Өмірбаяны және еңбектері Жоспары: Кіріспе бөлім Негізгі бөлім



бет1/4
Дата30.10.2022
өлшемі28.77 Kb.
#463628
түріӨмірбаяны
  1   2   3   4
реферат imam al-Quduri


Имам әл-Қудури (Алла оны рақымына бөлесін): өмірбаяны және еңбектері

Жоспары:


  1. Кіріспе бөлім

  2. Негізгі бөлім:

  1. Имам әл-Қудуридің өмірбаяны

  2. Ғалымның ұстаздары

  3. Ғалымның шәкірттері

  4. Имам жайлы ғалымдардың білдірген пікірлері

  5. Имамның ғылыми пікірталастары

  6. Имамның қалдырған еңбектері

  7. «Мұхтасар әл-Қудури» еңбегі

  8. «Мұхтасар әл-Қудури» еңбегіне қатысты ғалымдардың пікірлері

  9. Береке дарыған еңбек

  10. «Мұхтасар әл-Қудури» еңбегіне жазылған түсіндірмелер

  1. Қорытынды

Кіріспе
Төртінші ғасырдың соңы мен бесінші ғасырдың басында Бағдат қаласы – мектеп-медресе мен кітапханаларға толы ғылыми пікірталастардың қайнап жатқан ошағы болатын. Міне, осы дәуірде Ислам тарихы сахнасында көптеген ұлы имамдардың аты шығып, көпке әйгілі болды. Осындай ортада имам әл-Қудуридің де ғылыми тұлғасы қалыптасқан еді.


Оның "Мұхтасар әл-Қудури" еңбегі, сөзсіз, ханафи мәзһабының тарихында ең елеулі бір мәтін болып табылады. Жазылғанына мың жыл болғанына қарамастан, бұған дейін әрі қазірдің өзінде фиқһтан бастауыш деңгейге арналған мәтін ретінде оқытылып келеді. 
Ғалымның өмірбаяны
Толық аты-жөні – Әбул-Хусейн Ахмад ибн Мұхаммед ибн Ахмад ибн Джағфар ибн Хандан әл-Қудури әл-Бағдади. Имам һижри 362 жылы Бағдатта туып, 428 жылы алпыс алты жасында Бағдат қаласында қайтыс болды. Ол ұлы ханафи ғалымы, имам Әбу Бәкір әл-Жассастың шәкірті Әбу Бәкір Мұхаммед ибн Мұса әл-Хауарезмидің қасына жерленді.
Имамның "әл-Қудури" деп аталуының нұсқалары:

  • Бағдаттағы бір аудан немесе Бағдатқа жақын ауылдық мекеннің атауымен байланысты;

  • ("Қидр, қудур" қазақша "қазан" дегенді білдіреді) өзінің немесе ата-бабасының бірі қазан жасау кәсібімен айналысқандықтан солай аталған деседі.

Имам ғалымдардың отбасында дүниеге келген. Оның әкесі ізгі қасиетімен ерекшеленген және хадис маманы болған. Кейін имам әл-Қудуридің ұлы да фиқһ пен хадистерді меңгеріп бастады. Ұлының есімі - Мұхаммед Әбу Бәкір. Имам әл-Қудури осы ұлының үйренуі үшін, оған арнап "Мұхтасар" еңбегін жазған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет