Өмір қызық өзіңді тануменен, Кемшілікті жоюмен, жануменен Өз-өзін танып әр жан әлем таныр



Дата13.06.2016
өлшемі334.97 Kb.
#133765
Бертай Есмаханұлы Төкеев

Ой - ұшқын

Шымкент-2012жыл

Өмір қызық өзіңді тануменен,

Кемшілікті жоюмен, жануменен...

Өз-өзін танып әр жан әлем таныр,

Адамдық қасиетпен қалуменен...
Өнермен өмірді өрнектеп, өзгеше өрге өрлейік!

1998жыл.

Тәрбиелеу –ұстаздардың міндеті,

Өнерлі жас мектебімнің келбеті.

«Қараңғы»- деп еленбеген қазақты,

Өнерімен танып еді жер беті...

1998жыл.

«Нағыз адам әлемдегі барлық адамзатты сыйлап, өз әз басын қадірлей білуі керек!»

«Адамзат баласы сұлулықты санасына сіңіріп, жан сұлулығының әсем ірге тасын қалап, өмірін өнермен өрнектесе, өрден өрге өрлей бермек, шыңнан шыңға шарықтамақ, таудан тауға талпынбақ»

1998жыл.

«Ұлылық қарапайымдылықтан туады» 21.11.2002жыл.
«Ерлік ердің ісі» 2003жыл.

«Жауыңа да жақсылық жаса, түбінде ұрпақтарыңа жақсылықпен қайтады»
«Адам ақылды болған сайын, ақымақтыққа амалсыздан жол береді»
«Ұрпағың аттан түспесін,

Қазаның оттан түспесін»

«Перзенті ойлы болса.

Қазаны майлы болар»
«Қисық қасық ауызға жағымды»
«Бала жақын асыққа,

Ауыз жақын қасыққа.

Сабыр түбі сары алтын,

Байыпты бол асықпа»
«Қымыз келсе сағынар,

Ожау лезде табылар»
«Жақсыға әр жан асық,

Қазанға ожау ғашық»

«Тарағы бардың шашы бар,

Басы бардың асы бар»
«Қазан мен от киелі,

Қасыққа мақтау тиеді.

Қақпақты бәрі сүйеді,

Ошақ босқа күйеді»
«Кешегі өткен нағыз,

Бүгінгі ертегі, аңыз»
«Алдыңызға келген кісімен түрегеліп амандасып, жоғарыдан орын беріңіз, сөзін тыңдап, көмектесуге тырысыңыз. Күндердің күнінде сол кісіге ісіңіз түсіп, алдында түрегеп тұруыңыз әбден мүмкін»
«Өзің де қонақ болғың келсе барыңды, нарыңды, жаныңды салып, жақсылап, адамгершілікпен күтіп жібер»
Үлкен дәрежеде құрметтеп, шын пейілмен құрақ ұшып, қонақ етіп жатса, «Қайту керек еді»-деп бір ауыз айтып қойғанның еш артықтығы мен еш зияны жоқ.Қонақ болудың да өзіндік мәдениеті бар, одан аспау керек.
«Адамзат ұлылыққа талпынар, арын аялар, барын бағалар, бақыт таба алар!» 2009жыл.
«Ешқашан ойламаған нәрсенің, ешқашан ойға алмаған нәрсенің, ешқашан ойға кірмеген нәрсенің опық жегіздіруі әбден мүмкін» «Қауіпсіз»-деп қауіпті ұмытпа. «Қауіпсіз»-деп бейқам болу қауіпті. Қауіпсіз нәрсе қауіптірек» 03.01.2005жыл.
«Бақа көлшікте «көсем» болып туылады, батпақта бақылдап өледі» 01.05.2008жыл.
«Дос көңіліне қастай қарап сақ бол!

Қас көңіліне достай әділ, ақ бол!» 09.01.2005жыл.
«Өз бағасын білгендер биікті алар,

Өз әз басын қадірлемеген күйікте қалар» 01.05.2008жыл.
«Елге еткен еңбек еш болмас,

Жақсылық жасау ешқашанда кеш болмас!»
«Туған елді, өскен жерді құрметтеу-басты парыз!

Алтын ұя мектепке, асыл ұстазға әр адам қарыз!» 02.03.2001жыл.
«Адамның көзі,бет бейнесі ішкі жан дүниесінің айнасы» 04.06.2005жыл.
«Адамдарды қуантудың өзі өзіңе керемет қуаныш сыйлайды!» 05.06.2005жыл.
«Ақылмен, санамен, кішіпейілділікпен, түсіністікпен, сабырлылықпен келісе отырып, жұмыс жасау керек! Ерте тұрып, күн шықпай жұмыс істесең денсаулығың нығайып, несібең артады! Аздан көп болады, тамшылардан мұхит, түйіршік құмдардан тау құралады!»
«Кемшілікті біреуден іздеуден,кемшілікті біреуге тағудан бұрын, кемшілікті тудыратын жағдайды жою керек!»

«Өз бойыңдағы кемшілікті зерттеп, түсініп, оны жоюға тырысу-өзіңді тануға,өзіңді құрметтеуге деген алғашқы қадам!»
«Ақылың алға апарар, сабырың сақтар, шыдамың шыңдар! Бағың басыңда, тек жасыма!»
Үлкен ұлы дүниелер кішкенеден бастау алар. 15.06.2009жыл.
«Мен өмірде бармын, ол - өзіме өзімнің керемет сыйлығым, ал мені жақсы көретін, сүйетін жандардың амандығы, тілегі – бақыт! Өмір сүргім келеді! Өмір сен неткен ғанибет едің!» 20.06.2009жыл.
«Адам абыройы мен беделі үшін өмір бойы жұмыс істеп, еңбек етсе, абырой мен бедел адамға мәңгілік қызмет жасайды» 14.08.2009жыл.
«Өмір қызық болуы үшін онымен дос болу керек, яғни тағдырға бағыну, соған көну, қиыншылықтарға төзе білу, өзінің жақсылықтарын сезе білу. Тек жақсы өмір сүруге құштарлық, адамдық ізгі ниет, сабырлылық- үлкен мақсаттарға жеткізеді»
«Өмір құпияға толы, оны талқылайтын біз емес»
«Өмірді өзімсіз елестете алмаймын»
«Көз көрер, құлақ естір, сана сағындырар, жүрек табындырар, тағдыр бағындырар, көңіл қағындырар, сезім ақын қылар. Бәрі де ақылдылар. Өмір-ай...»
«Сөйлегенде көріктіні көсілтіп, естіні есілтіп, ақылдыны аң-таң етіп, ойлыны ойлантып, мәнді, сәнді дүниені аз уақытта саз етіп жеткізу керек!»
«Ешкім зиян шекпеуі үшін өзім ғана зиян шегуім керек, тек өзің зиян шегуге тура келеді» 28.12.2009жыл.
«Уақыт адамға емес, адам уақытқа тәуелді екеніне амалсыз көніп, мойындауға тура келеді»
«Сырлы сағыныштағы сері, сезімде самғаған сұлу саналы сенімде сүймей, серттеспей сабыр сақтамас»
«Жылы сөзбен айтылған қамқорлықтың өзі адамды бақытты етеді!» 14.01.2010жыл.
«Сезім сеніммен серіктессе сананы самғатар, сабырлылық сақтар!»

15.01.2010жыл.
«Адам ертеңгі күнмен өмір сүреді, үміті үзілмес, арманы таусылмас»
«Таза еңбек-табыс көзі» 15.03.2010жыл
«Мұғалімнің шығармашылық мәдениеті іздену, оқу, еңбектену арқылы қалыптасады. Адамға бірінші өмір керек болса, оған жеткізер денсаулық. Мықты тәнде шыңдалған рух күші айқындалар»
«Бақыттың мағынасы да, өлшемі де шексіз екен! Өмір сүргім келеді!»
«Сезім-жанға қуат, өмірге шуақ, көңілге шырақ, санаға тұрақ!»
«Қандай ой ойласаң да жақсылыққа бұрсаң ырыс берекең, бағың, бақытың молаяды!»
«Адам жанымен, арымен, рухымен, сыртқы бітім болмысымен мықты, ішкі жан дүниесімен сұлу болуы тиіс!»
«Сезімталдық-саналылыққа саналады» 16.08.2010жыл.
«Қауымның жақсылығына қуана білген жанға құт қонар,тірі кезінде сыйласып, бір-бірін бағалай білгендерде бақ тұрар»

«Жылы жүзбен сөйлеген жанның жанынан жақындары табылар»

«Көркөкірек көрер көзге кердең, керемет көрінгенмен,кәриелігінде көптің керім күншуақ көңіліне кіріптар!»
«Сағынышы мол саналы өмір ақылды,текті, жақсы адамдармен көрікті, қызық, сүйікті , мәнді, мағыналы»
Әппақ сезімді ақ парақ қана түсініп, сақтай алады. Бұл - заңдылық!Кітап - мұңдас, сырлас, ақылшы, айнымас дос!
Бәрі шың, биікте ұшқысы келеді. Ол - бақыт тек қырандарға ғана бұйырған!Акуланы жүзуге, қыранды ұшуға үйретпес болар. Үйретуші де өзінің көп нәрсені білмейтінін, көп нәрсені үйренуі керектігін ұмытпауы тиіс...Үйретемін деген адамыңыз өзіңізді үйрететін, сізден де шебер боп шығуы әбден мүмкін...Үйрету үйрену арқылы жүрмек...Үйретуге өзі үйрену арқылы жетпек... Сонда ғана адамда даму қарқын алады...

Өзіңе өмірдің қай жерін белгілесең еңбегіңмен сол жерден көрінесің. Өзіңе де көп нәрсе байланысты. Адамның қолынан келген нәрсені келесі жан да жасай алар. Жалғанның жалтағы, өмірдің өксігі болудан сақтасын. Ал шынайы адал өмір сүрген қандай ғанибет десеңізші! 16.09.2010жыл.
Кешегі күн арман, бүгінгі күн сәттілік, ертеңгі күнге барлық үміт артылған.
Ұйқы қанбаса, бәрі далбаса. 06.10.2010жыл.
Сағынтар сүйікті сұлулық сүйкімділігімен санада сымбатты санатында сақталар. 03.12.2010жыл.
Жүрек - сезгіш, уайым - езгіш, көңіл - кезгіш, сабыр - төзгіш, сенім - көргіш, ақыл - зор күш! 10.12.2010жыл.

Болашаққа бекін де,

Өткен іске өкінбе.

05.01.2011жыл.
Татулық төрде өтелер,

Өкпе, уайым шерге жетелер.

12.01.2011жыл.
Адам барлық сұлулыққа,бүкіл дүние мен материалдық байлыққа ынтызар, ал Алланың қабылдары жан сұлулығы, рухани байлығы, имандылығы, сауапты істері...

15.04.2011жыл.
Сырттай демеуші жанның ақ тілегі асқар тауларға шығарып, көңіліңді көктем етер...

16.05.2011жыл.

Жас маман үлгілі мұғалім болу үшін оқушыларды жанындай жақсы көруі тиіс, өз мамандығын ерекше сүюі керек! Жақсы жұмыс істеу, ол-адамның ұятқа қалмауы үшін жасаған өзіне өзінің құрметі!

16.05.2011жыл.
Жүректегі жанға жақсылық жасау-жаратушының жарлығы!

16.05.2011жыл.
Жүрегің қалайтын, ерекше бағалайтын адамнан жылы сөз есітудің өзі үлкен бақыт екен!

20.05.2011жыл.
Өмірдің барлық жақсылықтарын сезіну, еткен еңбегіңнің жемісін көру, осы өмірде бағалану-керемет қуаныш,ғажап құбылыс, шексіз бақыт!

26.05.2011жыл.

Ұқыпты болу керек! Ұқыптылық әрбір ісіңді алға бастырып, мәртебеңді арттырса, ал ұқыпсыздық әрдайым абыройсыз етіп, ұятқа қалдырады.

28.08.2011жыл.

Өз уақытында істелмеген жұмыс-санаға салмақ, біткенше уайым, қаншама әбігерге түсіреді. Қыранның қағілездігін, сауысқанның сақ қимылын, жолбарыстың жылдамдығын, жылқының сезімталдығын, құмырсқаның еңбекқорлығын, ешқашан ұйықтамайтындығын үлгі тұтып, үйренуіміз керек!

01.09.2011жыл.

Өмір мақсатқа жету жолында қарбалас болған сайын соғұрлым тәтті, мәнді, мағыналы, өте қызықты, күндердің де өткені байқалмайды. Ал жай, жайбарақат, тыныш, жеке өзіңмен өзің қалған кезде көңіл алаң, жан жабырқау... Адамға ешнәрсе жақпайды-ау... Бірақ өмір тамаша! Адамша өмір сүргенге ешнәрсе жетпейді... 05.09.2011жыл.

Идея көп қой, идеалға жету қиынның қиыны...

05.09.2011жыл.
Гүлдей нәзік жаратылыс- Адам, биік саналы бола тұрып, гүлді үзіп, бір тіршілікті жойып,өзгеге сыйлағанда шімірікпейді де, ойланбайды да. Неткен ұқсас гүл ғұмыр-ай...

05.09.2011жыл.

Әр заманда әр мағына әр ұғым...

1989жыл

«Ақыл -дәрі , сұлулыққа сый алда»

«Өмір-базар , өссең , өшсең таң қалма»

01.07.2004жыл.

«Сыйластық пен сезім -егіз жалғанда»

04.07.2004жыл.

«Махаббаттың жалын оты сөнбейді»

«Жылы сөздер өмір бақи емдейді»
«Қыран текті -қуаныштың қойнауы»

06.09.2004жыл
Қателіктерден құралар қайғы қасірет.

Алдансаң алда азабың...

25.09.2004жыл.
Ажарлы болмау айға сын”.
Сүйгенді сезу – сәттілік”,

Сүйікті болмау – сергелдең”.



Жүректе жүрер тәтті үміт,

Өмірде мәңгі дем берген”.
Сымбатты сұлу сырымен,”

29.09.2004жыл.

« Өлмес өлең өнегемен өлшенер»
Өмір-керуен , көшпен бірге кезерсің...

08.10.2004жыл

Достықпен өмір мәнді де сәнді, әсерлі ,

Нағыз дос- мықты қамалдай...

.

Адамгершіліктен айырылмас үшін алдымен,

Адал дос болу керек-ті .

12.10.2004жыл.

Жымиса жығылар біз пенде...

31.10.2004жыл.

Сұлулыққа сұраныс бар ,

Бедел бәйге бермеген...

05.11.2004жыл.

Уақыт-емші , жан жарасы жазылар...

Өмірдің де күз, қыс, көктем, жазы бар...
Әрбір адам ертеңге үміт артады...
Сағыныш -сезім, сыйластық -сәнді салтанат...

12.10.2004жыл

Өмірдің соңын кім білген???
Жан дүниені тазартар жаңбыр құйса ғой шіркін...
Қырандардың самғауы да тым бөлек ,

Шын жүйріктен тұлпар туар тұяқты ...

03.12.2004жыл.

«Сүйікті де бола білу гүл-бақыт»
«Аңсайтын, жанға жақын, алыс тұрар»

«Тиыннан байлық болып табыс құрар»
Бір-бірін жақсы көрсе барлық адам ,

Жақсылық жер бетінде жеңер еді... 09.12.2004жыл.

Өмір -күрес , өмір -мән , өмір -жалған ,

Алда жүріп келесің мың бір құлап ...
«Күн-көңіл күлсең кенелмек »

27.12.2004жыл.

«Сұлудың әркез сыры мың»

08.01.2005жыл.

«Білім шыңы-биік шың»
Өмірдің сабағынан тек ,

Сағыныш ұғамын ... 13.02.2005жыл.
Өмір-күрес , сан құлап , сан тұрасың...

13.03.2005жыл.

«Сұлулық -адамның бағы»
Әсемдік әр берер жанға...
Өмірдің өзі- өткінші , жалған-дүние

30.04.2005жыл.

Әрбір адам жылап тұрып , шын күлер...

04.05.2005жыл.

Өмір деген найзағай , күркірейді өтеді...
«Жасы ұлғайса әрбір жан сұлулыққа шөлдеген»
Мәңгі жас боп қалады екен бұл көңіл !

05.06.2005жыл.

Күрескен қара ақпенен...
Еңбекте рахат , кең тыныс...

19.07.2005жыл.

«Сұлу қыз-жігіттің бағы»

07.12.2005жыл.

«Көңілге көркем теңеспек»

8.12.2005жыл.

Өзін -өзі ұмытады шын ғашық...
Қонақ боп жүрміз жалғанда...

31.01.2006жыл.

Бәріне төзер ғажап ер...

04.02.2006жыл.

Заңдылық бар байқап тұрған көз тігіп...

14.12.2003жыл.

Ерекшелік еркіндікті аңсайды...

08.10.2005жыл.

«Жалын жігіт жақын жүрер жазаға»

01.12.2005жыл.

Иманды болу-шарт , негіз...

07.03.2006жыл

Алға сенім , арман мол тіршілікте

Бақыт алға жетелер түсінікте...

30.03.2006жыл.

Өмірде бәрі болуы мүмкін...
Имандылық пен сұлулық жеңер ,

Баянсыз өзге қалғаны ...

02.05.2006жыл.

Шырша тектес жайнап тұрар күзінде...
Өмір қымбат дүниенің өзінен...

18.05.2006жыл.

Имандылық Отаны сыр көздеген...

31.05.2006жыл.

Жақсы адам көп, әз жақсылық жеңеді!!!

06.06.2007жыл.

Заңдылық бар, барлық нәрсе теңелер...

27.08.2007жыл.

Жеміс іздер әрбір адам күзінен...

3.10.2007жыл.

Биікті алар әрбір адам сынға асық...
Ар намыспен адам әркез биікте! 11.04.2008жыл.
Ары менен абыроймен мәнді адам! 23.04.2008жыл.
Сәби үні-сөздің шыны, байлығың... Сыйдың сыйын күлкісінен танимын! 24.04.2008жыл.


Жаныңды түсінер жан биік екен...
Жақсы өмірге әрбір адам тым құштар...


«Көркем көңіл-көл сияқты... 23.04.2008жыл.

Сыйластықта адам көгермек ...
Сұлулыққа әлем сиынған... 28.04.2008жыл.


Сұлулардың сұлуы боп қалатын,

Рухани бай, жаны сұлу биікте!

06.05.2008жыл.

«Көркем көңіл-көл сияқты,бұлақтай таза, жаны сұлу, рухани бай адамдармен араласып тұрғанда ғана жайнай түсер»
«Сөз бен ісің-жан айнасы»,
Сағыныш түзде, бақ үйде... 10.06.2008жыл.
Жақсылық көрсең, жақсылықтарыңның сыйы бұл,

Қиянат барда қиянат келер жиі, біл...
Сағынған жанның дидарын көру-бір бақыт... 17.06.2008жыл.
Ордабасы-ынтымақтың қаймағы... 02.07.2008жыл.
Бұл дүние тұрады екен сағыныштан... 12.08.2008жыл.
«Байлық пен бақ та көшеді»

Сағыныш самал еседі...
Өмір де тұрмас қалпында

Жастық шақ келмес алтынға...
Есепті ұтар бүгінде... 25.08.2008жыл.
Жүйрікке оқ бойы озып шаппаған сын.

Күн-көңіл мәңгі жас боп қала берер...
Сұлулық құдіреттен алған сыйың
Ажарлы ақылымен биік тұрар 26.08.2008жыл.
Жақсы көрумен жылынып тұр-ау бар әлем...
Өмірдің мәні,көңілдің сәні-сыйластық...
Сеніміменен сезімге толы жер беті... 03.09.2008 жыл.
Өмір-өксік,өкінтер,өрт секілді,

Алланың адам құрғақ бір ағашы...
Сұлулық сырғып өтер су сияқты...

Бір күні бәрінен де құр қаласың...
Адамды имандылық мәңгі жақтар... 05.09.2008жыл.
Байланған жіпсіз тіршілік...
Түнерген түннің ағарып атар таңы бар...
Жүргенде қатар бір-бірін адам сезбейді,

Алыстау кетсе күн түні іздеп сағынар... 08.10.2008жыл.

Ертеңге сеніп, өзімізді жүрміз жиі алдай,

Сүйікті болып қалғымыз келер сүйе алмай.

Білгенімізден білмейтініміз көп екенін,

Мойындамаймыз ұялмай... 17.10.2008жыл.
Бақытты өмір сүруім үшін күні ертең,

Қиындық бүгін керек-ті... 29.10.2008жыл.
Қыздарға ғана берілген шыдам, нақ төзім...
Шешілмес бұл дүниенің мың сұрағы,

Ұлы өнер-адамзаттың шын сыңары. 30.10.2008жыл.

Жылап тұрып күлесің өзіңді алдай... 01.11.2008жыл.

Қыранның асыл биікте болар ілгені.
Білімді биік, алыптық қайсар жүректен...
Жақсының ісі жалғасын табар мәңгілік! 06.11.2008жыл.
Ұятын ойлап, парызын адам өтемек...
Маңызы бөлек кейбір күн бейне ғасырдай,

Жан біткен өмір сүрмес-ті сырын жасырмай.

Құпия болып қала береді дүние,

Қымбат қой өмір, бар сыры іште ашылмай.
Ертеңін елдің ойлайтын адам жаны ізгі,

Ұмытпас әркез обал мен сауап парызды.

Бүкіл әлемнің құпиясын ашқан ғұлама,

Жан сырыменен қалуыменен маңызды... 20.11.2008жыл.
Негізі тастың тас болады екен жасаған...
Әлемнің сұлулыққа тартылуы,

Өмірді өрнек еткен басты себеп...
Сұлулық сымбатты ғой сырыменен! 28.11.2008жыл.
Негізі жан рахатта ешқандай мардымды дүние туылмайды. Жан күйзелісі мен жүрек тебіренісінде, көңіл дауылында, шабыт шыңында ғана мәңгі өшпес, өлмес ұлы дүниелер өмірге келмек! 19.09.2011жыл.

Жүрегіңнен туылған шығармаң өз перзентіңдей көрінер... Ерекше мейірімің түсіп жазылған соң өзіңнен ұзатылып бара жатқан қызыңдай боп көрініп, ерекше езіліп, елеңдейсің...

16.09.2011жыл.
Өлеңнің де өз киесі бар, оның да өз иесі бар... Адам сөзбен айтып жеткізе алмайтынды, нағыз ақын ғана өлеңмен қысқа-нұсқа етіп жеткізе алады. Өлеңнің сол қасиеттері сақталып, бұлжымас заңдылықтарымен, тылсым сырымен жазылуы тиіс... Өлеңдерде мың құбылар астар көп... Оны әр адам миы жеткенінше түсінеді. Ал нағыз адам оның мәңгі ашылмас сыры мен айтылмас сегіз қырын саналы ұғымымен түсініп, зерттеп алар...

27.09.2011жыл.

Жазу деген шіркін сағындырып барып атқарылса, шабытпен келген дүние сұмдық тәтті көрініп, ол дүниені жұрт та оқуға құштар болар... 12.03.2012жыл
Сатқындық сананы улар, екіжүзділік жаныңды жаралар... «Ең аяулы»- деп сенген жан жардан құлатса,жалғанға не дерсің? Іштегі күйік кеудеңді құртша кеулесе, көзің көріп, көңілің сенбесе, шындығыңды әділетің жеңбесе, нағыз қорлық екен бұл ендеше... Сағынышыңа жете алмасаң, е, өмірден өте алмасаң, ойыңнан алыс кете алмасаң, өмір сүресің пендеше... 03.10.2011жыл.
Ұлы ұғымдағы, сүйіспеншілік сезімдегі сөздер айтыла бермейді, ол жүрекпен сезілуі тиіс,іспен дәлелденуі керек, сонда ғана сезімнің қадір қасиеті артып, қадірі болады... 04.10.2011жыл.

Болар бала талпынар,

Бесіктен ақ парқы бар.

Іс қимылмен көрсетер,

Үміт соған артылар.

26.12.2011жыл

Жақсы адам барлық кезде өзінің абыройымен, әділетті ісімен, көрсеткен жақсылықтарымен, адалдықтарымен, еңбекқорлығымен әрдайым алда болып, биіктен көрінеді!

27.12.2011жыл.

Адамзатты қуанту да бір бақыт! Ал жүрекке ең жақын адамыңнан жылы сөз есіту-өзіңді ерекше бақытты етеді.

25.01.2012жыл.
Таза көңілден шыққан жылы лебіздер мен ыстық тілектер сағынышқа апарады, ал ол аңсауға жеткізеді.

13.02.2012жыл.

Сөз семсерін сілтеуде сайқымазақтыққа салынбаған сол сұңқар.

Алып адам аңқау, ақкөңіл, алаяқтарға алданғыш, арманымен арпалысар, арын, абыройын аялар, адалдығы алға апарар.

Әнші әуенді әрлендірсе, әдемілік, әсемдік әлемді әлдендіреді.
Бал бақытың басынан баптағаннан, бағыңды бағалағаннан, барыңды бөліскеннен,берілгеннен, болмысыңнан, бұйырғаннан болмақ!
Даламыз дарабоздығымен, даналығымен, дархандылығымен, дінімен, ділімен, дүниені дүрліктірген даңқымен дараланбақ!
Ерлікке елеңдер, елдікке еміренер, еркіндікте елжірер, еңбекқор, ең елгезек, ержүрек елміз!
Жақсылық жаныңды жадыратар, жамандық жазықсыз жаралар, жақсының жүрген жері жарық, жаманға жан жуымас! Жарылқағайсың, жебегейсің жазықсыз, жауқазындай жұртымды жалғыз жаратқан!


Бұлбұлдың әнін айтып, соңында қарға боп қарқылдайтындар, құзғындардың жемтігіне айналар...

29.03.2012жыл
Ой ұшқырлығы барлық кезде керек. Ол өлеңнің де, жасалынатын заттың да, істің де қандай боп шығатынын көзге елестетіп,оймен көрсетіп тұрады!

05.04.2012жыл.
Бақытты сезіне білу - ол асқан бақыт, ал оның қадіріне жете білу-баянды бақыттың кепілі!

06.04.2012жыл

Бәрі өз уақытында! Табиғаттай түрленіп, көктеммен көгеріп, жазбен жайнау, күзбен мол жеміс теру, қыспен таза имандылыққа көшу -адамдықтың белгісі, Табиғат ұстаздан үйренеріміз көп, табиғатқа жақындаған сайын қызығы мен құпиясы шексіз. Ал ол өзіңізді тануға, өзіңізді құрметтеуге алып келеді!

06.04.2012жыл
Ешнәрсе де, ешкім де өмірде мәңгілік емес, бәрі де өзгерісте, бәрі өз кезінде... Ылғи да айтылар, ұмытылмай қалар жақсылықтың дәні ғана көгеріп, көктеп, көбейіп, баянды да ғұмырлы болмақ, ұрпақтан ұрпаққа жалғасын таба бермек!Қолдан келсе аянбай жақсылық жасап, жылы сөзімізді айтып үлгеріп қалуымыз керек!

11.04.2012жыл.
Арадан қорыққан балдан құр қалады...

23.05.2012жыл.

Ия! Адам өзгереді, заманды ойымен өзгертеді...

25.05.2012жыл.

Сөз қадірін білген жан өз қадірін де біледі...

29.06.2012жыл.

Бағыт дұрыс болса Бақытқа тез жетеді

30.05.2012жыл

Негізі өлең де нағыз тәрбие құралы, онда сырласуға тарту, ұялту, сын айту, жақсылыққа шақыру, сағыныш, сезім , өмірге құштарлық,өмірдің мән мағынасы бәрі-бәрі қатар жүрсе - ол құдіретті өлең болады...

30.05.2012жыл.

Сөзді айта салу, өлеңді жаза салу оңай, ал әр сөз бен ойдың киесі мен иесі болып, дәлелі болу үшін оған бүкіл жан жүрегіңді, бар ғұмырыңды арнайтын жауапкершілігі бар...

30.05.2012жыл.

Адам жүз жасаса да, жүз жыл өзгені тәрбиелеп, жүз жыл өзі ізденіп, тәрбиеленеді... 30.05.2012жыл.

Барлық адам басында бірдей жаратылған. Тек соның ішіндегі нағыз дарындар ғана адамдық қасиетімен, еңбегімен, ақыл,парасат, пайымымен, елге істеген жақсылықтарымен халық арасында дараланып, ұлыға айналады!

31.05.2012жыл.

Адам өмірдегі өз орнын өзі белгілейді, ал Алла тағала оған демеуші де, жебеуші де, талпынған тағдырын тағайындар...

31.05.2012жыл.

Тағдырды кейде бір секунд уақыттың өзі шешіп кететінін, адамның өз тағдырына өзі себепші екенін де амалсыз мойындауға тура келеді...

31.05.2012жыл.

Бір секундта кездейсоқ бір-біріне қарап қалып ғашық боп танысып,, табысып, үйленіп, бақытты болғандар қаншама!!! Ал сол секундта бір-біріне бұрылып қарамаса тағдырлары мүлдем басқаша өрілер... Тылсым дүние ғой бұл...
Бақыт дегеннің өзі кездейсоқтар мен жолы болғыштықтан да тұрады...

31.05.2012жыл.

Жүрек орнында болу үшін жүректегі адамдар аман – есен боп, күліп жүруі керек!

01.06.2012жыл.

Өмірді өкінішсіз сүру үшін, өкіндіретін нәрселерден аулақ жүру керек... 05.06.2012жыл.

Адамның адамгершілігі істеген қателігін қайта қайталамауынан да көрінеді...

05.06.2012жыл.

Бәрін де түсінеміз, түсіндіре алмайтын нәрселер де көп...

06.06.2012жыл.

Сенімге ешнәрсе жетпейді, сенімсіз өмір- бос өмір...

06.06.2012жыл.

Жүрек жақын болса жолдың алыстығы түк емес.

Тілек,мақсат айқын болса, еңбекқорлық пен төзімділік, табандылық пен қажыр, қайрат бәріне жеткізеді. Тек бақ пен байлықтың қолда барда, жақын жандардың өмірде бар, көзі тірі кезінде қадіріне жете білу керек.

06.06.2012жыл.

Өзіңде бар болса, пайдаң тисе бәрі сыйлар,бәрі жақын жүрер, араласар, ақыл кеңес сұрар, ал жоқ, жарлы болсаң бәрі демде сырт айналар, үйіңе жан жоламас... Бұл қазіргі өмірдің ащы да болса таза шындығы... 06.06.2012жыл.

Адамша араласып тұру үшін де ақша керек. Ақша көп нәрсені шешеді, бірақ бақ тайған күні адамдық абыройды да,денсаулықты да, ар мен ұятты да, қасиет пен құрметті де, имандылықты да сатып ала алмайсыз... 06.06.2012жыл.

Адамдар қызық, алыс жүрсе бір-бірінсіз өмір сүре алмайды, қатар жақын жүрсе ынтымақ құралмайды, жалғанмен жамалған түрі алдайды, өзге түгіл өзін танып ұға алмайды...Барды бағалай алмайды, жоғында жылап, іздеп таба алмайды...Пендешілік-ай..

07.06.2012жыл.

Жақсы көру жалғанды жақсы жаққа бұрса, сүйіспеншілік сұлулықты танытып,ұғымталдық ұлылыққа ұмтылдырады...

07.06.2012жыл.

Сенім сезімге серік, деніңе қуат, өмірге шуақ, бақытқа тұрақ...

07.06.2012жыл.

Бақытыңды, барыңды бағалай біл, уақыт пен арыңды аялай біл, жаныңды жадыратушы жандардың жақсылығын жадыңда ұстап, жомарт пейілің мен адамдығыңды ұрпаққа аманат ет! Әрбір жан жақсылық жасау үшін туылып, жақсылық жасау үшін өмір сүрсе ғана көсегеміз көгермек,бүкіл жер шары аман қалмақ! .

07.06.2012жыл.

Қиналған сәттер әр адамда болады. Оны «Алланың сынағы»- деп біліп, алға ұмтылу жарыққа шығарар. Тән күйзелісінен де ауыр жан күйзелісінен сақтасын! Қиындық адамды шынықтырса, еңбекпен жеткен абырой мен құрмет тынықтырады... Бүгінгі қиындық ертеңгі жақсы өмір сүруіміз үшін керек баспалдақ...

07.06.2012жыл.

Шіркін жылы сөз, жылы қабақ күн шуағындай ғой, көңілдегі кірбіңді де, мұздай құрсанған уайым ойды да лезде ұмыттырып, бір сәтте ерітіп те жіберер... 07.06.2012жыл.

Сағынасың...Бәрі де сағыныш... Шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сағыныш адамның әлеміне еніп, алды артын орап, бұл фәниден өткенде де мәңгілік сағыныш қалдырады...Сағыныш аңсауды, аңсау үмітті, үміт сенімді, сенім сезімді тудырып, өмір жалғаса бермек... Сағынышқа жаралған, сағынышпен ұсталған өмір-ай... 08.06.2012жыл.

Аяулы жанның өмірде бар екені, демеуші, жебеуші болар нар екені, ол тағы Сізге адал жар екені қандай бақыт, қандай ғанибет десеңізші... Бақытқа талпынбас адам жоқ, бірақ та ол бір-бірін сыйлап, қадіріне жеткен, жақсылық жинап,бір-бірін бақытты еткен, бағалай білгендердің ғана басында тұр..Барлық адам бірдей бақытты түсіне білсе ғой шіркін... Сонда ғана оның қадір қасиеті, құндылығы секунд сайын артып, өміріміз бұдан да керемет боп, гүлдене берер еді-ау...

08.06.2012жыл.

Тағы да күн өтті... Не бітірдік? Не тындырдық? Кімге қандай жақсылық жасадық?Арымызды аялай, барымызды бағалай білдік пе? Ұрпағымыз ұлықтар, болашағымыз бағыт алар не қалдырып барамыз? Ертеңге еміне еркін ене аламыз ба? Өмір атты жолдың жолаушылары бола тұрып, Адамдық атқа лайықпыз ба?

08.06.2012жыл.

Шығын шықпай кіріс болмас..Тура айтылған сөз. Еңбек етпей, тер төгілмей жемісті жеу де мүмкін емес.Білім ізденбей, өнерге талаптанбай, адамдыққа талпынбай бәріне оп-оңай жетем деу бекершілік. Ең бастысы әрбір ойға алған керекті дүниені бастау қиын, басталған жұмыстың бітпеуі мүмкін емес.Әрине оның сапалы бітуі қайтпас қажырлылыққа, ынтымаққа, төзімділікке, ақылдылыққа байланысты. Мыңдаған шақырымдағы көздеген жерге бару бірінші қадымнан бастау алады... Таудай талап пен бармақтай бақ барлық мақсаттарға жеткізеді...Күнделікті өміріңе бір жаңалық ендіріп, өзіңе- өзің сый жасап отырсаң өмірің көріктене түсер, өмір сүруге құштарлығың артар...

09.06.2012жыл.

Жақсылық жасап, жақсы ат қалдырғаныңа ешнәрсе жетпейді...Қулық, сұмдық, іш тарлық, көре алмаушылық, екі жүзділік,дүниеқоңыздық, сатқындық, күншілдік адамзатты азғындатып, күндердің күнінде өзінің көріне жетелеп алып барар...Адамдық, адамгершілік мәңгілік биікте қалып, әрдайым құрметпен аталып,жақсылық істер елжірей еске алынар...

12.06.2012жыл.

Адамды намыс қамшылар, ары алға апарар, сабыры сақтар, адал еңбегі өзін ақтар! Бір Алла ғана оны жақтар, бақ пен байлық қарапайым жанда тұрақтар... 13.06.2012жыл.

Өмірде ең оңай нәрсе ақыл айту, ең қиыны өз кінәсін мойындау, ең өкініштісі мәнсіз, мағынасыз өмір сүру, ең жиіркеніштісі екі жүзділік пен сатқындық, ең абыройлы іс –жақсылық жасау, ең рахат нәрсе –еткен еңбегіңнің жемісін көру, ең қиыны – сағыныш пен аңсау, өткен күннің оралмайтыны, ең бір ғанибет дүние- осы өмірде ардақталу, ең жақын жандардың амандығы, бардың қадіріне жетіп, сыйласа білу...

13.06.2012жыл.

Бұл өмірден арттырарымыз, ұтарымыз абырой мен адамдық жақсы атымыз ғана... 13.06.2012жыл.

Адамзатқа алтын ұя болған сәбидей көркем, жұдырықтай жер шары доп-домалақ, сүйкімді қалпында қашан да аялы алақанға ынтық, әлпештеуге, аялауға ынтызар, қамқорлыққа зәру...Жер шарының құрып кетпеуі адамзаттың пейілі мен пиғылына да байланысты екенін ұмытпаған жөн!!! 13.06.2012жыл.
Көркем өмірді күрделендіру, жарықты қараңғы ету, жақсылықты жамандыққа, имандылықты жалғандыққа бұру, онсыз да аз өмірді қысқарту, қиындықпен келген керім істі күйрету, адамдық абыройдан алжасу неге апаратынын есті, ең озық жаралған сананың иесі ойланар кез әлдеқашан келген... Тек ақырзаманның келуін күтіп, қашан болатынын ойламай, оның алдын алуға әрекеттенуге тиіспіз... Немкеттілік түбі абырой әкелмейді... 13.06.2012жыл.

Асылдан асыл туады, оны ұлықтайтын, оны қастерлейтін әлі-ақ алтын ғасыр туады... 12.07.2012жыл.

Сенімсіз сезім сергелдеңге салар, салихалық саналылықта самғатар. Сүйікті сұлу сүю, сымбаттылықты, сырбаздылықты, сырмінезділікті сезіндіру-серілерге серт, сұңқарлығына сын!

17.07.2012жыл.

Ең бастысы адамның ойы таза, көңілі тоқ, уайымы жоқ болса, жасаған жақсылығы көп болса - денсаулығы да мықты, өмірі де қызықты, мәнді де сәнді, бақыты баянды, ұзақ болады!

20.07.2012жыл
Барлық адамзатқа жақсылық тілеу-ол өзіңе мың есе көбейіп келер жақсылық, ал халқыңа қызмет етіп, жақсылық жасау ертеңгі мәңгілік өшпес атың,өмірден өтіп кеткеннен кейінгі өміріңе өзіңе өзіңнің алдын ала жасалынар үрмет пен құрметің...

20.07.2012жыл.

Жүрек қалауы деген ғажайып әлем бар, ол әлемде өзінің сезіміне қарсы тұруға патша да, жарлы да дәрменсіз...

20.07.2012жыл.
Ғажап әлемнен туылған саналы тіршілік иесі өз әлеміне тартар, өзінің ынтызар, құштар, таза әлеміне түбі оралар...
25.07.2012жыл.

Алға деген сенім сезімнен құралады...

17.08.2012жыл.

Өткен күннің сағынышынан кете алмай, алғы күнге жете алмай арманмен жүрген өмірде адам көп...

17.08.2012жыл.

Шәкірт бірінші еліктейді, кейін қанаты қатайғанда өзінің жаңа әлемінде ерекше самғайды... Қанша қимасаң да - ол өмір заңдылығы....

14.09.2012жыл.

Өлең жазғанда жай, қарапайым, мезі еткен, адамдарды оқығанда шаршататын,жалықтыратын, жаттаулы, таптаулы ұйқастардан арылуымыз керек! Құдіретті өлеңнің иісі аңқып, көңіл шалқып, адам бір рахатта қалқып, өлең тылсым күшпен тартып, өзінен-өзі оқылса,тәрбиелік мәні мен салиқалы сәні болса, міне соны өлең дейді.

18.09.2012жыл.

Ағаны сыйлаған ініден жақсылық көреді!

24.09.2012жыл.

Кей бұзықтың да естен кетпес жақсы қасиеттері болады...

24.09.2012жыл.
Ақынның мың үздік өлеңдері бола тұрып, бір нашар өлеңі - ақ оған нашар пікір қалыптастырады...

27.09.2012жыл
Өмір құнды құпия сырыменен...
27.09.2012жыл
Күдік пен үміт, арман мен аңсау, сағыныш пен бағыныш, бақыт пен бейшаралық, қуаныш пен қайғы, жақсылық пен жамандық, қайырымдылық пен қатыгездік қатар жүрер күрделі өмірдің ұтары да, өрнекті өлшемі де тек адамдық қалыпты қалыптастырып, қасиеттіліктің ұлы биігінде қалу...

2009жыл.

Қаншама жанның үмітін арқалаймыз, сенімін серік етеміз, бақытын берік етеміз, көңілін көктем , жанын жаздай жайнатамыз...Ал сол қымбат дүниеге өзіміз де жете алмай, жетсек те қанбағандай алаңдап, соны қалап өтеміз... Бірі кем дүние... Өмір-ай...

24.10.2012жыл.

Алтынның ортасында жүрген жандар алтынға зәру...Шын асылдың қадірін көзге көрініп тұрғанда, өзіне беріліп тұрғанда адамзат сірә білер ме???Бірі кем дүние-ай...

24.10.2012жыл.
Жай адам ақын бола алмайды, ақын болу үшін бүкіл адамзаттың қайғысы мен қуанышын, бақыттылығы мен бейшара Һәлін ақын өз жүрегінен өткізіп , жанымен жараланып барып , айығу дертін өз өлең жырларынан жазу арқылы табады...

25.10.2012жыл.
Мен негізі табиғатты сүйем, ал табиғаттың сұлулығын сүйген адам өмірге құштар болып,мәңгілік жас боп қалады!

05.11.2012жыл.
Білімді болып, біліктіліктің беделін биіктетейік! Ұстаздықтың ұлы ұстанымында ұлықталайық! Өнердің өрінде өрлейік!

10.11.2012жыл.
Танымалдылық өзіне үлкен жауапкершілік жүктейді...

13.11.2012жыл

Әрбір істің, әр нәрсенің қалыптасуы, шарықтауы, самғауы, құлпыруы мен құлдырауы,құлау шегі мен күйреуі болады.Бәрі өз кезінде, өз жұлдызды сәтінде жарқырар... Мәңгілік ешнәрсе жоқ! Мәңгілік тек Алла болса, мәңгілік жасайтын адамзаттың сенімі...

14.11.2012жыл.
Пендеге жетпейтіні – уақыт, керек етпейтіні – ақыл, жанына жақын тиері – жылы сөз, мадақтау,қолпаштау, ең жек көретіні - сынға түсу, қадіріне жете алмайтыны - өзінің денсаулығы, ең жақын адамдары, сағынатыны - өткен шағы, кеткен бағы,жүрегін жаралары - сынған сағы, тынған тағы,өлген малы, өзіне білінбейтіні – жағымсыз жағы, мәңгілік тұратындай көрінетіні – осы бір шағы... Пендешілік-ай...

16.11.2012жыл.
Адам жүз жасаса да өзінің кемшіліктерімен күресіп, оны жоя алмай, өмірге тоя алмай, өзімен-өзі айқасып өтер...Бақталастық бастан, аңқаулығы аяқтан шалып, күндестік кеңірдектен алғанда, өзгеге қазған орына өзі түскенде түсінер... Бірақ ол кезде бәрі кеш болар... Адам санасымен, бүкіл болмысымен жақсы жаққа қарай өзгеретін, имандылық пен ынтымаққа ұитын уақыт әлдеқашан жеткен...

16.11.2012жыл.
Ия... Адам - пенде, өмірден өткен жан туралы естелікті оқығанда ғана елең ететіндей.... Жанында жүргендегі асыл жан қасында мәңгілік болатындай, үнемі қамқоршы боп жүре беретіндей көрінер...

27.11.2012жыл.
Шын ақын - жазушы не жазса да, тек өмірден алып, көзі көріп, көңілі сенген дүниелерге қалам тартуы тиіс... Тек шынайы шығармалар ғана халықтың жанына жақын тиіп, жадында мәңгілік сақталар...

27.11.2012жыл.

Ия, сағыну да ғанибет! Жаныңмен үндес, тілеулес жанды ойлау да, сағыну да, оған тілектес болу да, көргің келіп, асығып тұру да керемет дүние ғой!

Өмір сонысымен тәтті, сондай ерекшелігімен қымбат қой...

27.11.2012жыл.

Адамзат дәл айтуга, нақты тірлікке көшуге уйреніп, сөзі басқа, iсi бөлек екi сөздiліктен арылуы тиіс!


Адам сөзін де , өзін де, уақытын да құр босқа қор қылмауы керек! Қадіріне жететін адаммен ғана араласып, сыйласқаны дұрыс!
Өз әз басын сыйлап, құрметтемеген, сыйламаған адам өзгенi қарық кылмайды. Өзгенi танып тусiну - өзiңнен бастау алады. Өзгенiң кемшiлiгiн көрiп, өзіңнің дұрыс емес жерлеріңді іштей сезіп, түсiну аркылы, өз-өзiңдi тәрбиелейсiң...
Әр жер өзiнше гажап, әр адам өзiнше қасиеттi, әлемде бәрi ерекше, сен де, мен де өзгешелікті қалаймыз! Өмiр сонысымен кымбат, ғажап емес пе?!

10.12.2012жыл.

Өлеңнің әлсіз, артық кем тұстары болмауы керек... Қасықтай деген қазақта сөз бар... Өлең қиын оқылмау керек, өлең өзін-өзі оқытқызуы керек, адамды таңқалдыра тылсым күшпен тартуы тиіс, өреңді өзгертіп, өзін мойындатуы керек. Сонда ол құдіретті өлеңге саналады... Ал керемет өлең жазу адамға қуаныш, бақыт сыйлап, керемет көңіл күйге кенелтіп,, шыңдалуға, ізденуге әкеледі...

11.12.2012жыл.

Жақсылыққа бастасаң, жалпы жұрттың тілері де сол, бірден қолдау таппағанмен, бірте – бірте түсінісіп, нәтижесі дәлелденіп, түбі жаппай қолға алынады, қолдау табылады... Әр істі бастау қиын, бастаған істің бітпеуі мүмкін емес... 11.12.2012жыл.

Өмірде жақсы адамдар көп! Соның арқасында әлем құлпырып тұр! Жақсылық жасау - әр адамның міндеті, адамгершілік істеу - парызы!

12.12.2012жыл.
Тек пайда көздеу жақсылыққа апармайды, ол түбінде абыройды азайтып, адамдықтан аулақтатып, азғындыққа жетелейді...

12.12.2012жыл.

Тойсаң тоба қыл, ыстықтасаң жаурап жүрген жан барын ойла, қатты күлкің келсе, араңда жылап тұрған жаны жаралы жан бар екенін ұмытпа, байлығың тасыса бөліп бер, малың қалмаса ешкімге де қолыңды жаймай еңбек етіп, мал тап, бар болсаң тасыма, жоқ болсаң жасыма, аштық пен тоқтықта бірдей көрін! Абыройға да, биік беделге де, бәріне - бәріне еңбекпен жетесің. Онсыз бәрі бекер, түбі баянсыз...
Әр адам өзінің абыройы үшін өмір сүреді... Бір ғана өмір берілсе оны тек бір ғана атпен сүру керек! Ол ұлылық пен қарапайымдылықты біріктіріп, аласапыран күреспен жетер, байлық пен денсаулықтан да жоғары тұрар, арың мен намысыңды қорғар, бүкіл болмысыңды, абыройыңды білдірер, бүкіл өміріңді арнап, шырылдап жүріп жетіп, ұрпаққа аманат етіп қалдырар ұлы, қасиет көрер «Адам» деген атың ғана...

12.12.2012жыл.

Материалдык байлық әркімнің өзі үшін керек. Руxани дүние мәңгілік жалпы халықтың қажеттілігі! Оған барлық кезде сұраныс жоғары!
Ия, акшаға да көп байланысты. Бірақ одан да жоғары, одан да қасиетті биiк тұрар ұлы, бай әлем бар! Ол - адамдық, адамгершілік әлемі! Адам адамнан тек адамгершілігімен ғана алда болар...
Қиянатпен байлыққа жеткен миллионер «Бәрін де сатып ала алам»- деп ойлауы мүмкін. Бірақ ол жоғалтқан адамдық атын да, аяулы арын да,жалданған жанын да, асқақ абыройын да, елдің өшкен сенімін де сатып та, қайтарып та ала алмайды...

17.12.2012жыл.

Бақытты сәттерді адам басында болғанда білмейді, бағаламайды. Бақыт алыстағанда оны алаңдап іздейді... Бұл-заңдылық!

29.01.2013жыл

Жақсы жаңалыққа әйтеуір бір қарсылық болады, бірақ кейін бәрібір де мойындалады!

30.01.2013жыл.

Өмір-сабақ, тағдыр-тәлімгер, қателік- бағыт беруші, еңбек - үйретуші, табиғат - ұлы ұстаз, өткен күн – сағыныш, ертеңгі күн – үміт, бүгінгі күн – қайталанбас сәт,жастық шақ- қадіріне жете алмайтын, сезіне алмайтын кезең. Ал өмірдің шәкірті боп қалар адам мәңгілік өзін-өзі танумен, өзін-өзі іздеумен, үйренумен, ізденумен, көңілінің көркем күйін қалаумен келесі әлемге көшері ақиқат.

05.03.2013жыл.

Адам жасымен ғана өлшенбейді. Адал пейілімен, жас көңілімен де, жастарша ойлауымен де жас боп тұруға болады...Саналылық пен сұлулық, жақсылық пен жастық жалын әрдайым жарасымды. Адамды қартайтып тұрар өз ойы, бітпес уайымы, ішкі жан күйзелісі...Адамның жасы ұлғайған сайын өткен жастық шағына деген сағынышы мен тартылысы күшейе бермек. Көңіл ешқашанда қартаймақ емес...
13.03.2013жыл.

Адамның ішкі жан дүниесін түсіну, сырын ұғыну - үлкен өнер. Ал жан сұлулығы мен рухани байлыққа ие адам- ол ерекше бай адам!

20.03.2013жыл.

Әрине әр адамның өзіне қояр бағасы жоғары... Алла ғана бәрін шешеді, бәрін орнына қояды,бәрін теңестіреді...

27.03.2013жыл.
Өзі тау болса да құмның бір түйіршігіндей боп елінің алдында қарапайым боп, тағзым ете иіле көрінуі адамның адамдық қасиеті...

04.04.2013жыл.
Қырандық қайсар жүректен...

Тектілік түптен қасиетімен қаланар...

08.04.2013жыл.
Ұмтылдыра білсеңіз, белін бусаңыз, жолын ашсаңыз, «Шәкірт»-деп ізет көрсетсеңіз, талантты жас таудан асар, білімді биікке самғар, үлбіреген үмітіңізді жалғар. Сонда ғана нақты нәтижелермен ұстаз да, шәкірт те бақытты...

23.04.2013жыл.

Қырандар жоқ жерде қарға құзғын өздерін «Бүркітпіз»-деп көрсетер...

24.04.2013жыл.
Жанынан жылу-жарық шашқан мейірімді, жақсы жанға жақын жүргің келеді...

25.04.2013жыл.

Суықтың ыстыққа, баяудың жылдамға, қорқақтың батырға, сиықсыздың сұлуға, қариялықтың жастыққа талпынуы-заңдылық! Бірақ әттең ол арманның, талпыныстың бәрі орындала бермейді! Басында бақ тұрғанда қадіріне жете алмаған адамдар қаншама десеңізші! 17.05.2013жыл.
Адамның жасы ұлғайған сайын уайымы көбейіп, қуанышы азаятындай...Әр нәрсеге көңілі тола бермейді, өз қолынан өтпеген соң, өз көзімен көріп, жетпеген соң әрине мұңға батуы да қалыпты жағдай сияқты... Бір-бірін алмастырып жатқан, сағынышы мен арманы таусылмас қайран өмір ғой бұл... 17.05.2013жыл.
Өлеңнің құдіреттілігі - адамдарға ой сала білуінде...

29.05.2013жыл.

Сұлулықты, денсаулықты сактаудын алтын ережелерi :

1. Барлық адамзатқа жақсылық тілеу.

2. Қолдан келсе тек жақсылық жасау, келмесе жылы сөзің мен ақ тілегіңді аямау.

3. Спортпен үзбей шұғылдану.

4. Таза жерде, таза адамдармен,көңілді болып, таза тамақ ішу.

5. Ешқашан қартаю, өлім, ауру туралы ойламай, салауатты өмір салтын ұстану.

6.Ешкімді қапа, нала етпей, өмірдің жақсылығына қуана біліп, елге тек қуаныш сыйлап, әр адамды өзіңдей көріп, құрмет ету.

7. Адал еңбек етіп,сеніммен алға ұмтылып, көңіл тоқ болу үшін ешкімге қиянат жасамай,барды қанағат тұтып, уайымсыз, көңілді өмір сүру. 30.05.2013жыл.

Өз мінін біліп, оны түзету жолына көшу - адамның адамгершілігі, адамдық қасиеті! 03.06.2013жыл.

Ия, қазір түзеуге жоқ, бұзуға бар, көбейтуге жоқ, құртып, сызуға бар... Ақыл айтсаң жалығар, мінін айтсаң қағынар, пайдаға жақын табылар, адамдық ар ғой түбі оралтар, сағынар...

17.06.2013жыл.

Бәрін игеру мүмкін де емес, бірақ құмырсқаша қимылдап, тырысып жатқан күнделікті күйбің, тоқтаусыз тіршілік түбінде алда етеді! Білмеймін деген жігітке намыс, ер жігіт бәрін білу тиіс... Болтай ағам айтқандай: «Өмір қысқа да нұсқа» Өмірден бар ұтқаның - жүрегіңді, бүкіл ғұмырыңды арнап жеткен жақсы атың ғана. Өз ізің мен қолтаңбаңды айқындар, әз басыңды төрде етер жақсылықтарыңмен, адамдығыңмен, абыройыңмен биік беделде мәңгілік қалғаныңа не жетсін шіркін ?!

20.06.2013жыл.
Адам өзін-өзі бағалап, құрметтеп, қадірлеп, жақсы көрсе, биік беделімен көрінуге тырысса , тек еңбекқорлығымен, елге адал пейілімен, жақсылықтарымен танылса, жұрт та оны құрметтеп, қадір тұтады... Бұл - бұлжымас заңдылық! Ерен еңбек бәрібір де түбі еленеді.

26.06.2013жыл.
Өлең биік санадан келген рух,ойламаған тылсым сәтте келіп өз құдіретін танытып, адамзатты қуанышқа, жақсылыққа бөлейді, адамдыққа тәрбиелейді...

05.07.2013жыл.
Ия, сезімге ұрынбаған, сезімге селт етпеген жан жоқ, бәрі де сезімнен басталып, ұлы сезімге айналып, ол мәңгілік өшпес ұлы махаббатқа апарады...

09.07.2013жыл.

Жақсы көру деген сүйікті жанды өзіңмен бірдей көріп, жан дүниеңе бүкіл уайым, қуанышымен, бітім болмысымен өз еркіңмен ендіру екен...

16.08.2013жыл.
Қыран биігін, елік қиырын, аққу көлін, жолбарыс нулы белін аңсаса, адамзат сүйікті жанын, қымбат бауырларын, көңіліне жақын, аяулы достарын аңсар...

19.08.2013жыл.

Қарбалас тылсым дүние тек шынайы сезімімен ғана қымбат, мәнді де мағыналы болар...

19.08.2013жыл.
Шабыт деген асау тұлпар сияқты, жалына жармасып, жылдам қарғып мінбесеңіз, шаңында қалдырып, жылатып, құлатып кетеді...

06.09.2013жыл.

Өлеңнің нәзіктігі тұнып, сезімі сырып, сағынышы бұрып, аңсауы құрық боп тартып әкетсе , құдіретті құбылыс сол болмақ!

12.09.2013жыл.

Жастық көңілмен жүрмесең қартаю деген демде... Сенім сезіммен үйлессе, уақыт бақытпен үндесер...

18.09.2013жыл.

Әрбір сәтке қуана біліп, өмірдің ғажабын, тәттілігін, сәттілігін, қайталанбайтынын, ғанибетін жүрекпен сезіне білсе өмір сүру тамаша ғой... 18.09.2013жыл.

Адам өмірге ынтық боп қуанған сайын Алла оған жақсылық қуанышты үйіп төгіп береді...

01.10.2013жыл.

Барлық адамзатқа жақсылық тілеу керек, ол өзіңізге тілеген қайтып оралар жақсылық!

08.11.2013жыл.

Жазатын нәрсе уақытында жазылмаса дертке айналып, маза бермейді, еміңізді тек жазу арқылы табасыз... 11.11.2013жыл.
Бәрін де шешер әз уақыт...

11.11.2013жыл.

Ақынның азаматтық парызы - адамзатты жақсылыққа бұру.
20.11.2013жыл.

Адал, алып ақынын сыйламаған ел ақырзаманннан алыс емес...

26.11.2013жыл.
Тыңдайтын құлақ , жанатын шырақ,ұғатын жүрек, қосылар тілек болса өлең жырым таусылмас!

13.12.2013жыл.

Отбасының бақытына әлемде ешнәрсе жетпейді!

18.12.2013жыл.
Адам өзін-өзі тәрбиелеу арқылы өзгеге үлгі бола алады...

19.12.2013жыл.

Бақытқа жеткендер мен ұстап тұрғандар шыдамдылар ғана, төзімділер ғана, сабырлылар ғана және барға қанағат тұтқандар ғана!

25.12.2013жыл.
Адам жан дүниесімен, рухани байлығымен өлшеніп, адамгершілігімен ардақталуы тиіс! 31.01.2014жыл.
Күле алмай, жылай да алмай жалған өтпек...

01.04.2014жыл
Өрнектелген өлеңге, жалын жырға, сезімге сыр боп енген күндерім мен тылсым түндерімнен естелік боп қалары осы кітаптарым екен ойлансам...

Қабырғамды қайыстырған, санамда сайыс құрған дүниелер еді бұл...

Мүмкіндігім болса жазып қоям, болашақ байыбына жетер...

24.04.2014жыл.

Мінезі, жан дүниесі сұлу адамның өзі де сұлу болады, бет әлпетін, бүкіл болмысын мінезі қалыптастырады! Тектілігі де жағымды, жайдары мінезімен байқалып, көзге бірден көрінеді...

19.06.2014жыл.
Адам барлық сұрақтарының жауабын табиғаттан таба алады.

26.06.2014жыл.

Жалпы адамзат ұлы сезімін ақ парақта қалдырады...

25.08.2014жыл.

Дүние ақшаға қызығып түкке тұрғысыз тиынға айналуға болмас...

Мың жыл жасар қарғаның күл қоқыстан шыға алмаған тіршілігінен биіктегі қыраннның текті өмірі мың есе артық!

28.09.2014жыл.

Егер сезім шынайы шын от болса, ол екінші жанды жандырмай, ерітпей қоймайды!

Сезіммен ауырған адам адал махаббаттан ғана айығу дертін таба алады!

20.10.2014жыл.

Ұстазды сыйлаған ғұлама болады!!!

25.2014жыл.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет