ОН КӨЛЕМІНДЕГІ САНДАРДЫ ҚОСУ ЖӘНЕ АЗАЙТУДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Он көлеміндегі сандарды қосу және азайту мынандай ретпен қарастырылады:
±1
Дайындық жұмысы:
Онға дейін санау;
Сандардың натурал қатарындағы орнын білу;
Санның құрамы.
0+1; 1+1; 2+1; 3+1; 4+1; 5+1; 6+1; 7+1; 8+1; 9+1.
Кесте нәтижесі алдымен көрнекілікке негізделіп толтырылады да, қорытынды нәтиже шығарылады.
Қорытынды: Санға бірді қосу дегеніміз – санағанда сол саннан тікелей кейін келетін санды айту.
-1;
1-1; 2-1; 3-1; 4-1; 5-1; 6-1; 7-1; 8-1; 9-1.
Қорытынды: Саннан 1-ді азайту дегеніміз – санағанда сол саннан тікелей бұрын тұрған санды айту.
± 2, ±3, ±4, ±5
2+2 3+3 4+4 5+5
3+2 4+3 5+4
4+2 5+3 6+4
5+2 6+3
6+2 7+3
7+2
8+2
(барлығы 16 мысал)
Санға 2,3,4,5 –ті қосып, азайтуды үйрету үшін сан сызғышын пайдаланып көрсетеміз.
Мысалы:
Сан сызғышының бойынан 6-ны тауып аламын да, оңға қарай 2 рет аттаймын. Келген саным 8. Ендеше, 6+2 = 8.
Сан сызғышы бойынан 6-ны тауып алып, солға қарай 2 рет артқа шегінемін. Келген саным 4. Ендеше, 6-2 = 4.
± 6, ± 7, ± 8, ±9.
Дайындық жұмысы:
Қосудың орын ауыстырымдылық заңы;
Қосу мен азайтудың арасындағы байланыс;
Сан құрамы.
Мысалы:
5+2 = 7, 7-2 =5
Қосу кестесі:
1+6 1+7 1+8 1+9
2+6 2+7 2+8
3+6 3+7
4+6
Қорытынды:
1,2,3,4,5 сандарын қосу мен азайту сан сызғышын пайдаланып түсіндіріледі.
6,7,8,9 сандарын қосу мен азайту қосудың орын ауыстырымдылық заңымен шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |