22.03.2023, 15:49
Ойындардың дене тəрбиесі құралы жəне əдісі ретіндегі сипаты — Республикалық білім порталы
https://bilimger.kz/32162/
1/17
КОЛЛЕДЖ ПƏНДЕРІ
0
Ойындардың дене
тəрбиесі құралы
жəне əдісі ретіндегі
сипаты
-
BILIMGER
· 12 ЯНВАРЯ, 2018
Мухамеджанова Улман Жумагазиевна
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене
тəрбиесі процесінде қимыл-қозғалыс
ойындарына жетекші рөл беріледі.Дене
тəрбиесінің негізгі құралдары мен
əдістерінің бірі ретінде көп қозғалысты
ойындар сауықтыру жəне тəрбие,білім
беру міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік
береді.Ол бала денесінің дамуына жəне
сауығуына жан-жақты ықпал
жасайды.Ойын процесінде балалардың
қозғалтқыштық ширақтылығы бүкіл ағзаға
жігерлілік жағдай туғызады,алмасу
процестерін күшейтеді,өмірлік тонусын
арттырады.
Қимыл-қозғалыс ойындарын өткізу кезінде
қол жеткен сауықтыру тиімділігі
Яндекс Ойындар
РЕКЛАМА • 16+
Косынка – Яндекс Игры
МЕКТЕП ПƏНДЕРІ
Бастауыш сынып
Сауат ашу
Əдебиеттік оқу
Жаратылыстану
Шет ел тілі
Қазақ əдебиеті
Қазақ тілі
Қазақстан тарихы
Құқық
Математика
Мектепалды даярлық сынып
Орыс əдебиеті
Орыс тілі
Өзін-өзі тану
Психология
Тəрбие сағаты
Технология
Физика
Химия
Ағылшын тілі
Алгебра
Алғашқы əскери дайындық
Биология
География
Геометрия
Дене шынықтыру
Дүние жүзі тарихы
Информатика
ЛОГОПЕДИЯ
ДЕФЕКТОЛОГИЯ
БАЛАБАҚША ƏЛЕМІ
Балабақша
Балабақша əдістемесі
АТТЕСТАЦИЯ МАТЕРИАЛДАРЫ
САЙТ ЕРЕЖЕСІ
МАҚАЛАНЫ ТЕГІН ЖАРИЯЛАУ
22.03.2023, 15:49
Ойындардың дене тəрбиесі құралы жəне əдісі ретіндегі сипаты — Республикалық білім порталы
https://bilimger.kz/32162/
2/17
балалардың ойнау əрекеті процесінде
пайда болған жəне баланың психикасына
ізгілікті əсер ететін жағымды эмоциямен
тығыз байланысты.
Эмоциялық өрлеу балалардың жалпыға
ортақ мақсатқа жетуге ұмтылысын
туғызады жəне тапсырманы айқын
түсінуінен қимылдардың жақсы
үйлесімінен,кеңістікте жəне ойын
жағдайында неғұрлым дəл бағдар
белгіленуінен,тапсырманы жедел
қарқынмен баураған балалардың осындай
əуестенуі кезінде əр түрлі кедергілерді
жеңуге көмектесетін жігердің рөлі артады.
Қимыл-қозғалыс ойындары балалардың
игеріп үлгерген қимыл дағдыларын
жетілдіру жəне дене қабілетін
қалыптастыру əдісі ретінде қызмет етеді.
Ойын процесінде бала өзінің назарын
қимылды орындау əдісіне емес мақсатқа
жетуге аударады.Ол ойын шартына
бейімделіп,ептілік көрсетіп жəне сол
арқылы қимылды
жетілдіріп,мақсаттылықпен əсер
етеді.Мысалы «Өрт сөндірушілер» ойыны
балалар жүгіру, еңбектеу,өрмелеу
жаттығуларын игерген кезде өткізіледі.
П.Ф.Лесгафттың пікірі: «Ойындарда жүйелі
түрде жүргізілген сабақ кезінде
игерілгендердің бəрі
қолданылады,сондықтан мұнда
жұмсалатын қимылдар мен əдістердің бəрі
ойынға қатысатындардың күші мен
икеміне толық сай келуі жəне
мүмкіндігінше өте дəлдікпен жəне
ептілікпен жасалуы тиіс».
Қозғағыш іс-əрекет қимыл қозғалыс
ойындары белгілі бір ерекшелікке ие: ол
22.03.2023, 15:49
Ойындардың дене тəрбиесі құралы жəне əдісі ретіндегі сипаты — Республикалық білім порталы
https://bilimger.kz/32162/
3/17
баладан белгіні тез сезінуді жəне күтпеген
жерден ойын жағдайын өзгертуді талап
етеді.
Ойын кезінде пайда болатын əр түрлі
жағдаяттар қимыл мен əрекеттің
сипатын,қимыл бағытының тез өзгеруімен
бұлшық ет ширығуының дəрежесін өзгерту
қажеттігін туғызады.Мысалы, «Соқыр
теке» ойынында əрбір бала жетекшінің
əрекетін назар аудара бақылауы керек.
Ойындағы кейіпкер жақындаған кезде
балалар жан- жаққа тез қашып
кетеді.Өзінің қауіпсіз жағдайда екенін
сезген соң қимыл қарқынын
бəсеңдетеді,тежейді,тоқтайды.Кейіпкер
тағы да жақындаған кезде ол қимылын
тағыда тездетеді.
Əрбір қимыл қозғалыс ойынында дерлік
балалардың ойын əрекеттері мен
қимылдарын өзгертуге берілетін белгілер
болады.Мысалы, «Ынтымақты,бағыт пен
қимыл сипатын өзгертуді білдіретін
балалардың тез сезінуін,қабылдауын
туғызады: бытыраңқы жеңіл жүгіріс бұрын
белгіленген орындарға,бірінің артынан бірі
тізбекті сапқа тез қосылу үшін мақсатты
тура бағытта жүгірумен өзгереді.Осындай
ширақ қимыл əрекеті еліктіру жəне тежеу
процестерін жетілдіре жəне теңестіре
отырып,баланың нерв жүйесін
шынықытырады.
Қимыл қозғалыс ойынында бала назар
аудару жəне бұлшық еттің ширығу
дəрежесін реттеуді үйренеді:ойынның
қалыптасқан жағдайға байланысты ол
қимылды тынығумен кезектестіре
алады.Бұл бақылағыштыққа,тапқырлыққа
тəрбиелеуге,қоршаған ортадағы
жағдайдың өзгеруіне қарап,бағдар
22.03.2023, 15:49
Ойындардың дене тəрбиесі құралы жəне əдісі ретіндегі сипаты — Республикалық білім порталы
https://bilimger.kz/32162/
4/17
белгілеу болып табылады.Қалыптасқан
жағдайдан жол тауып шығу,тез шешім
қабылдап,оны жүзеге
асыру,батылдық,ептілік,белсенділік,мақсатқа
жетудің өзіндік əдісін таңдау қабілетін
қалыптастыруға көмектеседі.
Қимыл-қозғалыс ойындары өзінің
бастауын халықтық педагогиканың
тұңғиығынан алады.Сəби жасынан бала
өзінің алғашқы жасаған қимылдарымен
байланысты айшықты əсем халықтық
ойыншықтармен
ойнап,əзілдерді,күлдіргілерді естіп,қызық
ойындарға кенеліп тəрбиеленіп келеді.
Неғұрлым ересек балалардың өміріне
балалар үшін қызғылықты ойын
бастауларды,жеңіл
өлеңдерді,санамақтарды қамтитын əр
түрлі қимылдар жасалатын халық
ойындары орын алды.Бұлардың бəрі күні
бүгінге дейін өзінің ғажап
көркемдігі,тəрбиелік мəнін сақтап келеді
жəне бағалы,қайталанбас ойын
фольклорын құрайды..
Халық педагогикасының адам, отбасы,
өскелең жас ұрпақты тəрбиелеу туралы
арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін,
ұсыныстарын қамтып көрсететін
педагогикалық идеялар мен салт-
дəстүрлері өткен мен қазіргі кездегі
байланысты көрсетеді. Ол тарихи даму
барысындағы əлеуметтік мəні бар
ақпаратта білім, біліктілік т.б. жинақталып,
ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.
Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең
ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің
негізі болып, оларды келешектегі
қызметіне дайындайды. Біздің халықтық
22.03.2023, 15:49
Ойындардың дене тəрбиесі құралы жəне əдісі ретіндегі сипаты — Республикалық білім порталы
https://bilimger.kz/32162/
5/17
педагогикада еңбек тəрбиесі өте ертеден
бастау алады. Ертеден келе жатқан еңбек
тəрбиесінің əдіс-тəсілдер құралы, сөз жоқ,
еңбек болып табылады. Еңбек адамның
қалыптасуы мен тəрбиеленуінде бір
ұрпақтан екінші ұрпаққа өмірлік тəжірибе
береді жəне халықтың даму барысында
шешуші рөл атқарады. Еңбек ету кезінде
адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық
дамуы мен еңбек тəрбиесі қатар жүреді.
Халықтық педагогиканың ең бір көне
тиімді құралдарының біріне ойын жатады.
Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз
бетінше зерделейді.
Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске
асырып, қоршаған адамдардың іс-
əрекетіне еліктейді. Соның нəтижесінде
өзі көрген жағдайларды отбасылық
тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады.
Мəселен, қазақтың ұлттық ойындары:
«Арқан тартыс», «Орамал
тастамақ»,«Бəйге», «Аударыспақ»,
«Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай»,
«Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ», «Қамшы
тастау», «Сақина салу», «Тауық күрес»,
«Хан талапай», «Күн мен түн»
т.б.балалардың еңбекке деген қарым-
қатынасы мен қабілеттерін арттырады.
Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын
дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-
ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа
меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін
ғажайып нəрсе. Ұлы педагог
В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз,
ертегісіз, шығармашылықсыз,
фантазиясыз толық мəніндегі ақыл-ой
тəрбиесі болмайды», — дейді. Демек,
шəкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық
салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі.
22.03.2023, 15:49
Ойындардың дене тəрбиесі құралы жəне əдісі ретіндегі сипаты — Республикалық білім порталы
https://bilimger.kz/32162/
6/17
Оқу процесінде ұлттық ойын элементтерін
пайдалану оқу қызметінің тақырыбы мен
мазмұнына сай алынады. Сонда ғана
оның танымдық, тəрбиелік маңызы арта
түседі. Балаларды əсіресе, «Сиқырлы
қоржын», «Көкпар», «Асық» т.б. секілді
ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді
екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл
ойындарды жаңа материалды бекіту
немесе қайталау кезінде қолдану керек.
Бала ойынның үстінде не соңында өзінің
қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға
алуы мүмкін. Тəрбиеші əр баланың
еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы
тиіс. Ойынның тəрбиелік маңызыздылығы:
ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды.
Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары
А.Құнанбаев, Ш.Уəлиханов,
Ы.Алтынсарин халық ойындарының
балаларға білім берудегі тəрбиелік мəнін
жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дəстүрі
мен атын құрметтеп, адамдардың ойы мен
іс-əрекетін танып түсінуде жастардың
эстетикалық, адамгершілік ой талабының
өсуіне оның атқаратын қызметін жоғары
бағаласа, М.Жұмабаев ойындарды халық
мəдениетінің бастау алар қайнар көзі,
ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің,
дене шынықтыру тəрбиесінің негізгі
элементі деп тұжырымдайды. Ұлттық
ойындар халық тəрбиесінің дəстүрлі
табиғатының жалғасы. Ежелден дəстүрлі
ойындарда халықтың өмір сүру əдісі,
тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дəстүрлері,
батырлық-батылдық туралы түсінігі,
адалдыққа, күштілікке ұмтылуы,
шыдамдылық, т.б. құндылықтарға мəн
берілуі – халық данышпандығының белгісі.
Ғасыр өткен сайын,халқымыздың
зиялылары Ж. Аймауытов,
22.03.2023, 15:49
Ойындардың дене тəрбиесі құралы жəне əдісі ретіндегі сипаты — Республикалық білім порталы
https://bilimger.kz/32162/
7/17
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов,
С.Торайғыров, т.б ұрпақ тəрбиесін жас
кезінен бастауды көздеген жəне ұрпақ
тəрбиесі туралы ойлар өз жалғасын
тауып, психолог-педагогтардың ғылыми
еңбектерінде айрықша орын алып
келеді. Балалардың дене күші мен
рухани күшін бірдей жетілдіріп,
дамытуға аса мəн берген. Олар баланы
жас кезінен бастап, туған халқының
əдет-ғұрпы, салт-дəстүрі, мəдениеті, ана
тілі арқылы тəрбиелеу керектігін өз
еңбектерінде айқын көрсетті.
Бабаларымыздың асыл қазыналарына
деген көзқарасын құрметтеуге сөз
əсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа,
өжеттікке тəрбиелейді. Ендеше еңбекке
баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы
сабақтасытырып түсіндіру пəн
тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге
ықпал етеді. Баланың сөздік қорын байыта
түседі. Халқымыздың ұлы перзенттерінің
бірі, аса көрнекті жазушы М.Əуезов:
«Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ
жылдарында өздері қызықтаған алуан
өнері бар ғой. Ойын деген менің
түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін
қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес,
ойынның өзінше бір ерекше мағыналары
болған»,атап
кеткен.
Е.Сағындықов өз еңбегінде: «Қазақтың ұлт
ойындары тақырыпқа өте бай жəне əр
алуан болады», — дей келіп, ұлт
ойындарын негізінен үш салаға бөліп
топтастырған. М.Жұмабаев ойындарды
халық мəдениетінен бастау алар қайнар
көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі,
тілдің, дене шынықтыру тəрбиесінің негізгі
элементі деп тұжырымдайды.
22.03.2023, 15:49
Ойындардың дене тəрбиесі құралы жəне əдісі ретіндегі сипаты — Республикалық білім порталы
https://bilimger.kz/32162/
8/17
Халқымыздың ұлт ойындарында ұрпақ
қамын ойлаған, бір жүйеге келтіріліп
өрнектелген ой мен əрекеттің, құпия
философияны түсінуге жетелейтін
адамгершілік үлгі-өнегенің желісі бар. Жас
бала ойынға алдымен үйренуші, көруші
өсе келе соған белсенді қатынасушы
келесі кезеңді үйретуші, жаттықтырушы,
ұлғая келе көруші жанкүйер ретінде
қатынасады.Ұлттық мұраның бай
қазынасының бірі – халықтың ұлттық
ойындары көп салалы, көп қырлы
құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мəні
жағынан да мектепке дейінгі ұйым
тəрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп
– жетілуіне, эстетикалық мəдениетін
қалыптастыруға тəрбиелейтін негізгі
құралдардың бірі.Əйгілі орыс педагогі
К.Д.Ушинский халық ойындарын тəрбие
берудің құдіретті құралы деп
санап,оларды кеңінен пайдалануды
ұсынды жəне педагогтарды балалар үшін
ол ойындарды жинауға
шақырды.К.Д.Ушинскийдің пікірі бойынша
балалардың бойында қоғамдық мінез-
құлық дағдыларын қалыптастыратын
«алғашқы қоғамдық қатынастар
ассоцасиясы» түйіндейтін ұжымдық
ойындар ерекше тəрбиелік рөл атқарады.
Ойындарды мазмұны жəне ережесі
жөнінен біртіндеп күрделелендіру
қажет.П.Ф.Лесгафт ойындардың жаңа
шарттар,жаттығулар,əрекеттер,варианттарын
енгізуді ұсынады.Осы арқылы неғұрлым
жоғары талаптар қойып,өзі білетін
əрекеттерді қайталауға,сондай-ақ
ойындарға баланың қызығушылығын
сақтай отырып,олардың балаға жүйелі
түрде əсер етуіне жетуге болады.
22.03.2023, 15:49
Ойындардың дене тəрбиесі құралы жəне əдісі ретіндегі сипаты — Республикалық білім порталы
https://bilimger.kz/32162/
9/17
Рөлдер мен əрекеттерді бөлуді
П.Ф.Лесгафт ойнаушылардың қолына
топтайды.Ойын ережелеріне балалардың
бəрі бірдей саналы түрде жəне шын
ниетпен бағынатын заң ретінде қарауы
маңызды.
П.Ф.Лесгафт қимыл-қозғалыс ойындарын
баланың жеке басын
тəрбиелеудің,олардың адамгершілік
қасиеттерін:
адалдығын,шыншылдығын,ұстамдылығын,тəртіптілігін,жолдастық
сезімін
дамытудың бағалы құралы деп санайды.
«Біз ойындарды балаларға өзін-өзі үйрету
үшін пайдалануымыз керек(яғни
жағымсыз сезімдерді жеңу үшін)».Ойын
кезінде «оларды өздерінің шарықтап бара
жатқан сезімі тежеуге жəне сонымен өз
əрекеттерін бағындыра білуге үйрету»
керек екендігін атап өткен.
Лесгафт қимыл қозғалыс ойындарының
жүйелі түрде жүргізілуі балалардың өз
əрекеттерін басқара білуін дамытуға
көмектесетіндігін оның денесін
тəртіптілікке бейімдейтіндігін ,яғни əр түрлі
ауыртпалықта əрекет етуге үйрететіндігін
атап көрсетеді.Ойындар баланы жоғары
ептілікпен,мақсатталықпен,тездікпен
əрекет етуге,ережені орындауға, өзін-өзі
билеуге,жолдастық сезімді бағалауға
үйретеді.
Жарыс əдісімен ойналатын ойындар
қызығушылық,эмоциялық өрлеу,ойын
қимылдарын өте жақсы орындауға
ұмтылуды туғызады,қозғағыш дағдыларды
жетілдіруге көмектеседі.Алайда,қазірдің
өзінде мектеп жасына дейінгі балалардың
ойындарында жарыс элементтері
22.03.2023, 15:49
Ойындардың дене тəрбиесі құралы жəне əдісі ретіндегі сипаты — Республикалық білім порталы
https://bilimger.kz/32162/
10/17
балалардың дене күші мен мүмкіндіктері
мұқият зерттелгеннен жəне басшылық ету
əдістері ойластырылғаннан кейін барып
рұқсат етіледі. Қимыл-қозғалыс ойындары
мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл
əрекетінің негізгі түрі жəне жан-жақты
тəрбие құралы беру құралы.
Балаларға арналған ойындардың сюжетін
қазіргі қоғамдық өмірдің талаптарымен
байланысты таңдаудың маңыздылығын
атап өте зор.Қимыл-қозғалыс ойындары
процесінде балалардың моральдық ерік-
жігер қасиеттері қалыптасады,сондықтан
ойын баланың өзіндік қасиетін
қалыптастыру құралы болып табылады.
Ойын баланы өсірудің қуатты əрі бірден
бір құралы,мектеп жасына дейінгі
балаларды тəрбиелеудің негізгі тұтқасы
деп есептеді.
Əр түрлі дене тəрбиесі жаттығударының
ішінде ойынның артықшылығын ол ойынға
ерекше тартымдылық беретін,балалардың
күшін жұмылдыратын,қуаныш пен қанағат
сезіміне бөлейтін мол əсерлілігіне,ірі
бұлшық еттердің
(жүгіру,секіру,лақтыру)қимылдарының
айтарлықтай бөлігінің жұмысына
көмектесетін қозғағыштық қызметінің
сипатынан,шаршау қауіпін жоятын
қимылдардың сан
алуандылығынан,қимылдық қарқыны мен
күш-қуатын балалардың өздерінің реттей
білу мүмкіндігінен,жеке белсенділік жəне
батылдық,тəртіп,тапқырлық жəне т.б.
сияқты психологиялық қасиеттердің
дамуының көрінісінен көрді.Қимыл-
қозғалыс ойындары қозғалғыш аппаратты
дамыту жəне жетілдіру жолымен ағзаны
күшейтуге көмектеседі.Ойындар
22.03.2023, 15:49
Ойындардың дене тəрбиесі құралы жəне əдісі ретіндегі сипаты — Республикалық білім порталы
https://bilimger.kz/32162/
11/17
балаларды тəртіпке,əрекетті жинақтауға
жəне жоспарлауға үйретеді.
Бірақ ойынның сəби жастан пайдалы
күшке айналуы үшін оған
саналы,тəжірибелі жəне шын ықыласты
басшылық қажет.
Ойын ережелері өз еркімен
орындаудың,барлығының бір тəртіпке
теңдей бағынудың жеке бастың адалдығы
мен əлеуметтік тəртіптің алғашқы мектебі
ретінде зор тəрбиелік маңызы бар.
Тəрбиеші мүмкіндігіне қарай ересек
балаларға ойын өткізуде,рөлдерді
бөлуде,ережені сақтауда дербестік
береді.Алайда,егер балалар бұл
міндеттерді қате орындаса педагогтың
белсенді,əдепті араласуы қажет жəне
оның шынайы мүдделілігі ойынның дұрыс
əрі қызықты өтуі болып
табылады.Ойынның балаға жан жақты
əсерін ескере отырып,тəрбиешінің
ойынды мұқият таңдап алуы,байсалды
жəне сонымен бірге жігерлендіре
түсіндіріп,рөлдерді бөле білуі,қажет
кезінде ойынға қатынасуы,қорытынды
жасауы-бұл үлкен өнер,оны əрбір
тəрбиеші игеруге тырысуы қажет.
Ойын əрекеті қандай формада көрінсе де
əрдайым баланы қуанышқа бөлейді, ал
қимыл-қозғалыс ойыны сан алуан күтпеген
көңілді сəттермен, əсіресе балалардың игі
сезімдерін көтеруге пайдалы əсер
етеді.Бұл қуанышты эмоциялардың
қайнар көзінде ғаламат тəрбиелік күш бар.
Қимыл – қозғалыс ойындарының
маңыздылығы ойынның тақырыбы мен
мазмұнына мұқият талдау жасауды жəне
22.03.2023, 15:49
Ойындардың дене тəрбиесі құралы жəне əдісі ретіндегі сипаты — Республикалық білім порталы
https://bilimger.kz/32162/
12/17
осыған сəйкес балалар үшін іріктеп алуды
талап етеді.
Қимыл – қозғалыс ойындарының
мазмұнына баланың ой өрісін кеңейтетін
жəне оның түсінігін нақтылай түсетін
көптеген таным материалдары енгізілген.
Сюжетті ойындардың тақырыбы адам
өміріндегі кейбір оқиғалар, табиғат
құбылысы, жануарларға еліктеуді
құрайды.
Халық ойындары бұған тамаша мысал
бола алады. Ондағы ойыннан туындайтын
барлық жағдай баланы тəрбиелейді жəне
өзіне еліктіреді, ал кейбір ойындарда
кездесетін əңгімелесулер ойын
кейіпкерлері мен олардың əрекеттерін
тікелей сипаттайды («Соқыртеке» жəне
т.б.).
Балалар үшін ойындарды іріктеп
алукезінде олардың мазмұнына мұқият
талдау жасау қажет.Сюжетсіз жəне белгілі
бір ойналатын ойындарға ғана құрылған
ойындарда да баланың сезіммен
байланысты өрісін, оның ойлау, бағдарлау
қабілетін дамытуға көмектесетін танып
білуге қажетті материалдар көп.
Ойын ережелерінің зор тəрбиелік маңызы
бар. Олар ойын процесінің бүкіл барысын
айқындайды, балалардың қимыл
əрекеттерін, олардың мінез-құлқын, өзара
қарым-қатынасын реттейді, моральдык
ерік-жігер қасиетін қалыптастыруға
көмектеседі.
Сөйтіп, ойын процесінде өмір үшін
маңызды моральдық жəне жігерлілік
қажеттерді көрсетуде бала шын мəнінде
шынығады.
22.03.2023, 15:49
Ойындардың дене тəрбиесі құралы жəне əдісі ретіндегі сипаты — Республикалық білім порталы
https://bilimger.kz/32162/
13/17
Тəрбиешінің ережені орындауды үнемі
талап етуі баланың өзімшілдік эмоцияны
жою жəне ойын шартын орындау кезіндегі
талпыныс қабілетін қалыптастырады.
Кішкентайлар тобындағы балалар ережені
ойынның даму барысында оның
мазмұнынан туындайтын міндетті, қажетті
ойын əрекетімен жауап қайыру ретінде
қабылдайды.
Алғашында балалар ойын шартын тезірек
орындауға құштарлығына орай ереже
туралы ұмытады, оның үстіне, ұтуға жəне
ұтысқа неғұрлым жеңіл əдіспен жетуге
тырысушылық ережені бұзуға алып келеді,
мұның бəрі ойнап жатқан балалардың
наразылығын туғызады, қақтығыс шығып,
олардың өзара қарым – қатынасын
бұзады.
Ережені əдейі емес, кездейсоқ бұзудан
көрінетін, оны орындамау себебі де
өзгереді, мұндайда бала өзі жіберген
қателікті сол бойда түзеткісі келеді.
Қимыл-қозғалыс ойындары баланың ақыл-
ойын дамытуға көмектеседі. Ойын əрекеті
кезінде зейінділікті, ұғынуды тиісті
болжамды, түсінікті бағдарды анықтаудың
жетілдіруге қолайлы жағдай туғызады,
ойындар қиялдауды, есте сақтағыштықты,
тапқырлықты, ой сергектігін дамытуға
көмектеседі.
Психологтардың зерттеулері, ойын
əрекеттері арқасында бала іс жүзінде
кеңістік пен заттық болмысты игеретінін,
сонымен бірге кеңістіктің сырын ұғыну
механизмінің өзінің де едəуір жетілетінін
көрсетіп отыр.
22.03.2023, 15:49
Ойындардың дене тəрбиесі құралы жəне əдісі ретіндегі сипаты — Республикалық білім порталы
https://bilimger.kz/32162/
14/17
Қимыл-қозғалыс ойындары баланың
қарапайым уақытша бағдар белгілей
білуін қалыптастырады. Олар – əуелі,
онан соң, содан кейін, соның алдында,
бəрі бір мезгілде жəне с.сс – ойын
əрекеттерінің жүйелілігін түсінуден,
балаларға берілген мерзім ішінде белгі
бойынша, мысалы, «Мен беске дейін
санағанша сіздер бəрін жалаушалардан
қандай да бір өрнек жасауға тиіссіңдер»
жəне басқа ойындардың міндеттерін тез
орындаудан көрінеді.
Ойындардын мектеп жасына дейінгі
балалар үшін іріктеп алынған əр түрлі
педагогикалық жіктелуі бар, олардың
негізінде түрлі белгілер жатыр.Кесте-1
Осы аталған жəне басқа ойындарды
біріктіретін белгі балалардың эмоциялық
өрлеуін, қимылдарды жетілдіру мүмкіндігін
туғызатын сауықтыру, білім беру жəне
тəрбиелеу міндеттерінің ортақтығы болып
табылады. Қимыл басымдылығы белгілері
жоғарыда айтылған сияқты топтастырудан
басқа ойындарды балалардың бұлшық ет
ширығуын туғызу дəрежесі бойынша:
қимыл дəрежесі жоғары, орташа, баяу
екпінде ойналатын ойындарға бөлу
қабылданған.
Достарыңызбен бөлісу: |