«Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС кен байыт фабрикасының сульфидтік флотациясының қалдықтары мен көміртекті өнімді жинақтауға арналған қалдық қоймасы, «Бақыршық алтынды кені бар кенорны» Жобасы бойынша
Қоғамдық тыңдауларды өткізуге арналған
БАЯНДАМА
11.03.2016 ж.
«Бақыршық алтынды кені бар кенорны» Жобасы. «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС кен байыт фабрикасының сульфидтік флотациясының қалдықтары мен көміртекті өнімді жинақтауға арналған қалдық қоймасы жобасы 2018-2040 жылдарға арналған «БКӨК» ЖШС өндіріс қалдықтарын сақтау мүмкіндіктерін қамтамасыз етудің қажеттілігімен байланысты, оның қоршаған ортаға әсерін азайтуды ескере отырып дайындалған.
Жобаны дайындаудың мақсаттылығы
2014 жылы кәсіпорын кенорнын ашық әдіспен өңдеу нұсқасын іске қосу жобасы туралы шешім қабылдаған болатын.
2015 жылы «Полиметалл Инжиниринг» АҚ-ның ҚР-дағы филиалы Бақыршық кенорнын өнеркәсіптік өңдеу жобасын дайындады. Бұл жобада дайындалған кен байыту технологиясы бақыршық кенін байытудың бүкіл тарихындағы, әсіресе в особенности с точки зрения селективности іріктеу процессі тұрғысынан алып қарағанда ең үздік көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Флотациялық концентраттан алтынды бөліп алу, оның 6,5–8,0 %-дық шығарылуы кезінде және мөлшермен100 г/т Au болған кезде 93,8 %-ға дейін жетті (бастапқы кендегі алтынның құрамы 7–8 г/т).
«БКӨК» ЖШС-да қалдық қоймасы бар, онда құрамында алтыны бар кенді байыту қалдықтары сақталады. Қалдық қоймасының қуаттылығы 98 %-ға әзірленген, бұдан өзге қалдық қоймасы сүзгілеуге қарсы экранмен жабдықталмаған. Сондықтан да жаңа қалдық қоймасын салу қажеттілігі басты орында тұр.
Жаңа қалдық қоймасының орналасатын жері
Жаңа қалдық қоймасының алаңы екі таудың ортасындағы алаңқайда – шұңқырда орналасқан, оның ортаңғы бөлігінде Безымянный № 3 шағын жылғасы ағып өтеді, эрозияның жергілікті базисі болып саналатын судың өзенге құйылуының абсолюттік деңгейі 20.10.14 ж. қарағанда – 439,42 м) болды. Жылғаның төбеден құлап ағу биіктігі оның жіңішке бойын көмкеріп жатқаннан артуы мөлшермен 25-40 м. Көміртекті өнімнің жобаланған қоймадағы аймағында Безымянный № 5 өзен жылғасының арнасы орналасқан. Жылғалар құрғап қалған. Жобаланып отырған қалдық қоймасының алаңы қазіргі қолданыстағы қалдық қоймасының дамбасының оңтүстік бағытына қарай, жобаланып отырған алтын алатын фабрикадан оңтүстік-шығысқа қарай, жобаланып отырған 0,6-1,0 км қашықтықта орналасқан. Қалдық қоймасы «БКӨК» ЖШС-нің қазіргі қолданыстағы негізгі өнеркәсіптік алаңынан оңтүстік – шығысқа қарай 3,5-4,5 км. жерде орналасқан.
Жобаланып отырған қалдық қоймасынан Әуезов кентіне дейінгі ара қашықтық – 1800 м, Солнечный кентіне дейін – 1880 м.
«Өндірістік нысандардың санитарлық – қорғау аймағын анықтау жөніндегі санитарлық – эпидемиологиялық талаптары» санитарлық ережелеріне сәйкес, жобаланып отырған өндіріске арналған нормативтік санитарлық-қорғаныс аймағы (СҚА) 1000 метрді құрайды. 1000 м СҚА бар жаңа қалдық қоймасы "Глубокий лог"(«Терең сай») өнеркәсіптік алаңына жақын орналасқан болса, жаңа қалдық қоймасының СҚА Глубокий лог (Терең сай) өнеркәсіптік алаңының СҚА-мен біріктірілген.
Жобалау заты туралы мәліметтер
Бақыршық кен байыту комбинатының (КБК) кен байыту фабрикасының сульфидтік флотациясы мен көміртекті өнімінің қалдықтарын жинақтауға арналған қалдық қоймасы үш жағынан дамбамен, төртінші жағынан тау баурайымен қоршалған жасанды сыйымдылық болып табылады.
Қалдық шаруашылығының жобаланып отырған нысандарының құрамына келесідей құрылыстар кіреді:
-
Қалдық қоймасы (сыйымдылығы 14 983,000 мың м3);
-
№ 1 дамба (негізгі), №2 дамба;
-
Көміртекті өнім қоймасы (сыйымдылығы 813,600 мың м3);
-
№ 3 дамба, №4 дамба (бөліп көрсететін), плотина (қолданыстағы);
-
Қалдық қоймасының жүзбелі сорғы станциясы;
-
Көміртекті өнім қоймасының сорғы станциялары;
-
Кәріз сорғы станциясы;
-
Трансформаторлық қосалқы станциялар;
-
Топырақты – өсімдікті жер үйінділері;
-
Қадағалау-өлшеу аппаратурасы: бақылау ұңғымалары, сыртқы маркасы, тереңдік маркасы, шахталық пьезометр;
-
Магистралдық және бөлу қойыртпақтарының жүргізгіштері;
-
инженерлік коммуникациялық – автомобиль жолдары, кері қайтатын судың құбырлары, электрмен жабдықтау желілері, жарықтандырулар.
Қалдық қоймасының және көміртекті қойманың құрылысы мыналарды қарастырады:
-
құрылысқа арналған аймақтарды дайындау;
-
қоршау дамбаларын, бөлгіш дамбаларды тұрғызу, қолданыстағы дамбаларды одан әрі өсіру;
-
сүзгілеуге қарсы экранды орнату;
-
жақын келетін автомобиль жолдарының құрылысы;
-
тау үстілік арықтардың құрылысы;
-
Безымянный №3 жылғасының арнасын бұратын каналдың құрылысы;
-
сульфидтік флотация мен көміртекті өнімнің қалдықтарының магистралдық қойыртпақ бағыттағышын орнату;
-
шығатыны бар бөлгіш қойыртпақ бағыттағыштар құрылыстары;
-
сәулелендірілген судың қысымды құбыр желісін орнатып шығу;
-
суды бұратын сусіңгіш қондырғыларының – су бұрғыш арықтардың, өздігінен ағатын су жинақтайтын устройство водоотводных дренажных сооружений – водоотводных дренажных канав, дренажного самотечного водосборного коллекторды вдоль низового откоса ограждающей дамбы № 1қоршау дамбасының төменгі құламасы бойымен сусіңгіш орнату;
-
сусіңгіш сорғы станциясының құрылысы, суды жүргізу құбырларын орнатып шығу;
-
электрмен жабдықтау, жарықтандыру желілерін тарту.
Қалдық қоймасының ложасын жобалау дегеніміз, қалыңдығы 0,2 метрден 0,6 метрге дейін болатын топырақты-өсімдікті қабатын уақытша үйінділермен араластыра отырып шешіп алуды қарастырады.
Жобада № 1 дамба бөктеріндегі топырақ қабатын (қатты ісінетін және орташа иірімді балшық) шешіп алу және аршылған тау жынысының тасты топырағын ауыстыру қарастырылған. Топырақ қабатын алып тастау қуаттылығы - 2,7 метр (жақпар тасты қабаттың қатып қалу тереңдігі).
Сүзгілеуге қарсы экранның конструкциясы тегістеуші қабаттан, сүзгілеуге қарсы элементтен және қорғаныс қабатынан тұрады.
Жобаланып отырған алаңдағы су бұрғыш қондырғылары болып мыналар саналады:
-
№№1-5 тау жыралары – 0,31 м3/сек;
-
№ 6 тау жырасы – 0,43 м3/сек;
-
Атауы жоқ өзеннің арнасын бұру каналы – 1,71 м3/сек, (створ 10-10), 2,15 м3/сек.
Безымянный № 3 өзенінің арнасын бұру каналы, темірбетонды құбырға енгенге дейінгі 2630 м. ұзындыққа дейін жобаланған (жобаланып отырған «Бақыршық-Борсақ» автомобиль жолы). Арнасын бұру каналы екі учаскеден тұрады: суды жүргізетін учаске (бойлық ылдилығы 0,002, ұзындығы 1600 м) және тез ағатын (бойлық ылдилықтары 0,02-0,045, ұзындығы 1030 м). Жылғасын бұру каналын жаймалық темір-бетонды құру қарастырылған (дайындаушы «Бетон» ЖШС Өскемен қаласы, ШҚО). Жаймалық элементтерді жоспарланған және тығыздатылған негізге, құмнан жасалған жастықшаларға орнату қарастырылады. Жаймалардың сыртқы беттері майланатын битумдық аластағышпен жабылады, жиналмалы элементтер арасындағы тігістер цемент ерітіндімен толтырылады.
Жобада сыртқы және ішкі инженерлік желілер мен коммуникацияларды орналастырып шығу қарастырылған.
Сыртқы инженерлік коммуникацияларға относятся магистральные пульповоды хвостов сульфидтік флотацияның қалдықтарының магитсральдық қойыртпақ жүргізгіштері, жатады, көміртекті өнімнің магистральдық қойыртпақ жүргізушісі, ағынды сәулеленген судың су жүргізгіші, электр беруші желілер жатады.
Алаңішілік инженерлік коммуникацияларға относятся распределительный пульповод хвостов сульфидтік флотация қалдықтарының бөлгіш қойыртпақ жүргізушілері, көміртекті өнімнің магистральдық қойыртпақ жүргізушісі, ағынды сәулеленген судың су жүргізгіші, электр беруші және жарықтандыру желілері, сусіңгіш желісі жатады.
Гидротехникалық шешімдер
Сульфидтік флотация қалдықтарының қалдық қоймасына жылдық түсімі: қойыртпақтар – 4 352 756,40 м3, оның ішінде қатты фазаларда 672 007,49 м3, сұйық фазаларда 3 695 230,80 м3.
Қалдық қоймасынан шығатын айналымдағы сумен қамтамасыз етуге келіп түсетін сәулеленген судың көлемі (В 11) жылына 3 720 459,60 м3/жылды құрайды.
Көміртекті өнімнің қоймаға жылдық түсімі: қойыртпақтар – 296 964,29 м3, оның ішінде қатты фазада 12 493,29 м3, сұйық фазада 284 481,0 м3. Көміртекті өнім қоймасынан қалдық қоймасына (В 10) келіп түсетін сәулелендірілген судың көлемі жылына 250 000,00 м3/жыл құрайды.
Қалдық қоймасын пайдалану мерзімі 23 жылды құрайды. Қалдық қоймасының болжалды сыйымдылығы 14 983,000 мың м3 мөлшерінде анықталған, оның ішінде қатты фазаның саны 7 139, 800 мың м3 құрайды. Көміртекті өнім қоймасының болжалды сыйымдылығы 813,600 мың м3 мөлшерінде, оның ішінде қатты фазаның мөлшері 246, 600 мың м3.
Сульфидтік флотация қалдықтарының гидрокөлік жүйесі: сульфидтік флотация қалдықтарының полиэтилен құбырдан жасалған магистралдық қойыртпақ жүргізушісі екі жіппен тартылған. Қойыртпақ жүргізгіштерді орнату – жер үстімен. Қойыртпақ жүргізгіштер № 1дамбаға № 1 автомобиль жолына кірер жердің бойымен салынады.
Көміртекті өнімнің гидрокөлік жүйесі: полиэтилен құбырдан жасалған магистралдық қойыртпақ жүргізу құбыры бір жіпте жылылықты шығармаушымен салынып шыққан. Қойыртпақ жүргізгіштерді орнату – жер үстімен.
Қойыртпақ жүргізуші ағаштан дайындалған жартылай брустардан №2 автожолдың бойымен әрбір 2,5 м бойы орналастырылып шығады.
Для сбора воды, профильтровавшейся сквозь экран арқылы сүзіліп шығатын қалдық қоймасының суын жинақтау үшін жоба бойынша кәріз жүйесі қарастырылған. Сүзгіден өткен судың шығып кетуіне жол бермеу үшін қалдық қоймасының төменгі қия бетіне құламалы табан бойынша орналастыру қарастырылған.
Айналмалы сумен қамтамасыз ету жүйесі
Жоба бойынша қалдықтарды гидротасымалдау кезінде қалдық қоймасына келіп түсетін су айналымына тарту қарасытырлған. Қалдық қоймасының су балансынан шыға отырып, сумен қамтамасыз етудің айналмалы сумен қамтамасыз ету жүйесі оны алғашқы пайдалану сәтінен бастап іске қосылуы мүмкін. Айналмалы судың есепті шығыны сағатына 471,9 м3/сағ. құрайды.
Айналмалы сумен қамтамасыз ету схемасыны мыналар кіреді:
-
қалдық қойыртпағын қалдық қоймасының тұндырғыш тоғанында және көміртекті өнім қоймасында алдын-ала тұндырып қою;
-
сәулелендірілген суды одан әрі кенді байыту процесі кезінде пайдалану үшін қалқымалы сорғы станциясы арқылы айналмалы су келіп түсетін ыдысқа беру.
Атмосфералық ауаға әсерін бағалау:
Бақылау нәтижелерінің сараптамасы көрсеткендей, қалдық қоймасы аумағындағы атмосфераның ластануы рұқсат етілген деңгейден артық емес және аса маңызды емес деңгейде жүзеге асырылады.
Бақыланған кезең ішінде кәсіпорынның СҚА шекарасында шекті – рұқсат етілген нормативтерден артуы байқалған жоқ.
Құрылыс кезінде атмосфераны ластау көздері болып мыналар саналатын болады: жер қазу жұмыстары, бояу жұмыстары, дәнекерлеу және газбен кесу жұмыстары, автокөлік.
Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде ауаны ластаушы заттардың барлығы 9 ұйымдастырылмаған көзі әсер ететін болады. Атмосфераға жылына 5,2096864 т/жыл мөлшерінде 12 ингредиенттер шығарылатын болады, оның ішінде қатты түрде – 4,049634 т/жыл, газ тәріздес және сұйық түрде 1,1600524 т/жыл.
Концентрацияның есебін жүргізу сараптамасының нәтижелері көрсеткендей, СҚА шекарасында және тұрғын аймақта шекті – рұқсат етілген (ШРМ) мөлшерден артуы тіркелген жоқ.
Пайдалану кезеңінде
Қалдық қоймасын пайдалану кезінде қалдық қоймасының құрғақ жағажайларынан және көміртекті өнімнің қоймасынан, дамбадан, ПРС үйінділерінен жоғарыға қарай тозаңданып көтерілетін қоршаған ортаны ластау заттарының көздері саналады. Сонымен қатар тек қана қатты ластаушы заттар (ЛЗ) – 20-70 % қос оксидті кремний мен құрамына байыту қалдықтарының құрамдастары кіретін жалпы шаңнан тұратын бейорганикалық шаң бөлінеді.
Пайдаланудың барлық кезеңінде «Қалдық қоймасы» өнеркәсіптік алаңынан атмосфераға 8 түұрлі ингредиенттер бөлініп шығатын болады – алюминий тотығы, темір тотығы, кальций тотығы, магний тотығы, қорғасын және оның бейорганикалық қосындылары, күшән, көміртек, 70-20 % қос тотықты кремний бейорганикалық шаңы – мынандай мөлшерде:
– 2018-2019 жылдары: 8,42569 т/жыл;
– 2020 жылы: 8,02599 т/жыл;
– 2021-2027 жылдары: 7,980767 т/жыл.
Концентрацияларын есептеу нәтижесі көрсеткендей, СҚА шекарасында және тұрғын аймақта шекті – рұқсат етілген (ШРМ) мөлшерден артуы тіркелген жоқ.
Жобаланып отырған өндірісті пайдалану кезеңінде ластаушы заттардың сыртқа шығарылуының рұқсат етілген шекті мөлшері мынаны құрайды:
-
2018-2019 жж.: 0,637382 г/с, 8,42569 т/жыл
-
2020 ж.: 0,61425 г/с, 8,02599 т/жыл
-
2021-2027 жж.: 0,611633 г/с, 7,980767 т/жыл
Ауаға шығатын заттар 5 ұйымдастырылмаған көздерден нормаланған.
Атмосфералық ауаның жағдайын қадағалап отыру ауаға шығатын заттар көзімен және санитарлық-қорғаныс аймағының шекарасында құралдық және есептеу жолдарымен жүзеге асырылатын болады.
Су ресурстарына әсер етуін бағалау:
Пайдалану кезінде қалдық қоймасы алаңындағы суды шаруашылық-тұрмыстық қажеттілік пен өндірістік қажеттілік үшін пайдалану жүзеге асырылмайды.
Су қойыртпақтар, тұнбалар сақталған қалдық қоймасына қосымша көздерден (карьер, шаруашылық-тұрмыстық кәріздерді тазалау қондырғылары және шахта суларын тазалау қондырғыларынан) келетін сіулармен бірге келіп түсетін болады. Қалдық қоймасына келіп түсетін судың көлемі жылдар бойынша әртүрлі болып келеді.
Көміртекті өнім қоймасына және қалдық қоймасына, құрамында көміртекті флотациялау нәтижесінде түзілетін қойыртпақ бар су келіп құйылады да, қойыртпақ жүргізушінің бойымен бағытталады. Қоймада жинақтауға арналып бағытталатын қойыртпақтың көлемі 23 жылдық интервалмен алғанда, әр жыл бойынша әртүрлі болып келеді.
Сондай-ақ қалдық қоймасындағы су мен көміртекті өнім қоймасы карьерлер мен тазалау қондырғыларынан тұнбаларымен бірге келіп түседі.
Карьердің сулары қалдық қоймасына тазалаусыз келіп түседі. Шахта сулары қалдық қоймасына келіп түсердің алдында шахта суларын тазалау станциясында (СОШВ) тазартудан өтеді.
Өндірістік процесстің бірінші кезеңінде айналымдағы сумен қамтамасыз етуде- 85,79 % айналымдағы суды және 5,70 % – жаңа келіп түскен суды пайдалану жоспарланып отыр, екінші кезеңде 91,63 % айналымдағы суды және 3,47 % – жаңа келіп түскен суды пайдалану жоспарланып отыр. Айналымдағы су сорғылар арқылы фабриканың ғимаратында орналасқан буферлік ыдысқа беріледі, және одан әрі технологиялық процессте пайдаланылады. Пайдаланылағаннан кейін су екі қысымды қойыртпақ жүргіштер арқылы қалдық қоймасына келіп құйылады және технологиялық процессте қайталап қолданылатын болады.
Бұл жобаның ерекшелігі сонда, қалдық қоймасы жағалауындағы аймақта жерсүтілік су ағынды су бар.
Су нысанын сақтау және Қызыл су өзенін суландыруды сақтау мақсатында, жоба бойынша судың арнасын бұрып отыратын канал құрылысын салу да қарастырылған. Руслоотводной канал ручья Безымянный № 3 жылғасының арнасын бұратын каналдың ұзындығы темір-бетонды құбырға кірген жеріне дейін 2630 м болып жоспарланған (жобаланып отырған «Бақыршық-Борсақ» автомобиль жолы).
Безымянный № 5 жылғасында да арнасын бұру каналы салынады. Воды ручья Безымянный № 5 жылғасының суы № 6 таудағы арықта жиналады және су оның бойымен жылғасын бұру каналына келіп түсіп тұрады.
Безымянный № 5 жылғасы құрғап қалған болып саналады. 2015 жылы салынуы болжанып отырған құрылыс алаңында инженерлік-гидрометеорологиялық зерттеулер жүргізу кезіндеги сипаттамасы келтірілмеген. Дегенмен, ол картада көрсетіліп тұрғандықтан, жобамен Безымянный № 5 жылғасының судын ұстап қалу және оны судың жылғасын бұру каналына бұрып жіберу қарастырылған.
Безымянный № 5, Безымянный № 3, нагорной отводной канавы № 6 тау үстілік арықтың және судың арнасын бұру каналының суларын пайдалану және суды қорғау аймақтары мен белдеулерінің, санитарлық-эпидемиологиялық және балық шаруашылығы жерлерінің жерүсті су тоғандарын қорғау талаптарына сәйкестігінің режімі сипатталған.
Суды қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі жұмыс өндірісінің тәртібі анықталды.
Жоба бойынша қалдық қоймасының жерүсті және жерасты суларына әсер етуін қадағалаудың экологиялық мониторингі қарастырылған.
Жерасты суларының сапасын бақылау ұңғымалардағы жерасты сулары ағыстарының бағыты бойынша суды тасымалдайтын деңгейжиектерді аршитын бақылау ұңғымаларынан сынамаларды алу жолымен жүзеге асырылады: № 1н, 2н, 3н, 11н, 16н, 17н, 18н (қалдық қоймасы); № 4н, 5н (Безымянный № 3 жылғасы); № 19н - фондық. Бақылау жүргізудің кезектілігі – тоқсанына 1 рет.
Су тоғандарына, Безымянный № 3 жылғасының ағысына жақын орналасуымен байланысты тәуекелдерді төмендету нысанның құрылыс салу, пайдалану және жою кезінде дұрыс шешім қабылдау есебімен қамтамасыз етіледі:
-
Қалдық қоймасы алаңын барынша сезімтал экожүйеден аластау;
-
Қалдық қоймасын оның периметрі бойынша қосымша үйме жалдау арқылы табиғи жолмен төмендете отырып орналастыру;
-
Қоршау дамбасының құрылысын салу;
-
Су жылғаларын суды бұру каналдары бойынша бұру;
-
Қалдық қоймасының ішкі жақ борттарындағы ложаларды және сүзгілеуге қарсы материалдар қабатынан тұратын қабаттарды алып тастау;
-
Шаруашылық жұмыстары басталғанға дейін жерасты суларының жағдайын қадағалап отыратын желінің мониторингін құру.
-
биологиялық тазалау қондырғыларындағы шаруашылық – тұрмыстық суағарларды тазарту;
-
қалдық шаруашылығындағы гидротехникалық қондырғылардың қауіпсіздігіне бақылау жасау;
-
қалдық қоймасын пайдаланып болғаннан жердің құнарлы қабатын қабпына келтіру.
Жер қойнауларына әсерін бағалау:
Жобаны жүзеге асырудың жер қойнауларына тікелей әсері жоқ. Жер қойнауларына әсер етуі рұқсат етілген шекте.
Өндіріс және тұтыну қалдықтары:
Қазіргі кезде «БКӨК» ЖШС өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру мен сақтау Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері Жобасына сәйкес жүзеге асырылуда.
Қалдық қоймасы жоба түрінде болып отырғандықтан, қазіргі кезде оның аумағында қалдықтар түзілмейді және олар НРО жобасында есепке алынбаған. Пайдалану кезеңінде қалдық қоймасында «БКӨК» ЖШС өндірісінің қалдықтары - сульфидтік флотация мен көміртекті өнім қалдықтары жинақталатын болады.
Орналастырылатын қалдықтардың мөлшері нормалау кезеңінде жыл сайын әртүрлі болып өзгеріп отырады:
– байыту қалдықтары – 457 500-1 830 000 т/жыл;
– көміртекті өнім – 10 000-40 000 т/жыл.
Қалдық қоймасында жинақталатын қалдықтардың көлемі «Қалдықтар есебін жүргізу журналында» құжаттандырылып отырады.
Топыраққа әсер етуін бағалау:
Кенорны аймағындағы және оған жақын жатқан жерлер аса құнды жерлер емес және егін шаруашылығында пайдаланылмайды. Топырақтары соншалықты құнарлы емес, әдеттегі сазды топырақ немесе кесек тасты материал қоспасы бар құмайт топырақ және негізінен тастар шашылып жатқан өрістер түрінде кездеседі.
Осындай жерлерге нысан құрылысын салу алаңдарында жалпы аумағы 97,7 га жердің топырақты – өсімдік өсетін қабатын шешіп алу. Шешіліп алынған топырақты – өсімдік өсетін қабаттың жалпы көлемі 344 000 м3.
Алаңдарда шешіліп алынған топырақты – өсімдік өсетін қабаты уақытша үйінділерге– бурттарға жинақталатын болады.
Жинақталып қойылған ПРС топырақты қайта қалпына келтіру кезінде пайдаланылуы мүмкін.
Әсер етуі рұқсат етілген шекті нормада.
Қалдық қоймасын пайдалану кезеңі аяқталған соң бұлінген жердің топырағын қайта қалпына келтіру жүргізілетін болады.
Өсімдік әлеміне және жануарлар әлеміне әсерін бағалау:
Жоспарланып отырған қызметтің өсімдік әлеміне және жануарлар әлеміне әсер ету аймағы жер телімі шекараларымен шектеледі : (нақты жойып біребуді қоса есептейтін, тікелей әсер етуі) және санитарлық- қорғаныс аймағы (атмосфералық ауаға эмиссиясының жанама әсер етуі). Болжанып отырған қызметтің өсімдіктерге жалпы әсер етуі рұқсат етілген шекті нормада деп бағаланады (әсер етудің төменгі маңыздылығы).
Әсер етуі рұқсат етілген шекті мөлшерде.
Жобаны жүзеге асыру, кез-келген болашақ өңдеулерге қатысты қоршаған орта үшін, олар тоқтап тұрған кездегіге қарағанда экологиялық және әлеуметтік пайда келтіруді қамтамасыз етеді.
Қалдық қоймасын пайдалану кезінде жұмысты жобаға қатаң түрде сәйкес жүргізе отырып қызмет көрсетуде апатты жағдайлардың орын алуына жол берілмейді деп көзделіп отыр.
Жалпы алғанда, жобаны жүзеге асырудың қоршаған ортаның жағдайына әсер етуі рұқсат етілген шекті мөлшерде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |