«Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет паспорты
1.Мемлекеттік қызметті 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталықтар) арқылы және алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы ұсынады.
Мемлекеттік қызметтің шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті мобильді орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 9-бабының, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 28-бабының 2) тармақшасының, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 15-2-бабының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының және «Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1261 қаулысының негізінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат call-орталықтың 1414 телефоны арқылы да берілуі мүмкін.
4. Мемлекеттік қызмет нәтижесі www.elicense порталында ойын автоматтары қызметімен айналысу құқығына 10 жыл мерзімге берілетін электрондық құжат нысанындағы лицензия, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына (бұдан әрі - алушылар) көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі алушы орталыққа немесе порталға жүгінген сәттен бастап 15 жұмыс күнінен аспайды (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда ұсынады);
2) алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің жол берілетін ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;
3) алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;
4) телнұсқа өтiнiш берiлген күнінен бастап екі жұмыс күнi iшiнде беріледі;
5) қайта ресімделген лицензия өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде беріледі.
Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген 3845 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ойын автоматтары залы қызметімен айналысу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алымды бюджетке төлеу түрінде білдіретін ақылы негізде көрсетіледі. Бұл ретте лицензияның телнұсқасын беруге алымның мөлшерлемесі лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын, лицензияларды қайта ресімдеу мөлшерлемесі лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бірақ 4 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.
Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия алуға, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын беруге электрондық сұрау портал арқылы берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшiн алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
орталыққа:
1) өтініш;
2) заңды тұлға үшін - жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда нотариалды түрде куәландырылған);
3) алушының салық органында 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке тұрғаны туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды түрде куәландырылған) көшірмесі;
4) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерде ойын автоматтары қызметімен айналысу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі қағаз жеткізгіште;
5) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
6) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес өтінім берушінің қолымен және мөрімен расталған, көрсетілген ойын жабдығына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерімен бірге ойын жабдығының тізбесі;
Мына құжаттардың мәліметтері:
1) жеке тұлға үшін - алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат;
2) заңды тұлға үшін - алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
3) дара кәсіпкер үшін - алушыны дара жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында жеке алады.
Орталық қызметкері түпнұсқаларды құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
Достарыңызбен бөлісу: |