Қожамберді ауылдық округінің әкімі М. Налибаевтың 2013 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша жасаған есебі



Дата23.02.2016
өлшемі76.45 Kb.
#10503
Қожамберді ауылдық округінің әкімі М.Налибаевтың 2013 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша жасаған есебі:
Қожамберді ауылдық округі 2005 жылы Төменарық ауылдық округінен бөлініп шықты. Ауылдық округ бойынша 8 (сегіз) көше бар. Бұл көшелердің барлығының аты қойылған. Елді мекеннің тұрғындары егін және мал шаруашылығымен айналысып, күн көріс етеді. Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 15176 га, оның ішінде ауылдық округтің жер көлемі 1380 га, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер 13796 га. Ауылдық округте халық саны 912 адам, 139 жанұя, 136 тұрғын үйді құрайды. Халық санының 429 әйелдер,
483 ерлер. Мектеп жасына дейінгі балалар-145, мектеп жасындағы балалар-151, жұмыспен қамтылған адамдар-298, оның ішінде мекемелерде жұмыс жасайтындар-87, ешқандай жұмысқа тартылмаған отбасы саны-3. Ауылдық округте ҰОС-ның ардгері-1, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілгендер саны – 13, зейнеткерлер саны – 88, алтын алқа иегерлерінің саны – 34, күміс алқа иегерлерінің саны – 26. Ауылдық округ бойынша 2013 жылы 16 нәресте дүниеге келді. Ауылдық округі әкімі аппаратында 1 саяси мемлекеттік қызметкер, 2 мемлекеттік қызметкер, 4 азаматтық қызметкер, 2 тех.қызметкер жұмыс жасайды. Бір ФАП бар, онда 1 фельдшер, 1 акушер, 1 мейірбике, 3 тех.қызметкер жұмыс істейді. Бір мектеп, онда 37 (отыз жеті) мұғалім, 20 (жиырма) тех.қызметкер жұмыс жасайды. Сиымдылығы 200 адамдық бір мешіт бар. Ауыл имамы Муслимов Қыдырқожа, орта білімді азамат. Әр жұма сайын ауылдың үлкендерін жинап намаз оқылады. Ауыл мешітінің азаншысы Артықбаев Тұрсынбай, орта білімді азамат. Бес уақыт азан шақырып, күнделікті мешіттің жұмыс істеуіне, ауласының таза болуына бірден бір үлесін қосып келеді.Мешіт алдына гүлдер егіліп, үйленген жастар мешітке келеді. 1 (бір) учаскелік полиция пункті, онда 1 учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді. Сиымдылығы 100 адамдық 1(бір) клуб үйі, онда 4 адам жұмыс істейді. Кітап қоры 7113 болатын 1 (бір) кітапхана бар. Онда 1 қызметкер жұмыс істейді. 138 санды нүктелік АТС бар. Бір су қоймасы, 12100 шақырымдық ауыз су жүйесі қызмет көрсетіп келсе, ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін 6 шаруа қожалығы, 1 селолық тұтыну кооперативі жұмыс жасап келеді.
3 жеке кәсіпкер азық-түлік сатумен, 1 жеке кәсіпкер жеке балабақша жұмысын жүргізіп, 1 жеке кәсіпкер мал бордақылау кәсібімен айналысып ауыл халқына қызмет көрсетіп келеді.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы қаулысын басшылыққа алып, Қожамберді ауылдық округі бойынша құрылған комиссиясының зерттеу жұмыстарының қорытындысымен 2013 жылдың I-II-III тоқсандары бойынша төмен отбасылары деп танылып:

1. Мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар: 2013 жылдың
I тоқсанында 39 ана 130 балаға 631 мың, II тоқсанында 34 ана 115 балаға 558 мың, III тоқсанында 35 ана 118 балаға 568 мың теңге берілді.

2. Тұрғын үй көмегін алушылар саны: 2013 жылдың I тоқсанында 6 отбасыға 100 мың теңге көлемінде берілді.

2013 жылдың 9 айлығында ауылдық округі әкімі аппаратына заңды тұлғалардан арыз келіп түскен жоқ. Жеке тұлғалардан 11 арыз келіп түсті,
1-і тұрғын үй алуға көмектесу туралы, 6-і жер және жер пайдалану туралы, 2-і жерді мемлекет қорына қайтарып, иесіз мүлік ретінде тану туралы өтініштер болса,
1-і ауылшаруашылық мақсатында, 1 жеке қабылдауда болып, олар толығымен қанағаттандырылды.

2013 жылдың 9 айлығы бойынша жоғары орындардан 291 қатынас құжаттар келіп түсіп, олардың 258-не жауап қайтарылып, қалғандары қызмет бабында пайдаланылды.

Ауылдық округ бойынша 2013 жылдың 9 айлығы бойынша қабылданған нормативтік-құқықтық актілер саны-63. Жоғары орындардан 20 нормативтік-құқықтық актілер келіп, олар қызмет бабында пайдаланылды.

Қожамберді ауылдық округінен қорғаныс істері бөліміне дәрігерлік сараптамадан көктемгі шақыруда 13 бала өту керек болса, олар түгелімен өтті.

2013 жылы ауылдық округте қоғамдық жұмысқа 11 адам қабылданып, оған 410 мың 520 теңге жұмсалып, көшелер мен мекеме маңдарын тазалау, көркейту көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Білім саласы бойынша №162 мектепте 2013 жылы 17 түлек бітіріп, ҰБТ-ға қатысқаны 8 оқушы. ҰБТ қорытындысы 76,1% құрады. Оның ішінде 2 бала грант иегері болды. Метепте аз қамтылған 23 отбасы, ондағы балалар саны 43. Көп балалы 40 отбасы, ондағы балалар саны 80. толық емес 11 отбасы бар. 3 мүгедек бала үйден оқытылады. Денсаулығына байланысты 7 оқушы есепте тұрады.


2013 жылы аз қамтылған отбаслардың тамағына 586 мың теңге қаржы қаралып, аз қамтылған 20 оқушыға,1 сыныптың 9 оқушысына мектеп асханасынан күнделікті

1 мезгіл ыстық шай, тамақ берілді. Аз қамтылған оқушылардың қиім кешегіне


259 мың теңге қаралып, 30 оқушыға киім кешек берілді. Аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан балалардың тынығу лагерлеріне жіберуге 135 мың теңге қаралып, «Балдәурен» ойын сауық орталығына 1 оқушы, «Шымкент Манкент» қаласына 1 оқушы барып, демалып қайтты. «Таусамалы» тынығу лагеріне
11 оқушы, «Талдысу» тынығу лагеріне 4 оқушы демалып қайтты. «Мектепке жол» акциясы бойынша кәсіпкерлердің қолдауымен аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға 80 мың теңге көлемінде оқу-құрал жабдықтары беріліп, көмек көрсетілді. Мектептің жазғы жөндеу жұмысына 101 мың теңге қаралаып, толық игерілді. Мектептің қатты отын көмірге 900 мың теңге қаралып, 507 мың 145 тең жұмсалды. 2013 жылдың қаңтарында 9-10-11 сынып оқушылары Қ.Молдахмет, А.Қабланов, Ә.Әлібектер Астана қаласында өткен «Компьютерлік графика және пинсельдер» атты ғылыми жобаға қатысып, жетекшісі К.Бәкілбековтің оқушылары арнайы сертификатпен марапатталды. 7 сынып оқушысы Молдахмет Әлішер Қызылорда қаласындағы Н.Ә.Назарбаевтың зияткерлік мектебіне түсті. Облыстық «Ең үздік аула клубы» байқауынан «Баршын» аула клубының жетекшісі Ж.Асылбекова қатысып, облыстық білім басқармасының «Дипломымен» марапатталды.

Ауылдық клуб үйінің қызметкерлері биылғы жылы мәдени шараларды өз деңгейінде өткізді. Ауыл әкімшілігімен бірлесіп, өнерпаздарының атсалысуымен барлық мереке күндері атап өтілді. «Наурыз» мерекесі, 9 мамыр «Жеңіс күні»,

1–маусым «балаларды қорғау» күні, 30-тамыз Конституция күні, 1-қыркүйек «Мектепке жол» акциясы, 21 қыркүйекте «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты мәдени шаралары өтті.

Ауылдық учаскелік полиция инспекторы 2013 жылы ауылда қоғамның тыныштығын сақтау мақсатында біршама жұмыстар атқарды. 2013 жылдың әр тоқсанында учаскелік полиция инспекторы ауыл тұрғындарының алдында атқарылған жұмыстары жайында есебін беріп отырады. Қазіргі таңда ауылда мал ұрлығы, жастар арасында қылмыстық іс әрекетке барушылық фактілері жоқ.

«Бақберген» жеке балабақшасы 2010 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. 2013 жылы облыстық бюджеттен 9 млн 742 мың теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда бұл балабақшада 40 бала тәрбиеленіп, 12 штат бірлігі жұмыс істеуде.

2013 жыл бойынша ФАП қызметкерлері ауылдағы дәрігерлік көмекке мұқтаж жандарға дәрігерлік тұрғыда жоғары деңгейде көмек көрсетті. Жыл бойынша емханаға келіп емделгендер саны-2500 адам, үйді аралау, үйге бару арқылы емделгендер саны-2100 адамды құрады. Биылғы жылы жүктілікпен 29 ана есепке тұрса, оның ішінде босанғаны 16 ана. Жалпы фельдшерлік акушерлік пунктте 14 жасқа дейінгі 236 бала, жасөспірімдер 60 бала есепте тұрады. Ауыл бойынша 2013 жылы рентгенге (флюрографияға) түскендер саны 225 адам.

2013 жылы абаттандыруға, көркейту-көгалдандыруға Республикалық бюджеттен балалар ойыны алаңын салуға 2 млн теңге бөлінді. Бөлінген қаржы толығымен игеріліп, қазіргі таңда балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. Сонымен қатар аудандық бюджеттен жасанды кіші спорт алаңын салуға 5 млн теңге бөлінді. Жасанды кіші спорт алаңы салынып, қазіргі таңда пайдаланылуда. Қожамберді ауылының төлқұжатын істеуге, 3 дана билборд ілетін тұғырлар орнатуға аудандық бюджеттен 860 мың теңге бөлініп, аталған жұмыстар сапалы жүргізіліп, игілікке пайдаланылуда. Қосалқы трансформатор станциясын орнатуға 1 млн 200 мың теңге бөлініп, ауылдың орталығынан жаңа трансформатор орнатылды. Ол трансформаторға ауылдың 3 көшесінің көше жарығы қосылып тұр.Алдағы уақытта ауылдың тағы да бір көшесін, ауыл әкімшілігін, балабақшаның жарығын осы трансформаторға жалғау жоспарланып отыр. Сонымен қатар
150 мың теңге аудандық бюджеттен бөлініп, 9-мамыр «Жеңіс күніне» УАЗ автокөлігінің сыртына ілетін мерекелік кермелер жасауға, ауылдың төлқұжатын және ауылдың тарихын жаздырып билдборд түрінде жасауға, орталық көшенің бойына орнатылған тұғырларға билбордтар жасауға жұмсалды.

Ауыз су қазіргі уақытта елді мекенге тікелей Шиеліге тартылған су құбырынан келіп отыр. Ауыл тұрғындарының 100 пайызы өз күштерімен су есептегіш құралдарын орнатып алды. Ауыз су уақытылы келіп тұр.

Сырдария өзенінде су тапшылығына байланысты аяқ сумен ауылдың
80 пайызы қамтылып, ауылдық округі бойынша 2013 жылы 130 гектар жерге егін егілді. Оның ішінде 5 га бақша, 15 га көкөніс, 10 га картоп, 10 га дәндік жүгері,
10 гектар ескі жоңышқа, «Қожамберді» шаруа қожалығы 17 га жерге күріш және
63 гектарға жоңышқа екті.

Ауылдық округте 2013 жылы 811 бас мүйізді ірі қара, 6098 бас қой ешкі,

112 бас жылқы, 11 бас түйе, 152 бас құсты құрады. Жұқпалы аурулардың алдын алу және болдырмау мақсатында ауылдық округ бойынша «Аусылға» қарсы 1301 мүйізді ірі қараға, 8191 бас уақ малға, «Сібір жарасына» қарсы 773 бас мүйізді ірі қараға, 11 бас түйеге, 104 бас жылқыға және 4533 бас уақ малға, «Күл» ауруына қарсы 6071 бас уақ малға, «Қарасан» ауруына қарсы 387 бас мүйізді ірі қараға, «Құтыруға» қарсы 88 бас итке, 11 бас түйеге, «Құс тұмауына» қарсы 100 бас құстарға егу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар энзоотиялық ауруларға қарсы «Тейлериозға» 390 бас мүйізді ірі қара, «Бауыр құртқа» 1396 бас уақ мал, «Сақау» 59 бас жылқы, «Қатпаға» 6 бас түйеге ветеринариялық іс шаралар жургізілді. Сералогиялық тексеру бойынша 737 бас мүйізді ірі қарадан, 6187 бас уақ малдан қан алынды.

Газетке жазылуға байланысты 2013 жылы ауыл әкімі аппаратының негізгі жоспары 222 газет, ФАП-те 18 газет, клуб үйінде 6 газет, кітапхана 4 газет, №162 мектептің жоспары 210 газет болса, толығымен орындалды. Ауылдық округ бойынша жалпы 460 газетке жазылды.

Салық түсімі жоспар бойынша 2013 жылға есептелгені жер салығы бойынша негізгі жоспар 121 мың 600 теңге болса, 93 мың 200 теңге төленіп 76,6% орындалды, мүлік салығы бойынша 4 мың 600 теңге болса, оның 3 мың теңге төленіп 63% орындалды, көлік салығы бойынша 679 мың 100 теңге болса, оның 233 мың 400 теңгесі төленді.

2013 жылы атқарылған жұмыстар бойынша көктемгі көркейту көгалдандыру және «тазалық» айларында ауылдық клуб үйі әктеліп, маңайындағы шарбақтарға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Барлық мекеме маңдары тазартылып, өсінді шөптері шабылды. Көшеттер отырғызылып, түптері түгел әктелді. Аяқ су келетін арықтар тазаланды. «Тәуелсіздіктің 20 жылдық саябағы», «М.Көкенов саябағы», «Шаймен ата саябақтарына» көшеттер отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. «Көккесене», «Қожамберді ұрпақтарнының зираты» атты әулиелердің аркасы жаңартылып сырланды.

2013 жылдың қаңтар айынан бастап Елбасының Жолдауын насихаттау мақсатында ауылдың орталық көшесінің бойына 2 бильборд, Мемлекеттік Рәміздерге байланысты 1 билборд, Қазақстан Республикасының спорт жеңімпаздарын насихаттау мақсатында 1 билборд, мереке күндеріне орай «Конституция күні, Тәуелсіздік күні, Жеңіс күні, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамына» билбордтар жасалып ілінді. Сонымен қатар көше бойындағы паннолар сырланды.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша ауылда мал және егін шаруашылығымен айналысатын «Бағлан-би» шаруа қожалығы 3 отбасын жұмыспен қамтыды. «Қанат» шаруақожалығы 1 адамды, «Ғани» шаруақожалығы


2 адамды, «Нұрболат» шаруақожалығы 5 адамды жұмыспен қамтыды. «Қожамберді» шаруа қожалығы 17 гектар жерге күріш екті. Қожамберді шаруа қожалығының мүшелері күріш егіп, өнімдерін жақсы деңгейде жинап алды. Ауылда мүйізді ірі қара малын бағуға 3(үш) падашы ұйымдастырылып, қысы жазы уақытылы бағылуда.

Ауыл жастары 2013 жылы ауылдың өркендеуіне патриоттық тұрғыда белсене араласты. Ауылдың спорт нұсқаушысы Н.Сардарбековтің ауыл жастарын ұйымдастыруымен Жаңақорған кентінде 2013 жылдың мамыр «Салауатты ұрпақ – Саламатты Қазақстан» атты аудандық спартакиадаға ауыл жастары қатысып,


III орынды Н.Жусупбеов жеңіп алса, 2013 жылдың шілде айында Н.Сейтқасым «Ақбидай» атты аудандық қол күрестен III орынға ие болып, Бақытов Азамат II орынға ие болды.

Ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында 2013 жылы жазғы маусымда


ҰОС-ның ардегері Нұрлыбаев Сейдан өзінің жеке тұрғын үйі жоқ екендігін, тұрғын үй қажет екендігін білдірген өтінішіне сай аудандық бюджеттен 2 млн теңге бөлініп, өз қалауы бойынша Жаңақорған кентінен тұрғын үй сатып алынып берілді. Сонымен қатар ардагерлерге теңестірілген Номанов Минайдар «Жаңақорған шипажайына», Алтын алқа иегері, ардагер ұстаз Шүкірова Хадиша «Бурабай шипажайына» жолдама арқылы барып, демалып қайтты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет