Қазақстан әйелдері. 2011. №11. С. 20-23



Дата15.06.2016
өлшемі81.53 Kb.
#137329
Қазақстан әйелдері.- 2011. - №11.- С. 20-23

Келес М.
Мәртебесі биік маман


Дәмелі Әбдіхалықова – Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті қаржы бөлімінің бастығы, Қазақстанның кәсіби бухгалтерлер палатасының мүшесі.

Ұлыбританияның АССА бағдарламасы негізіндегі Қаржылық Есеп берушіліктің Халықаралық стандарты бойынша кәсіби бухгалтер сертификатының иегері.

ТӘРБИЕ БАСТАУЫ – ОТ БАСЫНАН

Дәмелі ауыл-аймаққа Дәмеш атанып кеткен. Ол Көкшетау облысы, Шучье ауданы, Мәдениет ауылында Кенжеш (Кенжеболат) пен Зурәнің отбасында бесінші нәресте болыл дүниеге келген. Әкөсі Кенжеш ұзақ жыл мектепте ұстаздық еткен «Еңбек ардагері», «Қазак ССР халық ағарту ісінің озаты», «КСРО халық ағарту ісінің озық қызметкері». Әрі соғыс ардагері, «Әскери ерлігі үшін», «Отан соғысы» медальдарының иегері. Анасы Зурә мектепте кітапханашы болған. Әрдайым өзгені қуантсам, риза қылсам деп тұратын Дәмелі кішкентайынан еңбекқор болып өседі.

Тоғыз балалы Әбдіхалықовтар отбасында қашанда шаруа қызып жататын. Жазғы демалыс басталсымен қора-қопсыны тазалау, мал қораны жөндеу, бау-бақшаны арамшөптен арылту, суару сынды жұмыстарға отбасы мүшелерінің бәрі жұмылдырылады. Шөп шабу науқанына да әкелері тайлы-тұяғын қалдырмай бар баласын алып шығатын. Ондайда әкесінен кейін Ғалымжан шөп машинасына, Салімжан мен Бауыржан тырнауыштағы атқа, ал Шәмші тырнауышқа отырады. Әкелері қай жерге тоқтаса, сол жерде Бақыт пен Ғалымжан машинаға май құйып, шалғынның тістерін түгендеп шығады. Шөп жиналып қалғанда Ғалымжан немесе Бауыржан атқа жеккен сырмамен шөпті сырады. Мұндайда Шәмші мен Дәмелі шөпті көпенелеп тұрады. Осылай жұрт таңғы шайларын ішіп болғанша, Әбдіхалықовтар екі арбамен екі-үш рет шөп тасып тастайды. Арасында әкелері балаларының жұмысын бақылап, қимьлдарында оғаштық болса, ақылмен түзетіп отырады. Ал кешкі дастарқанда бұл отбасында кішігірім той болып, домбыра тартып, өлең айтатын балаларының өнерін тамашалаудан әкелері еш жалықпайтьн. Одан қала берсе, кітап оқып, оны талқыға салатын. Балаларын ойын ашық білдіруге, еркін сөйлеуге тербиелеген тәлімгер әке оларды еңбекке баули отырып. білімді етіп өсірді.

Еңбекпен есейген Дәмелі жастайынан өзіне жүктелер жауапкершілікті сезініп өсті. Ауыл дүкенінде нан бітіп қалғанда, өзге балалар үйді-үйлеріне оралса, Дәмелі ерінбестен тоғыз шақырым жердегі «Невский» совхозынан жаяулап нан алып келетін. Одан артылған тиын-тебенді жинап, өзгелердің туған күнінде сыйлық алуға құмар еді. Осылай туғандарына бауырмал болып өсті.

БІЛІМ ҚУҒАН ШАҚ

Оқимын деген балаға ештеңе кедергі болмайды екен. Қым-қуат үй тірлігін атқара жүріп Дәмелі мектепті жақсы бағамен бітірді. Орта мектепті «Мәдениет» ауылында тәмамдаған ол coл жылы Ақмола механикалық-технологиялық техникумына түседі. Төртінші сыныптан бухгалтер болуды армандаған қызына әкесі әрдайым қолдау көрсетумен болды. «Біздің тегімізде бухгалтерлер жоқ еді, жақсы көрсең бола ғой. Тек оның жауапкершілігі жоғары мамандық екенін жадыңнан шығарма» деген әке ақылын қызы бір сәт есінен шығарған емес. Балалары үшін әкелерінің ақыл-кеңесі жарқын болашаққа адастырмай апаратын шырағдан іспетті еді. Көпті көрген тәлімгер әке әр баласының арман-тілегімен санаса отырып, жаңылыспайтын жол көрсетіп отырды.

Техникумды қызыл дипломға бітірген жылы Дәмелі емтихансыэ ауыл шаруашылық институтына түсті. Жоғары оқу орнының қабырғасыңда ғылыми жобалармен айналысып, білімділігімен танылған. Бірнеше рет Киев, Мәскеуде өткен ғылыми конференцияларға қатысып жүлделі орындар да иеленді. Шәкірттері жоғары оқу орнын есеп жәнө аудит мамандығы бойынша үздік бітіргендер, ұстаздары аспирант болып қалуға ұсыныс жасайды. Бірақ ұзақ ойланған Дамелі ата-анасына қол ұшін беру үшін ауылға қайтуды құп көреді.

ӨМІР МЕКТЕБІ

Ол туып-өскен «Мәдениет» үлкен қазақ ауылы еді. Онда мал, егін шаруашылығы жақсы дамыған. Дәмеліні совхоз директоры жылы қабылдап, бас есепшімің орынбасары етіп қызметке қабылдайды. Дәмелінің жас болса да өз ісіне тиянақтылығы мен ұқыптылығы, іскерлігі мен адалдығы әріптестерін қайран қалдырады. Совхоз директоры оның ыждаһаттылығына сеніп, шаруашылықтың жұмысы жүрмей жатқан немесе кикілжіңі мол бөлімдерін тексеруге, кейде сонда уақытша қызмет етуге жіберіп отырды. Ондай кездерде Дәмелі әрдайым істің не себептен жүрмей тұрғанын анықтап, біліп қана қоймай, реттеп қайтатын. Діттегенін жасамай қоймайтын, кішкентай қызды осындай табандылығы мен іскерлігі үшін бәрі сыйлап, қадір тұтты. Бұл жыл-дар Дәмелі үшін үлкен өмір мектебі болғаны да рас.

Дамелінің бар арманы - жұмысын адал орындап ата-анасына көмектесу еді. Совхоздың бас есепшісі бола жүріп, түскі аста үй тірлігіне де қол ұшын тигізіп үлгіретін. Жұмысты жылдам да шапшаң жасайтындықтан ол бәрінө уақыт табатын. Қызметте де бәрімен сыйласа білді. Бір күні совхоздың бас мал дәрігері Сұлтан Қасеновтың үнемі айтып жүретін досы Ерікпен танысады. Талай жігіттің бетін қайтарған тәкаппар Дәмелі оған да мардымды жауап бермейді. Бірақ Ерік келуін қоймайды. Ақыры төрт жылдан соң құда жіберуге қыздың рұқсатын алады. Құдалар келгенде әкесі жігіттің анасының науқас екенін естіп, қызына: - Қызым, мені жақсылап тыңдап, ертеңге дейін ойлан. Мына жігітке шығып алып, мен жоғары білімдімін, қызмет істеп, мансап құрамын деме, Анасын жақсылап күтіп-бағамын десең ғана мен батамды беремін, - дейді.

Қатал көрінгенімен мейірімді, әр нарсенің әділін айтатын әкесінің ақылы-на Дәмелі келіседі. Осылай 1987 жылы көрші Қатаркөл ауылының жігітіне тұрмысқа шығады. Ерік сол кезде ауылдағы колледжде мұгалім, әрі бас мал


дәрігері болыл қызмет істейтін.
ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

Ата-ананың ақылын тыңдаған Дәмелі барған жерінің береке-бірлігін келтіреді. Ұзақ жыл төсек тартып жатқан енесін өз анасындай күтіп-бағып, бау-бақша өсіріп, үй тірлігін дөңгелентіп алып кетеді. Аналары сырқаттанып, берекесі кеткен әулеттің бірлігін нығайтады. Жан-жақта тұратын жолдасының бауырларының басын қосып, араларын біріктіре түседі. Отбасына тұңғыштары Жеңістің дуниеге келуі - әулет үшін үлкен қуаныш болды. Ұлы Отан соғысының ардагерлері болған аталары 9-мамырда дүниеге келген немерелерін «Алланың сыйы» деп қабылдады. Жеңістің ізін басып Сүйіндік, одан кейін Айбике дүние есігін ашқанда да отбасына шаттық орнаған.

Қатаркөл совхозында ата-енеге сүйікті келін, үш баланың анасы бола жүріп әкімшілікте бас есепші қызметін атқарады. Жастайынан еңбекке шыныққан Дәмелі бәріне үлгереді. Кейін жолдасы екеуі өсіп келе жатқан балаларының болашағын ойлап, елордаға қоныс аударуды жоспарлайды. Бүгінде сол арман-тілектері орындалып, елорданың төрінде тұрып жатыр. Дәмелі өзі білім алған жоғары оқу орнында қаржы бөлімін басқарса, жолдасы Ерік те мамандығы бойынша қызмет істеуде. Дәмелі апай өзі қызмет ететін оқу орнында дәріс те береді. Үлкендері Жеңіс Ұлттық музыкалық академияда дәріс алып, музыканың қыр-сырын тереңінен меңгерген-ді… Сүйіндіктері жоғары оқу орнын тәмамдап, қаржыгерлерге берілетін Халықаралық деңгейдегі КАП дәрежесін қорғаған. Бұл қаржыгерлер үшін үлкен жетістік. Өз ісінің білгірі Сүйіндік бүгінде аудиторлық компанияда қызмет етуде. Ал 10-сыныпта оқитын кенжелері Айбике - «Рауан» би ансамблінің белді мүшесі. Ол да анасының жолын қуғысы келеді.

Дәмелі апай өткен жылы қапыда тұңғышынан айырылып қалғанына қамығады. Жан-жақты білімді, талантты музыкант жастың болашағы әлі алда еді. Жайдары мінезді елгезек Жеңісті танитындар оны жақсы көріп қана қоймай, тәрбиесі мен парасаттылығына қайран қалысатын. Музыкалық талантын бағалап, профессорлар Ленинград, Мәскеуге шақырғанда бармаған Жеңіс елін-жерін, отанын сүюші еді. Жастайынан қаншама конкурстарға қатысып, лауреат та атанған. Міне, осындай жалындаған жастан қапыда көз жазып қалу кім-кімге де оңай болмасы анық. Алайда, жазмыштан озмыш жоқ демей ма. Ауыр қайғы мен қасіретті көтеру де үлкен парасаттылықты қажет етеді. Енді қалған екі баласының амандығын тілеген Дәмелі ападан біз осыны анық аңдадық.



ТОБЫҚТАЙ ТҮЙІН

Кезінде жоғары оқу орындарының бухгалтерлік ісін компьютерлендіру қиынға түсіп тұрған шақта, қаладағы бірден-бір білгір маман Дәмелі апай болды. Сол тұста аталмыш қызметке оны оқу орнының ректоры арнайы шақыртып алдырған. Дәмелі апай өзі басқарған жылдан бастап жоғары оқу орнының бухгалтерия ісін жоғары дәрежеге жеткізіп, сенімнен шыға білді. Басшылық маманның біліктілігі мен тәжірибелілігін жоғары бағалап, экономика факультетіне дәріс беруге мүмкіндік берген. Іскер басшының көрегендігінің арқасында Дәмелі апай көптеген білікті мамандар тәрбиелеп шығарды. Роза Әбдірахманова, Әлнұра Әлжаппарова, Бақыт Оспанова сынды көптеген шәкірттері бүгінде еліміздің іргелі мекемелерінде абыройлы қызмет етуде. Ізденуден жалықпайтын Дәмелі апай тамыз айында басшылықтың колдауымен Ұлыбритания мен Францияда өткен қаржылық есеп берудің халықаралық стан­дарттap принциптері мен қолдану ережелеріне негізделген семинарға қатысып, кәсіби бухгал­тер сертификатын алып келді. Халықаралық деңгейдегі қаржылық мәселелерді тереңінен зерттей бастаған Дәмелі апайдың алдағы уақытта әлі талай білімді маман тәрбиелейтініне біздің де сеніміміз мол.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет