Жараспай ауылының әкімі Б.Биляловтың есебінен тезистер
2014 жылы ауыл әкімінің аппаратына жеке тұлғалардан 111 өтініш келіп түсті.
Бүгінгі қүнде ауылда 562 тұрғын тұрады, 135 аула, 155 жанұя бар. Оның ішінде 293 адам әр салада жұмыс істейді, 72 адам зейнеткер, әр топтағы мүгедек саны 32, мектепке дейінгі балалар саны 34.
Өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар саны –175,
Ауылдың ішінде жеке қосалқы шаруасында жұмыс істейтіндердің саны – 25. Балаға күтім жасап отырған аналар саны – 14, үй шаруасындағы әйелдер саны – 17.
Жоғарғы оқу орнында студентер саны – 14, арнаулы орта оку орнында студентер саны – 28,қарулы құштер қызметінде – 2,
жұмыссыз жүрген азаматтар саны – 9.
Жараспай ауылының жер көлемі 94998 га құрайды, оның ішінде 25018 га егістік, 7093 га шабындық, жайылым 62888 га.Ауыл шаруашылық өнімдерінің өндіру жұмысымен «Жараспай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 11 шаруа қожалықтары айналсады. Бүгінгі күнге жер ресурсатрын пайдалану 96% құрайды.
Ауылдағы мал басының саны: Ірі қара мал – 1231 бас; жылқы – 414 бас; қой-ешкі – 1190 бас; әр түрлі құс саны – 2078 .
Ірі қара малды бірдейлендіру жұмыстары аяқталды, ветеринарлық іс шаралар кесте бойынша жүргізілуде.
Биылғы жылы балаларға арналған жәрдем ақы 5 жанұяға, оның ішінде 16 балаға төленді. Арнаулы әлеуметтік көмек 2 жанұяға тағайындалды.
Қоғамдық жұмысқа алынғандар – 4адам.
Жараспай орта мектебі бойынша мектептегі оқушылар саны – 73, шағын орталық тобы қызмет атқаруда, бүлдіршіндер саны – 18.
Ауылда жаңа талаптарға сай, жаңа модульдіқ ФАП бой көтерді.
Бүгінгі таңда фельдшерлік-акушерлік бөлімі өз жұмыстарын ойдағыдай атқаруда, қатарларына жас маман балалар медбикесі қосылды .
Аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша биылғы жылы осы бағадарлама аясында жергілікті қауымдастықпен, бірлесе отырып саябақты абаттандыру жұмыстары басталды, Жараспай ЖШС-ның көмегімен толық қоршалды.
Достарыңызбен бөлісу: |