Қонақ үйлерде қолдану ережелері мен тұрғындарға қызмет көрсету технологиясы
Қонақ үйлерде қолдану ережелері
Қонақ үйде қызмет көрсету технологиясы.
Қолданылатын әдебиеттер.
Семенов В.С., Каминский И.М., Попова Н.А. Гостиничное хозяйство: Справочное пособие. -М.: Стройиздат, 1995.-320с.
2.Ефимова О.П., Ефимова Н.А. Экономика гостиниц и ресторанов. Учебное пособие. Под.ред. Н.И. Кабушкина.-М.: Новое знание, 2004. -392 с.
Зубков А.А., Чибисов С.И. Справочник работника гостиничного хозяйства. -М.: Высшая школа, 1998.-272с.
Кабушкин Н.И., Бондаренко Г.А. Менеджмент гостиниц и ресторанов.- Уч. пособие.-Мн.: Новое знание, 2001.-216с.
1. Қонақ үйлерде қолдану ережелері
Қонақ үй басшылығыментұрғындар арасындағы қарым-қатынасты реттейтін басты заңды құжат “Қонақ үйдегі ішкі тәртіп мен қолдану ережелері”. Бұл құжатттағы ережелердің орындалуы міндетті. Бұл құжат қонақ үй басшылығы тарапынан шығарылады. Ондағы ережелерді тұрғындарда, қонақ үй қызметкерлерде бұлжытпай орындаулары керек. Қонақ үйдегі ішкі тәртіп ж/е қолдану ережелерінде қонақ үйдегі қалу уақыты, қонақ үйдегі тұру рұхсаты, төлем ақы мөлшері ж/е төлеу жолдары брондаудың шарттары, қонақ үй әкімшілігінің тұрғындар алдындағы, тұрғындардың қонақ үй әкімшілігі алдындағы міндеттері мен құқықтары көрсетілген.
Қонақ үйдегі қалу уақыты қонақ үй әкімшілігімен келісімді, бірақ 30 тәуліктен аспауы керек. Әкімшілігі тұрғынды мерзімінен бұрын шығарып жібере алмайды. Тәртіп бұзылған жағдайда ғана қонақ үй әкімшілігіндегі тұрғындарды айыптап, шығарып жібере алады. Егер тұрғын тағыда ұзақ уақытқа қалғысы келсе, бұл туралы алдын ала қонақ үй әкімшілігіне хабарлайды.
Қонақ үй орын алу үшін қажетті басты құжат – паспорт. Қонақ паспортты көрсетіп, паспорттағы мәліметтерді түсіретін анкета (карточка) алады. Анкетада паспорттағы мәліметтер мен қатар, тұрғынның қонақ үйде қалатын уақыты да көрсетіледі. Төлем ақы күнделікті, баға қағазына сәйкес төленеді. Егер номер немесе бөлме брондалған жағдайда жеке брон болса, күндік төлем ақының SOX алынады. Негізі брондау жалпы топтық болса 10 адамнан артық брондалмайды. Егер 10 адам (топтық) брондаса барлық орынның бір күндік төлем ақысы алынады.
Қонақ үй ережелеріне сәйкес қонақ үй әкімшілігі қосымша ақысыз төмендегі қызмет түрлерін көрсетуі керек: жедел медециналық көмекті шақыру, дәрігерлік көмек, алғашқы дәрігерлік көмек үшін қажетті заттар бар дәрігерлік қобдишаны (аптечка) қолдану. Номерге бұхаралық ақпарат құралдарын жеткізу (газет, журнал), белгілі бір уақытта ояту, жүкті жүк қоймасында сақтау, қымбат бұйымдарды, ақшаны сақтау, ыстық сумен қамтамасыз ету, ине- жіппен ж/е т.б. ұсақ түйек қажетті заттармен. Сонымен қатар ақылы тұрмыстық қызмет түрлері де бар. Номер түрлері мен деңгейіне байланысты, теледидар, радио, тоңазытқышпен, газ плитасы, электр қыздырғышымен қолдануға ақы төленеді, ал кейбір номерлердің құны бұл қызметтердің барлығын қамтиды. Сонымен қатар номердің деңгейіне байланысты, тазалау, төсенішті ауыстыру, киімді тазалау, көлік тұрағы сияқты қызмет түрлері де ақылы. Асты номерге жеткізу құны номер бағасының 10х құрайды.
Сондай-ақ қонақ үйлер қымбат қызмет түрлерінде көрсетеді. Оларға: экскурсия ұйымдастыру, саяхаттау, көлікті жаоға беру сияқты. Қонақ үй тұрғындары қонақ үй әкімшілігі тарапынан көрсетілетін қызметтерді кезектен тыс қолдану мүмкіндігіне ие. Ондай қызметтерге: шаштараз, тамақтандыру, т.б. жатады. Қонақ үй әкімшілігі тұрғындарының жеке заттарының сақтығына кепілдік беруі қажет. Егер сақтау қоймасына, гардеропқа өткізілген жеке заттар жоғалатын болса қонақ үй әкімшілігі жауап береді ж/еорнына келтіреді. Керісінше тиісті жерге өткізілмеген ж/е номерде жоғалған заттарға жауап бермейді.
Қонақ номерді босатқаннан соң, тазалаушы номерді тазалап жүріп, тұрғынның затын тауып алса, бұл туралы 2 акт толтырылып, актта, күні, айы, жылы, сағаты, тауып алған адамның, номерде тұрған адамның аты-жөні, шетел азаматы болса, келген елі, тауып алған зат ж/е ол туралы мәлімет толық жазылады. Табылған затпен, 1-акт сақтау камерасына жіберіліп, тиісті (ұмытылған заттар) журналға жазылады. Ал 2-ші нұсқасы қонақ үй әкімшілікке жіберіледі. Егер зат қоғамдық жерде табылса, (туалет, ванна,холл), ол зам иесіз деп танылып, акт толтырылып, сақтау камерасына жіберіледі. Камерадағы заттарды сақтау уақытыда ережелерде көрсетілген. Қонақ әкімшілгі табылған зат туралы иесін хабар бергеннен кейін, тиісті уақыт өткенше, затты иесі алып кетпесе, қонақ үй әкімшілігі тарапына сатылады. Иесіз заттар полицияға өткізіледі. Тұрғындар ережеге сәйкес қонаұ үйде тұрған уақытында, тиісті тәртіпке сәйкес өмір сүруі керек, қонақ үй заттарын қорғап, аялап, бүлдірмеуі керек. Егер қонақ үй қызметтеріне немесе қызметкерлеріне көілі толмаған жағдайда шағым кітабына өзінің арызын жазып қалдырады.
Достарыңызбен бөлісу: |