Оқырман саны: 293 Кітап берілімі: 6526 дана. Кітап қоры: 4854 дана



Дата23.02.2016
өлшемі99.47 Kb.
#3650
Жамбыл ауылдық кітапхана шежіресі

j0237831


Оқырман саны: 293

Кітап берілімі: 6526 дана.

Кітап қоры: 4854 дана.

Кітапхана - бүкіл халықтың өмір сүріп отырған қоғамымыздың түп қазығы, қайнар көзі, білім бастауы болып саналады. Қазіргі таңда кітапхана замани ағымға сай жабдықталған, халықтың үлкен сұраныстарына ие мәдениет ошағы.Небір ғұлама данышпан да, ғылыми қызметкерлер де, ақын-жазушылар да өз туған жерінің, елінің тарихымен, салт-дәстүрімен танысып, жан дүниесіне рухани азық болған кітапхана екені рас. Ендеше «кітапхана шежіресі» деген атпен жинақталып, осы мақсатта құрылып, ілгері буын жас ұрпақтарға, жалпы оқырман қауымына арналып басылып отыр.

Жамбыл ауылы – Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданының шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы -1563 . Тұрғын саны – 400 адам. Ауылдың жер бедері негізінен жазық, тегіс. Оңтүстік – оңтүстік батысқа қарай еңістей береді. Жер қойнауының құрылыс материалдарының қоры барланған.Жамбыл ауылы 1955 жылы құрылған.Жамбыл ауылының тұрғындарының мәдениеті өнер оздырып, рухани кемелденіп, өрістілігін биіктеткен ауыл. Жамбыл ауылдық кітапханасы 1955 жылы ашылды. Жалпы ауылдық кітапхана клуб мекемесімен бірге орналасып, халыққа қызмет көрсете бастаған. Клуб пен кітапхана жұмысын соғыс ардагері әрі ауылдық тілші Ербасов Ташай атқарған.

ЕрбасовТашай 1921жылы 18-ші сәуірде Абай совхозында дүниеге келген. Сол кездегі кітапхана қоры шағын болған. Кітапханадағы кітап қоры қазақ және орыс тілдерінде болған. Кітап қоры жаңа әдебиеттермен толықтырылып отырған.Сол уақыттағы партиялық жиналыстарға, съездерге әртүрлі тақырыптарға баяндама жасап отырған.Түрлі комсомол жастарының жиналыстарында кітапхана кешке дейін жұмыс атқарған. Сол жылдардағы бес жылдық жұмыс жоспарына байланысты түрлі еңбек ерлерінің қызметтеріне байланысты көрме, плакаттар ұйымдастырып отырған. Кітапханада мерзімді басылымдар жинақталған. Олар «Октябрь туы», аудандық «Қызыл ту» газеті, республикалық «Лениншіл жас» газеті болған. Кітапханаға келген оқырман мерзімді басылымдармен танысып, бір-бірімен пікір алысқан. Ауылдағы түрлі саладағы егін шаруашылығы, шөп науқаны кезінде көшпелі кітапхана жұмыс істеген. Оны «Кызыл мүйіс» деп атаған. Жаз маусымында даладағы жұмысшыларды аптасына екі рет кітаппен қамтып отырған. Кітапханашы Ербасов Ташай кітапханадағы жаңа әдебиеттерді насихаттап, түрлі істелінген жұмыстары туралы аудандық «Кызыл ту» газетіне жариялап отырған. Кітапханашы Ербасов Ташай кітапханада 1975 жылға дейін жұмыс істеді.

1975-1976 жылдары кітапханада Рысқалиева Бақу қызмет атқарды. Рысқалиева Баку 1958 жылы Аралтөбе совхозында дүниеге келген. Ауылдық мектепті бітірген соң, кітапханашы болып жұмыс істеді. Кітапханада кітап қоры 1413 дана болған. Кітап қоры 279 дана жаңа әдебиеттермен толықтырған. Кітапханадағы қоғамдық саяси әдебиеттер 351 дана, жаратылыстану саласындағы әдебиеттер 17 дана, техника саласындағы әдебиеттер 29 дана, ауыл шаруашылығы саласындағы әдебиеттер 104 дана, өнер саласындағы әдебиеттер 70 дана, көркем әдебиеттер 785 дана болған.

Кітапханадағы оқырман саны 140. Кітапханада көпшілік оқырман топтарына жыл аяғында 475 дана әдебиеттер ұсынылған. Оның 70 қоғамдық саяси әдебиеттер, 20 жаратылыстану саласындағы әдебиеттер, 36 техника, 40 ауыл шаруашылығы, 30 өнер, 246 көркем әдебиет берілген. Кітапханада көпшілік оқырман топтарына арнап 7 кітап көрмесі, 8 әңгіме сағаты,1 жар қағазы шығарылған. Барлығы 15 көпшілік шара өткізілген. Кітапханада 7 әуесқой мүшесі, 5 кітапхана активі кітапханашымен бірлесіп жұмыс атқарған.

1976 жылы кітапханадағы кітап қоры 1510 данаға жеткен. Кітап қоры жыл аяғында 1750 дана болған. Осы жылдың ішінде кітап қоры 240 жаңа әдебиеттермен толықтырылған. Кітап қорында 338 қоғамдық саяси әдебиеттер, 89 жаратылыстану саласындағы әдебиеттер, 98 техника, 102 ауыл шаруашылығы саласындағы әдебиеттер, 78өнер, 852 көркем әдебиет болды. Кітапханадағы оқырман балалар тобына 106 әдебиет ұсынылған.

Кітапханадағы жалпы оқырман саны 120. Кітапханаға оқырманның келім саны 1101. Оның ішінде 40 бала. Кітапханада көпшілік оқырман топтарымен 14 көпшілік шара өткізілген. Оның ішінде 5 кітап көрмесі, 3 жар плакаты, 5 әңгіме сағаты өткізілді. Рысқалиева Баку Жамбыл ауылдық кітапханасында екі жыл қызмет істеді.

Сисенова Ұмсындық 1950 жылы 10-шы октябрьде Жамбыл ауылында дүниеге келген.1958 жылы ауылдық сегіз жылдық мектепті бітірген соң, 1967 жылы Орал қаласындағы 11 қазақ пансионында 9-10 сыныпты бітірген. Пансионда оқып жүріп кітапхана курсын оқып, мектеп бітірерде кітапханашы куәлігін алып шыққан. 1970 жылы аудандық мәдениет үйінде мәдениет қызметкері болып жұмыс істеген. Кейіннен 1977 жылдан бастап Жамбыл ауылдық кітапханасында кітапханашы болып жұмыс істеген. Сол кезде кітапхана контор мекемесінің ішінде орналасқан. Кітапханада кітап қоры мол болған. Кітапханада мынадай мерзімді басылымдар болған: «Ара», «Огонек», «Қазақстан әйелдері», «Жұлдыз», «Работница», «Элеватор», «Мәдениет және тұрмыс», «Қызыл ту», «Орал өңірі», «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан». Кітапханада «Шебер қолдар» әуесқойлар клубы болды. Кітапханашы СисеноваҰмсындық кітапхана қызметін жақсы ұйымдастырып отырды. Оқырман сұраныстарын үнемі орындап отырды. Кітапханада балаларға арнап «Кел,балалар, оқылық» көрме ұйымдастырған. Жазғы егін шаруашылығы, шөп науқаны кезінде бригадаларға «Озат еңбеккерлер», мал шаруашылығындағы еңбеккерлерге арнап «Озат малшылар» газетін шығарды. Сол кездегі түрлі партиялық жиналыстарда баяндамалар жазып, КПСС, партия съездеріне арнап көрмелер ұйымдастырған. Кешкі комсомол жастарының жиналыстарында кітапхана кешке дейін жұмыс істеген. Көпшілік оқырман топтарымен 52 көпшілік шара өткізді. Оның ішінде балалар тобымен 16 көпшілік шара ұйымдастырған. 1978 жылы кітапханада кітап қоры 1860 дана болды. Жыл барысында кітап қоры 320 жаңа әдебиеттермен толықтырылды. Жыл аяғында 100 дана әдебиет актіге шығарылды. Кітап қорында 390 қоғамдық саяси әдебиет, 103 жаратылыстану әдебиет, 105 техника саласындағы әдебиет, ауыл шаруашылығы 132, өнер 80, филология саласындағы әдебиеттер 150, көркем әдебиет 1016, балалар әдебиеті 104 болған. 916 қазақ тілінде, 1164 орыс тіліндегі әдебиеттер болған. Кітапханадағы оқырман саны 125, балалар саны 58. Оқырманның кітапханаға келім саны 1282. Жыл аяғында оқырмандарға 1404 әдебиет, балаларға 798 дана әдебиет берілген.

1979 жылы кітап қоры 2080 293 жаңа әдебиетпен толыққан. 200 дана әдебиет жыл аяғында актіге шыққан. Көпшілік оқырман топтарымен 48 шара өткізілген. Оның ішінде балалар тобымен 18 шара ұйымдастырылған. Кітапханада оқырман саны 125. Балалар тобы 54.Оқырман кітапханаға келім саны 1295. Жыл аяғында оқырман топтарына 1420 әдебиет ұсынылған. Балалар тобына 821 дана әдебиет берілген.

1981 жылы кітапханада кітап қоры 2548 дана болды. Кітап қоры 325 жаңа әдебиетпен толықты. Кітапханада 378 көпшілік шара ұйымдастырған. Оның ішінде балалар тобымен 20 шара өткізілді. Кітапханада оқырман саны 127. Балалар тобы 59. Жыл аяғында оқырмандарға 1527 дана, оның ішінде балаларға 819 әдебиет ұсынылды.

1982 жылы кітапханада кітап қоры 2873. Кітап қоры 202 жаңа әдебиетпен толыққан. Жыл аяғында қордан 172 дана әдебиет актіге шықты. Кітапханада оқырман саны 130. Оның ішінде балалар тобымен 59. Оқырман топтарымен 38 көпшілік шара ұйымдастырылған. Балалар тобымен 20 шара өткізілген. Жыл барысында оқырмандарға 1592 дана әдебиет, балалар тобына 895 дана әдебиет берілді.

1983 жылы кітапханада кітап қоры 2903 дана әдебиет болды. Кітап қоры 211 жаңа әдебиетпен толықты. 45 дана әдебиет жыл аяғында актіге шықты. Бағасы 3069. Кітапханадағы оқырман саны 125. Оқырманның кітапханаға келім саны 2250. Жыл барысында оқырмандарға 2500 дана, балалар тобына 980 дана әдебиет берілді.

1984 жылы кітап қоры 3096. Жыл аяғында қордан 52 дана әдебиет актіге шықты. Көпшілік оқырман топтарымен 32 шара, оның ішінде балалар тобымен 18 шара өткізілді. Оқырман саны 130. Балалар саны 75. Оқырманның кітапханаға келім саны 2560. Жыл барысында оқырмандарға 2500 әдебиет ұсынылды.

Кітапханада 1985 жылы кітап қоры 3172 272 жаңа әдебиетпен толықты. Кітапханада оқырман саны 132. Оның ішінде балалар тобы 75. Оқырманның кітапханаға келім саны 1400. Көпшілік оқырман топтарымен 52 шара, балалар тобымен 23 шара өткізілді. Жыл барысында оқырмандарға 1410, балалар тобына 683 әдебиет берілген.

Кітапханада 1986 жылы кітап қоры 3558 болған. Кітап қоры 176 жаңа әдебиетпен толыққан. Оқырман саны 137. Балалар тобы 66. Оқырманның кітапханаға келім саны 1407. Кітапханада оқырман топтарымен 49 шара ұйымдастырылған. Оның ішінде балалар тобымен 21 шара өткізілген. Кітапханада оқырмандарға 1407 дана әдебиет берілген. Балалар тобына 648 әдебиет ұсынылды.



Жамбыл ауылдық кітапханасында 1987 жылдан бастап кітапханашы болып Хасанова Алтын қызмет істеді. Хасанова Алтын 1967 жылы Жамбыл ауылында дүниеге келді. 1974 жылы ауылдық сегіз жылдық мектепті бітірген соң, 1982 жылы 9-10 сыныпты Орал қаласындағы №11 С.Сейфуллин атындағы мектепте оқып шықты. Алғашқы қызметін 1987 жылдан бастап Жамбыл ауылдық кітапханасында кітапханашы болып жұмыс істеді. Кітапханада көпшілік оқырман топтарымен көптеген шаралар өткізді. Клуб мекемесімен бірлесіп арнаулы мерекелік шараларды өткізді. Ақын-жазушылардың мерейтойларына арнап көрмелер ұйыдастырды. Жеңістің 50 жылдығына орай көрме ұйымдастырып, соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесу кештерін ұйымдастырған. 1995 жылы ақын Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына арнап көрме ұйымдастырды. Кітапханада мерзімді басылымдар тіркелініп отырды. Балалар тобына арналған «Балдырған», «Ақжелкен», «Ұлан», ересек топтарға арналған «Зерде», «Ара», «Агитатор», «Арай», «Орал өңірі», «Кызыл ту» тағы да басқа мерзімді басылымдар болды.Балалар тобымен «Шебер қолдар» үйірмесі жұмыс істеді.Көпшілік оқырман топтарына арнап түрлі ауқымды спорттық шаралар оздырылды.Жазғы маусым кезінде егін,шөп шаруашылықтарындағы еңбеккерлерге кітап апарған.Кітапханада 1987 жылы кітап қоры 3742 болған. Оқырман тобы ересектер 153, оның ішінде балалар 30. Оқырманның кітапханаға келім саны 1714.Жыл барысында кітапханаға 218 жаңа әдебиет келіп түскен.Көпшілік оқырман топтарына 2583 дана әдебиет ұсынылған.Балаларға арнап 532 әдебиет берілген. Оқырман топтарымен 43,соның ішінде балалар тобымен 9 шара оздырылған. 1988 жылы кітапханада 6 айда 200 оқырман болса, жыл аяғында 245 оқырман болған. Оқырман келім саны 1416. Оқырман топтарымен 44 шара, балалар тобымен 1431 дана әдебиет берілген. 1989 жылы кітапханада кітап қоры 4227 дана. 275 оқырман. Оның ішінде балалар 120. Оқырманның келім саны 1946. Оқырмандарға берілген кітап саны 3680. Балалар тобына 1917 дана әдебиет ұсынылған. 45 көпшілік шара ұйымдастырылған. 15 шара балалар тобымен өткізілген. Ал 1990 жылы кітап қоры 4625. 398 жаңа әдебиет келіп түскен. Оқырман саны 270. Балалар саны 82.Оқырмандарға 2824 дана кітап берілген. Балалар тобына 1462 әдебиет ұсынылған. 1991 жылы кітапханада оқырман саны 270, балалар тобы 110. 3813 әдебиет берілген. Балаларға 1929 дана әдебиет ұсынылған. 1992 жылы 6 айда оқырман саны 130, берілген кітап саны 1422,көпшілік жұмыстар 11. 1993 жылы 6 айда оқырман саны 108, берілген кітап саны 977,көпшілік жұмыстар 13 орындалған. 1994 жылы 6 айда оқырман саны 103 берілген кітап саны 900, көпшілік шара 14 болған. 1995 жылы 6 айда оқырман саны 158, берілген кітап саны 1665, көпшілік жұмыстар 15 болған. 1996 жылы оқырман саны 300, берілген кітап саны 3512. Кітап қоры 4748. 17 жаңа әдебиетпен толыққан. 1997 жылы 285 оқырман, 120 балалар тобы. Оқырманның келім саны 1040. Оқырман топтарына 3100 әдебиет берілген. 2000 жылдан бастап кітапхана жұмысын Хайруллина Арайлым атқарды. Хайруллина Арайлым 1976 жылы Жамбыл ауылында дүниеге келді. 1983-1991 жылдары Жамбыл негізгі мектебінде оқып, 1992-1993 ж ылдары Орал қаласындағы № 11 С.Сейфуллин атындағы гуманитарлық лицейді бітірді. 1993 жылы Орал қаласындағы Даулеткерей атындағы өнер институтына оқуға түсіп, 1997 жылы кітапханашы-библиограф мамандығын алып шықты. 2000 жылдан бастап Жамбыл ауылдық кітапханасында кітапханашы қызметін атқарамын.Кітапханада көптеген жұмыстар жүргізілді. Әр жылдары «Инабат», «Шебер қолдар» әуесқойлар клубы жұмыс істейді.Кітапханада ақын –жазушылардың мерей тойлары на арнап көрмелер ұйымдастырылады.Кітапханада мынадай мерзімді басылымдар оқырманға ұсынылады. Олар Ақжелкен,Айгөлек,Балдырған,Мөлдір бұлақ,Балаларға базарлық,Ұлан,Жыл он екі ай,Бала би,Денсаулық, Қазақстан әйелдері,Қайнар, Орал өңірі,Дала мен қала, Егемен Қазақстан.Көпшілік оқырман топтарына арналған мынадай мәліметтер папкасы дайындалды.Олар «Денсаулық – зор байлық», «Қазақстан ғарышкерлері», «Айналайын, абайла», «Ата мұра-асыл қазына», «Ауыл тарихы», «Тәуелсіздік шежіресі» тағы да басқа папкалар жинақталған. Кітапханада тақырыптық картотекалар дайындалды. Олар «Өлкетану картотекасы», «Мерзімді басылымдар картотекасы», «Орындалмаған сұраныс картотекасы», және тақырыптық картотекалар ұйымдастырылған.Кітапханада әр жылдардағы бағдарламаларға орай көрмелер ұйымдастырылды.Мәдени мұра бағдарламасына «Мәдени мұра-мәңгі мирас», Тілдерді қолдану бағдарламасына орай «Тіл -ұлттық рухтың мәйегі», Елбасы Н.Назарбаевтың жолдауына орай «Жасампаздық жолдау», «Әлем таныған егеменді ел», балалар тобына арнап «Бүлдіршіндер бұрышы», «Қазақ әдебиетінің жарық жұлдыздары» атты көптеген көрмелер ұйымдастырылды.Кітапханада осы жылдар арасында балалар тобымен көптеген шаралар оздырылды.Атап айтсақ «Кітапхана әлеміне саяхат», «Ертегілер елінде», «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ», «Ойнайықта ойлайық», «Тәуелсіздік құрдастары», «Менің сүйікті кітабым», «Сен білесің бе ?»т.б. ертеңгіліктер өткізілді.Экология тақырыптарына орай «Құс қанатты досымыз», «Айналаң аялы алтын бесігің», «Табиғатты қорғау,болашақты ойлау» атты тәрбие сағаттар өткізілді.Жасөспірімдер топтарымен «Жастар және есірткі», «ХХІ ғасыр дерті» атты әңгімелер өткізілді.Кітапханада ақын жазушылардың мерей тойларына арнап «Өлкетанушы қайраткер Ж.Ақбай 80жаста», «Жазушы С.Шаймерденов 85жаста», «Дәуірдің дара тұлғасы- Д.Қонаев 95жаста», «Алаштың азаматы Ж.Досмұхамедовтың туғанына 120жыл», «Дала кемеңгері С.Датұлының туғанына 265жыл»,«Қазақ жырының қыраны М.Шаханов 65жаста» т.б. кітап көрмелер ұйымдастырылды.

Жамбыл ауылдық кітапханасында 2000 жылы кітап қоры 3371 дана кітап болды.Оқырман саны 385,оның ішінде балалар тобы 150.Жасөспірімдер саны 44.Кітапханаға оқырманның келім саны 2151.Оқырманға 50008 дана кітап берілді. Балалар тобына 2904 дана кітап ұсынылды.Кітап қоры 336 дана жаңа әдебиеттермен толықтырылды.

2001 жылы кітапханадағы кітап қоры 3771 дана болды.Оқырман саны 339,балалар саны139,36-жасөспірімдер.Оқырманның кітапханаға келім саны-1463.Жыл барысында оқырмандарға 5170 дана кітап берілді.Оның ішінде балалар тобына 2812 кітап берілді.

2002 жылы кітапханадағы кітап қоры 4048 дана.Оқырман саны 304,балалар саны 123,оқырманның келім саны 1460. Кітап қорына 210 жаңа әдебиет келіп түсті.Оқырмандарға 5189 дана кітап берілді.Оның ішінде балалар тобына 2930.

2003 жылы кітапханада кітап қоры 4258 дана болды.Кітап қоры 251 жаңа әдебиетпен толықтырылды. Оқырман саны-285,оның ішінде 104.Оқырманның кітапханаға келім саны 1648. Жыл барысында оқырмандарға 4279 дана жаңа әдебиеттер берілді.Балалар тобына 2471 дана кітап берілді.

2004 жылы кітапханадағы кітап қоры 4509 дана әдебиет болды.Кітап қоры 81 жаңа әдебиеттермен толықтырылды.Кітапханада оқырман саны 311,оның ішінде балалар саны 101, жасөспірімідер саны 54,оқырманның келіс саны 1549.Көпшілік оқырман тобына 6286 дана әдебиет,балаларға 3526 дана берілді.



2005 жылы кітапханадағы кітап қоры 4590 дана әдебиет болды. Кітап қоры 38 дана жаңа әдебиеттермен қамтылды.Оқырман саны 310,оның ішінде балалар саны 85, жасөспірімдер саны 34.Оқырманның кітапханаға келім саны 1367. Оқырман топтарына 6049 дана әдебиет берілді,оның ішінде балалар тобына 3292 дана кітап берілді.

2006 жылы кітап қоры 4628 дана болды.Кітап қоры 233 дана жаңа әдебиеттермен толықтырылды. Оқырман саны 302,балалар саны 85, жасөспірімдер саны 55, оқырманның кітапханаға келім саны 951.Жыл барысында оқырман топтарына 5778 дана кітап берілді. Балалар тобына 3045 дана әдебиет ұсынылды.Қазіргі таңда кітапханада 273 оқырман бар,оның ішінде балалар тобы 89. Кітапханадағы кітап қоры 4781 дана. Кітап қорына 40 дана жаңа әдебиеттер келіп түсті.Оның 26 данасы қазақ тілінде,14-әдеби қоғамдық саяси әдебиеттер,14-көркем әдебиет,1-өнер саласы бойынша,6-филология саласы бойынша қорға келіп түсті.Кітапханада көптеген ауқымды жұмыстар жүргізіліп тұрады.Қазіргі таңда балалар тобымен «Шебер қолдар»клубы жұмыс істейді.Жалпы кітапхана жұмысы әрі қарай жанданып,оқырман қауымына қызмет көрсетуде.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет