Аралтөбе ауылдық кітапхана шежіресі
Оқырман саны: 850
Кітап берілімі: 13069 дана.
Кітап қоры: 16465 дана.
Аралтөбе –Сырым ауданына қарасты, орталығы Жымпиты ауылы ,ауданнан солтүстікке қарай-28км.қашытықта орналасқан.Аралтөбе-осы аттас ауылдық округтің орталығы.Ол Шідерті өзенін оң жақ жағалауындағы қойнауында орналасқан.
Аралтөбе ауылдық округіне Аралтөбе, Қызылағаш ауылдары және Тіксай, Бөрібас елді мекендері кіреді. Округте бір жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) және 34 шаруа қожалықтары жұмыс жасайды. Серіктестік пен шаруакожалықтары негізінен егістікпен айналасады. Жылдан жылға егістік көлемі өсіп, одан диқаншылар өте жақсы өнім алуда. 1990 жылдан бері осы шаруашылықта
Аралтөбе ауылдық округінде 305 жанұяда 1600 адам тұрады. Екі орта мектеп жұмыс істейді, екі мектепте 400 оқушыға дәріс берілуде.2 ауылдық кітапхана,мәдениет үйі,клуб, 2 дәрігерлік пунктер жұмыс жасайды.
1941 жылдың мамыр айында Аралтөбе ауылында шағын кітапхана құрылды. Сол жылдың маусым айында басталған Ұлы Отан соғысына қарамастан, қанша қиындық болса да мойымай еңбек еткен Жанұзақова Жонас әжеміз шағын кітапханада қызмет еткен. Партия ұйымының бастауымен сауатсыздықты жою топтары іске кірісіп, оған 200-ден астам ауыл тұрғыны тартылды. Бұл істі қарқынды жүргізу үшін кітапханадағы 1018 дана кітаптың негізгі бөлігі орыс тілінде екендігі, ал оны жергілікті халықтың әзірше меңгере алмайтындығы айтылып, жоғарғы орындардан ана тіліндегі әдебиетпен көмектесу жөнінде жәрдем сұралады.
1959-62 жылдары Аралтөбе ауылдық кітапханасында Әжымағамбтов Ахметжан деген ағамыз еңбек еткен.
Ишанғалиева Тойдық 1962 жылдан 1992 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек етті. Ишанғалиева Т. Жұмысқа кірген уақытта 1444 дана кітап қоры болған.Жанұясында бес ұл,үш қыз тәрбиелеген.Ишанғалиева Тойдық қызмет еткен жылдары кітапханада көптеген қызықты көпшілік шаралар ұйымдастырылды.Кітап қоры 18 данаға жетіп,оқырман саны да көбейді. Ишанғалиева Т. Барлық еңбек еткен жылдарында бірнеше мәрте СССР мәдениет министрлігінің құрмет грамотасы (республикалық,облыстық,аудандық) марапаттауларына ие болды.
Сагиндыкова Анаргүл Ғалиасқарқызы – 1975 жылы 24 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Аралтөбе ауылында дүниеге келген.
М.Өтемісұлы атындағы мемлекеттік университетінің түлегі. Аралтөбе ауылдық кітапханасында 1998 жылдан 2006 жылға дейін кітапхана менгерушісі болып қызмет істеді. Кітапханада «Кәусар» атты үйірме жұмыс жасады.
Кубаева Гүлімхан Бақытжанқызы 1980 жылы Сырым ауданы Жаңа өңір ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Жаңа өңір орта мектебін бітірген. 2007 жылы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің кітапханатану факультетін сыртқы бөлімін бітірген.2006 жылдан Аралтөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы болып қызмет атқаруда.
Достарыңызбен бөлісу: |