Октябрь кенті әкімінің 2011 жылда орындалаған жұмыстары туралы есеп беруі



Дата23.02.2016
өлшемі56 Kb.
#11129
Октябрь кенті әкімінің

2011 жылда орындалаған жұмыстары туралы есеп беруі

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2005 жыл 06 сәуірдегі «Тұрғындар алдындағы жергілікті органдар басшыларының есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында есеп беру кездесулерін өткізіп жатыр. Бүгін 2012 жыл 1ақпанда Октябрь кентінде Зырян ауданы Октябрь кентінің әкімі тұрғындар алдында есеп беру кездесуін өткізуде.

Кездесуге қатысқандар:

Есеп беру кездесуінің тәртібі:



  1. «2011 жылда Зырян ауданы Октябрь кентінің әлеуметтік- экономикалық дамуы туралы » Октябрь кентінің әкімі Феклистов Сергей Анатольевич есеп береді.

  2. Қойылған сұрақтарға жауап

Октябрь кентінің әкімі С.А. Феклистовке баяндама беру үшін сөз беріледі

Октябрь кентінің әкімі Зырян ауданы әкімдігінің аумағында Октябрь кентінің өңіріндегі лауазымды тұлғасы болып табылады және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мемлекеттік және өзін өзі басқару туралы» Заңымен өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда.

2011 жыл – бұл Қазақстан Тәуелсіздігінің 20- жылдығы. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа даму кезеңі басталды. Біз болашаққа аяққа нық тұрған, бірлігі жарасқан ел болып аттандық.

2011 жыл біш үшін жаңа жеңістермен жетістіктердің кезеңі болды.Сәуір айында өткен еліміздің Президентінің сайлауында, бәсекелетерінің алдына шығып, қазақстан халқының Президентіне сенетінін бүкіл еліне дәлелдеді. Бұл қазақстан жолының жетістігін мойындағаны, біздің сыртқы саясатымыздың саттанаты болды. Ал біздің басты игілігіміз – біз сақтап отырған еләміздің бірлігі.

Еліміздің экономикасының дамуына, пайдалы қазбаларға бай Шығыс- Қазақстан облысының үлесі қосылды.

Елдің әлеуметтік қолдауы- мемлекеттегі экономикалық тұрақтылық көрсеткіші болып табылады. Бұл елімізді әлем бірлестігінің бағалайтын бір белгісі. Сондай- ақ 2011 жыл біздің ауданымыз үшінде танымалды болды, бұл Зырян қаласының аудан орталығының біліміне 220 жыл.

Біздің өңір ауданның, облыстың, мемлекеттік аяғынан нық тұруына өзінің үлкен үлесін қосты.

Октябрь кенттік өңірінің құрамына: Октябрь кенті, Сажаевка кенті, Бұқтырма станциясы, Селезневка станциясы, «Алтай қойнауы» туристік базасы елді мекендері кіреді.

Жалпы халық саны 2181 адамды құрайды, соның ішінде: Октябрь кенті – 1848, Бұқтырма станциясы 166, Селезневка станциясы 89, Сажаевка кенті 78 адам.

Зырян ауданы әкімдігінің 2010 жыл 21 қаңтардағы № 467 «Жергілікті атқарушы органдардағы құрылым және штаттық лимиттер саны туралы» қаулысына сәйкес құрамында 4 бірлік бар Октябрь кенті әкімінің штаттық саны бекітілді, соның ішінде кент әкімі – 1 бірлік, бас маман – 1 бірлік. Бүгінгі таңда бас маман лауазымының орыны бос, «Октябрь кентінің әкім аппараты» ММ ШҚО бойынша мемлкеттік қызмет жөніндегі Агенттікке резервистов тізіміне сұраныс жолдады. Мамандардың біліктіліктері барынша жеткілікті: барлығының жоғары білімдері бар. Барлық мамандар 2009- 2010 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің әкім аппараты мемлекеттік қызметкерлердің Шығыс Қазақстан аймақтық қайта дайындау және біліктілігін көтеру орталығында даярланды.

Октябрь кентінің әкімі Зырян ауданы әкімдігінің аумағында Октябрь кентінің өңіріндегі лауазымды тұлғасы болып табылады және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мемлекеттік және өзін өзін өзі басқару туралы» Заңымен өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда. «ШҚО зырян ауданы Октябрь кентінің әкім аппараты» ММ қызметі болашақ жоспар арқылы жүзеге асады.

Кент әкімі өзінің міндетіне сәйкес Президент және ҚР Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті органдардың нормативтік актілерін орындауға әрекет етеді. Әкімнің бұл қызметі Президент актілерінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Шығыс Қазақстан облысының әкімі, Зырян ауданы әкімінің, өзінің шешімдері және өкімдерінің, Октябрь кенті әкімінің өкімдерімен бекітілген тәртіпте, орындалуын бақылау тәртібінде жүзеге асады.

Азаматтық ереже, заңдылық, құқықтық тәртіпті сақтау әкімдіктің назарында.

«Октябрь кенті әкім аппараты» ММ әрдайым Аймақты жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы, нашақорлыққпен наша саудасымен күрес, Зырян ауданында заң бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күрес ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Бағдарламалар құқықтық білім Мектептері және ақпаратттық- насихаттау топтарының жұмыстары арқылы жүзеге асады.

Әкім аппаратында жаңарып отыратын электрондық база, кезеңдік басылымдар, Президенттің, Үкіметтің, Парламенттің, Қазақстан Республикасы әділет Министрлігінің актілер жинағы бар.

Кентте 65 адам білім алатын, 2 құқықтық білім мектебі жұмыс істеп тұр.



  1. «Октябрь кентінің әкім аппараты» ММ – 7 адам

  2. «Октябрь орта мектебі» ММ – 43 адам

2011 жылы 3 бақылау құжаттары қарастырылған 10 бақылау Күні өткізілді, орындаушыларға тапсырма берілді, құқықтық актілер белгіленген уақытта орындалу үшін шаралар қолданылды.

Өткен жылда кент әкімімен бірқатар нормативтік - құқықтық актілер қабылданды, соның ішінде негізгі қызмет бойынша, жеке құрам бойынша өкімдер қабылданды. Барлық шыққан өкімдерді Прокуратура тексерді.

Жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың үндеулері бойынша Қазақстан Республикасының бекітілген Заңнамасына сәйкес іс бөлек жүргізіледі. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың үндеулерін қарау туралы» Заңының 13 бабына сәйкес әкім азаматтарды қабылдау және заңды тұлғаларды бөлек қабылдау өткізеді. Қабылдау күнделікті 8-00 ден 12-00 ге дейін жүргізіледі.Сондай - ақ ешқандай кент тұрғынына басқа уақытта қабылдамау болған емес. 2011 жылы әкімдікке барлығы 8 үндеу түсті, соның 7 оңтайлы шешілді. Негізі азаматтар әлеуметтік қорғау, жер қатынастары және тұрмыстық сұрақтар бойынша хабарласты.

Бұдан басқа кент әкім аппараты әр түрлі құжаттар беруді жүзеге асырады, Серебрянка қаласынының шалғай орналасуына байланысты АХАЖ халыққа құжаттарын рәсімдеуде көмектеседі. Сондай ақ әкім аппараты халық санағын жүргізеді, статистикалық шаруашылық есеп жүргізеді, жер, мүлік, көлік салықтарын жинайды. 2011 жылы бюджет 100% құрады.

Азаматтардың қосалқы шаруашылығын әкімдік штатындағы ветеринария бойынша бас маман қамтамасыз етеді.

Халыққа дәрігерлік қызметті ФАП қызметкерлері көрсетеді.

Жалпы әскери міндет сұрақтары бойынша жұмыс жүргізіледі. Әскери міндеттілердің тіркеуі, құжаттарды салыстыру, әскерге шақырылушылардың дәрігерлік тексерілуі жүргізіледі. Әскери есепте 595 адам, соның ішінде 423 әскери есепте, шақырылушылар 100 адам, тіркелушілер 72адам.

Мемлекеттік көмек «халықтың осал санатына» ақшалай өтемақы беріледі. Мемлекеттік атаулы әлуметтік көмек 2011 жылы – 8 адамға 94,8 мың теңге берілді. 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар – 7 адам 17 балаға 231,1 мың теңге бөлінді. Тұрғын үй көмегі – адамға 62,7 мың теңге бөлінді.

Селолық өңір аумағында бір орта мектеп,бір бала бақша бар.Былтырғы жылы «Октябрь орта мектебі» ММ өңірінен жұмыс істеуіне аудандық бюджеттен 1422 мың теңгеге бөлінген мини- орталық ашылды. Мектептегі барлық балаларға ыстық тамақ ойластырылған. 2011 жылы бюджеттен оқушыларды Сажаевка кентінен, Бұқтырма станциясынан және әскери бөлімнен тасуға автобус сатып алуға қаржы бөлінді.

«ДОСУГ» МКҚМ және л орта мектебінің оқушыларымен қосылып атаулы күндерге арналған 7 мерекелік іс шаралар өткізілді. Олардың ішіндегі атаулылары – Жеңістің Ұлы Отан соғысының 66 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конститутциясының 16- жылдығы, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы.

20.12.2011 жылда өңірде 25объект жұмыс істеп тұр, олардың ішінде 18 дүкен, 1 автомектеп, 3 АТС, 62 адам жұмыс істейтін 1 кафе. Бірқатар ЖШС ашылған.

Кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы «Жаңа онжылдық – экономикалық жаңа көтерілісі, Қазазқстанның жаңа мүмкіншіліктері» қойылған мақсаттарды жүзеге асырып орындау үшін және дамыту жоспарын және кіші кәсіпкерлікті қолдадау үшін Зырын ауданы әкім аппаратында 2009-2011 жылдары жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жоспары құрылды.

Бүгінгі таңда біздің Президент Қазақстан халқына: Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту – Қазақстанның дамуының басты бағыты деген жаңа жолдауын жасады. Бұл жолдауда Президент еліміздің дамуына 10 бағыт нұсқады. Бұл жолдаудың үлкен бөлігі ауылдық жерлерді дамытуға бағытталған, нақтырақ ауыл -шаруашылығын және мал өсіруді дамытуға бағытталған.

Мен біздің кенттің тұрғындары Президент жолдауына түсінікпен қарасады деген ойдамын. Бұл фактілермен көрсетіледі 2010 жылы мал басы – 264 болса, 2011 жылы мал басы- 291 өсті бұл дегенің 2010 жылға қарағанда 11/0 % өскен. ҰММ 2010- 218, 2011- 364. 16%. Өңір аумағында 18 кәсіпкер дүкен ұстап отыр. 13 ЖШС ашық. Олар тамақты, киімді, тұрмыс құралдарымен толығымен қамтамасыз етуде.

Дағдарысқа қарсы және тұрақтандыру шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында Октябрь кентінің әкімі және кәсіпкерлердің арасында негізгі шаруашылық тауарларға бағалардың тұрақтануы тураты мемарандумға қол қойылды. 31.08.2011 жылға 7 мемарандумға қол қойылды,

Нанның бағасы 1 сорт- бір бөлкесі 55 теңге, 2 сорт – 50 теңге. Нан өнімдерін ЖК Жиглова, ЖК Гановичева және Серебрянка қаласынан тұтынады. «2011 жылы Октябрь кенттік өңіріндегі дағдарысқа қарсы және тұрақтандыру шалалар жоспарын» жүзеге асыру мақсатында қоғамдық жұмыстарда 9 адам жқмыс істеп шықты.

Апта сайын өңірдегі дүкендерге Шемонайха ауданы Верх Убинск сүт зауытынан сүт өнімдері жеткізіледі.

Өңір аумағында 650 зейнеткер бар, әкімдік өзінің күнделікті қызметінде тығыз жұмыс істейтін ардагерлер кеңесі белсенді жұмыс жасауда.

Есеп беру кезеңінде 287 адам қатысқан 8 азаматтар жиыны өтті. Осы жиындарда тұрғындар келелі сұрақтар мен мәселелерді көтерді: суқұбыры, пайдаланылуға алынған сужүргізілім жүйелері, жылумен тоқпен қамтамасыз ету. Халықты көмірмен қамтамасыз ету сұрағы тұрды. Бүгінгі таңда «Бухтарма Инфра Сервис» КГП арқылы сатылу мәселесі қаралуда. Барлық ескертулер, ұсыныстар ескертіліп соларға қарап әкім аппараты қызметкерлеріне тапсырмалар берілді. Барлық ұсыныстар, ескертулер назарға алынды.

Тұрғылықты жерлерді көркейту және көгалдандыру бойынша айлық өткізілген кезеңде кент тұрғындарының сенбілікке қатысулары туралы сұрақтар көтерілді. Бірақ елдер сенбілікке белсенді қатыспады. Сондай ақ жиындарда шұғыл түрде есіктерінің алдын реттеп қоқыстары шығарылу шешімі қабылданды. Осы жыл бойынша ЖШС «Бутарма Сервис» есебінен келісім негізінде техника жұмыс істеді. 500 тоннадан артық қоқыс шағарылды. Бірақ кентті толығымен тазалауға бұлда аздық етті. Сол үшін әкім аппараты қызметкерлерімен үй үйді аралау кезінде 21 ескерту қағаздары берілді. Сондай ақ әр дайым тазалықта ұстап отырған Горький, К. Маркс, Совхоная, «Прогресс» КСК, Советская көшелерін атап өткім келеді.

2012 жылы әкім аппараты елді мекендердің тазалығын жақсартуды әрдайым бақылап отыруды жоспарлауда.

2010 жылы Әкімдік және «Бухтармиская Цементная Компания» АҚ араларында өзара түсінушілік және бірлесіп жұмыс істеу Меморандумы орындаруы бойынша жұмыс жалғасты. Биылғы жылы барлық мәселе «БЦК» АҚ басшысышың қолдауымен және түсінуімен шешілуде.

«БЦК» АҚ мемарандумның есебінен 2011 жылы «Октябрь орта мектебі» ММ оұушыларына спорт алаңының құрылысына 400мың теңге бөлді, сондай ақ мерекелік іс шараларға және мемлекеттік мейрамдарды өткізуге, қарттарды және мүгедетерді қолдауға, көпбалалы және мүмкіндіктері шектеулі отбасыларға қаржы бөлінеді. Компанияның басшысымен неше рет төтенше жағдайларда ауыр техника берілді, тұрғындар үшін демеушілік көмек ретінде қысқы уақытта көшелерді қардан тазартады.

«БЦК» АҚ басқарма төрағасы С.Н. Баев мырзаға және логистика директоры С.Г. Макарова ханымға ауылдастарына қолдау көрсеткендері үшіналғысымды білдіргім келеді.

31.01.2010 жылы Зырян ауданы әкімінің есеп беру кездесуіндегі Октябрь кентінің тұрғындарының айтқан сыни мәселелерді жүзеге асыру мақсатында белгілі жұмыстар жасалды.

- кенттің ФАП - тың ішінде дәріхананың ашылу мәселесі шешілді.

- көшелерді жартылай жарықтандыру мәселесі шешілді

- су құбыры люктарының ұрлануы шешілді

Қандай да бір қойылған мақсаттардың немесе мәселелердің шешімі болса, ол тек қоғамдағы адамдардың белсенді көмектерінің және өңірдегі ұйым басшыларының әрдайым көрсеткен көмектерінің арқасында деп ойлаймын.



Бүгінгі таңдағы біздің мәселе - кентімізді көркейту, жолдарды жөндеу және көшелерді жарықтандыру.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет