Өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау жүргізу бойынша ақпарат «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы»



Дата23.02.2016
өлшемі39.76 Kb.
#9386
Өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау жүргізу бойынша ақпарат

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес өлшем құралдарын салыстырып тексеруші - өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу құқығына техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған мемлекеттік метрологиялық қызметтің немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің маманы.


Өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді (бұдан әрі – салыстырып тексерушілерді) аттестаттау тәртібі Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 313 бұйрығымен бекітілген «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы - аудиторларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау жүргізу және оларға біліктілік талаптарын белгілеу ережелерінде» белгіленген (Мемлекеттік нормативтік құқықтық кесімдерді тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 9 желтоқсанда № 5964 тіркелген, «Заң газетінде» 2010 жылы 11 наурызда № 36 жарияланған; бұдан әрі - Ереже).

Салыстырып тексерушілерді аттестаттауды Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (бұдан әрі – МҒМО) жүзеге асырады, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы 1342 қаулысына сәйкес «Қазақстан метрология институты» («ҚазМетрИн» РМК) болып табылады. Салыстырып тексерушілерді аттестаттау бойынша материалдар мен шешімдерді қарастыруды арнайы құрылған біліктілік комиссиясы қабылдайды.

Аттестатталған маманға ҚР СТ 2.42-2002 «ҚР МӨЖ. Өлшем түрлері. Жіктеу» бекітілген өлшеу түрлері бойынша «өлшем құралдарын салыстырып тексеруші» біліктілігі беріледі.

Салыстырып тексеруші біліктілігін алуға үміткерлерге мынадай біліктілік талаптары қойылады:

1) орташа техникалық білімі және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе жоғары техникалық білімінің болуы;

2) өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес өтініш берілген өлшем түрі бойынша біліктілік курстарындағы теориялық дайындықтан өтуі;

3) өтінім берілген өлшем түрі бойынша кемінде бір жыл практикалық тәжірбиесі болғанда өтініш берілген өлшем түрі бойынша сынақ ісінен өтуі.

Сынақ ісі таңдалған өлшем түрі бойынша өлшем құралдарының кемінде бес типін салыстырып тексеруден тұрады. Егер салыстырып тексеруші біліктілігіне үміткер бірнеше өлшем түрлеріне өтініш берсе, сынақ ісі әрбір өтініш берілген өлшеу түрі бойынша өлшем құралдарының кемінде үш типін салыстырып тексеруді жүргізуден тұрады. Сынақ ісін сынақ өткізілетін өлшеу түрлері бойынша салыстырып тексеру біліктілігін иемдену туралы сертификаты бар маман жүргізеді. Сынақ ісін өтудің жалпы мерзімі кемінде 5 жұмыс күнін құрайды.

«ҚазМетрИн» РМК салыстырып тексеруші біліктілігін алу үшін мынадай тігілген және нөмірленген түрдегі құжаттар жиынтығы ұсынылады:


  1. Өтініш берілген өлшем түрлері көрсетілген еркін нысандағы мәлімдеме;

  2. нотариалды расталған немесе біліктілікке үміткердің жеке басын куәландыратын аттестаттауға құжат берген ұйыммен расталған құжаттың көшірмесі;

  3. нотариалды расталған немесе аттестаттауға құжат тапсырған ұйыммен расталған білімі туралы құжаттың көшірмесі;

  4. нотариалды расталған немесе аттестаттауға құжат тапсырған ұйыммен расталған біліктілік курсын өткенін куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  5. нотариалды расталған немесе аттестаттауға құжат тапсырған ұйыммен расталған, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмесі;

  6. ұйым мөрімен расталған жұмыс орнынан сипаттама;

  7. нотариалды расталған немесе аттестаттауға құжат тапсырған ұйыммен расталған, қосымша оқығаны, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы басқа жұмыстарға қатысқаны туралы құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);

  8. Ережелерге 1-қосымшаға сәйкес нысанда өтінім берілген өлшем түрі бойынша сынақ ісінен өткенін куәландыратын анықтама-пікір. Құжаттар жинағын тапсырғанға дейін бір жыл бұрын берілген сынақ ісінен өткенін куәландыратын анықтама-пікірді біліктілік комиссиясы мақұлдамайды.

Салыстырып тексеруші біліктілігін алу туралы шешім құжаттар жианғымен өтінім берілген күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде МҒМО біліктілік комиссиясымен қабылданады.

Метрология саласындағы кадрларды дайындау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын шет ел ұйымымен өтініш берілген өлшеу түрі бойынша біліктілік курсында теориялық дайындықтан өткенін куәландыратын құжаттың көшірмесі техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құжат талаптарына сәйкес кемінде үш жыл мерзімде біліктілік комиссиясы мақұлдайды.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кәсіптік білімі бар үміткер алғашқы аттестаттауда өтініш берілген бағыт бойынша біліктілік курстарында теориялық дайындықтан өтпей-ақ, кәсіптік білімді алғаннан кейін бір жыл ішінде салыстырып тексеруші біліктілігіне ие болады.

Біліктілік комиссиясының шешімі оң болған жағдайда 3 жыл мерзімге біліктілікке ие болу туралы сертификат рәсімделеді.

Біліктілік комиссиясының шешімі теріс болған жағдайда үміткерге жазбаша түрде дәлелденген қабыл алмау жіберіледі.

Қабыл алмаудың негіздері мыналар болуы мүмкін:



  1. үміткердің белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

  2. ұсынылған құжаттар жиынтығының Ереже талаптарына сәйкес келмеуі.

Үміткер біліктілікті беруді қабыл алмаумен келіспеген жағдайда, қабыл алмауды алғаннан бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылданған шешімге шағымымен уәкілетті органның шағымдану комиссиясына немесе сот органдарына жүгінеді.

Уәкілетті органның шағымдану комиссиясы шағым түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде үміткерің шағымын қарастырып жазбаша түрде дәлелді жауап береді.



Біліктілікті беру қабыл алынбаған үміткер қабыл алмауға негіз болған біліктілік комиссиясының ескертпелерін жойғаннан кейін құжаттарды қайтадан тапсырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет