Омарбекова у. Ж., Хусаинов д. М. Ветеринария нег



Дата25.12.2022
өлшемі476.6 Kb.
#467905
Вет негіздер (1) (1)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
АХМЕТСАДЫҚОВ Н.Н.,
ОМАРБЕКОВА У.Ж.,
ХУСАИНОВ Д.М.
ВЕТЕРИНАРИЯ НЕГIЗДЕРI Оқу құралы
АЛМАТЫ 2010
1
УДК 619:616.981.42.
ББК 48.73 я 73
А 94
Ахметсадықов Н.Н, Омарбекова У.Ж., Хусаинов Д.М. А 94 Ветеринария негіздері (оқу құралы): – Алматы, «Агроу ниверситет» баспасы, 2010. –338 бет.

ISBN 9965-821-20-8
«Ветеринариялық медицина», «Ветеринариялық санитария», «Мал өнімдерін өңдеу жəне өндіру технологиясы», «Фермерлік іс», «Мал шаруашылық селекция жəне биотехнология», «Зоотехния» мамандықтарының студенттеріне арналған.
ББК 48.73 я 73
Рецензенттері:
Айтжанов Б.Д., ҚазҰАУ «Жұқпалы емес аурулар» кафедрасының доценті, ветеринария ғылымдарының докторы.
Жамағатов С. «СП Биопром Қазақстан» ЖШС директорының орынбасары, ветеринария ғылымдарының кандидаты.
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Ғылыми кеңісінде қаралып, басып шығаруға рұқсат етілген (№ хаттама 2010 жыл).
3706000000
А ——————
00 (05) 07
ISBN 9965-821-20-8
© Ахметсадықов Н.Н.,.Омарбекова У.Ж, Хусаинов Д.М., 2010
© «Агроуниверситет» баспасы, 2010.
2
АЛҒЫ СӨЗ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі бағдарламасында елді азық-түлікпен жəне шикізат өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашы-лығын дамытудың кешенді шаралары қарастырылған. Бағдарла-мада арнайы кешендерді, фермерлік қосалқы шаруашылықтарды дамыта отырып, алдағы уақытта мал шаруашылығы өнімдерін көбейту қарастырылған. Сонымен қатар мал жəне шикізат өнімдерін өңдеуге үлкен мəн берілген.
Осыған байланысты, қазіргі уақытта мал ауруларын анықтау мен оны емдеудің алдыңғы қатардағы əдістері мен жолдарын табу жəне практикаға енгізу, сонымен қатар жануарлар мен құстардың ауруын жəне шығынын азайтатын ветеринариялық - санитариялық шараларды жүзеге асыру жүйесі ойластырылуда.
«Ветеринария негіздері» пəнінің мақсаты студенттерге «Мал өнімдерін өндіру жəне өңдеу технологиясы», «Фермерлік іс», «Мал шаруашылық селекциясы жəне биотехнологиясы», «Зоотехния» мамандықтары бойынша кең көлемде білім беру, мал организмінде болатын əр түрлі патологиялық үрдістерді анықтау, аурудың шығу себептерін, алдын алу жəне онымен күресу шараларын жүргізуді меңгеруге үйретеді.
«Ветеринария негіздері» курсының мақсаты студенттерге жалпы патология, клиникалық диагностика, хирургия, азықтан жəне химиялық заттардан улану, жұқпалы емес аурулар, терапия, фармакология, токсикология, індеттану, паразитология пəндері бойынша, ауыл шаруашылық малының жұқпалы жəне жұқпалы емес ауруларымен күресудің негізгі шараларын ұйымдастыру, адам мен малға ортақ аурулардан адамды қорғау туралы кешенді білім беру болып саналады.
Мал дəрігерлік білім шаруашылық мамандарына өте қажет, себебі жоспарлы жəне күнделікті жалпы сақтық шараларды, індетке қарсы жұмыстарды жүргізу, мал дəрігерлік ісіндегі жоспарлауды ұйымдастыру, мал шаруашылығында, ветеринариялық-санитария-лық жағынан сапасы жоғары мал жəне мал өнімдерін алуда, мал басын көбейтіп, аман сақтап қалуда өте маңызды орын алады.
Мал шаруашылығында ветеринариялық-санитариялық талап-тар, мөлшерлер жəне технологиялық үрдістерді ұйымдастыру ережелері, ауру малға алғашқы ветеринариялық жедел көмек көрсету, қоршаған ортаны ластанудан қорғау «Ветеринария негіздері» курсының міндеттері болып саналады. Бұл курс ауыл шаруашылық жануарларының қалыпты анатомиясын жəне физиологиясын, биохимиясын, генетикасын, гигиенасын, микробиологияны, зоологияны, малды азықтандыруды толық меңгерген студенттерге арналған. Ветеринариялық білім арнайы техноло-гиялық пəндерді – жеке мал шаруашылығын, сонымен қатар мал шаруашылығы өнімін өндіру жəне оны сақтауды терең түсінуге көмектеседі.
3
КІРІСПЕ
«Ветеринария негіздері» туралы пəнін оқып таныспастан бұрын, ветеринария саласының жетістіктері туралы, оның зерттеу əдістері, ветеринариялық істерді ұйымдастыру жəне ауыл шаруашылық мамандарын дайындаудағы ветеринариялық білімнің маңызын түсіну қажет.
Ветеринария – жануарлар организмінің құрылысы туралы, оның өсу жəне даму заңдылықтары туралы, аурудың пайда болу себептері, оны анықтау тəсілдері, емдеу мен алдын алу, аурумен күресу шаралары, сонымен қатар жоғары сапалы мал өнімін өндіру туралы ғылымдар кешені.
Қазақстан Республикасында жүргізілетін ветеринариялық қызметтің негізгі мақсаты – шаруашылықтарда мал дəрігерлік шараларды сапалы əрі уақытылы жүргізіп, жануарларды жұқпалы емес, жұқпалы жəне паразитарлық аурулардан тазарту, қауіпті індеттерден адамды сақтандыру, мал ауруын азайту, шығынға жол бермей, шаруашылықтарға келтіретін зиянды барынша азайту болып саналады. Ветеринария саласының экономикалық, биологиялық жəне медициналық - санитарлық маңызы да жоғары.
Əлемнің жəне республикамыздың ветеринария саласындағы жетістіктері де айтуға тұрарлықтай. Көрнекті ғалымдардың жан-жақты жүргізген ғылыми зерттеулерінің нəтижесінде жануарлардың көптеген ауруларын жою əдістері жəне аурулардан сақтандырудың жолдары ойластырылып табылған. Сондай
ақ Қазақстан Республика-сында ірі қара обасы, ала өкпе қабынуы, жылқы маңқасы жойылған.
Қазақстанда 1810 жылға дейін жануарлар ауруларын емдеумен малшы қазақтар өздері айналысқан, содан кейін Ресейден жұмыс бабымен келген ветеринарлық мамандары, ал 1891 жылдан бастап ветеринарлық қызмет жекеленіп, өз алдына бөлініп шыққан. Мамандарды Омбы жəне Тобыл ветеринариялық мектептері, сонымен қатар Қазан, Юрьев, Варшава ветеринариялық институттары дайындаған. 1897 жылы тұңғыш ветеринарлық-бактериологиялық лаборатория Оралда ашылған. 1920 жылы ветеринарлық бас басқарма құрылған. Қазақстанда ветеринарлық саланың дамуына А.П.Петровский, У.Б.Базанов, Т.И.Исенгулов, К.И.Скрябин, А.П.Сейдалин жəне басқа да атақты ғалымдар үлкен үлес қосқан.
Қазақстан Республикасында жануарлар ауруларымен күресу шаралары ҚР Президенті бекіткен (Бірінші заң 1995 жылы 25 маусымда, екіншісі 2002 жылы 10 шілдеде қабылданған, Заң 6 тараудан жəне 37 баптан тұрады) «Ветеринария туралы заң» негізінде, Үкімет жарғылары жəне ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринария туралы заң актілері мен нұсқаулары бойынша жүргізіледі. Қазақстанда ветеринария саласын қадағалау органдары мемлекеттің басқаруында болады, жүргізілетін ветерина-риялық шаралар жоспарлы түрде, ал аса қауіпті ауруларға қарсы шаралар мемлекет есебінен жүргізіледі. Қазіргі кезде аса қауіпті жұқпалы ауруларды жəне карантиндік шараларды қоспағанда, ветеринариялық жұмыстардың барлық түрлері бəсекелестік ортаға берілген жəне
4
лицензиялауға жатады. Ветеринариялық препарат-тарды өндіру саласы да бəсекелестік ортаға қарайды.
Жұқпалы аурумен күресудің негізі аурудың алдын алу болып табылады. Ірі мал шаруашылығында жүргізілетін ветеринариялық шаралар шаруашылықтың жоспарлы жұмыстары құрамына кіреді жəне мал шаруашылық мамандарымен біріге отырып жүргізіледі.
Жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларымен күресу мақсатында кешенді жалпы жəне арнайы шаралар жүргізіледі. Жануар ағзасының саулығын қорғау, шаруашылық мамандарының күнделікті жұмыстарының басты нəтижесі болып саналуы қажет. Жануар өнімінің өнімділігін арттыру жəне оның саулығын сақтау өзара тығыз байланысты.
Осыған байланысты шаруашылық мамандары міндеттерінің қатарына мына төмендегілер жатады:
1. Жануар ауруының сыртқы жəне ішкі негізгі себептерін білу. 2. Кеңінен тараған аурулардың пайда болу себептерін жəне алдын алу шараларын анықтау.
3. Қарапайым емдеу əдістерін қолдана отырып, ауру малға алғашқы көмек көрсету.
4. Ең көп тараған жұқпалы емес аурулардың пайда болуын жəне алдын алу жолдарын білу.
5. Мал басын қорғау мақсатында сақтық шараларын жүргізу. 6. Ветеринариялық мамандарға арнаулы шараларды жүргізуге көмек беру.
7. Мал шаруашылығы мамандарының ветеринариялық - санитариялық білімін жетілдіру.
Мал шаруашылығында ветеринариялық-санитариялық талап- тарды, мөлшерлерді қолдану жəне технологиялық үрдістерді ұйымдастыру, сапасы жоғары мал мен мал өнімдерін алу, мал басын көбейту жəне жануарларды бордақылау істері ветеринариялық білімді терең меңгеруді қажет етеді.
5
1. Ветеринарияның маңызы. Ауру туралы жалпы ілім.
Ветеринария саласы сау жəне ауру жануарлар организмінің тіршілік заңдылығын, аурудың пайда болу себептерін, анықтау əдістерін, аурудың алдын алу жəне күтіп-бағу, азықтандыру, жұмысқа пайдалану жолдарын ескере отырып, ауру жануарларды емдеу, сонымен қатар адамды жануарлар мен адамға ортақ аурулардан сақтандыру шараларын толық меңгеретін ғылыми білімнің кешенін құрайды.
Ветеринария нысандарына жануар мен құс жəне олардан алынатын өнімдер мен шикізаттар жатады.
Ветеринариялық істі басқаратын жəне ветеринариялық қызмет көрсетудің ретін анықтайтын, оның мақсаттарын айқындайтын «Ветеринария туралы заң» негізінде ветеринариялық қызмет жүргізіледі.
Ветеринария саласындағы негізгі міндеттер мыналар: жануарларды аурулардан қорғау жəне емдеу; халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау; мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылауындағы жүктердің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Қазақстан республикасын басқа мемлекеттерден келетін жануарлардың жұқпалы жəне экзоотикалық ауруларының енуі мен таралуынан қорғау; ветеринариялық препараттардың сапасын бақылау; жануарлар ауруларына қарсы күресу əдістерін анықтау жəне қолдану, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың сапасын ветеринариялық санитариялық бақылауды қамтамасыз ету; жеке жəне заңды тұлғалар атқаратын ветеринария саласындағы қызметті жүргізу кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу жəне оны жою; ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария мамандарын даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру жатады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ветеринария туралы заң» негізінде жəне оны дамыту үшін кəсіпорындардың барлық меншіктілік түрлеріне бірдей міндетті нұсқаулар мен міндеттемелерді шығарады. Ветеринария саласындағы заң мыналарды: ветеринариялық істің құқықтық негіздерін; ветеринариялық қызметті ұйымдастыру құрылымын; Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы жəне экзотикалық ауруларының əкелінуі мен таралуынан қорғауды; мемлекеттік қадағалаудың жəне олардың ұйымдарының ретін мемлекеттік ветеринариялық қадағалау жүргізуші құзіретті тұлғаның қызметтерінің ережесін; жануарларды карантиндеудің ретін жəне шарттарын; шаруашылықтарға, тұрған бекеттеріне жəне түрлі нысаналарға жұқпалы ауру қоздырушыларының таралуынан қорғауды; жануарларды көбейту жəне өсірумен айналысатын ауыл шаруашылығы кəсіпорындары орындауға міндетті ветеринариялық шараларды; жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды сату кезінде ветеринариялық талаптарды; ветеринариялық санитариялық сараптау ережелерін ветеринария саласындағы қызметті лицензиялауды; ветеринарлық химиотерапевтік, дезинфекциялық
6
препараттарды қолданудың тəсілдері мен шарттарын, жұқпалы, инвазиялық ауруларға диагностикалық зерттеулер жүргізудің əдістемелерін жəне түрлі арнайы шараларды жүргізуді; ветеринариялық шараларды жабдықтан дырудың нормаларын; ветеринарлық тауарларды жəне мал өнімдерін тасымалдау кезінде зоогигиеналық жəне ветеринариялық (ветеринариялық санитариялық) талаптарды сақтауға; ветеринариялық шараларды жүргізуге мамандардың жұмсалатын еңбек нормаларын; ветеринариялық қызметті қаржыландыру ретін жəне жүйесін реттеп қарастырады.
«Ветеринария туралы заңға» сəйкес жеке жəне заңды тұлғалар: -Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарымен белгіленген жануарлар ауруларының алдын алуды жəне мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылауындағы жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерді сақтай отырып, ветеринариялық жəне əкімшілік-шаруашылық іс шараларды жүзеге асыруға;
-зоопарктердегі, цирктердегі, омарталардағы, аквариумдердегі жануар ларды қоса алғанда, жануарлардың ветеринариялық (ветеринариялық санитариялық) ережелер мен нормативтерге сəйкес ұсталуын, өсірілуін жəне пайдалануын жүзеге асыруға;
-аумақты, мал шаруашылығы қоражайларын, сондай-ақ жемшөпті, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауға жəне өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтерге сəйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;
-мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылауындағы жүктерді ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткізуге байланысты, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау нысандарын орналастыру, салу, қайта жаңғырту жəне пайдалануға беруге;
- барлық шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді жəне олардың ветеринариялық төлқұжаттарын рəсімдеуді қамтамасыз етуге; - кенеттен бірнеше жануардың өлім-жітімге ұшырауы, олардың бір мезгілде ауруы немесе əдеттен тыс мінез көрсету жағдайлары туралы, ветеринариялық мамандар келгенге дейін ауру белгісі жөнінен күдікті жануарларды оқшаулап ұстау шараларын қолдануға;
- мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлауға; -ветеринариялық инспекторлардың мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ветеринариялық тексеру үшін кедергісіз беруге;
- жануарлардың жəне адамның денсаулығына қауіп төндіретін мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылауындағы жүктерді залалсыз дандыру (зарарсыздандыру), өңдеу жөніндегі ветеринариялық инспектор лардың талаптарын орындауға;
7
- союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргізбей жануарларды өткізуге, союға жəне сойғаннан кейін ұшалары мен мүшелеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткізуге жол бермеуге;
- ветеринариялық мамандарға өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына жəрдем көрсетуге;
- жаңа жетілдірілген ветеринариялық препараттарға жасалған ғылыми техникалық құжаттаманы ветеринария саласының уəкілетті мемлекеттік органымен келісуге міндетті.
Ветеринариялық іс-шаралар:
1) жануар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануар ауруларының пайда болуы мен азықтан улануының алдын алу, жануардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, ветеринариялық препараттардың, жем шөп пен жем-шөптік қоспалардың ұсталуының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сəйкестігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақта өткізілетін іс-шаралар;
2) шектеу іс-шараларын немесе карантинді қоса алғанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларын жою жəне олардың таралуының алдын алу мақсатымен індет ошағында жəне қолайсыз бекеттерде жүргізілетін іс-шаралар болып бөлінеді.
Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру жəне жүзеге асыру тəртібін ветеринария саласындағы уəкілетті мемлекеттік орган бекітеді, жеке жəне заңды тұлғалардың оны орындауы міндетті болып табылады. Шектеу немесе карантиндік іс-шаралары жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың мемлекеттік бас ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша, жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітіледі. Сондықтан да, шаруашылық мамандарының ауру туралы, жануарлар ауруын зерттеу əдістері, оның алдын-алу жəне шектеу іс-шаралары жүйесі жөніндегі білімділігінің маңызы жоғары деңгейде болуы қажет.
Ауру жұқпалы емес жəне жұқпалы болып екі түрге бөлінеді. Жұқпалы аурулар өз кезегінде, қоздырушылары өсімдік тұқымдасты (бактериялар, бациллалар, фильтрленуші вирустар) зардапты организмдер болып табыл атын індетті жəне жануар тұқымдасты (бірторшалылар-қарапайымдылар, паразиттік құрттар-гельминттер, өрмекші тəріздестер жəне жəндіктер)
паразиттерден пайда болатын инвазиялық болып бөлінеді. Ауру – организмнің зардапты агентке жауап беруін қалыптастыруға бағытталған күрделі реакциясы, организм мен сыртқы ортаның қарым қатынасының бұзылуының нəтижесінде туындайды жəне жануарлардың өнімділігі мен экономикалық тиімділігін төмендетеді.
Аурудың төрт кезеңін ажыратады:
1) жасырын;
2) бастапқы немесе клиника алдындағы (продромальдік);
8
3) клиникалық айқын;
4) ақырғы.
Жасырын кезең микробтың енген кезінен бастап, аурудың алғашқы белгілері басталғанға дейін созылады. Бұл кезең бірнеше минуттан бастап жылға созылады жəне зардапты микробтың əсер ететін уақытына, уыттылығына, организмнің төзімділігіне байланысты болады. Мысалы, күйген кезде жасырын кезең бірнеше минут, тұмауда - бірнеше сағат, туберкулезде - бірнеше ай. Бұл кезеңнің уақыт аралығында организм ауру агентімен белсенді күреседі, ал қоздырушыны жойған кезде ауру білінбеуі мүмкін.
Клиника алдындағы немесе продромальдік кезең аурудың бірінші белгілерінен бастап, оның толық клиникалық белгілері білінген кезі. Бұл кезеңде көптеген ауруларға ортақ клиникалық белгілер айқындалады: дене ыстығы көтеріледі, жүрек жұмысы жəне тыныс алу жиілейді, тəбеті төмендейді, жүйке жүйесі бұзылады. Зардапты қоздырушыны жойғаннан кейін организмнің қалыптасу функциялары белсенділік көрсетіп, жазылып кетеді. Бұл кезеңде осы ауруға тəн белгілері байқалмайды, сондықтан да диагноз қою өте қиын болады.
Аурудың толық клиникалық белгілері байқалған кезде осы ауруға тəн негізгі клиникалық сипаттары айқындалады (мысалы теріде дақтың болуы – тілмеде, жөтелдің -бронхопневмонияда, іші тоқтамай өту - диспепсияда). Бұл клиникалық белгілері қаншама өзіне тəн сипаттау болғанымен, аурудың клиникалық түрлері сан алуан жəне оның ұзақтығы əр түрлі болады. Клиникалық кезеңнің ұзақтығы қоздырушының уыттылығына жəне организмнің қорғаныс күштеріне де байланысты (аусыл, тілмеде – бірнеше күн, бруцеллез бен туберкулездерде – бірнеше ай).
Аурудың ақыры жайлы болып, малдың жазылуымен (толық, толық емес) немесе жайсыз болғанда өліммен аяқталады. Мал толық жазылғанда организмде жəне оның ағзаларында морфологиялық немесе функциялық қалпына қайта келу жүреді. Бірақ, бұл жағдайда организм бастапқы қалпына келмеуі де мүмкін, организмде иммунитет пайда болады немесе керісінше сезміталдығы күшейеді (аллергия). Мал толық сауықпаған кезеңде денеде əр түрлі бұзылған функциялар мен құрылымдық ақаулар қалады, олар организмнің қоры есебінен қалыптасуы мүмкін. Кейде организмде патологиялық жағдай дамиды (бүйректің қатаюы, миокардтың зақымдануы), бұл кезеңде жануар жеңіл түрде қайталап ауырады.
Организм өзгерген ортаның жағдайына қалыптаса алмаған кезінде өліммен аяқталады. Өлімнің негізгі себептері:
-жүрек жұмысының тоқталуы (жүректің немес мидағы жүйке орталығының зақымдануы);
-тыныс алудың тоқталуы (мидағы тыныс алу орталығының зақымдануы). Өлім бірден немесе біртіндеп, ал екінші жағдайда жанталасу жəне клиникалық өліммен аяқталады.
9
Жанталасу (агония) орталық жүйке жүйесі функцияларының бұзылуы нəтижесінде, организмнің барлық функцияларының терең зақымдануымен сипатталады. Бұл кезде тыныс алу үзілген түрде, жүрек қағысы бəсеңдейді, дене қызуы төмендейді, құрысып қалу байқалады жəне несеп жəне нəжістің бөлінуі қиындайды. Бұндай құбылыс бірнеше сағаттан екі күнге дейін созылып, клиникалық өлімге ауысады.
Клиникалық өлім тыныс алу жəне жүрек соғуының тоқталуымен, торшаларда алмасу функцияларының кенеттен тежелуімен сипатталады. Клиникалық өлімнің мерзімі 5-6 минут, оттегінің жетіспеушілігіне аса сезімтал жүйке жүйесінің (ми қыртысының) жоғарғы бөлімдерінің тірілу уақытымен анықталады. Клиникалық өлім – қайтарылатын процесс жəне организмге (жүрекке, орталық жүйке жүйесіне) белгілі əсер ету арқылы тіршілік функцияларын орнына келтіруге болады. Клиникалық өлім биологиялыққа ауысады, біріншіден орталық жүйке жүйесінде, сосын басқа да ағзалар мен ұлпаларды орнына келмейтін өзгерістермен сипатталады.
Өлімнің белгілері:
1) өлексе мұздайды – бірінші күні сағат сайын 0,2 градусқа; 2) өлексенің сіресуі - өлгеннен соң 8-10 сағаттан кейін;
3) өлексе дақтары – гемолизденген қанның ұлпаларға сіңуі нəтижесінде; 4) өлексенің шіруі – бауырдағы жасыл дақтар (күкіртті сутектің темірмен байланысқа түсуі есебінен) байқалады.
Этиология – ауру туындауының жағдайы мен себебі туралы ілім. Туа жəне жүре пайда болатын жəне сыртқы қоршаған орта əсерінен болатын себептерін ажыратады.
Аурудың сыртқы себептері – олар механикалық, физикалық, химиялық жəне биологиялық агенттер.
Механикалық факторлардың түрі - əсер етуі жəне жарақатқа əсерлі күші жағынан əр түрлі болады.
Физикалық факторларға – жылы жəне суықтың, жарық сəулесінің, электрдің, атмосфералық қысымның əсерлері жатады. Жергілікті жылу күйдіруі мүмкін, ол қызару дəрежесіне жəне күлдіреп көмірленуіне байланысты болады. Жалпы жылуда ыстық өтіп, дене қызуы көтеріледі, қан тамырының соғуы жəне тыныс алуы жиілейді, кейде өліммен аяқталады. Суықтың жергілікті əсерінен үсиді, қатып қалған ұлпаларды еріткенде олар өледі. Суықтың жалпы əсерінен алмасу процестерінің, жүректің соғуы мен тыныс алуы баяулайды, өлімге соқтыруы мүмкін. Суықтанудың зардабының бірі – тұмау ауруы. Энергия сəулесі ұлпаларды иондайды, соның əсерінен тізбекті реакцияларға əкеліп соғуы жəне алмасу үрдістерінің бұзылуы салдарынан өлімге немесе сəулелік ауруға ұшырайды. Токтың əсерінен күйеді, егерде тоқ жүрек арқылы өткен болса, онда оның тоқтауы мүмкін. Қысымның төмендеуі көмір қышқылының жəне оттегінің жетіспеушілігіне – «тау» ауруына душар етеді. Қысымның көтерілуінен қан газға толып кетеді
10
жəне қысымды қалпына түсірген кезде, газдардың шығуы қан тамырларын бекітіп тастауы мүмкін, бұл «кессон» ауруына шалдықтырады. Химиялық факторларға – улардың əсерлері: биоорганикалыққа – қышқылдар, сілтілер, ауыр металдардың тұздары; органикалыққа – спирттер, шіру жəне ашып кету өнімдері, улы өсімдіктер жатады. Химиялық заттар денатурациялайды, торшалардың құрылымын, алмасу құбылыстарын бұзады, бөліп шығару, ас қорыту, тыныс алу, жүйке жүйелерінің қызметін ажыратып тастайды.
Биологиялық факторларға тірі организмдер жатады: зардапты микробтар, вирустар, саңырауқұлақтар, протозоолар, құрттар, жəндіктер, кенелер.
Жануарларды дұрыс бағып-күтпеу, құнарсыз азықтандыру, малды дұрыс пайдаланбау факторлары аурудың пайда болуына ықпалын тигізеді. Дерттену – аурудың берілу механизмі, түрі жəне дамуы мен өту сатылары туралы ілім.
Аурудың даму жолы тек қана алғашқы себептерімен, күштерімен ғана емес, сонымен қатар организмнің өзіне де байланысты. Аурудың даму сатысында зат алмасу үрдістері қызметін реттейтін жоғарғы жүйке жүйесінің атқаратын маңызы зор. Аурушаңдыққа жануардың жасы да едəуір əсер етеді, əлсіреген, қартайған жəне жас мал ауруға қатты шалдығады. Сонымен қатар жоғары өнімді жəне асыл тұқымды жануарлар ауруға өте сезімтал болып келеді.
Аурудың агенттері организмге қан тамырлары, ұлпалар жəне жүйке талшықтары арқылы тарайды. Улы заттардың түзілуінен немесе ағза қызметінің бұзылуы салдарынан зақымданған мүше бүкіл организмге əсерін тигізеді.
Организмде зардапты қоздырушының əсерінен қызметі бұзылған қызметті қалпына келтіретін қорғаныс – бейімделу механизмдерінің қатары бар. Қызметтерді қалпына келтірудің маңызды факторларының бірі – организмдегі қордың болуы. Қалыпты жағдайда жүрек етінің 17-20 % қуаты, өкпенің сыртқы тынысы 20-25 %, бауырдың функция атқаратын элементтері 12-15 %, қанның гемоглобині 50-60 % мөлшерде ғана пайдаланылады.
Зардапты қоздырушымен организмнің қарым-қатынасқа түсуінде жеке реактивтіліктің маңызы жоғары. Яғни, бір түрлі қоздырушының əсерінен барлығында бірдей ауру пайда болмайды, тек реакцияның түрлі варианттары туындайды. Мысалы, жануардың ауруға бірдей емес бейімділігі, улы заттарға əр түрлі сезімталдығы, аштыққа, физикалық факторларға, ауыр жұмыстарға жəне т.б. төзімділігі жатады.
Реактивтілік – организмнің түрлі қоздырғыш ортаға жауап беру қабілеттілігі, ол көптеген факторлармен анықталады. Жүйке жүйесі, оның ерекше жоғарғы бөлігі – бас ми қыртысы, сыртқы ортамен байланыс түзетіндігін, ағзаның ішіндегі барлық тіршілік үрдісін басқаратындығын, ағза мен жүйелердің өзара қатынаста болатындығын И.П.Павлов дəлелдеген.
11
Атап айтқанда, бұл жүйе патологиялық қоздырғыштарға жауап береді жəне қорғаныс реакцияларын реттейді.
Организмнің қорғаныс реакциясы гормондық фонмен, алмасу заты мөлшерінің өзгеруімен реттеліп отырылады.
Түрлік реактивтілік малдың белгілі бір түрінің анатомиялық физиологиялық ерекшеліктерімен, тұқым қуалаушылығымен байланысты. Жануарлардың белгілі түрін ғана бірнеше аурулар зақымдайтын болса, ал суық қандылар көптеген жұқпалы ауруларға төзімді болып келеді (зардапты микробтардың өсіп-өнуіне, олардың дене қызуы жағымсыз əсер береді).
Жеке реактивтілік дене құрылысы, жынысы, асыл тұқым қуалаушылық жəне жасына байланысты. Жергілікті асыл тұқымды мал ауруға едəуір төзімді, аурудың бір түрі жас малға (колибактериоз, монезиоз), басқалары ересек малға (вибриоз, бруцеллез) тəн болып саналады.
Малды дұрыс күтіп-бағу жəне азықтандыру ауруға деген төзімділікті жоғарылатады. Бір түрлі азықтандыру, витаминдердің, минералдық заттар дың, белоктың жетіспеушілігі, қанағатсыз дəрежеде малды бағып-күту, малдың шаршап жадығаны, малды дұрыс пайдаланбау жəне жайсыз ауа жағдайы ауруға қарсы төзімділікті төмендетеді.
Жалпы реактивтілік кешенді анатомиялық, физиологиялық қорғаныс тың икемделуін қамтамасыз етеді. Химиялық жəне биологиялық агенттердің енуіне кедергі жасау қызметін мал терісі атқарады, оның бактерицидтілігі сөлді секреттері мен тері сөлдері (қышқылды орта) арқылы қамтамасыз етіледі, аз өткізгіштік қасиетті эпителия толық атқарады. Шырышты қабықтары (көздің, мұрын мен өңештің, ас қорыту жəне жыныс жолдарының) микроорганизмдердің енуіне тосқауыл жасайды, тыныс жолдарының мерцательді эпителиінің кірпікшелері қоздырғыштарды жояды, ал олардың секреттері бактерицидтік (лизоцим, асқазан сөлі, өт, ішек секреттері) əсер етеді.
Ішкі қорғаныс бейімділік – лимфа түйіндері (микробтардың өтуіне кедергі болып, оларды бұзады), бауыр (токсиндерді бейтараптайды), бүйрек (токсиндерді жəне олардың ыдырау өнімдерін сыртқа шығарады), гематоэнцефаликалық тосқауылдар (ми қабықтары, плацента) ұрық пен миды токсиндерден жəне микроорганизмдерден қорғайды.
Фагоцитоз – бөгде заттардың (микроорганизмдердің, ұлпалық элементтердің) діңдік (стволдық) торшаның өнімдері макро-жəне микрофактордың ішкі торшалық қорытылуы. Қабыну қоздырғыштардың бактерицидтік əсерлі (құрамында лизоцим, комплемент, фагоциттер бар) экссудат қорғаныс аймағының (қауашақтар) түзілуіне байланысты.
Жергілікті жəне жалпы дене қызуының көтерілуі зат алмасуды күшейте түседі жəне ол көптеген микроорганизмге, əсіресе вирустарға жағымсыз əсер етеді. Қан құрамындағы лизиндер, лейкиндер, комплемент көптеген микро организмдерді бейтараптайды.
12
Организмнің ерекше (өзіне тəнділік) реактивтілігін (икемділігін) көрсететін бірқатар бейімділік бар, олар иммунитет деп аталады. Ол организмнің жұқпалы ауруға бейімсізділігі, организмнің көтеріңкі немесе төмен сезімталдығы (анафилаксия жəне алергия), улы заттарға үйренуі. Бұл реакциялар, əдетте организмге белгілі антигенді құрамды белок тектес түрлі заттардың (микроорганизмдердің, у, токсиндердің) енуіне жауап ретінде туындайды жəне антидене мен иммундық лимфоциттердің түзілуімен байланысты. Иммундік жүйеге тимус, фабрициев қалташасы (құстарда) лимфа түйіндері, Пейеров бляшкалары, талақ, сүйек майы, қан кіреді. Антигендер - генетикалық тегі бөгде жоғарғы молекулалы белоктық заттар, олар организмде телімділік антиденелер мен иммундық лимфоциттер түзілуіне себепкер болады.
Антидене – иммуноглобулин тектес зат, антигендердің əсеріне организмнің жауап беруі себебінен түзіледі. Иммуноглобулин М класы (иммуногендердің бастапқы сатысынан кейін 2-3 күннен соң түзіледі), G (олар басым мөлшерде, əсіресе қанда бəсең түзіледі), А (секреторлық антидене, шырышты қабат астында болады), Е (анафилаксия жəне аллергияларда қатысады), Д (аз мөлшерде болады) түрлерін ажыратады.
Бақылау сұрақтары:
Ауру туралы түсінік.
Аурудың кезеңдері.
Этиология.
Дерттену.
Реактивтілік.
Фагоцитоз.
Антидене.
2. Жануармен жұмыс жасаудағы қауіпсіздік.
Жануарлармен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау керек. Жануардың иесі немесе бағып күтуші оның мінезін жəне əдеттерін білуі қажет. Жуас жануармен жеңіл түрде, ал асау малмен қатаң жəне шешімді түрде, адам өзінің қорыққанын немесе жасқанғанын оған білдірмей жұмыс істеуі тиіс. Адамның сенімді дауысы, əдетте малды тыныштандырып, жуасытуға əсер етеді. Жануармен жұмыс атқарған кезде, оның құлақтарына аса зер салған жөн. Мінез-құлқы өзгерген жағдайда, адамға қарсылық білдірген кезде, құлағын басына жымырып, жабыстырып алады да, дене еттерін қатаң ұстайды. Малдың қасына жақындамас бұрын, оны шақыру, маңдайынан, мойнынан, арқасынан сипау арқылы оны жуасытады. Егер жануар тынышталмаған жағдайда, əсіресе дəрі беру кезінде, операция жасайтын жəне басқа емдік көмек көрсетер кезде оны бекемдейді. Ит, мысық жəне жабайы жануарларға емдік немесе басқа ветеринариялық шараларды жасау кезінде жоғары сақтық қажет етіледі.
13
Мысықпен жұмыс жасау жəне оны бекемдеп ұстау. Мысықты жай процедура жүргізер кезінде, бір қолымен оның басына жақын мойын терісін ұстайды, екінші қолымен бел жағы терісінен ұстап, үстелге жатқызып қысып ұстайды. Күрделі манипуляцияларды жүргізу кезінде екі адам жұмысқа араласады, біреуі мысықтың желкесінен жəне алдыңғы аяқтарынан ұстайды, ал екіншісі қажетті жұмыстарды жүргізеді. Ауыртпайтын жеңіл манипуля
цияларды (тыңдау, көріп зерттеу) жүргізгенде мысықты алға қаратып ұстап отыруға немесе арқасынан сипай отырып, үстел үстінде тұрғызып ұстауға болады. Бұндай жұмыстарды мысық иесінің қатысуымен бірге жүргізген жөн. Мысықты тері қапқа немесе қалың матаға орап ұстаған дұрыс, тек қана зерттеуге арналған немесе операция жасалынатын денесінің бөлігін ашық ұстау қажет. Керекті жағадайда жансыздандырғыш жəне есеңгіреткіш препараттар қолданылады. Егер процедура мысықтың басына жасалынатын болса, оның денесін тері қапқа немесе қалың киімнің жеңіне орап бекемдейді, басын сыртта ашық қалдырады. Бұдан кейін арнайы жылжымалы қақпақты жəшік жəне бір жанында (терең) мойынға арналған кесікке мысықтың басын бекемдейді. Мысықты жатқызып байлау үшін ұсақ жануарға арналған операция үстелдерін жəне бас ұстағышы бар бекемдегіш қондырғы құралды қолданады.
Итпен жұмыс жасау жəне он бекемдеп ұстау. Ит өзінің иесіне жəне күтуші адамға сенімді қарайды. Сондықтан да ветеринариялық мамандар итке қатысты емдік шараларды оның иесінің қатысуымен жүргізеді. Итті тұрғызып, отырғызып жəне жатқызып бекемдеп ұстауға болады. Тұрғызып бекемдеп, байлау кезінде итті бір қолымен мойын немесе құлақ арты терісінен ұстайды, екінші қолымен жұтқыншақ жағын қамтиды. Тұмсығына тұмылдырық кигізу арқылы ұстау немесе қозғалмайтын затқа байлап бекемдеу қажет.
Қабаған итті желкесінен ұзын қысқыш арқылы қамтып ұстайды. Осы мақсатта тұяққа бекітілген арнайы ілмек немесе бекіткіш қолданылады. Иттің бас жағын ноқталық жіптің көмегімен қара құсы жағынан жай түйнектеу арқылы байлап бекітеді. Мұндай бекітіп байлауды, басы мен бет əлпеті қысқа пішінді итке өте сақ қолданады. Итті тұншықтырып алмас үшін, ауыз қуысындағы азу тістеріне жіңішке таяқ салады, оның соңына бау байлайды. Бауды төменгі жағының астынан жұтқыншақ төңірегінде айқастырып жəне қара құсы тұсынан түйнектеп байлайды. Қабаған иттің алдыңғы жəне артқы аяқтарын немесе мойнын бағанға байлап бекітеді. Иттің жақтарын езулікпен, екі ұшында бауы бар таяқпен ажыратады. Итті жатқызып байлау үшін, ұсақ малға арналған операциялық үстел, басып бекемдеп ұстайтын тақтайды қолдануға болады, қажетті жағдайда жансыздандырғыш немесе есеңгірткіш препараттары беріледі.
Терісі бағалы аңдарды бекемдеп ұстау. Күтушілері болса, адамға жабайы жануарлардың кейбір түрлері үйренісіп жақын болады, сондықтан да оларға жай манипуляцияларды орындау жеңілдейді. Сонымен қатар
14
жабайы жануарды аулау жəне бекітіп ұстау кезінде, адам өте сақтықпен жұмыс істеуі қажет.
Түлкі мен қарсақтарды аулаған кезде, олардың бас жағына қап лақтырады немесе үлкен қолғаппен жауып ұстайды. Аңның басын бір қолмен еденге басып жəне желкесінен қысып ұстайды, екінші қолмен мойынның төменгі жағынан ұстайды. Бір қолымен мойнынан қысып, ал екінші қолымен артқы аяғынан ұстауға да болады. Түлкі мен қарсақты жүрген жерінен аулап ұстау жəне сыртқа алып шығу үшін, соңында аңның мойнын бекітіп ұстауға арналған кесігі бар тақтайша қолдаланады. Тақтайды мойнына жақындатып еденге қысып ұстау арқылы, аңды тордан шығарып, сосын желкесінен қолмен ұстап алады. Түлкі мен қарсақтың жақтарын жіппен немесе бинтпен байлап бекемдейді. Күзен, құндыз жəне басқа аңдарды үйшіктерінен қолға қолғап киіп алуға болады, диаметрі 20-25 см темір сақиналы торлы аулағыштарды пайдаланған қауіпсіз. Алдын ала тістеріне таяқ салау арқылы күзен мен жанаттың жағын имектелген түрде бинтпен байлайды. Басын бас ұстағыш арқылы бекітеді де, жағын жатқан кезде ашады. Терісі бағалы аңдарды отырғызып, жатқызып ит сияқты бекемдеп байлайды.
Жұмыс жасау үшін ірі қара малды бекемдеп ұстау. Ірі малды арнайы темір торшаларға кіргізеді. Олардың жанымен жылжитын қабырғалары бар, солардың арасында жануарды қысып ұстауға болады. Пайдалануға ыңғайлы болу үшін мұндай торшаның 1-2 таяқшасын алып тастайды.
Ірі малдың ішінен асауын бөліп ұстау үшін жақсы көретін қоректік жемін береді. Ұсақ малға арнайы тор лақтырып ұстайды. Торға ұсақ мал шатасып оралып қимылдай алмай қалады. Өте асау, ірі жануарға есеңгіреткіш немесе ұйқы келтіретін дəрілерді қолданады. Жабайы ұсақ малдың төрт аяғын жіппен байлап бекітеді.
Сиырды мүйізінен байланған арқанмен алып жүреді, көбінесе мүйізінен басын айқастырып, байлау арқылы бақанға бекітеді. Мұрнына сақина кигізілген бұқаларды байлағышқа немесе жатқан түрінде бекемдейді. Қажет болған жағдайда түйені қозғалмайтын етіп қысқа байлайды, бұрағышпен мұрнына қысқыш салады.
Түйені, елікті, сиырды Мадсен əдісімен жығады. Ол үшін бір жіппен алдыңғы екі аяғын алдыңғы жағынан байлайды. Артқы аяғының жүретін жағынан бекітіп, қалған екі жағының бос ұштарын алдына қарай жібереді, алдыңғы жіптің астынан алады да, артына қарай бұрады жəне жануарды жанынан алып, жығатын жағына қарама-қарсы қарай басып ұстап тартады.
Жабайы шошқа жəне үй шошқалары тістеуі немесе басымен соғуы арқылы адамды жаралауы мүмкін. Сондықтан оларды тұрған бойы жоғарғы тұмсығынан жіппен бекітеді немесе жығады, сосын арнайы үстелге немесе жай баспалдақтарға бекітіп бекемдейді.
Жылқы алдыңғы жəне артқы аяқтарымен тебуі, басымен соғып, тістеп алуы мүмкін. Сол себепті оны жуасыту үшін бұрағыштарды қолданады. Жылқыны арқанмен матайды жəне оны жатқызып байлайды. Жылқының
15
басын ауыздығынан ұстап зерттейді, ал алдыңғы аяғын тексерген кезде, малдың бүйір жағынан тұрады, алғашқыда оның мойнын, содан кейін жауырынын қолмен сипалап жуасытады. Зерттеуші адам арқанмен басын бұрап тартып, қолын оның жауырынына тіреп, мал аяғын көтеріңкіреп бекітеді. Артқы аяғын, бақайдың балтырын зерттеу кезінде, жайлап жануардың сауырын ақырын алақанмен соғып сипалайды. Зерттеуші жылқының құйрық жағында тұрады да, оның аяғын алға жəне сыртқа қайырыңқырап бекемдеп байлап бекітеді.
Бақылау сұрақтары:
Ит жəне мысықпен жұмыс атқару ережелері.
Терісі бағалы аңдарды бекемдеп ұстау.
Ірі ара малдарды бекемдеу əдістері.
3. Патологиялық өзгерістер.
Ұлпаның өсуі, дамуы жəне оның өлуі биологиялық үрдістің бірлігін құрайды. Гипобиотикалық үрдістер мүше мен ұлпа қызметтерінің салғырттануы немесе тіршіліктерінің тоқталуы жəне зат алмасу үрдісінің əлсіреуімен немесе толық өшуімен сипатталады.
Атрофия (сему) ағза, торша көлемінің кішірейіп, қызметінің нашарлауымен немесе мүлдем тоқталуымен сиппаталады. Ол организмнің тіршілігі мен физиологиясына тікелей байланысты. Төл туғаннан кейін жатыр, сүтпен қоректендіруді тоқтатқаннан кейін желін семіп, бастапқы қалпына келеді. Семуді кəріліктен келетін құбылыстан ажырату керек. Патологиялық семудің пайда болуы қолайсыз факторлардың əсер етуіне байланысты. Осы жағынан мына жағдайлар себебінен болатын семудің түрлері бар. Қысымнан пайда болатындар – ісіктердің, ауыздықтың, таңғыш заттардың қысуынан; циркуляторлық – қанның азаюынан; нервогендік – жүйкенің шала салдануы жəне орталық немесе перифериялық түрдегі салдануы əсерінен; функционалдық – функционалдық қосымша жұмыстың жетіспеушілігінен, гормондық - ашығу əсерінен туындайды.
Дистрофия торшалар мен ұлпалардың морфологиялық құрылымы мен қызметінің салғырттануымен, физикалық-химиялық құрамының өзгеруімен сипатталады. Бұл құбылыс торшаларда түрлі немесе, белгілі бір заттардың артық мөлшерде жиналуы немесе олардың азаюымен қатарласа жүреді.
Белоктық дистрофия деп белоктық алмасудың бұзылуын айтады, оның торшалық, торшадан тыс жəне аралас түрлері болуы мүмкін. Торшалықтың ішінен түйіршікті (торшаның органеллалары ісінеді), вакуольді (арықтау кезінде цитоплазмада вакуольдер түзіледі), авитаминоз кезінде гиалинді
тамшылы (инфекция мен улану кезінде тамшылар пайда болады), мүйізді (эпителии торшаларында зат алмасудың бұзылуының нəтижесінде кератин түзіледі) түрлерін ажыратады. Торшадан тыс түрінің ішінен гиалиндік дистрофия (гиалиннің түзілуінен тамыр қабырғалары мен мүшелер
16
стромалары қалыңдап, жабысулар пайда болады); жергілікті – созылмалы қабыну кезінде; жалпы мөлшерден тыс белокпен азықтандыру кезінде амилоидтық дистрофия (амилоидтың шөгуінен мүшелердің көлемі ұлғайып, нығызданады, сынғыш болып келеді). Аралас дистрофияның ішінен пигменттік (ұлпаларда пигменттің шөгуі - өкпеде шаңмен дем алғанда немесе соғылған кезде), кілегейлік (сілекейдің жиналуы – тыныс алу жолдарының катаральді түрінде қабынуы) жəне ас қорыту жолдарындағы несеп қышқылды диатез (жануарлар тектес азықтармен мөлшерден тыс азықтандырудың салдарынан сірілі қабықтарда, буындарда, бүйректерде, ет аралығында несеп қышқылы шөгеді) түрлерін ажыратады. Майлану дистрофиясы май алмасуының бұзылуына байланысты туындайды. Торшалық түрінде торшалардың тіршілік өмірін төмендетуге əкеп соғатын аурулардың салдарынан, уланудан, май басудың əсерінен, əдетте мүлдем кездеспейтін жағдайда (бауыр, бүйрек, ет) ағза торшаларында май жиналады. Торшадан тыс дистрофиялық май басу (мөлшерден артық азықтану кезінде) жəне жүдеу (құнарсыз азықтану кезінде) болып бөлінеді. Көміртектік дистрофия көмірсутегінің сапалық жəне сандық өзгеруімен оның ішінде гликоген мөлшерінің азаюы немесе уланғанымен, ол болмайтын торшаларда пайда болуымен сипатталады. Минералдық дистрофия кальций тұзының мөлшері азайып, сүйектің жұмсаруымен (остеодистрофия) немесе оның əктенуінен, қуысты ағзалардың қуысында жəне без ағзаларының өнім шығаратын түтігінде тастардың пайда болуымен өтеді.
Некроз – тіршілігі жалғасып жатқан организмде торша топтарының, немесе ағза бөлігінің өлуі. Некроздың физиологиялық (терінің жоғарғы бөлігінің өлуі) жəне патологиялық түрлері болады. Құрғақ некроз қатарына туберкулезге, маңқаға тəн сүзбе тəріздес некроз, бұлшық еттің балауыз тəрізді некрозы, аллергиялық ауруларға тəн фибриномды некроз жəне анемиялық инфаркт жатады. Дымқыл некроз кезінде ұлпалар жайылып өлген бөлікке сұйықтық сіңеді; мысалы кеуде қуысында өкпе некрозының пайда болуы; гангрена (құрғақ, дымқыл жəне газды) – микроорганизмдердің əсерінен ұлпалар өледі.
Гипербиотикалық үрдістер мүше көлемінің жəне салмағының ұлғаюымен өтеді. Гипертрофияның нағыз түрі спецификалық элементтердің өсіп ұлғаюы салдарынан, жалған түрлі строманың өсіп ұлғаюынан пайда болады. Физиологиялық гипертрофияға мүше қызметінің күшеюі (буаздық кездегі жатыр, физикалық жұмыс кезіндегі бұлшық еттер) жатады. Патологиялық гипертрофия: шамадан тыс жұмыс атқару кезінде функциялардың күшеюі (аортаның тарылуы кезінде жүректің сол жақ қарыншасы ұлғаяды), орнын басушылық қос мүше функцияларының (қызметінің) жойылуы, гормондық – эндокриндік без қызметінің өзгеруінен пайда болады.
Ұлпалар регенерациясы деп торшалардың өсіп-өнуі жəне көбеюі арқылы ақаулардың қайта орнына келуін айтады. Оның келесі түрлері: физиологиялық – тіршілік өмір бойы жүреді; патологиялық - өлген ұлпаның
17
орнына жаңадан пайда болады; толық (ұлпаға ұқсас); толық емес (ақаудың орнына басқа ұлпа өседі - тыртық) жəне артық өсу (сүйек түйіні) болады. Ісіктің пайда болуы деп организмге патологиялық түрде бағынбайтын, құрылымы жəне құрамы жағынан қалыптыларға ұқсас емес торшалардың өсуін айтады. Қатерсіз ісіктер (жетілген торшалардан тұрады, бастапқыдан аздап өзгеше келеді жəне жай өседі, дəнекер ұлпалармен үйлесіп өсіп кетпейді) жəне қатерлі ісіктер инфильтрациялық түрде тереңдеп еніп өсіп өнеді, төңірегіндегі ұлпаларды зақымдайды, қан немесе лимфа арқылы денеге тарайды, нəтижесінде екінші кезекті ісік ошақтары (метастаздар) пайда болады, кахексия (көтерем) жəне өлім туындайды. Қатерлі ісіктер физикалық (радиация, күн), механикалық (жарақаттар), химиялық (мұнай, алкалоидтар), вирустар, полиэтиологиялық жағдайлар салдарынан пайда болады.
Қан айналымының белгілі бір ағза бөлігінде немесе ұлпада өзгеруін жергілікті қан айналымының бұзылуы деп түсінеміз, бірақ жалпы қан мөлшері организмде өзгермейді. Жергілікті қан айналымының бұзылуы ағзада қанның шамадан тыс мөлшерде жиналуы гиперемия (мол қандылық) түрінде немесе қанмен аз мөлшерде қамтамасыз етілуі анемия түрінде болады.
Артериялық гиперемия қанның ағзаға шамадан тыс мол ағып келуінен болады. Сыртқы белгілері:
1) гиперемия болған бөліктің бірден қызаруы;
2) жай байқағанда ұсақ қан тамырларының (артериол) жəне капиллярлардың кеңеюінің байқалмауы;
3) қан қысымының көбеюінен ұсақ қан тамырларының жиі соғуы; 4) гиперемияланған бөлік қызуының көтерілуі;
5) гиперемияланған бөлік көлемінің ұлғаяды.
Ұлпалардың домбығуы қан тамырларында қысымның жоғарылауы нəтижесінен пайда болады. Бұл кезде қан тамырларының қабырғасы кеңейіп, өткізгіштігі артады жəне сұйықтық ұлпаларға жылдам шыға бастайды. Гиперемияның зияндылығы оның пайда болған орнына, ұзақтығына, қан тамырларының жағдайына жəне гиперемияның сатысына байланысты болады. Орталық жүйке жүйесі мен жүрек гиперемиясының аса қауіптілігі, қан тамырларының зақымдануы себібінен, олардың жыртылып, қанның құйылуына əкеп соғуымен сипатталады.
Веноздық гиперемия – қанның белгілі бір ағзада немесе ұлпадан ағып өтуінің қиындауына байланысты туындайды. Веноздық гиперемияның пайда болуы немесе қанның көк тамырға дұрыс құйылмауына кедергі жасайтын себептер:
1) ұйыған қанмен (тромбоциттермен немесе эмболмен) көк тамырдың бітелуі;
18
2) ісік, өскен ұлпалар, буаз жатыр жəне таңғыштармен көк тамырдың бітелуі;
3) оң жақ жүрек қарыншасы жұмысының салғырттануы əсерінен жүрек қызметінің əлсіреуі. Ірі жəне орта көк тамырларында іркілулердің, ал төменгі бөліктерде ісіктің пайда болуы;
4) көкірек қуысы қысымының көтерілуі (өкпенің созылуы). Қан көк тамырларда кедергілерге кездеседі, соның нəтижесінде дененің төменгі бөліктерінде іркілістер білінеді.
Веноздық гиперемияның белгілері:
1) гемоглобинмен орны толып, гиперемияланған бөлік көкшіл түске боялады;
2) ыстықтың сыртқы ортаға көп бөлуіне (тамырлар кеңейеді) жəне жылылық өнімнің азаюына байланысты бөліктің ыстығы төмендейді; 3) қан тамырларының кеңеюінен жəне транссудаттың бөлінуінен гиперемияланған бөліктің көлемі ұлғаяды.
Веноздық гиперемия ұлпалардың қорегін бұзады, оның айқындалу сатысы мен ұзақтығы əр түрлі болатын əсеріне байланысты болады. Веналық іркілу кезінде мынадай өзгерістер байқалады:
1) транссудация – қан тамырынан сұйық заттар ұлпаларға ағып, соңынан ісіну немесе шеменнің пайда болуы;
2) диапедез – ұсақ қан тамырлары кернеуінен эритроциттер өтеді – қанның өз бетінше ағуы (қан тамырларының қысымы жоғарылап, өткізгіштік күшейеді);
3) стаз – қан айналымының толық тоқтауы, ұсақ тамырлары кеңейіп, олар қанға толады. Қан айналымының тоқталуы ұлпалардың қоректенуін бұзады, тотығу-тотықсыздандыру процесі бұзылып, зат алмасудан қалдық заттар организмге улы əсерін тигізеді, ұлпаларда некробиотикалық процестер жүреді;
4) қан айналымының бұзылуынан ағзаның паренхимасы семеді, дəнекер ұлпаның өсуі мен ағзаның тығыздалуына əкеліп соғады.
Жергілікті қан аздылық (анемия) - кез-келген бір ағзада немесе ұлпада қан мөлшерінің азаюы, қан аздылық көбінесе артериялық қан тамырының тарылуынан немесе оның жолының жабылып қалуынан пайда болады. Жергілікті анемияның белгілері:
1) анемияға ұшыраған ұлпа бозарады, өйткені капиллярлар қанға толмайды жəне мүшенің табиғи бояуы көрінеді (көз, мұрын, ауыз қуыстарында жақсы байқалады);
2) қан мөлшерінің азаюы есебінен анемияға ұшыраған ағзаның көлемі кішірейеді;
3) зат алмасу үрдісінің бəсеңдеуі мен қанның келмеуі салдарынан анемиялық мүшенің ыстығы төмендейді.

Жергілікті қан аздылық мына себептерге байланысты болады:
19
1) бітелген немес тарылған артериялық қан тамыры көлеміне; 2) кернеудің тарылу жылдамдығына (жайлап бітелу кезінде анасто моздардың қан айналымы қайта қалпына келеді);
3) қанмен қамтамасыз етудің əлсіреу ұзақтығына;
4) қанмен қоректенудің бұзылуына, ұлпаның сезімталдығына. Əсіресе өмір сүруге өте қажетті мүшелер қанмен қамтамасыз етілудің бұзылуына өте сезімтал (жүйкелік ұлпа жəне сүйек еті, жүрек) болып келеді. Ұзаққа созылған анемия ұлпалар мен мүшенің жансызданып өлуіне əкеліп соғады.
Коллатеральді қан айналым. Ағзалар мен ұлпаның ірі артериялық қан айналымының көзі бітелгенімен, шеткі бөлік тармақтарында қан орнына келуі мүмкін. Коллартериялық кернеу саны бітелген артерия диаметріне тең келген кезде, қанмен қоректену тез орнына келеді жəне көк тамырлық қан ағу қалыптасады.
Кейбір мүшелерде, бас мида, жүректе, бүйректерде, талақта, өкпеде, көз қарашығында коллатралдар жоқ, сондықтан да бұл мүшелердің қан айналымы бұзылған кезде, некроздар жиі пайда болады.
Инфаркт – ұсақ артериялық кернеуінің бітелуінен белгілі бір бөліктің өліеттенуі, бұл əсіресе ұшты артерияларда кездеседі. Жансызданған бөлік конусқа ұқсайды. Ақ инфаркт – ұлпаларда қанның болмауы – бүйрек, жүрек, бас мида, олар бозғылт түсті болады. Қызыл инфаркт – некрозданған бөліктің қанмен толуы, бірақ қан стаз жағдайында болады жəне зат алмасуды орнына қайта келтіре алмайды. Əдетте инфарктер жайылып сіңеді де, оның орнына тыртық пайда болады.
Қан кету – патологиялық құбылыс, қанның тамыр қуысынан тамырлар дың сыртына шығуы. Қан кетудің сыртқа жəне ішке ағу түрлерін ажыратады. Оның себептері əр түрлі: қан тамырларының механикалық зақымдануы, склероз, жаралар, патологиялық үрдістер, 50%-дық қан кету өліммен аяқталады.
Тромбоз тірі организмде қан тамырлары қуысында қанның ұюы, бұл кезде тромб қан тамырының ішкі қабырғасымен бірігіп орналасады да қан айналымына айтарлықтай кедергі жасайды. Тромб қан элементтерінен, эритроциттерден, ұйыған фибриннен, қан пластикаларынан, лейкоциттерден тұрады.
Тромбтар түр-түсіне, құрылымына қарай ақ, қызыл, ала жəне гиалинді болып бөлінеді.
Тромбтардың пайда болуына қан ағысының баяулауы, қан тамырлары қабырғасының зақымдануы, қан сапасының өзгеруі əсерін тигізеді. Тромбтардың пайда болу себептері:
1) тромбоциттер мен лейкоциттер агглютинациясы;
2) коагуляциясы – ұюы.
20
Тромбтар: ұйымдасу, өзек түзу, петрификация жəне созылуымен анықталады. Тромбтардың зақым келтіруі қан тамырының мөлшеріне, тромбтың көлеміне жəне мүшенің қажеттілігіне байланысты болады. Эмболия - қан мен лимфа тамырлары қан құрамында кездеспейтін бөлшектермен – эмболдармен бітіледі. Эндогенді эмболдар тромбтан бөлінген заттар жəне ұлпа жұлындары, май бөлшектері болуы мүмкін. Экзогенді эмболдар сыртқы ортадан ауа арқылы енетін бактериялар, паразиттер жəне бөгде заттар болуы мүмкін.
Қабыну - əр түрлі себептердің, агенттердің əсерінен туындайтын, ұлпалардың зақымдануына қарсы бағытталған кешенді жергілікті қан тамырлық-мезенхималық реакция.
Қабыну – организмнің қорғаныс реакциясы, бұл патологиялық үрдіс түрінде көбірек кездеседі. Көптеген ауруларда түрлі клиникалық белгілер түрінде байқалады, мысалы, өкпенің, асқазанның қабынуы жəне т.б. Қабынудың себептері: экзогенді жəне эндогенді болады.
Экзогенді қабынуға механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық агенттер жатады.
Эндогенді қабынуға ұлпалардың қан айналымының бұзылуы, зат алмасу құбылысына патологиялық өнімнің əсер беруі, жүйкелік - профилактикалық өзгерістер жатады. Қабыну құбылысының өту жылдамдығы қоздырушы агенттің құрамы, енген жері, ұлпаның ерекшеліктері, организмнің күйі жəне жағдайымен анықталады.
Қабынудың сыртқы белгілері: қызару, ісіну, ыстығы көтерілу, ауырсыну жəне атқаратын қызметінің нашарлауы, бұзылуы.
Қызару тамырлардың кеңеюі жəне оған артериялық қанның келуімен сипатталады. Қабынған бөлік алғашқыда қызарады, ал веналық қанның жинақталуынан көгереді. Қабынған бөлікте ісінудің пайда болуы қан тамырларының кеңейіп, ұлпа аралық кеңістіктерде экссудат пен лейкоцит
тердің жиналып қалуына жəне олардың көбеюіне байланысты. Қабынған бөліктің ыстығының көтерілуі, зат алмасудың күшеюі артериялық қанның келуіне байланысты өтеді. Жүйке ұштарына экссудаттың механикалық қысым көрсету əсері мен оларды улы өнімдерімен қоздырудан ауырсыну пайда болады.
Жұмыс қабілетінің бұзылуы – қоректену қызметінің нашарлауы жəне қабынған бөлікте зат алмасудың бұзылуы əсерлерінен пайда болады. Қабынудың барлығы өзара байланысты жəне олар негізгі 3 өзгерістермен сипатталады: ұлпалық дистрофия (альтерация), қан айналымының бұзылуы жəне пролиферация (ағза элементтерінің көбеюі).
Түрлі қабыну кезінде аталған кезеңдер басым болуы мүмкін: ұлпаның бұзылу құбылысы анық көрінсе, қабынуды альтерациялық, тамырлардың реакциясы басым болса – экссудациялық, ал ұлпалардың жайылып кетуі – пролиферациялық деп аталады.
21
Дистрофия – қоректену мен зат алмасу бұзылып, торшалық элементтер қайта туындайды жəне клетка аралық кеңістікте талшықтардың ісінуі байқалады. Қатты зақымданған (күйіктер) кезде некроздық үрдістер басым келеді. Қабыну ошағы орталығының зат алмасуы төмендейді, зат алмасудың жан-жағында „өрт сияқты алмасу” жоғары болады.
Қан тамырларының реакциясы қабыну кезінде қан тамырларының кеңеюі, қанның көп келіп құйылуы жəне артериялық гиперемиямен сипатталады.
Зат алмасудың шала тотыққан өнімдері: альбумоздар, пептондар, гистамин жəне ацетилхолин қан тамырларының кеңеюіне əсерін тигізеді. Бірақ көк тамырлар кеңеймейді, аздап тарылады, қанның іркілуі жəне веноздық гиперемия байқалады. Ағуы бəсеңдеген қанда қан элементтерін бөлу жүреді: лейкоциттер қан тамырларының қабырғасына ауысып, оның шетіне қарай жабысады.
Қанның сұйық бөлігі мен лейкоциттер ұлпаға шығады, бұл процесс экссудация деп аталады. Оның себебі - қан тамырлары қабырғасының жоғарғы өткізгіштігі. Экссудат құрамында көп мөлшерде белоктар, альбуминдер, глобулиндер кездеседі. Лейкоциттер эмиграциясы – жабысқан лейкоциттердің жалған аяқтарымен қан тамырларының қабырғасын тесіп өтеді, ал қан тамырлардан тысқары қалған лейкоциттер жалған аяқтарымен қабынған бөліктің ортасына жылжиды, олар бактерияларға, бөгде заттарға, өлген торша элементтеріне фагоцитаралық белсенділік көрсетеді.
Қан тамырларынан шыққан лейкоциттердің бактерияларды қорытатын бөлігі ферменттерді бөле отырып, бірталайы өледі, басқа бөлігі пролифера циялық процестерге қатысады, ал үшінші бөлігі қан ағымымен қан өзегіне қайта түседі де иммунитеттің қалыптасуына қатысады. Лейкоциттердің эммиграциясы хемотаксис өзгерісінен жəне қабыну кезінде түзілетін химиялық заттардан туындайды.
Қабыну мына төмендегідей болып жіктеледі:
Альтерациялық қабыну – зақымданған ұлпаларда дистрофиялық, некроз дық, əлсіз экссудациялық жəне пролиферациялық өзгерістердің болуымен сипатталады. Мұндай қабынулар мида, жүректе, бауырда анық байқалады. Экссудациялық қабыну – зақымдану ошағында қан тамырлық өзгерістер дің (гиперемия, лейкоциттердің эмиграциясы, экссудация) басымдылығымен сипатталады.
Сарысулы қабыну – қабыну ошағында құрамында 3-5 % протеин (альбу лин, глобулин) бар, ұйымайтын су сияқты сұйық экссудаттың жиналуымен сипатталады. Сарысулы қабынудың мынадай түрлері: сарысулы қабынып
домбығу, сарысулы қабынып шемендену жəне күлдіреп қабыну болады. Гемморагиялық (қанталап) қабыну майда қан тамырлардың қабырға сының өте ауыр зақымдануымен жəне экссудат құрамында эритроциттердің мол болуымен сипатталады.
22
Фибринді қабыну – құрамында фибриноген протеині мол экссудаттың түзіліп, оның ұлпаларға (əдетте кілегейлі жəне ылғалды қабықтарға) торлы талшықты ақшыл-сары қойыртпақ фибрин түрінде шөгумен сипатталады. Іріңді қабыну – экссудат құрамында лейкоциттердің молдығымен жəне ұлпаларда іріңмен толы қуыстардың пайда болуымен сипатталады. Іріңді экссудат (яғни ірің), сарысудан, көпшілігі дистрофияға ұшыраған лейкоциттерден (іріңді денешіктер) жəне ұлпа үгіндісінен (ұлпалық детрит) тұрады.
Бақылау сұрақтары:
Патологиялық өзгерістердің даму себептері.
Атрофия, белоктық дистрофия, некроз, ісіктің пайда болуы. Артериялық гиперемия.
Веноздық гиперемия.
Жергілікті қан аздылық.
Коллатеральді қан айналым.
Инфаркт.
Тромбоз. Эмболия.
Қабыну туралы жалпы түсінік.
Қабынудың негізгі белгілері мен себептері.
Қабынудың жіктелуі.
4. Клиникалық диагностика
Диагностика – аурулардың белгілерін, олардың диагнозын, болжамын анықтайтын, емдік жəне профилактикалық шараларды ұйымдастырудың əдістері мен жолдарын зерттейтін ғылым.
Аурудың белгілері – ағзалар мен жүйелердегі өзгерістердің функцио налдық жəне морфологиялық кешені.
Жалпы белгілері – көптеген ауруларда туындайтын белгілер: тыныс алу мен қан тамыры соғуының жиілігі, дене қызуы көтерілуі, ауырсынуы, тəбет бұзылуы, өнімділігінің төмендеуі.
Жергілікті белгілері белгілі бір ағзада туындайды: бронхитте өкпенің сырылы, соғып алғанда ісіктің жəне қан кернеуінің пайда болуы. Диагноз – кешенді тексеру нəтижесінде белгіленетін (анықталатын) ауру туралы қысқаша қорытынды. Диагноз қою арқылы негізгі ауруды даралайды жəне қосарласа жүретін ауруларды да анықтауға болады.
Прогноз (болжау) – барлық көрсеткіштерді қолдана отырып жəне аурудың ауыртпалығын ескеріп, белгілердің ауыр, жеңіл екендігін қорытындылап, аурудың алдына болжау жасайды. Болжау жақсы аяқталатын (благоприятный), күдікті, байқаулы жəне ақыры нашар (неблагоприятный) болып бөлінеді.
23
4.1. Малдарды зерттеудің клиникалық жолдары
Жалпы зерттеулер:
Көріп тексеру – жеке ауру малды немесе малдар тобын зерттеудің негізгі клиникалық əдісі. Көруді мал тыныққанда, азық беру кезінде, су ішкенде, жайылымда жайылып жүргенде, серуендеу кезінде малдың мінез құлқындағы өзгерістерді жəне ауру белгілерін байқауға болады. Жаппай тексеру кезінде ауру мал табыннан қалып қояды, азықты нашар жейді, қоңдылығы төмен болады. Малды жеке тексерген кезде ең бірінші басын, мойнын, көкірек тұсын, құрсақ бөлігін, аяқтарын белгілі тəртіп бойынша зерттеп қарайды.
Сипау əдісі мүше немесе ағза жағдайын, пішінін, көлемін, консистен циясын, қозғалғыштығын, беткей сипатын, сезімталдығын, ауырсынуын, ылғалдылығын, қызуын жəне т.б. қасиеттерін саусақ көмегімен анықтайды. Сипауды саусақ ұштарымен, алақанмен, кейде жұдырықпен жүргізеді. Сипау арқылы тері беткейін, тамыр соғуын зерттейді.
Беткейлік тікелей сипау – теріні, тереңдете – тері астындағы, еттер арасындағы, шандырлар жəне ішкі мүшелердегі өзгерістерді анықтайды. Бұл кезде саусақтарға қысым күші басым болады. Қозғалыс тəрізді – ішкі мүшелерді табуға жəне оның ауырсынуын байқайды. Ішкі өзгерістерді тік ішек арқылы зерттейді.
Перкуссия – ішкі ағзаларды физикалық əдіспен дене беткейлі ырғақты түрде арнайы балғашық немесе саусақпен нұқып соғу. Бұл əдіс əр түрлі тығыздықтағы денелердің резонанстық жəне дыбысты шығару негізіне сүйеніп қолданылады. Ауасыз жəне газы жоқ мүшелер (ет, май, сұйықтық) қысқа, төмен, жай, шала естілетін дыбыс шығарады. Газы бар ағзалар (қарын, соқыр ішек) қатты, барабан сияқты немесе тимпаниялық дыбыс шығарады.

Кесте. Əртүрлі жануарлардың дене қызуының қалыпты жағдайда ауытқу мөлшерлері

Малдың түрі

Қызуы

Малдың түрі

Қызуы

Ірі қара

37,5-39,5

Қоян

38,5-39,5

Қой мен ешкі

38,5-40,0

Түлкі

38,7-40,5

Шошқа

38,0-40,0

Күзен

39,5-40,5

Жылқы

37,5-38,5

Көк түлкі

39,1-41,4

Есек

37,5-38,5

Ит

37,5-39,0

Мул

38,0-39,0

Тауық

40,5-42,0

Солтүстік бұғы

36,0-38,5

Қаз

40,0-41,0

Түйе

36,0-38,5

Үйрек

41,0-43,0


Аускультация – тыңдау, негізгі зерттеу əдістерінің бірі. Бұл əдіс көмегімен жүрек жұмысын, тыныс алу мүшелерін, ішек жəне бронхтардағы сырылды, дыбыстарды жəне кеуде қуысындағы өзгерістерді анықтайды.
24
Термометрия – дене қызуын өлшеу. Дене қызуын мал тыныққаннан кейін, азықтандыру немесе суару алдында өлшейді. Термометр 5-10 минутқа тік ішекке қойылады. Дене қызуының көтерілуі індет жəне паразитарлық ауруларда байқалады. Дене қызуының төмендеуі мал уланған кезде, туу парезінде, кəрі жəне арық малдарда байқалады.
Арнайы зерттеу əдістеріне артериялық қан қысымын анықтау, электрокардиография, руминография, рентгенография, флюорография, асқазанға зонд енгізу, катетеризация, серологиялық жəне аллергиялық зерттеулер жатады. Лабораториялық зерттеу əдістерімен қан, несеп, сүт, нəжіс, қарын жыны, ауыздан, танаудан бөлінген сұйықтар мен кілегейлі заттар жəне өлекседен алынған материалдар зерттеледі.
4.2.Малды клиникалық зерттеудің тəртібі
1. Малмен алдын ала танысу:
а) малды журналға жазу немесе тіркеу;
б) анамнез.
2. Өзіндік зерттеулер:
а) жалпы зерттеулер: малдың габитусын (сыртқы пішінін) анықтау, кілегей қабықтарын, тері жəне тері асты қабықтарын, лимфа бездерін зерттеу жəне термометрия жүргізу;
б) ағзалар мен жүйелер: жүрек, қан-тамыр, тыныс алу, ас-қорыту, несеп жыныс, жүйке, тірек-қимыл жүйелерін зерттеу.
Журналда жануардың түрін, жынысын, жасын, түсін, атын, рет санын, тегін, қойылған диагнозын жəне берілген емін атап жазады. Анамнез – ауру мал туралы сұрастыру арқылы алынған кешенді мəліметтер. Тіршілік анамнезіне жататындар: қайда жəне қалай бағып күтілетіндігі, азықтандыру ерекшеліктері, малды пайдалану жағдайы, бұрын ауырғаны немесе ауырмағаны туралы мəліметтер. Ауру анамнезіне мына мəліметтер жатады: аурудың пайда болу кезеңі, себептері мен жағдайлары, клиникалық белгілері жəне тексеру кезінде аурудың байқалған белгілері (мысалы, тартылу,эпилепсия, құсу сияқты белгілер), жануарды емдегені туралы, қолданған препараттар туралы анықтамалар.
Малды зерттеу жұмысын көруден бастайды. Оның қоңдылығына, бітіміне, темпераментіне, мінез-құлқына, тұрысына, дене қимылына көңіл бөледі.
Бақылау сұрақтары:
Клиникалық диагностика ғылымы.
Малдарды зерттеудің клиникалық жолдарының əдістері.
Малды клиникалық зерттеудің тəртібі
25
5. Фармакология
Фармакология – жануарды аурудан сақтандыру жəне емдеу үшін қолда натын дəрілік заттар туралы ғылым.
Дəрілердің əсер ету жолдары:
1. Жергілікті əсері – дəрілердің ұлпалармен жанасу аймағында, жүйке талшықтары қозуының нəтижесінде, бірақ рефлекторлық түрде өтетін өзгеріс.
2. Рефлекторлық əсері – дəрілердің рефлекторлық аймаққа əсер етуі (апоморфин құсу орталығына əсер ете отырып, құсықты шығарады). 3. Резорбтивтік əсері – дəрілік заттар қанға сіңгеннен кейін туындайды. Ішкі ағзалардың рецепторларын тітіркендіре отырып əсер етеді (жүрек тамырларына арналған, есірткі заттар жəне т.б.)
Дəрілік заттардың əсерлік механизмі олардың жүйке талшықтарына, ферменттер мен торшаларға биологиялық, химиялық жəне физикалық əсер етуіне байланысты:
1. Биологиялық əсер - ферменттердің, рецепторлардың, витаминдердің, фагоцитоздың жəне т.б. əлсіреуі немесе белсенділік көрсетуі. 2. Химиялық əсер - рН ортаның өзгеруі, тотығуы, денедегі судың азаюы (дегидратация), белоктың тұнуы немесе ұюы (қышқыл, сілті, ауыр металдардың тұзын қолданған кезде).
3. Физикалық əсер торшалар мен мүшелердегі иондық тепе-теңдікпен, осматикалық қысыммен, жарғақшаның өткізгіштігімен жəне т.б. өзгерістер мен байланысты болады.
Дəрілік заттар функцияларды қоздырады (күшейтеді) немесе қажытады (əлсіретеді).
Дəрілік заттардың қоздыру əсерлігі функциялардың орнына қайта келіп, физиологиялық деңгейге көтерілуіне, қуаттануына немесе қатты қозуына əкеп соғады:
1. Əлсіреген организм қызметін физиологиялық деңгейге көтерумен сипатталады, мысалы жүрек қызметінің функциялары төмендеген кезде кофеин, камфора қолданады, асқазан қарыншасы атония-сын жоюға чемерица береді. Əлсіреген организм қызметін
2. Қуаттандыру – организмнің қызметін орташа физиологиялық көрсет кіштерге дейін көтереді, мысалы жануарлардың өсуін жəне дамуын, бездердің секреция бөліп шығаруын, ұлпалардың қайтадан орнына келуін жоғарылатады.
3. Қатты қоздыру – функцияларды физиологиялық деңгейден жоғары көтереді, бұл кезде ұлпаларда патологиялық өзгерістер өтеді, ал айтарлықтай қатты қыздыру əсерінен некроз немесе өлім туындайды (камфора, ішімдік).
4. Қажыту – бастапқы жағдаймен салыстырғанда жыныс қызметін əлсіретумен сипатталады:
1) физиологиялық деңгейге дейін əлсіретеді;
26
2) физиологиялық қалыпты жағдайын төмендетеді;
3) қызметін толық жояды. Мысалы, нейролептикалық есеңгіреткіш дəрілер орталық жүйке жүйесіне əсер ету арқылы оның функциясын жояды.
Дəрілік заттардың əсерлік түрлері.
1. Таңдаулы əсері – белгілі ағза, ұлпа немесе биохимиялық құбылысқа əсерін тигізеді: есеңгіреткіштер – орталық жүйке жүйесіне, жергілікті ауруды сездірмейтіндер – сезімтал жүйке талшықтарына, жүректің дəрілері – жүйке ге ғана əсер береді.
2. Жалпы əсері – барлық ұлпалар мен мүшелерде туындайтын өзгерістер (биоқуаттандырғыштар, витаминдер), олар екі бағытта əсер етеді. а) Тікелей əсері алғашқы реакция түрінде байқалады.
б) Қосалқы əсері – дəрілердің тікелей жанасуына байланысты емес мүшелердегі өзгеріс.
Дəрілік заттардың басты əсері, оның ең көрнекті тиімділігіне байланысты болады.
Дəрілік заттардың жағымсыздығы – организмге пайдасы жоқ өзгерістермен (наркоз-басты, жүректің тоқтауы-жағымсыздық көрсетеді) сиппаталады.
Этиотропты – ауру қоздырушы факторларына əсер етеді (антибиотиктер ауру қоздырушыларына, паразиттерге қарсы препараттар-паразиттерге, витаминдер-витамин жетіспеушілікте). Патогенетикалық – организмнің қорғаныс реакциясын жоғарылатады (мысалы новокаиндік блокада, нейролептикалық препараттар жүйке-гуморальдік жəне эндокриндік реттеу, зат алмасу, биохимиялық процестерін қалпына келтіреді).
Бір мезгілде қолданылған дəрілік заттардың əсері:
1. Синегризм – дəрілік заттардың бір бағыттағы əсерлері, сондықтан да бір мезгілде қолданылған кезде, олардың тиімділігі жоғарылайды (ішімдік+хлоралгидрат=наркоз, сульфадиметоксин+триметоприм=бисептол).
2. Антагонизм – бір мезгілде қолданылған дəрілік заттардың қарама қарсы əсері. Физикалық антагонизм – бір дəрі екіншінің сіңіуіне кедергі болады, химиялық антогонизм – сілтілер қышқылдарды бейтараптайды, биологиялық – біреуі қоздырады, екіншісі əлсіретеді (атропин, кофеин қоздырады, димедрол - тыныштандырады).
Дəрілік заттарды қайта енгізу.
1. Кумуляция (дəрі əсерінің организмде жинақталуы): материалдық - дəрілік заттардың жайлап бұзылуы кезінде, функциональдық – дəрілік заттардың тез бөлінуі, бірақ біртіндеп орнына келетін өзгерістер өтеді. 2. Үйреншікті болуы – дəрілік затты екінші рет енгізген кезде, оның əсері төмендейді (организм есеңгіреткішке үйренеді, атропинді қолданғанда организм оны бұзатын ферменттер өндіреді, микробтар антибиотиктерге үйренеді).
27
Дəрілік заттарды организмге енгізу жолдары: ішуге, тері астына, бұлшық етке, тамырға, тік ішек, тыныс мүшелері арқылы, кеуде жəне құрсақ қуыстарына жібереді.
Дəрілік заттарды ішу кезінде, əсіресе аш қарынға берілсе олар біріншіден асқазан сөлімен өзара əсерлесерді, сіңуі де мүмкін; немесе ішекке өтеді де, сол жерде ферменттермен əсерлеседі жəне сіңеді; дəрі 0,3-2 сағаттан кейін қанға өтеді. Парентеральді жолмен енгізілген дəрі, өзгермеген күйінде бірден қанға түседі.
Дəрілерді дозалау (мөлшерлеу). Дəрілік заттардың емдік, профилактикалық, уландыратын жəне өлтіретін дозаларын ажыратады. Дозаларды салмақтық, көлемдік жəне биологиялық бірлікте білдіреді. Дозалар бір рет қабылдауға арналған тəуліктік жəне курстық болады. Енгізу жолдарына қарай белгіленген дозалар: ішуге-1, тері астына 1/2- 1/3, тамырға 1/3-1/4, артерияға 1/3-1/4, тік ішекке 11/2-2.
Жануарлардың түріне жəне оның тірі салмағына байланысты дозалар: 500 кг жылқыға-1; 400 кг ірі қараға-1-1/2; 60 кг ұсақ малдарға -1/5-1/6; 60 кг шошқаға 1/5-1/8; 2 кг тауыққа-1/20-1/40.
Қара малдың (сиырдың) жасына байланысты дозалар: 3-8 жасқа-1; 10-15 жылғы-1; 4-8 айлықтарға-1/8; 1-4 айлықтағыларға-1/6.
5.1. Дəрілік заттардың негізгі түрлері
Жаңа бағыттағы биофармацевтикалық ұғымға сəйкес препараттардың дəрілік түрі деп - фармакокинетикалық көзқарастан алғанда, рационалды, пайдалануға ыңғайлы, орташа терапевтік əсерлілігін қамтамасыз ететін препараттың түрін айтады. Дəрілік заттардың сұйық, жұмсақ, қатты жəне газ тəріздес түрлерін ажыратады.
Дəрілердің сұйық түрлері. Ертінділер тобі кеңінен тараған, оған: сулы, спиртті, глицеринді, майлы сонымен қатар синтетикалық еріткіштегі дəрілік заттардың ертінділері жатады. Ертінділердің арнайы маңыздылығы, олардың тез сіңуінде, пайдалануға ыңғайлылығында, дəл мөлшерлілігі жəне мөлшерлеуге қолайлығында, препараттың қоздырғыш əсерінің аздығында болып саналады. Кемшіліктері – тұрақтылығының кемуінде, дайындау жолының қиындығы мен препараттарды тұрақтандыруында, көлемінің үлкендігінде, сонымен қатар арнайы ыдыстарды қолдануды қажет етеді.
Суспензиялар – сұйық ортадағы қатты дəрілік заттардың жұқа қосындысынан тұратын сұйық дəрінің түрі.
Эмульсиялар – өзара араластыруға болмайтын сұйық құрамды, ерекше технологиялық əдістердің жəне арнайы қосалқы заттың - эмульгатордың көмегімен тұрақты сұйық жүйе түзетін сұйық дəрінің түрі. Тұнба мен қайнатпа – дəрілік өсімдік шикізатынан алынатын сулы сорғы немесе осы мақсатта дайындалған экстрактардың (сығындылардың) сулы ертінділері.
28
Тамшы – құрамында дəрілік зат өте жоғары концентрацияда болатын сұйық дəрінің түрі (ертінді, суспензия, эмульсия).
Линименттер – дене қызуында еритін жəне теріге жағуға арналған қоюланған сұйықтық.
Қоймалжың сұйықтық – еріткіш буланғаннан кейін, тері үстіне эластикалық қабықша түзіледі.
Жұмсақ дəрілердің түрлері. Майлар – жұмсақ консистенциялы, сыртқа пайдалануға арналған дəрінің түрі.
Майлардың гомогенді (қосындылар, ертінділер) жəне гетерогенді (суспензиялық, эмульсиялық, араласқан түрдегі) түрлері болады. Құрамында (25 % жоғары) ұнтақ тəрізді заттардан тұратын майларды паста деп атайды.
Суппозитор – қатты бөлігі үй температурасында балқитын жəне дене қызуында еритін мөлшерленген (дозаланған) дəрінің түрі.
Пластырь – сыртқа арналған, жұмсаруға жəне қалыпты дене қызуында теріге жабысуға қабілетті дəрінің түрі.
Пилюла – бірқалыпты майысқыш массадан əзірленген, 0,1-0,5 г домалақ салмақты, мөлшерленген дəрі түрі.
Қатты дəрілердің түрлері. Таблеткалар – престеу жəне медикаменттерді қалыптау арқылы алынған дəрінің дозаланған қатты түрі. Аса ірі таблеткаларды брикеттер деп атайды.
Таблеткалардың топтары:
1. Дезинфекциялық ерітінділер дайындауға пайдаланылатын таблет калар.
2. Инъекция дайындауға қолданылатын таблеткалар.
3. Имплантация үшін қолданылатын таблеткалар.
4. Ішуге арналған таблеткалар, асқазан, ішек жолдарын босататын дəрілік заттар.
5. Дəрілік заттардың ертінділерін дайындауға арналған көпіршіктенетін таблеткалар (ингаляция жасауға, педиатрия саласында жəне т.б. пайдаланылады).
6. Тіл астына салатын таблеткалар.
7. Тəтті таблеткалар (педиатрияда қолданылады).
8. Ертінділерін шаюға жəне бүркуге қолданылатын таблеткалар. 9. Престелген уретральді жəне қынапқа арналған таблеткалар. Драже – ішуге арналған, дозаланған қатты дəрінің түрі, дəрілік жəне қосалқы заттарды бірнеше қайтара, қант түйіршіктеріне қабаттастандыру арқылы алынады.
Ұнтақтар – бір немесе бірнеше майдаланған заттардан тұратын, шашырау қасиеті бар, ішке қабылдауға жəне себінді ретінде сыртқа қолдануға арналған қатты дəрілік заттың түрі.
Жиынтықтар – кесілген немесе ірілеу болып майдаланған өсімдік тектес дəрілік заттардың (қатты əсер беретін өсімдіктерден басқа) бірнеше түрінің
29
қоспасын айтады, кейде бұл қоспаға тұз немесе эфир майлары қосылады. Дəрілердің газ тəріздес түрлері.
Кеңінен тараған түрі аэрозольдер, оларда дəрілік заттар пропелентті дисперсияланған түрде болады.
5.2. Антисептикалық заттардың түрлері
Ветеринариялық практика жүзінде, дəрілік заттар химиялық табиғатына, əсерлігіне жəне практикалық қолдануына байланысты мына топтарға бөлінеді: дезинфекциялық жəне паразиттерге қарсы, тітіркендіргіш, жұмсарт қыш, ас қорытуды жақсартатын, іш жүргізгіш, қақырық түсіретін, жүрекке арналған, жалпы сергітетін, ұйқы келтіретін, есеңгіреткіш, жансыздандыратын жəне т.б.
Микробтарға жəне паразиттерге қарсы дəрі-дəрмектер.Ауру қоздырушыларының табиғатына байланысты, микробқа жəне паразитке қарсы дəрілік заттар болып бөлінеді. Паразиттерге қарсы қолданатын препараттарды антигельминттер (гельминттерге қарсы), аккарацидтер (кенелерді жояды), инсектицидтер (жəндіктерді жояды), химиотерапиялық (қарапайымдыларды жояды) деп бөледі.
Микробтарға қарсы қолданатын дəрілік заттар бактериолитикалық (өлтіреді немесе микробтарды ерітеді), бактериостатикалық (əлсіретеді немесе микробтардың өсуін тежейді) болып бөлінеді.
Организмнің ішінде микроорганизмдерді сол орнында жоюға арналған дəрі-дəрмектерді химиотерапиялық деп атайды, олардың белсенділігі жоғары, улы əсері төмен болып келеді.
Мүшенің сыртқы бетіндегі микроорганизмдерді жергілікті орнында жоюға арналған дəрі-дəрмектерді антисептикалық деп атайды. Олар малдың организміне түскенде улы, бірақ жергілікті қолданған кезде əлсіз қоздырғыштық əсер көрсетеді.
Сыртқы ортадағы микроорганизмдерді жоюға арналған дəрі-дəрмектерді дезинфекциялық деп атайды. Бұл дəрі-дəрмектер мал шаруашылық қораларын, топырақты, су көздерін, нəжістерді, құрал-саймандарды, малды күтуге пайдаланған құралдарды зарарсыздандыруға пайдаланылады.
Микробтарға қарсы қолданылатын заттардың əсер ету механизмі, олардың химиялық табиғатына байланысты болады.
Формальдегид тобының препараттары (формальдегид, формалин, лизоформ жəне т.б.) ылғалды ортада жəне 100С жоғарғы қызуда микробтарға қарсы жоғарғы əсерлілік көрсетеді. Əсер ету механізмі - ақзаттық қосындылардан оттегіні ажыратып алады жəне ақзатты ұйытады. Микроорганизмдердің вегетативті жəне споралы түрлеріне, саңырауқұлақтар мен вирустарға қарсы қолданған тиімділік көрсетеді. Олардың сулы ерітінділермен жəне аэрозольдермен қораларды, киімдерді параформалинді камераларда дезинфекциялайды.
30
Фенол тобының препараттары (фенол немесе карбол қышқылы, крезол, лизол, креолин, қарамай) майда жақсы ериді, хитинді қабат жəне микробтардың майлы липидті қабықшасы арқылы тез өтеді, сіңу, бөлу процестерін бұзады, белоктарды ұйытады, фермент жүйесін тежейді. Микробтарға қарсы əсерін көтеру үшін күкірт қышқылымен қосынды түрінде дайындайды: қышқыл-карбол қосындысы - күкірт қышқылының 1 бөлігін фенолдың 3 бөлігіне қосады, осы қосындының 5-10 % ерітінділері топалаң жəне басқа да спора түзетін ауруларда қолданылады. Фенол препараттарының барлығында жағымсыз иіс болады.
Хлор препараттары (гипохлорлы қаныққан хлорлы əк, хлорлы Б), құрамындағы белсенді хлор, қышқылды ортада сумен араласады да, белсенді оттегіні бөле отырып, хлорлы сутекті қышқыл түзеді. Бөлінген зат бактерицидтік құрамды. Спора түзетін ауруларда қолданған тиімділік көрсетеді. Сырланған заттарды, теріден, матадан, металлдан жасалған заттарды күйдіріп ойып жібереді.
Хлорлы сутекті (тұзды) қышқыл, күкірт жəне сірке қышқылдары көбінесе дезинфекция үшін басқа заттармен қосынды түрінде қолданылады. 1-2 % тұзды қышқылы 10 %-хлорид натрий ерітіндісімен пикеля құрамына кіреді, олармен топалаңмен ауырған жануарлар терісін өңдейді. Қосынды
лардың бактерицидтік əсері сутегі иондарымен байланысты болады. Қышқылдар торшалардан суды бөліп алады, сілтіні байтараптайды, ақ затты ұйытады.
Сілтілер (натрий гидрототығы (күйдіргіш натрий), калий гидрототығы (күйдіргіш калий), кальций гидрототығы (сөндірілген əк), карбонатты натрий, калий карбонаты, натрий гидрокарбонаты, натрий тетрабораты (бура), магний окисі (күйдірілген магнезия) дезинфекциялау жəне емдеу үшін кеңінен қолданылады. Сілтілердің гидроксильді тобы майларды сабындандырып, қабатын ойып жеу арқылы микробтарға əсер етеді.
Оттегі бөлетін заттар (сутегі асқын тотығы, калий перманганаты) белсенді атомарлық оттегісімен микробтарға əсер етіп, бактерицидті, бактериостатикалық, ашуға қарсы, шіруге қарсы əсер көрсетеді. Оларды жараларды, ойық жараларды, күйікті емдеуге қолданады. Фосфор, морфиимен улану кезінде уды қайтару үшін ішеді; сыртқа – жылан, улы жəндіктер шаққан жағдайда жағады.
Тотықтырғыштар. Тəжірибе жүзінде хлор (хлорлы су), йод (спирт ерітіндісіндегі) препараттары қолданылады. Йод препарттары қабыну құбылысының тартылуын тездетеді.
Дəрілік антисептикалық бояуларға жататындар: риванол, бриллиант көгі, паразиттерге қарсы құрамдылар – наганин, трипан көгі, трипафлавин. Антибиотиктер – саңырауқұлақтар, актиномицеттермен жəне басқа да организмдермен өндірілетін, микроорганизмдердің тіршілік өміріне кедергі келтіретін, микробтарға қарсы заттар. Антибиотиктер фермент жүйесін тежейді, торша жарғақшасының өткізу қабілеттілігін өзгертеді, тыныс алуын
31
бұзады, өсіп-өнуіне кедергі жасайды, бірте-бірте жояды. Сонымен қатар антибиотиктер организмге жалпы əсерін тигізеді, мүшелер мен жүйе функцияларының белсенділігін арттырады, қорғаныс функциясын, иммунитетті, зат алмасуды күшейтеді.
Антибиотиктердің ерекшеліктері – теріс немесе басқа микроорганизмдерге жəне олардың топтарына таңдаулы əсер етуі. Пенициллин – грамм оңдарға (коктар, пастереллалар); стрепотомицин – грамм оңдарға жəне туберкулез таяқшасына; левомицитин ішек таяқшалар тобына, сальмонеллаларға (грамм терістерге), рикетсияларға, вирустарға əсер береді. Эритромицин, олеандомицин – граммоңдарға; тетракциклин, ципрофлоксин – ауқымды əсерлі. Нистатин, гризеофульвин – саңырауқұлақтарға əсерлі болып келеді.
Антибиотик терапиясының тиімділігін арттыру үшін емдеуді ерте бастап, жоғарғы дозаларды қолданып жəне емнің толық курсын жүргізеді. Бұл жағдайларды сақтамаған күнде микроорганизмдердің тұрақты түрі даму мүмкін.
Сульфаниламид препарттары (стрептоцид, норсульфазол, сульфадемизин, сульфацил, фталазол, этазол) – сульфанил қышқылының туындылары, бактериостатикалық қасиетті болып келеді, фермент жүйесін тежейді, параминді бензой қышқылының сіңуіне кедергі жасайды. Ескертетін жағдайдың бірі, сульфаниламидтердің ерігіштігі əртүрлі, сондықтан да біреулерін (стрептоцидпен норсульфазолды) организмге сіңіру үшін қолданылады, басқалары (фталазол) ішекте сіңбейді жəне оларды ішек ауруларында қолданады, үшіншілері (сульфадиметоксин) пролонгиялық əсерлі болып келеді.
Нитрофуран туындылары (фурацилин, фуразолидин, фурадонин, фуразол) бактерицидті, саңырауқұлақтарға жəне вирустарға қарсы əсерлі, ашу, іріңді-сасық құбылыстарды болдырмайды. Оларды ішуге, сыртқа, кейде тамыр ішіне енгізу арқылы қолданады. Олар микробтардың тотығу-қалпына келтіру құбылыстарын бұзады жəне оларды өлтіреді.
5.3. Тұтқырлағыш, іш жүргізгіш, сіңіргіш дəрілік заттар
Тітіркендіргіш дəрілер. Терінің жүйке талшықтарын жəне кілегей қабықтарын тітіркендіретін, қан тамырларын кеңейтетін, қан айналуды жəне ұлпалардың қоректенуін жақсартатын емдік əсер көрсетеді. Осы тұрғыда аммиак, скипидар, бұрыш, сары сынаптан тұратын майлар қолданылады.
Қоймалжың жəне іркілдек дəрілер (алтей (жалбызтікен) тамыры, крахмал) ісініп, шырышты қабықта қорғаныс қабатын түзеді. Бұл дəрілер улы заттардың ішекке сіңуінің алдын алады, жарақаттанған ұлпалардың тітіркенуін жəне олардың кебуін болдырмайды, оларды жұмсартады (майлар, вазелин).
32
Тұтқырлағыш дəрілер (танин, таналгин, терек қыртысы қайнатпасы, висьмут дəрілері, аллюминий ашудасы, мыс жəне темір сульфаты) ұлпалардың үстіңгі қабатында белоктың шоғырлануына байланысты ұлпалардың тығыздалуына əсерін тигізеді. Шоғырланған белоктың қабығы қайта тітіркенуіне жол бермейді, ұлпа тереңдігіне микробтардың енуіне жəне өсуіне кедергі жасайды. Тұтқырлағыш заттар қан аққан кезде қанның ұюына жəне тромбтың түзілуіне септігін тигізеді. Ауыз қуысы арқылы берілген кезде, без секрециясын азайтады, қуыс мүшелердің созылып, жиырылуын бəсеңдетеді, іштің қатуы мүмкін. Жоғарғы мөлшерде берілген кезде тітіркендіреді, кейде некроз пайда болады.
Диеталық тағамдар. Сүт қышқылының өнімдері ішектегі қышқылдық ортаны, ондағы микрофлоралардың құрамын қалыпқа келтіреді, ас қорытуды жақсартады.
Ацидофильді сүт антибиотик тəріздес заттарды бөледі, олардың құрамындағы сүт қышқылы жəне витаминдер бактериостатикалық əсерлілік көрсетеді. Тез сіңетін тағам, асқазан-ішек ауруларынан сақтандыру мақсатында беріледі.
Лизоцим – жаңадан алынған жұмыртқаның ақуызында болады. Асқазан ішек ауруларында физиологиялық ерітіндіде (1:5) ерітіп береді. Қоймалжыңға лимон қышқылының ертіндісін немесе 3-5 тамшы формалин қосады.
Жасанды уыз мына жолмен: 1 л жаңа сауылған сүтке, 15 г балық майын, 10 г ас тұзын, 3 жаңадан алынған жұмыртқаны қосып дайындалады. Асқазан-ішек ауруларында қолданылатын шөптер қайнатпасы. Түрлі шөптерден құралатын пішен, ат қымыздық тұқымынан алынған қайнатпа.
Ас қорытуды жақсартатын дəрілер. Тəбетті жақсарту үшін, құрамы қышқыл дəмді (жусан, түймедақ, андыз тамырын жəне т.б.), сонымен қатар тəтті дəмді (қант, тəтті ерітінділер) заттарды береді. Азықтандырудың алдында берілген мұндай заттар сілекей бездерінің, асқазан, ішек секрецияларының рефлекторлы бөлінуін күшейтеді, аштық сезімі пайда болады.
Құрамында ферменттері бар дəрілік заттар астың қорытылуын жақсартады, олардың қатарында мыналар жатады: пепсин, акцидин-пепсин, асқазан сөлі, панкреатин, фестал, панзинарм, энзистал.
Іш жүргізетін дəрілер (натрий сульфаты, магний сульфаты, өсімдік майлары, сабур, ареоколин, карбохолин). Бұл дəрілер ішектің созылып жиырылуын күшейтеді, əрі ішектегі нəжіс қалдықтарын жұмсартады. Костор майы аш ішекті аздап тітіркендіреді, рауғаш (ревень) жəне алоэ ащы ішектің жиырылуына əсер береді. Ареколин, карбахолин дəрілері секрецияның бөлінуін жəне ішектің созылып жиырылуын күшейтеді.
Қақырық түсіретін жəне құстыратын дəрілер (аммоний хлориді, анис тұқымы, қос көмірқышқылды сода, жасанды карловар тұзы, үш күкіртті жəне
33
бес күкіртті сурьма, скипидар) сілекей бездерінің секреция бөлу процесін рефлекторлы түрде күшейтеді, кірпікше эпителий қызметін, тыныс жолдарының жиырылу қызметін белсендендіреді, қақырықтың сұйылып жəне тез бөлініп шығуына себеп болады.
Құстыратын дəрілер (апоморфин, вератрин, ақ жабайы сарымсақ (черемица) тамырының сығындысы) аз мөлшерде қақырық түсіретін əсер көрсетеді, ал жоғары мөлшерде құстырады.
Зəр жүргізетін дəрілер (меркузал, темисал, теофиллин, аю-жидек дəрілері) бүйрек тармағында қан сарысуының (плазманың) сүзгіштігін күшейтеді, ағзалардан судың бөлінуін көбейтеді, оның қатпар өзектеріне қайта сіңуіне кедергі жасайды.
5.4. Жүйке жүйесіне əсер ететін дəрілер.
Тежелу процестерін күшейткіштер. Бром препараттары қозған жүйке жүйесін тыныштандырады. Валериян препараттары қоздыру процестерін қалыптастырады, жүйке жүйесін тыныштандырып жəне қозғалтқыш тамырларын, тыныс орталықтарын қоздырады. Седативті əсерлі дəрілер (димедрол, аминазин) қозғыштық, тырысу, қорқу, ауырсынуды, түйілуді болдырмайды, жүйке жүйесін тыныштандырады. Жалпы əсерлі жансыздандырғыш дəрілер (анальгин) жəне жергілікті əсерлілер (новокаин, дикалин, совокаин) ауырсыну реакцияларын төмендетеді немесе жояды. Наркоз ретінде жүйке жүйені əлсірететін дəрілер (хлоралгидрат, этил спирті, эфир, хлороформ) қолданады. Организмнің сезімталдығын қайта арттыру (десенсибилизациялау) үшін кальций хлорид, натрий тиосульфат, магний сульфат, димедрол дəрілерін аллергияда жəне организмді сенсибилизациялау мақсатында пайдаланады.
Қоздырғыш жəне физиологиялық əсерлі дəрілер. Бас ми қыртысын қоздыру процестерін күшейткіштер: кофеин-бензоат натрий, камфор, стрихнин, кордиамин – жүрек жəне тыныс алу жұмыстарын күшейтеді. Жүрек жұмысын қоздырғыштарға – оймақгүл (наперстянка) препараттары, меруертгүл (ландыш), тарангүл (горицвет) – жүрек еттерінің жиырылу күшін көтереді, жүрек ырғағын баяулатады, диастолалар (жүректің жиырылуының босаған сəті) кезеңін көбейтеді, жүрек қызметін қалыпқа келтіреді.
Дəрілік заттарды сақтау. Жылылықтың əсерінен бұзылатын дəрілер тоңазытқышта сақталады, ұшқыш дəрілер – жақсы тығындалған құтыларда, жарықтың əсерінен ыдырайтындар – қоңыр шыны ыдыстарда сақталады. Йод жəне хлорлы əкті нығыздалып жабылатын ыдыста, темір заттардан алшақ ұстайды. Тез жанғыш дəрілерді – бөлек сақтайды. Қатты əсерлі жəне улы дəрілерді сейфте ұстайды. Жаңадан əкелінген жəне есептегі дəрілерді арнайы есеп кітабында жазылып, рецепт бойынша жіберіледі.
Бақылау сұрақтары:
Дəрілік заттардың əсер ету жолдары.
34
Дəрілік заттардың əсерлік түрлері.
Дəрілік заттарды енгізу жолдары.
Дəрілердің сұйық түрлері.
Жұмсақ дəрілердің түрлері.
Қатты дəрілердің түрлері.
Микробтарға жəне паразиттерге қарсы дəрі-дəрмектер.
Антибиотиктер жəне олардың əсерлері.
Тітіркендіргіш дəрілер.
Тұтқырлағыш дəрілер.
Қақырық түсіретін жəне құстыратын дəрілер
Ас қорытуды жақсартатын дəрілер.
Іш жүргізгіш, сіңіргіш дəрілік заттар.
Жүйке жүйесіне əсер ететін дəрілер.
Дəрілік заттарды сақтау ережелері
6. Хирургиялық аурулар
Патологиялық құбылыстарға механикалық əсер етудің ерекше əдістерін қолданып, ауруларды емдеудің жолын хирургиялық əдіс дейді. Механикалық əсер ету арқылы ретімен жүргізілетін кешенді хирур гиялық операция деп атайды.
Хирургия екі түсінікпен тығыз байланысты.
1. Антисептика – жараны зарарсыздандырудың тəсілі, оның 4 түрін ажыратады:
а) механикалық – алғашқы 1-3 тəулік ішінде жаңа жараны бірінші хирургиялық өңдеу (кесіп тастау);
б) физикалық – жараны ауамен кептіру, резиналық түтікше немесе дəкеден кішкентай кесінділер – дренаждар (түтікшелер) қолдана отырып, дəкемен таңу;
в) химиялық – операция алаңын, хирург қолының терісін, тігу материалын химиялық заттармен зарарсыздандыру;
г) биологиялық – антибиотиктер, вакциналар, спецификалық қан сарысуларын қолдану.
2. Асептика – жараға жақындасатын барлық заттарды физикалық жолдармен зарарсыздандыру арқылы жараны асқынудан сақтандыру тəсілі: олар қайнату жəне жоғары қысыммен автоклавта буландыру арқылы жүргізіледі.
Асептикалық-антисептикалық шараларды қолданудың реті: 1) операция жүргізілетін бөлмені ауа жəне тамшы арқылы берілетін инфекциядан сақтандыру;
2) хирургтің қолын операцияға дайындау;
3) жануарды операцияға жəне операция алаңын дайындау; 4) құралдарды стерильдеу;
35
5) таңуға арналған жəне тігу материалын, қолғапты стерильдеу; 6) жараны іріңдеуден сақтандыру (антибиотиктер қолдану).
6.1.Несеп-жыныс ағзалардың операциялары. Пішу
Пішу - аталық жəне аналық жыныс бездерінің қызметін жасанды түрде толық тоқтату. Оны əр түрлі əдістермен жүзеге асыруға болады. Көбінесе пішу арқылы малдың жыныс бездерін кесіп алып тастайды. Еркек малдарда жыныс бездерінің қанмен қамтамасыз етуін, оның иннервациясын бұзу операциялық тəсілдерін қолдану арқылы жүргізіледі жəне оның құрамы толық немесе жартылай бұзылады. Жыныстық бездердің функциясы радиоактивтілік сəулелендіру, химиялық жəне гормондық дəрілерді қолдану мен иммунологиялық тəсілдер арқылы да тоқтатылуы мүмкін. Малдарды хирургиялық операциямен пішудің шаруашылық маңызы зор.
Пішілген малдың организмінде терең зат алмасу өзгерістері жүреді жəне оның даму барысында морфологиялық ерекшеліктер байқалады. Пішілген мал жақсы бордақыланады, оның еті нəзік жəне сапалы болады, еркек мал жағымсыз иістен тазарады, жүнінің сапасы жақсарады, жұмыс малы шыдамды болып келеді, пішілген сиырдың сүт беру көрсеткіші жоға
рылайды.
Еркек малдың жыныстық бездерін толық алып тастауды орхидектомия (грек. оrсhis - жұмыртқалық, есtome - кесу), ал ұрғашы малдарда - овари эктомия (лат. оvагium - аналық без) деп атайды.
Еркек малдарды пішудің мақсаттары:
1) жұмысқа толық пайдалану;
2) ұрғашы малдармен бірге топтастырып күтіп бағу;
3) асыл тұқымды емес еркек малмен ұрықтандыруды болдырмау; 4) ет сапасын жақсарту;
5) жарықтарды (грыжаларды) жəне қабынған шəует орнын емдеу; 6) жалпы қынап қабығының шеменін емдеу;
7) ең бауының күре тамырларының варикозды кеңейуін емдеу; 8) интравагинальдық жарықтарды, ұмалардың механикалық зақымдан уын емдеу болып табылады.
Көбінесе асыл тұқымды емес жəне жұмысқа пайдаланатын жануар ларды пішуге жібереді. Пішуді көктем жəне күз айларында жүргізеді. Ауру, арық жануарды жəне індеттен сау емес топтағы малды пішуге болмайды. Пішілген малдарды жұмысқа пайдалану жасы:
1,2 - 2 жастағы өгіздер; 3-4 жастағы құнан-дөнендер.
Бордақылау жасы:
10-30 күндік торай-қабандар; 1 айлық еркек-қозылар;
2-3 айлық еркер-бұзауларды бордақылайды, бірақ союға дейінгі жасы 6 айдан кем болмауы керек.
36
Мал шаруашылығында бордақыланған малды пішу, олардан қосымша май, ет жəне жүн алу мақсатында қолданылады.
Сиырдың бордақылануын жақсарту үшін жəне емдеуге жарамсыз бедеулікке соқтыратын аналық бездердің аурулары кезінде, ал шошқаларды бордақылау алдында пішеді.
Мал шаруашылығында пішуді жұқпалы ауруларға қарсы (топалаң, қарасан, шошқаның тілмесі мен обасы жəне т.б.) профилактикалық шаралардың басталуынан немесе аяқталуынан 2 аптадан кейін жоспарлайды. Дəл осылай жоспарлы түрде жұмыс малдарын пішеді.
6.1.1. Еркек малды пішу ерекшеліктері
Анатомиялық-топографиялық деректер. Шаптық канал (саnаlis inguin alis) – сыртқы (тері астындағы) жəне ішкі (құрсақтық) екі шаптық сақинадан тұрады, ол құрсақтың қиғаш бұлшық еттерінен тұрады, құрсақтың вентральдық қабырғасындағы май құйғыш тəрізді саңылау (айғырда ұзындығы 10 - 12 см) орналасқан.
Ең ұзын шап каналы бұқада, ал ең ұзын шап сақинасы айғырда болады. Үй қоянының шаптық каналы кең болады. Шаптық канал ішінде құрсақ пердесінің париенталдық өсіндісі төселіп (көлденең фасциямен жабылған), қынаптық канал (canalis vaginalis) құралады. Ұма шектерінде қынаптық канал кеңейіп жəне жалпы қынаптық қабық қуысына (cavum vaginalis) тікелей өтеді. Қынаптық каналдың шаптық сақиналарға лайықты келетін сыртқы жəне ішкі қынаптық сақиналары болады. Шаптық каналда қынаптық каналдан басқа, сыртқы Семенников көтергіші, сыртқы күре тамырлар, еркек безінің сыртқы жүйке бұтақтары жəне лимфа тамырлары, айғырда кейде қосымша шаптық лимфа түйіндері орналасады (1-сурет).
Еркек бездің қабы – (saccus testiculorum) күйіс қайтаратын жəне тақтұяқты малдарда санының арасында, ал қалған малда артқы тесігіне жақын орналасады. Ол қос қуысты - ұмадан, еркек бездің қос сыртқы көтергіші мен қос жалпы қынаптық қабықтан тұрады (2-сурет).
1. Бұқада ұманың терісі қалың болып келеді, онда тері жəне май бездері орналасады. Орта сызық арқылы ұма тігісі өтеді.
2. Бұлшық ет - серпімді қабық (tunica dartos) терімен тығыз қосылған, оның құрамында бұлшық ет шоқтары көп жəне оның арасында серпімді талшықтар болады. Ортаңғы сызық қалыңдау келеді де, ол ұманы екі қуысқа бөледі. Кəрі қойларда сол қабықтың астында майлы торша дамиды.
3. Ұманың фасциясы (fascia subdartoica) негізінде бұқада жəне қабанда дамыған, жалпы қынаптық қабықпен бос, ал алдыңғы қабықпен берік түрде ұштасқан болады.
4. Жалпы қынаптық қабық (tunica vaginalis communis) ішкі перденің париентальдық жəне көлденең фасциясының өсіндісі болып келеді, ұманың əрбір жартысында төселіп, жалпы қынаптық қабық қуысын құрайды (cavum
37

1-сурет. Жылқының шаптық каналының үлгісі:
А - ішкі түрі; б - сырқы түрі;1, 2 - ішкі жəне сыртқы шаптық сақиналары; n - шаптық буда; кв - ішкі құрсақ қиғаш б.е; пм - түзу құрсақ б.е; кн - сыртқы құрсақ қиғаш б.е. апоневрозы.

vaginalis) жəне құрсақтың қынаптық каналы арқылы құрсақ қуысымен байланысады. Қабықтың латералдық қабырғасында сыртқы еркектік бездің көтергіші (m. cremaster ext.) орналасқан, ол бұқада, айғырда жəне қабанда айқын білінеді. Бұл ішкі қиғаш бұлшық еттің бір бұтағы болып келеді.
Еркектік бездің арнайы қынаптық қабығы (tunica vaginalis propria) еркектік безді, қосалқыны жəне ен бауын жауып тұрады. Ашық пішу тəсілінде оны тіліп кесіп жарады.

2-сурет. Айғырдың жыныс ағзалары (еркектік бездің
қабы екі жағынан ашылған):
1- күпектің тесігі (препуциальдық тесік) 2- 2' - жалпы қынаптық қабығы; 3- 3' - мезорхиум; 4 - 4'- қынаптық буда; 5 - 5' - еркектік без; 6 - қосалқының басы: 7 - қосалқының денесі; 8 - 8'- қосалқының құйрығы; 9 - ұрық өткізгіш; 10-10' - ең баудың тамырлы бөлімі; 11 - еркек бездің будасы.
Еркектік без (testis, didymis, s. оrchis) сыртынан қынаптық арнайы қабықпен жабылған. Арнайы қынаптық қабық белоктық қабықпен тығыз байланыста болады. Ерекектік бездің бас жағынан ішке қарай таралымдар шығады, одан трабекулалар тарайды. Трабекулалар бездік элементтермен
38
толтырылған камераларды құрайды, онда жыныс торшалары спермиялар жəне андрогендік гормон тестостерон өндіріледі. Еркектік бездің басы бұқада жоғары айналған, айғырда алға, қабанда төмен қарай орналасқан болады.
Күйіс қайыратын малда қосалқы (epididymis) еркектік бездің артқы жағына, ал айғыр, қабан, төбет жəне еркек мысықта дорсолатералдық беткейінде орналасқан. Оның басы, денесі жəне құйрығы болады. Қосалқының құйрығынан ұрық өткізгіш басталады, буда арқылы қосалқаның құйрығы еркектік безбен, ал қынаптық будамен - жалпы қынаптық қабық арқылы қосылады.
Ен бауы (funiculus spermaticus) сыртынан құрсақтың висцеральдық бүрмемен жабылған, ол еннің шажырқайына айналып, сол арқылы жалпы қынаптық қабықпен қосылады. Оның құрамында :
а) ішкі тұқымдық артерия (a. Spermatica interna), ол құрсақ аортасынан бөлініп шығады (3-сурет).
3-сурет. Бұқаның еңін қанмен қамтамасыз ету схемасы.
А - Элленбергер жəне Бауммен бойынша қан тамырларының тараулануы: 1- ішкі ен артериясы; 2-ұрық өкізгіштің артериясы; 3 -жамбастық терең артерия; 4 - құрсақ үстіндегі тарау; 5 - сыртқы еннің артериясы; 6 - кіндік артериясы; 7 - несеп шығарғыштың артериясы; 8 - сыртқы жыныс артериясы; Б - В. Мосинша қан тамырларының тараулануы; 1-ұрық өткізгіш; 2-ұрық өткізгіштің артериясы; 3-ішкі ен артериясы; 4-ен бауының конустық тамыры; 5 жəне 6-қосалқының артериялары; 7- ен; 8- қосалқының денесі; 9- қосалқының құйрығы. Қысқышпен қысатын орын: а - дұрыс емес; б- дұрыс.
39
б) ұрық өткізгіштің артериясы (a. Deferentis) кіндік тамырынан бөлініп, ен бауының құрамында ұрық өткізгішпен бірге жүреді. Сыртқы ен артериясы терең жамбастық артерияда немесе құрсақ артериясының тармағынан алыс орналасады. Ол ен бауының құрамына кірмейді, тек сыртқы ен көтергіште жəне ен қабақтарында тармақталып орналасады.
в) еннің ішкі көтергіші - (m. Cremaster internus) тегіс бұлшық ет талшықтарынан құрылады, олар ен бауын бойлай жүріп, белоктық қабықта білінбей орналасады ( ірі мүйізді малда бұндай бұлшық ет жоқ);
г) еннің ішкі өрімі (plexus spermaticus internus, s. hervus spermaticus internus) каудалдық шажырқайдан түйіннің постганглионарлық талшық тарынан құрылады;
д) лимфа тамырлары еннен жəне қосалқыдан басталып (айғырларда) саны 18-ден 38-ге дейін ірі жəне ұсақ діңдер ен бауымен бірлесе кесе, белдің лимфа түйіндеріне ағып құйылады;
е) ұрық өткізгіш (ductus deferens, s. Ductus spermaticus) қосалқы каналының жалғасы болып келіп, оның құйрығынан шығады. Ол ен бауында медианалды жағында орналасады. Қынаптық канал арқылы құрсақ қуысқа кіріп, құйрық мойынның артынан көпіріктік бездің ағысымен қосылып, жан жақтан келіп ұрық құйғыш ағыс құралады. Ұрық өткізгіштің соңғы бөлімі жүзім тəріздес бездері бар ампула тəрізді кеңістікті құрайды. Ен баудың тұқымдық артериясы мен күре тамыры орналасқан көлемі тамырлы бөлімі, ал медиальды жатқан ұрық өткізгіш орналасқан көлемі ұрық өткізгіш бөлімі деп аталады.
Ұманың жүйкеленуі жəне қанмен қамтамасыз етілуі. Ұма жəне ұма көтергіш сыртқы еннің жəне жыныс тамырының бұтақтары арқылы қанмен жабдықталады. Ұма жəне жалпы қынаптық қабық сыртқы тұқымдық, құрсақ-шаптық жəне мықын-құрсақтық жүйке бұтақтарымен, ал ұманың артқы бөлімі шапаралық жүйкемен жабдықталады.
Лимфа тамырлары көп санды ұсақ тамырлардан құрылған, 6 – 8 ірі діңдері ұманың қабырға жақтарынан өтіп, үстіңгі шаптық түйіндерге ағып құйылады.
Пішетін малдың жасы, уақыты, орны жəне оны пішуге даярлау ережесі. Малды кез келген жаста пішуге болады, бірақ өнім беретін малды пішуге қолайлы мезгіл əлі толық анықталмаған.
Түріне, тұқымына, тез жетілуіне, пішу мақсаттары (бордақылау немесе жұмысқа пайдалану) жəне орындалатын операцияның тəсіліне қарай, еркек малды əр түрлі жасында пішуге болады. Жұмысқа пайдаланатын айғырды 5 жастан асқан кезде пішеді, оны шыққан азу тістеріне қарап анықтайды. Бұл уақыттан ерте пішкен малдың еркектік жыныс гормондарының тапшылығына байланысты, олардың денесінің дамуы төмендеп, конституциясы толық жетілмейді жəне кейде ұмалары жалпы қынаптық қабық қуысына түсіп орналаспайды. Есек пен қашырды 3—4 жасында
40
пішуге болады. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында бордақылауға арналған бұқаларды көбінесе пішпейді, себебі олар тез жетіліп 1,5 – 2 жылда 400 кг дейін салмақ жинайды. Республикамыздың солтүстігінде бұқалар кешірек жетіледі, сол себептен оларды кейінірек пішкен дұрыс болады. Тəжірибе деректері мен ауыл шаруашылық мамандардың байқауы бойынша, оларды 6 ай мерзімінде емес, одан кешірек яғни органимзнің толық қалыптасуынына байланысты, 1 жастан асқан кезінде пішу қолайлы болып саналады, сол мерзімде мал бордақыланып, қажетті салмақ қосады. Жұмысқа пайдаланатын бұқаны 1 жылдан кейін операция жасау арқылы пішеді. Ал етке сойылатын малды пішудің қажеті жоқ.
Еркек тоқты жəне лақты 5 - 6 айынан, одан да ересек жастарында пішуге болады. Тек текелерді союға дейін 4 – 5 айдан кешіктірмей, ал қабанды сойғанға дейін 3 – 4 ай қалғанда пішкен дұрыс болады, себебі олардың етіндегі жағымсыз иіс сақталады. Еркек тоқтыны қандай тəсілмен болмасын ерте пішсе, оның жетілуі жəне организмнің ауруға төзімділігі төмен болады. Қабандарды жалпы 1 жылдан асырмай етке сояды. Түйеге 2,5-3 жасында операция жасайды. Бұғыларды 10-12 айында, үй қояндарының 1,5-2,5 айында пішеді.
Ірі малды пішу алдында азықтандырмай, ал операция алдында оның ішегін тазартады. Айғырды операция қарсаңында ішкі шаптық сақинасын ректальды зерттейді; себебі олардың мөлшеріне байланысты пішу тəсілі анықталады. Егер шаптық сақиналарға саусақтың үш ұшын енгізуге болса, онда айғырды жабық тəсілмен пішеді.
Еркек малды пішу əдістерінің жалпы сипаттамасы. Еркек малды пішу тəсілі сан алуан. Бірақ оларды негізгі - қанды жəне қансыз (перкутарлық) деп екі тəсілге біріктіруге болады. Бұл тəсілдерді пайдалану жəне жүзеге асыру операция жасалатын малға, шаруашылықтың жағдайына, ветерина-риялық маманның шеберлігіне, операцияның мақсатына, операция аймағын-дағы патологиялық өзгерістерге жəне қолданылатын құралдардың ерекше-ліктеріне байланысты болады.
Малды қанды əдіспен пішу кең таралған жəне жиі қолданылады; ондайда ашық жəне жабық тəсілдерді қолдану арқылы көбінесе енді жəне қосалқыны толық алып тастайды. Ашық тəсіл кезінде жалпы қынаптың қабын жарып ұманы ашады, оны қосалқысымен бірге алып тастайды. Жабық тəсілде жалпы қынаптық қабықты кеспейді, ен мен қосалқыны, оларды жабатын жалпы қынаптық қабықпен бірге тіліп алады.
Жыныс бездерінің элементтерін жартылай жоюдың негізгі мақсаты – шəуіттің бөліндісін тоқтау жəне еркектік жыныс гормонын өңдіруді сақтау болып табылады. Қанға бөлініп шығатын жыныстық гормон малдың үйлесті дамуы қалыптасады жəне ұрықтандыруға қабілеттілікті тоқтатады. Бұл тəсілді толық пішу əдісі ретінде есептеуге болмайды. Оны көбінде стерилдеу деп атаған дұрыс болады. Олардың ішінде ең көп таралғаны келесі 2 тəсіл:
41
а) еннің тек қана паренхимасын жою (экспрессиялық пішу), оның болбыр ұлпасының негіздері жəне қосалқысы сақталады;
б) еннің қосалқысы құйрықтарының резекциясы - операцияны кейде қой мен өгізшеге жасайды.
Қансыз пішу əдісі немесе перкутарлық пішу – өнімді малға ең көп қолданатын пішудің түрі. Ол негізі екі дербес тəсілден тұрады: ен бауының бүтіндігін перкутарлық бұзу немесе еннің өзін бұзу.
Ен бауының бүтіндігін перкутарлық бұзудың негізі əдістері: а) ен бауының ұма мойыны аумағында, терісінің сыртынан, арнайы қысқыш арқылы перкутарлық əдіспен мыжып жаншу немесе үзу арқылы. Ен бауын мыжып жаншығанда еннің қоректенуі бұзылып, ол кейінен семеді.
б) эластрация – ен бауына икемді етіп резеңке сақина салып қысады, бұл жағдайда ен ұма мен бірге толық некрозға ұшырап денеден бөлінеді. в) жасанды крипторхизм жасау - енді қынаптық канал қуысына итеріп енгізеді жəне ол қайтадан шықпау үшін ұманың төменгі бөлігіне икемдеп сақина салып бекітеді.
6.1.2. Айғырды пішу
Айғырды (есек жəне қашырды) кəдімгі ашық тəсілмен пішеді, яғни жалпы қынаптық қабықты тіледі. Ішкі шап сақиналары үлкейген кезде, периорхит немесе жалпы қынаптық қабық шемені кезінде малды жабық тəсілмен пішеді. Операцияны ашық тəсілмен пішуде малды жатқызады немесе тұрған күйінде орындауға болады.
Айғырды жатқызып пішу. Малды орыс немесе Решетняк тəсілімен жығып, сол жағына жатқызады, артқы оң аяғын қайыс арқанның сақинасына немесе арнайы жылқының мойынына киілген жіпке тартып бекемдейді де операция орнын ашық ұстайды. Қалған аяқтарын біріктіріп байлайды. Жығар алдында малдың ұма аймағын ластамау үшін, құйрық қылдарын бинтпен орап таңып тастайды.
Жансыздандырудың мағынасы зор, əсіресе асау жəне күшті малды жығардан бұрын жəне пішу алдында жансыздандырады. Ол үшін аралас наркоздық əдісті қолданады. Жергілікті жансыздандыру үшін төмендегі тəсілдердің бірін пайдаланады:
1) қолмен ұманы берік қысып ұстап, ұма терісінің түптеріне 5 % йод ерітіндісін жағады. Осы орынға əр ұмаға 10 мл мөлшерінде 4 % новокаин ерітіндісін енгізеді, бұл Л.С. Сапожников бойынша интратестикулярлық жансыздандыру тəсілі (4-сурет);
2) новокаин ерітіндісін қосалқының сыртқа шығып тұрған құй рығының денесіне бағыттап жібереді;
3) ұманы қолмен берік ұстап, инені қосалқының басынан қадап, оны ен бауына қарай 4 см жылжытып, 4 % новокаин ерітіндісінің 10 мл мөлшерін енгізеді (М. В. Плахотин тəсілі);
42
4) ұма мойнындағы ұлпаларды инемен тесіп, ен бауының қалыңдығына сол мөлшерде новокаин ерітіндісін енгізеді (4-сурет).

4-сурет. Инъекциялармен жансыздандырудың екі тəсілі.
Жансыздандыру 5-6 минуттан кейін əсер береді. Егер алдын ала хлоралгидрат берілсе, онда ұманы қосымша жансыздандырудың қажеттілігі жоқ. Хлоралгидрат қолданбаған кезде, тілетін орынды тері астынан 0,5 % новокаин ерітіндісін енгізу арқылы жансыздандырады.
Ашық тəсіл операциясының техникасы. Операцияны бірыңғай жоспар мен əр түрлі пішуге арналған қысқаштарды немесе эмаскуляторларды қолданумен орындайды. Бұл аспаптарды малдың ен бауын мыжу мен қан кетудің алдын алу жəне тұрақты тромб жасау үшін қолданады.
Ұманы бекіту үшін жергілікті жансыздануды қолданғаннан бұрын, оның мойнына икемді резеңке қолданып жгут салады.
Ұманы, жалпы қынаптың қабығын жəне енді тіліп кесу. Ұманың екі жартысын, сол қолмен мықтап ұстайды, еннің дөңес бетінен (ұма тігісіне паралельді) алдыңғы жəне артқы полюстарына дейін тіледі. Құрсақтың ұма терісін, бұлшық ет қабығын, фасцияны жəне жалпы қынаптық қабықты скальпелмен жарып ашады. Жалпы қынаптық қабықты кесу көлемі теріні кесумен бірдей болуы тиіс. Егер сəйкес болмаған жағдайда қалта болып қалады да, оған қан жəне экссудат жиналып, патогендік микрофлора дамуы мүмкін болады.
Қынаптық (өткіндік) бұданы кесу. Жалаңашталған енді сол қолмен алып, сыртқы ен көтергіштің кедергісінен өтіп, қынап бұдасынан тартып, абайлап сыртқа шығарады. Қынаптық бұданы қолмен немесе іскекпен түзетіп, жалпы қынаптық қабыққа жақын маңайдан кеседі (5-сурет).

5-сурет. Қынаптық қабықтың (өткіндік) бұдасын кесу.
43
Байламды қосымша құйрығы жақын маңда кесуге болмайды, себебі ұрық өткізгіштің артериясына зиян келіп, оның жалпы қынаптық қабықпен бірге бөлініп алуы мүмкін болады. Қысқашты ен бауына салғанда артерия бранштың астына тимей қан кету тоқтамайды. Одан əрі, сол қолмен енді ұстап, будадан іскекті шешпей, оны қынаптық канал жағына жиырып алады, мезорхиум бойын 7-10 см көлемде жыртып, ен бауын жалпы қынаптық қабықтан бөліп алады. Соңғы кезеңде, бөлінген қынаптық қабықты, еннен проксималды қысып, қынаптық каналға іскекпен қайырып тартады.
Енді алып тастау. Жалпы қынаптың бұдаларын кескеннен кейін, сол қолмен енді жəне ен бауын жалпы қынаптық қабықтан ажыратып, ұманы жоғары шапқа қарай ығыстырады, ал оң қолмен енді ұстайды. Бұл кезде ен бауы ашылады. Егер бірден екі енге операция жасалынатын болса, онда ен бауының екеуін бірдей ашады. Ол үшін 6-суреттегі құралдардың бірін қолданады.
1. Занд қысқышымен ен бауын мыжу - ең көп таралған тəсіл. Еннен 7-9 см қашықтата ен бауына қысқыштардың бранштары бекітілген бұран дысының басын сыртқа (дистальды) қаратып салады. Екі қолмен қысқыштардың бұтақтарын тоқтағанша қысып, оларды тұтқасында орна ласқан бекіткішпен бекітіп қояды (6-сурет (1). Занд қысқышының бранштарымен ен баудың екеуін бірден қысып қоюға болады, бірақ ол үшін əрбір ен бауын бөлектеп қысатын екі браншты Амосов қысқышын қолдану қолайлы келеді (6-сурет (2).
Қысқыштың сыртынан қысылған ен бауын енмен бірге майлықпен жауып, саусақтардың көмегімен 10-15 рет айналдырып (торзильдеу) үзілгенше бұрайды. Кейде торзильдеудің орнына ен бауын браншқа жақынырақ жерде қайшымен кеседі. Ен баудың культясына 5 % йод ерітіндісін жағады. Бекіткішті бірте-бірте жылжыта отырып, қысқышты өте сақ түрде шешеді. Қуысты қан ұйындысынан тазартып, ұма қуысына жəне шеттеріне асептикалық ұнтақтарды, ақ стрептоцид эмульсиясын шприцтен резеңке түтік арқылы немесе қалақшамен енгізеді.
2. Эмаскуляторды қолдану (6 сурет (3). Занд қысқышынан артықшы лығы, енді бұрамай бөліп алады. Эмаскулятордың бранштарында доғал жəне өткір бөлімдер болады. Эмаскуляторды ен бауына міндетті түрде бұранданың басын сыртқа қаратып салып (дистальды) аспаптың тұтқаларын ақырын қысады. Аспаптың доғал жағымен ең бауын қысады , ал оның өткір бөлімімен енді бөліп алады. Осылайша аспапты 5-6 минут ұстайды. Аспаптың тұтқаларын ақырындап жіберіп шешеді.
Жас айғырда (2-3 жасар) жуандатылған қынаптық бұда бөлімі əлі тығыз емес болып келеді, қынаптық бұданы жармай пішуді эмаскулятормен жүргізуге болады. Ұма қабырғаларын жəне жалпы қынаптық қабықты тілгеннен кейін, оны ен бауының алдынан көлденең түзу қайшымен қосымша жарып ашады. Эмаскулятордың бранштарын ен бауының айналдырылған жалпы қынаптық қабықтың артқы бөлігіне тиіп тұрған
44
көлемге салады. Бранштарды жабудың алдында қосалқаның құйрығымен жабылған қабық бөлімі эмаскулятордан төмен орналасқанына көз жеткізу керек. Қысқыштардың бранштары жабылғанан кейін ен жəне қосалқымен бірге қынаптық бұда, оған жабысып тұратын жалпы қынаптық қабық, үмеген соқыр қабы қоса қысылады
6-сурет. Айғырларды пішуге арналған аспаптар:
1-Занд қысқышы; 2-Амосов қысқышы; 3-эмаскулятор; 3-шошқалар овариоэктомиясына арналған Никифоровтің эмаскуляторы: 4-лещеткалар; 5- лещетканың бұрандасы; 6-Бурдиццо қысқышы; 7-Телятников қысқышы; 8- Ханин-Тыныбеков қысқышы.
45
Жабық тəсілмен пішу операциясының техникасы. Енді лещеткаларды немесе лигатураны қолдану арқылы алып тастау.
Лещетканы қолдану арқылы пішу. Лещетканың бір жағын жіппен берік байлап автоклавта немесе стерилизаторда қайнатып зарарсыздандырады. Тартып ұстаған ұма қабаттарын абайлап, жалпы қынаптық қабыққа дейін тіледі. Бұдан кейін тілінген жерді доғал тəсілмен (қосылған қайшымен) кеңітеді, ұма қабаттарын жалпы қынаптық қабықтан жəне сыртқы ен көтергішінен бөліп алады. Ұманы мойын бөлігіне дейін ашады. Жалпы қынаптық қуыста бөтен зат қалмағандығын тексеріп (пальпациямен немесе қабықтардың қабырғаларын үмеген тесік жасап), оны ен мен бірге 180° бұрап, одан 7 см жоғары қарай жануардың денесіне көлденең келтіріп лещеткаларды салады (7-сурет).

7-сурет. Айғырды пішу:
а -Занд қысқышын қолданып ашық тəсілмен; б -лещеткаларды қолданып жабық тəсілмен.
Лещетканың ұштарын арнайы бұрандамен немесе қысқыштармен жақындатып (6-сурет (5) мықтап бұрайды. Лещеткадан 2-2,5 см төмен түсіп, жалпы қынаптық қабықпен жабылған ен бауын қайшымен кеседі. Ен баудың қалдығын 5 % йод ерітіндісімен домдайды. Лещеткамен қысылған жалпы қынаптық қабықтың ұштары қайтадан айналып кетпеуі үшін, екі лещетканы стерилденген майлықпен жауып, оның шеттерін ұма жараларының шеттеріне жапсыра тігеді. Лещеткаларды 8 күннен кейін шешеді немесе олар өздігінен түсіп қалады.
Лигатура қолдану арқылы пішу. Жалпы қынаптық қабықты тіліп ашқаннан кейін ұма қабаттарын құрсақ қабырғаға қарай жылжытып, жалпы қынаптық қабықпен жабылған ен бауына еннен алысырақ етіп Занд қысқышын салады. Бірнеше секунд өткеннен кейін қысқыштың браншын ашады да, еңді жалпы қынаптық қабықпен бірге 180° бұрады жəне қысқышпен ен бауын екінші қайтара жаншиды. Қысқышты алып тастап, оның орнын жылдам, жуан жəне ұзын кетгут жіппен тартып байлайды. Ен
46
бауын үш саусақ енінен төмен эмаскулятормен немесе қайшымен кесіп тастайды. Лигатура ұштарын ен қалдығы бөлініп түскенге дейін қалдырады. Айғырды түрегеп тұрған күйінде пішу. Пішудің ашық тəсілін қолданады. Айғырды сол жамбас аяғын діңгекке көтеріп, станокқа бекітеді немесе жай тұрғызады, тек басынан бір адам ұстап тұруы қажет. Күре тамырдың ішіне, торбуджик, ромпун немесе хлоралгидрат немесе литикалық қоспаны енгізеді, интратестикулярлы (еннің ішіне немесе ен бауына) новокаин ерітіндісін енгізеді. Жоғарғы ерінге бұрау салып, оны көмекші ұстап тұрады. Ұманың операция жасайтын орнын зарарсыздандырғаннан кейін, оның мойнына икемді етіп қысқыш салып, операцияға кіріседі. Операция жүргізушінің иығы айғырдың қарынының төменгі қабырғалар деңгейінде болуы үшін, тізелерін бүгіп, айғырдың сол бүйір жағында ұмаға бет жағына қарап тұрады. Содан соң ол сол қолымен ендерін қысып ұстап, жылдам ұманы жалпы қынаптық қабықпен бірге краниокаудалдық бағытпен жүргізе отырып тіледі (8-сурет). Бұл кезде керісінше теріс бағытпен кескенде, ол өзінің сол қолын зақымдап алуы мүмкін.
Енді ашқаннан кейін қайшымен жедел тік байламдарды кесіп, ен бауына бірден немесе кезектестіріп Занд қысқышын қысып орналастырады. Операцияны ендерді бұрап алып немесе қайшымен кесіп тастаумен аяқтайды. Сондай əдіспен енді эмаскулятормен алып тастауға болады. Жгутты қысқышты немесе эмаскуляторды алғаннан кейін шешуге болады. Операция барысында айғырдың əр түрлі қозғалыстары болуы мүмкін, сондықтан да хирург малды артық алаңдатпау үшін, оның құрсақ қабырғасына иығын тигізбегені дұрыс болады.

8-сурет. Айғырды түрегеп тұрған күйінде пішу.
а-ен қапты ашу; б-Занд қысқышын салу.
6.1.3. Бұқаларды пішу
Жануарды бекіту. Бұл операцияны жатқан немесе тұрған малға жүргізеді. Жығу тəсілдерінің бірін қолданып, малды сол жағына жығады, оң
47
аяғын операция орыны толық ашылғанша тарта түсе бекітіп байлайды. Қалған аяқтарын бос қалдырады. Тек кəрі жəне күшті бұқалардың алдыңғы аяқтарын тұсамыс буындардан жоғарырақ бірге қосып байлап бекітеді. Тұрғызып пішкен кезде (жас өгізшелерді пішу) малды бағанаға қысқа етіп байлап, мұрын қысқышымен басын бекітеді. Мықтап бекіту үшін артқы аяқтарына, тілерсек тұсына бұрау салуға болады.
Бұқаларды пішу үшін арнайы стационарлық жабдықтарды пайдаланады. Оны азықтанатын астаумен біріктіріп, сырғауылдардан жасалған 10 ағаш станоктардан жасайды. Станоктардың жанынан 10 бас мал сиятын қаша жасалынып орналастырылады, одан мал тек станоктар арқылы сыртқа шығады. Жануарлар артқа қарай шегінбеуі үшін, оларды əрбір станокта болатын темір тұтқамен бекітеді. Мал дəрігерлік хирург малдың артында тұрып пішу операциясын жүргізеді.
Жансыздандыру. Бір жастан жоғары бұқаларды пішу жансыздандыру арқылы жүргізіледі. Жансыздандыратын ерітінділерді тікелей тұқымдық ен бауына, ұманың мойындарына немесе интратестикулярды ен қабатына енгізеді. Ұманы қосымша кесу үшін, оның артық сызық бөлігіне новокаин жіберіп жансыздандырады.
Бұқаларды негізінде 2 əдіспен пішеді: қансыз (перкутарлық) жəне қанды. Қансыз (перкутарлық) əдіс - ен бауын механикалық қысу əдісімен жүзеге асырады.
Ен бауын перкутарлық мыжудың мақсаты еннің қан жəне жүйке тамырлармен қамтамасыз етілуін тоқтату болып табылады. Перкутарлық əдіспен пішу үшін Бурдиццо, И.A. Телятников, М.A. Ханин-Тыныбековтің жəне т.б. қысқыштарын қолданады.
Сол қолмен ұманың мойнынан ұстап, оны сипалау арқылы ішіндегі бір ен бауын табады. Оны латералды түрде тартып, оның мойын тұсына Бурдиццо қысқышының браншын орналастырады, тері арқылы ен бауын қысып, 0,5-1 минут қысқышты жібермей ұстайды, содан соң қысқышты 1,5-2 см төмен жылжытып орналастырып, ен бауын екінші қайтара жаншиды. Осылайша екінші енге операция жасайды.
Телятниковтың (№2 үлгі) немесе Ханин-Тыныбековтің қысқыштарымен енге жақынырақ (тамырлы конус шектеріне (9-сурет) орналастырып, əдетте бір рет қана қысады. Ен бауын ұманың шетіне жылжытып, үстінен қысқыштардың арасына жайғастырады, одан кейін қысқыштың тұтқаларын екі қолмен жылдам қысып, 5 секундтей қысып ұстайды.
48

9-сурет. Бұқаны И.А. Телятниковтің қысқышымен
перкутарлық пішу.
Егер операция кезінде сықырлаған дыбыс естілсе, онда ен бауының қысылғанын білдіреді. Сықырлаған дыбыс естілгенде қысқашты алып, 1,5-2 см жоғарырақ қайтадан орналастырып қысуды қайталайды. Дəл осылайша екінші ен бауына да операция жүргізеді. Қысқышты салған ен бауының аралықтары орнында шұңқыр байқалады, содан соң 10-15 минут аралығында жаңғақ көлеміндей гематома пайда болады. Бір айдан кейін пішу нəтижесін тексереді, егер ендер солып көлемі кішіреймесе, онда операцияны қайталап жасайды.
Қанды əдіс. Техникалық атқарылуы жағынан оның бірнеше түрлері болады.
Лигатураны қолдану арқылы пішу. Ұманы екі сан арасынан ішінде гісімен қоса ұстап, артқа қарай керіп тартып алады да, оның каудальдық немесе латеральдық жағынан, ен сыртқа шығатындай етіп тік тілік жүргізеді. Ұманың барлық қабаттарын жəне жалпы қынап қабығын (10 а сурет) толық ашады. Ен бауына № 8-10 жібек немесе синтетикалық лайықты жуандықтағы жіптен лигатура салып, оны қазақша бау тəрізді түйінмен байлап бекітеді. (10 б сурет).

10-сурет. Бұқаны қанды тəсілмен пішу: (а ) ұманы кесу орыны; (б) лигатураны түйіндеп байлау
Ен бауын лигатурадан 2-2,5 см төмен етіп, қайшымен кесіп алады. Ен бауының қалдығына 5 % йод ерітіндісін жағып, жараның жан-жағына асептикалық күрделі ұнтақ майлар (йодоформ, ақ стрептоцид жəне бор қышқылы) жағып зарарсыздандырады.
49
Қосалқы құйрығының резекциясы кезінде малдың гормондық қызметі сақталады, бірақ жыныс торшаларын өндіру мен оны шығару қабілеттілігі жойылады. Операцияны тұрып тұрған малға жүргізеді. Ол үшін ұманың төменгі бөлігінің терісін, əсіресе оның түп жағын мұқият зарарсыз
дандырады. Операция жасаушы сол қолымен ұманы енмен бірге төмен тартады. Ұма терісінің бүрмелері толық түзелуі тиіс. Ұманың сырт тұсына перпендикулярлы тікелей етіп, оның сол жəне оң қабаттарын жалпы қынаптық қабықпен қоса жарып тіледі. Оның кесу ұзындығы əр бір жағында 1,5-2 см болады. Қосалақының құйрықтарын сыртқа шығарып, оларды қайшымен кесіп тастайды. Жаралардың шеткі жиектерін йод ерітіндісімен өңдейді. Пішілген малды сиырлардан бөлек ұстайды.
6.1.4. Қошқарларды жəне текелерді пішу
Қошқар мен текені пішу үшін қансыз (перкутарлық) жəне қанды əдістерін қолданады.
Бекіту. Көмекші хирургке қарама-қарсы орналасып, пішетін тоқтыны (лақты) жамбасына жығу арқалы, оның барлық төрт аяқтарын бірге бекіте ұстап операцияға даярлайды (11-сурет). Хирург тоқтыны (лақты) пішу операциясын 0,5 м биігірек отырып жүргізеді.
Қансыз (перкутарлық) əдіс. Операцияны жасау үшін Бурдиццо, Телятников немесе Ханин-Тыныбековтің қысқыштарының біреуін пайда ланады.
Бурдиццо қысқышын пайдалану кезінде сол қолдың саусақтарымен ұманың мойнын басып, тері арасынан ен бауын тауып алады, оны латеральдық жаққа тарту арқылы қысқышты салып қысады. Қысқышты 30

а б
11-сурет. а - ұсақ күйіс қайырушыларды пішуге бекемдеу; б - жабық лигатура салу тəсілі.
секунд ұстағаннан кейін, екінші рет 1 см төмен орналастырып қайтадан қысып, ен бауын қайтадан мыжғылап қысады. Екінші ен бауына да дəл
50
осындай əдіспен қысу операциясын жүргізеді. 1 аптадан кейін ендер бірте бірте орнына қалыптасады, ал 5-7 айдан кейін ендер толық семіп қалады. Телятников жəне Ханин-Тыныбеков қысқыштарының көмегімен опера цияны бұқаларды пішкен əдіс бойынша жүргізеді.
Эластрациямен жансыздандыру ұманың мойнына резеңке сақина салу арқылы 2-апталық тоқтыларға жүргізеді. Арнайы қысқыш - эластратормен резеңке сақинаны (сыртқы диаметрі 2 см, ішкісі 1 см) созып, ұманың мойнына кигізеді. 12-15 күннен соң ұманың құрамы өліеттеніп, резеңке сақинамен бірге бөлініп түседі.
Қанды əдіс. Қанды əдіспен енді жартылай немесе толық алып тастау əр түрлі тəсілдерді қолдану арқылы жүргізіледі.
Жас қошқарды (текені) толық пішу тəсілдерінің техникалары: 1. Жүнін қырқып, йод ерітіндісімен өңдегеннен кейін, ұманы түбінен тартып, ұшын өткір қайшымен кеседі. Бұдан басқадай ұманы оның орта сызығына перпендикулярлы өтіп тілуге де болады. Ұманы қысу арқылы ішіндегі жалпы қынаптық қабықпен жабылған енді сыртқа шығарады. Жалпы қынаптық қабықпен жабылған ен бауларын іскекпен қысып, оларға кетгут немесе жібек жіппен лигатура байлайды, содан соң іскектен 1 см төмен қашықтықтағы бөлікті алып тастайды (11 б сурет). Жараның ішіне антисеп тикалық ұнтақ салынады.
2. Малдың басын төмен жіберіп, артқы аяқтарынан ұстап бекітеді. Операция жасаушы ұманы біркелкі тартып, жалпы қынаптық қабықтың бүтіндігін сақтай отырып, жылдам қимылмен қайшы немесе скальпельді қолдану арқылы оның түбін кесіп тастайды. Пішу жарасына тимей, ұма тұқылын шаптық аумағына қарай тықсырып, енді сыртқа шығарып алады. Ен бауына Занд қысқышын қысып салып, браншына жақын жерден қайшымен енді кесіп алады.
Кəрі қошқарларды пішу (М.A. Ханин жəне т.б. тəсілі).
Жансыздандыру. Ұма мойындарына инфильтрациялық циркуляциямен 10 мл 3 %-новокаин ерітіндісімен интратестикулярлық инъекция жасалы нады.
Операцияның техникасы. Қойды артқы оң аяғынан жоғары тартып, сол бүйіріне жатқызылған түрде бекемдейді. Операцияны жасаушы сол қолымен ендерді шапқа қарай тықсырып, бір мезгілде ұманың түбін керісінше бағытқа тартады. Рудиментке ұшыраған емшектерден 2 см төмен ұманың терісін жəне оның тереңдікте жатқан қабаттарын, жалпы қынаптық қабыққа дейін айналдырып кеседі.
Ұма қабаттарын кесуден кейін оның терісін жалпы қынаптық қабығымен бірге еннің төменгі бөліміне тартып түсіреді. Ен бауының жалпы қынаптық қабықпен жабылған жіңішке жеріне Занд қысқышын орналастырып, оны жайлап қысады. Қысқышқа тақау ен бауларын скальпельмен немесе қайшымен кесіп, ұманы енмен бірге алып тастайды. Қысқышты 2-3 минуттан кейін босатады. Ен бауының кесігіне 5 % йод ерітіндісін жағады. Жараның
51
қуысына құрамы күрделі ұнтақ себеді. Ұма жарасының шеттерін біріктіріп, оны түйінді немесе дорба тəрізді тігістермен тігеді. Тігістерді 7-8 күннен кейін алады.
6.1.5. Қабандарды пішу
Қабандарды қанды əдіс арқылы, ашық немесе жабық тəсілмен пішеді. Енді қосалқымен бірге толық алып тастайды. Көбінесе жабық тəсіл қолданылады, себебі қабандардың шаптық каналдары кең болғандықтан ашық əдіспен пішу жара қуысына ішкі ағзалардың түсіп қалуы немесе жарық пайда болуы мүмкін. Кəрі қабанды жұмысқа пайдалануы тоқтағаннан кейін пішуге жібереді. Пішу қарсаңында малды азықтандырмайды, пішудің алдында серуенге шығарып, олардың ішектері мен қуығын босатады.
Ең бауын үзіп пішу əдісі ашық тəсілмен жас қабандарға қолданылады. Бекіту. Малды арқасына немесе сол бүйіріне жатқызып, барлық төрт аяқтарын бірге қосып ұстап, басын төмен ұстау арқылы бекітеді. Жансыздандыруды қолданбайды.
Операцияның техникасы. Ұманы сол қолмен мықтап ұстап, оның терісін орта сызыққа паралельді етіп қынаптық қабық ашылғанша тіледі. Қынаптық буданы қайшы немесе скальпельмен кесіп жалпы қынаптық қабығынан жəне ен бауынан ажыратып алады. Содан соң ен бауын гемостатикалық іскекпен қысады немесе саусаққа орап алып, оны жұлқып немесе бұрап үзеді. Іскекті шешіп, ен бауының кесегіне 5 % йод тұнбасын жағады, жараның қуысына антисептикалық ұнтақ немесе эмульсия салады.
Лигатураны қолдану арқылы пішу тəсілін көбінесе жасы үлкен қабандарға қолданады.
Операцияның техникасы. Ашық тəсіл. Ұма қабаттары мен жалпы қынаптық қабығын тілгеннен кейін, қынаптық буданы кесіп, енді жəне ен бауын жалпы қынаптық қабықтан бөліп алады. Ен бауының жіңішкерген бөліміне жібек лигатураны пішу түйінімен салады (12- сурет). Одан 1,5 - 2 см төмен ен бауын қайшымен кесіп енді бөліп алады. Жараны жоғарыда аталған пішу тəсіліндегідей өңдейді.
Жабық тəсіл. Скальпельмен еннің үстіндегі кернеулі ұма терісін еннің ұзындығымен абайлап тіледі. Жалпы қынаптық қабық бүтіндігін бұзбай бұлшық ет серпімді қабықты жəне фасцияны қосымшасын жарып тіледі. Жылдам қозғалыспен жараның ішінен сол қол саусақтарының көмегімен жалпы қынаптық қабықпен жабылған енді сыртқа сығып шығарады. Ұманың жандарын шаптық сақина жағына жылжытып, енді жарадан ен бауына дейін тартып шығарып алады, оған жабылған жалпы қынаптық қабықпен қоса лигатураны байлайды. Лигатурадан 2 см төмен ен бауын кесіп тастайды.
52

12- сурет. Қабанды ашық тəсілмен пішуде ен бауын байлау. 6.1.6. Бураны пішу
Бураны көбінесе ұманың құрылымдары жəне жалпы қынаптық қабық анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты ашық тəсілмен пішеді. Бекіту жəне жансыздандыру. Бураны айғыр сияқты жерге жығып бекітеді, интратестикулярлық жəне жергілікті жансыздандыру үшін новокаиннің ерітіндісін қолданады.
Операцияның техникасы. Ұма мен жалпы қынаптық қабықты ашқаннан кейін, қынап қабығынан көлемі 3 см кесінділер кесіп алады. Ен көтергіштің əлсіз дамуы мен фасцияның жалпы қынаптық қабықпен тығыз жетілу себептерінен пішуден кейін жарадан ұма қабықтары сыртқа салбырап шығады. Ішкі ен көтергіштің əлсіз дамуынан, ен баудың кесегі түсіп қалмау үшін ен бауын үстінгі жақтан 9 - 10 см жоғарырақ бөліп ажыратады. Содан кейін Зандтың қысқышын немесе эмаскуляторды пайдаланып енді бөліп алады. Аспаптардың орнына лигатураны қолдануға болады.
6.1.7. Төбеттерді пішу
Операцияның техникасы. Пішудің ең қарапайым түрі жабық тəсілмен операция жүргізу. Төбетті шалқасынан жатқызып бекітеді. Операция орнын даярлағаннан кейін, ұманың мойын көлемін сипалап ен бауларын тауып алады, тері астынан 2 % новокаин ерітіндісін енгізеді. 5-10 минуттан кейін ен бауының бойымен оның үстінен теріні 3 - 5 см көлемінде тіліп, жалпы қынаптық қабықпен жабылған, сарғыш - көгілдір түсті ен бауының денесін ажыратып алады. Содан соң қайшының көмегімен кесу арқылы ен баудың астынан, оны сыртқа шығарады. Жіңішке инемен интравагиналды жолмен 2 мл 2 % новокаин ерітіндісін енгізгеннен кейін, енді жараның сыртына алып шығады. Жалпы қынаптық қабықпен жабылған ен бауының. жіңішке бөліміне кетгут лигатурасын салып, оның төменгі тұсынан енді кесіп алады да, жараға тігіс жүргізеді.
53
6.2. Еркек малды пішкенен кейін болатын асқынулар
Жалпы ескертулер. Пішкеннен кейін болатын асқынуларды жою үшін наркоз, транквилизаторлар жəне миорелексанттарды абайлап қолданған дұрыс, себебі қайталап қолданғанда олардың дозаларының көбеюінен малдың организмі улануы мүмкін.
Ұманың тамырларынан қан кету айғырларда жиірек кездеседі. Ұманың ішкі беттерінен қан жиі тамшылап ағып тұрады. Егер қан кету операциядан кейін 1-1,5 сағат ішінде өздігінен тиылмаса, оны тоқтатуға əрекет жасайды. Малды станокта бекітеді де, оның алдыңғы аяғын аздап жоғары көтереді, ал артқы аяғын станок бағанасына белдікпен тартып байлайды. Ұма жарасының арасын іскек немесе ілгекпен ашып, гемостатикалық іскекпен қанаған тамырларды бұрап қан кетуін тоқтатуға əрекет жасайды. Егер тамырлардан қан ағу анықталса, ұма қуысына 3 - 4 сағатқа стерилденген дəке тампондарын тығыз салып, жараның жиектерін 1 - 2 тігіспен жақындатып тігіп қан кетуді тоқтатады.
Ұрық өткізгіш артериясынан қан кету қынаптық буданың қосалқы құйрығының тұсына операция жасағанда байқалады. Жалпы қынап қабықтың ішкі бетінен қан ұзақ уақыт жəне жиі тамшылап ағады. Малды бекітіп бекемдейді де, жалпы қынаптық қабықтың жиектерін іскекпен жараның тері деңгейіне шығарады. Қабық қуысына бірнеше дəке тампондарын енгізеді, ұма жарасынын шеттерін бірнеше сағатқа 2 - 3 түйінделген тігіс салып тарта отырып жақындатады. Кейде мұқият байқап, жалпы қынаптық қабық қуысында қан кету көзін анықтауға болады, онда қан тоқтататын іскекпен оны қысып алып, бұрап қан кетуін тоқтатады. Бұндай жағдайда дəке тампондарын салу қажеттілігі болмайды.
Ен бауын кесігінен қан кету бұқаларда жиі кездеседі. Бұл жағдай ен бауына лигатураны дұрыс салмағандықтан (əлсіз түйін, лигатураны ен буының кеңейген орнына салу) болады. Малды бүйіріне жатқызады. Саусақтарды (немесе корнцангті) қынаптық каналға енгізіп қансыраған кесікті тауып, оны пішу орнының үстіне дейін алып шығарады. Оны қан тоқтататын іскекпен немесе лещеткамен) бекемдеп ұстап, қосымша етіп қайтадан лигатура салады.
Жалпы қынаптық қабықтың түсуі көбінесе айғырда пішу тілігінің көлемі аз кесілген кезде байқалады. Мұнда жараның бөлінген сұйықтықтары қалташаға жиналып қалады да, оны сыртқа қарай салбыратып шығарады. Малды жедел жығып бекемдейді, сыртқа түскен жалпы қынаптық қабықтың бөлімін іскекпен таза орнына дейін тартып кесіп алып тастайды.
Ен бауы кесігі түсуі көбінесе айғырда пішетін қысқышты қажетті жерден төменірек салу жəне пішу кезінде ен бауын шамадан тыс керу себептерінен болады. Малды тұрғызып бекемдейді. Түскен ен бауы кесігінің жоғарғы орнына кетгуттен лигатура салып, сыртқа шыққан бөлігін эмаскулятормен немесе қайшымен кесіп алып тастайды.
54
Шарбы майының түсуі айғырда жиі болады. Əдетте ұма жарасынан көлемі біртіндеп ұлғая түсетін ақшыл - қызғылт бүрме салбырап тұрады. Операцияны жалпы наркоз қолдану арқылы, жатқан малға жүргізеді. Шарбыны 5 -10 см сыртқа таза орнына дейін тартып, оны кетгут жіппен тігеді, немесе оны байлағаннан кейін 2 см төмен алып кесіп тастайды, қалған кесігін іскекпен құрсақ қуысына қайта салады. Ұмадан бөліп алып, ен бауының кесігімен бірге 1,5 - 2 рет айналдырып бұрап, жабық тəсілмен пішу кезіндегі сияқты лещеткалар салады, оны 8 күннен кейін шешеді. Лещеткалар болмаған жағдайда жалпы қынаптық қабықты № 8 кетгутпен тігіп немесе қатты тартып байлауға болады.
Ішек ілмегінің түсуі қабанда жəне айғырда жиірек кездеседі. Жедел түрде айғырға ішек толық түсіп кетпес үшін стерильді (немесе таза) сүлгімен таңып байлайды. Сыртқа шыққан ішектің бөлігін физиологиялық ерітіндімен немесе 0,5 % новокаин қосылған 1:1000 этакридин ерітіндісімен жуады. Сыртқа шыққан ішек ілмегін өте абайлап қайтадан орнына салады. Егер шыққан ішектің ілмегі салынбаған жағдайда, құрсақ қуысын тіліп сыртқа шыққан ішекті ішке қарай тартып орнына келтіреді. Егер ішек біршама зақымданған болса немесе өліеттенсе, жылқы малы көбінесе өлімге душар болады.
Қабанға операцияны жоғарыдағы ретпен жүргізеді. Малдың артқы жағын аздап көтеріп, сыртқа шыққан ішкі ағзаларды орнына келтіріп салады. Бөліп алған жалпы қынаптық қабықты ен бауымен бірге ұзын лигатурамен байлап, оның шеттерін шаптық сақинаның латеральдық жəне медиалдық сыртқы жақ қабырғалар қатарына шығарады. Лигатураның артынан 2 см жоғары алып ен бауын кесіп тастайды, шаптық сақинаның жиектерін жақындатып лигатура ұштарын байланыстырып байлайды
6.3. Крипторхиттерді пішу
Крипторхизм - ауытқу, еннің біреуі немесе екеуіде төл туған кезеңде құрсақ қуыстарында (құрсақ крипторхизмі) немесе шаптық каналда (шаптық крипторхизм) кідіріп, жалпы қынаптық қуысқа түспей қалауы. Барлық жануарларда, əсіресе қабандар мен иттерде жиірек кездеседі.
Нұсқау. Операцияны құрсақ крипторхизмі көп кездескенде, мал иесінің талабымен жасайды.
Операцияны жасау үшін дайындық ретінде малды 12 сағат бойы азықтандырмайды.
Бекіту. Малды шалқасынан жатқызып немесе басын төмен келтіріп бекітеді.
Жансыздандыру. Нейролептик, инфильтрациялық жансыздану қолданылады.
Операцияны жүргізу техникасы. Қабанға операцияны 4 – 6 айлық жасында жасайды. Жыныс мүшесінен шеттеу 2 см ара қашықтықта, оны
55
күпек жаққа жылжытып, құрсақтың вентральдық қабырғасында парамедиалдық лапаротомияны жүргізеді. Кесуді орта тұсын емшек деңгейіне келтіріп, алдыңғы сыртқы шаптық сақинасынан бастайды. Түзу бұлшық етті тіліп өтеді. 6 айдан асқан малға лапаротомияны сербекті алдындағы емшекпен қосатын сызық ортасынан жасаған дұрыс болады. Кесулердің мөлшері құрсақ қуысқа 2 саусақ енгізуге болатындай болуы тиісті. Құрсақ қабырғаның бөлімдерін саусақтармен мұқият зерттеп, енді тауып алып, жара қуысына тартып əкеліп., оны лигатура байлау арқылы бөліп алады. Операцияның соңында ішпердені, бұлшық етті жəне теріні жекелеп тігеді.
6.4. Ұрғашы малдарды пішу (ovariectomia)
6.4.1.Ұрғашы шошқаны пішу
Анатомиялық - топографиялық деректері. Жыныстық толысқан ұрғашы шошқаларда аналық безі бөрткен жидек түрде болады. Оның ұзындығы 1,5 - 4 см. Сол жақ аналық без оң жақтағыдан үлкенірек болады. Аналық без дорбасы - бахромка (кеңіген аналық бездің өткізгіш бөлімі) жақсы дамыған жəне аналық безді толық жабатындай болады. Аналық бездер будаларға (брыжейкаға) жалғасады, сол жақ аналық без оң жақтағыдан 1 - 2 см ұзын болады (Исаев бойынша). 3 - 4 айлық шошқада аналық без соңғы бел омыртқаның алдында, құрсақ қуыстың үштен бір жоғарғы бөлігінен төмен деңгейде орналасады. Ересек шошқаларда аналық бездер құрсақ қуысының орта деңгейіне дейін тіпті одан да төменге жетіп (13 сурет) орналасады.
Ішектері орташа толған кезде аналық бездер мен жатыр мүйіздері құрсақ қуыстың ортасынына біркелкі болып жəне оң жағынан құрсақ қабырғалардан жіңішке ішектердің ілмектерімен, ал сол жағында соқыр ішекпен бөлектеніп орналасады.

13 Сурет. Жатыр жəне аналық бездердің топографиясы
1 - жасы кіші шошқаларда; 2- есейген шошқаларда; ов - аналық без; св – аналық бездің шажырқайы (байламы); ма — жатыр; п - қуық
56
Жиірек аналық бездер іші толған соқыр ішекпен ығыстырылып құрсақтың оң қабырғасына қарай орналасады. Шошқаны басын төмен қаратып бекіткен кезде, соқыр жəне жіңішке ішектер төмен қарай жылжып, қарынның артқы бөлімін босатады. Шошқаның жатыр мүйіздері ұзын, көп санды ілмектерді құрайды. Жатыр мүйіздерінің ұзындығы кейде 150 см-ге жетеді.
Қанмен қамтамасыз етуілуі қан ағу көзінен басталады. Қолқадан ішкі тұқымдық артерия бөлінеді, ол аналық безге өтіп (аналық без артериясы), жатырға қарай тарқап орналасады - краниалдық жатырлық артерия. Ішкі бүйір артериядан орта жатырлық жəне каудалды жатырлық артерия бөлініп шығады (14 сурет).
Иннервация каудалдық шажырқай түйіннен жəне жамбас жүйкенің парасимпатикалық талшықтардың постганглионарлық тарамдарымен жүзеге асады.
Пішуге нұсқау. Бордақлаудың тиімді болуы мақсатында. Көбінесе 1 айлық жастан басталып, оқтын-оқтын қайталанатын күйлеудің нəтижесінен, мал мазасызданып, олардың тірі салмағы төмендейді. Жыныстық қозу кезеңінде, күйлеген шошқа 30 %-ға дейін салмағын жоғалтады. Кейбір кезде əрбір бастың жалпы салмағы 5-8 кг дейін төмендейді.
Пішілген малды бордақылаған кезде 10 – 15 % артық салмақ алынып, жүдеу уақытының ұзақтылығы 15-30 күнге қысқарады.
Ю.Г. Кутеповтің зерттеуі пішілген малдың ұшасының салмағы пішілмеген малмен салыстырғанда 30 %-ға ауыр тартадынғығын көрсетті. Малды 4-8 айлық жасында, бордақылауға қояр уақытынан 2 апта бұрын пішуге болады. Кəрі мегежіндерге қолданылуы тоқтағаннан кейін операция жасайды. Бір рет пайдаланатын (тексерілетін) мегежіндерді туғанынан 7 күн өткенен кейін пішуге болады.
Дайындау жəне ұйымдастыру. Шаруашылық жалпы пішу кезеңінде шошқалардың жіті жұқпалы ауруларынан таза болмауы тиіс; шаруашылықта 2 апта бұрын жоспарлы егу жұмыстарын аяқтайды жəне шектеу мен карантин алынып тасталынады. Операцияға сау жəне дене қызуы көтерімеген малды таңдап алады. Бір тəулік бұрын шошқаларды азықтандырмайды, операцияның алдында оларды аулаға шығарып серуендетіп, сол кезде олардың ішек жəне қуығын босатысады. Пішуді жылдың жылы уақытында ашық аулада жасаған қолайлы болады.
Малды пішуге арнайы жасалған үстелге немесе басқа 45° бұрышқа енкейтілген орынға, малдың басын төмен қаратып бекітеді. Жансыздандыруды 2,5 %- дық аминазин 1 мл малдың əрбір 25 кг салмағына, немесе стреснил, ромпун, рометар ерітіндісімен жүзеге асырады. Жергілікті жансыздару - инфильрациялық анестезияны 2 % лидокаин немесе 2 % новокаин ерітіндісімен жүргізіледі. Лапаротомиядан кейін құрсақ қуысына 15 - 20 мл новокаин ерітіндісін инесіз шприцпен енгізеді.
57

14 сурет . Шошқаның жыныс ағзаларының қанмен қамтамасыз етілуі: 1 - қолқа; 2 - ішкі тұқымдық артериясы; 3 - аналық без а.; 4 - краниальдық жатырлық а.; 5 - артқы шажырақай а.; 6 - терең айналадағы жəне 7 - сыртқы бүйілік а.; 8 - жамбастық а.; 9 - терең жамбастық а.; 10 - құрсақ үстіңгі а; 11 - каудальдық құрсақ үсті терең а.; 12 - сыртқы жыныс а. жəне 13 - оның желінге баратын тармағы; 14 – құрсақ үсті каудальдық а; 15 - ішкі бүйір а; 16 - құйымшақтың орталық а.; 17 - орта жатырлық а.; 18 - краниальды қуық а; (19); 20 – бүйір белдің а; 21 - алдыңғы бөксе а.; 22- орта геморридальдық а .; 23 - каудальдық жатырлық а .; 24 - оның пік шектік тармағы; 25 - каудальдық қуық а.; 26 - қынаптық а.; 27 - артқы бөкселік а.; 28 - каудальдық геморридальды а.; 29 - шаптық а.; 30, 31- клиторға тармақ
Операцияны жүргізу техникасы. Бүйірдің оң жағына лапаротомиялық жарық немесе проляпсус болуы мүмкін болғандықтан сызықты қолданбайды. Кесуді сербектен 2—3 см (туған шошқаларда 5 - 7 см) төмен, бүйір шаптық үш бұрышты аталатын орнында анықтайды. Ол алдынан соңғының алдындағы емізіктен сербекке жүргізілген сызықпен шектеледі, ал арттан – санның алдыңғы жағымен (санның фасциясының кең тартқышының алдыңғы шеті), артқы аяқты артқа тартылғанда ( 15 - сурет) белгіленеді.

15-сурет. Бүйір-шаптық үш бұрышты жəне аналық
бездерге жетілетін орын.
1 - 4– 6 айлық жаста; 2 - мегежіндерде
58
Операция жасаушы оң бүйір аумағында төмен қарай тік жəне алға қарай қиғаш тілік жасайды. Теріні жəне майлы қабаттарды бұлшық еттерге дейін тіледі; тілімнің ұзындығы 4—7 см болады. Торай туған шошқаларда кесуді 10 см дейін ұзартады. Сыртқы, ішкі, қиғаш жəне көлденең бұлшық еттерін, олардың талшықтарының өту жолымен скальпельдің сабымен ашып ажыратады. Содан кейін жараның тереңдігіне саусақ енгізіп, экстраперитонеальдық майды жəне іш пердесін сипалап табады. Іш пердесін саусақтың көмегімен басып жыртады. Іш пердесі сөгілмеу үшін қалған үш иілген саусақтармен құрсақ қабырғасын жараның шеттеріне қарай басады (сурет 16).

16- сурет. Шошқаларды пішкенде іш пердесінің перфорациясы: а- дұрыс емес; б - дұрыс; в - іскек арқылы
Іш пердесін іскекпен қысып, бүрмесін жараның сыртына алып шығады. Қайшымен тіліп жаруға болады. Сол қолдың саусақтар көмегімен құрсақ қуыстағы аналық безді тауып алады да сыртқа оның алып шығады. Егер ішек ілмектері суырылған болса, оны кері итеріп орнына салады. Суырылған жатырдың мүйізін жылжытып тартып аналық безді тауып алады. Аналық бездің будасына бахромасымен бірге гемостатикалық ікекеті салады. Екінші аналық безді, екінші жатыр мүйізінің бойымен ізден тауып алады (сурет 17 а).

а в
17- сурет.
а - екінші аналық безді іздеп табу; в- жатырға артериялық қысымды гистеректомия салу
59
Аналық бездің будасы мен бахромасына іскек салынады. Əрбір іскектің астына лигатура салу арқылы аналық бездердің будаларын тартып байлайды содан соң пинцеттің үстінен əрбір аналық безді бахромасымен бірге скальпельмен кесіп алады. Сонымен қатар, аналық бездерді кесіп алуға арнайы Н.И. Никифоровтың эмаскуляторын пайдалануға болады, оны қолданған кезде іскектің қажеті болмайды. Жатырдың мүйіздерін құрсақ қуысқа қайтадан салады да, оның ішіне пенициллин, гентамицин, линкомицин жəне т. б. антибиотиктердің ерітіндісін енгізеді, ал көк етті түйінді тігіспен тігеді. Бұлшық еттердің əр қабатын жеке кетгутпен тігеді. Теріге түйінді тігіс салады. Жараның сыртына йод ерітіндісін жағады.
Овариогистеректомия - жыныстық толыспаған жас торайлардың жатыр мүйіздерін, жатыр бөлімдері мен бірге алып тастап пішу. Лапаротомиядан кейін, аналық бездермен бірге жатыр мүйіздерін сыртқа жараның деңгейіне шығарып алады. Əдетте жатыр мүйіздерінің қосылуы орнында артериялық қысым берік болады (17 б сурет). Қысымның астынан № 5 кетгуттан лигатура салып, ағзаларды қолмен күштеп бұрап үзіп алады. Кесінділерінің қалдығын құрсақ қуысқа қайтадан салады да, жараны жоғарыда айтылған ретпен өңдеп дайындайды.
Операциядан кейінгі малдың күтімі. Малды (бес бастан топтастырып) таза, құрғақ төсеніші бар станоктарға орналастырды. Опреациядан кейін алғашқы уақытта 0,5 л сұйық жем ботқасын жəне су береді, келесі күндері де сұйық ботқаның мөлшерін молайтады, 5-ші күннен кейін əдеттегі рационға ауыстырады. Жара 7 - 8-ші күні жазылады, сол кезде тігістерді шешуге болады.
Пішуден кейінгі болуы мүмкін асқынулар. Қан кету сыртқы айналма бүйір артериясы зақымдалғанда пайда болады. Операция кезіндегі қан кетуді тамырды торзильдеу немесе лигатура салу арқылы тоқтатады.
Аналық без будасына салынған лигатураның əлсіреуі себебінен малдың ішінен қан кетуі мүмкін. Мұндай жағдай операциядан кейін келесі күндері байқалуы мүмкін. Бұл кезде малдың жалпы жағдайы жабырқау болады, шырышты қабықтарының түсі бозарыңқы, дене температурасы төмен, аяқтарының суық екені анықталады. Жараның арасын ашып, қан кету көзін тауып алады да, лигатураны екінші қайтара салады. Құрсақ қабырғасының жарасына тігіс салады. Операцияның дұрыс жүргізілмеу себебінен, жатыр мүйіздері жарылады. Жатырдың орта артериясынан қан кеткен болса, онда қан кету орнын тауып алады да, қанаған тамырды бекітеді..
Іш пердесіне дұрыс перфорация жасалмаған немесе құрсақ қуысынан аналық безді іздеген кезде ішек ілмектеріне зақым (жарылу) келеді. Зақымдалған ішек ілмегін абайлап сыртқа шығарады, құрсақ қуысын салфеткалармен тазалайды, зақымдалған ішек орнын ішек қысымдарнан бөлектеп алады. Ішек ішіндегі затты 1:1000 риванол ерітіндісімен дымқылданған салфеткалармен тазартып алып, ақауды ішекке тігіс салып
60
тігеді. Ішек қысымдардын азайтып, ішек ілмектерін дымқыл салфеткалармен екінші қайтара риванол ерітіндісімен тазартады. Құрсақ қуысының, ішіне антибиоттиктердің ерітіндісін енгізеді.
Операциялық жарада ішек ілмектері қысылып қалса, жараны ашып, ішек ілмектерінің жағдайын тексеріп, ілмекті шыққан орнына қайта салады, некрозға айналған кезде резекция жасап ішектерді біріктіру тəсілдерімен тігіп жалғайды. Сепсиске қарсы ем жүргізіледі.
Перитонит белгілері (құсық, азықтарды қабылдамау, қарынның ауырсынуы, жоғары қызу, жабырқау) байқалған кезде, Мосин плевра мойыншасына новокаин мен антибиотиктерді қолданып ем жүргізеді. Егер жақын арадағы тəуліктерде жағдай жақсармаса, малды союға жібереді.
6.4.2. Сиырлар мен тайыншаларды пішу
Анатомоиялық - топографиялық деректер. Сиырлардың аналық бездері сопақ пішінді, қысқа шажырақайларға (мезоварий) ілініп тұрады. Аналық бездің саны оннан азырақ болады; ересек сиырлардағы аналық бездің көлемі - ұзындығы 4—5 см ені 2,8 см дейін болады. Аналық бездер жатырдың будаларынан медиальды орналасады, мөлшері жамбас қуысына кіру деңгейінде болады, тек қана кəрі сиырларда олар одан тыс жерде орнасалады.
Жатырдың денесі қысқа, жатыр мүйіздері жамбас қуысының кіре берісінде орналасады, жартылай құрсақ қуысында да болады; олар жатырлық будаға ілінген, иілген, артқа жəне жоғары қарай бағытталады. Қынап бөлімінде жатыр мойнында дорсальдық күмбезді болады – (қынап күмбезі). Қынаптың алдыңғы бөлімі сырттан сірілі қабықпен жабылған, ол іш пердесінде тік ішек жатырлық жəне күлдіреуік - жатырлық тереңдетулерді құрастырады. Бұл телімдер арқылы қынап жағынан овариектомия жасаған кезде, құрсақ қуысқа ену үшін қолайлы болады.
Қанмен қамтамасыз ету жəне иннервация ерекшеліктері шошқаларды пішу кезіндегідей болады.
Ұсыныс. Өнім алуға жарамсыз (ісіктер, аналық бездің склерозы, сары денелердің персистентті кистоздары) сиырларды бордақылауды жақсарту жəне лактация кезеңін ұзарту, етке жарамсыздыққа шығарылған тайыншаларды жемдеу мақсатында тиімді. Бір аналық без зақымдалған кезде, ұқсас сау мүшенің компенсациялаушы (викарлықты) функциясын есепке ала отырып, біржақтық овариоктомия жасалады.
Операция тəсілдері аналық бездердің оперативтік жетілуіне əсер береді: 1) құрсақ қуысы арқылы овариоктомия, жас сиырларға жəне тайыншаларға бүйірі арқылы жүзеге асырылады; 2) қынап арқылы овариоктомия, қынап ені толық жетілген, тек қана үлкен сиырларға дорсальды немесе вентральды колпотомия қолданылады (дорсовагинальды, вентровагинальдық тілімдер)
61
Малды операцияға дайындау. Міндетті түрде 18 - 24-сағаттық аш диета жүзеге асырылады. Операцияның алдында қуықты жəне тік ішекті босатады. Құрсақ қабырғалар жақтан операция жасайтын орынның жүнін қырқып, хирургиялық дайындау ережелерімен мұқият зарарсыздандырады. Қынап жағынан операцияны жасаған кезде оны антисептиктік ерітіндімен (фурацилин 1:5000, этакридин 1:500 жəне т.б.) жуып тазартады, сыртқы гениталиді, оның аймағын жəне құйрықты сабынмен мұқият тазартып жуып, кептіреді жəне теріні 5 % - дық йод ерітіндісімен өңдейді. Қынап жəне жатырда іріңді - катаралдық қабыну байқалса, колпотомияны жүргізуге болмайды.
Станокта бекіту. Бір көмекші мұрын қысқыштарын қолдана отырып, ұстап тұрады, ал екіншісі құйрықты жанына қарай немесе жоғары қайырып ұстайды. Бұзауларды оң жағына жатқызып, артқы сол аяғын тартып бекітеді.
Жансыздандыру. Нейролептик ретінде 2 % -дық рометар немесе ромпунд ерітіндісін қолданады. Аналық бездерді құрсақ ішінен алшақ орналасса паралюмбальдық немесе өткізгіштік инфильтрациялық жансыздану қолданылады. Операцияны аналық бездерге қынап арқылы жасаған кезде төменгі сакральді жансыздану қолданылады (8—10 мл 2 % новакаин немесе лидокаин ерітіндісі), бұның нəтижесінде қынап қабырғалары күшпен жиырылып, оны тесу жеңілдейді. Колпотомияны жансыздандырусыз да жүзеге асыруға болады.
Операциялар жүргізу техникасы. Аналық бездердің құрсақ арқылы жетілуі аш шұңқыр аймағында өтеді. Бел омыртқалардың өсінділерін 8-10 см ара қашықтықтан бастап, аш шұңқырдың орталығындағы теріні, үстіңгі жəне сары құрсақ фасцияларын ұзындық көлемі 12—15 см мөлшерінде кеседі. Қарынның сыртқы, ішкі жəне көлденең бұлшық етін талшықтары арқылы ажыратады. Іш пердесін көлденең фасция бүрмесімен бірге іскекпен қысып алып, оның тартып сыртқа шығарып қайшымен жарады. Содан кейін саусақтардың көмегімен кесу алаңын қайшымен кеңейтеді. Құрсақ қуысының артқы бөліміне енгізілген қолмен, жытыр мүйіздерінің бойымен бағыттап, жатырдың оң мүйізін ен аналық безді сыртқы жара деңгейіне тартып əкеледі. Мезоварийге шынжырлы экразердың ілмегін немесе эмаскуляторды салып аналық безді алады. Осыған ұқсас тəсілмен сол жақ аналық безді алады. Іш пердесін, көлденең фасцияны, көлденең бұлшық етті (немесе оның апосневрозын) жəне қарынның қиғаш бұлшық еттерін кетгутпен тігіп қояды. Тігілген қабаттардың бетіне антибиотик немесе күрделі бактерициттік ұнтақ себеді. Құрсақ қабаттарын жартылай тігуге болмайды, себебі операцияның соңы жарықпен асқыныуы мүмкін. Теріге жəне құрсақ фасциясына түйінделген тігіс салады, оны 10 күннен кейін шешеді.
Колпотомия қолдану арқылы операция жүргізу. Малға жоғарыда айтылған бойынша дайынды жəне сакральді жансыздануды жүргізгенен кейін операцияға кіріседі.
1. Дорсальды колпотомия. Оң қолмен пышақты немесе скальпельді қолданып, саусақтардың арасынан 2 см алға шығарып бекітіп қынапқа енгізеді. Жатырдың
62
қынап бөлімдерін мойнының алдында, қынаптық дорсальды күмбезін жəне оған жабысып тұратын тік ішек жатырлық тереңдетуді құрушы іш пердесін 2 - 4 см көлемінде жарып тіледі. Жараға алма-кезек алдымен бір содан кейін екінші саусақты енгізіп, жараның көлемін кеңейтеді. Содан соң жатырдың катты мойнын сипалап табады да, оның бүйірлерінен аналық бездерді тауып алады.

18 - сурет. Сиыр колпотомиясы.
Қынаптың дорсальды қабырғасын кесу арқылы құрсақ қуысына енгізілген саусақтармен аналық безді бекемдеу
Аналық безді қынап қуысынан алып шығып, экразерді бауымен оны бөліп алады (18 сурет). Егер қажет болса, қолды қынаптан сыртқа шығармай тұрып, сол əдіспен басқа жағындағы аналық безді бөліп алады. Аналық бездерді арнаулы сым ара арқылы жəне Бесхлебников фетотомының резеңке түтігін пайдаланып, көмекшінің көмегімен бөліп алады.
2. Вентральдық колпотомияның (О.Б. Бондаренко тəсілімен) дорсальдықтан ерекшелігі, кесуді жатырдың мойынан 2 - 3 см төмен, қынаптың вентральдық күмбезі тұсында жүргізеді. Колпотомиялық тесік тікелей аналық бездердің орналасқан орнынан шығады, оны қынап қуысына аналық без будаларын аздап керу, оларды шығаруға ыңғайлы болады. Одан арғы əрекеттер дорсальды колпотомиямен бірдей жүргізіледі.
Қынап қабырғасының жарасына тігіс салмайды, өйткені оның шеттері желімделіп жылдам бірігіп жазылады. 6 сағаттан кейін малға су жəне жеңіл қорытылатын азық береді.
6.4.3. Қаншықтар жəне ұрғашы мысықтарды пішу
Нұсқау. Қаншықтың иесінің талабы бойынша, оның мінез-құлқын өзгерту мақсатында операция жасайды. Ұрғашы мысықтың күйіті 3 ай сайын қайталанып отырады. Бұл кезде ол мазасызданып, ерекше бақырып, үйден қашып, шағылысқанша тынышталмайды. Егер бір ұрғашы мысықты еркімен балалата берсе, онда 5 жыл арасында оның ұрпағының саны 100 мыңға
63
жететіні анықталған. Сол себептен де ұрғашы мысықты пішкен дұрыс болады.
Операция техникасы. Жалпы жансыздандыру үшін калипсол, рометар немесе ромпун қолданады. Жергілікті жансыздандыру 0,5 % новокаин ерітіндісімен жасалады, ал оның жоғары концентрациясы жəне лидокаин, ксикаин жануарды уландырады. Мысықты арқасына немесе оң жағына жатқызып бекітеді. Парамедиандық лапаротомияны кіндіктің астынан, паркостальдықты соңғы қабырға жəне сербек аралық ортада 4-5 см тіліп жасайды. Теріні жəне қарын бұлшық еттерін тіліп, жатыр мүйіздерін алып тастайды да, аналық бездерді тауып алады. Жатырлық будаларға тамырларымен қоса жəне екі мүйіздің екі жағынан жеке Денаша инесімен лигатура салады. Аналық бездің алдына жəне артына лигатура салынады (19 сурет).

19 сурет. Қаншықтардың аналық безіне лигатура салу.
6.5. Жарақаттар
Күтімсіздіктен пайда болған жарақат. Қатты еден, тұяқтың қатты ылғалдануы тұяқтың мүйізін жұмсартады. Піштірілмеген өгіздердің құлауынан, құнарсыз күтіп-бағудан, шошқалардың тістесулерінен жарақаттар пайда болады.
Сақтандыру. Тайғанақ жерлерге ағаш ұнтақтарын төсейді. Қораларды уақтылы нəжістен тазартып, еденнің, жем астауларының дұрыстығына көңіл аударады.
Пайдалану кезіндегі (эксплуатациялық) жарақаттану. Спорттық жарақаттар (иттер, аттар), сиырларды машинамен сауу (вакуумды көтерген кезде), қойды қырқу (тілінген, құлаған кезде) жəне малды тасымалдау кезіндегі жарақаттар, сонымен қатар азықтан жарақаттанулар болады.
Сақтандыру. Жұмыс күнінің режимін сақтау, жұмыс аттарын дұрыс пайдалану, сиырларды саууға арнайы күтушіні үйрету, жануарларды айдау кездерінде тұяқтарын тазалау сақтық шараларының бірі болып табылады. Сонымен қатар жеп-шөптің ластануын болдырмау үшін, оларды таратуға арнайы көлікті пайдаланған жөн болады.
64
Соғып алу – тері қабаттарының тұтастығын бұзбай жұмсақ ұлпаның механикалық зақымдануымен, үшкір емес заттарға соғылуынан пайда болады. 1-ші сатылы соғып алуға жекеше талшықтардың созылуы немесе қысылып қалуы жəне майда қан тамырларының (капиллярлардың) жыртылуы (қан құйылу) жатады; 2-ші сатылы – ірі тері асты тамырларының тұтастығы бұзылады жəне қан (қанды ісік) немесе лимфа (лимфа
экстровазат) шел торшасына құйылады; 3-ші сатылы – терінің шектелген бөлігі жəне шел торшасы жансызданады; 4-ші сатылы – ұлпа ұлғайып жұмсарады.
Клиникалық белгілері: 1-ші сатыда – сырып кету, 2-ші сатыда – ісіну, алғашқыда ыстық, содан кейін суық (10 күн бойы) байқалады, 3-ші сатыда - зақымданған бөлік ауырғанды сезінбейді, қимылдау қабілеттілігі саябырлап жойылады.
Емі. Теріні йод тұнбасымен дезинфекциялайды, жергілікті аумаққа суық басып қатты байлап таңады, ал 3-4-ші сатылар барысында антибиотик новокаин қосындысын зақымданған бөліктің айналасына енгізеді, қанды ісікке ихтиол майын жағады. Қуысқа 1% формалинді спирт ерітіндісін салады.
Созылу жəне ұлпаның (тканьдердің) жыртылуы жануарларда жиі кездесетін жарақаттарға жатады. Бірінші жағдайда ұлпаның гистологиялық құрылысы бұзылады, екінші жағдайда – оның анатомиялық біртұтастығы бұзылады. Буын сіңірі, тарамыс (сухожилия), қан тамырлары, жүйкелердің созылуы жəне ұлпалардың жыртылуы мүмкін. Жыртылу (үзілу) толық жəне жартылай болады.
Этиологиясы. Зақымдану ауыр жұмыс кезінде, секірген, құлаған, сүрінген, қысып алған, соғып алған кездерде жұмсақ ұлпаның физиологиялық майысқыштығынан тазарту күші басым болған жағдайда пайда болуы мүмкін. Ауруға малдың арықтығы, серуендердің, жаттығудың жоқтығы, жəне т.б. ықпалын тигізеді.
Белгілері. Жарақат пайда болған жерде жіті асептикалық қабыну (қыздырады, жергілікті қызады, ұлпа ісінеді, ауырсынады, қызметі өзгереді) дамиды. Толық жыртылған кезде қабыну реакциясына дейін, сипау арқылы ұлпалардың ашылып кеткен ұштарының арасындағы тереңдікті байқауға болады.
Болжау. Күрделі еттер, сіңір, тарамыс, жүйкелер толық жыртылған кезде ауру малдарды жарамсыз деп санайды.
Емі. Жануарға тыныштық береді. Созылған жəне жартылай жыртылған кездерде жергілікті салқындататын, ал сосын жылытатын процедураларды қолданады. Толық жыртылғандарды операциялық жолмен (жыртылған ұштарын тігеді, гипс немесе шиндік байлау салынады) жүргізеді.
65
6.5.1. Ашық механикалық зақымдану
Жара – ұлпалардың сыртқы қабатының (терінің, шырышты, кілегей қабықшалардың) тұтастығы механикалық жолдармен зақымдалуы. Жарадан сырып кеткенді (эпидермистің ошақтық зақымдануы) жəне тырнап кеткенді (эпидермистің бір бағыттағы зақымдануы) ажырата білу керек.
Жаралар зақымдану бағытына байланысты кесілген, шаншылған, шабылған, тістелген, жұлынған, атылған жəне аралас түрдегілер болып бөлінеді. Бұлардан басқа тесіп өткен, көзсіз жəне анатомиялық қуысқа қадалған түрлері болулары мүмкін.
Операциялық жараларды қоспағанда, іріңді ошақты тесіп жарумен байланысты емес барлық жаралар залалданады. Сонымен қатар оларға бөгде заттардың да түсуі мүмкін.
Жараның шеті, қабырғасы, түбі жəне ішкі қуысы болады. Əдетте жараның шеті мен қабырғасы айрылып ажырап кетеді, оны жараның үңіреюі дейді. Жараның үңірею оның шеткі қабатына, зақымданған жұмсақ ұлпаның қозғалысына, тереңдігіне, көлеміне жəне түріне байланысты болады. Тігінен зақымданған етте, сіңірде, көлденеңіне қарағанда үңірею аздау болады. Кесілген, шабылған жəне жыртылған жараларда үңірею жақсы байқалады. Шаншылған жараларда ол əлсіз немесе тіптен болмайды.
Қан ағу жараға тəн құбылыс. Қан ағудың сыртқа, ішке (ұлпаларға, қуысқа ағады), сонымен қатар артериалдық, веноздық жəне капиллярлық түрлерін ажыратады.
Артериялық қан ағу. Аққан қан ашық-қызыл түсті болады. Веноздық қан ағу кезінде, қан үздіксіз тоқталмай ағады жəне қоңыр-қызыл түсті болады. Капиллярлық қан ағу кезінде қан ағып тұрған тамыры байқалмайды да, қан жараның бетін жауып ағады. Бұл қан ағу əдетте, өздігінен тоқтайды.
Жараның жазылу процестері үш сатыда өтеді: 1) гидратация (жараның өздігінен тазаруы) немесе дегенеративті кезеңінде жара маңындағы ұлпалар қатты, зақымданған ұлпа бөлініп түседі, жара жалқаяқтанады жəне бірте бірте тазарады; 2) регенеративті немесе дегидратация (жарадағы судың азаюы) кезеңінде жарадағы қабыну процесі бəсеңдейді, жара тазарады, ұлпалар тығыздалады жəне жара орны жас ұлпалармен толығады; 3)
жараның тыртықтанып бітуі немесе терінің қыртыс қабатының түзілуі. Бірінші кезеңде жіті қабыну дамиды, қан айналымының бұзылуынан ацидоз, экссудация (жалқаяқ ұлпаға жиналады) пайда болады жəне коллоидтар ісінеді. Екінші кезеңде қабыну біртіндеп бəсеңдейді, қан айналымы мөлшеріне келеді, тамыр қабырғасының өткізгіштігі, сонымен қатар ұлпаның ісінуі (дегидратация) азаяды, экссудаттың бөлінуі тоқтап, зақымданған жердің үстіңгі қабаты бірқалыпты бітеліп бекітіледі. Жараның жазылуы бірінші немесе екінші тартылу бойынша қабыршақтанып жүреді. Ол жануардың жалпы жағдайына, зақымдану түріне,
66
залалданған ұлпаларға, сонымен қатар олардың өліеттену дəрежесіне жəне т.б. байланысты.
Бірінші рет жыртылып жазылу іріңдемей өтеді, жарақаттың орнына əлсіз байқалатын тыртық пайда болады. Осындай жолмен асептикалық операциялық жəне қаны ұқыпты əдіспен тоқтатылған, өлі ұлпадан тазарған, қоздырмайтын антисептикалық дəрілер қолданылғанда жəне жүргізілген тігістен кейін төтенше пайда болған жаңа жаралар жазылып шығады. Одан жараның жазылуы қабырғасы мен шетін жақындатқаннан кейін бірінші сағатта басталады.
Алғашқыда жара саңылауында жіңішке бірінші болып фибриндік жабысу түзіледі, оған ауысып жүретін лейкоциттер, лимфоциттер, фибробластер мен макрофагтар көптеп сіңеді. Осының нəтижесінде жарада протелиоз жəне фагоцитоз туындайды. Сонымен бірге жараның қабырғасының арасында капиллярлар түзіле бастайды. Оның ұштары фибриндік жабысуға енеді жəне эндотелиялдық өсінділер арқылы өзара бекітіледі. 4-5 күннен соң жараның қабырғаларын қосатын тамырлардың жалпылай тарамысы пайда болады. Содан кейін капиллярлардың маңайында фибробластарға өте бай дəнекерлік ұлпа түзіледі. 7-10 күнде ол төзімді талшықты дəнекер ұлпаға айналады, осы кезде ғана тігілген тігісті алып тастайды, бұрынғы жараның аймағында қызғылт тыртық қалады. Ары қарай ол бозарады, тартылады жəне байқалмайды немесе жоқ болып кетуі мүмкін болады.
Екінші тартылу кезінде іріңдеу қатар жүреді, ол мына жағдайларда: егер жара үңірейсе, шеті, қалтасы біртегіс болмаса, залалданған болса жəне көптеген тіршіліксіз ұлпалар пайда болған кезде болады. Сəтті жазылу кезінде 3-4 күн ішінде өлі торшалардың босаған орындарында капиллярлар пайда бола бастайды. Жара қабырғасы ашылып кеткендіктен олар өзара қосылмайды, ал майысып тамыр түйінін құрайды, маңайында шоғырланған лейкоциттермен, полибластрмен, макрофагтар жəне фибробластрмен бірге бөлекше гранулалар түзейді.
Грануляциялы жазылу кезінде жараның түбінен бөлекше гранулалар түзіледі. Грануляциялы жазылу процесі жараның түбінен жəне қабырғасы жағынан шетіне дейін жетеді.
Тереңдікте жатқан гранулалар ескіріп қаннан босайды жəне алғашқыда талшықты дəнекер ұлпаға айналады, ал сосын тыртық пайда болады. Соңғысы көлемі жағынан кішірейіп, жараның қабырғасы мен шеті тартылады. Гранулдеу жəне жетілу аяқталғаннан соң, гранулдің жоғарғы қабаты сау тері жағынан бастап жетіледі (эпителизацияланады). Жара 3-4 апта аралығында толық жазылады. Бірақ эпителии қабығында шаш тармақтары, май жəне тері бездері түзілмейді, ал тері үстінде тыртықтың пайда болуы мүмкін.
Жараның қабыршақтанып жазылуы ірі қараларға жəне шошқаларға тəн болып келеді. Бұл жануарларда жазылу процесі кезінде 2-3 тəулікте жара
67
фибринге толып кебеді жəне соңынан қабыршаққа айналады. Оның құрамына қанның қалыпты элементтері мен жансызданған ұлпа кіреді. Қабыршық сыртқы қоздырғыштардан қорғайтын биологиялық байланыс қызметін атқарады. Алдағы уақытта оның жазылуы іріңсіз қабыршақтану немесе жартылай жəне толық іріңдеу түрінде өтеді. Іріңдеген жара (бөлігі) екінші тартылу бойынша жазылады немесе екінші қабықша түзілуден бұрын жүреді. Жылқыларда үстіңгі қабат жаралары қабыршақтанып жəне жырып, тырнап (серозды қабынудың түрі) кеткендер ғана жазылуы мүмкін.
Жараланған жануарларды емдеу. Қан ағу кезінде жəне жітілі қан аздылықта, оған түрлі шаралар қарастырылады. Қан ағуда жараға тартқыш бұрау, мақталы дəке, қысатын таңғыш жəне қан тоқтататын пинцеттерді қойып, тамырды байлау арқылы тоқтатады. Ішке қан ағу кезінде организмге қанның ұюын арттыратын (10 % кальций хлоридінің ерітіндісі), гиалиуронидаза, К витамині жəне т.б. дəрілер, ал жіті қан аздылық кезінде жүрек жұмысын (кофеин, камфора майы) жəне өкпені (лобелии) жақсартатындар қолданылады. Қан өзегін сұйықтықпен толықтыру мақсатында, жануарларды көбірек суарады, сонымен қатар тамырға натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісін немесе қан құяды.
Операциядан кейінгі жараларды антисептикалық ерітінділермен (этакридин лактат ерітіндісі -1:500, фурацилин-1:500 жəне т.б.) өңдейді, сосын антибиотиктермен шайып, оны тігеді. Мұндай ұқыпты өңделген мұндай жара бірінші тартылу бойынша жазылады. 7-10 күннен кейін тіккен тігісті алып тастайды.
Жаңадан пайда болған (12-24 сағат ішінде) төтенше жараларды хирургиялық жолмен өңдейді: зақымданған ұлпаларды стерильді сорғыш қағазбен немесе мақталы дəкемен жабады, маңайындағы түкті қырқады, теріні ластықтан тазартып 5 %-спиртті йод ерітіндісін жағады, ал жараның өзін құрамында қоздырғыштары жоқ антисептикалық ерітінділермен жуады. Жарадан еттің, терінің, майдаланып кеткен ұлпалардың жұлынғандарын алып тастайды, оның үстіңгі қабатын антибиотиктермен шаяды да тігеді. Көптеген жағдайларда мұндай жаралар бірінші тартылу бойынша жазылады. Егер тігуге жарамсыз болған жағдайда, ашық тастап емдеу əдісін қолданады немесе таңады.
Ірі қара мал мен шошқаларда жараның үстіңгі қабатында қабыршақтар түзіледі (оған стрептоцид себеді, норсульфазол жəне басқа да сульфаниламид препараттарын қолданады).
Індеттен асқынған жаралардың жарақаттанған аймағының ұлпалары ісінеді. 3-6 тəулікте оның қуысында шырышты-іріңді (жылқыда, итте) немесе фибринді-іріңді (сиыр мен шошқада) экссудат пайда болады. Жануардың жалпы жағдайы төмендейді. Мұндай жаралардың өңдеуін операциялық алаң дайындаудан бастайды, содан кейін ғана оның қуысын перманганат калий (1:1000, 1:5000) ерітіндісімен немесе 3 % сутегі тотығы ерітіндісімен жуады, қалтасын қиып жəне өлі ұлпаларды алып тастайды. Сосын жараны таңады
68
немесе жара процесінің ерекшеліктеріне байланысты жəне аурудың түріне қарай ашық əдіспен емдейді.
Жараны бірінші сатылы жазылу кезінде əлсін-əлсін жоғарыда көрсетілген ерітінділермен жуады жəне керекті жағдайда оған 10 % натрий хлорид ерітіндісі сіңген сорғыш байлайды. Сонымен қатар сепсистен сақтандыру үшін бұлшық етке антибиотик жібереді. Жараның ұлпалары жетіле бастаған кезден бастап (екінші сатысы - дегидратация) жараны экссудаттан антисептикалық ерітінділер қолдана отырып тазалайды, бұдан кейін жаңа ұлпаның пайда болуына əсерін тигізетін, құрамында майы бар (стрептоцид линименті, Вишневский майы) линименттерді көбірек жағады жəне бұлар жараны қайта зақымданудан сақтандырады. Жаңадан жетіліп келе жатқан ұлпаның ақауын толықтырғаннан соң, кептіретін антисептикалық ұнтақ қолданады.
6.5.2. Термикалық жəне химиялық зақымданулар
Термикалық (ыстықтың) күю мал қораларында болған өрттен, кейбір кезде қайнаған су, будың əсерінен болуы мүмкін. Жоғарғы қызудың əсерінен ұлпаның белоктары (ақ заты) ұйыйды, ал жайылып күйген кезде жануардың жалпы жағдайы бұзылады, кейде (есінен танып қалуы) шок, (қанның улануы) токсемия пайда болады. Əсіресе ылғалды күюлер қауіпті.
Белгілері. Күйіктің төрт сатысын ажыратады: бірінші сатысы қызаруымен, ісінуімен жəне күйген дене бөлігін қатты ауырсынуымен сипатталады. Жалынмен күйген кезде терінің үстіңгі қабаты көмірленген массаға айналады.
Күйіктің екінші сатысы қызаруымен, тері асты қабатының (клетчаткасының) диффузды ауырсынатын ісінуімен, соңынан тері қабатының жəне терінің бүршіктік қабатының жартылай өліеттенуімен, сонымен қаттар (итте) күйген ұлпаның үлдіреулерімен сипатталады.
Күйіктің үшінші сатысында алғашқыда бірден қызарады жəне ұлпа ісінеді. 3-4 тəуліктен кейін терінің күйген жері ауырмайды жəне қоңырқай тартады (өліеттенеді).
Күйіктің төртінші сатысының нəтижесінде теріде жəне терең жатқан ұлпаларда (өліеттену) некроз дамиды. Жануарда күйіктің ауруы (токсемия) дами бастаған кезде, ол аласұрған жағдайда болады, бірақ тез əлсізденіп соңынан тынышталады.
Болжау. Екінші – төртінші сатыдағы күйікте жануардың денесі 50 % зақымданған жағдайда өліммен аяқталады.
Емі. Жалпылай күйген кезде күйіктің əсерінен ауырсынудан сақтандыру шаралары қолданылады. Ауырсынғанды жою үшін тамыр арқылы 10 % бромды натрий ерітіндісін немесе 0,5 % новокаин енгізеді. Организмнен токсиндерді шығару мақсатымен тамырдың ішіне 40 % гексаметилентетрамин (уротропин) ерітіндісін енгізеді немесе қанын
69
ағызады, ал содан кейін қан құяды немесе натрий хлоридінің ерітіндісін енгізеді. Суды көп мөлшерде береді. Күйген жердің түгін (жүнін) қырқып, тез арада теріге суық (10-15 оС) басады (2-3 %-ті калий перманганат ерітіндісі немесе танинмен дəріленген шүберекті 1-2 сағат бойы басады). Бірінші жəне екінші сатыдағы күйгендерге жоғарыда көрсетілген ем жақсы нəтиже береді, малдар сауығады. Үшінші жəне төртінші сатыдағы күйгендерге алдыңғы көрсетілген ем жақсы нəтиже береді, малдар сауығады. Үшінші жəне төртінші сатыдағы күйіктерді емдеп жазу үшін Вишневский майын, стрептоцид эмульсиясын жəне т.б. жағады.
Химиялық күйіктер ұлпаларға қышқылдың, сілтінің, ауыр металдардың тұздары, сөндірілмеген əктің əсерінің нəтижелерінде туындайды. Белгілері. Қышқылдың əсерінен туындаған күйіктерге қарағанда сілтілерден пайда болған күйіктер аса қауіпті. Қышқылдың əсерінен ұлпалар ылғалсызданады, олардың белоктары (ақ заты) ұйыйды. Соның нəтижесінде теріде қатты қабыршық түзіледі, ол қышқылдың терең қабаттағы ұлпаларға енуіне кедергі жасайды. Сілтілер болса белоктарды ерітеді жəне ұлпаның майларын көпіртіп, олардың терең қабатына өтеді.
Бұл жағдайда күйіктің орнына қалың жұмсақ сары түсті қабықша түзіледі. Қышқыл мен сілтімен күйген жануардың жалпы жағдайы аздап қана өзгереді.
Емі. Зақымданған бөлікті кешіктірмей сумен жуады. Сосын ондағы химиялық заттың қалдығын келесілермен: қышқылдарды – 2-3 % натрий гидрокарбонаты ерітіндісімен немесе нашатыр спиртімен: сілтілерді – 2 % сірке, лимон немесе бор қышқылдарын қолдану арқылы бейтараптайды. Əкпен күйген кезде күйген жерді 20% қант ерітіндісі сіңген таңғышпен таңып байлайды. Ажыраған өлі ұлпаларға Вишневский немесе стрептоцид майын жағады.
Төменгі температураның əсерінен ұлпалардың үсуі мүмкін. Оған ауаның жоғарғы ылғалдылығы, қатты жел, малдың арықтығы, авитаминоздар, терлеу, қатты шаршау, көп қан кету т.б. ықпалын тигізеді. Көбінесе дененің мына бөліктері (желіндер, құлақтың ұшы, ен, ен бауы, ерін, құйрық жəне аяқтары) үсікке жиі шалдығады.
Белгілері. Үсігеннің 3 сатысын ажыратады. Бірінші сатысында эпидермистің жоғарғы қабаты зақымданады. Мұнда зақымданған тері бөлігі жылытқанға дейін боз түсті сезімталдығы байқалмайды жəне қаттылау болып келеді. Суықтың əсері тоқтағаннан кейін, онда тұрып қалған гиперемия, ісік, ал 2-3 күннен соң эпидермис қабыршақтанады жəне қышиды, бұл құбылыстар аз уақытта ғана байқалады.
Екінші сатыдағы үсік кезінде терінің терең қабаты зақымданады. Бұл қабат қатты, боз түсті, ал жылытқан кезде қоңыр-көк түсті болады, ісікті қанды экссудатқа толы бөрткен басып кетеді. Уақытқа байланысты эпидермис (өліеттенуге) некрозға ұшырайды, бөріткендер жарылады жəне экссудат тартылады.
70
Үшінші сатыда үсіген жағдайда тері мен қоса тереңде орналасқан ұлпалар да зақымданады. Тері ақ түсті, мұздай, қатты болып келеді жəне ауырғанды сезбейді. Реактивті кезеңде зақымданған бөлікте диффузды ісік дамиды. Ары қарай тері жəне тері асты торшасы жансызданады. Ыдыраған ұлпаның орнына ұзақ уақыт бойы жазылмайтын жаралар пайда болады.
Емі. Дененің зақымданған бөлігін тез арада жылы сумен жылытады, үй температурасындағы су сіңген қатты сорғышты үсіген бөлікке басады, 10 минуттан кейін судың температурасын көтеріп, су сіңген сорғыш қайта қойылады. Сорғышты əрбір 30-40 минут сайын жылы суға (38-40 оС) малып, сығып қойып отырады. Ары қарай бірнеше күн бойы теріні 4-5 % калий перманганаты ерітіндісін жағып ысқылайды.
Бөріткендер жарылған кезде Вишневский майын қолданады. Сулы гангренадан сақтандыру үшін жансызданған ұлпаларға 5 % спиртті йод ерітіндісін немесе бриллиант көгін жағады, ал олар ажырағаннан кейін зақымданған дөңеске Вишневский майын, стрептоцид эмульсиясын немесе құрамында майы бар басқа антисептикалық дəрілер қолданылады.
6.6.Сүйек аурулары
Сүйектің сынуы деп бір күштің əсерінен сүйек ұлпасының тұтастығының бұзылуын айтады.
Этиологиясы. Ауру соғудың, құлаудың, аяқтың қысылып қалуының жəне т.б. себептердің нəтижесінен туындайды. Сыныққа сүйек ұлпасының патологиялық жəне физиологиялық өзгерістері (остит, остеодистрофия, рахит, жануардың қартаю, жасы) ықпалын тигізеді.
Белгілері. Сынықтың жабық, ашық (бірінші жағдайда терінің тұтастығы, кілегей қабығы бұзылмайды, ал екіншіде бұлардың тұтастығы бұзылады), толық емес (сүйектің жартылай тұтастығының бұзылуы, тарылу, бөліну, жартылай бөліну) жəне толық (сүйектің қалыңдығы бойынша, оның ажырап кетуі) түрлері болады. Жартылай сынған кезде ағзаның функциясы бұзылады, сипаған кезде ауырсынады. Толық сыныққа ауырсыну, функциясы жəне түрінің бұзылуы, сүйектің буыннан бөлек қимылдауы, сүйектің сықырлауы тəн болады.
1-2 тəуліктің ішінде сынық аймағында ауырсынатын ыстық ісік пайда болады, көбінесе жануарларда 3-6 тəулікте əлсіз делбе байқалады, ауырсынып қиналады, тамыр соғысы жиілейді, тəбеті төмендейді немесе тіптен болмайды.
Балау. Толық сынықты клиникалық белгілер бойынша реактивтік қабынуға дейін балайды, ал сынық бұрын болған жағдайда рентгенография жүргізіп себебін анықтайды.
Болжау. Жілік сүйегі сынған ірі қара жəне бөлшектеніп, мыжылып сүйегі сынған ұсақ малдарды жарамсыздыққа шығарады.
71
Емі. Сүйек сынығы анықталған малға көрсетілетін көмектің бірі орнынан ауысқан сынықты түзеу, оларды ыңғайына қарай бекемдеу, тез жазылуына жағдай жасау. Наркоз беру немесе жергілікті жансыздандырумен сынықты орнына келтіру бірден жүргізіледі (ісік дамыған кезде орнына келтіру өте қиын). Аяқ сүйегі сынған кезде, оның буынын толық жауып таңып қояды. Ұсақ малдардың сынған жілігін біріктіру үшін темір немесе пластмассалы штифтер қолданылады.
Сынықтың жазылу құбылысын шартты түрде 4 кезеңге бөледі. 1. Дайындық кезең (жарақаттанған уақыттан басталады) аққан қанның фибрині бөлініп, сынған бөлшектердің ұшына жинақталады, қабыну процесімен қатар экссудация, лейкоциттердің ауысуы, фагоцитоз, қан қоюлығының жəне зақымдалған ұлпаның таралуы, бір мезгілде сынған бөлшек ұштарының детерализациялануы жəне капиллярлардың қалыптасуы өтеді.
2. Дəнекер ұлпа сүйегінің түзілуі (3-4 тəулік) қан құрамында сүйек қабығының остеогенді торшалары эндооста, сүйек майы, капиллярлар еніп өседі де, олар біртіндеп остеобласталарға (сүйек құраушы клеткалар), ал аралық заттары – коллагендік талшықтарға айналады, соңында сынықтың ұштары бірігеді.
3. Сүйелдің сүйектенуі (сынықтар қосылған кезеңнен 10-12 тəуліктен соң басталады) процесс жинақталған кальций тұзы мен фосфордың есебінен жүреді жəне жүйесіз түрде өтеді, айтарлықтай мөлшерде сүйек ұлпалары өседі, жылқы мен иттің сынықтары 35-45 күнде, сиыр мен шошқада 25-23 күнде бітеледі, бірақ жаңа пайда болған ұлпа толық анатомиялық жəне қызмет атқара алмайды, зақымдалған мүше функциялары жайлап орнына келе бастайды.
4. Сүйек сүйелінің ақырғы түзілуі бірнеше айға созылады, бұл кезде сүйек балкалары жайылып сіңеді, ал қысым бекемделеді.
Сынықтардың жазылу белсенділігін арттыру мақсатында жануарлар рационын құнарлатады, оларға кальций ферол, минерал қоспалары, аскорбин қышқылы азықпен қосымша беріледі.
Бақылау сұрақтары:
Малдарды хирургиялық операциямен пішудің маңыздылығы мен мақсаты. Еркек малды пішудің анатомиялық-типографиялық деректері. Малды пішуге дайындау ережелері.
Еркек малды пішу əдістерінің жалпы сипаттамасы.
Айғырды пішу əдістері.
Бұқаларды пішу əдістері.
Қошқар мен текелерді пішу əдістері.
Қабанды пішу əдістері.
Бураны пішу əдістері.
Төбеттерді пішу əдістері.
Еркек малды пішкеннен кейінгі асқынулар.
72
Крипторхиттерді пішу.
Ұрғашы шошқаларды пішу əдістері.
Пішуден кейінгі асқынулар.
Сиырлар мен тайыншаларды пішу əдістері.
Қанщықтар мен ұрғашы мысықтарды пішу.
Жарақаттардың пайда болу себептері.
Жарақаттардың клиникасы.
Жарақаттардың емі.
Ашық механикалық зақымдану.
Жарақаттық қан ағудың түрлері.
Жараланған жануарларды емдеу.
Термикалық жəне химиялық зақымданулар.
Сүйек ауруларының этиологиясы, клиникалық белгілері.
Сынықтың жазылу құбылысының кезеңдері.
7. Улану
7.1.Тұздардан улану
Ас тұзынан улану. Ас тұзымен, əсіресе шошқа уланғыш келеді. Денесінде минерал заттар жетпейтін шошқа тірі салмағының əрбір килограмына 0,5-2,0 г ас тұзын берсе өліп қалуы мүмкін.
Улануы. Денеге түскен ас тұзы негізінен ащы ішек арқылы сіңеді. Ас тұзы денеге көп мөлшерде сіңсе, жүйке жүйесі зақымданады, бір жəне екі валентті катиондардың тепе-теңдігі бұзылады, ұлпалардың осмостық қысымы өзгереді, су мөлшері азаяды, осының нəтижесінде мұндағы белок ыдырайды.
Белгілері. Шошқаның улануы жіті түрде өтеді. Уланатын мөлшерде ас тұзын немесе ас тұзы көп азық жеген шошқа, 2-3 сағаттан (кейде 12-16 сағат) кейін қатты шөлдейді, оның тұмсығы көбіктеніп сілекей ағады, құсады, тісін шақырлатады, демігеді. Шошқаның азыққа деген тəбеті болмай, жұтқыншағы жартылай салданады. Аузы мен танау жəне көздерінің кілегей қабықтары көгеріп кетеді, көзінің қарашығы үлкейіп, мал соқыр болуға жақындайды Шошқа тəлтіректейді, басын шалқайтады; елеріп ілгері ұмтылады, немесе қабырғаға жəне қозғалмайтын заттарға басын тіреп тұрып қалады. Одан əрі елеруі басылып, мең-зең болады, бұлшық еттері дірілдеп құрысады, алдымен шошқаның артқы жағы, бара-бара бүкіл денесі салданады. Шошқа сіреспе, салдануға ұшырап, 24-56 сағат ішінде өліп қалады.
Сиырда уланудың клиникалық белгілері əдетте ас тұзын жеген соң 3-4 сағатттан кейін біліне бастайды. Малдың сілекейі шұбырып қатты шөлдейді, тынышсызданады, басын селкілдетеді, əлі кетіп күйзеліске ұшырайды, жүрек қызметі нашарлайды, күйіс қайыруы тоқтайды, денесінің қызуы 36 оС- ға дейін, тіпті одан да төмендеп кетеді, ішектің жиырылуы күшейіп, малдың іші судай өтеді.
73
Ас тұзын жеген соң 3-5 сағат өткеннен кейін қойдың ішек жиырылуы жиілейді. Оның өкпесі ісіп, тұншығады, оның бұлшық еттері дірілдеп, бөксесі салданады.
Паталогоанатомиялық өзгерістер. Паренхиматозды мүшелерден көптеген ұсақ қан дақтары көрінеді. Өкпе ісінген, оның түсі күрең, кейбір жері көгерген болады. Қарын түбінің ішкі қабығы шие тəрізді болып қызарған, ішектің қанталап қабынғанын көруге болады. Бауыры үлкейіп, оны қан кернейді, ол тарғылданып өзегі былжыраған болады, бүйректерден ұсақ қан дақтарын байқауға болады. Кейде қан гемолизге (қызыл қан түйіршіктерінің жарылуы) ұшырайды. Сиыр ұлтабарының ішкі бетіне өліеттенген ойық жаралар болады.
Емі. Малдың қарнын клизма жасау арқылы жылы сумен бірнеше қайтара шайып тазалайды. Сүт, өсімдік майы, зығыр дəнінің қайнатындысын ішкізеді. Сиыр мен жылқы салмағының əр килограмына 0,5 мл мөлшерінде 10 % хлорлы кальций ерітіндісін күре тамырына жібереді. Шошқаның тірі салмағының əрбір килограмына 1-2 мл мөлшерінде 1 % желатинаде езілген 10 % хлорлы кальций ерітіндісін тері астына енгізеді. Жүрек қызметін жақсарту үшін тері астына кофеин жəне т.б. дəрмектерді қолданылады.
Фтор тұздарынан улану. Фтор тұздарын дұрыс сақтамаса жəне дұрыс пайдаланбаса, олардан мал уланып қалуы мүмкін.
Улануы. Фтор тұздарының уыттылығы қосындысының химиялық құрамына, организмге əсер ету мерзімінің ұзақтығына, сондай-ақ түлік түріне байланысты. Құрамында фтор неғұрлым көп болса, қосынды соғұрлым уытты келеді. Малдың қарнында фтор мұндағы тұз қышқылының əсерімен фторлы сутегіне айналады. Фторлы сутегі организмде кальцийдің иондалмаған тұздарымен реакцияға түседі де, кальцийдің алмасуын бұзады.
Белгілері. Фтормен қатты уланған сиыр əлсірейді, шөлдейді, аузынан сілекейі шұбырып, көзінен жас сорғалайды. Жүрек қызметі бастапқы кезде күшейеді, бірақ көп ұзамай қан қысымы күрт төмендеп, жүректің соғуы баяулайды. Мал тынысы жиілеп, тəбеті болмайды, күйіс қайтармайды. Ұлтабар тұсын басып сипаған кезде мал ауырсынады. Малдың іші қатты өтеді, кейде оның нəжісіне қан араласады. Мал көздері үңірейіп, басын кеудесіне қайырып жатып қалады, кейде тісін қайрайды. Алғашқы сағатта, көбіне фтор асқазанға түскеннен кейін 2-5 күннен соң мал өліп қалуы мүмкін.
Жылқы елеурейді, оған өлі тиеді, мал терлей береді. Ауыздың ішкі қуысының кейбір жерлері ісінеді. Жылқы қатты шөлдейді, жиі-жиі несеп шығарады, оған белоктың араласуының себебінен несептің түсі лайланған түрде болады. Малдың тынысы жиілеп, ентігеді, дене қызуы əдеттегі қалыпта болады. Ауру 1-2 сағатқа, кейде бір тəулікке созылады.
Қой əлсіреп мең-зең күйде болады, оның кейбір бұлшық еттері тартылып, тырысады. Уланған қой алғашқы тəуліктің ішінде өліп қалады.
74
Шошқа күйзеліске ұшырайды, қайта-қайта сұйық нəжіс шығарады, ауық-ауық шыңғырған дауыс шығарады да, құса береді.
Азықта фтор шамадан тыс көп болса, шошқа жиі уланады. Мұндай жағдайда оның тістері қисая қажалып, сүйектері морт сынғыш болып келеді, тұяқтың сыртқы түгі түсіп қалады.
Паталогоанатомиялық өзгерістер. Өлексе тез сіресіп қалады. Құрсақ қуысына лайланған сарғыш жалқаяқ жиналады. Ұлтабар түбі мен ащы ішектің кейбір жерлері қанталап қабынады, өліеттенеді. Сиырдың бауыры сарғайған, əрі күрт бөлінгіш болып келеді, бозарған, ал жылқының бауыры ұлғайған жəне үстіңгі қабатында қан дақтары болады. Жүрек еті болбыр, қан сұйылған, гемолизге ұшыраған, оның түсі қоңыр. Шошқаның ащы ішегі бір
бірінің ішіне кіріп қатпарланған (инвагинация) болады. Жылқының соқыр ішегі мен құрсағының кей жерлері жəне өкпенің түгелдей ісінгені байқалады. Емі. Қарынның ішін 1-2 % хлорлы кальций ерітіндісімен жуып-шаяды. Малдың салмағының əр килограмына 0,5 мл мөлшерінде 10 % хлорлы калий ерітіндісі күре тамырына жіберіледі. Жүрек қызметін жақсарту үшін тері астына кофеин жəне т.б. қолданылады. Емделген малға 2-6 сағаттан кейін сүт кілегейі, қайнатпа, белокты су ішкізеді, сонымен қатар 5-7 күн бойы тез қорытылатын жұмсақ азық беріледі.
Мыс тұздарынан улану. Мыс препараттары ауыл шаруашылығында өсімдіктердің саңырауқұлақ ауруларына қарсы қолданылады. Улануы. Мөлшері шектен тыс көп болса, мыс тұздары зиянды əсер береді. Мыс тұзының əлсіз ерітіндісі тұтқырлағыш дəрі ретінде əсер етіп, ішек-қарынның кілегей қабығын тітіркендіреді, ал оның 10-30 % ерітіндісі қарынның кілегей қабығын күйдіреді, ащы ішектен денеге сіңіп негізінен бауырға барып жиналады да, кейіннен тоқ ішек арқылы бөлініп шығады. Белгілері. Ауыздың ішкі қуысын қан кернеп қызарады да, одан сілекей шұбырады, малдың іші өтеді, оның нəжісі көк жасыл түске боялады, кейде құсады, денесі дірілдейді, теңселіп қисалаңдайды, тынысы тарылып демігеді, ринитке (танаудың ішкі бетінің қабынуы), конъюктивитке (ноғала) ұшырайды. Дене қызуы əдеттегіден төмен, бауырын сипаған кезде мал ауырсынады, өлер алдында дірілдеп, салданады, оның несебі қызғылт кофе түстес болады. Шошқа мен иттің қызыл иегінде кейде қызғылт жиек пайда болады. Мидағы қан тамырларының жиырылуын басқаратын орталықтың салдануға ұшырауынан мал өлім-жітімге ұшырайды.
Паталогоанатомиялық өзгерістер. Өлексе сіреседі, іші кеуіп дөңкиіп кебеді, ішек-қарынның кілегей қабығы қанталап қабынады, оның кей жері ойылған, құрсақ қуысына су толған, бауыр аздап үлкейген, сарғыш түсті болады. Өт қабы сарғыш түсті өтке толған болады, екі бүйрегі де үлкейген, олардан ұсақ қан дақтары байқалады.
Емі. Қарынды ағаш көмірінің ұнтағы салынған сумен немесе сарғыш қан тұзының 1 % ерітіндісімен жуып шаяды. Сонымен қатар малға белокты
75
су, кілегейлі тұнба ішкізеді, тері астына – жүрек сергіткіш дəрілер, күре тамырға глюкоза енгізеді. Малға сүт, май ішкізуге болмайды.
7.2.Нитраттар мен нитриттерден улану
Мал əдетте азотты тыңайтқыштардан уланады. Азотты тыңайтқыштар шашылған жерде өскен дақылдар мен тамыр-түйнекшелердің (қызылша) құрамында нитраттар болады, оларды жеген мал уланып қалады. Пісіріп баяу суытқан қызылшаны жеген малдың улануы жиі кездеседі. Мұндай қызылшада нитраттар нитритке айналады, сондай-ақ онда азот тотығы жəне малды улайтын кейбір қышқылдар пайда болады. Нитраттар мен нитриттердің уыты əсіресе қышқылды ортада күшейе түседі.
Улануы. Нитраттар мен нитриттер көбінесе жүйке жүйесіне, қан тамыры мен қанға əсер етеді. Олар қан қысымын төмендетеді, қан тамырлырының жиырлуы қабілетін нашарлатады, мұнымен бірге қандағы оксигемоглобинмен олар байланысады да, оны ажырамайтын тұрақты метгемаглобинге айналдырады, осының нəтижесінде ұлпаларға оттегі жетіспей қалады. Ірі қараға – 100 г, шошқа мен қойға – 20-30 г кальций селитрасын (нитрат) берсе, олар өліп қалады. Нитриттердің уыты бұдан 10-20 есе төмен (əлсіз) болып келеді.
Белгілері. Нитраттар мен нитриттермен уланған кезде клиникалық белгілер қанда құралған метгемаглобиннің мөлшеріне байланысты болады. Олардың қандағы мөлшері 20 %-дан аспаса, метглобин мүшелер мен үлпалардың қызметін бұзбайды, ал 40 %-ға жетсе улану белгілері айқын білінеді, егер қандағы метгемаглобин 60-70 % болса, мал өлім-жітімге ұшырайды.
Уланудың сыртқы белгілері құрамында нитрат бар азықты жеген соң бірнеше минут өткеннен кейін біліне бастайды. Шошқаның ауызынан көп мөлшерде сілекей шұбырып ағады, ол лоқсып танауларыннан қоймалжың су бөлінеді; көздерінің қарашығы үлкейіп, кілегейлі қабықтары бозарып, сұрғылттанады, тұмсығы мен құлақтарының ұштары көгеріп кетеді. Дене қызуы əдеттегідей, кейде одан төмен болады; шошқа ентігеді, тынысы тарылып, қырылдайды. Құрамында нитрат бар азықты жеген шошқа 30 минуттан соң өлімге ұшырайды.
Сиырдың ауызынан сілекей шұбырады, іші кебеді, азықтан бас тартады, оның ішегінің жиырылу қабілеті күшейеді, мал үздіксіз газ шығарады, жүрегінің қалыпты қызметі бұзылады. Уланған сиыр 24-48 сағат ішінде өліп қалады.
Паталогоанатомиялық өзгерістер. Шошқа қарнының жынынан хлор ісі шығады, ұлпалы мүшелерін қан кернейді. Малдың өлексесі күп болып кеуіп кетеді, бұлшық еттері сұрғылттанып ағарады, ішек газға толып, кілегей қабығы суланып қабынады, ұлтабар мен ішекте уытты жаралар байқалады. Қанның түсі қоңыр қара, шала ұйыған болады.
76
Емі. Малдың салмағының əр килограмына 1- 0,5 мл мөлшерінде 2 % метил көгінің ерітіндісін күре тамырына жібереді. Жүрек қызметін жақсарту үшін кофеин, оттегі жəне т.б. тері астына енгізеді.
7.3.Хлорорганикалық қосындылардан улану
Хлорорганикалық қосындылар (ДДТ, гексахлоран, линдан, хлортен, хлориндан, гептахлор, ДДД, метаоксихлор, пертан жəне басқалар) ауыл шаруашылығында өсімдік зиянкестеріне қарсы, сондай-ақ тері паразиттерін жою мақсатында қолданылады. Олар дуст, сүртпе май, эмульсия жəне органикалық ерітінділер құрамында əзірленген ертінді күйінде қолданылады, өйткені бұлар суда ерімейді.
Улануы. Организмде бұл препараттар, əсіресе май ұлпалары мен ішкі секрациялық бездерде көбірек жиналады. Сыртқа олар нəжіспен, несеппен, сүтпен бірге бөлініп шығады. Əсіресе, сүтпен бірге ДДТ, гексахлоранның гамма изомері көп бөлініп шығады. Хлорорганикалық қосындылармен көбінесе жас мал уланғыш келеді. Препараттар жүйке жүйесіне, ұлпалы мүшелерге зиянды əсер етіп, асқазан мен тыныс мүшелерінің қызметін бұзады.
Белгілері. Ірі қара күйіс қайтармайды, оның ауызынан сілекей шұбырады, тілі салақтайды, басын арқасына қайырады. Мал қатты шөлдейді, мес, жалбыршақ қарындары жиырылуын тоқтатады, айқай-шуға сезімтал келеді, месқарын тұсын басқанда ауырсынады; ішектің жиырылуы күшейіп, оның сырылы алыстан естіледі, мал азықтан бас тартады, денесі дірілдеп құрысады, артқы аяқтары шала салданады. Денесінің қызуы əдеттегіден бір градустай жоғарылайды, тыныс алуы жиілейді. Жүрек қызметі күшейеді, қанның сілтілік қоры күрт артады. Малдың сүтінің мөлшері кемиді.
Жылқының жағы қарысып, ауызынан сілекейі шұбырып ағады, тісін шықырлатады, мойын жəне бас еттері сəл діріл қағады, мал аяқтарын алма кезек басып, тыпыршиды, басы қақшиып, белі майысып тұрады. Мал төрт
аяғын талтайтып тұрып қалады, қаңқаның бұлшық еттері сіресіп қалады. Басқа түліктерде де уланудың клиникалық белгілері жоғарыда көрсетілген сипаттамаларға ұқсас келеді.
Паталогоанатомиялық өзгерістер. Сиыр мен жылқы өлексесі ісініп кеуіп кеткен, сіресіп серейген, ауыз, көз, мұрын, жұтқыншақ, кеңірдек, бронхтардың кілегейлі қабықтары сұрғылт қызыл түске боялған, ісінген, құрғақ болып келеді. Бүйректер үлкейіп, олардың үстінгі жағының жəне қабаттарының шекарасы көмескіленген болады. Өкпені қан кернеген, талақ үлкейген, асқазанның кілегейлі қабығы суланып қабынған болады.
Шошқа өкпесі мəрмəр түстес, бауыры сарғайған, болбыр, бүйректерде азып сему белгілері болады.
Емі. Уланған ірі қара мен жылқыға – 10-15 г, шошқаға 2-5 г, итке 0,2-1 г күйдіргіш магнезия немесе натрий карбонатын ішкізеді. Тері астына жүрек
77
сергіткіш дəрілер енгізіледі, сонымен қатар малдың салмағының əр килограмына 1- 0,5 мл мөлшерінде 20-40 % глюкоза немесе 10 % хлорлы кальций ертіндісін (0,5-1 мл) күре тамырға енгізеді.
7.4.Фосфорорганикалық қосындылардан улану
Фосфорорганикалық қосындылар (хлорофос, карбофос, метафос, октаметил, тетраэтилпирофосфат, фосфамид) ауыл шаруашылығында инсектицид ретінде, мал дəрігерлік жұмыста оқыра жəне мал мен құстың тірі паразиттерін жою үшін пайдаланылады.
Улануы. Фосфорорганикалық препараттардың барлығы мал денесіне біртіндеп жинақталады. Жылы қанды жануарларға тигізетін уыты жағынан олар бір-біріне ұқсас болып келеді. Олар холинэстераза, протеаза, пероксидаза сияқты ферменттерін əлсіретіп, каталазаның əсерін біраз күшейтеді. Фосфорорганикалық препараттармен, əсіресе ешкі, ірі қара, қой, шошқа уланғыш келеді, ал тауық, үйрек, қаз, ит жəне жылқы тез улана қоймайды. Холинэстераза ферментінің əсері, əсіресе, организмде ацетилхолин шамадан тыс көп жиналады да, парасимпатикалық жүйке жүйесі қатты қозады, бұның нəтижесінде осыған сəйкес улану белгілері байқалады. Мал жіті жəне созылмалы түрде улануы мүмкін.
Жіті түрде уланғанда орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады. Уланған мал тынышсызданады, ентігеді, жөтеледі, тынысы тарылады, бронхтары уақытша тарылады, сілекейі шұбырып, көзінен жас сорғалайды, ауыздың, танаудың кілегей қабықтары көгеріп кетеді, көру жəне есту қабілеттері алдымен күшейеді, бірақ көп кешікпей малдың көзі көрмей, құлағы естімей қалады. Сондай-ақ малдың іші өтеді, денесін табиғи қалыпта ұстай алмай, жүргенде теңселеді, буындары босайды, мойын еттері тартылып басын қақшитып ұстайды. Жылқы өлі тиіп қайта-қайта терлей береді. Ит пен шошқа құсады, олардың тілі салданады. Уланғаннан кейінгі алғашқы екі күнде мүлде сүт шықпайды. Əдетте мал тұншығып өледі.
Фосфорорганикалық қосындылармен ұдайы уланып жүрсе, мал дел-сал болып жүргісі келмейді, оның жүріс-қимылы бұзылады, бұлшық еттері босаңсиды, азыққа тəбеті болмайды, ұзақ уақыт іші өтеді де, дене қызуы төмендейді, жүрек қызметі нашарлап, тынысы тарылады. Қанда лейкоциттердің шала қалыптасқан жас түрлері көбейіп кетеді.
Паталогоанатомиялық өзгерістер. Өлексе тез сіресіп қатады, мал өлісімен екі сағат бойы оның көзінің қарашығы кішірейеді, бірақ кейін аларып бадыраяды. Ауыз қуысының ішіне сілекей жиналады. Ми қабықтарындағы қан тамырларын қан кернеп, мидың көптеген жерлеріне қан құйылады, өкпе ісініп, кеңірдек пен бронхтарға көпіршіген су жиналғанын көруге болады. Ішкі мүшелерден фосфорорганикалық қосындылардың иісі шығады, олар аз мөлшерде өкпе мен бауырда, жүректе жиналады.
78
Емі. Уланудың алғашқы сатысында бұлшық етке атропиннің судағы ерітіндісі жіберіледі. Препараттың құрғақтай мөлшері (салмақтың əрбір килограмына) ірі қара мен шошқаға 0,5 кг, қой мен ешкіге 5 мг тері астына енгізіледі. Петафенді уланып тұрған малға беруге болады, ірі қара мен жылқыға 1 % ерітінді күйінде тері астына 10-15 мл мөлшерінде жібереді. Холинэстеразаны қалпына келтіру үшін 2-ПАМ (пиридин -2- альдоксин - метиодид) атропинге араластырып қолдаланады. Осы препараттармен қатар симптомдық ем қолданылады: жылқы мен ірі қараның күре тамырына хлорлы кальцийдің 10 % ерітіндісін 150-200 мл мөлшерінде, 20-40 % глюкоза ерітіндісін, тері астына жүрек сергіткіш дəрілер енгізеді.
7.5.Азықтан улану
Мақта күнжарасы. Тікелей əсер ететін улы зат – госсипол болып есептеледі. Госсипол біртіндеп денеге жиналады. Денеден 12-14 күн ішінде шығарып тасталынады.
Белгілері. Көбінесе мал ұзақ уақыт ұдайы күнжара жеуден уланады, бірақ кейде жегеннен кейін екінші-үшінші күні-ақ улануы мүмкін. Мақта күнжарасымен барлық түліктер уланады, əсіресе жас мал уланғыш келеді. Улану салдарынан ішек-қарын, жүрек қызметі бұзылады, тыныс алу қиындайды.
Емі. Малға іш жүргізгіш дəрі ішкізеді, тері астына кофеин, күре тамырға глюкоза жібереді. Ішек-қарын қызметін қалпына келтіру үшін күре тамырға 10 % хлорлы натрий ерітіндісін құяды. Малдың тəбетін жақсарту үшін карловар тұзын, тұз қышқылын береді.
Сақтандыру шаралары. Құрамында 0,01 % госсипол болса күніне: сауын сиырға – 2,5 кг, жасы 6 айға толмаған бұзауға – 0,25 кг, қойға – 0,2 кг, шошқаға – 0,3 кг күнжара береді. Егер құрамындағы бос госсипол 0,01 % асса, мақта күнжарасын қуырып немесе қайнаған сумен булап беру керек.

Зығыр күнжарасы. Тікелей əсер ететін улы заты – линамарин глюкозиды, белгілі жағдайда синиль қышқылына айналады.
Белгілері. Малдың ауызынан сілекей, көзінен жас ағады, лоқсиды, кейде құсады, жануар үркек, ентіккіш келеді, тамыр соғуы бұзылады, қан қысымы төмендейді. Кілегей қабықтар қан кернеп қызарған еті дірілдеп, жүргенде тəлтіректеп теңселеді, көзінің қарашығы үлкейіп, өздігінен нəжіс пен зəр шығара алмайды.
Емі. Ірі қара мен жылқыға күкіртті темір қышқылының 3 % ерітіндісімен көмір қышқылды сода ерітіндісін бірдей мөлшерде 250-300 мл – ден қосып ішкізеді.
Сақтандыру шаралары. Құрғақ азықты (күнжара топан, бастырылған зығыр дəнін) аздан немесе 65 оС температурада қыздырған соң береді.
79
Кенепшөп (конопля) күнжарасы. Тікелей əсер ететін улы зат – құрамында гашиш тəріздес еліткіш болып келеді.
Белгілері. Уланған мал азық жемейді, еті дірілдейді, денесі тартылады, əлсірейді, жусағыш келеді, кейде денесі салданады. Денесінің қызуы əдеттегіден төмен, кеңірсектің кілегейлі қабығы ісінген, ішектің жиырлып созылуы баяулаған. Жылқы кейде қозып елеуриді.
Емі. Сиыр мен жылқыға 3-4 л мөлшерінде таниннің 0,5 % ерітіндісін ішкізеді. Салмағының əрбір килограмына 0,5 мл-ден 10 % тиосульфат натрий ерітіндісін күре тамырға енгізеді.
Сақтандыру шаралары. Жас жəне буаз малға кенепшөп күнжарасын өте сақтықпен беру керек. Көгеріш зең басқан күнжараны малға беруге болмайды.
Картоп. Тікелей əсер ететін улы зат – солонин атты гликоалкалоид. Картоптың көктеп келе жатқан түйнегі, сүйір жапырағы, жемісі, сабақ жапырағымен улану қауіпті болып есептеледі.
Белгілері. Мал əлсіреп дел-сал болады, ауызынан сілекей шұбырып, жүргенде теңселеді, бұлшық еттері дірілдейді, бүрісіп-құрысады, тері сезімталдығын жояды, азықтан бас тартады, қарын еті жиырылмай қалады, ішек-қарында газ жайлап малдың іші кебеді. Нəжісі шіріген, сасық, дене қызуы əдеттегідей, немесе одан төмен, кілегей қабығы көгерген, несебі қоңырқай жəне оған белок араласады. Улану ұзаққа созылса алғашқыда малдың іші өөтеді, соңынан нəжісі тоқтайды.
Емі. Іш жүргізгіш тұздар, соңынан шегергіш дəрілер береді; тері астына – жүрек сергіткіш дəрілер; күре тамырға глюкоза ерітіндісі жіберіледі, еліткіш дəрілер қолдануға болмайды.
Сақтандыру шаралары. Малға шіріген, көктеген, көгерген картоп беруге болмайды. Көбінесе жас мал тез уланғыш келеді. Ақауы бар картопты əбден тазартып, жуып, тек пісіріп береді, онда да жалпы түйнек-тамырларды 50 % асыруға болмайды. Картоптың сабақ-жапырағын сол күйінде сүрлеп те, кептіріп те беруге болады.
Қант қызылшасы, азықтық қызылша. Тікелей əсер ететін улы зат – нитраттар мен нитриттер.
Белгілері. Нитраттар мен нитриттерден улану сияқты. Емі. Малға кілегейлі қайнатпа ішкізеді, симптоматикалық ем қолданылады.
Сақтандыру шаралары. Сиырға картопты тəулігіне 1 кг-нан артық беруге болмайды.
Көгеріп, зең басқан қос дəнді азықтар. Тікелей əсер ететін улы заттар – тирозин, лейцетин, птомаин, кейбір политоксиндер. Жылқы мен құс тез уланады, ал сиыр мен шошқа улануы сирек кездеседі.
80

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет