жазылу деген ұғым. Ол арнайы мамандығының жоқтығынан, шаршап-шалдығудан, жұмысқа атүсті салдыр-салақ қараудан болады. Мысалы, бip бағананың көрсеткішінің мүлдем басқа, екінші бағанаға ауыстырылып жазылуы немесе 43 жастың орнына ЗЗ немесе 53 жас деп қате көрсетіліп кетуі мүмкін.

Егер статистикалық бақылау жиынтығының көлемі көп 6олатын болса, онда кездейсоқ жіберілген қате оның жалпы қорытындысына ешқандай әcepін тигізбейді. Себебі, жалпы жиынтықты есептегенде кездейсоқ жіберілген қателер бірінің орның бipi толтырып отырады.

Жүйелі түрде (ұдайы) жіберілетін қате. Мұнда көрсеткіштер белгілі бірсебептерге қарай біржақты бұрмаланып, яғни не көбейтіліп не кемітліп жазылады. Бұл есеп жұмыстарын жүргізу кезінде өте қауіпті және оның нәтижесі жалпы жиынтыққа кepi әcepiң тигізеді . Жүйелі түрде ұдайы жібері летін қате қасақана, әдейі жіберілген және абаисызда, байқаусызда жіберілген болып екіге бөлінеді.

Абайсызда, байқаусызда жіберілетін қате қастандықпен, әдейі жасалынбайды. Ол қателік сұралушы адамдардың дұрыс жауап бермеу саддарынан жіберілуі мүмкін. Мысалы, халық санағы кезінде адамдардың көпшілігі өздерінің жастарын дөңгелек сандар арқылы көрсетеді.Сұралушы адам 39 немесе 41 жаста болғанмен, өзін 40 жастамын деп айтуы кездеседі. Соның салдарынан 40 жастағы адамдардың саны 39 және 41 жастағылардан көп болып шығады. Сондықтан да санақшылар санақ кезінде халықтың жас мөлшерін дұрыс анықтау үшін адамдардың тұған жылын бөлек, айын бөлек бағанаға жазып, анық-қанығын айқындайды.

Қасақана немесе әдейі жіберілетін қате. Бұл — алдын-ала ойластырылған (саналы түрде), көбейтіп немесе кемітіп жазу арқылы жасалынған қателер.:

Әдейі жіберілген қате есеп беру формаларыңда жиі кездеceді. Мысалы, кесіпорындар мен мекемелердің өздері өндіргенөнімдерінің көлемін кемітіп ал жұмыс келемін арттырыпнемесе қоймадағы бағалы заттардың, шикізаттардың мөлшерін есеп беру формаларында азайтып көрсету фактілерін атап айтуға болады. Мұндай қателердің жіберілуі көбіне-көп өлшеу аспаптарының дұрыс болмауынан, тіркеушілердің санақшылардың тіркеу немесе санақ қағаздарындағы сұрақтардың мәнін толық түсінбеушілігінен және т.б. себептерден туындайды.

Статистикалық бақылауды жургізгеннен кейін жиналған мәліметтер ішінде жоғарыда көрсетілген қателерді жібермеу, болдырмау үшін, барлық жиынтықтар міндетті түрде тексеруден өткізіледі. Және ол қисынды түрде тексеру және ecenmey арқылы тексеру (арифметикалық) болып екі түрге бөлінеді.

Қисынды түрде тексеру дегеніміз— статистикалық бағдарламада көрсетілген сұрақтарға қайтарылған жауаптардың өзара байланыстылығын бір-бірімен салыстыру арқылы жіберілген қатені түзету. Мысалы, халық санағы кезінде жас мөлшері мен білімін салыстыру apқылы жіберілген қатер анық- таймыз. Егер баланың жасы тұған жылы бойынша жасы l0- да, ал білімі”жоғары” деп көрсетілсе, онда жасына лайықты білім дәрежесін көрсетуде қате жәберілгендігін оңай анықтауға болады.

Есептеу арқылы (арифметикалық) тексеру. Мұнда жалпы жиынтық көрсеткіштеріндегі жіберілген қателерді түзету үшін орта шаманы және процентті қайта есептеу тәсілін қолдану арқылы түзетулер еңгізіледі.

Бақылау салынып жатырған және пайдаланудағы ғимараттар мен үймереттердің деформациясына жүргізілуі мүмкін.

Құрылыс нысандары деформациясы мен жылжуын бақылау келесі мақсаттар бойынша жүргізілуі қажет:

- деформациялардың абсолютті және салыстырмалы деңгейін анықтау және оларды есептелген деңгеймен салыстыру;

- ғимараттар мен үймереттерді қалыпты пайдалану үшін деформациялардың қауіптілік деңгейі мен шығу себептерін анықтау, пайда болған деформациялармен күресуде уақытылы алдын алу шараларын қабылдау немесе олардың әрі қарай өршуін жою;

- ғимараттар мен үймереттер іргетасы мен негізінің қажетті беріктігінің сипаттамасын алу;

- топырақтың физика-механикалық сипаттамасының есептік мәліметтерін нақтылау;

- есептеу әдістерін нақтылау және ғимараттар мен үймереттердің әр түрлі топырақ түрлері мен типтері үшін деформациялардың мүмкін шамасын орнату. Ғимараттар мен үймереттердің деформациялары (төмен түсу, ысырылу, қисаю мен майысу) мен жылжуын геодезиялық бақылауды қалақұрылысы қызметі регламенттеген нормативті-техникалық құжат талаптарына сәйкес барлық құрылыс кезеңдерінде, сондай-ақ жобалық немесе пайдаланушы ұйыммен бекітілген оларды пайдалану кезеңінен оның деформациялық шартты тұрақтануына дейін жүргізу керек.

Пайдалануға жататын ғимараттар мен үймереттердің жылжуы мен деформацияларын бақылауды жарылу, тігістердің ашылуы, сондай-ақ ғимараттар мен үймереттер жұмысы жағдайының оқыс өзгерісі пайда болған жағдайларда жүргізу қажет.

Құрылыс нысандарының деформацияларын бақылау құрамына төмендегілер кіреді:

- бақылау бағдарламаларын жандандыру;

- геодезиялық негіз орындарын (реперлерін) қондыру және орналастыру орындарын таңдау;

- деформациялық белгілер қондыру;

- деформациялық белгілердің жылжу деңгейін аспапты өлшеу;

- өлшеу нәтижелерінің дәлдігігін бағалау және өңдеу;

- аралық (бақылау циклі бойынша) және қорытынды техникалық есепті құрастыру. 9.1.5 Ғимараттар мен үймереттер өзгерісі мен төмен түсуін геодезиялық бақылау

есептік төмен түсулер мәні, өлшеулердің дәлдігі, тірек реперлері мен деформациялық белгілер типі, бақылау кезеңділігі, жұмыс әдістері мен аспаптарын таңдау талаптарынан тұратын техникалық тапсырмаға сәйкес жүргізілуі қажет.

Геодезиялық бақылау бағдарламасында геодезиялық тор сызбасын таңдау, өлшеуді орындау нақтылығы, тірек реперлері мен деформациялық белгілер типі, жұмыс әдістері мен аспаптарын таңдау,бақылау кезеңділігін негіздеу қажет.

Геодезиялық өлшеу әдісі бақылаудың бірінші айналымы мәліметтерімен түзетілуі қажет.

Инженерлік-геодезиялық ізденістерде келесідей ғимараттар мен үймереттер деформациясын геодезиялық бақылау түрлері қолданылады:

- ықтимал тұрақсыз еңісте;

- тік және көлденең жылжуын бақылау;

- басқа қауіпті табиғи және технотабиғи үрдісті аймақтарында– тік жылжуларды

бақылау.


Мұнара типті үймереттер үшін қосымша олардың еңістерін геодезиялық бақылау

жүргізілу қажет.

Ғимараттар мен үймереттердің деформациясын бақылаудың бірінші кезеңінде

геодезиялық өлшемдердің нақтылығын сипаттау үшін, ережеге сай, келесідей тіреуіш геодезиялық орындарға қатысты ОКА өлшемдерімен қабылданады:

− ғимараттарменүймереттердіңтікжылжуы–еңістопырақта1-2ммжәнедисперсті топырақта 2-3 мм;

− ғимараттар мен үймереттердің көлденең жылжуы – 1-2 мм;

− ғимараттар мен үймереттердің еңісіне – әрбір 100 м үшін 2-3 мм.

− геодезиялық өлшеу әдісі бақылаудың бірінші айналымы мәліметтері бойынша

түзетілуі қажет.

Ғимараттар мен үймереттердің тік жылжуы бұрыннан бар немесе салынып

жатқан тіреуіш геодезиялық желінің (терең немесе топырақты) қосымша реперлерге қатысты анықталуы қажет.

Топырақ реперлерін мерзімдік топырақ тоңынан 1,0 м тереңде, бірақ 1,5 м ден кем емес орнатылуы қажет.

Өндірістік ғимараттар мен үймереттердегі деформациялық геодезиялық белгілерді аймағындағы қауіпті табиғи және технотабиғи үрдістердің болу мүмкіндігінің есебімен және оларға БӨА орнатқан типтік жобаларға (талаптарға) сәйкес орнату қажет. Типтік жобалар болмаған жағдайда деформациялық белгілерді есеп бойынша бір белгіні100 м2ауданға орнату қажет.

Тұрғын және қоғамдық ғимараттар үшін деформациялық белгілерді ғимараттың периметрі бойынша орналастырған жөн. Ереже бойынша, ғимараттағы белгілер арасында келесідей ара қашықтықтар қолданылады:

- кірпіш қабырғалармен және таспа іргетастармен – 15 м;

- қаңқасыз іріпанельдіжинақты іргетастармен – 6-8 м (шамамен панельдің екі адымынан кейін);

- қадалы іргетастарға − 15 м.

Қаңқалы ғимараттарда деформациялық белгілерді салмақ түсіретін бағанаға немесе ғимараттың ішіне орнату қажет.

Қайта салынатын ғимарат ретінде салу жағдайында қиылысу нүктесі қалдық тігіс ретінде қаралады. Тігістің екі жағынанда бір белгіден немесе бір белгі, бір щелемерден бекітілуі тиіс.

Желідегі невелирлеудің қажетті нақтылығын есептеудің өлшеу әдісін таңдауды іздеу бағдарламасында [18] талаптарына сай жүргізу қажет.

Ғимараттар мен үймереттерді пайдалану және құрылысы үдерісіндегі ғимараттар мен үймереттер негізінің деформациясын бақылау барысында геодезиялық өлшеулер нақтылығына қойылатын талаптар мен әдістер МЕСТ 24846 сай қабылданады.

Мұнара типті үймереттердің еңісін геодезиялық бақылау келесі әдістермен жүргізілуі қажет:

- үймереттің периметрі бойынша салынған белгілерді (төрттен кем емес) нивелирлеу;

- үймереттің төбесінен (бағдарланған заттың визир мақсаты, мысалы найзағай тартқыш) негізіне (180° градусқа бөлінген құбырдың екі жағдайында) дейін осы кескіннің уақыт бойынша өзгерісін анықтау арқылы теодолитпен (тірек нүктесіне орнатылған) жобалау. Жобалау екі өзара перпендикуляр тік жазықтықта жатқан, үймереттің тік осін қиып өтетін екі нүкте арқылы орындалады. Екі осьтің жылжуы бойынша жылжыту векторы тұрғызылуы қажет.

Ұсынылған әдісті орындау мүмкін болмаған жағдайда еңіс тіреуіш геодезиялық орындардың бұрыштық бірнеше дүркін керітілген әдіспен анықталады. Егер тіреуіш орындар берік аймағында орналасса, олардың өзара жағдайы бақылаудың барлық кезеңдерінде өзгеріссіз болып қабылданады. Тіреуіш геодезиялық орындардың координаталары теодолиттік жүрістерді 1:1000 дәлдігімен немесе теңдәлділік әдісімен салу арқылы анықталады.

Ғимараттар мен үймереттердің жылжымалы еңістерде көлденең жылжуын жарма әдісімен, ал оны пайдалану мүмкін болмаған жағдайда – үймереттің деформациялық белгілерінің сызықтық, бұрыштық немесе сызықтық-бұрыштық кертірілген таңбалары арқылы анықтауға болады. Өлшеулердің қажеттінақтылығы жылжуларды анықтаудың дәлдігі талаптарынан шығып, есебімен анықталады. Геодезиялық бақылаулардың нәтижелері өлшенген және есептелген (болжамдық) деформацияларды өлшеу, деформацияның шығу себептерін анықтау, қажет жағдайда ғимараттар мен үймереттерге зиянды үрдістер мен салмақ түсіретін құралым күшеюінің алдын алу шараларын қабылдау жұмыстарын қамтамасыз етуі қажет. Геодезиялық өлшеулер нәтижесі бойынша орындаушы келесілерді ұсынады:

- биік негіз реперлерінің тұрақтылығын бақылау тізімдемесі;

- төмен түсулер мен жылжулардың, бағыттардың (бұрыштардың), деформациялық

белгілердің жылжуы мен қисаю деңгейінің жинақтық тізімі;

- жүргізілген өлшемдердің нақтылығын бағалау;

- төмен түсу сызбалары;

- төмен түсулері тең сызықты ғимараттар мен үймереттердің жоспары; - іргетас негізінің геологиялық қимасы;

- нысан бойынша қорытынды техникалық есеп.

Ғимараттар мен үймереттердің деформациясы мен төмен түсулерін геодезиялық бақылау туралы қорытынды геодезиялық есеп өзіне келесілерді қосуы қажет:

- берілген нысанда деформацияны өлшеу мақсатының қысқаша сипаттамасы;

- іргетас негізі мен топырақтың физика-механикалық құрамының геологиялық құрылымдық сипаттамасы;

- ғимарат (үймерет) пен оның іргетасының құрылымдық ерекшелігі;

- орналасу сызбасы, орнатылған реперлердің құрылымының өлшемдері мен сипаттамасы;

- тіреуіш және бағдарлық белгілер, деформациялық белгілер, жарықтардың даму деңгейін өлшеуге арналған қондырғылар;

- геодезиялық өлшемдер әдісі;

- деформацияның пайда болуына әсер ететін мүмкін әсерлер тізімі; - геодезиялық бақылау нәтижелері бойынша тұжырымдар.

Қауіпті табиғи үрдістерге жүргізілетін геодезиялық бақылаулар Геодезиялық бақылау бойынша негізгі ережелер.1 Инженерлік-геодезиялық ізденістер жүргізу барысында зерттелетін қауіпті табиғи және технотабиғи үрдістерге келесілер жатады:

- беткейлік үрдістер, карст;

- өзен, теңіз, көл және су қоймалары жағалауларын жөндеу;

-ТЖЖ аймақтарында жердің жоғары қабатының жылжуы;

- жұмыс жүргізіліп жатқан аймағындағы (жерасты құрылысы, жерасты суларын,

мұнай, газ сорып алу үрдістері кезінде) жердің беткі қабатының деформациясы (жылжуы, еңісі);

- су деңгейі көтерілетін аймақтар. Қауіпті табиғи және технотабиғи үрдістер дамыған аудандарда келесі тапсырмаларды орындайтын зерттеу жұмыстару жүргізілуі қажет: жаңа құрылыс алаңы үшін – инженерлік ізденістер мәліметтері негізінде жобаланған нысан құрылысының мүмкіндіктерін бағалау, қоршаған ортаны қорғау және пайдалуға шығарылған үймерет пен құрылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қосымша қорғаушы шаралар әзірлеу;

- бар нысандар үшін – инженерлік ізденістер мәліметтері негізінде аймақ жағдайына баға беру, осы үрдістер зерттеліп жатқан аймақка жергілікті мониторинг жасау кезіндегі қоршаған орта өзгерістеріне болжамдар құруды геодезиялық қамтамасыз ету, қауіпті табиғи және технотабиғи үрдістерден нысанды инженерлік қорғау бойынша шараларды әзірлеудің негізін қалау. 3 Қауіпті табиғи және технотабиғи үрдістер дамыған аудандарда инженерлік- геодезиялық ізденістер өзіне келесілерді қосады:

- топографиялық-геодезиялық, картографиялық, аэрофототүсірімдік және басқа да мәліметтердің талдаулары мен жинақтары және өткен жылғы жүргізілген инженерлік зерттеулердің мәліметтері;

- аймақты (алаңды, жер бөлімін) барлаушылық жұмыстары, қауіпті табиғи және технотабиғи үрдістердің пайда болуы және дамуының белгілерін анықтау, олардың элементтерін бар немес қайта жасалып жатқан топографиялық карталар мен инженерлік- тоографиялық пландарға енгізу;

- инженерлік-геодезиялық зерттеулерді орындау бағдарламаларын (техникалық жоба), өлеу әдістерін және алынған нәтижелерді жөндеу және т.с.с. әзірлеу;

- геодериялық тіреуіш және деформациялық белгілерді (орталықтарды) және басқа да бақылау-өлшеу аппаратураларын (БӨА) салу;

- геодезиялық өлшеулер жүргізу;

- геодезиялық зерттеулер (алдын ала жөндеу, теңестіру, дәлдікті бағалау) нәтижесін жүйелі жөндеу, жүргізілген үрдістерді бағалау (болжаммен қамтамасыз ету, күтілетін өзгерістер мен деформациялар өлшемдерін салыстыру).

Геодезиялық өлшеулер (бақылаулар) құрамы, геодезиялық белгілердің орналасу орны мен зерттеліп отырған аймағындабақылау-өлшеу аппараттарын орнату орны, деформацияны (жылжу, қисаю) анықтау нақтылығына қойылатын талаптар мен өлшеулердің мерзімділігі ұйымның геологиялық, гидрогеологиялық және гидрометеорологиялық бөлімдерінің мамандарының қатысуымен анықталады.

Қауіпті табиғи және технотабиғи үрдістерді зерттеу үшін тіреуіш және деформациялық бөлімдерден тұратын арнайы геодезиялық желілер құрған жөн.

Зерттеліп отырған үрдістердің сипаты (интенсивтілігі) мен заңдылығын бағалауды деформациялық бөлімдердің (тік және көлденең жылжуы) биіктігі мен координаттарының өзгерісін анықтауға мүмкіндік беретін мерзімді өлшеулер нәтижесі бойынша жүргізген жөн. Арнайы геодезиялық желілерде өлшеу желінің ең нашар орнындағы бөлімдердің (нүктелердің) жылжуын қауіпті табиғи және технотабиғи үрдістердің пайда болуына әсер ететін деформацияны анықтауға мүмкіндік беретін дәлдікпен анықтауды қамтамасыз етуі қажет.

Геодезиялық өлшеулердің әдістерін геодезиялық желі жобасынан желідегі (бұрыш, жақтар ұзындығы, арттыру және т.с.с.) элементтерді өлшеу дәлдігін есептеуден шығып әзірлеген жөн. Зерттелетін аймақтағы қауіпті табиғи және технотабиғи үдерістердің дамуын геодезиялық өлшеулермен қатар ғимараттар мен үймереттер деформациясына геодезиялық бақылау жүргізілуі тиіс. Ғимараттар мен үймереттер негізі деформациясын бақылау 9.1 талаптарына сай жүргізілуі тиіс. Геодезиялық және басқа да әдістермен орындалған қауіпті табиғи және технотабиғи үрдістердің дамуын бақылау нәтижелерін елді-мекендер немесе ірі нысандар ГАЖ-на енгізу қажет.

ГАЖ келесілерден тұруы мүмкін:

- зерттеу жұмысы басындағы топографиялық және басқа да мәліметтер (карталар, жоспарлар, аэро және ғарыштық түсірілімдер, стереофотограмметриялық және басқа да түсірілім түрлерінің нәтижелері), сондай-ақ қайта жасалған түсірімдер туралы дәйектер;

- топографиялық жоспарға (сандық инженерлік-топографиялық жоспар) қауіпті табиғи және технотабиғи үрдістері бар орынның шекараларын енгізу;

-қауіпті табиғи және технотабиғи үрдістерді зерттеуге құрылған геодезиялық желілер сызбалары;

- геодезиялық белгілер (сызбалар) мен нысанға салынған геодезиялық БӨА туралы дәйектер;

- геодезиялық өлшеулер нәтижелері, сапасын (өлшеулердегі шектеулерді сақтау), дәлдігін (теңестіру мәліметтері және далалық мәліметтер бойынша) бағалау бойынша желілерді теңестіру мәліметтері;

- геодезиялық өлшеулерде анықталатын деформациялық белгілер жылжуы және басқа сипаттамалар туралы геодезиялық мәліметтер банкі;

-мерзімдік геодезиялық өлшеулер (жиынтық есептік мониторинг жүйесіне қосымша) негізінде құрылған және болған үрдістерді оперативті бағалау мен олардың кейінгі дамуын болжау үшін қызмет ететін қауіпті табиғи және технотабиғи үрдістердің аналитикалық моделдері. Нысанның БӨА ұйымдастыру кезінде, ережеге сай, басқа нысандар үшін және мамандандырылған жобалық-зерттеу (құрылыс түрі бойынша) ұйымдарында қолданылатын бұрыннан құрылған БӨА элементтері пайдаланады. Қауіпті табиғи және технотабиғи үдерістер даму аймағында кезеңді геодезиялық өлшеулер нәтижесі бойынша техникалық тапсырма талаптарына сай ұсынылуы тиіс:

- бір немесе бірнеше айналымның (ереже бойынша, ширегіне бір рет) геодезиялық өлшеулер нәтижесі туралы мәліметтерді қамтитын аралық техникалық есеп берулер;

- жылдық техникалық есеп беру;

- жинақтық техникалық есеп беру (соңғы немесе ұзақ мерзімге арналған жұмыс туралы).

Есеп беру техникалық құжаты құрамы 4.27, 5.2.10 ережелеріне сай тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасымен анықталады.

Нысандағы геодезиялық өлшеулердің созылмайтын кезеңі барысында аралық есеп берулерді орындамай-ақ жинақтық техникалық есеп беру жүргізілуі мүмкін. Аралық техникалық есеп беру құрамына кіруі тиіс: тіректік және деформациялық таңбаларды орналастыру сұлбасы, бастапқы айналым мен шектес айналымдарға қатысты есеп беру мерзімі үшін өлшеу нәтижелері (тік және көлденең тығыздалулар, еңістер), алынған нәтижелер нақтылығы және геодезиядлық өлшеудің ерекшелігі туралы түсіндірме жазба.

Жылдық және жинақтық техникалық есеп беру құрамына кіреді:

- құрылыс нысанының қысқаша сипаттамасы;

- геодезиялық өлшеу тапсырмасы;

- ізденістер аймағындағы қауіпті үдерістер дамуы деректері мен бағалауы бар

жергілікті орналасудың инженерлік сандық моделі;

- геодезиялық белгілер мен басқада бақылау-өлшеу аппараттарының (БӨА)

орналасуын көрсетілген геодезиялық желі сұлбасы (жоспарлық, биіктік);

- қолданылатын аспаптар мен құрылғылар және олардың метрологиялық

қамтамасыздандырылуы туралы мәлімет;

- өлшеу әдісіжәне өлшеу нәтижесі бойынша нақтылықты бағалау;

- теңестірілген геодезиялық желі нақтылығын бағалау мен өлшеу нәтижелерін

теңестіру және өңдеу тәртібі;

- геодезиялық желінің тіректік пункттерінің орнықтылығын бақылау және теңестіру

барысындағы негізгі геодезиялық пункттерді таңдау;

- өлшеудің соңғы нәтижелері (көлденең және тік) және кесте, график және көрініс

түріндегі нақтылықты бағалауымен нысандағы геодезиялық өлшеу туралы басқада деректер;

- геодезиялық өлшеулердің соңғы нәтижесі сапасы туралы қорытынды, оларды есептеу нәтижелерімен салыстыру, құрылыс нысанында болашақта инженерлік ізденістерді жүргізу технологиясы мен әдісін жетілдіру бойынша ұсыныстар.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Матвеев Е.П. Реконструкция жилых и гражданских зданий. - М., 1999.

2. Под редакцией А.Л. Шагина Реконструкция зданий и сооружений. – М.: 1991.

3. Реконструкция промышленных предприятий. В 2-х томах под ред. д.т.н. В.Д. Топчия. Справочник строителя. -М.: Стройиздат, 1990.

4. Савиовский В.В., Болотских О.Н. Ремонт и реконструкция гражданских зданий. -Харьков, «Ватерпас», 1999.



5. Справочник прораба. Под общей ред. А.И. Парамонова. - Алматы: Изд-во «Капитал», 2006.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет