Оқытушылар туралы жалпы мәлімет



бет1/15
Дата08.04.2023
өлшемі192.26 Kb.
#471908
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Силлабус клин фарм 6 курс қазақша 2022-2023 (1)






Оқытушылар туралы жалпы мәлімет:





Аты-жөні

Ғылыми дәрежесі және қызметі

Ғылыми қызығушылығы

Жетістіктер

1

Орманов Т.Н.

б.ғ.к., аға оқытушы

«Фармэкономика,фармаэпидемиология,фармнадзор бағалау тәсілі»

25 ғылыми мақалалар

2

Пернебекова Р.К.

б.ғ.к., доцент

«Фосфор қосылыстарымен және изадринмен уыттанғанда қызғылт семіз от фитопрепаратының кардиопротекторлы әсері»

80 ғылыми жұмыстар

3

Ботаева К.М.

Оқытушы

«Рациональная противовоспалительная фармакотерпия»

10 ғылыми мақалалар

4

Шонбаева А.К.

Оқытушы, магистр

«Рациональная фармакотерапия сердечно- сосудистых заболеваний»

20 ғылыми мақалалар,
1 оқу құралы



Байланыс ақпараты:
ОҚО., Шымкент қ. А. Байтұрсынов көш. 7, ХКТУ, Б ғимараты, «Жалпы дәрігерлік практика №2» кафедрасы. Электрондық мекен-жайы: morfo_farm@mail.ru


Пәннің саясаты және шаралары:
Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ медицина мамандықтарының «Медициналық мамандықтардың білім беру бағдарламасы» талаптарына сәйкес интерндерге медициналық білім беруде қолданылатын бағалау әдістері құзыреттілік бағыт идеологиясына сәйкес келеді және WFME, LCME/CACMS, AMC, GMC талаптарына, сондай-ақ BEME, AMEE жетекшіліктеріне негізделеді.
Медициналық мамандықтардың білім беру бағдарламасы шеңберінде бағалаудың келесі екі түрі қолданылады:
1. Формативті бағалау оқыту үдерісімен бірге жүреді, оның мақсаты - студенттің құзыреттіліктерін дамыту болып табылады. Мұндай бағалау әдісі студенттің білім алу үрдісін бақылауға, студенттің немесе оқу бағдарламасының кемшіліктерін анықтауға, ал анықталған жағдайда оны оқу үрдісінің соңына дейін түзетуге мүмкіндік береді. Бұл бағалау әдісі, сонымен қатар білім беру әдісі болып табылатыны сондықтан. Мысалы: Студенттің кері байланыс жасауы және студенттің өзін-өзі бағалауы.
2. Суммативті бағалау әдісі оқытудың соңында қолданылады. Оның мақсаты - оқытудың нәтижесіне жеткендігін анықтап, құжатқа енгізу. Мысалы: қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан.
Интерндердің әр семестрде жіберген сабақтары жеке есептеледі және оқу бағдарламасындағы жалпы аудиторлық сағаттардың 10% аспауы керек. Денсаулығына байланысты жіберген сабақтары бұл пайыздық шектеулерге кірмейді. Денсаулығына берілген анықтамасы негізінде сабаққа кіріскен алғашқы үш күнде университет клиникасында немесе Шымкент емдеу мекемелерінде тіркеліп, деканаттан өтеуге рұқсат алынуы керек. Себеппен жіберілген сабақтары қорытынды сабақ тапсырылған күнге дейін өтелуі тиіс. Интерн өздігінен тақырыптарды зерттеп, оқытушы берген тапсырманы орындауы керек. Жіберілген сабақтары қайталап жүргізілмейді. Сабақтарды себепсіз жібергенде өтеу жұмыстарына рұқсат берілмейді. Семестрдің соңында немесе оқу жылының аяғында емтихандарға рұқсат алуы үшін, себепті жіберілген сағаттарын есептемегенде, интерн аталмыш пәннің аудиториялық сағаттарының 80% қатысуы керек болады. Сабақтарды жіберуіне немесе өтуге қажетті балды жинамаған интерндердің емтиханға жіберілмейтінін пән оқытушысы сессия басталғанға дейін ескертеді. Кафедра меңгерушісінің мәліметінің негізінде бұл интерндер деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.
Интернатура – медициналық білім беру ұйымдары іске асыратын, медициналық жоғары оқу орындарының нақты мамандықтан интерндерді екі жылдық дайындау түрі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет