Қолың бай, ал жүрегің сөзсіз лашық Білінеді шын сезім жүрсең қашық



Дата10.11.2023
өлшемі14.08 Kb.
#482894
Кездескенше


Кездескенше
Қолың бай , ал жүрегің сөзсіз лашық
Білінеді шын сезім жүрсең қашық .
Тілімде жүрмеседе атың шығып
Жүрегім жүрегіңе үнсіз ғашық !

Айналысқан пайдалы керек іспен


Сенің сəулең тым жарық зерек үстем …
Сыртымнан терең ойлап жүрген шығар
Шаршады ішкі дүниең ерегістен .

Қыздарды жолықтырдым қанша дара …


Жүрегім сүйуден де шаршамаған
Жолынан жолықсада сонша бала …
Бақытты ете алмаған барша адам !

Менде сондай адаммын тотша судан


Сəл ақ аман қалғанмын тот басудан .
Ғашықтық өлеңдерім от жазудан
От жазудан бəрі де қоштасу əн .

Махаббатта масқара болған ақын


Қас өлеңде қасқырша өр тұяқты .
Келбетіде тым көркем болмасада
Сүйген сұлу . Сұлуым гүл сияқты .

Көздеріне тым қатты жақындасаң


Көзінен көрмегенің көрінеді .
Сөздерін сабыр сақтап бақыласаң ,
Уақыттың байқамай ақ бүлінеді .

Жанарыңды қарасаң зерек етер


Жанында жаның нені керек етер …
Шын айтамын жанында түкте емес
Əлемге мəшқұр болған кереметтер !!!

Бермейтін қалтаңдағы тиынға мəн


Неткен ғажап . сұлуға сыйын далам
Қиын маған неліктен қиын маған
Гүлімді ғашық ету бұйырмаған …

Кейде қатты күлемін өкінемін


Сан сұраққа толып тұр көкірегім …
Не болсада , қызыл гүл тапталмасын
Биік ұста су құйып өтінерім !

КЕЗДЕСКЕНШЕ (ГҮЛНАЗЫМ)

Көтерілсе көңілдің мұң саздары
Көңілімнің толып тұр жыр наздары .
Қайда кетті құрғыр ау ,сағым болып
Көңілімнің көншігі ,Гүл наздары .

Кетпегенің не сенің ,жәйма ойдан


Мына көңіл көншіген мұңға тойған
Әлі күнге мең зең боп отырмын ғой
Жүрегімнің жартысын қайда қойғам !?

Парша қылдың парақты ,жай тұрмайсың .


Білем кеттің ,келмейсің қайрылмайсың .
Ауылымның төріне келмесең де
Көңілімнің төрінен айрылмайсың .

Эх
Келдің ,кеттің . жүректі былықтырдың


Көрдім ,өптім өкініш құнықтырды .
Жиырма күн болса да ыстық кезім
Махаббатты ,өзіме шын ұқтырдың .

Өзің кеттің ,өзегің қалып кетті


Шарпып өтті ,біршама жалын бетті
Сенің жасың ,жүрекке жалын силап
Өзімнен де сол жалын тамып өтті .

Өзімнен ғой ,несіне кектенемін


Қинап жатыр өкініш текке мені .
Қанша өлең жазсам да келмейсің ғой ,
Сол үшін мен сезімді жек көремін !

Жүрегімді қинады қанша дем ой .


Жасамасын мейлі ел , талант деп той .
Егер ертең жолымыз қосылмаса ,
Тұңғышыңның есімін Қанат деп қой !

Жыламайды білемін жігіт деген


Күңренемін ,көншимін күдікпенен .
Сенен басқа қыздар көп ,жар да жетер
Бәрібір мен өзіңнен үміттенем !

Атыңды атап шыңғырып құзар шыңнан


Сен болыпсың жүректі бұза туған
Ұмытпаймын дегенсің есіңдеме
Тойға шықыр өзгеге ұзатылсаң

Өзің болдың жаныма ерек сыңар


Алыстасың бұл жәй бір себеп шығар
Өзіңді көрер күнді көп күтемін
Сеніңде асығуың керек шығар !!!

Білемін кеткен бақтың бұйырмасын


Үңіліп суретіме сиынбасын …
Өзіңде өзім емес жырларым бар
Қиылсын өмір солай қиылғасын …

Қателесті сезімді сезбес десе ,


Жылағаның бәрінен болды өзгеше
Уәделестік ұмытпа ақыныңды ,
Ұмытпайтын Гүлнәзім кездескенше !

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет