Өмірбаяны және еңбектері Жоспары: Кіріспе бөлім Негізгі бөлім



бет2/4
Дата30.10.2022
өлшемі28.77 Kb.
#463628
түріӨмірбаяны
1   2   3   4
реферат imam al-Quduri

Ғалымның ұстаздары
1) Әбул-Хусейн Убайдулла ибн Мұхаммед ибн Ахмад ибн әл-Әууам әш-Шәйбани (һ. 294-375 ж.ж.). Ол әл-Хәушаби лақабымен танылған. Хадис маманы болғандықтан, имам әл-Қудури одан хадис саласында ілім алып, хадистерді риуаят еткен.
2) Әбу Бәкір Мұхаммед ибн Али ибн Суәйд әл-Муәддиб (һ. 381 ж.қ.б.). Одан имам әл-Қудури хадистер жеткізген.
3) Әбу Абдулла Мұхаммед ибн Яхья ибн Мәһди әл-Журжани әл-Ханафи. Әбу Бәкір әл-Жассастың шәкірті. Имам әл-Қудури бұл ұстазынан фиқһ ілімін меңгерген.
Ғалымның шәкірттері
1) әл-Хатыб әл-Бағдади. Атақты шафиғи фиқһ ғалымы әрі өз заманының ұлы мұхаддисі.
2) Әбу Наср Ахмад ибн Мұхаммед әл-Бағдади (һ. 474 ж.қ.б.). "Әл-Әкта" есімімен танылған. "Мұхтасар әл-Қудури" еңбегінің алғашқы түсіндірмесін жазды.
3) Абдуррахман ибн Мұхаммед әс-Сарахси (һ. 439 ж.қ.б.). Ханафилік қазы, өте тақуа әрі ізгі ғалым. Ұстазы имам әл-Қудуридің аяқталмай қалған "әт-Тәжрид" еңбегін жазып бітірген.
4) Әбул-Қасым әл-Әбкари (һ. 456 ж.қ.б.). Ханафи фиқһ ғалымы әрі араб тілі саласында елеулі еңбек сіңірген тіл маманы.
5) Әбу Абдулла Мұхаммед ибн Әли әд-Дамағани әл-Кәбир (һ. 478 ж.қ.б.). Қазы, заманының ханафи ғалымдарына жол сілтеген ұлы ғалым. Ибн Ақил әл-Ханбалиге де ұстаздық еткен. Әл-Хакимнің "Мұхтасар" еңбегіне ханафи фиқһі бойынша түсіндірме жазған.
6) Әбул-Харис Мұхаммед ибн Әбул-Фадл әс-Сарахси.
7) әл-Муфаддал ибн Масғуд әт-Тәнухи (һ. 423 ж.қ.б.). Ханафи фиқһ ғалымы, араб тілінің маманы.
Имам жайлы ғалымдардың білдірген пікірлері
Шәкірті әл-Хатыб әл-Бағдади: "Ол аздаған хадистерді риуаят етіп, мен оларды жазып алдым. Сенімді, шыншыл еді. Және ақыл-парасатының арқасында фиқһ саласында биік белестерге жетті. Ирактағы Әбу Ханифаға ерген (ғалымдарды) артынан ерте білді", - деген1.
Имам ибн әл-Кәсир: "Ол білімде биік белестерге жеткен әрі әрдайым жатталатын "Мұхтасар" еңбегінің авторы", - деген2.
Имам әл-Қудури фиқһтан өзге хадис саласында да өзіндік үлесін қосқандығы себепті, имам әз-Зәһәби оны хадис жаттаушы хафиздердің қатарына қосқан3.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет