Оқырман саны: 752 Кітап берілімі: 8907 дана. Кітап қоры: 200025 дана



Дата21.06.2016
өлшемі102.86 Kb.
#151336
Алғабас ауылдық кітапхана шежіресі

pb070086


Оқырман саны:752

Кітап берілімі: 8907 дана.

Кітап қоры: 200025 дана.

Тарих - әрі кәрі, әрі жас. Кәрі болатыны – онда адамзат тарихы ежелден тартып, бүгінге дейін мәңгіге сақталады. Жас болатыны – сол ежелгіні бүгінге сақтап жеткізеді. Ортада болатын өзгерістер болса, оған уақыт, заман кінәлі. Айналып келгенде оның өзі де тарих.

«Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы» деген ұлы ғалым А.Байтұрсыновтың сөзінде зор мағына бар.

Өз ұлтының өткенін қастерлеп, бүгінгі күннің қажетіне жарата білу келешегінен үміт күттірер өркениетті елдің үлесіне ғана тиеді.

Тарихымыздың ұзын-сонар, сан-қилы жолынан өткен мәдени үрдістерімізді шашау шығармай бүгінгі және келешек ұрпақтың мұрасына айналдыру жолында кітаптың атқарар ролі орасан зор.

Адам баласы жабырқаған кезде жанына медет іздейді. Оған бірінші кезекте ұлттық саз бен кітап тосқауыл бола алады. Рухани жан дүниеңе демеу беріп, адамның адами қасиетін арттыратын да осы кітап. Сонау сан ғаырлық тарихымыз бізге хатқа түскен кітаппен жеткен еді. Тәрбиеміздің бастауы - ертегі, жыр-дастандарымыз да бүгінгі ұрпаққа кітап болып жетті.

Атам қазақ: «Білімнің бастауы - кітап» десе, данышпан Абай: «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» дейді. Адамның ақыл-ойы мен тіршілік тынысын тоғыстырған асыл қазына – кітапты сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан мәдени қоғамдық орынның бірі – бұл кітапхана.

Кітапхана өмірі – сырт көзге біліне де, байқала да бермейтін ағысы баяу, тулаған толқындар ішінде жататын өмір. Бүгінгі таңда ақпараттар өрісінің кеңеюі мен баспа өнімдерінің көбеюі – егемендіктің арқасында төл мәдениетіміз бен әдебиетіміздің өркендей түскенінің айқын айғағы. Мемлекет қолдау көрсетіп отырған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында ұмыт бола бастаған өнер, мәдениет адамдарының еңбегін паш ету келер ұрпақтың бүгінгі басты міндеті. Егемен ел атанып, мәдени құнды мұраларымызды жинақтап, тарихымызды таразылай бастаған кезде, киелі шаңырақ ауылдық кітапхана тарихын біліп отыру келер ұрпақты кітапханамен жақындастыруға, дәуір тынысын сезінуге көмектесер деген ойдамыз.


1997 жылы жаңа нарықтық экономикаға байланысты «Қызыл ту» колхозы таратылып Алғабас ауылдық округi, 5 серiктестiк, 70-ке жуық қосалқы шаруа қожалықтары құрылды. Алғабас ауылдың округiне қарасты 2 орта, 2 орталау, 1 бастауыш мектеп, 1 мәдениет үйi,2 ауылдық кітапхана, 5 фельдшерлiк пункт бар. Қазiргi кезде Алғабас ауылында егiн және мал шаруашылықтарымен айналысады. 1997-1998 жылдары қатты қуаңшылық болғанымен кейiнгi жылдары жақсы өнiм алуда. Ауылдық жер үздiксiз электр, байланыс желiсiмен қамтылған.

Кітапхана тарихы

Алғабас ауылы өзінің іргесін 1934-1935 жылдары қалаған болса, ол кезде ауыл шағын «МТС» болып құрылып, ауылдың шетінде, бүгінде зират қасында «Қызыл бұрыш» деп аталатын арнайы тегін кітап беретін орын орын болған.

Осы «Қызыл бұрышта» кітапханашы болып Оразғалиева Меруерт қызмет еткен. Тарихымызда басты орын алатын халқымыздың басынан кешкен сталиндік қуғын-сүргін зұлматы жайлаған қысылтаяң кезеңде Меруерт апай небәрі 4 жылдай еңбек еткен. Бүгінде қызы Сара (ол да зейнеткер жасында) тірі бола тұра, ата-анасының суретін заман зобалаңына орай сақтай алмаған. 1938 жылы Меруерт апайдың жолдасы Оразғалиев Хұсайынды «халық жауы» деген жаламен ұсталуымен қатар «халық жауының әйелі» деген жаламен қызметінен босатылады.

Алғабас ауылында 1954 жылға дейін келеңсіз жағдайларға орай кітапхана тұрақты жұмыс істемеген. Себептері мыналар: МТС болып құрылған кезінде заман ағымы қиындап және халық саны аз болды. Сонымен бүгінгі күнге дейін еңбек еткен кітапханашылар және кітапхана көрсеткіштері мынадай: Сапина Клара – 1934 жылы Батыс Қазақстан облысы (Орал), Сырым (Жымпиты) ауданы, Жосалы совхозында дүниеге келген. 10 жылдық білімін бүгінде Қ.Мырза Әли атындағы орта мектебінен тәмәмдайды. Жанұя жағдайымен, әрі қаржы тапшылығымен өз бетімен оқуға бара алмай, 1952 жылдан бастап Алғабас МТС –де қара жұмыспен айналысып еңбек жолын бастайды. Тамаша даусы бар жас қыз басшылардың көзіне түсіп, өнерлі, әрі еңбексүйгіштігі бар жас талант иесі 1954 жылы Буденный ауылында кітапханашы болып еңбек жолын бастайды. Ол еңбек кітапшасында былай баяндалады:

1954. VI. 16. Джамбейтинский рай., отдел культуры.

Назначено заведующей избой-читальной колхоза Буденный Казахстанского с/совета зав. рай. отдел культуры Бурамбаев.

1956-шы жылы бүгінгі Алғабас ауылы «Қызыл ту» колхозы атанып «орталық» болып бекітілген соң, осы жылдан бастап Буденныйдағы кітапхана колхоз орталығына көшіріліп, шағын клуб ішінен халыққа арнайы кітапхана қызмет көрсетеді. Клара апай алғашқы 1956 жылы колхоз орталығында кітапхана ашылған кезде кітапхананың кітап қоры небәрі 500 дана ғана әдебиет болғанын, еңбек ақысының да жарытымсыз 38 теңге ғана құралғанын еске алып айтады. Ол кісі бұл кітапханада тұрақты 1956 жылдан 1964 жылға дейін еңбек етеді. Бұл жылдары кітап қоры 1000-1500 данаға дейін көбейеді. Кітапханашы 1964 жылдан 1977 жылға дейін денсаулығына және жанұя жағдайына байланысты колхозда жеңіл-желпі жұмыстар атқарады. 1977 жылы осы колхозға қарасты Қызыл ту бөлімшесінде клуб бой көтеріп, жолдасының жұмыс бабымен клуб меңгерушісі болып тағайындалып, зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек еткен.

Бүгінгі күні мақтанып еске алатын сәтті кезең: Қазақстан Республикасы кітапханашыларының І съезіне делегат болып қатысқан, аудан бойынша небәрі екі адам ғана қатысқан. Және қуанышты кезеңі Клара апай «халық жазушысы» өз жерлесіміз, белгілі ақын Қ.Мырза Әлидің бір класта оқыған сыныптасы болғанын мақтан тұтады. Қ.Мырза Әлидің 60 жылдық тойында бірге отырып өткенді еске алса, 70 жылдық мерейтойында БҚМУ акт залында кездескен. Жолдасы Ищанов Байызханмен 1953 жылы отбасын құрып, 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірген, бүгінде 4 немеренің, 4 жиеннің ардақты ата-әжесі болып зейнет ғұмыр кешуде. Әр жылдары «Құрмет» грамоталарымен жемісті еңбегі үшін марапатталған.



Сапина Клараның Мәдениет министрлігінен және аудандық мәдениет бөлімінен алған мақтау қағаздары

Сапина Клараның Мәдениет министрлігінен және аудандық мәдениет бөлімінен алған мақтау қағаздары

Еркінғалиева Ұлдай 1941 жылы 28 маусымда Сырым (Жымпиты) ауданы, Буденный елді-мекенінде дүниеге келеді. 1960 жылы Алғабас орта мектебінен он жылдық білім алып, маман жетіспеуіне байланысты осы жылдың 1 шілдесінен бастап Алғабас ауылдық кітапханасына «кітапханашы» болып кіріп, 1970 жылға дейін еңбек етеді. Жұмыс істей жүріп 1960-1962 жылдар ішінде Шымкент қаласындағы мәдениет техникумының «кітапханалық іс» факультетінің сырттай бөлімінде оқып білімін жетілдіреді. 1975 жылға дейін осы салада еңбек етіп, тұрмыс құрып, жанұялық жағдайымен Алматы қаласына көшіп, 4 жылдай тұрады да, кейін өз туған ауылы Алғабасқа келіп колхоздың басқа салаларында еңбек етіп, 1996 жылы зейнеткерлікке шығады.

Бұл жылдары кітапхананың кітап қоры 2500 мыңға жуық әдебиеттер болған.

Кітапханада түрлі тақырыпқа шығарылған қабырға газеттері, бюллетеньдер, жарыс озаттары туралы деректерден жасақталған альбомда әр тоқсан сайын шығарылып жүрген. Кітапханада сонымен бірге ауылда совет өкіметін орнатуға, колхоздастыруға белсене қатысқан. Ардагерлермен, ҰОС-на қатысушы ардагерлермен де кездесу кештері өткізіліп отырған. Бұл жылдары белең алған басты тақырып: еңбек тақырыбы болған. Сондықтан кітапханада «Еңбек ардагерлері», «Еңбек абырой әпереді, даңқа бөлейді», т.б. тақырыппен кітап көрмелері, бұрыштар тартымды шығарылады. Өкінішке орай мекеме басшыларының салдыр-салақтығынан ба, көп фотосурет сақталмаған. Ұлдай апайдың сапалы жұмыстарының нақты дәлелі 1973 жылы «Қайнар» баспасынан жарық көрген «Жарыс мұраты» атты шағын кітапша. Кітап негізінен социалистік жарысқа түскен екі ауданның қажырлы еңбек көрсеткіштері, осы көрсеткіште бір кісідей ат салысқан ауданға қарасты әр совхоздан еңбек ерлері туралы мағлұматтар берілсе, кітаптың 86-шы бетінде сол кезде кітапханашы болып істеген Ұ.Еркінғалиеваның есімі және ерен еңбегі жайлы қысқаша баян етілген. Ұлдай апай еңбек еткен жылдары 1966 жылы жаз айында және күзде: жазушы М.Шолохов, ақын М.Хакімжанова, 1969 жылы Х.Есенжановпен де кездесулер өткізілген. 1973 жылы күзде ауылдық кітапхананы Оразғалиева Жаңыл Бөкешқызы қабылдап алады.
Оразғалиева Жаңыл Бөкешқызы 1954 жылы 1 маусымда Сырым (Жымпиты) ауданы, Қызыл ту колхозына қарасты Әйімбек деген жерде дүниеге келген. Орта мектепті осы Алғабас ауылынан бітіріп шығады. 1971-ші мектеп бітірген жылы аудандық кооперативтік училищесінің курсанты болып қабылданып, 1 жылдық курсты тәмәмдайды.

Жаңыл Бөкешқызы 1973 жылдан бастап 1986 жылға дейін осы кітапханада еңбек етеді.

Еңбек еткен жылдары съездер мен пленумдар шешімдерін нақты іс жүзінде көрсету бағытымен кітапханада үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Ақын-жазушылардың мерейтойларына орай әдеби кештер, конференциялар өткізіліп отырылған.

Жаңыл Бөкешқызы декреттік демалысқа кеткен кезде Сиполлиева Сәуле Қамидоллақызы кітапхана меңгерушісі болған.



Кітапхана шылар Оразғалиева Жаңыл және Сиполлиева Сәуленің далалы жерлердегі еңбеккерлер арасында үгіт бригадасымен бірге жүрген кездері.

1986 жылы облыстық бүгінгі Ж.Молдағалиев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында кітапханашыны еңбегі мен білімін ұштастыру негізінде аттестация өткізіліп, кітапханашылық мамандығы жөніндегі дипломы жоқ болғандықтан жұмыстан қол үзуге тура келіп, кітапхананы арнаулы кітапханашылық білімі бар Досқалиева Ләззатқа тапсырады.



Досқалиева Ләззат Діңкеқызы ауылдық кітапханада небәрі 2 жыл еңбек етіп, Орал қаласына жанұясымен көшіп кетеді.

1988 жылдың қыркүйек айынан бастап Сағынғалиева Жанна есімді кітапханашы ауылдың кітапхананы қабылдап алады.

1986 жылғы кітап қоры: 9601

1986 жылғы қорға келіп түскен жаңа әдебиеттер саны: 443

Оқырман саны: 328

Балалар: 86

Кітап берілімі: 2683

17 көпшілік шара өткізілген, оның ішінде балалармен 3 қана шара өткізілген.

Өткізілген шаралар тақырыбы:

«Әйел – Ана: қайраткер»

«Бірінші байлық - Денсаулық» атты

«Ленин мәңгі тірі»

«Отан үшін от кешкендер»

«Герой Казахстана»

«Пионерлер – комсомол ізбасарлары»

«Механизаторлар, сіздер үшін» атты кітап көрмелері

«Жас үгітші»

«Сайлауды лайықты табыстармен қарсы алайық» атты бұрыштар

«Кім болам?» сұрақ-жауап кеші

«Балалар біздің болашағымыз» атты ауызша журналдар өткізілген.

1986-1988 жылдары аралығында Алғабас ауылдық кітапханасына мемлекет тарапынан 14 атаулы мерзімді басылымдар жаздырылып алынған. Олар: «Сельская молодежь», «Календарь знаменательных и памятных дат», «Культура и жизнь», «Сельская жизнь», «Приуралье», «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан мұғалімі», «Қазақстан пионері», «Қызыл ту», «Известия», «Орал өңірі», «соф. постан. пр. СССР», «Пионер. Правда», «Правда».

Кітапханашы Досқалиева Ләззат дайындаған альбом
Сағынғалиева Жанна Самиғоллақызы 1968 жылы 2 тамызда Сырым (Жымпиты) ауданы Алғабас (Қызыл ту колхозы) ауылында дүниеге келген. Он жылдық орта білімін мектепті бүгінгі М.Қаналыұлы атындағы мектептен бітіріп шығады. Мектеп бітірген 1985 жылы Орал қаласындағы мәдени-ағарту училищесінің «Кітапхана ісі» факультетінің күндізгі бөліміне оқуға түсіп, 1987 жылы тәмәмдайды. Бір жыл аудандық кітапханада «абонемент» бөлімінде еңбек етеді де, 1988 жылы өз туған ауылына оралып «кітапхана меңгерушісі» болып тағайындалады. Жанна Самиғоллақызы кітапхананы қабылдап алған кезде кітап қоры 8 мыңдай дана ғана болған еді. 1990-1991 жылдары еліміз тәуелсіздік алғанмен «нарық қатынастары» қыспаққа алып, 1992 жылдан 1998-ші жылдың ортасына дейін «штат қысқартылуына» орай кітапханашы жарты ставкамен еңбек ете бастайды. Осы жылдары Алғабас ауылына қарасты Буденный, Қызыл ту елді-мекеніндегі шағын кітапхана жабылып, ондағы кітап қоры орталық «Алғабас» ауылдық кітапханасына көшіріліп жинақталады. Сонда 1998 жылғы кітапхананың кітап қоры 18 800 дана әдебиет болып, ескірген кітаптардан 944 дана әдебиет актке шығарылды.

2000-шы «мәдениетті қолдау» жылы мәдениет қызметінің жұмыстары күрделіленіп, қатаң талап қойылып, Ж.Самиғоллақызы жұмысынан босатылып Ұлболсын Қалқаманқызына кітапхананы тапсырады.


1988-2000-шы жылдар арасындағы кітапхананың ішкі жағдайы, кітап көрмелері


Карина Ұлболсын Қалқаманқызы 1965 жылы Жаңақала ауданы Маштексай совхозында дүниеге келеді. Он жылдық орта мектепті Орал қаласындағы М.Өтемісов атындағы санаториялық мектеп-интернатынан бітіріп, 1982-1984 жылдар аралығында Сырым ауданында құрылыста «сылақшы» болып еңбек етеді. 1985 жылы Атырау қаласындағы мәдени-ағарту колледжінің «мәдени жұмыстар ұйымдастырушысы» факультетіне оқуға түсіп, 1987 жылы сәтті аяқтап шығады. 1988 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алғабас ауылына қарасты Жаңа өңір ауылдық клубына меңгеруші болып тағайындалып, еңбек жолын бастайды.
Ұ.Қалқаманқызының клуб меңгерушісі болып жүріп, кезекті концерттік бағдарламасымен ауылдық жерлерде іссапарда жүрген кезі
1989 жылы отбасын құрып, Алғабас ауылдық мәдениет үйіне әдістемеші болып жұмысқа ауысады. Мәдениет үйінің қызметкері болып 1997 жылға дейін еңбек етіп, «нарық қатынасының» енуімен жұмысынан қысқартылады. 1997-2000 жылдар аралығында жұмыссыз қалады да, 2000-шы жылдың 1 шілдесінен бастап Алғабас ауылдық кітапханасына кітапханашы жұмысына шақыртылады. Ұлболсын Қалқаманқызы кітапхананы қабылдап алған кездегі кітап қоры 18 656 дана әдебиет болды.

ХХІ ғасырға аяқ басқан ақпараттар өрісінің кеңеюі адамзатты білімді, саналы, жан-жақты болуды талап етіп отыр. Еліміз егемендік алып, тәуелсіз Қазақстанның «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы қабылданған болса, бүгінде он жыл ішінде әлем таңданарлық жетістіктерге қол жеткізіп отыр.

Елбасының Н.Ә.Назарбаев 1997 жылғы халыққа Жолдауы ретінде жария етілген стратегия өзінің өміршеңдігін көрсетіп, ел өмірінің барлық саласын дамытудың негізгі жобасын айқындап берді.

Заман талабына сай үлкен серпінмен бәсекелестікке ұмтылу бағытында мәдениет пен әдеби мұраның зерттелуін, сақталуын халық арасында насихаттауға түрлі игі шаралармен атсалысқан Алғабас ауылдық кітапхананың бүгінгі таңдағы кітап қоры 20 148.

Оқырмандар саны: 750

Кітап берілімі: 9800

Кітапханада «Әділет» атты мүдделестер клубы, «Шебер қолдар» активі жұмыс істейді.

Алғабас ауыл тұрғындарының саны 1610 болатын болса, оның жартысының дені кітапхана оқырмандары. Ауылдық кітапхананың ең басты міндеті: жас ұрпақты кітап оқуға баулу, оларды адалдық, адамзаттық, тазалық, ізгілік, Отанды сүйе білу секілді асқақ сезімдерге тәрбиелеу, қазақ елінің тарихын, мәдениетін, жазба мұраларын насихаттау, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу болатын болса, оған дәлел түрлі тақырыпты қамтыған мына шаралар айқын көрсетеді.



17

Кітапхананың белсенді оқырмандарымен

ҰОС ардагерлерімен кездесу кешінде



1 маусым – балаларды қорғау күніне орай өткізілген көпшілік шара

Кітапханашы Ұ.Қалқаманқызы ең жас оқырман балаларды кітапхана жаздырып алатын балалар журналымен таныстыру сәті
Кітапхана жұмысын өркендету бағытымен елбасы жарлығымен 2004-2006 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасының «Шағын Отан» байқауына қатысып, 2005 жылы ынталандыру дипломымен марапатталады. 2006 жылы аудандық мәдениет бөлімінің І дәрежелі дипломымен, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 15 жылдық мерекесі қарсаңында «Мәдениет саласындағы абыройлы қызметі» үшін ауыл әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

2007 жылы көктемде күрделі жөндеуден өткізілген Мәдениет үйі ғимараты. Кітапхана Мәдениет үйі ішінде орналасқан
pb070144

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет