ГЕОГРАФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ҚАШЫҚТЫҚ КОМАНДАЛЫҚ
ОЛИМПИАДА ТАПСЫРМАЛАРЫ
Тапсырма 1. Жергілікті жердің жоспарын пайдаланып, Климов қаласынан Дивное елді мекеніне дейінгі ең қысқа жолды табу және сипаттау.
10 ұпай
Тапсырма 2. Схемада көрсетілген елдер мен географиялық объектілерді атаңыз:
Акватория 2 ұ., өзен 2 ұ., елдер 2 ұпайдан. Барлығы 12 ұпай.
Тапсырма 3. Әрбір өсімдіктің отаны болып саналатын ауданды көрсетіңіз.
Өсімдіктер: финик пальмасы, фикус, лавр, алоэ, бөлме папирусы, кактус, герань, лимон.
Аудандар: Тибет тауының етегі, Африканың оңтүстігі, Жерорта теңізінің жағалауы, Африканың солтүстігі, Шығыс Азия, Солтүстік Американың оңтүстік-батысы, Мадагаскар аралы, Африканың оңтүстігі.
Әрбір дұрыс жауап үшін 1 ұпайдан. Барлығы 8 ұпай.
Тапсырма 4. Кестеде өнеркәсіп өнімінің басты түрлерінің бірі бойынша 1950ж. және 90-жж. соңындағы дүниежүзі бойынша 10 елдің тізімі берілген (өндіріс көлемінің азаю ретімен). Қандай өнеркәсіп өнімі туралы айтылып отырғанын аңықтаңыз.
-
Не себепті кейбір елдер тізімде бірнеше орынға төмен түскенін, ал кейбір елдер тіпті алғашқы ондықтан шығып қалғанын түсіндіріңіз.
-
Не себепті елдердің бірі тізімде бірнеше орынға жоғары көтерілгенін, ал кейбір елдер тіпті алғашқы ондыққа жаңадан қосылғанын түсіндіріңіз.
Орын
|
1950ж.
|
90-жж соңы.
|
1
|
АҚШ
|
Қытай
|
2
|
КСРО
|
Жапония
|
3
|
Ұлыбритания
|
АҚШ
|
4
|
ФРГ
|
Ресей
|
5
|
Франция
|
ФРГ
|
6
|
Жапония
|
Корея Республикасы
|
7
|
Бельгия
|
Бразилия
|
8
|
Канада
|
Италия
|
9
|
Люксембург
|
Украина
|
10
|
Италия
|
Үндістан
|
10 ұпай.
Тапсырма 5. Берілген сипаттама бойынша қандай өзен туралы айтылып отырғанын анықтаңыз және сұрақтарға жауап беріңіз.
Бұл өзеннің бассейнінің көп бөлігін биіктігі 200-500 м ойпат алып жатыр. Өзеннің төменгі ағысында кеме қатыснасына үлкен кедергі келтіретін бірнеше сарқырама бар. Өзі орналасқан материкте ұзындығы бойынша екінші өзен.
Осы өзенде судың ең жоғары деңгейі қай кезде байқалады?
Өзен бассейнінің ормандарында өмір сүретін дүниежүзіндегі ең бойы қысқа халықтар қалай аталады?
Әрбір дұрыс жауап үшін 2 ұпайдан. Барлығы 6 ұпай.
Тапсырма 6. Қандай ел туралы айтылғанын анықтаңыз.
Х елінің құрлықтағы көршілері туралы келесідей ақпарат белгілі:
Біріншісі
|
Y дүние бөлігінде ең ірі газ экпорттаушысы (гады құбыр арқылы, сонымен қатар сұйық күйде де экспорттайды)
|
2 ұ
|
Екіншісі
|
Мұнда Y дүние бөлігіне бір кіретін елдердің ішінде мұсылмандар саны ен көп
|
2 ұ
|
Үшіншісі
|
Y дүние бөлігіндегі жер аумағы бойынша ең ірі ел
|
2 ұ
|
Төртіншісі
|
Y дүние бөлігіндегі ірі ағынсыз көлдің жағалық сызығының ең үлкен бөлігі осы елге тиесілі
|
2 ұ
|
Х елі
|
|
2 ұ
|
Басқа көршілес елдер
|
|
4 ұ
|
14 ұпай
Тапсырма 7. Елдегі ең үлкен қаласы. Терең шұңғымада орналасқан, 2000 жыл бұрын жылы минералды көздің орнында қалыптасқан. Бұрын бұл жерде фракия тайпаларының бірі болып – сердтер қоныстанды, оның кенті болып Сердико деп аталған. Кент Батыс және Шығыс аралығында сауда жолдарында орналасқан және Рим империясы кезінде маңызды сауда орталығы болған. Түріктерден азат болғаннан кейін бұлкент оның астанасы болып жарияланды. Қаланың таңбасында «Өсуде, бірақ қартаймайды» сөйлемі жазылған. 5 ұпай
Барлығы 65 ұпай
Достарыңызбен бөлісу: |