Сабақтың тақырыбы: Ат-ер қанаты
Бөлімі:
|
Өнер
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Боранбаева Гульзахира
|
Күні:
|
31.01.23ж
|
Сыныбы: 3-сынып
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Ат-ер қанаты
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
3.2.1.2 Шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу.
3.2.8.1 Эпизодтарды салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар: Оқушылар оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды
Көптеген оқушылар:Берілген тапсырмаларды орындай алады.
Кейбір оқушылар: Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар алады.
|
Құндылықтар:
|
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
3 мин.
|
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Саралау:Бұл жерде қолданудың
«Жинақтау» тәсілі арқылы көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға қолдану еркіндігі беріледі.
|
(Ұ) “Мозайка” әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастырады.
Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
|
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Тамаша! Керемет! Өте жақсы! Талпын!»
|
Слайд
4-сынып оқулығы
|
Миға шабуыл. «Тарсия» әдісі.
5 мин.
|
Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында экранда көрсетілген суреттерге мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Түсіну» тәсілі қолданылады. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға қосымша ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға қосымша жетелеуші сұрақтар қойылады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім экраннан сабақтың тақырыбы мен сабақтың мақсатын таныстырады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |